Туризм инфрақұрылымын дамыту бағыттары


КЕНЖЕҒАЛИ САҒАДИЕВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ
«Туристік инфрақұрылымның даму тенденциялары мен елдің жалпы экономикалық, техникалық және әлеуметтік жетістіктері арасындағы байланысы»
Орындаған: Маукенова Э. Н.
Қабылдаған: Еркінбек А. М.
Алматы, 2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Туристік инфрақұрылым - бұл жинақталған орыналастыру құралы, транспорттық құрал, тамақтану обьектісіне, көңіл көтеру, іскерлік, сауықтыру, спорттық және басқада аталымдарда; туроператорлар мен тур агенттіктің ұйымдастыруды жүзеге асырудағы іс-әрекет; экскурсиялық қызмет көрсетушілер мен гид, аудармашылардың қызметін ұйымдастыру. Туристік инфрақұрылымды дамыту материалдық-техникалық базаға негізделген. Техникалық база мыналарды қамтиды: туристік компания (туроператор және туристік агенттік), туристік база, тамақтандыру компаниясы, автокөлік компаниясы, туристік жабдықтар және өнімдерді жеткізуге, туристік ваучерлерді сатуға арналған жалға беру пункттері кеңселер, төтенше жағдайлар қызметі, туристік клубтар мен вокзалдар және т. б. Дамыған туристік инфрақұрылым-бұл мемлекеттің жарнамасы. Қазіргі уақытта жаһандық маңызы бар бұл сала тек Керкемнің табиғатымен ғана шектеліп қоймай, тарих пен археологияны да қамтиды. Бұл қазба жұмыстарының, мәдениет пен өркениеттің, жер мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы.
Жұмыстың нысаны: Қазақстандағы туристік инфрақұрылым
Жұмыстың мақсаты: туристік инфрақұрылымның даму тенденциялары мен елдің жалпы экономикалық, техникалық және әлеуметтік жетістіктері арасындағы байланысты анықтау.
Жұмыстың міндеттері: туризм инфрақұрылымының теориясы мен мәні; ел экономикасындағы туристік инфрақұрылымның рөлі мен оған әсер ететін факторлар; туризм инфрақұрылымы дамуының қазіргі жағдайы; туризм инфрақұрылымы мәселелерін қарастыру; туризм инфрақұрылымының дамыту факторларын анықтау.
1 ТУРИСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
1. 1 Қазақстан Республикасының туризмнің даму жағдайы
Туризм елдің бүкіл аймақтарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласында шаруашылық саласындағы субъектілерді құру және жол қозғалыстарын, сауда-саттықты, коммуналдық шаруашылықты, туризмдегі мәдениетті, медициналық қызметтер дамуымен өзара тығыз байланысты десек те болады. Осылайша, туризм индустриясы, экономиканың басқа да салаларымен салыстырғанда тиімділігі жоғары екенін көре аламыз. Туризм саласының тез және тұрақты өсуі, оның қоршаған ортаға әсері, қоғамның әл-ауқатына барлық секторлардың күшті әсерін есепке алу, Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламасында үкімет басымдық ретінде қояды. Бұл тұжырымдама туризм саласындағы тұтас мемлекеттік саясатты айқындайды. Қазақстандағы заманауи бәсекеге қабілетті туризм - туризмнің құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздері.
Қазіргі таңда үлкен қалаларды шетелден келген туристтерсіз елестету қиынға соғады. Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың тарихы біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта құрылған Ұлы Жібек жолынан бері басталған деп айтсақ қателеспейміз. Қазақстанның тәуелсіздігіне байланысты туристік қызметті жаңғырту және туристік қызметті реттеу үшін негіз бейімделген. Туристік нарықтың мәні оның атқаратын қызметтерінде көрініс табады. Еуропа мемлекеттерімен қоса, Қазақстан Республикасында да туристік қызмет нарығы жедел, әрі жылдам қарқынмен дамуда десекте болады. Қазіргі таңда Қазақстандағы туризм - экономикаға қарқынды әсер ете отырып, бюджеттегі қаражаттың басты табыс көзіне айналатын жағдайға жету барысында жылдам дамып келеді. Осы саланың нақты механизмдерін дамытуға жұмсалған қаражат күні ертең өзінің өрісті өсімін көрсетіп, ел қазынасына қарқынды құйылары анық. Бұл, әсіресе, шетел тәжірибесінде жан-жақты дәлелденіп отыр. Республикамызда қазіргі заманға сай қонақ-үйлер, турбазалар, кемпингтер және т. б орналасу объектілерін, туристерге әртүрлі тағамдар мен демалыс ұсына алатын заманауи мейрамханалар мен кафелер құрылысына және реконструкциясына көңіл бөлінуде. Демалыс және көңіл көтеру объектілері: диско-клуб, кинотеатр, шағын қонақ үйлер, бильярд клубы, казино, боулинг орталықтары және т. б құрылысына көптеп көңіл бөлінуде. Ал енді еліміздегі туризм жағдайына келер болсақ, статистикалық мәліметтерге қарағанда Қазақстандағы туристік белсенділік өсу тенденциясына ие. ҚР статистика жөніндегі Агенттік мәліметтеріне сәйкес 2020 жылдың қорытындысы бойынша республика бойынша туризмнің барлық типі бойынша 2019 жылмен салыстырғанда келушілер саны 0, 5 %-ға ұлғайып, 108 мың адамды құраған. 2020 жылы көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 49, 3 млрд. тенгені құраған немесе 2019 жылмен салыстырғанда 43, 8%-ке жоғары болған. Туристік салаға есептік кезеңде инвестиция көлемі 42, 5%-ке өсіп, 2020 жылы 57, 7 млрд. тенгені құрады. 2022 жылға дейін туристік бағыт ретінде Қазақстанға деген қызығушылық бүкіл әлемде өсті және сәйкесінше саяхатшылардың үлкен санын тарту үшін жергілікті туроператорлармен ұсынылатын қызметтер спектрі сәйкесінше ұлғайды. ҚР спорт және туризм Министрлігінің мәліметтеріне сәйкес Қазақстанға шетелдік туристердің ең көбі Германиядан, Англиядан, Жапониядан, Корея мен Қытайдан келеді. Мысалы, 2019 жылы республикаға 73671 шетелдік турист, 2020жылы - 125 мың адам, ал 2021жылы - шамамен 115 мың адам келген. Дүниежүзі туристерінің жылдан жылға өткен сайын көбейе түсуі бірқатар елдердегі турфирмалардың қызмет көрсету аясын, турагенттіктер арасындағы бәсекелестікті, сапа менеджментін арттыра түсуге түрткі болды. Қазіргі кезде туристтердің қандай турфирманы, не үшін, қандай туризм түріне көбірек қызығатынын зерттей білу және ол зерттеу нәтижелерін Қазақстандағы туризмнің шетелдік туристтерге тартымдылығын арттыруға әрекет жасай біле керек. Сол кезде, еліміздегі туризмге сұраныс артып, сәйкесінше кіріс көзі арта беретін болмақ. Әрине, бұл жағымды жағдай туралы ақпаратты біз Қазақстандағы туристік фирмалардың санының өсуіне байланысты білуімізге болады. Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасында Туризм бәсекеге қабілетті елу елдегі өнеркәсіптік даму іске асырудың маңызды стратегиясы ретінде «Нұрлы-жол» бағдарламасын ұсынған болатын. Туристтер саяхаттарын бастапастан бұрын бару үшін елді таңдағанда, ең алдымен көрікті табиғи ландшафттарға, физикалық-географиялық ерекшеліктеріне, мәдени-тарихи мұрасына, дамыған туристік инфрақұрылымына және өздеріңіз білетіндей, қауіпсіздік мәселесіне бас назар аударады және қызығушылықтарын оятады. Былай қарап отырсақ, біздің елімізде дамыған туристік инфрақұрылымын мен қауіпсіздік мәселесі ғана қиын жағдайда, ал қалған мәселелер біздің елімізде бар, тек соларды дұрыс бағытта пайдалана білуіміз қажет. Бұл жағдайда Қазақстанның туристік имиджі бар елдер арасында лайықты орын алуға толық мүмкіндігі бар.
