Оқытушының тұлғалық өсуі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

І Оқытушының тұлғалық өсуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Оқытушының тұлғалық өсуі түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Оқытушының тұлғалық өсуінің мазмұнды қыры ... ... ... ... ... ... 13

ІІ Оқытушының кәсіби өсуі және өзін-өзі жетілдіру мәдениеті ... ... ..
2.1 Оқытушының кәсіби тұрғыдан өсуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2 Педагогың кәсіби тұрғыдан өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі оқыту мәдениеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

К І Р І С П Е
Жаңа адамды қалыптастырудың көпқырлығы мен күрделілігі қазіргі тәрбие теориясы мен практикасы үшін педагогикалық шеберлікті қажет етеді. Кәсіби білім беру жүйесінде тұлғаның кәсіби түрде қалыптасуына ғылыми көзқарастың талабы соңғы онжылдықтарда ерекше өзекті бола бастады. Құзыретті дамыған тұлғаның қалыптасуы, сауатты маманның қалыптасуы қазіргі кезеңдегі барлық кәсіптік білім беру жүйесінің маңызды міндеттері болғандықтан, ғылым ретінде кәсіби педагогиканың алдында жаңа міндеттер тұр.
Кәсіптік білім беру мазмұнын құруға құзыреттілік тәсілдің заманауи талаптары, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа нысандарын, әдістері мен құралдарын дамыту, кәсіптік білім беру мекемелерінің жаңа түрлерін қалыптастыру, жалпы және кәсіптік мектеп үшін мемлекеттік білім беру стандарттарын әзірлеу және енгізу, кәсіптік стандарттарды енгізу-мұның барлығы кәсіптік білім беру жүйесіне және кәсіптік педагогикаға көзқарастарды елеулі қайта өңдеуді талап етеді.
Бүгінгі таңда кәсіби педагогиканың қалыптасуы мен дамуы, ең алдымен, кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесі үшін маман, кәсіби маман даярлауға және тұтастай алғанда елдегі кәсіптік-білім беру қатынастарының бүкіл жүйесін дамытуға қоғамдық және мемлекеттік қажеттілікке байланысты. Кәсіби педагогиканың логикалық-тарихи талдауы кәсіби тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа берудің заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ, қарапайым рөлден, әлеуметтік тәжірибені көшіруден бастап, шығармашылық пен инновацияның көрінісіне дейін дамиды.
Жалпы педагогикалық қызмет барысында педагогика ғылымының дербес саласы ретінде кәсіби педагогиканың ерекшелігін анықтауға ерекше назар аударылады, оның жалпы білім беру педагогикасына қатысты өзіндік ерекшеліктері анықталынады.
Кәсіби педагог кәсіптік және кәсіптік-педагогикалық білім берудің әдіснамалық негізі болып табылады. Ал кәсіптік-педагогикалық білім беру шеңберінде кәсіптік білім берудің барлық түрлері мен деңгейлері үшін педагогикалық мамандарды даярлау жүзеге асырылатындықтан, осы өзара іс-қимылдағы кәсіби педагогиканың рөлі мен маңызы айқын.
Жалпы бұл жерде негізгі ой, тек ғана кәсіби педагогика саласы туралы емес, педагог мамандардың педагогикалық өзін-өзі тәрбиелеуі,біліктілігін жетілдіруі, кәсіби тұрғыда өсуі туралы болмақ. Педагогикалық өзін-өзі жетілдіруі, тәрбиелеуі, кәсіби тұрғыда өсуі барысындағы кәсіптік шеберліктің оңтайлы түрде қолданылуы туралы.
Зерттеудің өзектілігі: Жалпы курстық жұмыстың жазылу барысында педагогика ғылымының дербес саласы ретінде кәсіби педагогиканы негіздеу жүзеге асырылды, оның педагогика ғылымдары жүйесіндегі орны анықталды, сондай-ақ қоғам дамуының қазіргі кезеңіндегі кәсіптік білім мен экономиканың диалектикалық байланысы анықталды.
Зерттеу мақсаты:Педагогика саласында кәсіптік шеберлікті педагогтың кәсіби тұрғыдан өзін-өзі тәрбиелеуі, өсуі, өзін-өзі оқыту мәдениетін қолдануды теориялық-әдістемелік негіз ретінде қолдану.
Зерттеу нысаны: : Жалпы білім беру жүйесіндегі педагогтың өзін-өзі жетілдіру, тәрбиелеу өсуі кезінде қолданылатын кәсіптік шеберлік.
Зерттеу пәні: Педагогика және психология мамандығының білімгерлеріне, сондай-ақ, мұғалімдерге, тәрбиешілерге арналған педагогикалық шеберлік негіздері.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Педагогтың педагогикалық біліктілікке, әлеуметтік іс-әрекетіндегі қажеттілікке, дүниетанымы мен қабілеттерін қалыптастыруға,жан-жақты дамуы мен жетілуіне бағыттау.Педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен біліктілігін, тәрбиені ұштастыра алуы.
Зерттеу міндеттері:
Теориялық дайындығы, яғни өз пәні бойынша білімі жеткілікті, ол білімге деген талап деңгейін жете білуі.
Әдісін жетілдіру, яғни өз жұмысында пайдалана білу ерекшелігі, әр тәсілдің жетістігін дұрыс пайдалана отырып, тиімді және тиімсіз жолдарын анықтау. Оларды дұрыс сараптап, тиімді пайдалану жолдарын шеше білу керек.
Өз жұмысының мазмұны мен мәнін түсіну, оның қоғамға керектігін дұрыс түсіну, зерттеу жүргізу, өз жетістігін көрсетіп бағалай білуі.
Мұғалімдік жұмысында белгілі бір мақсат қойып, теориялық, іскерлік тәжірибесін оқыту мен тәрбиелеуге бағыттау.
Шығармашылықпен еңбек ету кезеңі.
Барлық жұмыстарына жеке-жеке талдау жасап, баға беріп, әдіс-тәсілдерін таңдап, жүйелеп тақырып алуға дайындау.
Озық педагогикалық тәжірибесін жинақтап көпшілікке ұсыну.
Өз тәжірибесінің технологияға сай немесе өз әдіс-тәсілінің қолданудағы жетістігі, тиімділігі мен қиыншылығы туралы талдау жасау.
Тақырып мазмұнын практикалық жағынан ашу үшін сабақ беретін технологияны өзге мұғалімдер қалай қолданып жүр, әдіс-тәсілдеріндегі өзгешелігі неде, өз жұмысымен салыстыру, саралау, талдаулар жасау.
Зерттеудің әдістері мен көздері:
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, мемлекеттік бағдарламаны, тұжырымдаманы, тұғырнамалық құжаттарына шолу жасау, эксперимент жүргізу,ғылыми әдебиеттерді талдау, анализ синтез, әңгіме, рейтинг, тәжірибелік сабақтар мен тәжірибелік жұмыстар нәтижелерін өңдеу қорытындылау әдістері қолданылады. Зерттеудің мақсаты, міндеті мен болжамын тексеруіне сәйкес педагогикалық, психологиялық, дидактикалық, еңбектерді, педагогикалық тәжірибелерді теориялық тұрғыдан талдау.
Курстық жұмыстың құрлымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, төрт бөлімшелерден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
I Оқытушының тұлғалық өсуі
1.1 Оқытушының тұлғалық өсуі түсінігі
Оқытушының тұлғалық өсу түсінігі бірнеше: тұлға, даму, өсу, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі маңызды ету, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі анықтау, тану санатын қарастыруға байланысты.
Психологиялық тұрғыдан тұлға қоғамдық дамудың ерекше құбылысы, сана мен өзін- өзі тануға ие нақты тірі адам ретінде танылуы мүмкін. Тұлғаның қалыптасуының үш бағалау өлшемі бар, оларға: шығу тұлғаның өз жүріс-тұрысына саналы түрде жетекшілік ету, басқару мүмкіндігі бар жатқызуға болады.
Өзін-өзі маңызды ету-бұл адамның өзіндік тұлғалық мүмкіндіктерін толығырақ анықтау және дамыту мүмкіндігі, [1] .
Өзін-өзі жетілдіру - жеке идеяларды ұғу, онымен өзіңді салыстырып, өзіңді өзгертуге тырысу, [1].
Өзін-өзі өзекті, маңызды ету тұлғаның өз ұстанымын саналы түрде бекіту жодымен өзін-өзі тануға, білуге талпынысы-ынтасымен байланысты.Тек сол ғана адамды белсенділік танытуға, өзін өзге адамдармен қарым-қатынас жасауға, сол арқылы әлеуметтік ортада өз орнын табуға ынталандырады.
Тұлғалық өсудің негізі - Мен тұжырымдамасы. Мен ұғымы адам туралы барлық ғылымдарда пайдаланылады. Сонымен қатар ол өте құбылмалы, белгісіз, көп мағыналы болып келеді. Философияда Мен адами тұлғаның рухани орталығы деп қарастырылады. Психологтар оны, бір жағынан, тұлға, екінші жағынан, өзіндік сана ұғымымен ұштастырады, бірақ ол онымен бітпейді, себебі Мен-жай ғана тұлға емес, ішкі жан дүниесін қарастырылатын тұлға.
Біздің Мен- бұл тұлға аясы, яғни өзін-өзі іштей тану мен тұлғаның ақиқатқа бейімделуді іске асыруымен сипатталады.
Әрине, Мен- бұл өзін-өзі танудың өнімі, бірақ адам өзін тұтас қабылдап таниды, себебі физикалық мен бар, яғни дене, сырт пішіні,нақты адамның физикалық қалпы. Эмоциялық Мен бар , оларға сезім, қобалжу, көңіл күйі түрінде көрінеді, зияткерлік Мен бар , ол ойлар әлемінде көрінеді.
Мен тұжырымдамасы-бұл деңгейлі және күрделі түзілім,ол өз-өзіне деген құрылымдардың жиынтығы: мен нақты, мүлтіксіз, адамның өзі қандай, қандай болғысы келеді дегенді білдіреді.
Адамның өзін-өзі танытуы физикалық және рухани жағынан қажетті нысан жағдайы, өзін-өзі таныту,білдіру- адамның болмыстық қажеттілігі, өзін-өзі анықтаудың, қалыптастырудың нәтижесі мен үдерісі. Меннің болмысын ашу ретіндегі өзін-өзі дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған шығармашылық үдерісі.
Өзін-өзі дамыту-бұл жекебастың өз-өзіне деген шығармашылық қараым-қатынасы, өзгерту мақсатында сыртқы және ішкі әлемге белсенді әсер ету үдерісінде өзін-өзі жасауы, [2].
Дамыған тұлғаның үш :басқа адамдарға зияны тимейтіндей қажеттіліктерді қанағаттандыру ; еңбекте жемісті болу; күнделікті өмірде күш-қуат пен төзімділікті таныту; кәсіби өзгерісті және жаңа өмірлік тәжірибені қабылдауға дайын болу белгісі ерекшеленеді.
Мен тұжырымдамасы- үш бастының бірігуі; өзін құндылық ретінде ұғыну,өзін тұтастық ретінде ұғыну, өзін ерекше шығармашыл тұлға ретінде ұғыну.
Өзіндік сана адамның іс жүзіндегі және танымдық еңбектің субъектісі ретінде, тұлға,оның құлықты бейнесі мен қызығушылықтарын ,құндылықтарын, мақсат-мұраттары мен жүріс-тұрыстың негіздемелері ретінде; өзін-өзі толық түсіну , өзінің мағынасын, өмірдегі ,қоғамдағы рөлін түсіну ретінде қарастырылады.
Кәсіби өзіндік сана адамның өз ісінің шебері,шебердің тұтас бейнесі, өзіне шебер ретіндегі қарым-қатынас жүйелерінің түсінігі ретінде қарастырылады.
Осыған байланысты кәсіби өзіндік сана келесі құраушылардан тұрады:
өз қасиеттерін сезіну үшін үлгі ретінде өз мамандығының үлгілерін,ереже мен нормаларын адамның түсінуі;
бұл қасиеттерді өзге адамдардан көріп,өзін өзге адаммен ойша не шынайы салыстыру;
адамның өзінің жеке қорларын бағалауы, өзін түсінуі, кәсіби жүріс-тұрысын,өз-өзіне қарым-қатынасын, өзін бағалауды түсінуі.
Маманның өзін-өзі тануын былай қарастыруға болады:
өзінің белгілі кәсіби қоғамға қатынасын ұғу;
өзінің кәсіби үлгі-өнегелерге сәйкестігін, кәсіби қызмет құрылымында өз орны және олар жайында өз пікірін білуі;
өзінің мықты және әлсіз жақтарын, даму жолдарын, жұмыста өзіндік ізді білуі.
Педагогтің кәсіби өзін-өзі танытуы былай түсіндіріледі:
көкейкесті Мен, яғни педагог өзін-өзі қалай көреді;
ретроспективті мен, яғни педагог жұмыстың басқа сатыларында өзін қалай көріп бағалайды;
мінсіз Мен, яғни педагог ол өзін қалай көргісі келеді;
рефлексивті мен , яғни педагогтің ойынша, жетекшілері, әріптестері, студенттер мен олардың ата-аналары оны қалай бағалайды.
Педагогтің кәсіби өзіндік санасының құрылымы үш жерде қиылысады: когнитивті, аффективті, құлықты. Әр құрылымның мазмұндық сипаты: мен-түсінуі, мен-қатынас, мен-жүріс-тұрыс.
Когнитивтік құрылым үш құрамдас бөлшектен тұрады: педагогикалық еңбек, педагогикалық үйлесім, педагогтің тұлғасы.
Аффективтік құрылымның Мен-қатынасында екі деңгей ерекшеленеді: әлемдік және ықпалдастық түріндегі өзіне қарым-қатынасы , ол- өзін құрметтеу, өзіне қызығушылық таныту, өз меніне күтілетін қолдау.
Құлықты құрылымға педагогтің кәсіби қызметімен қанағаттануы жатады.
Қорытындылай келе, тұлғалық өсу-көп қырлы түсінік деп білеміз. Сондықтан бұл ұғымды өзін-өзі дамыту, үдерістің үздіксіздігі құбылысы ретінде қарастыру керек,[2] .

1.2 Оқытушының тұлғалық өсуінің мазмұнды қыры

Тұлғаны құрайтын элементтерді мына құрылымдарды жатқызуға болады: өзін-өзі тану, өзін-өзі ынталандыру, тұлғалық және тұлғалық өсуді бағдарламалау, өзін-өзі жетілдіру негіздейді.
Аталған құрамдас бөлшектердің әрқайсысына талдау жасайық.
Өзін-өзі тану- бұл өзіңді-өзің тану, [1] .
Өзін-өзі тану адамның өз мүмкіндіктерін,күшті және әлсіз жақтарын білуіне бағытталған. Бұл қарым-қатынас үдерісінде басқа адамдармен қатынасқанда, бірлесіп жұмыс істегенде, адамда өзінің сенсорлық ұйымдастырушылық қабілетін анықтауға мүмкіндік туғанда, байқағыштық, зерде, ойлау операцияларының сөйлеу ерекшелігін тану.
Өзін-өзі тану үдерісі мыналардан құралады:
өзін-өзі тануға көшу үшін адам белгілі материал қорын жинауы қажет;
бұл материалды жинау үшін белгілі іспен айналысу керек;
адам-бұл өздігінен дамушы жүйе, сондықтан да өзін-өзі тану әрдайым өз нысанында қалып отырады;
өзін-өзі танудың адам үшін субъективті мәні бар, себебі өзі туралы мәлімет алған адам өзгеруге тырысады.
Өзін-өзі бақылау-бұл адамның ішкі психологиялық өмірін бақылауы,ол оның көріністерін - қобалжу, ой, сезімдерді көрсетеді. Өзін-өзі бақылаудың екі түрі бар: сыртқы және ішкі жағы болып бөлінеді. Адам белгілі бір істі атқара отырып, өзін бақылайды, жұмыс нәтижесін өз мақсат-міндеттерімен салыстырады, өз психикасын танып, біледі.
Өзін-өзі танудың екі түрі ерекшеленеді:
тікелей - адам өзін-өзі белгілі бір жағдайда бақылағанда;
ретроспективті-адам өзін-өзі апта,ай бойына бақылағанда,сонымен қатар ол өз сезімдерін нақты есінде сақтап қалады.
Өзін-өзі танудың тағы бір тәсілі- өзіне-өзі сараптама жасау арқылы, ол адам іс жүзіндегі еңбегіне қорытынды жасайды: қай ісі орындалды ,қайсысы жоқ; ойға асыруға не бөгет болды; неліктен осы не өзге оқиға орын алды. Өзін-өзі бақылау өзін-өзі бағалауға әкеледі.
Өзін-өзі бағалау - бұл тұлғаның мүмкіндіктерін, өзге адамдар арасындағы орнын, сапасын бағалауы, [1].
Өзін-өзі бақылау шын мәнінде жүзеге асты деп мына жағдайды айтамыз:егер субъект салыстыру арқылы салыстырудың нәтижесі жайында белгілі ой қалыптастырса, нәтиже дұрыс және қате болуы мүмкін. Сонымен қатар адамның өз-өзіне сенімділігі - сенімсіздігі құбылысына тәуелді. Өз-өзіне сенімділіктің шегі-бұл өзін асыра бағалау, бұл тұлғаның өз мүмкіндіктерін дұрыс бағаламауынан туады .
Өзін-өзі асыра бағалау, асығыс шешім қабылдау, саналы қауіптілік сезімін жоғалту ,қате әрекет жасау кері байланыстың жоғалуына әкеледі. Өзіне-өзі сенімсіздік тұлғаның қасиеті ретінде нақты мүмкіндіктерін төмендетіп бағалаудан туады, сондықтан мұндай адамдар сенімсіздік кемшілігін жоғарылатылған өзін-өзі бақылаумен толықтырады. Өзін-өзі бақылаудың бірнеше деңгейі бар:
Процессуалдық-жағдайлық: бұл деңгейде адам іс-әрекеті мен тұлғалық қасиеттері арасында байланыс орнатпайды. Өз Менін , еңбектің жеке сыртқы нәтижелерін бағалайды.
Сапалық-кертартпалық: бұған тұлғаның қасиеттері арасында байланыс орнату тән , яғни белгілі бір істің орындалуы,орындалмауы, өз бойындағы ондай қасиеттің болуы-болмауымен теңестіріледі.
Сапалық-динамикалық: ол іс-әрекет пен қасиеттер арасындағы күрделі байланысты тануымен сипатталады.
Өзін-өзі ынталандыру-тұлғалық өнімді құнарландыратын құрамдас бөлшек.Оның негізін өзін-өзі ынталандыру ұстанымы құрайды, ал өз кезегінде өзін-өзі реттеу, өзіндік қарым қатынас механизмдер әрекетіне негізделеді.
Өзін-өзі ынталандыру көп жағдайда оқытушының өз тұлғасына педагогикалық және психологиялық тәсілдермен әсер етуді пайдалану есебінен жүзеге асады. Оларға: өз-өзіне бұйрық беру, өзін-өзі міндеттеу, өзін-өзі құрастыру, өзін-өзі ынталандыру, өзін-өзі сендіру, өзін-өзі қолдау, өзін-өзі бақылау және өзіне - өзі есеп беру жатады.
Өзін-өзі міндеттеу-адамның қоршаған орта, өзі жайында, өзін-өзі реттеу үдерісі жайында белсенді түрде мәлімет жинауы негізінде өзін-өзі жетілдіру бағдарламасын жасау мен бақылау, өзін-өзі реттеу үдерісі болып табылады.
Өзін-өзі міндеттеуді анықтаудың әртүрлі: жеке күнделіктер жазу, жеке беттер секілді формалары бар .
Өзіне - өзі бұйрық беру-қиындықтан өту бойынша саналы,мақсаттандырылған күш арқылы жүзеге асатын еріктің белгісі. Өз-өзіне бұйрық беру адамның өзі бұрын жоспарлаған ісіне кірісуі үшін қажет.
Өзін-өзі сендіру-бұл әрдайым өз-өзімен дауласу, түрлі жоспарларды және қойылған мақсатқа жету мүмкіндіктерін талдау. Әдетте, адамда негізгі екі уәж болады, көп жағдайда олар мағынасы жағынан қайшы, бірақ оң мен терісті пайымдауға мүмкіндік береді.
Өзін-өзі қолдау-бұл өз-өзіне сенімді бекіту үшін өз-өзімен сұхбаттасу.
Жоғарыда аталып өткен тәсілдер өзін-өзі бақылау кезінде нәтижелі болмақ. Өзін-өзі бақылау екі қызмет атқарады: әрекетті қалыптандыру, ол әрекетті ішінен бақылайды және еңбекті қалыптандыру.
Өзін-өзі бақылаудың екі түрі ерекшеленді :
1 Өздігінен пайда болған.
2 Әдейі жасалған немесе мақсатты түрде жасалған.
Бақылау мен өзін-өзі бақылаудың негізінде жатқан қағидалар бар.Уақыттың қағидаға сәйкес бақылаудың алдын ала ағымдағы, қорытынды түрлерін ажырату керек.
Алдын ала бақылаудың нысандарына іске асу сатысында түспеген әрекеттер жатады. Мақсат қоя отырып, мүмкін нұсқаларын қарастырамыз, сондықтан қате жібермеуге мүмкіндік туады. Ағымдағы бақылау тікелей болжанған нәтижелерді тексеруге бағытталған. Ал қорытынды бақылау істелген жұмыстың нәтижесін шығарады.
Құрылымдық қағида иерархиялық түрде жасушалы деңгейде өзін-өзі бақылау механизмін ұйымдастырады.
Өзін - өзі бақылаудың қызметіне әсер ететін факторлардың төрт тобы ажыратылады:
1 Өзін-өзі бақылаудың құраушыларынан туған факторлар.
2 Өзін-өзі бақылауды ұстау факторы.
3 Сыртықы факторлар( жарық , шу, еңбек және демалыс режимдері).
4 Адамның жеке қасиеттері факторы.
Өзін-өзі бақылаудың нәтижелілігі өзіндік сараптама негізінде туған өз-өзіне есеп берумен толықтырылған жағдайда жоғары болады.
Өз-өзіне есеп беру-бұл адамның өз алдына еңбек үдерісі мен нәтижесі, іс-әрекеттері туралы есеп беруі. Өз-өзіне есеп берудің екі түрі бар:
-Қорытынды-қысқа уақыт ішінде, өмірлік кезеңдерде жүретін өзіне-өзі есеп беру.
-Ағымдағы-қысқа уақыт аралығында жүретін өзіне-өзі есеп беру.
Өзіне-өзі есеп беру ауызша және жазбаша түрде болуы да мүмкін.
Тұлғалық өсудің келесі құраушысы - бағдарламалау. Ол тұлға өз қажеттіліктерін зерделеп, нақты әрекетке көшу қажеттілігі туғанда іске асады. Өзін-өзі жетілдіру жобасы тұлғаның жас ерекшелігіне байланысты мақсат-міндеттерді, жолдарды анықтауды, әдіс-тәсілдерді қалыптастыруды анықтайды.
Өзін-өзі тәрбиелеу жоспары оқытушы үшін оның тұлғасына тән бар негізді талаптарды қамтуға тиіс. Мұндай жоспардың нұсқасы ретінде қасиеттің үш тобынан тұратын педагогтің тұлғалық картасы бола алады: тұлғаның жалпы педагогикалық қасиеттері, кәсіби және жеке психолгиялық қасиеттері.
Тұлғалық өсудің соңғы құрылымдық элементі өзін-өзі таныту болып табылады.
Өзін-өзі таныту, қарапайым тілмен айтқанда , жүзеге асыру, психикалық өсу, пісіп - жетілу, адамның жасырын мүмкіндіктерінің ашылуы, пайда болуы ретінде түсіндіріледі.
Бұл элементті шарттайтын келесі факторлар анықтайды:
өзін-өзі құрметтеу, оң Мен тұжырымдамасы;
өзін-өзі тану,ішкі бақылау;
когнитивтік және эстетикалық қажеттіліктерді білу мен түсіну қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысу;
өзін-өзі реттеуге,өзін-өзі ұйымдастыруға тырысу.
Өзін-өзі таныту кезінде әлеуметтік және дербестік үйлесімділігі жайында айтуға мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттер нақтыланады:
таптаурындыққа тәуелсіз ақиқатты қалыпты қабылдау;
өзіңді және өзгені қандай түрде болса,солай қабылдау;
тәуелсіз құбылыстар, табиғилық пен қарапайымдылық, қалыптасқан дәстүр бойынша жүру;
іскерлік бағытталу - адамның өмірлік міндеттерімен айналыса алу қабілеттілігі;
белгілі нәрседен жаңалық таба білу;
адамдармен қарым - қатынаста демакротиялы болу, өзгеден үйренуге даяр болу.

II Оқытушының кәсіби өсуі және өзін-өзі жетілдіру мәдениеті
2.1Оқытушының кәсіби тұрғыдан өсуі
Еліміздің болашағы мұғалімнің білімі мен біліктілігіне, рухани әлеуетіне , құқықтық және саяси мәдениетіне байланысты. Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыру,жаңа буын оқулықтарын оқыту үдерісіне енгізу тәрізді келелі мәселелер ұстаздарға шеберлік пен іскерлікті, кәсіби дайындығының сапасын өсіру және дамыту міндеттерін қойып отыр.
Біздер ,академик Вернадскийдің айтуынша , әрбір адам қоғамның дамуынан, қоршаған әлемнің, ноосфераның өзгерістерінен артта қалып келеміз. Сондықтан бұл мәселе әр адамның жасына , қызметіне қарамай, үнемі білім алу қажеттілігін арттыра түсетін фактор ретінде қарастырылады.
Осыған орай, мемлекетіміздегі білім беру жүйесін жаңартудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасындағы басты мәселе де өмірлік білімнен - баршаға, өмір бойы игерілетін білім ұстанымына өту болып отыр.
Білім және ғылым министірлігі үстіміздегі оқу жылында бірінші рет тамыз педагогиалық кеңестерін мұғалім мәселесіне арнап: Егемен Қазақстанның мұғалімі: оның әлеуметтік беделі мен кәсіби мәртебесі деген тақырыпта өткізді. Мұғалімнің әлеуметтік беделі мен кәсіби мәртебесін көтеру қажеттігін алдымен білім беру және ғылыми қызметкерлерінің ІІ республикалық съезінде еліміздің Президенті Н.Назарбаев айтқан болатын.
Мұғалімнің кәсібилігі туралы әңгіме қозғағанымызда өте көп мәселелік сұрақтар туындайды. Сөз жоқ, мұғалімнің кәсіби деңгейін оның оқушыларға тиісті дәрежеде білім беру, біліктілік пен дағдыларды қалыптастыруы тұрғысынан бағалау қажет-ақ.
Қазіргі өмір талабына сай педагогикалық жоғары оқу орындарының білімді мұғалім ғана емес , әрі тәрбиеші , әрі қоғамшыл , әрі зерттеуші ,әрі ұйымдастырушы мұғалім даярлауы - күрделі үдеріс.
Бүгінгі білім беру саласындағы көкейкесті мәселелерінің бірі - біліктілікті арттыру. Яғни біліктілікті арттыру жүйесінің жаңа дидактикасын жасау.
Педагогика саласында біліктіліктермині әртүрлі қырларда,соның ішінде кәсіби даярлық, кәсіби шеберлік мәселелеріне жақын қарастырылады.
Н.Кузьмина: Кәсіби біліктілік - іс - әрекеттің сапалылығының сипаттамасы және еңбектің ең жоғарғы бағасы,ал іс-әрекеттердегі кәсіби біліктілік- бұл маманның кәсіби міндеттерді шешуде бүгінгі заманға сай мазмұн мен жаңаша сараланатын, іс-әрекеттің субъектісіне, нақты мамандық өкіліне сапалы мінездеме мен баға беру,- деп аттап көрсетті.
Кәсіби біліктілік- бұл кәсіби іс-әрекеттегі субъектінің үнемі өсу үстінде болатын өзін-өзі дамыту үдерісі. Осыдан келіп кәсіби біліктілікті іс-әрекеттегі субъектінің жеке интегративті қасиеттерінің мінездемесі ретінде қарастырудың өзектілігі туындайды.
Әдебиеттер мен нормативтік құжаттарда: Оқытушының кәсіби біліктілігі ретінде оның педагогикалық қызметі,педагогикалық қарым-қатынасы, мейлінше жоғарғы деңгейде жүзеге асырылатын еңбегі, мұғалімнің жеке қасиеттерінің жүзеге асырылу көрсеткіштері, оқушыларды тәрбиелеу және оқыту ісіндегі биік нәтижелер мен жетістіктері ескеріледі. Өз кезегінде білікті маман- мамадыққа тән нормалауды меңгерген, өз бетінше кәсіби мақсаттарды жүзеге асыра алатын, уәждемесі мен өзін-өзі жүйелеудің жоғарғы деңгейін иемденген, өзін-өзі басқара білетін адам,-деп көрсетіледі.
Кез-келген білім беру мекемесінде кәсіби шеберлікті көтеру мәселесі педагогикалық ұжымды қалыптастыру кезеңінен басталады. Оқытушының кәсіби шеберілігін, біліктілігін көтеру-білім беру сапасын көтерудің ең маңызды шарттарының бірі.
Кәсіби шеберлікті қалыптастыру- оқытушының шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыру,жаңаны қабылдауға деген дайындықты қалыптастыру, педагогикалық инновацияларға деген қабылдауларын дамыту.
Біліктілік- игерілген білімдер мен өмірлік тәжірибе негізінде орындалуы тез, дәл, саналы теориялық және тәжірибелік әрекеттерге даярлық. Жүйенің мазмұны мен мақсатын, әдіс формаларын,ұстанымдарын,білім алушылар мен оны ұйымдастырушылар арасындағы қарым-қатынасты өзгерту жаңа нәтиделерге әкеледі.Бұл мәселені шешу жолдарының бірі-осы дидактикалық жүйедегі негізгі бөлік оқытуды жаңаша ұйымдастыру немесе технологияландыру деп түсінеміз.
Орыстың белгілі педагог ғалымдары Н.Крупская, А.Луначарский, А.Макаренко, В.Сухомлинский, Н.Блонский және басқалары- мұғалім даярлаудың негізін қалаушылар.Қазіргі ғалым педагогтар,психолог әдіскерлер В.Сластенин, С.Полянский, Л.Керімов, А.Қадыров, А.Щербаков, К.Әбдімажитұлы, Н.Кузьмина, тағы басқа жоғары оқу орындарын білім мен біліктілікті, кәсіби іскерліктерді жетілдірудің және мұғалімдерді мұғалімдік мамандыққа даярлаудың бірден-бір үдерісі ретінде дәлелдейді.
Біздің елімізде кәсіптік білім берудің екі сатысы бар: орта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы туралы
Жоғары оқу орнында дидактиканың біртұтас жүйесі
Психология пәні бойынша дәрістер
Медициналық жоғарғы оқу орындарындағы оқу үрдісі
Дене тәрбиесі дайындығы
Күйзелістер
ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ
Оқу мотивациясы
МҰҒАЛІМНІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАР ТӘРБИЕСІНЕ ЫҚПАЛЫ
Акмеология
Пәндер