Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық шаруашылығы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе
өңірлік университеті
Тарих және Дінтану кафедрасы
Тарих факультеті

Орындаған: Асан Нұрсейт
Қабылдаған: Смаханова Жанар

Тақырып: Ұлы Отан соғысы
жылдарындағы Қазақстандағы
халық шаруашылығы
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Соғыс жылдарындағы Қазақстан коммунистік партиясының ұйымдастырушылық рөлі
2.2. Ауыр өнеркәсіп
2.3. Жеңіл өнеркәсіп
2.4. Теміржол қызметі
2.5. Ауыл шаруашылығы
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер:
1)Бәйішев С.Б. Қазақстанды социалистік индустрияландыру. А.-А., 1949 ж.;
2)Енукидзе Д.Е. Қазақстанның социалистік өнеркәсібі. А., 1941;
3)М.Х.Асылбеков "Қазақстан теміржолшы кадрларының қалыптасуы мен дамуы (1917-1970)" (А., 1973) деген монография
4)Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында Балақаев Т., Едігенов Н. - Алматы, 1970.
5)Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде 1941-1945жж Балақаев Т., Алдажұманов Қ - Алматы : Ғылым, 1985.
6)Экономическое развитие Казахской ССР : (период социализма и развернутого строительства коммунизма) Нейштадт, С. А., - Алма-Ата : Казгосиздат, 1960.

Зерттеу әдістері:
Формалдау әдісі - зерттелетін объектінің мазмұнын және құрылымын бейнелеу.
Салыстырмалы әдісі - зерттелетін мәселе немесе құбылыстың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтайды.

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Құрметті оқырман! Мақаламызда Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық шаруашылығының дамуын қарастыратын боламыз. Соғыс жылдарындағы жағдай өте ауыр болғаны бәрімізге мәлім. Бірақ, соған қарамастан шаруашылық дамып жатты. "Шаруашылық" деген тақырып әрқашанда өз орны мен маңызын ешқашан жоғалтқан емес. Сондықтанда, біздің алған тақырыбымыз өзектілігі жағынан ғылымға зияны тимесе де, кішкене пайдасы тиетіні анық. Нақтырақ айта кетсек, соғыс кезіндегі шаруашылықтың статистикасы, қалай дамығандығы, қалай болғандығы ғылым үшін өте маңызды. Сол үшін де, қазақ жеріндегі шаруашылық нақты дамыды және өз орны болды.
Зерттеудің мәселесі: Ұлы Отан соғысы кезіндегі шаруашылығының қандай жағдайда болғанын халыққа жеткізу.
Зерттеудің мақсаты: Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстандағы халық шаруашылығының дамуын оқырманға көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
1)Соғыс жылдарындағы Қазақстан коммунистік партиясының ұйымдастырушылық рөлі қандай болғанын көрсету;
2)Ауыр өнеркәсіп саласы қалай болғандығын жеткізу;
3)Жеңіл өнеркәсіп саласын көрсету;
4)Теміржол қызметінің қандай деңгейде екенін, қалай дамығанын жеткізу;
5)Ауыл шаруашылығы саласы соғыс жылдарындағы қаншалықты маңызды рөл атқарғандығын түсіндіру.
Зерттеу объектісі: Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық шаруашылығы.
Зерттеу пәні: Ұлы Отан соғысы.
Зерттеу әдістері:
Формалдау әдісі - зерттелетін объектінің мазмұнын және құрылымын бейнелеу.
Салыстырмалы әдісі - зерттелетін мәселе немесе құбылыстың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтайды.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі: Кіріспе, қорытындыны қоспағанда нақты жоспар саны 5 және мақала 6 беттен тұрады.

Негізгі бөлім
Енді біздің негізгі бөлімге келетін болсақ, тақырыбымыздың негізгісі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халық шаруашылығы туралы болмақшы. Ұлы Отан соғысы жылдары өте ауыр зардаптар мен зиянын алып келді. Ол халық шаруашылығына да өз үлесін қосқан еді. Халық шаруашылығының соғыс жылдарындағы дамуы жəне оның Жеңіске қосқан үлесі, майдан қажеті үшін өнім шығару мен өндірістік ұжымдарда жарыстарды ұйымдастырудағы қоғамдық ұйымдар мен партиялық комитеттердің рөлі мəселесі де бар. Қазақстандағы зерттеу жұмыстары өнімді жүргізілген. Бұл салада соғыс кезінің тарихын арнайы зерттейтін маман тарихшылардың еңбектерін қоспағанда, тыл ардагерлері мен соғыс куəгерлерінің, мемлекет қайраткерлерінің жəне басқа тұлғалардың да жазған еңбектері көптеп кездеседі. Мəселен, 1945 жылдан 1977 жылға дейінгі аралықтың өзінде ғана КСРО көлемінде жалпы таралымы 700 млн. дана болатын 16 мың кітап пен кітапша жарық көрген еді. Соның ішінде өзіміздің таңдаған мына бір авторлардың да қосқан үлесі бар. Т.Б.Балақаев пен Қ.Алдажұмановтың 1985 жылғы Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде (1941 - 1945 жж) атты еңбегінде соғыс жылдарында республикадағы жасақталған əскери құрамалар, Отан қорғау қорының жасалуы, қазақстандық еңбекшілердің Одақтың қорғаныс қуатын нығайтуға қосқан үлесі, майданға көрсеткен патриоттық көмегі, майдан мен тылдың байланысы, азат етілген аудандарға көмек көрсету туралы соғыс пен тыл ардагерлерінің естеліктері, мұрағат құжаттары мен сол кезде жарияланған соны деректердің негізінде баяндалады. Қазақстан еңбекшілерінің соғыс жылдарында майданға берген көмегінің жалпы мөлшері сансыз көп, олар соғыс жылдарында жүргізілген төрт мемлекеттік заем бойынша сол кездегі бағамен 3,2 млрд. сомнан астам қаражат берген, ал елдің əр жерінен патриоттар танк жəне самолет жасауға өз жанынан 100 мыңнан 300 мың сомға дейін қаржы берген болатын. Тек Отан қорғау қорына, əскери техника мен қару-жарақ жасауға республика еңбекшілерінің жинаған қаражаты 1 млн. сомнан асқан. Қазақстан еңбекшілерінің жеңіске қосқан үлесі туралы Т.Балақаев пен Н.Едігеновтың 1970 жыл шыққан Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбегінде және М.Х.Асылбековтың 1973 жылы жарық көрген Қазақстан теміржолшы кадрларының қалыптасуы мен дамуы деген монографиясында да көптеген мәліметтер айтылған болатын. Мақаламызды С.Б.Бәйішевтің 1949 жылғы Қазақстанды социалистік индустрияландыру еңбегімен бастап, С.А.Нейштадттың 1960 жылғы Экономическое развитие Казахской ССР еңбегімен жалғастыруды жөн көрдік. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халық шаруашылығының дамуы ең ауыр кезең болғандықтан, өнеркәсіпке айтарлықтай орасан зор әсер етті. Ауыр индустрия өндіріс құралдарын өндіретін сала болғандықтан, барлық тау-кен өнеркәсібі мен кейбір өңдеу өнеркәсібін қамтуы мүмкін . Бұл электр энергетикасы, қара және түсті металлургия, отын өнеркәсібі, металл өңдеу және машина жасау салалары. Бұл тізімге орман шаруашылығы, ағаш өңдеу, мұнай-химия, химиялық және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі және басқа да ұқсас салалар кіреді. Соғыстың алғашқы бес айының ішінде жау әскері елдің 40%-ы тұратын, шойынның 68%-ы, болат пен алюминийдің 58%-ы, көмірдің 65%-ы, темір жол жабдығының 40%-ы шығарылатын аумақты жаулап алды. Содан алғашқы жылдары майдан шебі маңындағы кәсіпорындар шығысқа қарай көшіріле бастады. Республикамызға 1942 жылдың күзінде 142 кәсіпорын көшіріліп, Қазақстан қалаларында орналастырылды. Осылайша, Алматыда Луганск ауыр машина жасау зауыты орналастырылды, Семейде - Киев, Азов және Артемовск аяқ-киім фабрикалары, Шымкентте - Воронеж білдек (станок) жасау зауыты, Ақмолада - Орехов мотожөндеу зауыты, Ақтөбеде - рентген аппаратурасының зауыты және т.б.. Республикамызға көшірілген кәсіпорындардың 107-сі қысқа мерзімде жұмыстарын бастап кетті. Кен орындарының барланған қорларының негізінде жаңа тау-кен шығару кәсіпорындары салына бастады. 38 күннің ішінде Жезді марганец кеніші құрылған болатын. 1942 жылдың маусым айында Шығыс-Қоңырат молибден кеніші жұмысын бастады, бұл кеніш сол кезде жалпы елдегі өндіріліп отырған 100 тонна молибденнің 60 тоннасын қамтамасыз етіп отырды. Соғыстың алғашқы бір жарым жылының ішінде Қазақстанда 25 кеніш пен шахта, қара және түсті металлургияға арналған 11 кен байыту фабрикасы, 19 жаңа көмір шахтасы, 3 разрез, 4 жаңа мұнай кәсіпорны және Атырау мұнай өңдеу зауыты іске қосылды. Қазақ жеріміздегі жұмыс күшінің көбісі арнайы көшіп келген мамандар болды. Солардың негізінде Еңбек Армиялары қалыптасты. Олардың саны республика бойынша 700 мың адамды қамтыды, соның ішінде 200 мыңы қазақтар болды. Осылай өндіріс өсімі өсе бастады. Мысалы, 1945 жылы өнеркәсіптің жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 37%-ға өсті және Қазақстанда жалпы одақ мысының 35%-ы, қорғасынның 83%-ы, молибденнің 60%-ы, металды висмуттың 39%-ы өндірілді. Жауға атылған оқ-снарядтардың үштен бірі Қазақстанда құйылған. Қарағанды кеншілері соғыс жылдары 35 млн тонна көмір шығарды, мұнай өндірісі 39%-ға, элекр энергиясының өндірісі шамамен екі есе жоғарылады. Осы статистикадан бөлек, 1941-1945 жылдар аралығында тыл қызметкерлері ел мен әскерге 5829 мың тонна нан, 734 мың тонна ет берді және де майдан шебіне 14,1 мың ауыр және жеңіл автокөлік, 1,5 мың шынжыр табанды трактор, 110,4 мың жылқы және 16,2 мың арба жіберілді. Сонымен қатар еліміздің Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркәсіптерінің құрылыстар шұғыл арада толығымен аяқталды. Ал соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 зауыт пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді. Мәселен, Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысынан Мәскеу авиация жасау зауыты, Урюпинск ет-консерві зауыты, Дзержинский атындағы электротехника зауыты, Мәскеу рентген зауыты, № 3 Александр радио зауыты, С. Орджоникидзе атындағы механика зауыты сынды 40-қа жуық Қазақстанға әкелінді. Сонымен қатар Украинадан да Харьков электротехника зауыты, Подольск механика зауыты, Запорожье ферроқорытпа зауыты, Днепропетровск вагон жасау зауыты 70 өнеркәсіп орны мен оған қажетті жабдықтар жеткізілді. Бұл кәсіпорындардың барлығы да республиканың Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды. Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс істегендігі, қажетті мамандардың тапшылығы болғандығы анық. Сондықтанда Қазақстанға майдан өңірінен көптеген мамандар да көшірілді. Мәселен, тек қана Донбасстан 3200-ге жуық шахтер, 2000-дай құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер- техниктердің де саны 700-ге жуықтады. Осылайша, Қазақстан КСРО-ның негізгі әскери-өнеркәсіп базасына айналды. Оған мына деректердің өзі нақты дәлел болады. Атап айтқанда, 1942 жылы Одақта өндірілген қорғасынның 85 пайызын, көмірдің 18 пайызын, молибденнің 60 пайызын, октанды мұнайдың 1 млн. тоннаға жуығын Қазақстан берді. Соғыс кезіндегі он оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан құйылды. Елімізде соғыс жылдарында 19 жаңа шахта, жылдық қуаты алты миллион тонналық үш көмір разрезі салынып, пайдалануға берілді. Өлкеде көмір өндіру 1940 жылғы 6,6 млн. тоннадан 1944 жылы 11,2 млн. тоннаға жетті. Қазақстанның қорғаныс қабілеті армияны киім-кешек, азық-түлікпен жабдықтаумен де анықталды. Соғыс мұқтаждықтарын қанағаттандыруға жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өндіріс орындары да бейімделді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Қазақстандағы Сталинград майданы тылының инфрақұрылымының, күштері мен құралдарының қызметі
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы соғыс және еңбек майдандарындағы қазақстандықтар
Қазақ жеріндегі еңбекшілердің тылдағы ерліктері
Орталық Қазақстандықтардың 1940-1945 жылдардағы шаруашылығы
Жеңісті еселеген мұнайшылар
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІ
Қазақстан ұлы отан соғысы жылдары кезеңінде
Қазақстан Ұлы Отан соғысының бастапқы кезінде
“Қазақстаның қазіргі заман тарихы” пәні бойынша оқу әдістемелік кешен
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көркемөнер
Пәндер