Қазақстан Республикасының Астана, облыс орталықтары мен қалалары арасындағы қазіргі темір жол желілерінің даму коэффициенті



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Ғылым және білім министрлігі
М.Тынышбаев атындағы КазККА Ақтау көлік колледжі

Курстық жұмыс
Пәні: Экономика негіздері
Тақырыбы: Қазақстан темір жол жүйесінің қалыптасуы және дамуы

Орындаған: Бердиғали Арсен
Тобы: ЭиР-0919-01
Тексерген:Бактыбаева Ш.


Ақтау 2022ж.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І-ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛ КӨЛІГІ
I.1 Қазақстан темір жолдарының ұлттық торабы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 5
I.2 Қазақстан темір жол желілерінің дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 7

ІІ-ТАСЫМАЛ МАРШРУТТАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
II.1 Республика көлемінде тасымал маршруттарын оңтайландыру ... ... ... ... ...11
II.2 Жүктерді тасымалдау көлемі мен жүру бағыты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...13

III-ХАЛЫҚ АРАЛЫҚ ТЕМІР ЖОЛ МАРШРУТТАРЫ
III.1Халықаралық темір жол маршруттарының дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Кіріспе

Темір жол көлігі Қазақстан экономикасын дамытуда басты роль ойнап, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың негізгі бөлігін атқару арқылы мемлекеттің көлік жүйесінің негізі болып табылады. Қазақстан темір жол торабының инфрақұрылымы республиканың барлық аймақтарын өзара байланыстырып, басқа көрші мемлекеттердің темір жол тораптарымен 15 байланыс нүктесіне ие, оның ішінде он бірі Ресей Федерациясымен
Қазақстан Республикасының территориясының үлкендігі және көптеген ірі кәсіпорындардың шикізатты экспорттауға бағытталуы негізінде мемлекетіміздің темір жолдарының ролі барлық отандық экономика үшін стратегиялық маңызды. Жүктердің көптеген түрлері үшін темір жол көлігі бәсекелестігі жоқ көлік болып табылады.
Республикамыздағы ең ірі компаниялардың бірі бола отырып, ЖАҚ ҰК Қазақстан темір жолы 85 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуде.
Халық шаруашылығының барлық салаларын біріңғай жүйеге біріктіретін теміржол көлігінің тұрақты жұмыс істеуі, Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуінің қажетті шарты болып табылады. Осыған орай, оның тұрақты қызмет етуі үшін қажетті шарттармен қамтамасыз ету белгілі бір ресурстарды қажет етеді. Бірақ та, объективті себептерге байланысты соңғы 10 жыл ішінде қозғалмалы құраммен инфрақұрылымға инвестициялар бағытталмаған десе де болады. Нәтижесінде белгілі бір уақыт ішінде негізгі құралдардың тозуы бет алды.
Сонымен қатар, кез-келген шаруашылық субъектінің қызметінің өмірге қабілеттілігі мен тиімділігі, ең алдымен оның айналадағы орта мен ішкі қажеттіліктерінің тұрақты өзгеруі кезінде даму қабілеттілігімен сипатталады. Бұл тезис өте дұрыс, әсіресе теміржол саласы сияқты өте ірі жүйе үшін. Шаруашылықтың дамуына негізгі шығындардың бірі - бұл қызмет істеп тұрған негізгі өндіріске капиталды салымдар.
Теміржол көлігінің спецификалық ерекшеліктеріне орай оның активтерінің 80% ұзақ мерзімді активтер құрайды. Сондықтан да саланың техникалық қарулануы көліктің негізгі қызметінің - жолаушылар мен жүктерді тасымалдау тиімділігін арттыру үшін анықтаушы ролге ие.
Мемлекеттің экономикалық өсуі жағдайында теміржол көлігінің тиімді қызмет етуі үшін негізгі талаптары болып, өзіндік шығындарды азайту, тасымалдаудың үлкен көлемдерін жүзеге асыру, сұраныстың өзгеруіне икемді әрекет ету,тасымалдау қауіпсіздігін сақтау табылады. Басқару мен құрылымын жетілдіруге бағытталған теміржол саласын реструктуризациялау нәтижесінде, компанияның тік интеграциялық бағытталған қызметіне негіз қаланды.

І Қазақстан темір жол көлігі
І.1. Қазақстан темір жолдарының ұлттық торабының қалыптасуы

Экономиканы реформалау жағдайында, көліктің дамуының басқа экономика салаларының дамуымен өзара байланыстылығы күшейеді, ол тасымал бағыттарын, көлемдерi мен сапасына қатысты, көлiкке койылатын талаптарды анықтап қана қоймай, сонымен бiрге, оны дамыту мүмкiндiктерiн де қарастырады. Қалыпты дамып отыратын, тұрақты қызмет атқаратын және теңгерімділікті ұлттық темiр жол көлiгiнiң жүйесін құру Қазақстан экономикасын тұрақтандыру мен көтерудiң қажетті шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасы әкiмшiлiктi түрде 14 облыска бөлінген. Әрине, әр облыс орталықтарының мiндеттi түрде Астана станциясымен және өзара негұрлым қысқа темiр жол байланысы болуы керек-ақ.
Елордамыз Астана мен басқа облыс орталықтарының арасындағы қазiргi темiр жол жүйелерiнiң даму коэффициенті кестеде келтiрiлген. Онда келтiрiлген мәлiметтер, 11 облыс орталықтары (Алматы, Аркалық, Тараз, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Шымкент калалары) Астанамен темір жол катынасындағы даму коэффициентi Кдаму2 тен екенін көрсетедi.
Қалған облыс орталықтарының (Ақтау, Ақтобе, Атырау, Қызылорда, Семей, Орал, Өскемен қалалары) даму коэффициенті Кдаму 2 тең.
Желiлердiң жоғары даму коэффициенті облыс орталықтарының батыс тобында байқалады: Орал (2,4), Ақтөбе (2,9), Атырау (2,3), Актау (2,3) қалалары. Олар Астана қаласына Қандыағаш Астана желісін салғанда айтарлықтай жақындай түсуi мүмкiн. Сонымен қатар, осы желiнi салу Аркалық қаласы мен Астана арасындағы даму коэффициентін 1,8-ден 1,2 дейін төмендетеді. Облыс орталықтарының шығыс тобы үшiн желiлерiнiң даму коэффициенті де айтарлықтай жоғары деңгейде: Семейде (2,4), Өскеменде (2,4). Конечная - Павлодар желiсi бұл облыс орталыктарының Астана қаласына дейінгі жолын туралады.
Ең соңында, оңтүстік облыс орталығы Қызылорда үшін де желiлердiн даму коэффициентi жоғары (2,3). Салынатын Қызылорда - Жезқазған телiмi Қызылорда облыс орталығын жаңа Астанаға едәуiр жақындататын болады.
Қазақстан Республикасының Астана, облыс орталықтары мен қалалары арасындағы қазіргі темір жол желілерінің даму коэффициенті

Облыс орталығы
Жаңа желі
Астана қаласына дейінгі бұрынғы арақашықтық
Астана қаласына дейінгі қазіргі арақашықтық
Бұрынғы даму коэф.
Қазіргі даму коэф.
1
Ақтау
Бейнеу-Шалқар
3959
2060
2,3
1,2
2
Ақтөбе
Қандыағаш-Астана
2957
1312
2,9
1,3
3
Арқалық
Қандыағаш-Астана
594
396
1,8
1,2
4
Атырау
Қандыағаш-Астана
3390
1740
2,3
1,2
5
Қызылорда
Қызылорда-Жезқазған
1927
1211
2,3
1,5
6
Семей
Павлодар-Дегелең
1562
836
2,4
1,3
7
Орал
Қандыағаш-Астана
3422
1771
2,4
1,3
8
Өскемен
Павлодар-Дегелең
1927
1201
2,4
1,5



І.2. Қазіргі темір жол желілерінің дамуы

Бейнеу - Шалқар - Арқалық - Астана желiлерiн салу Ақтау қаласынан Астана қаласына дейінгі ара қашықтықты 3959 км-ден 2060 км-ге, яғни 1899 км-ге қысқартады, ал даму коэффициентін 2,3-тен 1,2 дейiн азайтады.
Қандыағаш - Астана желісін салу Актобе қаласынан Астана қаласына дейінгі қашықтықты 2957 км-ден 1312 км-ге дейiн, яғни 1645 км-ге қысқартады, ал даму коэффициенті 2,9-дан 1,3-ке дейін төмендейді; Арқалық қаласынан Астана қаласына дейін 594 км Ден 392 км-ге, немесе 202 км-ге қыскартады, ал даму коэффициентi 1,8-ден 1,2-ге дейiн азаяды; Атырау қаласынан Астана қаласына дейiн 3390 км-ден 1740 км-ге дейiн, яғни, 1650 км-ге, ал даму коэффициенті 2,3-тен 1,2-ге дейiн азаяды; Орал қаласынан Аста на қаласына дейін 3422 км-ден 1771 км-ге дейiн, яғни 1651 км-ге қысқарады, ал даму коэффициенті 2,4-тен 1,3-ке дейiн төмендейдi;
Қызылорда - Жезқазған желiсiн салу Қызылорда қаласынан Астана қаласына дейiнгi қашықтықты 1927 км-ден 1211 км-ге дейiн, яғни 716 км-ге қысқартады, ал даму коэффициенті 2,3-тен 1,5-ке дейiн азаяды; Павлодар - Конечная желiсiн салу Семей қаласынан Астана қаласына дейiнгi қашықтықты 1562 км-ден 836 км-ге, яғни 726 км-ге қысқартады, ал даму коэффициенті 2,4-тен 1,3-ке төмен дейдi; Өскемен қаласынан Астана қаласына дейiнгi қашықтықты 1927-ден 1201 км-ге, яғни 726 км-ге азайтады, ал даму коэффициенті 2,4-тен 1,5-ке дейiн қысқарады. Осы желілер мен басқа да: Қандыағаш Тобыл, Қарағайлы Ақтоғай, Айсары-Чкалов желiлерiн салу облыс орталықтарының арасындағы байланысты жақсартуға мүмкіндік береді.
Темір жол тораптары сенімділігінің өлшемі ретінде байланыстылық түсінігін пайдалануға болады. Байланыстылық дегеніміз Үлкен шеңберде және оның ішінде орналасқан елорда Астана қаласы мен облыс орталықтары арасындағы темір жол қатынастарының мүмкіншілігі. Барлық "Үлкен жол шеңберi тармақтарынын жиынтығы" берілген. Тармақтар санынын аздығы Үлкен жол шеңбердегі тораптардың тікелей байланыстылығын көрсетеді. Сонымен бірге, Алматы - Мойынты желiсiнен бастарту Үлкен жол шеңбері ішіндегі оның солтүстік және оңтүстік бөліктерінің арасындағы темір жол катынасының үзілуіне әкеп соғатынын көруге болады. Үлкен жол шеңбері торабының байланыстылығын күшейту үшін оған мына желілерді кіргізу ұсынылады:
- Қандыағаш - Астана - - Хромтау Алтынсарин;
Қызылорда- Жезқазған;
- Қарағайлы Ақтоғай,
- - Айсары Чкалов;
- Шалқар Арқалық.
Сонымен бірге Защита Шар темір жол тармағының құрылысын бастау алда тұр, ол Защитадан Ресей темір жолына шықпай-ақ, Қазақстанның ұлттық темір жол тармағына тура шығуға мүмкіндік береді.
Сонымен, 2016 жылы алғаш рет Қазақстанның көлік саласындағы физикалық көрсеткіш индексі 103,8% болды. Сол сәтте логистика тимділігі бойынша халықаралық рейтингте 88-орыннан 77-орынға көтеріліп, ТМД бойынша ең үздік елге айналдық. Онымен шектелмей, 2020 жылы рейтингтегі позиция бойынша 71-орынға көтерілді.
Жалпы алғанда, тәуелсіздіктің алғашқы 25 жылында Қазақстан ТМД елдері арасында 2 500 шақырым жаңа теміржол желісін салған жалғыз мемлекет болды. Осылайша, халықаралық көлік дәлізін Шығыс - Батыс, Солтүстік - Оңтүстік және Транскаспий бағдарында (ТРАСЕКА) оңтайландырып алдық.
Бір ғана Жезқазған - Бейнеу теміржол желісі Қытайдан Каспийге, одан әрі Түркияға, оңтүстік Еуропа мен Парсы шығанағы елдеріне бағыт­талған жүк пойыздарының жол үстіндегі қашықтығын 1 000 шақырымға дейін қысқартты. Ал ұзындығы 214 шақырым Арқалық - Шұбаркөл желісі Орталық Қазақстаннан солтүстік өңірлерге орта есеппен 550 шақырымға тасымалдау қашықтығын қысқартқан. Сондай-ақ тар жерлерді жою және өткізу қабілетін арттыру мақсатында 53 шақырым Шу - Алматы учаскесінде екінші жолдардың күзетілуі аяқ­талып, ол аталған учаске бойынша тасымалдау мерзімін 2 есеге қысқартты. Міне, енді содан бері инфрақұрылымды дамытуға салынып жатқан инвестициялардың арқасында Қазақстанның көлік-логистика саласы үш бағытта дамып келеді.
Бірінші бағыт - Шығыс - Батыс дәлізі. Бұл - Қытайдан Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне, Қазақстан, Ресей арқылы Еуропа мен Скан­динавия еліне шығатын бірден-бір көлік дәлізі. Соның нәтижесінде 2011 жылы Қытай мен Еуропа ара­сындағы контейнерлік тасымал көлемі 15 контейнерлік пойызды құраса, 2016 жылы 1 100 контейнерлік пойыз шамасында болған. Ал 2017 жылы межелі 2 250 контейнерлік пойыз шамасында болса, ал 2020 жылы 12406 контейнерге жетті. Сол кезде Қазақстан темір жолы АҚ-ның еншілес ұйымы KTZ Express АҚ президенті Диас Ысқақов жылдамдық пен тасымал қауіпсіздігінің жоғары деңгейде қам­тамасыз етілуінің нәтижесінде бұл бағдарға жылдан-жылға сұраныстың артып келе жатқанын, 2020 жылға қарай бұрын теңіз жолымен жүзеге асырылып келген шамамен 800 мың контейнер
артты.
Екінші бағыт - Солтүстік - Оңтүстік көлік дәлізі. Бұл бағдар Қытай және Орталық Азия елдері, сондай-ақ Ресей мен Шығыс Еу­ропаның Қазақстан және Түрік­менстан арқылы Иранға, Парсы шығанағы елдері мен Үндістанға шығу мүмкіндігін қарастырды. Осы орайда, Түрікменстан және Иран мемлекеттерімен бірлесіп, Өзен - Берекет - Горган теміржол желі­лерін салу бағытында трансұлттық инфрақұрылым жобасын табысты жүзеге асырдық. Бұл жоба тек сол үш елдің көлік ағынына ғана емес, Азия - Еуропа бағытындағы тасымал географиясына да оң ықпал етіп отыр.
Үшінші бағыт - Транскаспий бағыты - ТРАСЕКА. Ол - Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия ел­дерінен Түркия, Украина, Оң­­­түстік Еуропа бағыттарына жөнел­тілетін жүк дәлізі. 2020 жылға қарай бұл көрсеткішті Каспий теңізі арқылы Стамбұлға 300 мың кон­тей­­нерге дейін жеткізу көзделген.:
Одан бөлек, Нұрлы жол мем­лекеттік бағдарламасы аясында 2015-2019 жылдары Ақтау портында қуаты 3 миллион тонна болатын үш жаңа жүк терминалы салынды. Жобаны іске асыру қуаты жылына 1,5 миллион тонна астық терминалын және қуаты жылына 1,5 миллион тонна жүктер мен контейнерлерге арналған екі терминал салу есебінен Ақтау теңіз порты арқылы жүктерді тиеу жылына 20,7 миллион тоннаға дейін ұлғайды. Нәтижесінде, Ақтау, Құрық порт­тарын іске қосу арқылы Қазақ­станның теңіз порттарының өткізу қабілеті 27 миллион тоннаға дейін артты. Сонымен қатар Әзербайжан, Түркия және Грузия арасындағы шекарада Карс - Ахалкалаки теміржол учаскесінің құрылысын аяқтау маршруттың дамуына қосымша серпін берді. 2020 жылы Қазақстанның құрғақ жүк және паромдық флотындағы кеме санын 4-тен 20-ға жеткізді. Алайда Қазақстан аумағы арқылы транзитпен жүктерді өткізу және тауарларды жеткізу мерзімі 13-15 күнді қамтиды. Бұл - теңіз көлігіне қарағанда 2 есе жылдам көрсеткіш.

ІІ Тасымал маршрут маңыздылығы
ІІ.1. Республика көлемінде тасымал маршруттарының оңтайландырылуы

Аймақаралық байланысқа бағытталған темiр жол торабынын болмауы бүгінде Қазақстан экономикасын тежеуші фактор болып табылады.
Жақын арада " ҚТЖ" ҰК" АҚ алдында бірқатар маңызды және күрделі жобаларды іске асыру мәселесі тұр. Оның негізгі мақсаты - аймақтар арасындағы қысқа маршруттармен жүк тасымалдауды оңтайландыруға мүмкіндік беретін, оларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жеткізуді тездететін, Қазақстан Республикасы темір жолдарының тұйықталган торабын қалыптастыру.
Олардың бірі - Хромтау-Алтынсарин темір жол желiсiнiң құрылысын жалғастыру. Оны іске косу Қазақстанның батыс, орталық және шығыс аймақтары арасындағы тасымалдау қашықтығын 1500 км аса қыскартады, және бұл жерде iргелес жатқан мемлекеттердің темiр жол торабына шығудын еш қажеті болмайды.
Желінің пайдалану ұзындығы 402 км-ді құрайды, онда 14 бөлектенген пунктер қызмет атқаратын болады, оның біреуі телімдік станция, бiреуi жүк, төрт аралық, сегiз жол айырығы. Тартқыш түрі тепловозды, салмақ шамасы 4000-5000 тонна, сигнал беру және байланыс құралдары орталықтандырылған - диспетчерлік, бұру тетiгiн баскару - орталықтандырған электрлік. Жүк поездары қозғалысының мөлшерi бойынша тәулігіне - 12: 2 жұп поездардын өтуi күтiледi.
Жол салынған кезде Достык станциясынан Озинки станциясына дейiн жүк тасымалдау қашықтығы 330 км-ге қыскарады, ал Астана қаласынан Актау портына дейінгі (тек ел iшiмен жүрген де ғана) қашықтық 1700 км-ге қыскарады. Жоғары сапалы Солтүстік Қазақстан астығын әлемдік рынокқа шығару үшін, Актау теңіз порты арқылы мультимодальді тасымалдарды дамытуға шешуші алғышарттар жасалатын болады. Мультимодальді тасымалдардың транзиттiк жүк ағымына мына жүк түрлері жатады: кен, мұнай, астық, қара металл. Жаңа жүйе бойынша жүк тасымалынын болжанып отырған көлемі 10-12 млн. тоннаны құрамақ.
Бұл желіні салу, табиғи ресурстардын қорларына бай темір танай және Ақтөбе облыстарының жақын тартылған аудандарынын дамуына да әсерiн тигiзедi. Көптеген кен орнындары салынып жаткан жол трассасына жақын орналасқан. Аймақтың жалпы ауданы 55 мың шаршы километрден асады, ал оның халқының саны шамамен 80 мың адамды құрайды, негiзiнен олар тоқыраулы аудандарда тұрады.
Трансконтинентальдік темір жол магистралінің қазақстандық телімдері күшейтіліп, алдағы болатын жүк ағымын, оның iшiнде транзиттік жүктердi өткiзуге дайындалады. Магистральдiң құрылысы экспорттық жүктерді Қазақстаннан Балтық және Қара теңіз порттарына дейін тасымалдаудың жаңа темір жол бағытын қалыптастырады, ол жүктерді тасымалдау шығынын, қазіргі маршруттармен салыстырғанда (Петропавл және Тобыл арқылы), орта есеппен 25%-ке азайтады. Шекаралық және кедендік бақылау рәсімдерінің болмауынан жүктерді жеткізу мерзімі де қысқарады.

ІІ.2. Жүктерді тасымалдау мен жүру бағыты

Негізгі жүктерді тасымалдау көлемi мен жүру бағытына жүргізілген талдаудың негiзiнде Арыстансор - Донское маршрутына ауыстырылатын, шешуші жүктердің негізгі атауларын атап кетуге болады.
Көмір. "Испат Қармет" КД айына 60 мың тонна мөлшердегі көмір концентратын Румынияға Қарағанды - Тобыл - Джурджулешті маршруты бойынша экспортқа шығарады. Бұл жүк Қарағанды - Арыстансор - Донское - Озинки - Джурджулештi маршрутымен де жіберіле береді. Бұл шараның екі жақты пайдасы бар. Біріншіден, жүк жөнелтуші үшін: Көмірлі Қарағанды станциясынан Джурджулешті станциясына дейінгі қазіргі маршрутпен (Қарағанды - Тобыл -Джурджулешті) тасымалдау бағасы көмірді Тобылдан Ресей аумағына өткендегі төленетін арнаулы мөлшерлемені есептемегенде, бір тоннаға 34,51 ш.б. құрайды, ал жаңа маршрут бойынша 33,76 ш.б. болады. Екіншіден, ҚТЖ үшін: Қазақстан аумағымен жүк тасымалдау 1304 км-ге артып, ал төлемақы бір тоннаға 3,76 ш.б-тен 7,77 ш.б. дейін артады.
2002 жылдың 9 айы ішінде Қызылжар станциясынан "Халық аралық көмір технологиялары" ЖАҚ-ы мен "Шұбаркөл кеніші" ААҚ 112 мың тонна көлеміндегі көмірді Тобыл өткелі арқылы Мууга портына, әрі қарай Финляндия мен Польшага экспортқа шығарды. Осы жүктердi жаңа Қызылжар - Арыстансор - Хром Tay Озинки Мууга бағытына қайта бағдарлау ұсынылуда. Кызыл-Жар - Мууга маршруты бойынша көмір тасымалдау ақысы 3,91 ш.б-ке қысқарады, ал Қазақстан аумағында 4,03 ш.б-ке өседі де бір тонна үшін 8,89 ш.б-ті құрайды.
Сонымен бiрге, жана тармақты салу Республиканың батысын да кемiрдi пайдалану және тасымалдауды есіруге әкелуі мүмкін. Мұнай және мұнай өнімдері. Шикі мұнайды тасымалдауда Жаңа Арка - Ақтау порты (147 мың т.), Жана-Арка - Махамбет (52 мың т.) экспорттық маршруттар бар. Егер аталмыш тасымалдарды Арыстансор - Донское жаңа темір жол желісіне көшірсе, онда қашықтығы 861 км-ге қысқарады.
2002 жылғы тамыз, қыркүйек айларында республикалық қатынаста Атырау МӨЗ-на шикі мұнайды тасымалдаудың Жаңа-Арқа - Ақжайық (3116 км.) маршруты пайда болды. Бұл бағытта Арыстансор - Донское темір жол тармағын пайдалана отырып, тасымал қашықтығын 861 км-ге дейiн қысқартуға болады.
Жаңа темір жол тармағының пайда болуымен Ақтөбе кен орнынан шикі мұнайды Достық- Алашанькоу өткелі арқылы Қытайға экспорттық тасымалдау болжамдалып отыр.
Сонымен қатар, Атырау МӨЗ Мұнай өнімдерін үнемi ЖЖМ (ГСМ) тапшылығын көретiн Қазақстанның солтүстік және орталық аймақтарына тасымалдануы мүмкiн.
Қалған тасымалдау маршруттарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақстан көлік жүйесіндегі темір жол көлігі»
Депрессивті қалалардың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары
Теміржол көлігінің қазақстандағы экономикалық рөлі
Дүние жүзі елдерінің қазіргі көлік жүйесі
Қазақстан Республикасындағы моноқалалардың әлеуметтікэкономикалық дамуының аймақтық ерекшеліктері
Қaзaқстaндaғы шaғын қaлaлaрдың пaйдa болуы мен дaмуы және әлеуметтік-экономикaлық дaмуының aрттa қaлу себептері және олaрды бaсқaру
Қазақстанның шағын қалалардың дамыту бағыттары
Шығыс Қазақстан аумағының геоглогиялық құрылымы
Шағын қалалардың дамыту бағдарламасы
Құрылыс саласында баға белгілеу жүйесін талдау
Пәндер