Құрлық әскерлерінің әскери институты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Тұран-Астана университеті

"Қорғауға жіберілді"
Кафедра меңгерушісі: Барсукова Р.А.
21.04.2022ж.
Хаттама №

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: "Әскери, арнаулы оқу орындары: Қазақстан және Корея елдірінің тәжірибесімен салыстырмалы зерттеу "
білім беру бағдарламасына 6В030100, 6В030200

Орындаған: Ширинбекова А.М.
1 курс студенті, ЮП 21-11 тобы
Мамандығы: "Құқықтану" ________________
Студент қолы

Ғылыми жетекші,
з.ғ.м. аға оқытушы: Какимжанова Н.Т. ________________
Жетекші қолы

Нұр-Сұлтан, 2022

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1-БӨЛІМ. ҚР әскери институттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1.ҚР әскери институттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2.Әскери теңіз институты ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2-БӨЛІМ. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.1. Кадет корпусына қабылдау қағидасы, тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.2. Астанадағы армия ген. С.Нұрмағанбетов атындағы Жас ұлан ... ... ... ..19
3-БӨЛІМ. Корея Республикасының арнаулы оқу институттары мен колледждері ... ... ... ... 22
3.1. Ұлттық қорғаныс университеті; Ұлттық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
3.2 SV командалық-штабтық колледжі ; Әуе күштерінің командалық-штабтық колледжі
4-БӨЛІМ. Корея Республикасының арнайы әскери академиялары
4.1. Корея Республикасының Құрлық әскерлері үшін офицерлік кадрларды даярлауды жүзеге асыратын әскери академия, ҚР Әскери-әуе күштерінің негізгі әскери оқу орны әуе күштері академиясы
4.2. Әскери-теңіз күштері академиясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

КІРІСПЕ
Әскери академия дегеніміз? Әскери академия (Военная академия) -- жоғары әскери және арнайы әскери білімі бар офицер кадрларын даярлауға арналған жоғары әскери-оқу мекемесі; әскери мәселелерді зерттеуге арналған ғылыми орталық. Әскери академия 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың басында пайда болды. Әскери академия алғашқы қызметі бас штаб үшін офицерлер контингентін, ал кейін әскерлер және әскери теорияны зерттеу үшін офицерлер даярлау болды.
Әскери оқу орындары - барлық саладағы әскери мамандарды даярлайтын орта және жоғары арнаұлы әскери білім беретін оқу орындары. Негізгі міндеттері: Қарулы Күштерге қажетті командирлер, тәрбиешілер мен әлеуметтік-құқық саласының кызметшілері, инженер-техниктер және т.б. арнаулы мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттырып, әскери білімдерін, дайындықтарын жетілдіру. Әскери оқу орындарының тыңдаушылары әскери басшылық саласына маманданған, жалпы тактика, арнаулы әскер түрлерінің тактикасы т.б. оқып үйренеді. Оларда әскери-техникалық даярлыққа (қару мен әскери техниканыны меңгеруге) да үлкен маңыз беріледі.

1-Бөлім. Құрлық әскерлерінің әскери институты
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институты (ескі атауы: Кеңес Одағының Маршалы И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскерлік қолбасшылық мектебі) -- 2002 жылы Әскери академияның екіге бөлінгенінен пайда болған құрлық әскерлерін дайындап шығаратын әскери институт. Әскери академия Құрлық әскерінің институты мен Ұлттық қорғаныс әскери универстеті болып бөлінді.[1] Негізі 1918 ж. Түркістан әскери округінің училищесі болып құрылған. Кейін Орта Азия әскери округінің училищесі (1969), Алматы жоғары әскери училищесі (1970) болып аталды. Қазақстан Президентінің Жарлығымен 1997 ж. 11 ақпанда Алматы жоғары әскери училищесі Алматы Жоғарғы Әскери Академиясы болып қайта құрылды. Алматы жаяу әскерлер училищесі, Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектептер осы академияның құрамына енеді. Академияда әскери тактика, қоғамдық ғылымдар, шет тілі, автомобиль даярлығы және соғыс машинасы, артиллериялық қарулар мен техникаларды пайдалану, әскери инж. байланыс және жалпытехн. пәндер, физ.-мат., дене шынықтыру және спорт кафедралары жұмыс істейді. Академияда жоғары, арнаулы және орта әскери білімді маман кадрлар даярланады. Мұнда 4 ғыл. докторы (1998), сондай-ақ техника, тарих, физика-математикалық, филология ғылымының кандидаттары дәріс береді. Оқу орны негізі қаланғаннан бері 7000-нан астам офицер кадрлар даярлап шығарды. Ауған соғысының батырлары С.Н. Гущин, Н.Акрамов, Кеңес Одағының Батыры лейт. Шахворостов, генерал-полковник. А.Х. Қасымов, ҚР ІІМ Ішкі әскері қолбасшысының бірінші орынбасары генерал-майор Б.Б. Жанасаев, генерал-майор А.Б. Тасболатов, ген.-майор Ж.К. Рыспаев және генерал-майор Б.Е. Ертаев осы академия түлектері. Академияның сырттай оқытатын бөлімдері бар.
Құрлық әскерлерінің әскери институты мынадай мамандықтар бойынша офицерлер дайындайды:
тактикалық мотоатқыштар әскерлерінің командашысы;
тактикалық танк әскерлерінің командашысы;
тактикалық артиллерия командашысы;
тактикалық автомобиль әскерлерінің командашысы;
тактикалық инженерлің әскерлерінің командашысы;
тәрбиелеу құрылымдарыныі командашысы;
тактикалық сауыттанк әскерлерінің командашысы;
тактикалық азық түлікпен қамтамасыз ету әскерлерінің командашысы;
тактикалық киім кешекпен қамтамасыз ету әскерлерінің командашысы;
жанар жағар маймен қамтамасыз ету әскерлерінің командашысы
тактикалық әуе десант әскерлерінің командашысы.

Әскери-теңіз институты
Әскери-теңіз институты - ҚР ҚМ Жоғары әскери-теңіз училищесі ҚР Үкіметінің 2001 ж. 1 наурыздағы №314 қаулысына сәйкес Ақтау қаласында кәсіби-техникалық мектептің базасы негізінде құрылған. ҚР Үкіметі 2003 жылдың 10 шілдесі № 684 ҚР ҚМ кәсіби білім беру әскери-оқу мекемелерінің атын ауыстыру туралы қаулысымен Әскери-теңіз институты мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. Институт түлектері ҚР- ның Әскери-теңіз күштері мен ҰҚК Шекара қызметінің теңіз бөлімдері кемелері мен жағалау бөлімдеріндегі, сонымен бірге теңіз кемелерінде, ішкі жүзу кемелерінде және ҚР азаматтық флотының аралас (өзен-теңіз жүзу кемелерін қоса алғанда) кемелеріндегі қызметке арналған әскери-теңіз институтының негізгі міндетіне теңіз мамандықтары бойынша мамандар дайындау жатады. Ол орта кәсіби білім беру бағытындағы келесі мамандықтарға әскери мамандар даярлау бойынша іске асырылады: - Кемелерді жүргізу мен көру байланысы; - Кеме байланыс құрал-жабдықтары; - Ішкі жану кеме оталғыштары мен электр құрал-жабдықтары. Бұл шаралар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (ҚР МЖБС 3.07.459-2006) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 19.04.2006 ж. №200 Жоғары кәсіби білімнің мемл. жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы бұйрығымен бекітілген. Оқу мерзімі - 2 жыл. Түлекке 2-і сыныпты старшина әскери шені беріліп, техник квалификациясымен орта әскери-теңіз кәсіби біліміне сәйкес сала мамандығы бойынша диплом беріледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлері әскери институты
Қазақтан Республикасы Үкіметінің 1997 жылы 18 наурызындағы Қаулысына сәйкес Ішкі әскерлер үшін офицер кадрларды даярлау мақсатында құрылды. Сол жылдың 20-шы желтоқсанында Елбасы - Қазақстан Республиксы Қорғаныс Күштерінің Жоғары Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев оқу ордасына Жауынгерлік Ту табыс етті. Училище күні қарсаңында ҚР Үкіметінің 2009-шы жылғы 17 наурыздағы Қаулысына (№348) сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің Ішкі Әскерлері Жоғары әскери училищесі мемлекеттік мекеме атауы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Ішкі Әскерлері Әскери институты болып өзгертілді. ҚР Ішкі Істер Министрлігі Ішкі Әскери Жоғары әскери оқу орнының құрылуы - Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының жүзеге асырылуының айқын белгісі, оның алғашқы басымдығы - ұлттың қауіпсіздік, Мемлекет басшысының Ішкі әскерлерінің дамуына деген тұрақты көңіл бөлінуі.
Институт офицерлерді алты мамандық бойынша дайындайды. Онда оқу және сапалы жоғары білім алу үшін қажетті барлық жағдайлар жасалған. Оқу мерзімі - 4 жыл. Курсанттар көп қабатты типті әскери жатақханаларда орналастырылған, онда спорттық зал, стадион, клуб, атыс тирі, лазарет, далалық оқу орталығы және басқа да қажетті нысандар бар. Оқу корпустары лекциялык аудиториялармен, арнайы сыныптармен зертханалармен жабдықталған, курсанттар ғаламтор байланысы 100 орындық оқу залы бар кітапхана бар. Курсанттар үш мезгіл тегін тамақпен, ақшалай үлеспен, нысанды киім - кешекпен, қажетті оқу әдебиетімен қамтамасыз етіледі. Оқу бағдарламасында курсанттарды ВС санатты жүргізушілер ретінде дайындау көзделген. Бірінші курсты аяқтаған соң курсанттар ЭЕМ операторының сертификатын алады. Барлық емтихандар мен сынақтарды тапсырған курсанттар мен тыңдаушыларға демалыс (жазда - 30 тәулік, қыста - 14 тәулік) беріледі. Жазғы демалысты өткізу орнына бару және кері қайту жолы тегін. Әскери институттың 2010- шы жылға дейін даму жоспарына жүйелі, кешенді шаралар ойластырылған. 2004 жылдан бакалавр мамандарын даярлау жүргізіліп келеді. Мемлекеттік білім берудің стандарттары құрастырылып, бекітілген. Курсанттар 7 кафедрада білім алады. Әскери институттың офицер мамандықтарын алған алғашқы түлектері ел Тәуелсіздігінің онжылдық мерейтойында қанат қақса, бүгінгі уақытта әскери оқу орнын тәмамдаған сардарлардың саны 1751 адам, олардың 154-і институтты үздік, 20-ы Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін кеуде белгісімен аяқтады.
Институт түлектері қызметтерін ішкі әскерлерде ғана емес, басқа да әскери құрылымдарда абыроймен атқару үстінде. Бірқатар офицерлер осы күннің өзінде жоғары лауазымды қызметтерге тағайындалған. Мерзімінен бұрын кезектен тыс әскери шен алған институт сардарлары да аз емес. Осы күні ел әскерлеріндегі батальондар кұрамындағы офицерлердің басым бөлігін әскери институт түлектері қамтамасыз етеді. 2001 жылдан еліміздің оқу орындары мен Ресей Ішкі Әскер өкілдерімен ғылыми-теориялық және тәжірибелік конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Курсанттардың әскери-ғылыми жұмыстарға араласуына барынша жағдай жасалып келеді. Олардың бірқатары ҚР Ішкі Істер Министрлігі мен Солтүстік Қазақстан Облысының жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми байқауларда алғашқы орындарда келеді. Курсанттардың патриоттық тәрбиесіне Солтүстік Қазақстан Облысының әкімі С.С.Біләлов тарапынан көп көңіл бөлінуде. Өңір басшысы курсанттарға Шоқан Уәлиханов атындағы арнайы шәкіртақы белгілеген.
2006 жылғы республика Қазақстан жастарының форумында курсант, биылғы түлек Аслан Бикенев Жылдың үздік әскери жас жауынгері номинациясында жеңімпаз атанды.
2008 жылы қыркүйек айынан облыстық Қазақстан-Петропавл телерадио компаниясында Әскери институттың оқу, жауынгерлік дайындық және күнделікті өмірі туралы әскери-патриоттық Сарбаз бағдарламасы ұйымдастырылған. Хабар екі аптада бір рет шығып тұрады. Осы уақытқа дейін эфирде 46 хабар көрсетілді. Курсанттардың спортта жеткен жетістіктерін айтар болсақ, 3-курс курсанты Әмір Тіналин кикбоксингтен екі дүркін әлем чемпионы атанып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды. Сондай-ақ Азамат Нұрпейісовте зор жетіс- тіктерге ие. Спорт шебері бокстан Үндістанда өткен Азия чемпионатының және Бакуде болған халықаралық турнирдің жүлдегері, ҚР-ның чемпионы. Кикбоксингтен әлем чемпионатының қола жүлдесін алған, спорт шебері Самат Қадырбеков те жетістігі айтарлықтай. Биылғы жылдан бастап оқу орны әскери кадрларды даярлауда халықаралық деңгейге шығу межеленуде. Мемлекеттер Үкіметтері арасындағы келісімге сәйкес 2009 жылдың қыркүйек айынан Әскери институтта қырғыз және тәжік елдерінің өкілдері әскери білім алатын болады. Әскери институтта офицерлердің біліктілігін арттыру факултеті бар. 2003-ші жылдан онда 696-дан аса офицер біліктілігін арттырды. 2005-ші жылы қарашаның 11-де ҚР ІІМ Ішкі Әскерлер Жоғары әскери училищесі Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының ұжымдық мүшелігіне өтті. Институтты бітірушілерге лейтенант әскери атағы және алған мамандығы бойынша біліктілік беріледі, жоғары әскери оқу орнын бітіргені туралы диплом мен белгіленген үлгідегі кеуде белгісі табыс етіледі. Ішкі әскерлер қолбасшысының жетекшілігімен 2000-2007 жылдарға арналған әскери білім ордасын дамыту және 2005-2007 жылдарға арналған профессорлық-оқытушылық құрамды жүйелі түрде қолдау бағдарламалары қабылданды. Осы жылдар аралығында оқу орны 2002-2005 жылдарға арналған ҚР ІІМ ІӘ реформалауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес дамыды. Үшінші кезең - 2007 жылдан бастау алады. Бұл кезең жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның стратегиялық міндеттерін, бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру, 2005-2010 жылдарға арналған ҚР білім саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаны және 2006-2010 жылдарға арналған Қарулы Күштерді, басқа да құрамдар мен әскери кұрылымдарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға негізделген. Әскери институтта офицерлік жиналыс, ардагерлер кеңесі, әйелдер кеңесі, жастар бастамасы орталығы сияқты қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді. Жеке кұрам үнемі әскери шерулер мен бүкіләскерлік кеңестерге қатысып тұрады. Институттың әскери оркестрі мен солистері республикалық байқаулардың лауреаттары болып табылады. Әскери оркестрдің дирижері подполковник Г.Петров Қазақстан Республикасы Мәдениет қайраткері атағын алды. Институттың көңілділер мен тапқырлар командасы - облыстық, халықаралық КТК ойынының бірнеше мәрте жүлдегері. Әскери оқу орнында үйірмелер мен спорттық секциялар белсенді түрде жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусы
ҚР ҚМ Кадет корпусы ҚР Президентінің 1996 жылғы 1 шілдедегі № 3049 Жарлығымен құрылды.
Жауынгерлік Ту Қорғаныс министрі армия генералы М. Қ. Алтынбаевпен 1999 жылғы 29 шілде табыс етілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 ақпандағы № 257 Қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2000 жылғы 29 қарашадағы № 310 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусына Шоқан Уәлихановтың есімі берілді.
ҚР ҚМ Ш. Уәлиханов атындағы Кадет корпусы (бұдан әрі-Кадет корпусы) Қарулы Күштердің сержанттық құрамы лауазымына тағайындау үшін "мотоатқыштар бөлімшелерін басқару" біліктілігімен "әскери істе кіші буын менеджменті" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша даярлауды жүзеге асыратын әскери оқу орны болып табылады. Оқу мерзімі 1 жыл 10 ай орта мектептің 11 сынып базасында.
Кадет корпусына қабылдау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 26-бабына, "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 шілдедегі № 3049 Жарлығына және Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 587 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесіне (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 5030 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.Қағида "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Кадет корпусы) оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.Кадет корпусына оқуға кандидаттарды қабылдау "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайынғы қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
Кадет корпусы 1122000 "Әскери басқару" мамандығы бойынша қабылдауды жүргізеді.
Кадет корпусына:
1) кәсіби іріктеудің барлық талаптарына жауап беретін оқуға қабылданатын күні он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан үлкен емес орта білімі (жалпы орта білімі, техникалық және кәсіптік білімі), орта білімнен кейінгі білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан адамдар, Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық мектебінің және республикалық әскери мектеп-интернаттарының бітірушілері;
2) кәсіби іріктеудің барлық талаптарына жауап беретін жиырма төрт жастан үлкен емес жастағы өзінің әскери мамандығы мен қызмет мерзімінен тыс әскери қызметшілер, мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің запасқа босатылғандары қатарынан әскери міндеттілер қабылданады.Азаматтарды және әскери қызметшілерді қабылдау олардың өтініштері (баянаттары) бойынша конкурс негізінде үш кезеңде жүзеге асырылады:
бірінші кезеңде әскер тектерінің қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің қолбасшылары, жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары (кандидаттың есепке тіркелген жері бойынша) оқуға кандидаттарды алдын ала іріктеуді ұйымдастырады және жүргізеді, оған барлық ниет білдірушілер қатысады;
екінші кезеңде - Кадет корпусының қабылдау комиссиясы келген талапкерлерге іріктеу жүргізеді, оған 1-кезеңнен өткен талапкерлер қатысады;
үшінші кезеңде - Кадет корпусының қабылдау комиссиясы оқитындар санына талапкерлерді қабылдайды.Кадет корпусына оқуға түсуге ниет білдірген әскери қызметшілер оқуға түсетін жылдың 1 наурызына дейін әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) атына баянат береді.
Баянатта әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), атқаратын лауазымы, туған жылы және айы, білімі көрсетіледі.
Командир (бастық) әскери қызметшінің баянатын алғаннан кейін оны оқуға жарамдылығын айқындау үшін медициналық куәландырудан өтуге әскери-дәрігерлік комиссияға жібереді, сондай-ақ оған қатысты арнайы тексеруді өткізуге материалдарды ресімдейді.
Әскери қызметші медициналық көрсеткіштер бойынша Кадет корпусына түсуге жарамды деп танылған жағдайда командирлер (бастықтар) әскери қызметшіге Кадет корпусына түсу кезінде мынадай құжаттарды жинау үшін оқуға түсетін жылдың 1 мамырына дейін уақыт береді:
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлік көшірмесі;
2) әскери билет көшірмесі;
3) білімі туралы құжаттың (аттестаттың, куәліктің, дипломның) көшірмесі;
4) толық өмірбаян;
5) Кадет корпусына оқуға ұсынымы бар қызмет орнынан қызметтік мінездеме (әскери бөлім қолбасшылығы қол қойған және елтаңбалы мөрмен расталған);
6) Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары Тәртіптік жарғысының 1-қосымшасына сәйкес қызметтік карточка (бөлім командирі қол қойған және елтаңбалы мөрмен расталған);
7) фотосуреттер (бас киімсіз 4x6 - 6 дана);
8) басымдық құқығын беретін құжаттар.
Әскери бөлімнің және мекеменің командирі (бастығы) әскери қызметшінің баянатын жоғары тұрған қолбасшылықпен келіседі және қабылдау комиссиясы қарау үшін Кадет корпусына құжаттармен баянатты жолдайды.
Әскери қызметте тұрмаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан адамдар оқуға түсетін жылдың 1 сәуіріне дейін есепке тіркелген жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына өтініш береді. Өтініште тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні, айы және жылы, тұрғылықты жерінің мекенжайы көрсетіледі. Өтінішке мыналар қоса беріледі:
1) жеке куәлігінің көшірмесі;
2) білімі туралы құжаттың (аттестаттың) көшірмесі;
3) өмірбаян;
4) жұмыс немесе оқу орнынан мінездеме;
5) отбасы құрамы туралы ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) тұрғылықты жерінен анықтама;
6) ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) жұмыс орнынан анықтама;
7) полицияға еріксіз келтірудің бар-жоғы туралы тұрғылықты жері бойынша учаскелік инспектордың анықтамасы;
8) 4x6 фотосуреттер - 6 дана (бас киімсіз);
9) басым құқық беретін құжаттар;
10) тіркеу куәлігі.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он сегіз жасқа толмаған азаматтар қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
1) ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі;
2) қамқорлықты белгілеу туралы куәліктің немесе сот немесе қамқорлық органдары шешімінің көшірмесі.
Жергілікті әскери басқару органдары көрсетілген құжаттарды зерделейді және әскери қызметте тұрмаған азаматтарды медициналық куәландырудан өткізеді.
Қоса берілген құжаттармен бірге азаматтардың өтініштерін жергілікті әскери басқару органдары қабылдау комиссиясына қарау үшін оқуға түсетін жылдың 1 маусымында Кадет корпусына жолдайды.
Кандидаттардың жеке істері нөмірленеді, тігіледі және әскери бөлімі командирінің не жергілікті әскери басқару органы бастығының бедерлі мөрімен бекітіледі және Кадет корпусына жолданады.
Кандидаттың жеке ісіндегі құжаттар қатаң осы Қағиданың 9, 11-тармақтарында көрсетілген тізбе бойынша орналастырылады. Аталған құжаттарға қосымша есепке тіркелген жері бойынша жергілікті әскери басқару органы психологінің қорытындысы бар психологиялық тестілеу нәтижелері қоса беріледі.
Ұсынылған құжаттардың көшірмелері еркін оқылуға тиіс.
2. Кадет корпусына қабылдау тәртібі
Оқуға кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыру үшін кандидаттардың жеке істерін зерделеу жөнінде, жеке психологиялық қасиеттерді зерделеу жөнінде, кешенді тестілеуді өткізу жөнінде, кандидаттардың дене бітімі дайындығының деңгейін тексеру жөнінде қабылдау комиссиясын, жиындар әкімшілігін және апелляциялық комиссия құру туралы Кадет корпусы бастығының бұйрығы шығарылады. Бұйрық 1 шілдеге дейін шығарылады және лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізіледі.
Комиссия талапкерлерді іріктеуді оқуға түсетін жылдың 20 шілдесі мен 5 тамызы кезеңінде мынадай көрсеткіштер бойынша жүргізеді: медициналық куәландыру, жеке психологиялық қасиеттерін бағалау, дене бітімінің дайындығын тексеру, жалпы білім беру пәндері бойынша білімдерін тексеру.
Қабылдау комиссиясының төрағасы Кадет корпусының бастығы болып табылады.Жеке істерді зерделеу жөніндегі комиссия кандидаттардың келіп түскен жеке істерінің дұрыс жинақталуына бағалау жүргізеді және егер олар белгіленген талаптарға жауап берсе, оларды конкурстық кәсіби іріктеуге қатысу үшін шақырту туралы шешім қабылдайды. Шешім хаттамамен ресімделеді.Медициналық комиссия Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасы бастығының бұйрығы негізінде құрылады. Медициналық комиссия Кадет корпусында оқуға денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығын айқындау мақсатында талапкерлерге түпкілікті медициналық куәландыруды өткізеді.
Талапкерлерді медициналық куәландыру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 498 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6033 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.
Медициналық куәландырудан өтпеген талапкерлер одан әрі конкурсқа қатысуға жіберілмейді.Жеке психологиялық қасиеттерді зерделеу жөніндегі комиссия Кадет корпусының психологтарын тарта отырып, психологиялық қызмет бастығының төрағалық етуімен психологиялық көрсеткіштер бойынша талапкерлерді іріктеуді жүзеге асыру үшін құрылады.
Талапкерлердің жеке психологиялық қасиеттерін бағалау Кадет корпусын өз адамгершілік қасиеттері, психологиялық деректері және психофизиологиялық ерекшеліктері бойынша оқу және әскери-кәсіптік қызметтің талаптарына сәйкес келетін кадеттермен жасақтауға бағытталған.
Психологиялық тестілеуден өтпеген (тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық топта барынша аз балл алған) талапкерлер бақылау жұмыстарының конкурсына қатысуға жіберілмейді.
Кешенді тестілеуді өткізу жөніндегі комиссия кандидаттардың орта білім бағдарламасы көлеміндегі базалық білім деңгейін айқындау мақсатында құрылады.
Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаттары болмаған жағдайда оқуға түсетіндер орта білім бағдарламасы көлемінде математика, Қазақстан тарихы және қазақ немесе орыс тілі бойынша кешенді тестілер тапсырады.
Кешенді тестілер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технологиялар бойынша өткізіледі.
Кешенді тестілеу мемлекеттік немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
Тестілеуді өткізу уақытында кандидаттарға:
1) рұқсатсыз және ілесіп жүрусіз дәрісханадан шығуға;
2) орнын ауыстыруға;
3) кезекшінің командасынсыз тест материалдарын ашуға;
4) тест жұмыстарының материалдарын ауыстыруға, көшіруге;
5) тестілердің мазмұнына және оларға дұрыс жауаптарының кодтарын ашатын мәліметтерді пайдалануға;
6) электронды жазба кітапшаларын, калькуляторды, ұтқыр құралдарды (пейджерлер, ұялы телефондар және т.б.), көмек қағаздарын және анықтама материалдарын пайдалануға тыйым салынады.
Тест материалдары бар пакет дәрісханада комиссия төрағасынан қабылданады және тұтастығы тексерілгеннен кейін ашылады.
Тестілеу өткізіліп жатқан дәрісханаға кіруге тек кешенді тестілеуді қабылдау жөніндегі комиссия төрағасына және мүшелеріне рұқсат етіледі. Тестілеуді өткізу уақытындағы дәрісхана бойынша кезекші комиссия құрамынан тағайындалады.
Ұйымдастыру бөлімі аяқталғаннан кейін тест жұмыстарын орындау уақыты есептеле бастайды. Тест жұмысын орындауды бастау және аяқтау уақытын кезекші тақтаға жазады және талапкерлерге жариялайды.
Кезекші дәрісханадағы тәртіпті қадағалайды. Осы Қағиданың 20-тармағы бұзылған жағдайда кезекші талапкерді дәрісханадан шығарады. Талапкерді дәрісханадан шығарған кезде еркін үлгіде акт жасалады.
Тапсырмаларды белгіленген уақыттан бұрын орындаған талапкерлер жұмысын тапсырады және дәрісханадан шығады. Тест жұмысын орындауға бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін кезекші ол туралы жариялайды, одан кейін тест жұмысын орындау ведомосына белгі жасай отырып, жауаптары бар парақтарды қабылдайды.
Құжаттармен расталған денсаулық жағдайы немесе басқа да себептер бойынша тест жұмысын орындауға мүмкіндігінің болмауы туралы талапкер оны орындау басталғанға дейін комиссияға хабарлайды.
Кестемен белгіленген уақытта тест жұмысын орындау үшін дәлелді себептерсіз келмеген талапкерлер одан әрі сынақтарды тапсыруға жіберілмейді.
Кешенді тестілеу нәтижелері оны өткізген күні жарияланады және ақпарат беру үшін бақылау-өткізу пунктінде ілінеді.
Дене бітімінің дайындығы мынадай жаттығулар бойынша тексеріледі: биік белағашта ілініп тұрып тартылу; 100 метрге жүгіру; 3000 метрге жүгіру. Барлық комиссиялардың шешімдері хаттамамен ресімделеді. Жиындар әкімшілігі конкурстық іріктеу уақытында кандидаттардың жеке құрамы арасында күнделікті өмірді бақылауды жүзеге асыру және ішкі тәртіпті сақтау мақсатында құрылады және Кадет корпусы әскери қызметшілерінің қатарынан тағайындалады.Бақылау тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және даулы мәселелерді шешу мақсатында және талапкерлердің құқықтарын қорғау үшін апелляциялық комиссия құрылады.Апелляциялық комиссия талапкерлердің өтініштерін қабылдайды және қарайды, жинаған баллдардың сәйкес келуін тексереді, баллдарды қосу туралы шешім қабылдайды және апелляцияға берген талапкерге апелляция қорытындылары туралы ақпарат береді.Егер талапкер немесе оның ата-анасы (олардың орнындағы адамдар) іріктеу нәтижелерімен келіспесе, онда олар нәтижелер жарияланғаннан кейін апелляциялық комиссияға жазбаша өтінішті келесі күні сағат 15.00-ге дейін береді және оны апелляциялық комиссия бір тәулік ішінде қарайды. Өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына талапкердің өзі немесе оның ата-анасы (заңды өкілі) береді. Өтініш иесінде өзімен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі болуға тиіс. Талапкер апелляцияны қарау кезінде қатысады, сонымен қатар талапкермен бірге ата-анасының немесе заңды өкілдерінің біреуі қатысады.Апелляцияны қарау барысында тек оқуға түсу емтихандарын тапсыру нәтижелерін бағалаудың дұрыстығы тексеріледі.Апелляциялық комиссияның жұмысын апелляциялық комиссияның төрағасы, ал ол болмаған кезде - апелляциялық комиссия төрағасының орынбасары басқарады.Апелляцияны қарағаннан кейін апелляциялық комиссияның шешімі шығарылады. Апелляциялық комиссияда келіспеушіліктер туындаған кезде дауыс беру жүргізіледі және шешім көпшілік дауыс берумен бекітіледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болады.
Апелляциялық комиссияның жұмысы хаттамамен ресімделеді, оған барлық комиссия мүшелері қол қояды және кандидатқа жеткізіледі (қол қою арқылы).
Кандидаттарды іріктеу жөніндегі іс-шаралар басталғанға дейін комиссиялар құрамына тағайындалған адамдармен қабылдау комиссиясының төрағасы нұсқау беру-әдістемелік кеңес өткізеді.Қабылдау комиссиясы қызметінің мерзімдері жыл сайын Министрдің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының бұйрығымен, олардың құрамдары Кадет корпусы бастығының бұйрығымен айқындалады.Кандидаттарға Кадет корпусына келу уақыты жергілікті әскери басқару органдары және әскери бөлімдер мен мекемелердің командирлері (бастықтары) арқылы хабарланады. Кандидаттарды жөнелтуді әскери бөлімдер мен мекемелердің командирлері (бастықтары), жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары жүзеге асырады.Кандидаттар Кадет корпусына әскери бөлімдер (мекемелер), жергілікті әскери басқару органдары өкілдерінің жетекшілігімен келеді.Оқуға түсу кезеңінде кандидаттарды тамақтандыру және тұру Кадет корпусы есебінен жүргізіледі.Медициналық куәландырудан, жеке психологиялық қасиеттерді бағалаудан және дене бітімі дайындығы тексеруінен табысты өткен талапкерлер Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаттары баллдарының, кешенді тестілеу түрінде өткізілген оқуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әскери оқу орындары
Қазақстанның қазіргі армиясы
Қазақстанның қазіргі армиясы туралы
Қарулы Күштер тылы
Химиялық қару туралы
Қазақстан Республикасының тұңғыш әскери доктринасы
Тәуліктік наряд адамдардың құқықтары мен міндеттері және жалпы ережелері
Құрлық әскерлері - қазақстандық армияның басты жауынгерлік күші
ӘСКЕРИ - ТЕҢІЗ КҮШТЕРІ
Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің қалыптасуы мен дамуы (1991-2010 ж.ж)
Пәндер