Сыңармүйіз қосмүйіз , қошқармүйіз деп аталатын оюдың тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейтін өрнек түрі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Шейх Халифа бен Заид Әль Нахаян атындағы «№ 84 мектеп-лицейі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

C:\Users\про\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\КГУ 84 ШЛ 20170411_104841.jpg

Тақырыбы:

Секциясы: қазақ тілі мен әдебиеті

Орындаған:

7-сынып, №84 мектеп-лицейі, Астана қаласы.

Жұмыстың жетекшісі:

Жұмыстың орындалған уақыты: 2022 жыл.

Астана - 2022

Абстракт

Abstract

Жобаның мақсаты: Қазақ ұлттық ою-өрнегінің негізі болған «Мүйіз» оюларының түрлерін жүйелеп көрсету, тәрбиелік мән-мазмұнын ашу және символдық мәнін көрсету.

Жобаның кезеңдері мен рәсімі: ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен, тәжірибеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жобаның гипотезасы \болжамы\: Ғылыми жобадағы ғылыми мәліметтер барлық зерттеу жұмыстарын толықтыра алады. Ою-өрнектерді жүйелі тұрғыдан сараптап көрсету, олардың символдық мәнін көрсету, сөз жоқ, ұғым-түсінігімізді одан әрі тереңдете түседі.

Жобаның обьектісі: Ұлттық құндылығымыздың бір бөлшегі болған ою-өрнектер.

Еңбектің ғылыми жаңалығы:

Ою-өрнектер ұлттың болмысы мен тұрмыс-тіршілігінен хабар беретіндіктен, оларды зерттеудің маңызы зор. Өйткені ою-өрнекті зерттеу - қазақ халқының өркениеті мен мәдениетін танытып, өзге ұлттар арасындағы қолөнердің айырмашылықтарын, байланыстарын анықтауға септігін тигізеді.

Аталған жұмыс өзіне төмендегідей нәтижелерге қол жеткізеді:

  • «мүйіз» ою-өрнегінің шығу төркіні мен түрлері жүйелі түрде көрсетілді;
  • көне оюлар туралы материалдар жинақталды;
  • ою-өрнек түрлерінің символдық мәні мен мағыналары берілді;

Мазмұны

І. Кіріспе бет

1. 1. «Ою ойғанның ойы ұшқыр» бет

1. 2. Қазақ ою-өрнегінің қалыптасу тарихыбет

ІІ. Негізгі бөлімі бет

2. 1. «Мүйіз» оюы - қазақ халқының ою-өрнегінің төркіні бет

2. 2. Ою-өрнек өнері - ұрпақ тәрбиесінің асыл қазынасы бет

ІІІ. Зерттеу бөлімі бет

3. 1. Қазақ ою-өрнегінің символдық мазмұны бет

2. 1. Ою ойдым өрнектеп (шығармашылық жұмыс) бет

ІV. Қорытынды бет

V. Қолданылған әдебиеттер бет

Кіріспе

1. 1. «Ою ойғанның ойы ұшқыр»

Қазақ халқының ұлттық қолөнерінің барлығы ою-өрнектермен байланысты болып келеді. Ою-өрнексіз орындалған бұйымдарының айтарлықтай әдемі, көрнекті болмайтыны белгілі. Көркемдік - көңіл көтереді. Ұлттық қолөнер - халықтың ғасырлар бойы көркемдік тәжірибесінің қайнар көзі.

Ұлттық киім, үй жиһаздарындағы әшекейленген әрбір ою терең ой, мағына беріп, өте нәзіктікпен жасалады. Ою-өрнек - адамның ойлау қабілетін дамытып, икемділігін, шеберлігін қалыптастырады. Бұған «Ою ойғанның ойы ұшқыр» деген дана халқымыздың мақалы дәлел болады.

Ою дегеніміз - бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген ұғымды білдіреді. Ал өрнек деп, әр түрлі ою, бедер бейнені күйдіріп, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауын айтады. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтылады. Ою-өрнектің барлығына ортақ заң - симметрия яғни, ою-өрнек бөліктерінің бір -бірімен мөлшерлес келуі.

Сондықтан да мұндағы басты мақсатым: бүгінгі күні ою-өрнектерді үйреніп, болашақта осы үрдісті жалғастырып, ғасырлар бойы сақталған ұлттық ою-өрнектерді дәріптеу. Олардың шығу және жасалу жолдарына түсінік беру арқылы ұлтымыздың бай өнеріне сүйіспеншілік тудыру.

Ою-өрнек төртке бөлінеді. Хайуанаттық, геометриялық, ғарыштық, өсімдік бейнесіндегі.

2. 2. Қазақ ою-өрнегінің тарихы

1, 5 бет материал болады

Негізгі бөлім

2. 1. «Мүйіз» оюы-қазақ халқының ою-өрнегінің төркіні

«Мүйіз» оюы қазақ халқының ою-өрнегінің төркіні деуге болады, өйткені барлық жаңа элементтер соның негізінде жасалып, тек атаулары ғана өзгеріп отырған. Мысалы: «қошқармүйіз», «арқармүйіз», «бүғымүйіз», «қырықмүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «төртқұлақ», «түйетабан», «сыңарөкше», «қосалқа», «қүсқанаты», «қаз-табан». Колөнер шеберлері осы элементтердің сан түрлі композициясын жасап, бүйымдарға ұтымды пайдаланып келеді.

Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру, аңшылықты жер-су, көшіп-қону көріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі заттардың сыртқы бейнесін тұспалдайды, бірақ қолөнер саласындағы қай бұйымды алсақ та, сол заттың бетінде түрлі нүсқада бейнеленген «мүйіз» элементін байқаймыз.

Қазақтың ою-өрнектерінің мүйізден басталатын себебі - көшпенді халықтың негізгі шаруашылығы - мал бағу болған. Олар малдын сүтін ішіп, сүтін жеп, терісінен ат-әбзелдерін, мүйізінен желім, жүнінен киіз, киім тіккен, ал ешкі мүйізінен пышаққа caп жасаса, малдың жауырын сүйегінен қалақ, жілігінен шоқпар дайындаған, бала бесігіне шүмек жасаған Халық шеберлері мүйіз өрнегінен сан қилы мәнерлермен құбылта, бір элементке екінші, үшінші элементтерді қосып, молықтырады да, қүлпырған әдемі де мазмұнды композиция жасайды.

«Мүйіз» тектес ою-өрнектердің негізі қойдың, арқардың, ешкінің, сиырдың, бұланның, бұғының, қодастың, еліктің мүйіздерін түспалдаудан пайда болған.

Шеберлер жаңа ою-өрнектерді тұрмыс тіршілігіне өз дәуіріндегі заман ағымына қарай лайықтап пайдаланып келеді.

Қошқармүйіз оюы неше түрі формалаға еніп, қазақ бұйымдарының көбінде кездеседі. Әсіресе киіз үй жасауларының барлық түріне де салып тоқуға болады. Мәселен, текеметтің ортасына “қошқармүйіз” шет-шетіне “тұмар”, “шаршы” немесе “су” оюлары салынады. Мұнысы туған жер төсін толтырған отар-отар қой болсын деген халықтың арман - тілегі, Омыртқа - мал шаруашылығымен тығыз байланысты туған, малдың дене мүшесіне қатысты өрнек. Бұл ою қайраттылықтың, ерліктің белгісі. Ер адамның, батырдың киімінің, кейде құрлардың шетіне салынады. Мұндай оюлардың формасы қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз тәрізденіп келеді де, кейде осы мүйіздің қолтығында қойдың құлағын долбарлаған шолақ мүйіз тәрізді тағы екі буын тұрады. Байқап қарағанда бұдан қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады.

«Мүйіз» - қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мүйіз»ою-өрнек кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданады. Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», «маралмүйіз», «өркешмүйіз», «қошқармүйіз» т. б. түрлерге бөлінеді. «Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз, шымши) мен түрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, ожау, жүкаяқ, торсық, сандық т. б. ), сондай-ақ қару-жарақтарда (қынап, оқшантай, садак), киім-кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) жалпы бұл элементтің қолданбайтын жері жоқ десе де болады.

«Қосмүйіз» ою-өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді және кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп аталатын оюларды «қосмүйіз» дейді. Үй жиһаздары мен түрмыстық заттарды, киім-кешек, қару-жарақтарды безендіру үшін пайдаланатын қой, ешкі, сиыр, бүғы, марал сияқты жануарлардың қос мүйізін бейнелейтін ою-өрнек. Қазіргі кезде «қосмүйіз» ою-өрнегін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, камзолдың алдыңғы жағына, етіктің қонышына салады.

«Тоғызтөбе» ою-өрнегі ең көне оюлардың бірі болып саналады. Бұл өрнек қимақтар мен қарлұқтардың қолөнерінде сақталған және кезінде «тоғыз-төбе» ою-өрнегі Айша-бибі күмбезінің кірпіштерін өрнектеу үшін қолданған. Ал қазіргі кезде қазақ, қырғыз, түрікмен, қарақалпақ қолөнерінде кездеседі.

«Арқармүйіз» деп аталатын ою-өрнек қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі. Бұл элемент «қошқармүйізге» өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді. (Кілем, тұскиіз, сырмақ, кесте, киім-кешек пен үй жиһаздарында кездеседі) .

«Сыңармүйіз» «қосмүйіз», «қошқармүйіз» деп аталатын оюдың тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейтін өрнек түрі. Шебер орналастырылған «сыңармүйіз» өрнек композициясында дараланып тұрмай, жымдасып келеді, үй-жиһаздары мен тұрмыстық заттарға, сондай-ақ киім-кешек, қару-жарақ т. б. бетіне салынатын ою-өрнектің бәрінде кездеседі және текемет, сырмақты әшекейлейтін, жиегіне жүргізілетін өрнектің бір түрі.

«Қошқармүйіз» ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады.

Текемет, сырмақ, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі. Киізден жасалған бұйымдарда бұл ою түсті шүберектермен ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде де тігіледі.

Ою-өрнегі - байлық пен молшылықтың нышаны. Қошқармүйіз онымен қатар әр заттың көлемі, сәнділік пайдалану деңгейіне қарай әр алуан жапырақ тектес бітпес оюлар салынады. Бұл өрнектер «иірім», «шиыршық», «түйетабан», «құсмұрын» т. б. аттармен аталған.

«Қырықмүйіз» ою-өрнегі біріне-бірі жалғаса, тармақтала қосылған, көп мүйізден құралған ою-өрнектің бір түрі. Ол көбінесе дөңгелек не төрт-бүрыш ішінде бейнеленеді, кейде бұтақтың ағашы тәрізді тармақталып, жайылып бейнеленеді. Бір-бірімен қосылған бірнеше тармақты көп мүйізді оюлардан құралады. (Тұскиіз, тон, кежім, сырмақ, текемет, архитектура сәулет өнерінде молырақ кездеседі) .

«Сынықмүйіз» морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай иіледі. Бұл ою-өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр мен алашаларды, сондай-ақ әртүрлі қалталарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісі малдың сынған мүйізіне үқсайды.

«Төртқұлақ» ою-өрнегінің төрт тармағы зооморфты немесе көгеніс оюларынан құралған, ортасы крест бейнесін жасайды. Төрт тармақтан дөңгелек, «төртбұрыш», «төртжапырақ» құрайтын ою-өрнектер жасалады. Бұл оюлар, кебеже, жүк-аяқ, аяққап, батырлардың шапанының жауырынына, қалқанға, шалбардың тізе тұсына, дөдегенің ортасына немесе шет бүрыштарына салынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың дәстүрлі қоңыр ою – өрнектері
Космогониялық өрнек
Қазақ оюларының сырлары
Ою-өрнектердің түрлері және түстері мен бояулары
Қазақтың ою-өрнектері жайлы анықтама
Корпустық жиһаз
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың сәндік- қолданбалы өнерімен таныстыруды теориялық тұрғыда негіздеу
Ұлттық стильдегі корпустық жиһазды жобалау
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазактың сәндік-қолданбалы өнері және ұлттық өрнектері туралы түсінік берудің маңызы
Теріден ұлттық бұйым жасау технологиясы және оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz