Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы ерлік пен елдік



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім жіне Ғылым министрлігі Еуразия Гуманитарлық Институты
Қазақ және орыс филологиясы кафедрасы

Курстық жұмыс
Пәні: XX ғасыр екінші жартысындағы қазақ әдебиеті
Тақырыбы: Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы ерлік пен елдік

Орындаған: Табылды Аягөз
Тобы: ҚТ-19-01
Қабылдаған: Сұңқарбек Батанұлы

Астана
2022 жыл

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Халықының қаһарман ұлы- Батыр Бауыржан Момышұлы 5
Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет. 10
ҚОРЫТЫНДЫ 17
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 19

КІРІСПЕ

Жалпы Бауыржан Момышұлы жазушы ретінде өзінің өмір жолы туралы алты кітаптың авторы. Қаһарман батырмен сұхбат негізінде жазылып, мемлекеттік сыйлық алған Әзілхан Нұршайықовтың Ақиқат пен аңыз роман диологиясы бар. Бұған қосы елуден астам жазушы Бауыржан Момышұлы тақырыбында қалам тербеп, кітап шығарған.
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды демекші, Ұлы Отан соғысы мәңгі тарих қойнауына енді. Бүгінде бұл сұрапыл соғыстың аяқталды делік, дегенмен бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасып, елін, жерін, туғанын жаудан қорғап, Отаны үшін жанын бергендіктен, соғыс ұмытылмастай ізін қалдырды. Ол аталарымыз бен апаларымыздың жасаған ерліктері тәуелсіз Қазақстанымыздың тарихына алтын әріптермен жазылған, мысалға мен өз басым, Бауыржан Момышұлын мақтан тұтып, ол кісінің жасаған ерлігін, артынан өшпес мұра етіп қалдырып кеткен еңбектерін өте жоғары бағалаймын. Болмасаң да, ұқсап бақ дегендей, ата - анам есімімді Бауыржан қойғанын да мақтан тұтамын.
Қазақ халқы үшін біртуар дара тұлға, ерлік пен елдіктің киесіндей танылған даңқты қаһарман, батыр. Сұрапыл Ұлы Отан соғысы басталысымен 316-атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанды. Қапияда ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлiгiмен аты әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы атанды. Бауыржан Момышұлы отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандылығымен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен елеулі. ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен, тапқырлығымен және жеке басының ерен ерлігімен көзге түсіп, аты аңызға айналды.
Бауыржан Момышұлы бұрыннан әдеби кейіпкер болуға дайын тұлға еді. Өзі көсем, өзі шешен және жазушы. Соғыс кезіңце оның 40 макаласы жарияланды. Ол туралы А. Бек кітап жазды. Нұршайықов Ақиқат пен анызда дайын образды сол қалпында кайталап шықты. А. Бек те дайын образды кітап етіп шығарды.
Ерлігі де, өрлігі де, білімділігі де парапар. Оны сен қазір кез келген маршалдың қасына апарып қойсаң, ешқайсысынан кем түспейді. Мәселен, Кубаның соғыс министрі Рауль Кастромен қатар отырған кезін қара. Бөтен елдің министрімен терезесі тең, тіпті биік те. Әсіресе, соғыс тактикасы жайында сөз сейлегенде, Кастро-министр полковник Момышұлынан төмен қалады. Оны Кастроның озі де мойындап отырады. Немесе Баукеңнің өзіміздің маршалдар Баграмянмен, Жуковпен, Василевскиймен сөйлескен кездерін алайық. Баукеңнің тапқырлығына, сөзінің ұтымдылығына жаның сүйсінеді. Мақтанасың. Ұлттық мактаныш болуға туған қазақ халқының ұлдарының бірі деп сүйсінесің.
Момышұлы соғыс кезінде де афоризмдер шығарған.
Кешегі атақты жауынгер енді өзінің дарынды жаратылысының жаңа бір жақтарын жарқыратып отыр. Ол оның жазушылық қызметі. Бұл салада Бауыржан аз уақыттың ішінде ауыз толтырып айтарлық құнарлы жемістер берді. Бұрын жауынгерлік еңбегі үшін көкірегі ең жоғарғы дәрежелі ордендерге толған Бауыржан Момышұлы 1958 жылы Москвада болып өткен қазақ көркем өнері мен әдебиетінің онкүндігі тұсында әдеби еңбектері үшін Құрмет белгісі орденімен наградталды.
Бауыржан жаратылысында ақын, суреткер адам. Ол таусылмас қайраттың, үлкен шабыттың адамы. Бұл оның жауынгерлік, әсіресе командирлік өнерінде қандай көрінсе, жазушылық өнерінде сондай көрініп отыр.

Табан ет, маңдай термен келген осы Ұлы Жеңіске қаруымен де, қаламымен де үлес қосқан, аты аңызға айналған өр тұлғалы азамат, қаһарман жазушыларымыздың бірі де, бірегейі - Бауыржан Момышұлының қаһармандық рухы ұрпақтан - ұрпаққа өнеге болады деп санаймын.

ХАЛЫҚЫНЫҢ ҚАҺАРМАН ҰЛЫ-
БАТЫР БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ

Қазақ халқының өр тұлғаларының жалғасы, Отан қорғаған қаһарман ұлдарының бірі - Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы. Қазақта Ақыл жастан, асыл тастан деген нақыл сөз бар. Бауыржан сияқты халқының ұлдарына байланысты айтылған сөз болар, сірә.Батырдың өмір жолына көз жүгірте отырып, амалсыз осындай ойға қаласың. Ол Жамбыл облысының Жуалы ауданына қарасты Көлбастау ауылында дүниеге келген. Шымкенттегі 7 жылдық мектеп-интернатын бітірген соң, біраз жылдар мектепте мұғалім болыпты. Бұл сол кездегі ең бір абыройлы, беделді мамандықтардың бірі. Сол кездің өзінде-ақ еңбекқорлығымен, өз қызметіне деген ынта, жігерімен, дарынымен көзге түскен жас жігітке ауаткомның хатшысы, милиция бастығы сияқты аса жауапты қызметтер сеніп тапсырылған. Бауыржан Момышұлы әскер қатарына 1932 жылы алыныпты. Еңбекқор, іскер азаматтардың қандай да болсын істен нәтиже шығара білетіні белгілі. Баукең бойындағы мұндай қасиеттерін әскер қатарынан оралғаннан кейінгі жылдары көрсетсе керек. Осы уақытта біраз жылдар Шымкент, Алматы қалаларындағы банк саласында жемісті еңбек еткен ол, жақсылап қолға алса, өзінен тәп-тәуір қаржыгердің де шығатынын көрсеткен. Бұдан әрі қарай Баукеңнің өмірі өзінің туа біткен қасиеттерімен байланысты, яғни әскер саласындағы қызметтермен жалғасады. Яғни ол 1936 жылы Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты тәмамдап, қайтадан Қызыл Армия қатарына алынған. Онда жүріп, взвод, рота, командирі полк штабы бастығының көмекшісі сияқты басшылық қызметтерді атқарады. 1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы болады. Ал Ұлы Отан соғысы басталысымен 316-шы атқыштар дивизиясының жасақталуына атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады. Онда Баукең немістермен Мәскеу түбінде болған айқастарға қатысып, әйгілі 8-ші гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі болып, соғыс бітердің алдында осы гвардияны басқарады. Тап осы сұрапыл соғыс жылдарында ол өзінің асқан ерлігімен, соғыс өнерінің қыр-сырын меңгерген білікті жауынгерлік қасиетімен ерекшеленіп, оның атақ-даңқы аңызға айналады. Соғыстан соң Баукең Кеңес армиясы Бас штабы жанындағы Жоғары әскери академияны бітірген. Ал 1950-1956 жылдар аралығында әскери академияда сабақ берген және түрлі әскери қызметтерді атқарған. Бауыржан Момышұлының ерлік істері мен оның соғыс қимылдары жөнінде жазып қалдырған еңбектері мен естеліктері, халық арасында Бауыржан айтқан екен деген әңгімелері кейінгі ұрпаққа, өз еліне деген сүйіспеншілік пен махаббатың, ерлік пен елдіктің үлгісі болып қалды. Баукеңнің ерліктері жөнінде осы уақытқа дейін көптеген еңбектер жазылды. Олардың ең танымалдарының бірі белгілі орыс жазушысы Александр Бектің Арпалыс (Волоколам шоссесі) повесі. Бұл кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылған. Бауыржан Момышұлы туралы шығармаларды қазақ жазушылары да көп жазды. Ол туралы түсірілген фильмдер де жеткілікті. Ал осыншама көпті көрген, белді қызметтерді атқарып, үлкен марапаттардың, атақтардың иесі атанған танымал тұлғаның өзгелерге айтары, кейінгі ұрпаққа қалдырары аз болмаса керек. Оның соғыстан кейінгі жылдары айналысқан шығармашылық жұмыстары мен жазып қалдырған еңбектері осындай ниеттен туған дүниелер деуге болады. Көрнекті жазушының орыс және қаза тілдерінде жазып қалдырған Бір түннің тарихы, Ұшқан ұя сияқты алғаш шыққан кітаптары мен одан кейін жазылған Мәскеу үшін шайқас, Жауынгердің тұлғасы, Майдан сияқты өзге де көптеген шығармалары оқырман жүрегіне жол тауып, көпшіліктің іздеп оқитын кітаптарының біріне айналды. Бұл шығармалардың барлығы да көптеген елдердің тілдеріне аударылып басылды. Осы ретте, Егемен Қазақстан газетінде 2008 жылы сәуірдің 4-інде жарияланған Көсемәлі Сәттібайдың Аңыз бен ақиқат атты мақаласынан үзінді келтіре кеткенді жөн көрдік. ...Көзінің тірісінде-ақ өмірі аңызға айналған халқымыздың қаһарман перзенттерінің бірі Бауыржан Момышұлы туралы әлі толық айтылып та, жазылып та біткен жоқ. Филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметов Жамбыл облысына орнығып, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі атанғалы бері атқарған көптеген сүбелі еңбектерінің бірін, міне, осы батыр мұрағатындағы сарғайған құжаттарды жинақтап, көптомдық әзірлеуге байланысты жасап жатыр десек, артық айтқандық емес. Бұл үшін ғалым алдымен университет қабырғасынан Бауыржантану ғылыми орталығын ашты ... -- Бауыржан Момышұлы, сөз жоқ, батырлығына қаламгерлігі сай тарихи тұлға. Әрине, көзсіз ба
тыр емес, алды-артын ақылмен, оймен барлай білген бірегей берен. Бірақ Баукең айтыпты дегенді көп естігенімізбен, ?Офицер жазбалары?, ?Ұшқан ұя?, ?Мәскеу ұшін шайқас? және сексенінші жылдары жариялана бастаған ?Қанмен жазылған кітабымен? таныс оқырмандар батырдың мұрағатында бұлардан басқа да осыншама мол қазына қалғанын естіп, қуанып отыр. Осыған байланысты өз ой-пікіріңізді білсек деп едік. ? Дұрыс айтасың. Бауыржан Момышұлы ? әдеби және әскери өнерде артына қайталанбас ұланғайыр ұлттық рухани мұра қалдырған бірегей қаламгер. Оның қазақ және орыс тілінде жазылған төрт томға жуық шығармалары бүгінде қалың оқырманның игілігіне айналуда. Сондықтан, мен айтып, жазып жүрген 30 томдыққа енетін тың туындылары қайдан және қандай деректер көзінен құралмақ деген сұрағың көкейге қонады. Баукеңнің жаңадан шыққалы отырған көптомдығы негізінен ҚР Орталық архивінде, Мәскеудегі арнайы әскери архивте, облыстық, қалалық архивтерде және ұлы Бақытжан Момышұлының үйінде сақталып келе жатқан, бұрын еш жерде жарияланбаған қолжазбаларынан тұрады. Бұған қоса жеке адамдардың қолында және өзімнің архивімде тұрған санқилы жазба деректер де бар. Бұлардың барлығы батырдың тікелей өз қолымен жазылған. -- Сонда бұл құжаттар қай жылдарды қамтиды? ? Бұл Баукеңнің 1928 және 1982 жылдар аралығында хатқа түсірген дүниелері. Яғни, батыр өмірінің 54 жылын қамтиды. -- Батыр Баукеңнің 1910 жылдың 24 желтоқсанында дүниеге келгенін ескерсек, сонда қолына 18 жасында қалам алып, ой қаузай бастаған екен-ау. ? Рас, Баукеңнің жазушылық таланты ерте оянған. Оның ?менің әкімдік карьерім ? мансабым ауылдық милиционерден басталды. Бірақ әдебиеттегі жолымды сол кездің өзінде іздей бастадым. Ол заманда біздерде қазақтың сауатты жігіттерін, жаңа өмірді орнатушыларды саусақпен санауға да болатын. Жай жағдайдың ауанына лайық біздердің ағартушы да, баспагер де, әрі жазушы, әрі редактор да болуымыз керек. Бірақ әрқайсысымыз өзімізге әуелден тәңірі тағайындаған істі іздедік?, деп, өзінің маңдайына әскери өмірдің қиындығы мен қызығы бұйырғанын еске алып, тебіренетіні бар. Сұрап қалған екенсің, айтайын, мысалы, Баукеңнің тырнақалды тұңғыш очеркі 1928 жылы Жуалы ауданының (ол кезде Жуалы, Түлкібас, Сайрам ауданы бір) ?Социалистік мал шаруашылығы? деген газетінде ?Тау сағыз бен көк сағыз? деген атпен жарияланды. Осы очеркінің өзінде-ақ Баукеңнің қалам сілтесі, сөз саптауы жұп-жұмыр келіп, келешектегі жазушының табиғи болмысы елес беріп тұрады. Бірде інілік ізетпен: ?Бауке, баспасөзде тұңғыш жарияланған шығармаңыз қандай еді?? деп сұрағанымда, ?уақыт талабына үн қосып жазған шығармасымағым осы очерк болатын? деп айтып еді. -- ?Тау сағыз бен көк сағыз? дегені не сонда? ? Бұрын елде резіңке деген бұйым тапшы болған. Сол кезде біздің жақтың басшылары еңбекшілерге бір арнайы шөп өсіртіп, содан резіңке айыратын. Небір замандар өтті ғой қазақтың басынан. Өзің сияқты мен де тұңғыш очеркінің жай-жапсарын Баукеңнен сұрағанымда осылай деп күліп еді. -- Бірақ Баукең бір жағынан Кеңес өкіметінің саясатының ықпалы бар, екінші жағынан әскери қызметтің темірдей тәртібі бар, кезінде орыс тілінде өндіре жазған сияқты ма, қалай? ? Иә, бүгінде аса құнды рухани мұраға айналып отырған Баукең жазбаларының басым бөлігі орыс тілінде жазылуымен ерекшеленеді. Бірақ бұдан ол кісіні тек қана орысша ойлайды екен деген ой туындамауы керек. Айтарының бәрі, сайып келгенде, Алаш пен ұлттың мүддесі, халық рухының еркіндігіне келіп тіреледі. Көркем шығарма болсын, тарихи-деректі дүние болсын, қазақ және орыс тілінде еркін жаза білетін жазушы ол кезде некен-саяқ болса, соның бірі Баукең еді. Бауыржан Момышұлы атақ-даңқтан кенде адам емес. Ол Кеңес дәуіріндегі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, 1-ші дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, Құрмет белгісі сынды орден-медальдармен марапатталса, халқының шын мәніндегі қаһарман ұлына Қазақстан
тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Кеңес одағының батыры атағы берілді. Осылайша қазақ халқы батыр ұлының асқақ рухын тағы бір рет ұлықтады.
Момышұлы Бауыржан (4.12.1910, қазіргі Жамбыл обл., Жуалы ауд., Көлбастау аулы, -- 10.6.1982, Алматы) -- қазақ совет жазушысы. 1942 жылдан КПСС мүшесі. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Панфиловшы, даңқты жауынгер, гвардия полковнигі. Шымкенттегі жетіжылдық интернатты бітірген (1928 ж.) соң, бастауыш мектеп мұғалімі, ауаткомның хатшысы, милиция бастығы болды. 1932 ж. Қызыл Армия қатарына шақырылды. Қызметін өтеп қайтқаннан кейін, Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс істеді. 1936 ж. Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітірген соң Қызыл Армия қатарына қайта алынып, взвод, рота, командирі, полк штабы бастығының көмекшісі, ал 1941 ж. Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы болды. Ұлы Отан соғысы басталысымен 316-атқыштар (кейіннен 8-гвардия) дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанды. Москва түбіндегі немістермен болған ұрыстарға қатысты. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі болды, соғыстың соңғы жылдарында (1944-45) осы дивизияны басқарды. Ұлы Отан соғысы кезінде ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен, тапқырлығымен және жеке басының ерен ерлігімен ерекше көзге түсті, батырлық атақ-даңқы аңызға айналды.
Момышұлының қаһармандық ерлігі туралы белгілі орыс жазушысы А.Бек Волоколамское шоссе повесінде жан жақты жазды. Б. Момышұлының, өміріне арналған Ә.Нұршайықовтың Ақиқат пен аңыз (1976) роман-дилогиясы жарық көрді, Қазақфильм киностудиясы,Ел басына күн туса (1967) көркемфильмін түсірді. Москва акад.драма театры Момышұлы туралы Волоколамск тас жолы спектаклін қойды.
1952 жылы Совет Армиясы Бас штабының жанындағы Жоғары әскери академияны бітірді. 1950 -- 56 ж. әскери академияда сабақ берді және тұрақты әскери қызмет атқарды. Офицердің күнделігі (1952), Бір түннің тарихы (1954, орыс тілінде), Біздің семья (1956, орыс тілінде) атты алғашқы кітаптары сол тұста жарық көрді. Момышұлы еңбектері орыс-қазақ тілдерінде бірдей жазды. Негізінен әскери өмірбаяндық жайттарды арқау етіп, патриотизмді, адалдықты, ерлікті ту еткен шығармалар берді. Солардың бірі Москва үшін айқас (1959, орыс тілінде -- 1958) -- халқымыздың қаһармандығын, бірлігі мен туысқандығын, совет жауынгерлерінің сом тұлғасын бейнелеген. Отан үшін ұлы шайқастың үлкен бір шежіресі іспеттес күрделі шығарма. Мұнымен қатар Жауынгердің тұлғасы (1958), Майдан (1961), Майдандағы кездесулер (1962, орыс тілінде), Генерал Панфилов (1963, қазақ тілінде -- 1966), Төлеген Тоқтаров (1965), Куба әсерлері (1965), Ел басына күн-туса (1970), Ұшқан ұя (1975), Адам қайраты (1981) т. б. кітаптар берді. Шығармалары көптеген СССР халықтары және бірнеше шетел халықтарының тілдерінде басылып шықты. ҚазССР Мемл. сыйл. лауреаты (1975), Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, Құрмет Белгісі ордендерімен, медальдармен наградталған.
Момышұлы Бауыржан (1910-1982) - екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.
1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.
1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада ошақты және икемді қорғаныс ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери мамаң ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды.
Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды.
Бауыржан Момышұлы -- әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің Волоколамск тас жолы атты кітабында суреттелді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылды.
Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады.
Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алады. Алайда халықтың өзі батырым деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған Халық қаһарманы деген атақ берілді

ЕЛ ДЕГЕНДЕ ЕЗІЛІП, ЖҰРТ ДЕГЕНДЕ ЖҰМЫЛЫП ҚЫЗМЕТ ЕТ.

Бауыржан Момышұлы қаруын қаламға айырбастап екі ерлік жасады деп алғаш рет П.П.Вершигора айтқан еді.
Оның біріншісі, әрине, соғыстағы ерлігі. Алматыда жасақталған 316 атқыштар дивизиясы мен оның Бауыржан Момышұлы басқарған батальонының даңқы 1941 жылдың күзі мен қысындағы Мәскеу түбіндегі шайқастарда қатты шықты. Бауыржан сол абыройын соғыс аяқталғанға дейін түсірген жоқ. Батальон командирлігінен дивизия командирлігіне, аға лейтенанттықтан полковник дәрежесіне дейін көтеріліп, атақ-даңқын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ РУХ ПЕН ҰЛТТЫҚ ТАНЫМ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жазушы шығармаларындағы ұлттық рух мәселесі
Б.МОМЫШҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫ –ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Бауыржан Момышұлының шығармашылық қызметі
Бауыржан Момышұлының соғыс өнері
Қазақ халқының мақалдары
Бауыржан Момышұлының қаламынан туған көркем шығармаларының жазылу тарихын, көркемдік стильдік ерекшелігін талдауды негіздеу
Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы Абай дәстүрі
Бауыржан Момышұлы шығармашылығы және қазақ әдебиетімен байланысы
Бауыржан Момышұлы шығармашылығының өзіндік көркемдік сипатын байыптау
Пәндер