1. 2 Туристік инфрақұрылымның ел экономикасына әсері
Туризм саласы көптеген дамыған және әлі де дамып келе жатқан валюта түсімдерінің көзі болып табылады. Қазіргі таңда бұл сала экономика мен Қазақстан үшін маңызды мәселе болып табылады. Қазақстан Республикасында туристік инфрақұрылымды дамыту бұл қоғамдағы жағдай деңгейінің жоғарылауының нәтижесі болып табылады. Осы міндеттерді шешу үшін инновациялық экономиканы құру және ел экономикасында шикізаттық емес секторды дамыту шешуші рөл атқарады. Оның басымдықтарының бірі - туризм саласындағы экономикасының ең жылдам дамып келе жатқан секторы. Дүниежүзілік туристік ұйымның зерттеулеріне сәйкес, бүкіл әлем бойынша туристердің жалпы саны 2020 жылға қарай 842 миллионнан 1, 6 миллиардқа дейін екі есеге артты. Бүгінгі таңда жүздеген елдер туризм саласын дамытудағы зкономикалық жағынан өзіне пайда және тартымдылық көріп отыр, бұл салықтың жоғарылауынан, жұмыс орындарының көбеюінен, халықтың өмір сүру деңгейінің артуынан көре аламыз. "Қазақстан-2030" стратегиясының негізінде жасалған Қазақстан Республикасы индустриясының турын дамыту тұжырымдамасында туризм елдің әлеуметтік, техникалық және экономикалық дамуындағы маңызды салалардың бірі болып қарастырылады. Туризм индустриясы бизнестің кең спектрі және Мемлекеттік әлеуметті, экономикалық және де, сонымен қатар, техникалық дамудың негізгі факторларының бірі бола алады. Қазіргі заманғы Туризм индустриясы Халықаралық қызметтер саудасының ең жоғары табысты және қарқынды дамып келе жатқан сегменттерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан экономиканың тұрақты дамуы туризм инфрақұрылымын жақсартуға ықпал етеді. Туризм елдің барлық аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласында шаруашылық субъектілерінің құрылуы мен жұмыс жасауы жол көлігінің, сауда, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты. Қазақстанның өтпелі экономикасындағы туристік индустрия оның саяси және экономикалық жүйелеріндегі күрт өзгерістерге байланысты ерекше проблемаларға тап болады. Қазақстанда туризмді дамытудың негізгі мақсаты қазіргі заманғы жоғары тиімді және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру болып табылады, оның негізінде саланы экономика секторы ретінде дамыту, әлемдік туристік нарық жүйесіне интеграциялау және туризм саласындағы одан әрі халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін жағдайлар қамтамасыз етілетін болады. Осы міндеттерді шешу үшін инновациялық экономиканы құру және ел экономикасында шикізаттық емес секторды дамыту шешуші рөл атқарады. Мемлекеттің бұрыңғы басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туристік индустрия секторын жеті кластердің ішінде ұзақ мерзімді кезеңге мемлекеттің экономикалық басымдықтарының бірі ретінде айқындағаны кездейсоқ емес, бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды факторларының бірі ретінде осы сала Президентінің беретін маңыздылығын көрсетеді.
Жалпы ел экономикасындағы туризмнің қоғамға әсерін тигізетін аумақтарды бөліп қарастыратын болсақ: Біріншісі, ол - кәсіпкерлік саласы. Өз өнімін тұтынушыларға арнап туристік бизнес құру арқылы пайда көрумен қатар, жұмысшыларға жалақы алуына, акционерлерге табыс табуына, мемлекетке алымдар мен салық төлеуіне мүмкіндік береді. Екіншісі, тұтынушы және кіріс жағы. Туризм жаңа тұтынушылық сұраныстың пайда болуына себеп болады. Туристердің әртүрлі тауарлар мен қызметтерге сұранысы жергілікті өнеркәсіптік кәсіпорындардың дамуына ықпал етеді. Осының арқасында тұтыну тауарларының өндірісі ұлғаяды, халықтың өмір сүру деңгейі артады.
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
2. 1 ҚР туристік инфрақұрылым мәселелері
Елде жүргізіліп келе жатқан реформаларға сүйене отырсақ, мемлекеттің туризм саласындағы атқарылатын қызметі мен экономикалық саясатына сәйкес түсетін қаржылық ресурстарды біріктіруге, оларды мемлекет бюджетіне дер кезінде және толық көлемде түсіп отыруына, мемлекеттің стратегиялық бағдарламаларындағы көрсетілген туризм саласындағы шараларды қаржыландырып, еңбек және материалдық ресурстарды тиімді пайдалануға бағыттандырылған болып табылады. Атап өтілген мақсаттарға қол жеткізу барысында Қазақстандағы туристік өнімді қамтамасыз ету саласындағы басты бағыт қарапайым халықтың материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз етуі қажет делінген. Туризм саласын, туристік инфрақұрылымды дамыту кезінде, оның дамуына кедергі жасайтын негізгі факторларды анықтау қажет болғандықтан, фактілерді саралап, анықталған болатын. Сонымен, Қазақстан Республикасының туризмінің және туристік инфрақұрылымының дамуына кедергі жасайтын факторлар мыналар: турфирмалардан алынатын салықтардың негізделмеген жоғары салық ставкалары; көрші елдердің (Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай) арасынан бәсекелестіктің жоғары деңгейде болуы; визалық процедуралардың құны және туристік виза алудың қиындығы; Қазақстанның ТМД елдерімен туризм саласындағы қатынастарының жеткіліксіз деңгейде болуы; Үкімет орындарының туризм саласына қаржы салудан бас тартуы. Бұл кедергілерден өту және туризмнің имиджін құрастыруға көмектесетін бірден-бір қажеттіліктерді атап өтсек:
⁃ Туристік инфрақұрылымды дамыту;
⁃ Туризмнің материалдық-техникалық базасының нашар болуынан Қазақстан жыл сайын миллиондаған долларды жоғалтуда, бұл мәселе туристік салаға тартымдылықты арттыруды және отандық не болмаса шетелдік инвесторларды тартуға әрекеттенуді қажет етеді;
⁃ Туристік өнімнің тартымды жақтарын түсініп, соған қарай туристтердің назарын аударту;
⁃ Тарихи-мәдени ғимарат, ескерткіштерді қалпына келтіріп, оларды мұражай немесе тарихи жерлерге айналдыру;
⁃ Маркетинг стратегиясын тиянақты ойластыру;
⁃ Ілеспе инфрақұрылымды дамыту, яғни туристік аймақтарды сумен, электрмен телекоммуникациямен жабдықтау;
⁃ Туристік қызметтер мен туристік өнімдердің сапасын жақсарту;
⁃ Туристік инфрақұрылым элементтерін жылдам жасай салмай, сапалы түрде жақсарту және тағы да басқа қажетті мәселелерге назар аудару.
2. 2 Туризм инфрақұрылымын дамыту бағыттары
Туризм инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуын, сондай-ақ қаржылық қаражаттың шектеулілігін ескере отырып, Алакөл және Марқакөл көлдерінде, Бұқтырма су қоймасында туркласс санаттағы мейманханалар желісін, қонақ үйлер мен кемпингтер салуды қамтамасыз етуді қажет етеді. Бұл ретте туризм саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында мынандай мәселелерді шешу қажет: даму институттары, даму қорлары, екінші деңгейдегі банктер қаражатынан қаржыландыру жағдайында шағын кәсіпкерліктің туристік саласын дамыту жөніндегі жобаларды ілгерілетуге жәрдем көрсету; туристік және кәдесый өнімдері индустриясын құру және дамыту жөніндегі шаралар қабылдау; киіз үйлер дайындайтын кәсіпорындарды қалпына келтіру және жаңаларын салу, ұлттық киімдерді қайта жаңғырту, жаңа жұмыс орындарын ашу.
Тұжырымдамада ұсынылып отырған туризм саласы үшін кадрлар даярлау жөніндегі жобалар мен іс-шаралар туризм саласындағы жоғары техникалық және кәсіптік білімді, сондай-ақ тренингтерді одан әрі дамыту, кәсіби оқыту жүйелерін және туризм индустриясы мен қонақжайлылық мектептерін қолдау мүмкіндігін көздейді. Туристік жобаларды іске асырған жағдайда кадрларға қосымша қажеттілікті кадрларды қысқа мерзімді даярлықтан өткізу оқу орталықтарында қайта даярлау және олардың біліктілігін жоғарылату есебінен, оның ішінде Астана қаласында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық аясында толықтырылған. Соңғы кездері отандық туризм саласының тиімділігін талқыға сала отырып, мемлекет шет елдік инвестициялардың туризм саласына таралуын экономикалық тұрғыдан ынталандыруға бар күш-жігерін жұмсауда, өйткені олар өздерінің кейінге қалдырмас қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында қазынаға тез арада табыс түсіруге мүдделі. Біздің еліміздегі туризм жүйесі мен экономикалық өзгерістердің стратегиялық бағытын меншік қатынастары саласында өтіп жатқан жайттар айқындайды. Мұндағы туристік қызмет көрсетуден болатын, әлеуметтік-экономикалық жүйенің қаржылай және материалдық тірегі болып табылатын ұлттық табыстың бір бөлігінің мемлекеттенуінің негізгі құралы болып табылады. Одақ кезіндегі туризм саласының кәсіподақ тарапынан демалыс орындарына жолдама берудің аздаған тәжірибесін есептемегенде біздің елімізде тілге тиек етіп отырған халықаралық дәрежеде туризм саласын қалыптастыру мен дамытудың белгілі бір механизмі қалыптаспаған деп тұжырым жасауға болады. Сондықтан, шет елдердің, әсіресе нарықтық экономикасы дамыған өркениетті елдердің әдістемелерін қарастыру мол тәжірибе береді. Осы орайда өзіміздегі туристік қызмет көрсетудегі байырғы тәжірибесін зерттеу және сараптау қажеттілігі туындап отыр. Оның дұрыс шешімін табуынан еліміздің шаруашылық жүйесі жанданып, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыстық жағдайы жақсара түсетіні анық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz