Сигналды релелердің сұлбасы


МАЗМҰНЫ
3. 6
4
Рельс тізбектерін есептеу
Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
КІРІСПЕ
Темір жолдағы пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және өткізу қабілетін арттыруға арналған электрлік орталықтандыру құрылғылары жүк айналым өсімінің жағдайында үлкен мәнге ие болуда. Темір жолдардың бұл құрылғыларымен қондырылуы тез қарқынды жүргізілуде.
Электрлі орталықтандыру көліктік өндірістік пен басқармасының тиімділігін арттыратын қуатты құрал болып табылады. Бекеттегі бұрма мен бағдаршамдарды қолмен қолмен басқарудан электрлік орталықтандыруға өтуі келесі мүмкіндіктерге жол ашты:әрбір 100 орталықтандырылған бұрмада жұмысшылар штатын 30-35 адамға қысқартты; пойызды өткізу үшін маршруттардың дайындалуын түзетті (қолдық басқаруда маршрутты орнату үшін 10-15 минут қажет болса, жаңа типтегі электрлік орталықтандыруда тек 5-7 секунд қажет), ал бұл бекеттің өткізу қабілетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Бекеттердің бұрмалары мен бағдаршамдарын орталықтандырылған басқару құрылғыларының дамуы олардың жаңартылуыны үздіксіз сапалы процесс болып табылады.
Бірінші жүйе бұрмалары мен семафорлары рычаг және иілгіш тартымдардың көмегімен басқарылатын механикалық орталықтандыру болды. Бұрмаларды ауыстырғанда сигналистің күші көп
жұмсалатын, сондықтан да посттардың әрекет ету радиусышектелген болатын, жүйе аз тиімді болды.
Содан кейін электрлі механика және электрлі жабылатын орталықтандыру пайда болды, оларда бұрманы ауыстыру үшін электр энергиясы қолданылды, сигналистердің еңбегі оңайланып, посттардың әрекет ету кеңейді. Бірақ та аппараттарда механикалық тұйықталу сақталғандықтан, олардың эксплуатацияда қолданылуы ыңғайсыз болды.
Бірінші рет механикалық тұйықталу мүлдем болмайтын релелік электрлік орталықтандыру пайда болды. Басында релелік орталықтандыру тек қана кішігірім бекеттерде салатын, эксплуатациялық жағдайда релелік аппаратураның сенімділігі тексерілді. Релелік орталықтандырудың кішігірім бекеттердегі ұзақ эксплуатация мыналарды көрсетті: жүйе пойыз қозғалысының қауіпсіздігін толығымен қамтамасыз етеді, тез әрекетті, түрлі эксплуатациялық жағдайларда қолдану мүмкіндігі.
1945 жылдан бастап релелік орталықтандыруды ірі бекеттерде сала бастады. Бірінші кезеңде орталық жеке
басқарылуымен релелік орталықтандыру салынды. Бекет бойынша кезекші күрделі маршруттарды орнатқанда көп әрекет жасамайтын да, орталықтандырудың тиімділігі төмен болды.
1947-1948 жж. маршрутты типті релелік орталықтандыру пайда болды, ол маршрутты орнатқанда бекет бойынша кезекшінің әрекетін минимумға дейін қысқартты. Соңыра тез қарқынмен тек маршрутты-релелік орталықтандыру ғана құрылды, қазіргі кезде жол беккттерінің көбі осы құрылғылармен жабдықталған.
Маршрутты-релелік орталықтандырудың сапалық жаңартылуынан БМРО блокты маршрутты-релелік орталықтандыру өңделген, ол 1960 жылдаң бастап типтік ретінде қабылданды, оны тек ірі беккттерде ғана емес кішігірім беккттерде де ендірді.
Соңғы жылдары кішігірім бекеттер үшін блогты орталықтандыру кең қолданылды. Ірі бекеттердің блогтау орталықтандыру сұлбалардың түзетілуінің негізінде мына түрдегі шешімдер қолданылды: кіру бағдаршамның шамдарын басқаруының унификацияланған сұлбасы; марка крестовинасы 1/22 бұрмалар бойынша қозғалыс кезіндегі үш мәнді бағдаршам сигнализациясы; электр жетекпен басқару сұлбасында бұрманы сөндірудің блок-макетін қолдану.
Маневрлік жұмысы бар кішігірім аралық бекеттер үшін жеке басқарылуы мен стативті монтажы бар электрлік орталықтандыру қолданылды. Бұл жүйедегі сұлбалардың құрылуы блогты орталықтандыру принциптері бойынша жүзеге асырылады, бірақ релелік аппаратура стативті панелінде орналасады, ал бұл отказ кезінде бір блогты емес, жеке релелерді ауыстыруға мүмкіндік береді.
1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1. 1 Қазіргі қолданыста бар жүйелердің салыстырмалы анализі
Пойыздарды қабылдау, жөнелту бойынша пойыздық жұмыс және бекет көлеміндегі маневрлік жұмыс жүзеге асырылатын аралық пен телімдік бекеттерде бұрма мен бағдаршамдардың орталықтандырылған басқару үшін техникалық құрылғылар енгізіледі. Бұл құрылғылар бұрма мен бағдаршамдардың электрлі орталықтандыру (ЭО) деп аталады.
ЭО құрылымына басқару аппараты, релелік аппаратура, қоректендіру көздері, бұрмалық электрлі жетектері, бағдаршамдар, электрлі РТ, кабельді желілер кіреді.
Қазіргі кезде ЭО негізгі түрі болып бұрма мен бағдаршамдардың релелік орталықтандырылуы табылады, онда басқару объектілердің бақылау мен басқару үшін пойыз қозғалысының қауіпсіздігі бойынша талаптарды орындайтын жоғары сенімділікті релелік аппаратурасын қолданады. ПТЭ талаптарына сай релелік орталықтандыру бос емес жолға орнатылған маршрут кезіне кіру бағдаршамның ашылуын; бұрмалар керекті күйге қойылмаса, ал жау маршруттардың сигналы ашық болса, берілген маршрутқа сай сигналдардың ашылуын; орнатылған маршрутты шектейтін ашық сигнал кезінде жау маршруттың сигналының ашылуын немесе маршрутқа кіретін бұрманың ауысуын болдырмайды.
Бұрмалар, сигналдар санына және қозғалыс өлшеміне байланысты бекеттерде релелік орталықтандыру жүйелерінің бірнеше түрлерін қолданады.
Электрлі орталықтандыру жүйесі дамуының анализінен келесі негізгі бағыттарды бөліп шығаруға болады:
- бұрма мен сигналдардың электрлі орталықтандыру жүйелері шешетін эксплуатациялық мәселелердің кеңейуі мен жаңартылуы;
- техникалық құралдардың модернизациясы (одан да сенімді мен экономды электромагнитті релелердің, түйіспесіз құралдардың, микроэлектрониканың, есептеу техникасы және ақпаратты тарату жүйелердің элементтері мен құрылғыларының қолданылуы) .
Электрлі орталықтандырудағы басқару мен бақылау объектілері болып электр жетекпен жасақталған бұрмалар, бағдаршамдар және электрлі РТ-тері табылады.
Электрлі орталықтандырудың негізгі түрі - релелік орталықтандыру. Мұнда басқару мен бақылау үшін пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жоғары сенімділікті релелік аппаратураны қолданады. Басқару аппараттарын түйіспесі бар басқару пульті немесе пульт-табло түрінде жасайды, ал бұл бекет бойынша кезекшінің жұмысын жеңілдетіп,
маршруттарды орнату мен бағдаршамдарды ашу бойынша оның әрекеттерін жылдамдатады.
Бұрма мен бағдаршамдардың басқару постынан алыстауына байланысты басқарудың келесі әдістері қолданылады:
- тікелей, бекет көлеміндегі бұрманың әрбір электржетегі мен бағдаршам кабельдің жеке өзекшесі бойынша басқарылады;
- кодалық, ТУ телебасқару кодалық сигналдарды берудің басқару постынан алыстағанда бұрмалық электржетектері мен бағдаршамдары жалпы сызықтық тізбек бойынша басқарылады.
Басқару постынан алыстауына байланысты бұрма, бағдаршаммен РТ-дің күйін бақылайды:
- үздіксіз, бекет көлеміндегі әрбір бұрма, бағдаршам мен РТ кабельдің жеке өзекшесі бойынша бақыланады;
- спародикалық, барлық алыстатылған объектілер ТС телесигнализацияның кодалық сигналдарды таратудың жалпы сызықтық тізбек бойынша бақыланады. Әрбір кодалық сигнал ТС бақыланатын объекттің күйі өзгерген кезде ғана бір рет беріледі және бұл күйі сақталынып тұрғанша қайталанбайды;
- циклдық, барлық алыстатылған объекттер үздіксіз қайталанылатын циклдардың жалпы сызықты тізбек бойынша бақыланады. Объектінің бірде-бір күйін бақылау көп рет қайталанылады, ал бұл бақылаудың дәлдігі мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Бұрма саны 25-30 көп емес кішігірім бекеттердің бұрмалары орталықтандырылған басқарылу үшін мыналарды қолданады: жергілікті тәуелділіктері мен жергілікті қоректену көзі РЦМ бар релелік орталықтандыруды. Бұл жүйедегі релелік аппаратура менқоректену көздерін бекет соңдары бойынша релелік буткаларда және батареялық колодкаларға орнатады. Басқару пульт түріндегі басқару аппаратын ДСП бөлмесінде орнатады. ДСП посты мен релелік будкалардың арасына және бұрмалар мен бағдаршамдар, бекеттің бұрмалар мен бағдаршамдарын тікелей басқарумен үздіксіз бақылау тізбегін іске асыратын кабельдер салынады. Түйіспені басу жолымен ДСП маршрутты орнатқан кезде әрбір бұрма жекеше ауысады, слардың ауысуының дұрыстығы туралы ақпарат алып, сигналды түйіспені басып бағдаршамды ашады. Маршрутты орнатудың мұндай әдісі бөлшекті деген атауға ие болды; орталықтандырылған тәуелділіктері мен жергілікті қорек көздері РЦЦМ бар релелік орталықтандыру. Бұл жүйедегі барлық негізгі релелік аппаратурана ДСП бөлмесінде немесе оның жанындағы орталық релелік будкаға орнатады. Релелік аппаратураның бір бөлігі бекеттің кіру мен шығу бағдаршамында орнатылатын релелік шкафтарға шығарады; қоректеу көздері бекет соңы бойынша батареялық шкафтарғажәне орталық релелік будканың қасына орнатылады. Бұл жүйеде тікелей басқару мен үздіксіз бақылаудың принципі және маршрутты орнатудың бөлшекті әдісі сақталынған.
Ірі бекеттердің бұрмалары мен бағдаршамдарын орталықтандырылған басқаруы үшін келесілерді қолданады.
Орталық тәуелділіктері мен бөлінген басқармасы РЦЦ бар релелік орталықтандырылуды. Бүкіл релелік аппаратура, қоректену көзі және пульт-табло түріндегі басқару аппараты бекет территориясындағы орталық постта орнатылады. Пульт-таблода бұрмалық түйіспелер, олардың көмегімен маршрутты орнатқанда ДСП бұрмаларды бөлек ауыстырады және бағдаршамдарды ашатын сигналдық түйіспелері бар. Бұрма, бағдаршам РТ-ге кабель салады. Олардың өзекшелері бойынша бекеттің барлық объектілерін тікелей басқару мен үздіксіз бақылау тізбектерін түзейді.
Орталық тәуелділіктері мен маршрутты басқармасы МРЦ бар релелік орталықтандыруды. Жекеше басқармасы бар жүйеге қарағанда берілген жүйеге маршрутты басқарма қолданылған. Пульт-таблода бұрмалық рукоятка мен сигналдық түйіспелердің орнына маршрутты түйіспелер орнатылған, олар әр маршруттың басы мен соңына орнатылған. Маршрутты орнатқан кезде ДСП маршруттың басы мен соңыныңтүйіспелерін басады, содан кейін маршрутқа кіретін барлық бұрмалар бір кезде ауыстырылып, бағдаршам ашылады. Маршрутты басқару маршрутты орнатуды тездетіп, автоматтандырады. Егер де жеке басқарудағы ең күрделі маршруттың орнатылуы 30-40 секунт уақыт алса, маршрутты басқарудағы бұл уақыт 5-7 секунтты құрайды.
Релелік аппаратурасы типтік блоктарда орнатылған блокты маршруттық-релелік орталықтандыруды БМРО. БМРО қолдану кезінде келесі мүмкіндіктер туындайды: орталықтандыру құрылғыларын жобалау мен құрылыс мерзімі қысқарады; зауыттық аппаратураның шығарылуын тездетіп, сапасын жоғарлатады; эксплуатация кезінде қызмет көрсету шарттарын жақсартады.
БМРО жүйесі құрылыс кезіндегі монтаждық жұмыстардың көлемін айтарлықтай қысқартып, орталықтандырылған құрылғыларды әрекетке енгізілуін тездетеді. БМРО жүйесі магистральді және өндірістік көлік желісінен кең қолданыс табуда.
Жекеше басқармасы бар блогты электрлі орталықтандыруды 30 орталықтандырылған бұрма бар бекеттерде қолданады. Бұл бекеттерде, пойыздықтан басқа, бекеттің әрбір ауқымында маневрлік маршруттар қолданылады. Жобалау жұмыстары мен монтаждың бір типтілігі және қысқартылуы үшін жеке басқармасы мен блогты монтажы бар релелік орталықтандыру қолданылады. Блогты монтаждауда ірі бекеттер үшін атқарушы топтың типтік блогтары БМРО қолданылады. Басқару аппаратының ретінде желоб типті жарық сұлбасы мен сигналды бір контактілі екі позиционды түйіспелері бар пульт-табло қолданылады. Плюстік пен минустық күйлердің түйіспелерінің көмегімен бұрмалардың басқарылуы іске асырылады және де плюстық пен минустық күйлерді бақылау лампочкалардың көмегімен бұрмалардың күйін бақылау іске
асырылады. Түйіспелер мен лампочкалар көлденең орналасады. Взрездің қоңырауынан бөлек, бұрмалардың взрезін бақылайтын бір топтық лампочка ескеріледі. Бұрмалық жолдың телімінің РТ-терінің бостығын бақылаусыз бұрмалар ауыстырылады.
Маршрутты жасанды бөлудің топтық түйіспесі плонбаланбайды, бірақ та оның басылым санының механикалық санағышы ескеріледі. Жеке секциялардың жасанды ажырату түйіспелері де плонбаланбайды. Басты жолдағы кіру мен шығу бағдаршамдардың шақырушы шамдарын қосу түйіспелерін плонбаланбайды, оларда механикалық санағыштар болады.
Маршруттардың орнатылуы мен бағдаршамдардың ашылуы бекеттің жарық сұлбасының астында орнатылатын кішігабаритті екі позиционды түйіспелердің көмегімен жүзеге асырылады. Жеке басқармасы бар орталықтандырудың негізгі аппаратурасы, БМРО атқарушы топтағыдағы блоктар болып табылады.
ЭО-ның перспективалық жүйелері болып электронды мен компьютерлік табылады. Электронды жүйелерде релелік-түйіспелік аппаратураның орнына пойыз қозғалысының қауіпсіздігі бойынша барлық талаптарды орындайтын, орталықтандырудың жұмысын қамтамасыз ететін түйіспесіз элементін қолданады. Компьютерлі жүйелерді жалпы өндірістік тағайындалуы бар УВК қолданумен құрайды, олар пойыз қозғалысының графигіне сәйкес маршруттардың автоматты орнатылуын қамтамасыз етеді.
Бұрмалар мен «Диалог» сигналдарының микропроцессорлық орталықтандырылуы.
МПЦ «Диалог» жаңа құрылыс кезінде, толық немесе бөлшекті реконструкция кезінде бұрмалар мен бағдаршамдарды басқару құрылғыларымен бекетті жабдықтау үшін және бекеттік құрылғыларды ДЦ, ДК-мен СПД-ЛП жүйелеріне қосылу үшін арналады.
МПЦ «Диалог» - бұл пойыз қозғалысының қауіпсіздігінің талаптарын орындайтын бекеттегі маршруттардың орнатылуын, тұйықталуын және ажыратылуын қамтамасыз ететін микропроцессорлық құрылғылардың кешені.
МПЦ «Диалог» келесі функциялар интегралданады: электрлік орталықтандыру; ДЦ мен ДК жүйелерінің сызықты пункті; көрші бекеттерді телебасқару аппаратуралары; МАЛС посттық аппаратуралары; СЦБ құрылғылардың қалыпты жұмысы бұзылғанда және пойыздардың бекеттерге және оларға қатысты аралықтарда пойыздар қозғалысында бекет бойынша кезекшінің әрекеттерінің логикалық бақылануы; байланыс арнасы бойынша тарату үшін ақпаратты дайындау және өңдеуде СПД-ЛП аппаратуралары; жолдардағы жұмыскерлерді хабарландыруды қамтамасыз етілуі.
МПЦ «Диалог» көмегімен бұрмалардың күйін бақылауға, олардың жұмыс режимдерін бақылау, олардың жергілікті басқаруға тарату, жол, бұрмалық пен жолдық телімдердің бағдаршамдардың, аралық, жақындау телімдері мен СЦБ-ның басқа құрылғыларының күйлерін бақылауға;
монитор экрандарында бақылау мен басқару объектерін айқындалуын; маршрутты беруге, оларды ажыратуға; маршруттарды беру кезінде және жеке объекттерді басқаруда пойыз қозғалысының қауіпсіздік шарттарын тексеруге; бұрмалар, бағдаршамдар мен СЦБ басқа құрылғыларын, аралықтағы қозғалыс бағытының сұлбасын басқаруға; бұрмаларды және жолдық телімдерді сөндіруге және қосуға; бұрма басқармасын және бағдаршамдардың ашылуын блоктауға; күзетші бұрмалардың автоқайтаруын жүзеге асыруға; переезді сигнал беру құрылғыларын басқаруға; бекет бойынша кезекшінің бұйрықтарын енгізіп, протоколдап, қатты дискіде бақылау объектілері, басқару командаларын күйі мен ДСП әрекеттері туралы ақпаратты сақтауға; САУТ, МАЛС, КГУ, УКСПС, УТС жүйелерімен, бұрмаларды электроқыздыру құрылғыларымен, жолдағы жұмыскерлерге хабарландыру құрылғылармен өзара әрекеттесу; диагностикалық және анықтамалық ақпаратты көрсету мүмкін болады.
МПЦ «Диалог» ДЦ кезінде диспетчерлік телебасқару режимдерінде немесе маршруттық, жеке басқару режимдерінде бұрмаларды, бағдаршамдарды басқаруын және маршруттардың берілуін қамтамасыз етеді.
Маршруттық режимде МПЦ «Диалог» пойыздық пен маневрлік маршруттарды орнатады, берілген маршрутты шектейтін бағдаршамды ашады. Бұл кезде қажетті өзара тәуелділікті және бұрма мен бағдаршамдардың өзара тұйықталуын тексеріп, қауіпсіздіктің барлық шарттары қамтамасыз етіледі. Маршруттық режим негізгі болып табылады.
Жеке басқару режимінде МПЦ «Диалог» берілген объектке қатысты барлық тәуелділіктерді тексеріп, объекттерді жеке басқарады. Бұл режим бұрмалар сөндірілуі, жолдардың жабылуы және т. б профилактикалық және жөндеу жұмыстарда қолданылады.
Жауапты бұйрықтар режимінде МПЦ «Диалог» мыналарды жүзеге асырады: оқшаулағыш телімнің жалған бос еместігі кезінде бұрмалардың қосымша ауыстырылуы, жартылай автоматты блоктауда жасанды келуінің берілуі; жолдық және бұрмалық телімдердің жасанды ажыратылуы; шақырушы сигналдардың қосылуын; переезді ашады; кіру бағдаршам ашылғанда УКСПС бақылауын болдырмайды; маршрутты орнатпай-ақ бұрманы қосымша тұйықтайды; кешенді дөңесті құрылғыларды және станциондық тежегіш упораларын блоктайды, АБТЦ кезінде аралық пен телімді деблоктайды; сандық радиоарна арқылы пойыз қозғалысын басқару бұйрықтарын береді; осьтерді есептеу құрылғылардың көрсеткіштерін түсіріп тастайды; сигналды пайдалануын сақтауынсыз тәуелділігінен және сигналды пайдалануды сақтап, олардың макетке орнатылуымен тәуелділіктен бұрмаларды қосады.
Ақаулы объекттерді басқару бойынша барлық әрекеттер пультте орнатылған қорғау түймесі бар жауапты бұйрықтар режимінде орындалады. Бұл режимде бекет бойынша кезекші түймені басып АРМ-нен уақыттың белгілі регламенттелген интервалында бірінші жауапты атқарушы бұйрықты
жібереді. Екінші жауапты атқарушы бұйрық біріншісінің қабылдануы нақтыланғаннан кейін белгілі регламенттелген уақыт интервалында жіберіледі. Және де уақыттың көрсетілген интервалында басқа бұйрықтарға тиым салынады.
МПЦ «Диалог» логикалық бақылайды:
- бұрма бақылануының санкцияланбаған шығынын (ауыстыру уақытын ескере отырып) ;
- жалған бостығы және РТ-дің бос еместігін;
- маршрут орнатылуының дұрыстығын;
- бір шақырушы сигналының ашылуын;
- қосымша ауыстыру режиміндегі тек қана бір берілген бұрманың күйін өзгертуін;
- бағдаршамның тиым салу көрсеткішін басып өту;
-бекеттер мен аралықтардағы марщрутталған қозғалыста жолдық телімдердің бос еместігі мен босатылуының тізбектілігінен ығысуын болдырмау;
- сигналдық көрсеткіштің пойыздық күйімен салыстырғанда бағдаршам сигнализациясының дұрыстығын;
- бағдаршамның тиым салушы көрсеткішке ауысу себебі;
- маршруттың жасанды бөлінуі немесе болмауы, переезді сигнализацияны басқару кезінде уақыттың фактілік шыдамын және т. б.
Тұтынушылар бұйрықтарының көмегімен орнатылған күйде кез-келген бұрманы, және содан кейін блоктан шығару және жабық күйде кез-келген бағдаршамды блоктауға, жол мен секциялар бойынша қозғалысты жабуға болады.
Ebilock-950 жүйесінің бұрмалар мен сигналдардың микропроцессорлық орталықтандыру.
Соңғы уақытқа дейін Ресей жолдарында бұрмалар мен сигналдарды орталықтандыру жүйелерінде негізінен электромагнитті типті релелер қолданылған. Жол және Қатынас Министрлігінің Коллегиясының қабылданған ақпаратты технологияларды ендіру бағдарламасы темір жол көлігіндегі тасымалдау процессімен басқарудың көп деңгейлі жүйесінің төменгі түйіні ретінде бекетте қолданылатын техникалық шешілуі қозғамай өте алмады.
Микропроцессорлы жүйелер қауіпсіздік деңгейін арттырып, айтарлықтай аз ауданды алады, аз электроэнергияны жұтады, құрылыс монтаждық жұмыстың көлемін азайтады және пайдалану шығындарын азайтады.
Орталық процессордың (ЦП) объектті контроллермен кабельдік жалғануы сақиналы сұлба бойынша жүргізіледі, бұл кезде кабельдің бір жерде үзілуі құрылғылардың қайтаруына алып келмейді.
Релелік типті орталықтандыру оның пайдалануына кеткен материалдық
және еңбектік шығындарын көп қажет етеді. Біріншіден, бұл элекромагнитті релелердің көп санына байланысты, бұл релелерді орталықтандыруға енгізгенше тексеру керек. Бұдан басқа, басқару пультіне, табло мен магистральдық кабельді желісіне қызмет көрсетуіне көп уақыт кетеді.
Компьютерлік типті орталықтандырудың ақпараттық технологияларды тасымалдау процессіне енгізуде және темір жол көлігінің құрылымдық бөлімшелер жұмысын басқаруда бір қатар артықшылықтар бар.
Компьютерлік орталықтандыруды посттық құрылғылары орнатылатын бөлмелерді құрмай-ақ пайдалануға енгізуге болады. Бұл үшін барлық посттардың ғимараттары қолданылады немесе басқа қызметтік-техникалық ғимараттардың бөлмелері де жарайды. Бұл релелік типті ЭО модернизациялауда өте маңызды.
Бұдан басқа, құрылыс-монтажды және іске қосу-наладочның жұмыстардың құндылығы төмендеп, мерзімі қысқарады.
Осы барлық артықшылар компьютерлі типті орталықтандыруға Ebilock-950 тән. Ол ПГУБС, ГТСС, ВНИИУП қатысуымен «Бамбардье Транспортейшн (Сигнал) » Ресей-Швед біріккен мекемесімен ресей темір жолдарының техникалық және технологиялық талаптарына бейімделген.
Ebilock-950 жүйесінің объекттік контроллерлері отандық РТ-мен, сигнал, элекрожетектері, релелермен өзара әрекеттесуге мүмкіндік беріп, барлық автоблоктау, переезді белгі беру және т. б бар жүйелермен үйлестірілуін орындайды. Сондықтан да негізгі мәселелердің бірі-электронды орталықтандырудың шекараларын анықтау, релелік орындаудағы қалған құрылғылардың үлестіру үшін интерфейстерді өңдеу болып табылады.
Электрқоректендіру жүйесіне аса назар аудару керек. Соңғы уақытқа дейін СЦБ-ның электронды құрылғыларының кепілдік жұмысын қамтамасыз ететін сенімді жүйе болмады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz