Оқушылардың тілінде болатын кемшіліктердің себептері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

Реферат

Ашық, бұйрық райды оқыту барысында оқушылардың тілін дамыту әдістемесі

Орындаған: Дәмежан Бисенова, ҚТӘ-33- тобының студенті (Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы)
Тексерген: А.С.Қыдыршаев, Махамбет атындағы Батыс Қазақстан университетінің Рухани жаңғыру институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі

Орал қаласы, 2022

Мазмұны:

Оқушының тілін дамыту - басты білімділік мақсат
Етістіктің райлары және оның ерекшеліктері
Ашық, бұйрық райды оқыту барысында оқушылардың тілін дамытуға арналған тапсырмалар
Қорытынды

Оқушының тілін дамыту - басты білімділік мақсат

Қазақ тілін оқытуға байланысты тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі мақсаты -- дұрыс, сауатты жазып, оқушының ауызша және жазбаша ойын грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету.
Тіл дамыту жұмысы, негізінен төрт бағытта жүргізіледі: бірі -- мәдени әдеби сөйлей білу нормаларына үйрету, яғни орфографиялық дағдыны меңгерте отырып, оқушыға мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. Екіншіден, лексикалық жұмыстарды жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту, тілдің лексика жэне фразеология бөлімдерінен кеңірек білім беру көзделеді. Үшіншіден, жаңа сөздер үйрету, сөздерді үйрете отырып, жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту арқылы сөз бен сөздердің байланысын, сөйлем құратып үйрету, сөйлемнің құрылысын білдіру арқылы синтаксистік лексикадан білім беру. Төртіншіден, оқушының ойын жазбаша дұрыс, сауатты жаза, әрі сөйлей білуге үйрету мақсат етіледі.
Ана тілін жақсы білу -- әркімнің азаматтық борышы. Егер әр бір сөзді орнымен жұмсай біліп, айтқан ойы мазмұнды, нысанаға дәл тиетіндей ұғымды шығып, тыңдаушысын баурап алардай әсерлі болса, ана тілінің құдіреті сонда ғана сезілер еді. Ал мұндай шеберлік тек тіл мәдениеті жоғары адамдардың ғана қолынан келер жайт -- деп тұжырымдайды М.Балақаев. Көптеген зерттеуші, ғалымдардың еңбектерін, мерзімді баспасөз ақпараттарын талдай келе, оқушылардың тіл мәдениеті деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген сауалнама, әңгімелесу, байқауларды негізге ала отырып, бүгінгі күнгі оқушылардың сөз саптауы көңіл аударарлық, көпшілігінің тіл мәдениеті төменгі деңгейде деген қорытындыға келдік.
Қазіргі оқушы жастардың тіл мәдениеті деңгейінің төмен болу себебін жазушы Ә. Әбішев былай дейді: Жастар ізденбейді, ағаларын оқымайды, олар қазақ әдебиетін оқымайды... Жастар сөйлемді әдейі бұзып жазады, олар ерекшеліктің белгісі түсініксіз жазу деп ойлайды... Тіл мәдениетінің төмен болуына ғылыми-техникалық прогрестің де әсері бар, -- десе, И. Нұғыманов: Оқушылардың тілінде болатын кемшіліктердің себептері:
1. Ортаның әсері; а) оқушының сөйлеуіне жергілікті тіл немесе басқа тіл әсер етеді, ә) көшенің әсері (дөрекі, былапыт тіл), б) пән тілінің нормаларын жақсы меңгермеген мұғалімнің әсері;
2. Сөйлеу дағдыларының жоқтығы (мектептің тіл дамытуға немқұрайлы қарауы);
3. Жекелеген оқушы тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық, т.б.) -- деп көрсетеді.
Сондай-ақ М. Балақаев, Т. Қоңыратбаев, С. Қирабаев, Ш. Беркімбаева, Н. Уәлиев тағы да басқа ғалымдардың зерттеулерін негізге ала отырып, оқушы жастардың тіл мәдениетінің төмен болуының себептері деп, төмендегілерді саралауға болады:
1. Көркем әдебиет оқуға деген оқушылардың қызығушылығының төмендігі. Тіл мәдениетіне жастарды тәрбиелеу көркем әдеби шығармаларын көптеп оқумен байланысты. Көркем әдебиетті аз оқитын адамның сөздік қоры аз болады, соған орай олардың сөйлеу мәдениеттілігі мен өз ойын логикалық баяндауы да төмен екендігі байқалады;
2. Мәдени орталықтарға бару, ол туралы пікірлесудің өте сирек кездесетіндігі;
3. Ата-аналардың балаларының тіл мәдениетіне жете мән бермеушілігі;
4. Тілдік ортаның әсері;
5. Тіл мәдениетін қалыптастыруды тек қазақ тілі сабағына міндеттеп, басқа пәндерді бұл мәселеден мүлдем бөліп тастаушылық;
6. Бастауыш сыныпта казақ алфавитін терең меңгермегендігін ескермей, орыс тілі, шетел тілі пәндерін қосып үйрету. Бірнеше тілді игеру ауыр тиетіндігіне көңіл бөлінбеу;
7. Кей мүғалімдердің өздерінің тіл мәдениетінің төмендігі. Мұғалімнің оқушы алдында сөйлейтін сөзін ешбір оқулықпен айырбастауға болмайды. Оқушы мұғалімді тыңдағанда одан білім алумен қатар сұлу, көркем, анық, түсінікті сөйлей білуге үйренеді;
8. Отбасы тәрбиесінде ұлттық педагогиканың, халық ауыз әдебиеті үлгілерінің тар шеңберде қолданылуы;
9. Мұғалімдердің көпшілігінің бұл мәселеге арнайы көңіл бөлмеуі т.б.
Жалпы тіл мәдениетіне қойылатын талаптар қандай, әрбір мәдениетті адам мәдениетті сөйлеу, қарым-қатынас жасау үшін нені меңгеруі керек деген сұрақтар туындайды. Зерттеуші М.Балақаев өзінің тіл мәдениетін тереңінен зерттеген еңбектерінде тіл мәдениетінің негізгі принципі деп сөйлемдердің, жеке сөздердін тыңдаушыға, оқушыға бірден түсінікті болу керектігін көрсетеді. Зерттеуші жазуда, сөйлеуде адам ойына қажетті сөз таңдағанда олардың стильдік ерекшелігтерін ескеруді айтады. Тілдік норманы қалыптастыру, сауаттылық, тіл тазалығы, сөздерді дұрыс айту, дұрыс жазу тіл мәдениетінің басты талаптары ретінде тұжырымдалады.
А. Жапбаров тіл мәдениетінің жоғары болуына мынадай талаптар кояды:
-- сөздің жүйелі, анық, түсінікті болуы;
-- сөздің тілдегі орфоэпиялық, грамматикалық, лексикалық нормаларға сай дұрыс құрылуы;
-- сөздердің бейнелі, көркем, эмоциялы болуы;
-- сөздердің тыңдаушы немесе оқушының жағдайына, ортаның қажеттілігіне сай болуы.
Осы сияқты көптеген зерттеушілер, ғалымдар, педагогтардың ой-тұжырымдары мен пікірлерін қарастыра келе тіл мәдениетіне қойылатын талаптарды төмендегідей сараладық:
-- сөйлегенде тілдегі дыбыстарды дұрыс, анық айту;
-- сөйлеу әуені, қарқыны, дауыс күші мен кідірісті сақтау;
-- екпіннің түсуін, үндестік заңын сақтау;
-- сауатты, қатесіз жазу;
-- жазба мәтіндерде тыныс белгілерін сақтау;
-- әріп таңбаларын дұрыс, түсінікті жазу;
-- дұрыс айтып, сөздердің тізбегін табиғи заңдылықтарымен дыбыстау;
-- сөйлегенде сөз тұлғаларын, түрленуін сақтау, қосымша, көмекші сөздерді дұрыс, өз орнында қолдану;
-- сөздерді өз мағынасына қарай қолдану, мағыналарын анық біліп отыру;
-- сөйлемдерді, әсіресе, күрделі ойды білдіретін кұрмалас сөйлемдерді дұрыс құрастыру;
-- керекті сөзді сөздік құүрамның ішінен іріктеп, әдеби вариантын қолдану, ретсіз енген, баламасы бар кірме сөздерді, жергілікті тілге тән диалектілерді, жаргон сөздерді тұс-тұстан қолданудан қашық болып, реттеп отыру;
-- тілдегі ауызекі, ресми іс-қағаздарды, публицистикалық, көркем поэзиялық, ғылыми стильдердің әрқайсысының ерекшелігін сақтап отыру;
-- сөйлеу әдебінің сақталуы;
-- тілдегі көркемдік құралдар, тіл байлығын, оның мүмкіндіктерін пайдалану;
-- сөйлеуде тілдің өз заңдылықтарына қатысты халықтың ұлттық ерекшеліктерін сақтау;
-- сөйлегенде ойдың көлемі, мазмұндық құрылымы, хабардың жеткізу жүйесін реттеу.
Егер осы айтылған көрсеткіштер адам бойында дамып, жетілсе, онда осы адамның тіл мәдениеті жоғары деп санауға болады. Сондықтан мұғалімдер оқушыларға тілдік тәрбие бергенде тіл мәдениетінің көрсеткіштері мен талаптарын үнемі басшылыққа алып отырулары керек.
Тіл мәдениетін қалыптастыру тілді оқыту негізінде жүреді. Тілді оқыту -- тілдің дыбыстық құрамын, лексикасын, грамматикасын оқыту арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан, оқытуда сөйлеу тілін дамыту тіл білімінің толық саласынан оқушыға білім беру арқылы жүргізіледі. Тіл материалдарын игеру дегеніміз, оны тану ғана емес, сол материалды дұрыс түсіну әрі дұрыс қолдана білу дағдысын игере білу деген сөз. Олай болса тіл мәдениетін қалыптастыру, тіл дамыту тәсілдері мен әдістері, амалдары мен жолдары осыны ескере отырып белгіленуі керек.
Жалпы тәрбие үрдісінің дұрыс бағытта жүруінің кепілі -- педагогтар мен ата-аналар арасындағы өзара тығыз байланыстың болуы. Сондықтан тәрбие үрдісінің басым бөлігін ата-аналармен, балалармен бірлесе ұйымдастыру керек. Бұл тіл мәдениетіне де қатысты. Тіл мәдениеті шыңына жету жолы ұзақ әрі қиын. Ол отбасынан, балалар бақшасынан басталады, мектепте ана тілі жүйелі оқытылып, тіл дамыту, сауатты жазу үйретіледі. Оқушының мектептен алатын тіл сабақтары отбасы мен айналаның тіл сабақтарымен ұштасып жатуы керек. Мектеп ұжымы жүйелі жоспар құрып, шәкірттермен ақылдаса, ата-аналармен бірлесе жұмыс істеген жағдайда ғана үлкен нәтижелерге ие бола алады.

2. Етістіктің райлары және оның ерекшеліктері

Белгілі ғалым Ә.Жүнісбеков өзінің зерттеулерінде Етістік - тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарқынды ең кең грамматикалық категория деген болатын. Олардың күрделілігі мен қайырымдылығы оның аса өрісті болатын себебі - ол семантика тек субъектінің іс-әрекетін ғана емес, табиғат ауқымында, коғам өмірінде ұшырасатын, адамның абстракт ойы мен санасы арқасында туатын неше түрлі алуан амал, әрекет, іс, қимыл, қозғалыс, жай, күй сияқт процестерге қатысты ұғымыдарды түгел қамтиды.
Яғни, етістіктің лексика-грамматикалық формаларының бай болатын себебі - ол формалар амал-әрекеттің болу мезгілін, жүзеге асу кезеңін және олардың өту сипатын, бағыты мен қарқыны, тынуы тәрізді жайларды көрсетакішері есебінде қызмет етеді. Шынында форма жағынан етістікке бара бар болатын ешқандай сөз табы жоқ.
Етістіктің райларының өзі қимылдық, іс-әрекеттік жүзеге асу, орындалу мүмкіндігіне қарай 4 түрге бөлінеді: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай.
Профессор С.Исаев: Бұйрық мағына түбір етістіктің өзінде берілген, сондықтан бұйрықтың қай жаққа қатысын білдіру үшін етістікке тек жіктік жалғауы ғана жалғанады деп есептейді. Етістіктің морфологиялық белгілері мынадай: етістіктің түбірі екінші жақтық бұйрық райы болады да, басқа түрлері оның осы формасына қосымшалар қосылу арқылы жасалады. Яғни оның морфологиялық категориялары бұйрық райдан өрбіп жатады: оқы - р, йтын, - ған, -ып, - ыс, - ды, -пты.
Професор сонымен қатар бұл жағдайды былай жіктеп береді: біріншіден, етістіктің түбін тұлғасы мен бұйрық райдың 2 жақ тұлғасы бір емес, олар сыртқы түр жағынан ғана сәйкес келеді, сондықтан оларды ажырата білу керек, екіншіден, етістік түбірлері тікелей жіктелмейді, түбір тұлғасында белгілі бір мағына қимыл білдіргенмен, түбір күйінде тікелей сөйлем ішінде қолданылмайды, тек етістіктің белгілі грамматикалық тұлғаларын (есімше, көсемше, рай тб) жамылып, сол тұлғалар негізінде жіктеліп барып жұмсалады.
Кез келген сөйлемде оқиға, жағдайға қатысты алуан түрлі модальдік реңк болады. Модальділік реңк түрлі жағдайларға байланысты сөйлеушінің көңіл-күйіне қатысты өзгеріп отырады. Мысалы, қимыл иесінің объективті құбылысқа деген тілек-ниеті, өтініші немесе шарты және т.б. кейде шынайы көрініс тапса, кейде неғайбіл болып көрінуі мүмкін. Сондай-ақ лексикалық модальділік пен грамматикалық модальділік туралы сөз етіледі. Сөйлемнің модальділігі айтылған ой-пікірге толықтай қатысты болса, райдың модальділігі етістік баяндауышқа қатысты болатындығы айтылады. Қазақ тілі грамматикасының бастауы болған түркітанушы ғалым В.В. Катаринский мен қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ғалым А. Байтұрсынұлының еңбектеріндегі рай түрлері, оған берілген анықтамалар, мысалдар салыстырыла отырып талданады. Екі ғалымның рай категориясын танудағы пікір ұқсастықтары мысалдар арқылы көрсетіледі.

Етістіктің ең негізгі грамматикалық категорияларының бірі - рай. Рай категориясы қимылдың шындыққа қатынасын, яғни іс-әрекеттің іске асу мүмкіндігіне сөйлеушінің көзқарасын білдіреді. Сөйлеушінің айтылатын ой немесе хабарға көңіл-күй жайлары немесе оның анықтығы, шындығы, жорамал, күңгірттігі модальдік реңк арқылы беріледі. Мысалы, жазсыншы, жазсайшы, жазсаңызшы, жазсаңдаршы, қарар ма едім, күтер ме екенмін, қарасамшы, менің күткім келеді, сөйлесін т.б. етістік формаларында өзіне ғана тән, өзгелерінде жоқ модальдік реңк байқалады. Модальділік реңк түрлі жағдайларға байланысты сөйлеушінің көңіл-күйіне қатысты өзгеріп отырады. Мысалы, қимыл иесінің объективті құбылысқа деген тілек-ниеті, өтініші немесе шарты және т.б. кейде шынайы көрініс тапса, кейде неғайбыл болып көрінуі мүмкін.
Рай категориясын зерттеуші түркітанушы ғалымдар - Н.З. Гаджиева, Н.К. Дмитриев, Н.Г. Агазаде, У.Б. Алиев, Ж. Киекбаев, А.А. Ахундов, Х.Г. Нигматов, Е.И. Коркина, Н.А. Баскаков, А.Н. Кононов, Ш. Шукуров, М.В. Зайнуллин, Ф.А. Ганиев, А.А. Коклянова, Ф.Ю. Юсупов, Д.Г. Тумашева және т.б. еңбектерінде рай түрлерін тануда алшақтық байқалады. Оған райдың мағыналық жағынан да, сан жағынан да, форма жағынан да аса бай категория болғандығы, сондай-ақ, райлық мәндер туғызатын формаларға зерттеушілердің әрқилы көзқараста болуы себеп болса керек. Мысалы, өзбек тілінде Ш. Шукуров райдың үш түрі - ашық, шартты, бұйрық бар десе, А.Н. Кононов 4 түрлі рай - ашық, шартты, бұйрық, қалау түрлерін жатқызады. Ал А.А. Коклянова оған болжау райды (предположительное наклонение) қосса, А. Ходжиев мақсат райды (наклонение намерение) көрсетеді.
Ал қазіргі қазақ тілінде рай категориясының ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай сияқты төрт түрі көрсетіліп жүр. Қазақ тілінде рай категориясын тануда қазіргі зерттеушілердің көзқарастары бір жерден тоғысқанымен, әлі толық шешіле қоймаған мәселенің бар екенін айтқымыз келеді.
Тыңдаушыға қаратылып, қимылдың, іс-әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын білдіретін рай түрі бұйрық рай деп аталады. Мысалы: Тыңда, дала, Жамбылды! Ғылым таппай мақтанба. Қызсын еңбек, қайнасын күш майданда. Мен жазайын сізге хат, Оқып көрсін ол шыңдап. Етістіктің бұйрық рай тұлғасы бұйрықтық мағынамен бірге талап ету, тілек ету, ниет мағыналарын білдіреді. Әдетте бұйрықтық, талап ету мағынасы ІІ және ІІІ жақтарда анық көрінеді де, І жақта көбінесе ниет ету мағынасында келеді.
Ғалым С.Исаев өзінің соңғы зерттеулерінде етістіктің бұйрық рай (императив) деп аталып жүрген түрінің модальдық мағыналары - семантика жағынан да қарымы кең формалар. Бұл рай іске қосу, түрткі болу, ұсыныс жасау, кеңес беру, тілек айту, өтініш ету, жалыну, бұйыру тәрізді қыруар көп модальдік мағыналарды білдіреді. Демек, бұл рай сөйлеушінің белгілі бір істі жасау, жүргізу, тындыру туралы көңіл қошынан туған талабын, тілегін білдіреді. Қозғау салу, іске қосу мағынасы бір тыңдаушыға да, көп тыңдаушыға да, үш жақтың бәріне де арналады және етістіктің жалаң я күрделі түрлері арқылы да айтыла береді. Мыс: мен барайын, сен бар, ол бара салсын.
Модальдік мағыналарды білдіруге лексикалық тәсіл де, грамматикалық тәсіл де, интонация да қатысады. Бұйрық райға телініп, оның формасы ретінде қаралып жүрген грамматикалық тәсіл және оның көрсеткіштері, әдетте, сөйлеушінің тыңдаушыға белгілі бір амалды, істі істеу я жүзеге асыру қажет екенін меңзеген шешім білдіретіндіктен, осы ұйғарымның модальдік мағыналары, жоғарыда айтылғандай, әр түрлі болады. Ол модальдік мағыналардың біреулері әрқашан амалды істеу үшін біреуге ықпал жасау ниетін аңғартады да, ол субъектіні іске иемдеп, көндіру үшін қолданылады. Бұлар әрине бұйрық ретінде айтылады. Кей мағыналар тілек ретінде айтылады. Интонация арқылы бұйрық, өтініш мағынасын ажыратамыз.
1-жақтағы мен бар-айын, біз бар-айық, баралық формаларында бұйырудан гөрі істі өз мойнына алғаны, істі атқаруға өз ынтасы бары аңғарылады. 2-жақ формалары нағыз бұйыру мәнімен қатар, тілек, өтініш, кеңес, ұсыныс тәрізді модальдік мағыналарды да білдіреді. Бірақ бұл мағыналардың да қилы-қилы реңктері контекске, интонацияға қарай анықталып, эмоциямен, экспрессиямен ұштасып жатады.Ал - сын-сін формасы (3-жақ қосымшасы) бұйрық мәнін білдіріп, амалды жүзеге асыруға қозғау салу реңкін білдіреді. Бірақ бұл форма арқылы білдірілетін бұйрық 3-жаққа қаратылғандықтан, ол оптатив (тілек, өтініш) мәнінде жұмсалады.
Бұйрық формасына - шы-ші модальдік шылауы тіркессе, ол форма бұйрық мәнінен айырылып, сұрану (1-жақ), жалыну (2-жақ), өтіну (3-жақ) мағынасын білдіреді. Мыс: мен барайыншы, сен барсаңшы, ол барсыншы.
Түбір етістік пен бұйрық рай 2-жаққа қаратылған формасы екеуі бірдей деген пікірлер бар, алайда бұл қате. Себебі етістік қимылдың мағынасын білдіреді, ал бұйрық рай формасындағы етістік бұйрық мағынасын білдіреді. Мысалы: оқы - етістік, қимыл мағынасы. Сен оқы - бұйыру мағынасы. Етістік қимылдың тек өзін білдіреді, қимыл мағынасын береді: жаз, сал, бар. Ал қимыл процесінің атаулары - жазу, салу, бару.
Н.Оралбай: Бұйрық мағына түбір етістіктің өзінде берілген. Сондықтан бұйрықтың қай жаққа қатысын білдіру үшін етістікке бұйрық рай формалары жалғану керек, - десе, Ә.Төлеуов: Етістіктің түбірі 2-жақтың бұйрық райы болады да, оның басқа түрлері осы формасына қосымша қосылу арқылы жасалады, яғни етістіктің морфологиялық категориясы бұйрық райдан бөлініп жатады, - дейді. Етістік түбірі мен бұйрық рай ұғымдарын деп қарастырудың еш реті жоқ. Бұл тұрғыда С.Исаев:
1) Екеуін бір түрде атау керек, егер бір категория болса;
2) бұйрықтық, жақтық мағына болса, онда ол тұлға етістіктің белгілі бір грамматикалық категориясының (рай) бірі бола алмас еді;
3) етістіктің түбірін білдіретін мағына барлық етістік тұлғаларында сақталады, ал бұйрық мағыналы етістіктің белгілі бір сөздермен грамматикалық байланысы нәтижесінде көрінеді.
Бұдан шығатын қорытынды: етістік түбірі мен бұйрық рай әр түрлі. Етістік барлық грамматикалық тұлғалармен түрленіп, өз формасын сақтайды (кел-ді, кел-ме, кел-е-ді, кел-мек, кел-етін), ал бұйрық рай арнайы грамматикалық формалар арқылы өз формасын сақтайды (кел-ейін, кел-іңіз, кел-сін).
Ал етістіктің ашық райы іс-қимылдың шаққа (осы шақ, өткен шақ, келер шақ) қатысты орындалуын білдіреді, яғни іс-әрекеттің шындыққа қатысын сөйлеп тұрған сәтпен байланысты сипаттайды. Ашық райдың арнайы қосымшалары жоқ деген тұжырым жасайды ғалымдар. Сол себепті ашық рай категориясы жөнінде ақпарат аз.

3. Ашық, бұйрық райды оқыту барысында оқушылардың тілін дамытуға арналған тапсырмалар

Ы. Алтынсарин әдіс туралы былай дейді: балаға айтып түсіргеннен гөрі , қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды. Яғни кез келген берілген жаңа тақырып, пысықтауға арналған тапсырмалар оқушыларға түсінікті, жетімді болумен қатар, практикалық жағынан да тиімді болу қажет. Практикалық әдістерге әртүрлі дидактикалық ойындар, Миға шабуыл элементтері, ойын элементтері, бас қатырғыштар мен логикалық тапсырмалар, ойлау қабілетін арттыратын тапсырмалар мен шығармашылық бағыттағы түрлі әдістер жатқызуға болады.
Практикалық әдіске ойнау элементтері бойынша тіл үйрену кіреді. Дидактикалық ойындар оқушылардың білімін бекітіп, сөздік қорын молайтады, сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді дұрыс құрастыруға, қажетті сөздерді дұрыс тауып қоюға, кішігірім әңгіме айтуға жаттығады. Балалар ойынның тәртібін білмейтін балаға үйретеді, түсіндіреді.
Ашық рай мен бұйрық райды қазақ тілінде оқыту мектеп оқушыларының тілін дамыту барысында тигізер септігі мол. Оқушының тілін дамыту барысында ашық рай мен бұйрық райды қатыстырып тапсырмалар орындатуға болады. Тіл дамыту тапсырмаларын орындау арқылы оқушы тіл сауаттылыған, ой-өрісін дамыта отырып жаңа тақырыпты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың тіл және сөйлеу мәдениеті
Сөйлеу әдебі ағыл
Сөз мәдениеті Сөйлеу мәдениеті
Аффект
Қазақстандағы есту қабілеті бұзылған балаларға білім беру жағдайында оқыту процесін ұйымдастырудың бүгінгі көрінісі
Компьютерлік қысқарған әрі ұятсыздау естілетін сөздер
Жай сөйлемді оқытудағы тіл дамыту жұмыстары
Публицистикалық қағаздарды аудару
Тіл кемістігін топтастыру
Интеллект дамуы
Пәндер