Айнаның шығу тарихы

І. Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Күнделікті тұрмыста біз айнамен жиі соқтығысамыз. Үйімізге үлкен айна ілулі, шкафтың беті де айна, сөмкемізде де үнемі айна жүреді. Ол біздің ортада таза, әдемі болып жүруімізге көмектеседі. Айнасыз күніміз жоқ десек те болады. Ал осы айнаның қандай құпия сырлары бар, ол қайдан шықты, қалай жасалды деген сұрақтар туындайды. Айна біздің өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналғанды.
Айна беті тегіс, жарық сәулесін шағылдыратын және нәрсенің (оптикалық) кескінін беретін, шыны немесе металл дене. Жалпы айна-кез келген үйде қолданылатын мүлік. [1, 3б.] Бір қарағанда айнаны тек сәндік бұйым, әйел адамның бет әлпетін сәндейтін зат деп ойлағанымызбен, оның арғы жағында көптеген ашылмаған сырлардың бары анық. Оның қай уақыттан бері қолданыста болғанын, қалай пайда болғаны жайында біле бермейміз. Адамдар айнаны сәндік бұйымнан бөлек, оның бір тылсым күшпен байланысы бар екенін білген. Үйде айнаның шеті немесе өзі екіге бөлініп қалса, әжелеріміз тастай сал, қарама деп жатушы еді. Сонда менде неге?,-деген сұрақ туындайтын. Жалпы, қазақ халқының ырымында сынған айнаға қарауға, сыйға тартуға немесе бұрын қолданыста болған айнаны сатып алуға болмайды және адам қайтыс болған үйде айнаны ашық қалдыруға болмайды деген ырым бар. Бұл ырым тектен текке айтылмаса керек. Өйткені одан басқа әлеммен байланыс жасалады, айнаға көп қарасаң, сұлулығыңды тартып алады, сынған айнаға қарама, бақытсыз боласың, деген көптеген пікірлер туған. Осындай айна жайлы ырым, наным -- сенімдер сонау көне заманнан беріге жетсе керек.
Алайда айнаны пайдаланған адам өз келбетін көру үшін оның бетін үнемі жылтыратып сүртіп отырған.
Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты:
Айнаның тарихи тамырына зерттеу жасай отырып, оның құпия сырларын анықтап білу. Өміріміздегі айнаның алатын орнын айқындау.
Мақсаттары: Күнделікті өмірімізде сәнге қолданатын айнаның шығу тарихымен таныса отырып, оның құпия сырларын анықта. Айнаға қатысты ырым-тиымдарды танып білу.
Зерттеудің міндеттері:
oo Осы тақырып бойынша әдебиеттер мен зерттеулермен танысу;
oo Айнаның пайда болу тарихын танып білу;
oo Айнаның құрамын зерттеп білу;
oo Табиғаттағы айналармен танысу.
Зерттеу обьектісі - күнделікті өміріміздегі айна, әдебиеттер, интернет материалдары.
Болжамы:
Зерттеудің жаңалығы: біз айнаны жан-жақты қарап зерттедік. Ол - зат, ол - шағыстырушы, оның әдебиеттегі бейнесі және табиғаттағы айна. Сондай-ақ айнаның Қазақстан жеріндегі пайда болу тарихын анықтадық.
Практикалық маңызы материалды әдебиет, физика, химия, биология сабақтарында пайдалануға болады.
Зерттеу әдістері: деректер жинау, бақылау, ақпараттарға анализ жасау, әдебиеттегі айна бейнесіне талдау жасау.
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Айна дегеніміз не?
Айна астрономиялық (айналы телескоптарда), спектрлік, жарықтандырғыш құралдарда (прожекторларда, фарларда т.б.), сондай-ақ ультрадыбыстық аппаратуралар мен күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылады.
Айнадан жарық сәулесі түсу және шағылу бұрышының тепе-теңдігін сақтай отырып шағылады. Айна арқылы денелердің оптикалық кескіні алынады және ол кескіндердің орны геометриялық оптика заңдары бойынша анықталады. Ең көп тараған түрі -- о п т и к а л ы қ ж а з ы қ айна. Сондай-ақ оптикалық жүйелерде сфералық,параболалық, эллипсоидтық т.б. шағылдырғыш беттері бар д ө ң е с және о й ы с айналар да қолданылады.
Айна бетінің пішіні математикалық жағынан неғұрлым дұрыс болған сайын, олардың сапасы солғұрлым жоғары болып келеді. Айнаның шағылдырғыш бетінің тегіс еместігі (микробұдырлығы) жарық толқыны ұзындығымен салыстырғанда аз болуы керек. Жазық емес айналардың барлығына абберация құбылысы тән. Жазық айна -- абберациясыз кескін бере алатын жалғыз оптикалық жүйе. Жазық емес айнадағы дененің орны мен кескіні мына қатынас бойынша анықталады: 1s + 1s! = 2r, мұндағы r -- қисықтық радиусы, s -- айна төбесінен денеге дейінгі, ал s! -- айна төбесінен дене кескініне дейінгі қашықтық. Бұл қатынас айнаның оптикалық осі мен айнаға түскен жарық сәулесі арасындағы бұрыштың шамасы өте аз болған жағдайда ғана орындалады.
.
2. 2 Айнаның шығу тарихы
Айнаның тарихы сонау тереңде жатыр. Оны сонау Ежелгі Шумер, Үнді елі және Мысырда жа - саған.
Ертеде, айна болмай тұрған заманда адамдар өз бейнесін су бетінен ғана көрген. Бірақ ол су перісі қарап тұр екен деп қорыққан.
Кейінірек, адам ол қарап тұрған өз бейнесі екенін түсінген. Бірақ суды өзіңмен бірге әрдайым алып жүре алмайсың, сондықтан оның басқаша амалын ойластыра бастаған. Адамдар өз бейнесін көру үшін суға барып қайта-қайта қараған. Осылайша оның айнаға деген құмары пайда болып, оны жасаудың сырларын іздей бастаған.
Осы мақсатқа жету үшін көптеген тастарды қарастырған, оның ішінде мыс, күміс, қола, алтын, хрусталь т.б. Жер бетіндегі ең ежелгі айнаның жасы 7 мың жылға жуық. Шыны айнаны ойлап тапқанға дейін тас пен металды пайдаланған.
Алғашқы айнаны ойлап табушы туралы пікірлер көп, соның бірі жер бетіндегі ең бірінші мыс құюшы Тубал-Каин деген.
Ежелгі мысырлықтар айна жасауда қола мен мысты пайдаланған.
Ерекше айналарды IV-V ғасырларда Қытай мен Жапонияда күмістен дайындаған.
Алғашқы шыны айналар Еуропада ХІІІ ғасырда пайда бола бастаған. Олар адам бейнесін қисық етіп көрсеткенімен, металдан жасалған айналарға қарағанда әлдеқайда жақсы болатын.
XVI жүзжылдық ортасында Венецияда алғашқы тегіс айналар пайда болды.
Ресейде алғашқы айналар Петр І кезінде пайда болған.
Қытайда, Орталық Америкада шыны секілді обеид деп аталатын бұжыр жанартау жынысын тегістеп жылтыратып, соны айна орнына пайдаланған. Ол уақытта жылтыр металды шыныға жабыстыру өте қиын болған. Сондықтан іші қуыс шар жасап, ішіне түтікпен балқытылған қaлайы құйылған. Сосын әлгі шарды сындырып, айнаны сынық күйінде әжетке жаратқан. Сынықтар теп - тегіс болмағандықтан, адамның бейнесі айнадан сәл басқашалау көрінетін. Ақырында 1500 жылы Финляндияда жазық шынының бетіне сынап бүркіп, оның үстіне жұқа фольга жабыстыру арқылы айна жасалған. Ол кезде айнаның бағасы өте қымбат болған. Мысалы, адам бойындай айна атақты суретші Рафаэльдің суретінен екі жарым есе қымбатқа түсіпті.
Ең алғашқы айна ретінде сутас, пирит және жанартаудан пайда болған шыны пайдаланылған. Ал археологтар осыдан 7,5 мың жыл бұрын жанартау шөгіндісінен жасалған айнаны Түркия жерінен тапқан. Энеолит және қола дәуірлерінде (б.з.б. IV-III ғ.ғ.) тастан өңделіп, жылтыратылып жасалған айналардың орнын темірден, қола, алтын мен күмістен жасалған айналар алмастырды. Оларды өңдеу тасты өңдеумен салыстырғанда анағұрлым оңай еді. Жалпы, түрлі металдардан жасалған қол айналар Египеттен ежелгі Грекияға, Үндістаннан Қытайға дейінгі көптеген елдерге мәлім болған. Бастапқыда айна өте қымбат бағаланатын және оны кез-келген адам ала алмайтын. Ежелгі грек пәлсапашысы Сократ жас жігіттерге айнаға көп қарауға кеңес берген. Ол сол арқылы түр-түсі келіспегендер өзін рухани байытуды, ал келістілері кесірліктен сақтану керектігін айтқан.
Жалпы, металл айналарды жасау мен қолдану оңай болғанымен, оның бұзылуы да тез болды. Өйткені, оны тиісінше күтіп ұстамау мен ауадағы түрлі қосындылармен тат басып немесе қарайып кететін. Сөйтіп, біздің заманымыздың I ғасырында, Римде алғашқы шыны айна пайда болды. Әрине, айнаны жасау 3 мың жыл бұрын пайда болғанымен, адамдар оны жасауды тек біздің заманымызда ғана қолға алды.
Орта ғасырларда айна Еуропа елдерінде мейлінше жоғалып кетті. Өйткені, шіркеу қызметкерлері айнаға қарау арқылы адам өзінің ішкі жан дүниесінің тазалығын жоғалтады және өзіне деген тоқмейілсу пайда болады деген шешім қабылдаған. Ал кейбір сенім иелерін айнаның арғы жағынан әзірейілдің өзі қарап тұрады деп қорқытқан. Орта ғасырларда емшілер айна арқылы адамдарда кездесетін шешек, өкпе ауруларын, психологиялық ауытқуларды емдеуге тырысқан.
XIII ғасырдың аяғында францискандық монах Джон Пекам бүгінгі қолданыстағы айнаның алғашқы нұсқасын қалай жасау керектігін жариялайды. Сөйтіп, айнаның пайда болуы 1279 жыл, ал оны алғаш жасаушы Джон Пекам болып қабылданды.
Қалыптасқан көзқарас бойынша айнаның Отаны болып Венеция табылады. Алайда, оның бастауында фламандтықтар мен голландтықтар тұрды. Фламандтық айналарды Караваджоның Марфа және Мария Магдалина және Ян ван Эйктің Чета Ар-нольфини атты картиналарынан көруге болады. Тек жүздеген жылдардан соң айна жасау өндірісі венециялық шеберлерге ауысты.
1291 жылы Венецияның айна жасаушылары Мурано аралына көшірілді. Онда айна өте қиын технологиямен жасалатын. Венеция басқарушылары айна жасау ісіне асқан қызғанышпен қарап, оны қызғыштай қорғайтын болған. Тіпті, 1454 жылы айна жасаушылар елден шықпауы керектігі туралы шешім шығарылып, шетелге кеткендері қайтарылған, оралмағандарының соңына қарақшыларды жіберіп, өлтіріп отырған. Венециялық айналар өте қымбат бағаланған және ел экономикасына айтарлықтай пайда келтірген. Қанша тырысқанымен, Муранодағы шеберлердің ісін өзге елде дамытушылар пайда болып, XIV Людовик кезінде Нормандияда алғашқы айна жасау өнеркәсібі іске қосылды.
Ал 1688 жылы француздық шеберлердің бірі айнаны үлкен көлемде жасап шығарған. Сөйтіп, жылдар өте бұл іс түрлі жаңалықтармен толыға түсті. Келесі революциялық жаңалық 1855-1856 жылдары неміс химигі Юстус фон Либихтің айнаны күмістендіру технологиясын енгізуі еді. Бұл жаңалық күні бүгінге дейін өз құндылығын жоғалтқан жоқ. Өйткені, нақ осы технология бүгінгі айна өндірісінде кеңінен қолданылады. Ал Ресейде айна өндірісі Петр біріншінің кезінде, 1851 жылы, қаланған болатын. Жалпы, айнаның пайда болуы, оның адамдар арасында тудырған түрлі көзқарасы мен қызықты деректер өте көп.
Бүгінде айна жасау мен оны қолдану арқылы түрлі технологиялар ойлап табу ісі жалғасуда. Мысалы, голландиялық Nedap компаниясы киім дүкендеріндегі киім өлшейтін бөлмелер үшін арнайы айна жасап шығарған. Оның көмегімен киімді сатып алушы онлайн режімде достарына киіп тұрған киімін көрсетіп, талқылай алады. Сондай-ақ, онда орнатылған Tweet Mirror гаджетіндегі HD-камера арқылы сол мезетте суретке түсіп, өз суретін Twitter секілді әлеуметтік желілерге жүктей алады.
Бүгінгі күні алғаш пайда болған кезінен әлдеқайда төмен түсіп қалған айна бағасы сол кездерде алтынмен өлшенетін бағалы зат болған-ды. Ұзындығы адам бойындай бола - тын айна құны орташа көлемді кемемен теңесетін. Себебі шағын айна жасау жүз сағаттық қара еңбекті қажет ететін.
Ежелден айнаны тек тұрмыстық бұйым ғана емес басқа да көптеген мақсаттарда қолданған. Аңыз бойынша, ежелгі грек ғалымы Архимед айнаға түскен күн сәулесін шағылыстыра пайдалану ар - қылы Сиракуза қаласына келе жатқан римдіктердің ке - ме - лерін жағып жіберіп отырған.
Испан шіркеулерінде ай - намен адам жазалаудың түрлі әдістері қолданылған. Солардың бірі жазаланушыны қорап тәріздес түгел айнадан және жағулы шырақтан тұратын бөлмеге бірнеше күн - ге қамаған. Ішінде отырған адамға тәуліктер бойы оңынан да, солынан да, төбесінен де, астынан да өзі секілді бірнеше адамдар қарап тұратын және оның әр істеген ісін қайталай - тын көрініс нәтижесінде көп жағдайда жазаланушы бұл бөлмеге шыдамай ақырында жынданып, есінен ауысып, ауру болып шығатын болған.
XVII ғасырдың соңына де - йін Ресейде де айна пайдала - нуға болмады. Айна пайдалану үлкен күнәға саналатын және 1666 жылы бас шіркеулері үйлерде айна ұстауға қатал тыйым салды.
Жапон халқы өздерінің бұрын пайдаланған айналарын ешкімге сыйламайды да, сатпайды. Айнамен бірге иесінің қасиеттері кетіп қалады деп болжаған.
Айналарды жасау үшін шыны, металдар, ағаш, пластмасса, лактер, бояу және басқа материалдарды қолданады.
Айна -- геодезиялық және маркшейдерлік аспаптарда жарық сәулесін шағылдыру үшін қолданылатын, беті күміс, алюминий немесе күрделі жарық шағылдырғышпен жабылған жазық параллель тілімше түріндегі оптикалық тетік.
Өз келбетіңді өзіңе көрсететін айнаның сиқыры да өз алдына. Бұрындары жас бойжеткендер сол айнаның көмегімен өмірлік жарын көруге тырысса, болашақты болжап, өмірінің өткенін көре алғандар да болыпты. Емшілер арасында айнамен аурудың бетін қайтарғандар да кездескен.
Бұдан шығатын қорытынды: айналар алғашқы адамдар кезінде пайда болған.
Қазақстанда айналар әйелдердің, ер адамдардың жерлеу орындарынан қазба жұмыстарының нәтижесінде табылып жатыр. Жалпы айналар қай дәуірге тиесілі екенін археологтар оның бетіндегі салынған өрнектеріне немесе суреттеріне қарап ажыратады, оған сипаттама береді. Осындай қазба жұмыстарының нәтижесінде сақ мәдениетінде де айнаны пайдаланылғаны белгілі болды.
Қола айна. Молалы қорымы.
Б.з.д. V - IV ғғ.
Қола айна. Есік қорғаны. Б.з.д. V - III ғғ.
Сақ -- скифтердің наным -- сенімі бойынша айнаға қарағанда өзге әлемді көре аласың деп білген, әрі олардың әйелдері қымбат заттар мен аң стилінде жасалған әшекейлердің құнын жақсы білген. Сақ бабаларымыздың сенімінде өлім - өмірдің соңы емес, оны бір құбылыс ретінде қараған, яғни өлімнен кейінде өмір бар деп сенген. Қайтыс болған адамның жанына құнды бұйымдары мен әшекейлерді, өзі пайдаланған дүниесін, сонымен қатар айналарды да жерлеп отырған. Бұл бұйымдар басқа дүниеде де керек болады деген сенімде болса керек. Сақ дәуірінен белгілі айналар да бар. Оның бірі ретінде 1969-1970 жылдары Кемал Ақышев жетекшілігімен жұмыстары жүргізілген Есік обасынан табылған Алтын адамның қабірінен алынған қола айнаны айта аламыз. Қола айна ханзаданың өзі пайдаланған бұйымы болса керек.
Синкреттік полиморфттық мақұлық
бейнеленген қола айна. Текелі.
Ол жайында атақты археолог Кемал Ақышев Есік корғаны атты кітабында жазып кеткен. [3,] Ал Жетісу өңіріндегі Талдықорған қаласынан 80 шақырым жерде орналасқан Текелі ауылынан да қола айна шыққан. Айнаның бетінде синкреттік полиморфтық мақұлық бейнеленген. [4, 84-88б]
Біздің Есік мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде экспозицияда Алтын адамның қола айнасынан бөлек, екі қоладан жасалынған айна қойылған. Қоладан жасалынған бүтіндей бір айна, екіншісі жарты (көшірмесі) бөлік қола айна.
Жартылай сынған қола айна.
Б.з.д. V - IV ғғ.
Археологтардың айтуынша бүтін айна ер адамға, ал жарты айна әйел адамға тиесілі делінеді. Музей экпозициясындағы жартылай сынған айна - алдыңғы беті тегіс, сыртқы беті кедір-бүдірлі, сақиналанған жиегі ортасынан біршама дөңес, ортасында бекітуге арналған ілмегі бар. (4 сурет) Жәдігер Алматы облысы, Шұбарат қорымынан табылған. Қола айна б.з.д V-IV ғғ. тиесілі. Жайпақ, дөңгелек, ілмекті айна, екі беті тегіс. Шетіндегі тұтқа ілмегі жырылған. Бұл жәдігер Алматы облысы, Молалы қорымынан б.з.д V-IV ғ.ғ табылған. Қорыта айтқанда айналардың айтылмаған сырлары әлі көп. Қаншама ғасыр, қанша уақыт өтсе де айналардың тарихы жалғаса бермек.
2. 2 Айна дайындау технологиясы
Қола дәуіріндегі алғашқы айналар металды өңдеу арқылы күмістен, мыстан, қоладан жасалынды. Ойыс айна дайындау үшін шыны шарларды үрлеп, үстіне еріген қоланы құяды. Ол үстіңгі жақтан тегіс болып ағады. Сосын шарларды майдалап сындырады да, мыс айна шығарады.
16 ғасырдың басында айна жасаушылар тегіс айна жасауды ойлап тапты.
19 ғасырда неміс ғалымы Юстус фон Либих айнаға сынаптың орнына зиянсыз жабу ойлап тапты. Оның орнына шыны бетіне күміс құйды. Сөйтіп, оның бетіне бояу жақты. Мұндай айналар бейнені таза көрсететін болды.
Қазіргі уақытта айна дайындауда шағылыстырушы ретінде күмістен жасалған құйманы пайдаланады, оның үстіне қорғаныс қабаты ретінде мысты немесе арнайы химиялық қоспаларды қойып, одан кейін бояғыштармен екі қатар жабады.
Біздің кезімізде айнасыз күн көре алмаймыз. Оны барлық жерде қолданамыз: күн батареяларындағы айна, үйлердегі шыны айналар, оптикалық бұйымдардағы айналар, көліктердің қашықтықты көрсететін айналары, медициналық құралдардағы айналар, айналы очкилер, интерьерлердегі айналар, әйел сөмкелеріндегі айналар.
Айналардың тарихы ежелгі Мысыр, Грекия елдерінде басталса, біздің еліміздің территориясында қола дәуірі кезеңінен бастау алып тұр. Мысыр елдерінде айнаны шыны тәріздес етіп жасаса, қола дәуірінде таза қоладан құйылмалы түрінде жасап отырған. Қола дәуіріндегі ғұрыптық заттардың ішіндегі ең көп тарағаны - айна болып табылады. Кезінде қола айналар жасай білу - өнердің ерекше бір түрі болып есептелген. Қола айналар кең көлемде таралғанымен, оларды дайындау тәсілі аса жеңіл емес еді. Жерорта теңізі жағалауы елдерінен Үндістан, Қытай, Жапонияға дейінгі үлкен аумақта, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz