Информатикадан сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан унверситеті

Информатика кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Информатика пәнінен қосымша білім беру

Орындаған: Хангереева А.Е.
Тобы: ФИ-31
Тексерген: п.ғ.к. доцент Медешова А.Б.

Орал-2022 жыл
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.Информатиканы қосымша оқытудың мәні мен мазмұны
1.1 Қосымша оқытудың мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Информатиканы қосымша оқытудың мақсаттары мен міндеттері ... ..8
1.3 Информатикадан сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері ... ... ... ...10
2.Информатика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар
2.1 Информатика пәні бойынша жүргізілетін қосымша оқыту түрлері мен құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2. Информатика пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстың әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.3. Информатика пәнінен жүргізілетін үйірме жұмыстары ... ... ... ... ... 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Кіріспе

21 ғасыр - жаңаша технологиялар дамыған заман. Цифрлық технологияларды меңгеруде және танып - білу барысында информатика пәні мен мұғалімінің алатын орны ерекше.
Информатика пәнін оқыту кезінде дәстүрлі сабақ жоспарынан бөлек сыныптан тыс қосымша оқыту түрлерін қолдансақ, оқушылардың пәнге деген қызығыушылықтары артып, білімдері тереңдеп, болашақ мамандығын информатика саласымен байланыстыратын оқушыларға өзінің септігін тигізері сөзсіз.
Қазіргі цифрлық технологиялар дамыған заманда сауатты тұлғаны қалыптастыру қоғам талабы. Заманауи информатика мұғалімінің басты мақсаты заман талабына сай білімін жетілдіріп, оқушыларды компьютердің қарапайым дағдыларымен шектеп қоймай, жаңа ақпараттық - коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы үлкен жетістіктерге қол жеткізуге, жаңалықтар ашуға болатындығын, жаңа технологиялардың көмегімен адам өмірін жеңілдететін, адамзатқа пайда әкелетін көптеген салаларда қолдануға болатынын көрсету арқылы оқушылардың технологияға деген қызығушылығын арттыра білуі қажет. Осы мәселеде информатиканы қосымша оқыту процесі үлкен рөл атқарады.
Информатиканы қосымша оқыту түрлеріне экскурсия, үй жұмыстары, қосымша тапсырмалар, факультативтік сабақтар, ғылыми жобалар, олимпиадалар және т.б. жатады. Соларға қысқаша тоқтала өтейік.
Экскурсия. Экскурсия информатика саласы бойынша оқушының танымын кеңейтіп, теориялық білімімен қатар практикалық қолданыстарының арасындағы байланысты көруге және бақылауға мүмкіндік беретін, сондай - ақ, кәсіптік бағдары мен политехникалық оқытуды қамтитын, пәнаралық байланысты жүзеге асыратын оқытуды ұйымдастыру түрі болып табылады.
Оқу экскурсияларын жүргізуге болатын орындарға есептеу орталықтары, заманауи ақпараттық технологияларды қолданатын баспаханалар, диспетчерлік залдар мен басқару орталықтары және т.б. жатады. Экскурсия қатысушыларға жоғары білікті мамандардың жұмысын тікелей бақылауға мүмкіндік береді. Экскурсия кезіндегі маңызды нәрсе қауіпсіздік ережесін сақтай отыра, қозғалыс бағыты мен тәртібін анықтау.
Информатикадан факультативтік сабақтар. Факультативтік сабақтардың басты мақсаты теориялық және практикалық білімдерін кеңейтіп, тереңдетіп және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, оқушылардың бойындағы қабілеттерін дамыту, олардың шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады.
Факультативтік сабақтың негізгі сабақтан ерекшелігі оның таңдау курсы болуында. Факультативтік сабақтар көбінесе кәсіби - бағдарлы оқытуға қарай мазмұндалуында.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Білім заңында көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу. Ондағы мақсат - білім алушының ойлау қабілетін арттыру және қазіргі заманауи компьютерлік құралдармен жұмыс істеуге үйрету. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарында ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану - білім сапасының артуына әкеледі.
Информатикадан қосымша оқыту жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастырып, қызығушылықтарын арттыра отырып, түрлі деңгейдегі есептерді шығарып, оларды талдауға үйрету. Шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, компьютерлік сауаттылықтарына жол ашу. Теориялық білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Курстық жұмыстың мақсаты - информатика сабағынан оқушылардың сабақтан тыс өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастыру және төмендегі талаптарды оқушы бойында қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
Оқушының теориялық және практикалық дағдыларын тереңдете түсу;
Оқушылардың бойында жауапкершілік, шығармашылық, логикалық ойлау, т.б. қабілеттерін қалыптастыру;
Есеп шығару және оны талдау дағдыларын үйрету;
Оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру;
Өз бетінше ізденуге үйрету және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу;
Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Зерттеу объектісі: информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.
Зерттеу пәні: информатикадан үйірме жұмыстары.
Курстық жұмыс негізінен екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда қосымша оқытудың мәні мен мазмұны, мақсаттары мен міндеттері айтылады, екінші тарауда қосымша оқытудың түрлері мен үйірме жұмысын ұйымдастыру әдістемесі қамтылған. Оған қоса жұмыс кіріспе мен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1.Информатика қосымша оқытудың мәні мен мазмұны
1.1 Қосымша оқытудың мәні мен мазмұны.

Жалпы білім беретін мектептерде әр кезде оқытудың негізгі формасынан бөлек үнемі түрлі үйірмелер, факультативтер, сонымен қатар олимпиадалар мен жарыстар өткізіледі. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, білімдерін кеңейту мақсатында қосымша оқу - зерттеу жұмыстарының түр - түрін қолдану оқытудың маңызды компоненті, негізгі көп жағдайда - оқушылардың ой - өрісін дамыту мен тәрбиелеу болып табылады. Балаларды қосымша оқыту мектеп қабырғасында ғана емес, сонымен қатар әртүрлі қосымша (мектептен тыс) білім беретін мекемелерде, атап айтсақ, оқушылар сарайы, орталықтар, студиялар, балаларды сауықтыру- білім беру лагерьлерінде және т.б. жүзеге асырылады.
Қосымша оқытудың қазіргі заманғы түсінігі - қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыра отырып, оқыту мен қатар тәрбиелеудің мақсатқа сай үдерісін жасау. Адамның жеке қызығушылықтарын ескере отырып, білім алушылардың таным іс - әрекеттерін қалыптасыру. Балаларды қосымша оқытудың негізгі мақсаты тұлғаны, оның әр түрлі бағыттағы танымға деген мотивациясын, шығармашылқ іс - әрекетін дамыту десек болады.
Балаларды қосымша оқыту келесі принциптерге сәйкес іске асырылады:
Балалардың өзіндік бейімі мен қабілетіне, сонымен қатар қызығушылығына сәйкес қосымша оқыту түрі мен қосымша білім беру мекемелерін еркін түрде таңдай алуы ;
балалардың алуан түрлі қызығушылықтарын қанағаттандыра алатын қосымша білім беру бағдарламаларының әр түрлі болуы;
қосымша білім берудің үздіксіздігі, қосымша білім беру бағдарламаларының сабақтастығы, меңгеру үдерісінде оларды үйлестіру және түзету мүмкіндіктері;
баланың жеке дамуына психологиялық - педагогикалық қолдау көрсету;
балалар мен педагогтардың шығармашылық ынтымақтастығы;
балалардың физикалық және психологиялық денсаулықтарын сақтау.
Балаларға қосымша білім беру мемлекеттік стандартқа бағынбайды. Оның мазмұны балалардың, ата-аналардың, басқа әлеуметтік институттардың әлеуметтік тапсырыстарымен анықталады.
Қосымша білім беру жүйесінде әр түрлі деңгейдегі қосымша білім беру бағдарламаларының саны өте көп (500-ден артық): дамытушы, оқытушы, сабақтастырылған, зерттеуші және т.б. олардың көпшілігі компьютер мен әр түрлі программалық жабдықтауды қолдануды ұсынады. Қосымша білім беру бағдарламаларын шартты түрде ұзақтығы мен қиындығына қарай төрт деңгейге бөлуге болады:
Іздестіру - диагностикалық білім беру бағдарламалары. Кез келген жастағы балаларға арналған және де мерзімі бойынша орташа алғанда жарты жылға есептелген. Олар балалардың қызығушылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Теориялық - бағытталған білім беру бағдарламалары. Таңдап алынған саласы бойынша өз бетімен шығармашылық іс - әрекетке өтуге мүмкіндік береді және 2 - 3 жыл аралығында іске асырылады. Орта және жоғары жастағы оқушыларға арналған.
Кәсіпке дейінгі (кейде бастапқы кәсіби деп те атайды) білім беру бағдарламалары. Соңында сертификат беріліп, 2 - 5 жыл аралығында іске асырылады. Орта және жоғары жастағы оқушыларға арналған.
Эвристикалық (ғылыми - зерттеу) білім беру бағдарламалары. Жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, басынан жоғары білім алуға бағыттай отырып, 2 - 9 жыл аралығында іске асырылады.[23]
Жалпы білім беретін мектептерге Информатика мен есептеуіш техника негіздері пәнін енгізу үйірме мен клуб жұмыстарының техникалық бағытын едәуір кеңейтті. Компьютерлік клубтар пайда бола бастады, олар екі бағытта: программалық жабдық пен компьютердің жұмыс істеу принциптерін жан-жақты оқуға қызығушылық танытқандар үшін, сонымен қатар, компьютерлік ойындардың әуесқойлары үшін жұмыс істеді. Компьютердің жұмыс істеу принциптерін оқыту алғашқы кезеңде программалау негіздерін оқытуға бұрды, ол программалаушылық бағытты (мектептер мен балалар шығармашылығы орталықтарында "жас программалаушылардың" әр түрлі үйірмелері) дамытуға әкелді. Мектеп информатикасына он жылдан кейін қосымша жұмыстың тағы бір бағыты - қызметтің әртүрлі саласында тиімді жұмыс жасау құралы ретінде компьютерді (ақпараттық және коммуникациялық технологияларды) қолдану қосылды.
Балалар мен үлкендердің жаңа техникаға деген тәуелділігі пәнге деген қызығушылығының артуы негізінде оқытудың дәстүрлі түріне елеулі әсер етті, клубтар мен үйірмелер сабаққа ұқсас болды.
Оқыту процесінде компьютерді қолдану, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар негізінде оқытуды ұйымдастырудың жаңа тиімді түрлерін дамытуға итермеледі. Оқу іс - әрекетінің (жобалар, жеке практикумдар, ынтымақтастықта оқыту, әр түрлі деңгейдегі оқыту және т.б. ) жекеше, топтық және ұжымдық түрін дамытудың жаңа векторын алдық.
2005 жылдан бастап балаларды қосымша оқыту мекемелерін ұйымдастыру жергілікті басқару ұйымдарының құзырына кірді.

Сыныптан тыс жұмыстың мәні

Сыныптан тыс жұмыс - сабақтан тыс уақытта, баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіруге жағдай жасайтын, мұғалімнің оқушылармен әр түрлі іс - әрекеттерін ұйымдастыру.
Сыныптан тыс жұмыс - оқу бағдарламасымен байланыспайтын және оқу кестесінен тыс мектепте өткізілетін әр түрлі тәрбиелік мәні бар іс - шаралар.
Сыныптан тыс жұмыс ұғымы - кең мағыналы ұғым, оған мазмұны, қызметі, өткізудің әдістемесі, басқарудың әдістері және формалары бойынша әр түрлі сабақтар кіреді. Мысалы: пән бойынша жүргізілетін үйірменің отырыстары, сабақтан тыс оқылым, мектепте өткізілетін мереке және кештерді өткізу сияқты шаралар сыныптан тыс жұмысқа жатады. Үйірме, сыныптан тыс оқуды оқытушы өзі басқарса, бос уақытты ұйымдастыру, көңіл көтеретін шаралар кезінде өзін - өзі басқару негізінде оқушылар басқарады.
Осыған байланысты "сыныптан тыс жұмыс" түсінігінің орынына кейбір педагогикалық әдебиеттерде "оқудан тыс жұмыс", "сабақтан тыс жұмыс" терминдері қолданылады.
Сабақтан тыс жұмыс - мақсаты, мазмұны және әдістері бойында негізгі оқу үрдісімен шектеседі, оның сабақтан тыс кезіндегі жалғасы болып табылады, сонымен қатар, ерікті түрде бола бермейді.
Оны ұйымдастыру мен жоспарлау педагогтың үлесіне тиеді. Бұған мысал: пән мұғалімінің қабілетті оқушылармен бағдарламалық материалдан алған білімдерін кеңейту мен тереңдету және үлгерімі төмен оқушылардың білімін жетілдіру бойынша жүргізілетін жұмыстары.
Оқудан тыс жұмыс - мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің бағыттауымен оқушылар ұжымында жүзеге асатын өзін - өзі басқару, белсенділігін арттыру негізінде жүргізілетін жұмыстар.
Сыныптан тыс жұмыс - оқушыларға кеңінен көтеріңкі көңіл - күй сыйлайтын, оқытушының сабақтағы жұмысымен байланыстыра отырып, оқу - әдістемелік барысында өз бетімен жасайтын әр түрлі іс - әрекеттерінің жиынтығы.
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық технологиялар ұсынатын мүкіндіктер мен құралдардың әртүрлілігіне байланысты пәнаралық сипатқа ие болып табылады. Сыныптан тыс жұмыста, информатика, физика, ағылшын, еңбек, география және т.б. сабақтар бойынша компьютерлік әдістер тиімді қолданылады. Мұндай сыныптан тыс жұмыстардың ерекшелігі - қызығушылықтары әртүрлі оқушыларды біріктіреді, оларды басқа пәннің мұғалімдері ақпараттық технологияны жеткілікті түрде біле бермегендіктен информатика мұғалімі мен пән мұғалімі жүргізеді.

Информатикадан қосымша оқытудың мақсаттары мен міндеттері

Сыныптан тыс жұмыс - сабақтан тыс уақыттағы мектепте өткізілетін және оқу жоспарына кіретін әртүрлі оқу тәрбиелік іс-шаралар. Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын сыныптан тыс жұмыстар - баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжірибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастырады.
Сыныптан тыс жұмыс келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
Балада жағымды "Мен" - тұжырымдамасын қалыптастыру, бұл келесі факторларға байланысты:
өзіне басқа адамдардың жақсы көзқараста екендігіне сенімді болуы;
өзінің белгілі тақырыпты немесе материалды жақсы меңгере алуына сенімділігі;
өзінің өзін қоршаған ортада маңызды орын алатынын сезіну.
Жағымды "мен" - тұжырымы баланың өзіне, өзін бағалауға, жеке тұлға ретінде қалыптасып, дамуында оң әсер етеді. Түрлі формадағы сыныптан тыс жұмыстар баланың күнделікті сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады. Сыныптан тыс жұмыстардың әр түрлі болуы баланың өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бағалауын, өз іс-әрекетін бақылауын қалыптастырады. Сонымен қатар, әр түрлі жұмыстар баланың іс-тәжірибесі мен дағдысын, адамдар қызметінің әртүрлілігі туралы білім мен біліктілігін арттырады.
Ұжымдық жұмыс жасау тәжірибесі мен серіктестік дағдысын қалыптастыруға жағдай туғызу. Міндетті оқу үрдісі кезінде сыныптан тыс жұмыстарға қарағанда ұжымдасып жұмыс істеу мүмкіндігі аз. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қатынаста болады. Әр түрлі сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді.
Әлеуметтік қызметтер қажеттіліктерін қалыптастыру. Бұл тікелей әр түрлі қызметтер түрімен танысуға байланысты. Сыныптан тыс жұмыстарда қоғам қажет ететін түрлі қызметтерді ұйымдастыру мүмкіндігі бар. Бұл жағдай әсіресе теріс жолға түскен жасөспірімдердің (алкоголь, нашақорлық, тәртіп бұзушылық, т.б. ) көбеюімен өзекті болып тұр.
Көзқарастың өнегелі, эмоцианальдық, еріктілік компоненттерін қалыптастыру. Сыныптан тыс жұмыстарда адам бойындағы рухани адамгершілік қасиеттер мен құндылықтарды дәріптеу жақсы жолға қойылған. Ол оқушыларды өнермен байланыстырады.
Танымдық қызығушылықтарын дамыту. Сыныптан тыс жұмыстардың бұл міндетті оқу үрдісіндегі және сабақтан тыс іс-әрекеттердің біртұтас екендігін білдіреді, өйткені сыныптан тыс жұмыстар оқу үрдісіндегі тәрбие жұмысы, сонымен қатар оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Сыныптан тыс жұмыс кезінде оқушылардың қызығушылықтарын арттыра отырып,маңызды мәселелердің бірі - мамандық таңдау мен еңбекке, кәсіпке баулуды шеше аламыз.
Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру. Қазіргі кезде келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін баланың бос уақытын педагог тиімді ұйымдастыру қажет. Оқушылардың тәртібі олардың бос уақыттарын қалай өткізетіндігіне байланысты екендігі анықталған. Үлгере алмаушы оқушыларды сыныптан тыс жұмыстарға тарту олардың оқуына кедергі келтіреді деген ұғым дұрыс емес. Қайта сол оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануына көмектесіп,таным көкжиегін кеңейтеді. [1]
Тізбектелген міндеттер сыныптан тыс жұмыстың негізгі мүмкіндіктері мен бағыттарын анықтайды. Нақты тәрбие жұмысында сыныптың ерекшелігімен, мұғаліммен, жалпы мектептік жұмыстар және т.б. нақтыланады.

Сыныптан тыс жұмыстың функциялары

Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты мен міндеттері оның - оқытушылық, тәрбиелік, дамытушылық функцияларын анықтайды.
Сыныптан тыс жұмыстың оқытушылық функциясының оқу әрекетіне қарағанда үстемдігі аз. Сыныптан тыс жұмыс кезінде ол тәрбиелік және дамытушылық функцияларын тиімді іске асырады. Бұл ғылыми, оқу білім, біліктілік пен дағды жүйесін қалыптасыру емес, белгілі бір мінез - құлықтық дағдыны, ұжымдық өмірді, қарым - қатынас дағдысын қалыптастырумен негізделеді.
Алайда, сыныптан тыс жұмыс пен оқу жұмысын дұрыс үйлесуі оқу - тәрбие әрекеті жүйесін қамтамасыз етеді. Сыныптан тыс жұмыс бәріне бір және міндетті оқу жоспарын сақтау кезінде оқыту мен тәрбиелеудің тиімді құралы болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың жеке қабілеттері мен ынтасын дамытатын және көрсететін дамытушылық функциясының маңызы зор. Мысалы, әртістік қабілеті бар оқушыны мектептегі мерекелік шараларға, КВН - ға, информатикаға қабілеті бар оқушыны - олимпиадаларға, пайдалы бағдарламаларды құруға т.б. тартуға болады.

Информатикадан сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері
Сыныптан тыс жұмыстар міндетті оқу үрдісіне оң әсерін тигізеді.Өйткені,сыныптан тыс жұмысқа қатысушы оқушылар оқу материалын сәйкесінше қарастырып, қосымша әдебиеттерді пайдаланады,сонымен қатар компьютермен жұмысты тереңірек меңгереді.
Сыныптан тыс жұмыстын ерекшеліктері:
1. Сыныптан тыс жұмыс міндетті бағдарламалармен байланысты болмайды. Сыныптан тыс жұмыста тапсырмалар қатысушылардың білім деңгейіне сәйкес беріледі.
2. Әдеттегі сабақтар негізінен 45 минутқа жоспарланса, сыныптан тыс жұмыстар мазмұны мен өткізілу формасына сәйкес 5-10 минуттан (ойын-сауық үзілістері) және 1,5-2 сағатқа дейін жоспарлануы мүмкін. Сабақтарды өткізу барысында санитарлық талаптарды сақтанған жөн.
3. Дәстүрлі сабақ бір сыныпты қамтитын болса,сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар әртүрлі сыныптардан біріктірілуі мүмкін. Әр түрлі сыныптың оқушыларын біріктіру кезінде ересектеу балалар өзінен жасы кішілерге қамқорлық жасауға, жолдастық көмек көрсетуге жақсы жағдай туғызады.
4. Сыныптан тыс жұмыс өткізілудің әртүрлі формаларымен қатар түрлерімен ерекшелінеді: викториналар, кештер, олимпиадалар, үйірмелер, факультативтер және т.б.
5. Информатика бойынша сыныптан тысжұмыстың ерекшелігі - бұл жерде оқушылар өткізілудің мазмұны мен формасына сәйкес ойын-сауық, жұмыс кезінде өз ойларын еркін түрде білдіреді, эмоцияға ерік береді. Сабақтарды өткізу формалары көбіне ойын мен жарыс түрінде өткізіледі.
6. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың тағы бір ерекшіліктері-информатика кабинетінің қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталуында: заманауи компьютерлер санының жеткілікті болуы; перифериялық құрылғылардың (принтерлер, сканерлер, мультимедиялық жүйелер) болуы; жергілікті және ғаламдық желілердің болуы,сонымен қатар ғылыми және ғылыми - танымдық, қарапайым әдебиеттердің болуы.
7. Тағы бір ерекшелігі-информатика мен ақпараттық тенологияларларды дамыту перспективасы болып табылады.Ол болашақта,күнделікті өмірде компьютерлерді пайдалануды,кәсіби қызметте пайдалануды көздейді.
Дәстүрлі сабақ пен сыныптан тыс жұмыстың ортақ белгілері де бар.
1. Оқыту процесінде жұмыстың екі түрінде де дидактикалық принциптер сақталады: ғылымилылық, іс-әрекеттің саналылығы, белсенділік және дербестік принциптері, теория мен практиканың байланыстылығы және т.б.
2. Білім беру процесінің екі бөлігі ретінде жұмыстың екі түріде білімді, өзіңдік дағдылары қалыптасқан, ақпараттық технологияларды еркін меңгере алатын болашақ азамат(-ша) қалыптастыру.
2.Информатика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар
2.1 Информатика пәні бойынша жүргізілетін қосымша оқыту түрлері мен құралдары

Сыныптан тыс жұмыстың түрлері - оның мазмұнын құрайтын шарттар. Олардың түрлері өте көп. Олардың көп болуы топтау кезінде қиындық туғызады. Олар білім беру мен тәрбиелеу міндеттеріне қатысты әсер ету объектісі мен әрекет бағыты бойынша тапталған.
Сыныптан тыс жұмыстың кез келген формасы құлықтық, білімділік, физикалық, экологиялық, экономикалық, эстетикалық және т.б. оқу, тәрбиелеу, дамыту міндеттерін шешуге бағытталған. Бұл байланыста сыныптан тыс жұмыстың объектіге әсер ету бойынша топтау формасын қарастыру керек.
Сыныптан тыс жұмыс жеке, топтық және көпшілікті біріктіруі бойынша, ал жеке және көпшілікпен фронтальді және ұжымдық болып бөлінеді.(1-сурет)

Сыныптан тыс жұмыс

Әрекет бағыты бойынша
Объектіге әсер ету

Құлықтық
Жеке

Білімділік
Топтық

Физикалық
Массалық
Біріктіруші

Экономикалық
Массалық

Экологиялық
Фронтальді
Ұжымдық

Эстетикалық

1-сурет.Сыныптан тыс жұмыстың топтамасы.
(Бидайбеков Е.Ы. Информатиканы оқыту əдістемесі: Оқулық. - Алматы, 2014. - 588 б.,232 беттен алынды)
Жеке жұмыс - оқушылардың өзіндік жұмыс түрі. Өзін-өзі тәрбиелеуге, оқу бағдарламасынан тыс мұғалімнің берген тапсырмасы мен ұжымның талаптарын орындайды. Жеке жұмыстың мәні оқушы тұлғасын әлеуметтендірумен, өзінің жетілуі мен өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілікпен ерекшеленеді.
Жеке жұмыс ұжым ішінде оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын шектемейді, бірақ жалпы бірікккен жұмыс кезінде өз ісін табуға мүмкіндік береді. Ол үйірмелердің құрамдас бөлігі болып табылады. Мақсатқа сай бағытталған оқушылардың жеке жұмысы олардың өз мүмкіндіктеріне сәйкес қабілеттерін ашуға, өздерінің даралығын айқындауға бағытталған.
Сыныптан тыс жұмыстың түрі - оның жаппай (массалық) формалары. Оларды екі үлкен топқа бөліп көрсетуге болады, олар оқушылардың іс-әрекетімен ерекшеленеді.
Бірінші топ - фронтальді формалар. Оқушылар іс-әрекеті жанымда қағидасына негізілделген, яғни, олар бір-бірімен байланыспайды, жалпыға ортақ берілген тапсырманы өз беттерінше орындайды. Педагог түсіндіру, әңгіме, көрсету арқылы барлық балаға бірдей уақытта әсер етеді. Кері байланыс оқушылардың санымен ерекшеленеді. Бұл қағида бойынша жалпы сыныптық сабақтар ұйымдастырылады.
Екінші топ - ұжымдық формалар. Сыныптан тыс жұмыстың бұл формасы бірге қағидасына негізделген. Мұндай ұйымдастырылу кезінде оқушылар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мұғалім бұл жерде әр балаға емес, олардың бір-бірімен қарым-қатынасына назар аударады, бұл педагог пен оқушының арасындағы байланыстың бекуіне әкеліп соғады. Бірге қағидасы бойынша оқушылардың іс-әрекеті жұппен, кіші топтарда, сыныппен ұйымдастырылады.
Бірінші топтың ерекшелігі оның қарапайымдылығында, бұл жерде ұжымдық байланыс төмен. Екінші топ серіктес болуда таптырмас форма, мұнда оқушылар бір-біріне көмектеседі, байланыстары нығаяды, жауапкершіліктері арта түседі.
Сыныптан тыс жұмыстың көпшілікті біріктіру формасы ұжым арқылы әрбір оқушыға жанама түрде әсер ете алады. Олар бір-бірін түсіну, ұжымда әрекет ете алу, өзінен үлкендермен, сонымен қатар құрдастарымен бірге еңбек етуіне ықпал етеді.
Сыныптан тыс жұмыстың жеке формасынан бөлек үйірмелік, біріктіруші, жаппай формалары бар.
Үйірмелік (топтық) сыныптан тыс жұмыс формасы оқушылардың ғылым, техника, өнер, спорт, тереңдетілген білім, бағдарламалық білім, бағдарламалық материал тұрғысында қызығушылықтары мен қабілеттерін дамуына ықпал етеді.
Үйірме - информатиканы қосымша оқытудың негізгі формаларының бірі. Информатикадан үйірме жұмыстары әртүрлі болуы мүмкін: мысалы, компьютерлік графика, программалау, компьютерлік модельдеу. Үйірмеде әр түрлі шаралар мен сыныптық сағаттар өткізіледі. Олар баяндама, жобамен жұмыс, саяхаттар, көрнекіліктер, зертханалық сабақтар,қызықты адамдармен танысу,виртуальды саяхаттар және т.б. болуы мүмкін.Үйірме барысында жасалған жұмыстардың қорытындылары мектептік кештерде,мысалы,информатика апталығына арналған кеште айтылуы мүмкін.
Жұмыстың біріккен формасына клуб, мектеп мұражайы, қоғамдық, уақытша ұжымдар жатқызылады.
Бұрындары саяси, пионерлік, комсомолдық, халықаралық достық, қызықты кештер сияқты үйірмелер танымал болатын.
Клуб жұмысы заманауи ақпараттық технологиялар тұрғысында жаңарып отырады. Қазіргі кезде мектептерде шетелдік мектептермен байланыстар қолдау тапқан. Осы негізде халықаралық достық клубы жаңара алады. Клуб жұмысында ақпараттарды іздеуде, жалпы жобаларды орындауда, электрондық хаттарды алмасуда ғаламтордың мүмкіншіліктері кеңінен қолданылады. Бірқатар мектеп оқушылары виртуалдық (ғаламтор желісінде ұсынылатын электрондық) мұражай, көрме, галерея құра алады. Бұл жұмыстың түрі іс-әрекеттің өз бетінше жасалатын формасына да жатқызылуы мүмкін.
Жаппай жұмыс формалары мектептерде кеңінен танымал. Олар әр түрлі болып келеді және сыныптан тыс, сонымен қатар, мектептен тыс жұмыстардың басқа формаларымен салыстырғандағы ерекшелігі - бір уақытта бірнеше оқушыны қамти алады. Оларға конкурстар, олимпиада, жарыстар, яғни, оқушылардың белсенділігін қажет ететін жұмыстар жатқызылады. Кештер, кездесулер өткізу кезінде оқушылар тек қана ұйымдастырушы және орындаушы ретінде қатыса алады. Мұнда й мерекелерге есептеуіш орталықтарын аралау, кинофильмдер қарау, танымал адамдармен танысу, дәрістер жатады.
Соңғы уақыттарда информатика саласына қызығушылық танытатын оқушылардың артуына сәйкес информатиканың жастар мектебі, сырттай физика-математика мектебі, информатикадан тереңдетілген мектеп пен сыныптар, жаздық компьтерлік лагерьлер сияқты формалары ашыла бастады.
Сыныптан тыс жұмыстың құралдары: сыныпты әсемдеу, музыкалық әрлеу, ойын түрлері, бейнематериалдар, кітаптар, программалық құралдар жатқызылады. Әділқазылар мен командаларға арналған үстелдер мен орындықтарды; қағаз, қарындаштар мен қаламдарды; тапсырмаларды орындауға арналған тақтаны, бор мен шүберекті және т.б. уақытылы дайындап қойған тиімдірек.
Сыныпты безендіру үшін информатика саласына өз үлесін қосқан әйгілі ғалымдардың суреттерін, қанатты сөздері жазылған плакаттарды,ауызша шешуге арналған, ептілікті, байқампаздықты қажет ететін, ребустар мен сөзжұмбақтары бар тапсырмалар жазылған плакаттарды, ұсынылатын кітаптар мен мақалалардан үзінділер жазылған, көркемделіп безендірілген гылыми - танымал әдебиеттер тізімін ("Информатика бойынша нені оқу керек?") пайдалануға болады.
Сыныптан тыс жұмыстартың маңыздылықтарын оның мүмкіндіктерін, мақсаттарын, міндеттерін, формалары мен құралдарын қарастыра отырып анықтауға болады:
сыныптан тыс жұмыс оқушылардың түрлі әрекеттерінің жиынтығынан құралған;
уақыттың шектеусіздігі. Негізі уақыт шектеулі болады, бірақ көбіне мұғалімдер оны ескере бермейді;
қатал талаптардың жоқтығы. Педагог сыныптан тыс жұмыстың мазмұнын, өткізілу формасын, қралдарын өзі таңдайды.
сыныптан тыс жұмыстың нәтижесін бақыламау. Егер негізгі сабақтың маңызды элементінің бірі - оқу материалын бақылау болса, сыныптан тыс жмыс кезінде ондай бақылау болмайды. Сыныптан тыс жұмыстың нәтижелері жылдам шығарыла салмайды, тәрбие жұмысының нәтижелері оқушыларды әр түрлі жағдайда бақылау нәтижесінде бақылау нәтижесінде алынады. Берілген жұмыстың нәтижелерін психолог арнайы құралдардың көмеімен анықтайды. Ереже бойынша, мұнда қорытынды нәтиже мен жеке сапалардың даму деңгейі бағаланады.

Сыныптан тыс жұмыстардың кейбір формалары

Информатикалық кеш - сыныптың немесе үйірме қатысушыларының жасаған жұмыс қорытындысын жасаудың өзіндік түрі. Оқушылар жетекшілерімен бірге кештің мазмұнын ұйымдастырады,кешке арналған материалдарды іріктейді: тарихи мағұлматтар, қызықты деректер, әзіл-қалжың аралас есептер, викторина сұрақтары; қажетті модельдер мен плакаттар, ұрандарды дайындайды, сыныпты безендіреді. Кетің тәрбиелік мәні: біріншіден, оқушылар сыныптың намысы үшін күреседі; екіншіден оқушылардың бойында жеңіске жетуге деген талпыныс, табандылық, сабырлылықты қалыптастырады.
Информатикадан викторина - бұл өзіндік ойын түрі. Мұны үйірмеде қолданған тиімдірек. Викторинаға арналған тапсырмалар жазуды қажет етпетйін, түсінікті, шағын, ойша шешуге арналған тапсырмалар болуы тиіс. Жеңіл есептермен қоса, викторинаға информатикаға қатысты қызықты сұрақтарды қосуға болады. Сонымен бірге қалжыың есептерді қосқан тиімдірек. Викториналарды белгілі бір тақырыпқа немесе аралас тақырыптар көлемінде құрастырылады. Белгілі бір тақырыпқа арналған викторинағға қарағанда, аралас тақырыпқа арналып жасалған викториналар қызығырақ өтеді.
Белгілі тұлғалармен кездесу - өскелең ұрпақты қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Мұндай кездесулер сыныптық немесе жалпы мектептік болуы мүмкін. Кездесу өзінің мамандығын информатика саласымен байланыстырған тұлғалармен, сонымен қатар, мектеп түлектерімен ұйымдастырылуы мүмкін. Мұғалім болмаса мектеп директоры кездесуді ашып, сөз сөйлегеннен кейін кездесуге шақырылған тұлғалар туралы қысқаша айтып өтілуі тиіс.
Информатикадан диспут - сұрақ пен жауап арасындағы ойын. Диспуттың басында қиын сұрақтар легі қойылады. Диспутта өткен материалдар бойына сұрақтар қойылады, бұл сұрақтар диспуттың алдына қойылған мақсаттары бойынша анықталады. Оқушыларға алдын - ала қандай материалдарды қайталау керектігі айтылады, себебі оқушылар қайталаған материалдары бойынша берілген анықтамаларды, қасиеттерді, ережелерді біліп, сол бойынша есептерді шеше алуы керек. Диспутты параллель сыныптар арасында өткізген қолайлы. Информатикалық диспут оқушы білімінің кемшіл тұстарын көрсетеді, сол арқылы мұғалім жұмысын ретке келтіреді. Сыныптар арасындағы диспут қайталаудың нақты нәтижесін береді.
Сыныптан тыс жұмыс кезінде оқушылардың қосымша әдебиеттерді қолдануы маңызды рөл атқарады. Мектептің алдында оқушылардың жалпы даму, өз білімін жетілдіру, кез келген мамандықты меңгеру бойынша шығармашылық және практикалық деңгейін көтеру міндеті тұрады. Осы міндеттерді шешуде информатика пәнінің мұғаліміне оқушыларға тек қана білім беру ғана емес, осы алған білімдерін толықтыру, жаңа білімді үйренуге деген ұмтылысы мен қабілетін де жетілдіруі керек.
Информатикадан білімдерін жетілдіру көздеріне ең бірінші орында - оқулық тұрады. Оқушыларды информатиканың негізі мен оның қолдану аясымен таныстыратын әдебиеттерді екі топқа бөліп көрсетуге болады: негізгі ( тиімді оқулықтар, дидактикалық құралдар, есептер жинағы, анықтамалар) және қосымша (ғылыми кітаптар мен мақалалар, олимпиада есептерін шешу жинақтары, энциклопедиялар, сөздіктер, т.б.)
Информатиканы оқу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИФОРМАТИКА САБАҒЫН ОҚУШЫЛАРҒА ҚОСЫМША ОҚЫТУ
Сыныптан тыс жұмыстың мәні
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың әдістемесі
Информатиканы продуктивті оқыту әдістері
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру түрлері
Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Операциялық жүйені оқыту әдістемесі
Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері
Пәндер