Еңбек құқық қатынастар түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар;

Кіріспе
1. Еңбек құқықтық қатынастары ұғымы
Негізгі бөлім
1) Еңбек құқық қатынастар түрлері
2) Еңбек құқық қатынастары мемлекеттік реттеу
Қорытынды

Еңбек қатынастары деп адамдардың өндіріс бабында бірлесіп еңбек ету жайында өзара қатынастарын айтамыз. Еңбек қастынастары еңбек әлемінде, әрбір өндіріс, шаруашылық салаларында пайда болатын процесс. Еңбек қатынастары пайда болу үшін, еңбек, оның негізгі құрама элементтері белгілі бір өндіріс мақсатына қол жеткізу үшін өзара байлнаысқа түседі.
Еңбек процесінің негізгі элементтері: 1)Жұмыс күші; 2) еңбек құрал саймандары мен заттары; 3) өндірілген өнім. Осы құрал-саймандарды пайдалана отырып, оларды іске асыру үшін адамдар өзара қатынасқа түседі. Мұны біз жәй еңбек қатынастары дейміз. Ал, онан кейін құқықтық қатынастары пайда болу үшін жәй еңбек қатынастары құқықтық нормалармен реттелуге тиіс. Міне, осыдан барып құқықтық қатынастары пайда болады.
Еңбек қаытнастарына тән тағы бір шарт бар, ол осы
қатынастардың негізі ретінде жәй еңбек емес, жалдамалы еңбек болуға тиіс және ондай еңбек, шаруашылық немесе меншік нысанына қарамай, еңбек шарты немесе еңбек келісім шарты арқылы туындайды.
Еңбек қатынастарының объектісіне тек нақтылы тірі еңбек, яғни оның баламасы ретінде жұмыс күші жатады. Жұмыс күші дегеніміз жұмысшының еңбек ету қабілеті, ол еңбек процесінде құрал саймандармен қосыла келе өнім өндіргіш күшіне айналады. Осының нәтижесінде өнім шығады.
Еңбек құқық қатынастарының мынадай 3 түрлі сипаты бар: 1) Еңбектік құқықтар мен міндеттер басқа біреуге беруге, өткізуге жатпайды; 2) құқықтық еңбек қатынастарының субъектісі ретінде тек жұмысқа жарамды еңбектік қабілеті бар адамдар жатады; 3) құқықтық еңбек қатынастарының объектісі ретінде нақтылы тірі еңбек, яғни жұмыс күші жатады.
Қоғамдық еңбек қатынастарына алғаш талдау жасаған H.Г.Александров болатын. Оның теориясы бойынша бұл қатынастар екі топқа бөлінеді.
1. Негізгі, тура еңбек қатынастары;
2. Олармен тығыз байланысты және олардан туынды жанама еңбек қатынастары

Негізгі еңбек қатынастары - еңбек құқығының негізін құрайтын қатынастар. Оған тура еңбек ету процесінде пайда болатын қатынастар жатады. Атап айтқанда олар: 1) еңбекті үйымдастыру (еңбек шарты, еңбек келісім шарты арқылы жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару, жұмыстан ауыстыру, еңбек үйымдастыру, еңбек ұйымдастыру нысандары - бригадалар, цехтар, оған жұмысшыларды топтау); 2) жұмыс уақыты мен демалыс уақытын реттеу; 3) жалақы төлеу (сыйақыны қоса); 4) еңбек қорғау; 5) еңбек тәртібі; 6) еңбекті есептеу.

Жанама (қосымша) еңбек қатынастары. Бұлар жоғарыда айтылған негізгі еңбек қатынастарымен байланысты, солардан туынды. Олар: 1) еңбек процесін басқару - еңбек үжымдары мен кәсіподақтардың қатысуы арқылы; 2) еңбекке орналастыру (жайғастыру), жұмыспен қамтамасыз ету; 3) кадрлар дайындау, олардың мамандық квалификациясын көтеру; 4) еңбек заңдарына бақылау ды және қадағалау жүргізу; 5) жұмысшы, қызметкерлердің еңбектегі материалдық жауапкершілігі; 6) Еңбек дауларын шешу.

Еңбек қатынастарының туындау негіздері

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, еңбек қатынастары жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында Еңбек кодексіне сәйкес жасалатын еңбек шартының негізінде туындайды.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында, құрылтай құжаттарында, жұмыс берушінің актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен еңбек шартын жасасу алдында:
1) лауазымға сайлану (сайлау);
2) тиісті лауазымға орналасуға арналған конкурс бойынша сайлану;
3) лауазымға тағайындау немесе лауазымға бекіту;
4) Қазақстан Республикасының заңдарымен уәкілеттік берілген органдардың белгіленген квота есебімен жұмысқа жіберуі;
5) еңбек шартын жасасу туралы сот шешімін шығару рәсімдері болуы мүмкін.

Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысымен еңбек қатынастары Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының заңдарына, құрылтай құжаттарына және еңбек шартына сәйкес жүзеге асырылады.

Еңбек құқық қатынастарының субъектілері

Әрбір құқық қатынастарының субъсктілерінің өзара құқықтары мен міндеттері болады, олардың жиынтығы құқық қатынастарының мән-мәнісін құрайды. Еңбек құқық қатынастарының субъектісі деп оларға қатысты заңда көрсетілген құқықтар мен міндеттерге иеленген тұлғаларды айтамыз.
Еңбек қатынастарының негізгі және қосымша, яғни жанама субъектілері болады.
Негізгі субъектілерге кәсіпорын, мекеме және ұйымдардың өздері және оның жұмысшылары жатады.
Қосымша, яғни жанама субъектілерге еңбек үжымдары, өндірістік кеңестері, жиналыс, конференциялары арқылы, бригада, тағы басқа өндіріс бөлімдері, кәсіподақ үйымдары, құқықтық және техникалық еңбек инспециялары, еңбек дауларын шешетін органдар, еңбек ұйымдастыру бюролары мен комиссиялар, жолдастық соттар мен әлеуметтік қамсыздандыру органдары жатады.
Өз кезегінде еңбек қатынастарын мемлекеттік реттеуге тоқталар болсақ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлерін айқындайды;
3) Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен оларға сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекітеді;
4) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтылатын ұйымдардың азаматтық қызметшілерінің, жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін бекітеді;
5) жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен (қауымдастықтарымен, одақтарымен) және жұмыскерлердің республикалық бірлестіктерімен бас келісім жасасады;
6) тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібін белгілейді;
7) өзіне Конституциямен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті
Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:--
1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөніндегі талаптың, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады, сондай-ақ еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіреді және қызметін тексеруді жүзеге асырады;
3) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік басшылықты және оларды үйлестіруді жүзеге асырады;
4) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдардан еңбек қатынастары мәселелері бойынша қажетті ақпаратты сұратады;
6) мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі қызметін үйлестіреді;
7) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында үйлестіруді және басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ жұмыскерлердің және жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
8) жұмыс берушінің еңбек нормаларын, еңбек жөнiндегi үлгiлiк нормалар мен нормативтердi, қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесе) салааралық, үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау тәртiбiн белгiлейдi;
9) әкiмшiлiк персоналға жататын жұмыскерлер лауазымдары атауларының тiзбесiн әзірлейді және бекітеді;
10) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;
11) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жазаның жүйесі мен түрлері
Мемлекет және құқық теориясы пәнінен дәрістер
Құқықтық қатынастардың объектісі
Мемлекет ұғымы пәнінен дәрістер
Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен шекарасы
Еңбек тәртібіне сипаттама
Құқықтық қатынастардың субъектілері
Құқық жүйесінің түсінігі
Еңбек құқығы саласындағы құқықтық қатынастар ұғымы және олардың құрылымы
Пәндер