Тұздың емдік қасиеті туралы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жалпы білім беретін «Қарақұдық мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы: «Тұздың тылсым құпиясы»

Секциясы: «Медицина»

Авторы: Ашимова Кәусар Асхатқызы 3 «Б» сынып оқушысы

ЖББ «Қарақұдық мектебі» КММ Маңғыстау облысы,

Қарақия ауданы, Бостан ауылы

Жетекші мұғалім: Байдуллаева Маусим Хамзеевна

Бастауыш сынып мұғалімі

ЖББ «Қарақұдық мектебі» КММ

Жұмыстың басталған жылы: 2022 ж

Бостан ауылы 2022ж

Мазмұны

Аннотация

І. Кіріспе - - - - - - - - - - - - - - - - - 3

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Теориялық бөлім:

2. 1. 1. Тұздар туралы жалпы түсінік- - - - - - - 4

2. 1. 3. Тұздардың тылсым құпиясы туралы қысқаша сипаттама -5

2. 2. Зерттеу бөлімі:

2. 2. 1. Тұздың емдік қасиеті туралы - - - - - - - - - - - 5

2. 2. 2. Қатпайтын тұз туралы - - - - - - - - - - - - - - - - 5

2. 2. 3. тұздың денсаулыққа зияны- - - - - -- - - - - - - - - 6

2. 2. 4. Адам ағзасында тұздың мөлшері туралы - - - -- - - - - - -6

2. 2. 4. Тұз туралы нақыл сөздер, мақал- мәтелдер- - - - - - - -- -7

ІІІ. Қорытынды

3. 1. 1. Тұздың адам өмірінде алатын орны - - - -- - - - - - - 8

ІV. Пайдаланған әдебиеттер - - - - - - - - - - - - 9

КІРІСПЕ

Зерттеу мақсаты : ас тұзының адам ағзасына пайдасын айқындап, емдік қасиетін дәлелдеу.
Зерттеудің міндеттері :
-тұздың түрлерімен таныстыру;
-тұздың емдік қасиеттерін айқындап көрсету;

-тұздың қолданылуы

Зерттеуге болжам: егер тұздың адам ағзасына әсерін айқындап белгілесек, онда көптеген игерілмей жатқан тұзды көлдерден өндірістік орындар ашып, шипажайлар ашуға көп үлесін тигізер еді.

Зерттеудің өзектілігі :

- көп жағдайда тұздың адам ағзасына әсерінің ескерілмеуі.

-тұздың құпиясын аша отырып, адам ағзасына әсерін анықтау.

Зерттеу нысаны : тұздың пайдасы, емдік қасиеті және басқа да ерекшеліктері

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Денсаулыққа емдік қасиеті

2. 2 Тұз түрлері

Тұздың адам өмірінде, өнеркәсіп, медицинада адамдардың тұзсыз тамақ ішпек түгілі, өмір де сүре алмайтыны ақиқат.
Қазір дәрігерлер науқастарға тұз бен қантта шектеу қойғанымен, оларға тұзды мүлдем қолданба деп ешқандай ақыл-кеңес бермейді. Біздің халқымызда «Ет бұзылса, тұз салар, тұз бұзылса, не салар?» деген қанатты сөз бар. Бұл тұз тәрізді қасиетке ие ешқандай заттың әлемде жоқ екендігін де паш етеді.

Ас тұзының ағзаға қажеттілігі жайлы айтатын болсам. Адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі үшін бірден-бір қажетті зат - ас тұзы. Ол тағамдардың дәмін келтірумен бірге асқазан сөлінде тұз қышқылын түзеді.

Ас тұзы - қазақ халқының тұрмысы мен медицинасында кең қолданылатын əрі кем болса болмайтын минералды дəрілерінің бірі.

1 Емдік қасиеті мен қолдану əдісі:

  1. Бастың тазына, дене теміреткесіне: 10 гр таза тұзды сірке суына араластырып жағады.
  2. Тіс қақсағанға: 1-2 гр таза тұзды суға қосып, оны араластырып ауызды шайқау керек. Бұл тістің қан құртына, тістің босағанына, тістің үгітілуіне де пайдалы.
  3. Маса шаққанға: аз мөлшердегі тұзды өсімдік майына немесе балға араластырып маса шаққан жерге жақса, сізді мазалаған аурудан тез айығасыз.
  4. Ісікті қайтаруға: жығылып мертіккенде, шыққан ұршықты қайта салғаннан кейінгі ісікке түйенің шудасын тұзға шылап, сол іскен жерге тартса ісікті қайтаруға көмектеседі. Бұл ем қазақ медицинасында ұзақ жылдардан бері жалғасып келеді. Өнімі жақсы болғандықтан «сормақта» деп аталады.

Көңіл бөлетін жағдайлар: тұз адам денесіне қажетті болғанымен, орта жастағылар мен қарттар, жүрек ауруы барлар мен қан тамыры тосылғандар тұзды аз тұтынған жөн.

Халық арасында «Астың дәмін тұз кіргізер» дейтін нақыл бар. Адам ағзасы мен денсаулығының беріктігін қалыптастыруда тұздың алар орны ерекше екенін мен мектеп аспазшысы жүргізген сұхбатымнан түсіндім. Адам ағзасының дұрыс қызмет етуі барысында тұз элементі қажетті компоненттердің бірі саналмақ. Оның құрамында ағзадан калийдің, яғни өте зиянды өнімнің шығуына ықпал тудыратын натрий орналасқан. Натрий мен кальцийдің ағзада тең дәрежеде жұмыс істеуі бойымыздағы сұйықтықтың белгілі мөлшерін ұстау арқылы, ұлпадағы су мөлшерін реттеп, қан тамырларының тұрақтылығын сақтайтын көрінеді. Ең бастысы асқазан сөліндегі тұз қышқылының түзілуіне жағдай жасайды. Сол себептен де, әр тұтынушы тұздың ¼ бөлігін пайдалану қажет. Сонымен қатар, ол қан ағысының қышқылдық құрамы мен артериялық қысымның деңгейін реттеп отыруға көмектеседі. Дәл сол себептен де тұз адамға оның ішкі органдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.

Мен өзімнің жұмысымды зерттеу барысында мектеп медбикесімен кездесіп сұхбаттастым. Ол кісінің айтуы бойынша: жас нәрестелер тұзды анасының сүтінен алады. Тұзды сумен тамақты шайқау - тамаққа, тіске пайдалы. Мұрын қабынуы және гаймориттерге тұзды сумен шайса өте пайдалы.

1. Басқа және денеге шыққан теміреткіге 10 г мөлшеріндегі тазаланған ас тұзын сірке суына ірітіп жақса, бірден ак тандақ болып жоғалады.

2. 1-2 г ас тұзын суға араластырып, сірке суына ерітіп, ауызды шайқаса, құрт жеген тіс пен босаған тістің түбі қатаяды. Сірке суына ерітіп, ауыз шайқаса, жоғарыдағыдай ем болады.

3. Зиянды жәндіктер шаққанда, тиісті мөлшердегі ас тұзын зығыр немесе балға қосып езіп, балшық дәрі жасап, жараға жақса, уытты қайтарады, ауырған жерді басады.

4. Ұрылып- соғудан болған немесе буын шығып қайта салғаннан кейінгі ісікті қайтару үшін тұзды езіп, соған түйе жүнін шылап, ісінген орынға таңады. Мұны сормақта деп атайды.

Тұз - тісті ағартуда таптырмайтын құрал. Стоматологке барып, медициналық жолмен тісті ағарту оның эмалін кетіреді деп естідім. Ендеше, ешқандай дәріге жүгінбей-ақ, тісті ағартудың жолы бар ма? Негізінен, тісіңіз ауырмасын әрі маржандай болсын десеңіз, онда алдымен тісті дер кезінде тазалап отыру керек. Ал ағартуға келсек, әрине, оған үй жағдайында қарапайым заттардың көмегімен қол жеткізуге болады. Мәселен, кәдімгі ас тұзының қасиеті өте зор. Себебі күнделікті тісіңізді күніне 3-4 мәрте тұзды сумен шайып отыру оларды маржандай етіп ағартып қана қоймай, күні бойына ауыз қуысын тап-таза етіп сақтайды. Тұзды ерітпей-ақ құрғақтай тіс щеткасымен алып, тісті ысқылауға болады. Тағы бір қарапайым рецепт: жарты шай қасық ас содасына, жарты шай қасық сірке суын қосып, шымшымдап ас тұзын араластырыңыз да, сол қоймалжың ерітіндіні тісіңізге жағып, 3-5 минут ұстаңыз да, шайып тастаңыз.

1. Үйді сырлағанда немесе бөлмені бояғанда, немесе иіссудың жағымсыз иісі жайлап кетсе, құтыға тұз салып, аузын ашып қойыңыз. Иіс жоғалып, тұзға сіңеді.

2. Балық пісірілген ыдыста балық иісі ұзақ уақыт сақталып қалса, кетіру үшін, тұз қосылған суық сумен ысқылап жуу керек. Иістен түк қалмайды.
3. Кофенің дәмін келтіру үшін, бір болар болмас тұз салсаңыз жетеді
4. Табаға май салып қызған кезінде, көпіріп кетсе, аздап тұз салу керек.
5. Қол орамалда дақ сіңіп қалса жумас бұрын, бір уыс тұз ерітілген жылы суға салып қойсаңыз, жоқ қылады.

6. Сарғайған терезегеде дақ түссе осылай жасаңыз.

7. Жұмыртқаны қайнатқыңыз келсе, суға тұз салыңыз. Су ішінде жұмыртқа жарылсада, ақуызы сыртқа шығып кетпей, бірқалыпты піседі.

8. Кесілген пиязды тұздап қойса, өзінің қалпын ұзақ сақтайды.

9. Таттанып кеткен баклашкаға тұз салса, тұз татты жоқ қылады.
• Ыстық күндері май салынған ыдысты тұзды суға малынған шүберекке орап қойса, май ерімейді.

• Тағам қуырған кезде табаға кішкене тұз сепсеңіз, май шашырамайды.
• Духовкаға қойған печенье күйіп кетпес үшін форма астына аздап тұз салу керек.
• Балдыр иісі шыққан балықты тұзы ащы езілген салқын суға салып қойса, жаман иіс кетіп қалады.

• Қабығы жарылған жұмыртқаны тұзды суға салып пісірсе, ақпайды.
• Көкөністердегі жәндіктерді тазарту үшін, оны пісірер алдында тұзды суға батырып алу керек.

• Жаңа сатып алынған шойын табаны пайдаланудан бұрын әуелі қатты жанып тұрған отқа қойып, ішіне тұз салып өртеп алу керек. Тұз құйып, қоңыр қызыл түсті болған кезде табаны оттан алып қоясыз да, біраздан кейін сол тұзбен табаның ішін ыстықтай сүртесіз. Бұдан кейін табаның ішін өсімдік майымен майлап, пешке қойып, әбден қыздырып аласыз. Осылайша «қыздырылған» табаға тамақ жабыспайтын болады. Осындай қызықты деректерді жинау арқылы өзіме көптеген ой түйіп, біраз қызықты мәліметтерге тап болдым. Және айтылған ең қызықты дегендерін, өзіме ұнаған бірнеше тәсілдерді үлкендердің көмегімен және жетекшімінің көмегімен тәжіреибеден өткізіп көрдім.

2. 2. Тұздың денсаулыққа зияны

Мен өзімнің ғылыми жұмысымда тұздың тек қана пайдалы жақтарына тоқталмадым, сонымен қатар зиянды жақтарына да тоқталдым. Іздене отырып, мынандай мәліметтерге тап болдым.
1. Тұзды мөлшерінен артық пайдаланса кейбір ауруларға әкеледі: қан қысымының көтерілуіне, бүйрек ауруларына шалдықтырады.
2. Тұз қорытылмайды, ағзаға сіңбейді. Қоректік қасиеті жоқ. Тұздың құрамында витамин, тірі қоректік заттар болмайды. Керісінше, бүйрекке, өтке, қуыққа, жүрекке, қан тамырларына зиян. Тұз бұлшық еттерді құрғатып, келеңсіз жағдайға жетелейді.

3. Тұз жүрекке у болуы ықтимал, сондай-ақ жүйкеңіздің қозуын арттырады.

Қазіргі кезде тұзбен емделу жайлы сауалнама қорытындысы

МЕНІҢ ТӘЖІРИБЕЛЕРІМ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұздың адам өмірінде алатын орны
Тұздың денсаулыққа зияны
Тұздың құпиясы
Қазақстан жеріндегі тұзды көлдер
Шикізаттарды мөлшерлеу
Тұздың пайдалану тарихы
Галофитті өсімдіктер және олардың биологиялық екрешеліктері
Полимерлік гель
Ешкі шаруашылығы
Сумен, бумен емдеу әдістері туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz