Тарихи поэтиканың әдебиет теориясы және әлем әдебиеті тарихынан арақатынасы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 112 бет
Таңдаулыға:   

1-лекция. Кіріспе

Тарихи поэтика пәнінің зерттеу нысаны.

Жоспары:

  1. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
  2. Тарихи поэтиканың әдебиет теориясы және әлем әдебиеті тарихынан арақатынасы.
  3. Тарихи поэтиканың пән ретінде қалыптасу кезеңдері.
  4. Қорытынды

Әдебиеттер.

  1. Веселовский А. Н. Историческая поэтика. Л., 1940.
  2. Аристотель. Поэтика (орысшадан ауд. М. Махмудов. Т. 1980. )
  3. Проблемы исторической поэтики литературы Востока. М., 1988.
  4. Әдебиеттануға кіріспе. (Құрастырған С. Мақпыров) А. Ана тілі. Жазушы. 1988)
  5. Әбдірахманова Т. Қасым Аманжоловтың поэтикасы. Ғылым., 1976.
  6. Қабдолов З. Сөз өнері. А. 2002.

(Поэтика) Тарихи поэтика - әлі қалыптасу процесіндегі жас ғылым салаларының бірі, оның ғылыми негіздерін осыдан екі ғасыр бұрын Ресей ғалымы А. Н. Веселовский салған. Алыс және шетел ғалымдарының тарихи поэтика проблемаларына арналған әртүрлі деңгейдегі зерттеулері бар. Осы еңбектердегі пікір - көзқарастар мен ой - тұжырымдарды бірлікте, негізге ала отырып тарихи поэтика пәнін қалыптастыру - бүгінгі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселесіне айналуы тиіс. Жалпы көркемдік дамудың тарихи сипатын, әр дәуірдегі бағыт - бағдарын айқындайтын, әдеби жанрлар мен категориялардың шығу тегі мен дамуын саралап, талдап түсіндіретін бұл пәннің студенттің теориялық заңдылықтарды тарихи және құрамдық тұрғыдан меңгеруге септігі зор.

Тарихи поэтика пәні филология факультетінің студенттеріне 4 курста оқытылады. Бұған дейін олар әдебиеттануға кіріспе атты пәннен әдебиет және оның табиғаты жайында жалпы мағлұмат алады. Ал, тарихи поэтика пәні арқылы студенттер поэтика ұғымы, тарихи поэтиканың негізгі категориялары мен дамуының тарихи кезеңдері, атап айтқанда, әдеби даму, жанрлар мен оның түрлері, поэзиялық өнердің шығу тегі т. б. сол сияқты заңдылықтармен жете таныс болады.

Бұл пән бойынша негізгі оқулықтың бірі ретінде А. Н. Веселовскийдің (1989 жылы баспаға ұсынған) «Тарихи поэтика» еңбегін ұсынуға болады. Тағы бір айтулы еңбек 1994 жылы Н. Андреев, Гаспаров, Гринцер, А. Михайлов секілді бірнеше авторлардың ұжымдасуымен шыққан «Тарихи поэтика: әдеби дәуірлер және көркем ой типтері» атты жинағы болып табылады.

Бұл пәннің мақсаты: Әлем әдебиеті материалдары негізінде студенттерге көркем дамудың тарихи кезеңдері мен сипаты жайында мәлімет беру. Әдебиет фактілері мен теориялық ұғымдарды тарихи тұрғыда алып қарыстыруды қалыптастыру, тәжірибелік талдау.

Пәннің міндеті: Бағдарламадағы материал тарихи аспекті тұрғысында баяндалып, поэтиканың және оның негізгі категорияларының даму тарихы, әдебиеттің қалыптасу кезеңдерінен бастап қазіргі дәуірге дейінгі аралықты қамти отырып, толымды әрі жүйелі саралау.

Тарихи поэтика пәнін игеру үшін мына қажетті пәндерді оқып білуіміз тиіс:

  1. Әлем әдебиетінің тарихы;
  2. Әдебиеттануға кіріспе;
  3. Әдебиет теориясы;
  4. Халық ауыз әдебиеті;
  5. Қазақ әдебиетінің тарихы;
  6. Орыс әдебиетінің тарихы;
  7. Тіл біліміне кіріспе.

Ал, аралас пәндермен байланысын айтатын болсақ: Тарихи поэтиканың мәдениеттану, өнертану, психология секілді пәндермен жақындығы бар. Әсіресе, әдеби дәуірлердің тарихи кезеңдерін алып қарастырғанда, поэтикалық тіл мәселелеріне айрықша назар аударылады. Осы тұрғыдан келгенде тарихи поэтиканың зерттеу әдістемесі жағынан стилистика және басқа да тіл салаларымен жақындығы бар.

Сондай-ақ пән мазмұнына негізделген білімі және пайдалану машығы мен бейімділігі: Пәнді меңгеру барысында студент көркем дамудың тарихымен сипаты, тек пен түр, сюжет, сөз бен образ секілді негізгі теориялық ұғымдардың эволюциясымен терең таныс болады. Тарихи поэтиканың негізгі категорияларын, теориялық және практикалық жағынан игерген соң, оны мәтінмен жұмыс барысында қолдана алатын болады.

Әдебиеттану ғылымында поэтиканың белгілі анықтамасы, қағидасы жоқ (біз ғана ашқан жаңалық емес) . Мысалы, әйгілі әдебиетші В. Коженов: «Бізде әдебиеттану ғылымының тарихында поэтиканың сөз өнеріндегі түр туралы өзіндік даму тарихы бар дербес ілім екендігінің шүбәға алынған, тіпті мүлде жоққа шығарылған кезеңдері де болған. Соңғы жылдары мұның керісінше, поэтиканың теориялық та, практикалық та зор мәні саналы түрде айқын танылып, мойындалып келеді» деп жазды.

Поэтика бағы заманнан бастап сөз болып, ілгері дамып келеді. Ертеде грек әдебиетін құрылысы жағынан зерттеп, оның кейбір принципті ерекшеліктерін негізге ала отырып, поэтика туралы тұңғыш рет жүйелі пікір айтқан адам Аристотель. Кемеңгер ғалымның әдебиет туралы ілімі бір ғана грек әдебиетінің тәжірибесіне сүйенгенімен, ол көтерген мәселелер күллі адамзат қоғамы тарихындағы эстетикалық ойдың күні бүгінге дейін назарында болып келе жатқан аса күрделі проблемалар. Аристотель «Поэтикасының ІХ-Х ғасырларда араб, сирия тілдеріне аударылғанын айтпағанның өзінде, ХІІІ ғасырда Италияда латын тіліне аударылып, ХVI-XVII ғасырларда Францияда ең әйгілі еңбек болуы оның дүние жүзілік мәнін танытса, онда қойылған «Поэтика», «Стиль» тәрізді проблемалардың көп жайларының күні бүгінге дейін тиіп - қашты ғана зерттеліп, әлі нақтылы шешілмей келе жатқаны, бұл мәселенің күрделілігімен бірге, актуальдығына да дәлел.

Поэтиканы зерттеуде Аристотель дәстүрін жалғастыра ілгері дамытқан адам - Гораций1. Ол Аристотельді кейбір жағдайда қайталай отырса да, негізінен өз концепцияларын ұсынған. Поэзияның зор қоғамдық мәдени мәнін айта отыра, ежелгі грек метрикасының негізінде рим поэзиясын түр жағынан байытқан2 Горацийдің «Поэзия ғылымы» дейтін еңбегі Буалоның «Поэтикалық өнерінің» тууына негіз болған.

Классицизмнің теоретигі, сыншысы Буало Аристотельдің, әсіресе Горацийдің поэтикасының негізінде көркем шығарманың тұрақты заңдарын, ережелерін жасамақ болады. Ол ережелер бойынша Буала халық творчествосын кемсітіп, «дөрекі, жабайы, көшеде», алаңдарда орындалатын туынды деп қарайды. Сондай-ақ ол жанрлар байланысын мойындамаған және оларды жоғары, төменгі деп бөлген. Мәселен, трагедия, эпопея жоғары өредегі жанрлар деп саналған. Оның мазмұнына ұлт тағдыры тәрізді жайлар ілінсе, оның геройлары ұлттың, мемлекеттің өкілдері - корольдер, ақсүйектер, атақты топ. Ал, комедия, роман - төменгі жанр. Өйткені, онда төменгі, үшінші сословия өкілдерінің өмірі, тіршілігі бейнеленеді. Сөйтіп, француз көркем әдебиеті тәжірибесі жалпылау негізінде жасалған Буало поэтикасының XVII-XVIII ғасырларда батыс елдер ғана емес, Россияның эстетикалық ойы мен әдебиетіне де әсері болды. Россияда Кантемир Сумароков, Тредиаковский оның «Поэтикалық өнерін» орыс тіліне аударды.

Айтып келгенде поэтика - көркем шығармадағы құндылықты бар болмысымен айқындар жүйе туралы әдебиеттанудың ең көне ғылым саласы. Кең мағынасында поэтика әдебиет теориясымен үндесер ұғымды білдірсе, ал нақтылы (тар мағынада) сол теориялық поэтика бір саласы ретінде қабылданады.

Негізінде поэтика жалпы (теориялық немесе жүйелік «макропоэтика»), жеке баяндау түрінде («микропоэтика») және тарихипоэтика болып, үш бөлінеді.

Жалпы поэтика өзінің салалары текстің дыбыстық, сөздік және образдық құрылымына байланысты үшке бөлінеді.

  1. (ырғақ, бунақ, ұйқас, өлең өлшемі, дыбыс толқыны т. б. ) зерттейді.
  2. Сөз табиғатынаүңілгенде, шығарманың лексикасы, морфологиясы мен синтаксисі зерттеледі де, бұл сала стилистика деп аталады.
  1. Образдық саладашығармадағы образдар (персонаж бен дүние), мотивтер (оқиға мен іс), сюжеттер (оқиғаның байланыстығы жиынтығы) зерттеледі.

2-лекция. Поэтикалық құбылыстарға айқындаудың өлшемдері.

Жоспары

  1. Эстетикаға тарихи көзқарас
  2. Тарихи - салыстырмалы әдіс.
  3. Қорытынды.

Әдебиеттері:

  1. С. Негимов. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. А., Ғ. 1991.
  2. Ә. Қабдолов. Сөз өнері. А., Жаз. 2002.
  3. Х. Сүйіншәлиев. Ғасырлар поэзиясы. А. Жазушы. 1987.
  4. М. Қаратаев. Эпостан эпопеяға. А. Жазушы. 1969.
  5. М. Жолдасбеков. Асыл арналар. А., Жазушы, 1990.
  6. Қазақ әдебиеті тарихының өзекті мәселелері. А., Жазушы. 1993.

Сөз өнері жайлы топшылаулардың туу тарихын, жалпы көркем өнерге тән қасиет (әдемілік) жақындағы қағидалардың қалыптасу тарихын әдебиет пен оны зерттеуші ғалымдар біздің эрадан бұрынғы (бұдан былай б. э. б) VI ғасырдан, яғни Пифагор тұсынан бері қарай тұтастыра жүйелеп жүр. Дұрысында адам баласының көркемдік талғамының алғашқы белгілері грек цивилизациясынан ондаған ғасыр бұрын, Нил мен Нигер, Хуан - хә мен Ян-цзы. Инд пен Ганг, Тигр мен Евфрат жағалауларын мекендеген көне халықтардың рухани өмірі мен өнерінен пайда болған.

Байырғы Вавилон жұртының «Көрмегені жоқ кісі туралы» дастаны немесе көне үнді халқының «Ригведе», «Махабхарата», «Рамаяна» жырлары тәрізді еңбекші бұқараның жер бетінде тұңғыш туғызған әдеби ескерткішіне бақсақ, адам баласының сөз өнері, соған сабақтас көркемдік пен көріксіздік, ерлік пен ездік, жақсылық пен жамандық, білімдарлық пен надандық туралы талаптары мен талғамдары тіпті б. э. б. 3-2 мыңыншы жылдарда туып, тұрлаулы ұғымға айнала бастағанын аңғарамыз.

Көрмегені жоқ кісі туралы» дастан - бірінші Вавилон династиясы тұсында, яғни б. э. б. 2-мыңыншы жылдар шамасында туған батырлық поэма. Мұнда Урук қаласының патшасы Гильгамеш, оның досы Энкиду, олардың ерлік істері жырланады. Бұл дастан - адам жайлы, адамның сұлулығы мен ұлылығы, асылдығы мен батырлығы хақындағы гимн:

Зұлымдық көзін жоқ қылмай келсем - маған сын.

Жауыңмен өзің айқасып өлсең - Адамсың3.

Осынау екі жолдың өзінен бұдан 4 мың жыл бұрын өмір сүрген адамдардың абзал һәм асқақ мінезін, адамға тән асыл қасиет, сұлу сипат - ерлік, қайсарлық туралы түсінігін, моральдық - этикалық идеясын, эстетикалық идеалын байқау қиын емес. XVII ғасырдың орта тұсында Баумгартен «Эстетика» деп ат беріп, айдар таққан әдемілік туралы ілімнің түп тамыры жалпы өнер тарихының тұңғиық тереңінде жатыр дейтініміз сондықтан.

ХХ ғасыр шамасында Индмен Ганг жағалауындағы көне үнді жұрты жалпы көлемі «Илиада» мен Одиссеяға барабар 1028 гимн шығарып, оларды «Ригведа» атанған 10 кітапқа топтастырған. Гимндердің классикалық қопарылмалы тіліндегі әсем айшық - өрнектерге, лирикалық толғаныстарға, көркем образдарға қарағанда үнді халқында тіпті «Ригведаға» дейін де ғасырлар бойы дамып, жетіліп келген сөз өнері болғанға ұқсайды.

«Ригведа» гимндері арқылы қалыптасқан әдеби дәстүр, эстетикалық талғам тағы бір мың жыл өткен соң үнді халқының әлемге әйгілі ұлы дастандары «Махабхаратаға»», одан келе «Рамаянаға» ұласады.

«Махабхарата» - керемет көркем ескерткіш, дастанның 19 кітабындағы өлең көлемі - 214 мың жол, яки «Илиада» мен «Одиссея» - дан (екеуін қосып есептегенде) 8 есе артық. «Махабхарата»-ның бір алуан («Наль туралы») аңызын кезінде В. А. Жуковский аударып, оның көркемдік құнын В. Г. Белинский жоғары бағалағаны мәлім. Осы (екі) фактінің өзі -ақ көне үнді поэтикасында әжептәуір эстетикалық талап және талғам болғанын дәлелдейді. (аңғартады) . Екі поэмадағы бас кейіпкерлер - «Махабхаратадағы» Кришна, «Рамаянадағы» Рама мифтік нанымдар тұтқында бұлаңдап, құдайға баланған қалпында қалып қоймайды, жерге түседі, кәдімгі жер басып жүрген адам бейнесінде суреттеледі. Әсіресе, «Рамаянаның» 2-6 кітаптарындағы суреттеулер мен баяндаулар әрі шынайы, әрі шыншыл. Осыған қарағанда, я болмаса поэманың көркемдік ерекшеліктеріне (лиризмге, символға, суреттілікке т. б. ) қарағанда, көне үнді поэтикасында әжептәуір эстетикалық принцип және жүйе болғаны мәлім.

Үнді әдебиетіндегі мұндай көркемдік дәстүр үнді жазушыларына дайын ведикалық һәм эпикалық тақырыптар, сюжеттер мен образдар ұсынып қана тынған жоқ, соларды игеру, көркем жинақтау тәсілдерін қоса көрсетті. Мұның өзі аталған дәстүр арқылы көне үнді әдебиетінде белгілі дәрежеде логикалық байыптау, творчестволық жинақтау, эстетикалық жүйелеу жасалды деген сөз. Ал байыптау, жинақтау жүйелеу атаулының бәрі - теория. Баяғы бағзы заманның парасат дүниесіндегі алғашқы әдеби - эстетикалық толғамдар, міне, осылай туған.

Бұған басқа да, алғашқы әдеби эстетикалық байыптаулардың басы қайда жатқанын іздеп, Азиядағы басқа халықтардың көркемдік даму сырына тереңірек үңілсек, көне Қытайдың «Ән кітабы» («Иш - цзын»), Құбылу кітабы («И-цзын») немесе көне Египеттің «Ағалы - інілі екеу туралы ертегі» секілді тағы да бұдан 3 мың жыл бұрынғы бабалар дәуірінің байырғы көне деректеріне көп кездесеміз.

Өнер мен эстетика мәселелерін өзінше байыптаған көне дүние ойшылдарының бірі - Сократтың шәкірті (б. э. б. 427-347 жж) Әдемілік туралы Платон теориясының философиялық негізі оның бұлжымас, бақи « идеялар » жайлы идеалистік және мистикалық ілімінен тығыз байланысты. Сөйте тұра, жалпы эстетикалық қисын - қағидалардың қалыптасуында Платонның орны айрықша деп білген жөн.

Платон өзінің «Үлкен - Иппий» диалогында әдеміліктің анықтамасы ретінде мынадай уағыз ұсынады жарамды нәрсе - пайдалы нәрсе, пайдалы нәрсені тәуір көресің, тәуір көрсең - қуанасың; қуаныш дегенің көзбен құлақ арқылы келетін рақатты түйсік. Әдемі адамдар, әр алуан әшекейлер, ұлағатты сөздер, әсерлі әңгімелер, музыка, сурет, зергерлік іс, зерделі әрекет, тағы басқа осылар секілділердің бәрін көресің де естисің, қуанасың да рақаттанасың. Ал ішу, жеу, тағы сондай түйсіктер адамды қанша рахаттандырғанымен әдемі емес, әшейін ұнамды ғана нәрсе! Бұдан шығатын қорытынды «Сұлу нәрсе - сүйкімді нәрсенің көзге көрінер, құлаққа естілер бөлігі» (Көне дүние ойшылдары өнер туралы. М., 1938, 38бет) .

Осы Платонның эстетикалық көзқарастарында «Сәбиліктен» гөрі өзгешелеу жат пікірлерде жоқ емес. Оның софист Горгийдің поэзияны -алдамшы нәрсе деген пікірін құптай келіп, ақынды өтірікші ретінде түсіндіруі - аса ағаттық нәрсе. Сондықтан сөз өнері жайлы Платон философиясы сын көзбен қарауды қажет етеді.

Платонның әдемілік жайлы идеалистік көзқарастарын қатал сынға алып, өзінің тың және терең эстетикалық толғамдарын қалыптастырған ұлы ойшыл Аристотель еңбегінің бүкіл дүние жүзілік әдебиетпен өнер тарихында теңдесі жоқ.

Аристотельдің «Поэтикасы» - күллі көркем өнер туралы тұңғыш философиялық - эстетикалық трактат. Аристотель еңбегінің ең құнды жері тарихта тұңғыш рет дұрыс және дәл эстетикалық принцип ұсынып, өнердің қоғамдық маңызын анықтап, ашуында деп білеміз.

Аристотельдің эстетикалық принциптерінің түйінді тұсы: өнердің мақсаты - ақиқатты тану, ал ақиқатты тану жолы - адамның мінезі мен ісін суреттеу деген даналық қағидасы.

Ал Әл - Фараби «Поэзия өнерінің канондары туралы трактатта» Аристотельдің «Поэтикасын» талдап түсіндіруді мақсат ете тұра оны рет - ретімен және егжей - тегжейіне дейін түгел тексеріп жатпайды» (Әл - Фараби. Логикалық трактаттар. А., 1975. 529-бет) поэзияны трагедия, комедия, драма, эпос, риторика, сатира, поэма т. б. осылар тәрізді бірнеше түрге бөледі де, әрқайсысына жеке - жеке жанрлық сипаттама береді.

Әдеби - эстетикалық ілімнің даму тарихына көз салсақ, бұл ілім туралы француз ғалымы Рене Декарт (1596-1650), француз - материалист Дени Дидро (1713-1784), немістің ұлы ағартушысы Готхальд Лессинг (1729-1781), немістің белгілі ойшыл - жазушысы Иоганн Гердер (1744-1803), Иммануил Кант (1724-1804), немістің атақты идеалист - философы Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831) эстетика мәселелері туралы өзінің жан - жақты пікірлерін айтқан зерттеушілер. «Эстетика» атты арнаулы трактатындағы Гегель түсінігінше өнердің предметі әдемілік, ал эстетиканың предметі - өнер, демек, эстетиканың предметі - ұшы - қиырсыз мол әрі жан тебірентер ғажайып әсемдік әлемі. Гегель өзінің осындай шым - шытырық эстетикалық жүйесін өзінше пайымдап, идеализм ұймасына өзі де батты, өзгені де мантықтырды. Сөйте тұра, оның эстетикалық ілімі ХІХ ғасырдағы өнер теориясының одан әрі дамуына үлкен ықпал жасағанын жоққа шығаруға болмайды. Өйткені ол әдебиет пен өнердің барлық тегімен түрін өзара тығыз бірлікте алып, жалпы идеологияның өзге түрлерімен, әсіресе ғылыммен салыстыра қарады және осылардың бәрін қоғамның бүкіл дүние жүзілік тарихи дамуымен байланыстыра зерттеді.

3-лекция. Фольклор мен әдебиеттің тұтастығы.

Жоспары:

  1. Фольклор жайында түсінік.
  2. Көркем әдебиет туралы.

Әдебиеттер:

  1. М. Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. А., 1979.
  2. М. Әуезов. Әдебиет туралы. А., 1997.

Не нәрсенің болса да теориясын пайымдамас бұрын, алдымен оның өзін анық танып, біліп алған жөн.

Ал тіліміздегі әдебиет деген сөздің түп төркіні арапша ( ) атаудан шыққанын - сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Орысша литература деген атаудың латын сөзі (Littera) екенін - әріп, жазу - сызу деген мағынада қолданылғанын білу онша қиын емес. Көркем әдебиет дегеннің байыбына бара түсу керектігін айтқанда, біз жұрт алдына мұншалық жадағай, әріпшіл талап қоюдан аулақпын.

Сонымен әдебиет дегеніміз не: от па, су ма? Шынында да «поэзияны біреу- су десе, біреу от дейді» Белинский. Әрине әдебиет - су да емес, от та емес. Әдебиет өнер. Өнердің түрі көп: кескін өнері, мүсін өнері, сәулет өнері. Ал, әдебиет қандай өнер?

Әдебиет сөз өнері.

Әдебиетшінің құралы - тіл. «Сөз - әдебиеттің құрылыс материалы» /Федин/.

Қоғамдық сананың айрықша саласы өнер десек, мұның жалпы адамзат мәдениетінен алар орны өзгеше, адамдардың парасат әлемінде атқарар қызметі орасан зор.

Өнердің көп салаларының ішіндегі ең қадірлісі әрі қасиеттісі - көркем әдебиет. Әр ұлттың өзгеден ерекше өз тілі бар: әдеби шығарма сол тілде ғана туады.

Әдебиет - өнердің бір түрі, сөз өнері дедік. Ал өнер жайлы сөз қозғап, сол өнерді жасаушы шебер жөнінде үндемей өтуге болмайды.

Бұл - күрделі мәселе. Мұны жан - жақты сөз ету творчествоның психологиясын байыптау болып табылады. Ал творчествоның психологиясы - өз алдына жеке пән (предмет) . Демек әдебиеттің теориясы мен творчествоның психологиясын шатастырмау керек.

Суреткер деген кім? Бұл ақынға тән ерекшелік болатын болса суреткерге тән талант табиғатын сипаттайтын ерекшеліктері бар. Біріншіден, сезім. Нәзік сезімталдық. Өзін қоршаған өмірден әрқашан тың құпиялар іздеп, айрықша әсер алу, ерекше сезіну - ақынға тән қасиет. Екіншіден, бақылау. Жіті бақылағыштық. Нәзік сезім көреген, дәл бақылаумен ұштасып жатады. Үшіншіден: қиял. Сезген шындықты кең өріске шығаратын қанатты творчестволық қиыл - таланттың серігі. Төртіншіден, интуиция. Ішкі терең табиғи тербелістің, тебіреністің нәтижесі. Бесіншіден, өмірбаян. Ғұмырнама. Тәжірибе молдығы. Алтыншыдан, парасат. Құр соқыр сезіммен, бір ғана интуициямен ұзаққа шығу мүмкін емес. Шындықты білетін сарабдал сана, мол парасат керек. Жетіншіден, шеберлік. Даналық болған жерде шеберлік болады. Даналық - еңбек сүйгіштік. Сегізіншіден, шабыт. Шабытсыздық - қабілетсіздік, қабілетсіздік - дарынсыздық.

Әдебиет өмірді танытады, адамды тәрбиелейді, мінезін, ақыл - ойын қалыптастырады. Әдебиет - ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы.

Әдебиеттен - әдебиет туралы ғылым туады. Әдебиет жоқ жерде ғылым жоқ. Әдебиеттану ғылым - сөз өнерін зерттейді. Бұл ғылым негізінен, үш түрлі ғылыми салаға бөлінеді: Әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сыны.

Әдебиет теориясы - болмысы мен бітімін, сырын, сипатын, әдісін, жүйесін, стилін т. б. мәселелерін ғылыми тұрғыда қарастырады.

Әдебиет тарихы - қалай пайда болғанын, қайтіп қалыптасқанын, қалай дамығанын зерттейді. Әдебиет сыны әдебиеттің тірі процесіне белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан - жақты талдау, оның идеялық - көркемдік құнын белгілеу, өз кезінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтау.

Сонымен қатар теорияда көрсетілмеген тағы бір саласы. Фольклор жайында сөз болады. Атадан балаға жетіп, ел аузында сақталып келген көркем сөз өнерін, оның айтылу және орындалу ерекшеліктерін фольклор дейміз. Ғылымда халық поэзиясын «фольклор», ал оны зерттейтін ғылым саласын «фольклористика» дейміз. Неміс ғалымы И. Г. Кнаирльдің анықтауынша - халық даналығы дегенді білдіреді. folk - халық, lore білім, даналық сөзі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи поэтика пәнінің зерттеу нысаны
Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегі ХХ ғасыр басындағы әдебиеттану ғылымының контексінде
«Әдебиет танытқышты» ХХ ғасыр басындағы әлемдік әдебиеттану ғылымының аясында
Х. Ерғалиев поэтикасы
Семиотикалық сын туралы түсінік
Әдеби эстетикалық ой-пікірлердің тууы.Әдебиет теориясының методологиясы.Қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдар.Әдебиеттанудағы эстетика мен теория
А.Байтұрсынұлы – әдебиет танытқыш кітабы
Роман жанрының әдебиеттанымдық сипаты
ӘДЕБИ ЖАНРЛАР АНЫҚТАМАСЫ
Әдебиет және өнер түрлерінің шығу тегі және дамуы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz