Компания табыстарының себептері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ МЕНЕДЖМЕНТІ КОЛЛЕДЖІ

Курстық жұмыс

Тақырып:Компания табыстарының себептері
Пәні: Ұйым менеджмент

Білім алушы: Тұрарбек Назым
(қолы)
Курс: 3
Мамандығы: менеджмент
№305 Топ
Парақтар саны: 22

Декларация Білім Алушы
Мен берілген жұмысты өзім жазғанымды және пайдаланылған дереккөздердің расталғанын растаймын.
Қолы Білім Алушы Тұрарбек Назым
"" ___________ 20___ г.

Қорғау _____________________20_____г.
Қорғау күні _______ 20_____г.
Баға___________(___________________ ___)

2022

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ МЕНЕДЖМЕНТІ КОЛЛЕДЖІ

БЕКІТЕМІН
Директордың оқу
жөніндегі орынбасары
________Иминова Г.Ж.
___ ________ 2022 ж.

Курстық жұмыстың тапсырмасы

Пәні: Ұйым менеджменті
Білім алушы: ___________________________________ _________________
(Қолы Т.А.Ә.)
Курс 3 Специальность Менеджмент
Топ № 305
1. Курстық жұмыстың тақырыбы: Компания табыстарының себептері
Жұмыс басқарушысы ___________________________________ __________
(Т.А.Ә. лауазымы)
Бұйрықпен бекітілген _____________2022 ж. №____
Тапсырманың берілген күні Тапсырманы өткізу күні
______________2022 жыл ______________2022 жыл

2. Бастапқы деректер мен жұмысқа қойылатын талаптар:
2.1 Қолданба: MS Access 2007 (2010)
2.2 Курстық жұмыс қамтуы керек:
3. Жұмысты орындаудың күнтізбелік жоспары:
№ Орындалу кезеңінің атауы Орындау мерзімі Орындалғанның белгісі
1 Кіріспе
2 Теориялық бөлім
3 Аналитикалық бөлім
4 Қорытынды
5 Жұмысты тексеруге жіберу
6 Жұмысты қорғау

Мазмұны
КІРІСПЕ
1 Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қызметінің табыстары
және оларды талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1Табыс ұғымы және нарық жағдайында табыстың рөлі ... ... ... ... ... ...6
1.2 Табыстылықтың көрсеткіштері және оларды талдау ... ... ... ... ... ... .10
2 Компания TOYOTO табысының негізгі факторларын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
0.1 Компанияның ең маңызды принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
0.2 Компанияны табысқа алып келу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
3 Қорытынды
4 Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жалпы мағынада табыс - бұл сіздің мақсаттарыңызға жету мүмкіндігі. Ендеше, кейбір ұйымдардың табысқа жетіп, басқаларының сәтсіздікке ұшырауының себебі неде, неліктен кейбір компаниялар әлемдік көшбасшыға айналады, ал кейбіреулері банкротқа ұшырайды.
Бір компанияның жетістіктері мен басқа компанияның сәтсіздіктерінің себептерін қалай түсіндіруге болады. Қандай компанияны табысты деп санауға болады?. Бір қарағанда, бұл сұрақтың жауабы қарапайым болып көрінеді: нәтижелі, тиімді және бәсекеге қабілетті компания. Көптеген жетекші компаниялар көбінесе өнімдерінің бағасын төмендетіп сатып, төмен табыс алатыны бәрімізге мәлім. Бұл тактика нарықта үлкен үлесті иеленуге және ұзақ мерзімді пайда табу мүмкіндігін береді. Компания табысты болу үшін алдымен тиімділік және өнімділік қажет. Тиімділік үш факторға байланысты: мақсаттарға жету; оңтайлы ұйымдық құрылым жасау; қоршаған ортаның өзгеруіне бейімделу қабілетін арттыру. Өнімділік - тиімділікке балама ретінде қолданылатын термин, компанияның экономикалық дамуының нақты деңгейін көрсетеді. Фирманың әл-ауқатының негізгі көрсеткіші - кірістер, активтер, инвестициялар, табыс, нарық үлесі, өнім сапасы, жаңа өнім жасау, еңбек өнімділігі, капиталдың өнімділігі, бәсекелестік артықшылығы, компанияның капиталдандыру деңгейі және т.б.
Компаниялардың табысқа жету жолдары туралы сұрақтар тұңғыш рет индустриалды экономика аясында шешілді. Негізгі түсіндіру моделін Э. Мейсон мен Д. Бейн құрды, ол Құрылым, тәртіп, тиімділік (SCP) деп аталды. Мінсіз бәсекелестік пен нарықтық тепе-теңдікке негізделген бұл модель компаниялардың позициясы саланың жағдайына байланысты деп есептейді. Өз орнын сақтап қалу үшін компания басқа сатушыларға нарыққа кіруге тосқауыл болатын баға белгілеу саясатын жүргізу керек. Бәсекеге қабілетті баға деңгейі нарық қатысушылары үшін шешуші рөл атқарады. Компаниялардың өнімділігін түсіндіру үшін нарықтың құрылымын талдау жеткілікті, өйткені компанияның тәртібі нарықтың ағымдағы жағдайына, кіру және шығу кедергілеріне қарапайым реакция болып табылады.
Өзектілігі: Фирманың табыстылығы компанияның бәсекеге қабілеттілігін қаншалықты тиімді қолдануға, яғни жаңа қатысушылардың нарыққа кіру қаупі, алмастырушы тауарлардың пайда болуы қаупі, сатып алушылардың және жабдықтаушылардың нарықтық құзыреті және бәсекелестері арасында бақталастыққа байланысты.
Мақсаты: Компания табыстарының себептері. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет: Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қызметінің табыстарын талдау. Табыс ұғымы және нарық жағдайында табыстың рөлі. Табыстылықтың көрсеткіштері және оларды талдау. Компания TOYOTO табысының негізгі факторларын талдау. Компанияның ең маңызды принциптері. Компанияны табысқа алып келу жолдары
Бұл курстық жұмыс кіріспеден, жеті тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қызметінің табыстары және оларды талдау

1.1Табыс ұғымы және нарық жағдайында табыстың рөлі

Табыс -- кәсіпорын қызметі тиімділігінің басты шарасы. Таза табыс экономикалық санатының маңызды және кез келген коммерциялық мекемелері қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Нарықтық қатынастарда табыс экономикалық санаты ретінде құрылған материалдық өндіріс саласының таза табысын қамтиды.
Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші табыс түсімі болып табылады. Табыс дегеніміз -- тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Былайша айтқанда, табыс -- бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын кызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші. Кез келген кәсіпорында жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бір бөлігінің ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі -- қосымша еңбек-қосымша өнім немесе құн жағынан алғанда, табыс құрайтыны осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы тауар өндірісінің болуы мүмкін емес. Шынында да, сатқанша бұйым тек жұмсалған шығынды ғана өтеп, ешқандай табыс келтірмесе, кәсіпорынға бұйым шығарудың қажеті не?
Шынында да, кәсіпорын қорлануының мөлшері неге байланысты? Егер белгілі бір кезеңде ұжым қажет болып отырған өнім өндіруді арттырып, оның сапасын жақсартып, ассортиментін кеңейтсе, егер еңбек өнімділігі артып, өндіріс шығыны азайтылса, табыс мөлшері де өседі. Демек, бұл кәсіпорын өндіріс тиімділігін арттырды деген сөз.
Табыс баланстық және есептеулік болып бөлінеді. Жалпы баланстық табыс мынадан құралады
1. Тауарлы өнімдерді сатудан түскен табыс;
2. Тауарлы өнімнің құрамына жатпайтын басқа өнімдерден және қызмет көрсетуден түскен табыс;
3. Сатылатыннан тыс операцияларды жоспарлаудан түскен табыс.
Оған жататындар: айыппұлдар, сыйлықтар және т.б.
Есептеулік табыс -- бұл негізгі өндірістік және айналмалы нормативтік қорларды және банктерден алған несиелерді шегергендегі бюджетке түсетін жалпы баланстық табыс [1].
Табыс жоспары бағалар мен келісім-шарттар, салыстырмалы және қазіргі қолданылып жүрген бағалар негізінде де жасалады. ІІайда көлемін анықтау тікелей есептеу немесе талдау әдістерімен жүргізіледі. Табысты тікелей есептеу әдісімен аныктау -- өнімнің әрбір жеке түрлерін көтерме бағамен есептегендегі сатудан түсетін ақшалай түсім және оның өзіндік құнының арасындағы айырмасы болып табылады.
Табыс белгілі бір нысандарды орындайды.
Біріншіден, кәсіпорын қызметінің нәтижесіне жетуде экономикалық тиімділікті сипаттайды.
Екіншіден, табыс ынталандыру нысанына ие болады. Оның мазмұны, ол бір жолғы қаржы нәтижесі және кәсіпорынның қаржы ресурстарының негізгі элементтері болып табылады.
Үшіншіден, табыс бюджеттің түрлі деңгейін қалыптастырудың бірден-бір көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі және басқа да табыс түсімдерімен қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржыландыруға табысланады.
Нарықтық экономика жағдайында табыстың маңызы орасан зор. Оны алуға ұмтылу тауар өндірушілерді өнім өткізудің көлемін арттыруға, оған кететін шығындарды азайтуға бағыт көрсетеді
Кәсіпорынның табысы әр түрлі қызмет есебінен алынуы мүмкін. Барлық табыстың жиынтық деңгейі -- кәсіпорынның жалпы табысы. Жалпы табыстың негізгі жиынтық элементтері болатындар:
- өнімдісатудағы,қызметатқарудан, қызмет көрсетудсн түсетін табыс;
- негізгі қорларды, сол сияқты басқа да кәсіпорынның мүліктерін сатудан түсетін табыс;
- өткізуден тыс операциялардыд қаржы нәтижелері [2].
Кәсіпорынның пайдасы екі көрсеткішке байланысты:
өнім бағасы жәнс оны өндіруге кететін шығындар. Нарықтағы өнім бағасы сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылының нәтижесі. Еркін бәсеке жағдайында нарықтық баға құрылымы заңының әсерінен өнім бағасы не жоғары, не төмен болуы өндірушінің немесе сатып алушының қалауынша болуы мүмкін емес, ол автоматты түрде теңеседі.
Табысты үлестіру объектісі косіпорынның баланстық табысы болып табылады. Оны үлестіруді табыстың бір бөлігін бюджетке жолдау деп түсінуге болады. Табысты үлестіру заңдылығы -- салық және басқа да төлем шарттары түрінде түрлі деңгейде бюджетке түсетін бөлігі. Табысты үлестірудің бағытын анықтау, кәсіпорынның қарауында қалатып, құрылым статьясын пайдалану кәсіпорынның құзіретіне жатады[3].
Табысты үлестірудің принциптері:
-- кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметі нәтижесінен алынған табысты шаруашылық субъөктісі ретінде мемлекет пен кәсіпорынның арасында бөлінеді;
-- Мемлекет алған табыстың бөлігі салық және алым ретінде бюджетке түседі, мөлшерлеменің өзгеруі мүмкін емес.
-- Салықтың құрамы және алымы, оларды өсептеудің және бюджет жарнама тәртібі заңды түрде белгіленеді;
-- Салықтан кейінгі кәсіпорынның қарауында қалатын табыс мөлшері өнім көлемінің артуы жәнс өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметінің жақсаруына оның мүдделілігі кемімеуі керек;
Кәсіпорынның қарауында қалатын барлық табыс екі бөлікке бөлінеді. Біріншісі -- кәсіпорынның мүлкін көбейтеді және тұтыну процесіне қатысады. Екіншісі -- тұтынуға пайдаланатын табыс үлесін сипаттайды. Сонымен, тұтынуға бағытталған барлық табысты толық пайдаланудың қажеті жоқ. Мүлікті көбейтуге байланысты пайдаланбай қалған табыс қалдығының үлкен маңызы бар және алдагы жылдардағы мүмкін болатын залалдарды, түрлі шығындарды қаржыландырудың орнын толтыруға бағытталады[4].
Бөлінбеген табыс кең мағынада табыс ретінде тұтынуға пайдаланған және өткен жылдардағы табысталынбаған табыс кәсіпорынның қаржы орнықтылығын, кейінгі дамуы үшін қаржы көздерінің бар болуын дәлелдейді.
Кәсіпорындарда табысты үлестіру және пайдалану тәртібі оның жарғысында тіркеліп қойылады және оны кәсіпорын басшысы бекітеді. Тиімділік деп кәсіпорын қызметі тиімділігінің ең басты экономикалық көрсеткіші аталады. Оның екі түрі бар:
oo Кәсіпорынның тапқан табысының өндірістің негізгі және айналмалы қорларының құнына қатысы;
oo Кәсіпорынның тапқан табысының сатылған өнімнің озіндік құнына қатысы.
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады, Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші -- бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы Шетелдік арнаулы әдебиеттерде табыстар ұғымы келесідей түрде анықталады:
Табыстар дегеніміз -- қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі [5].
Ықшамдалған түрде бұл түсінік 1995 жылы 26 желтоқсандағы Бухгалтерлік есеп туралы заң күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабында былай делінген: Табыстар -- бұл есеп-тік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы. Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес[6].
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық, салынғанға дейінгі дағдылы қызметте алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайларданалынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді.
Бұны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді[7].
Нарық жағдайында табыстың рөлі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы - директивті экономика жағдайында оның рөлі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіиорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды:нені, қалай және кім үшін өндіру керек. Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты больш қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл приицип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мезімдік несиелерімен жабылуы мүмкін. Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.
Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыс-тылығы анықталады.
Нарықтық экономика жағдайында табыстың рөлі ол атқаратын қызметтермен анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселе жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Ол тек екі қызмет атқарады:
1) мемлекеттік бюджет табысының көзі;
2) кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму көзі.
Функциялардың және олардың өзара шарттылығындағы бірлігі, табысты шаруашылықты жүргізуші, қоғамның, кәсіпорын ұжымының, және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселелерінің маңыздылығы көрінеді, оның (тәжірибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді [8]
Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:
- Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.
-Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
-Табысты бөлу (тарату) механизмі белсенді роль атқаруы керек және өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс.
-Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу, акциздер, жал төлемі, дивидендтер, пайыздық мөлшерлемелер, арнайы қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы және т.б.) ғана мүмкін.
Бірақ табыстың абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігінің емес, экономикалық тиімділігінің көрсеткішіне жатады. 500 мың теңгелік табыс кәсіпорынның салынған капиталының мөлшері және қызметінің ауқымы бойынша әр түрлі көлемнің табысы болуы мүмкін. Сәйкесінше бұл соманың салыстырмалы деңгейі айтарлықтай деңгейде бірдей болмайды, Сондықтан да алынатын табысты нақты бағалау үшін кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын және табыстылық деңгейін көрсететін рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштері жататын табыстылықтың салыстырмалы керсеткіштері қолданылады[9].
Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші субъектінің өзі де, мемлекет те мүдделі. Сондықтан әр кәсіпорында табыстылықтың абсолютті және салыстырмалы кәрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жасау қажеті.

1.2Табыстылықтың көрсеткіштері және оларды талдау

Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші субъектінің өзі де, мемлекет те мудделі. Сондықтан әр кәсіпорында табыстылықтың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жасау қажет.
Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:
oo табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;
oo таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
oo табыска әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
oo табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;
oo табыстың өсу резервтерін анықтау;
oo кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
табыстылықтың (рентабельдіктің) әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу[10]
Кәсіпорын, егер де өзінің жұмысында белгілі бір принциптерге сүйенсе және қажетті бернесін орындаса, алдыға қойған мақсатына жетеді. Осыған орай кәсіпорындардың негізгі міндеттеріне жататындар:
oo жоғары сапалы өнімдер өндіру, оларды жүйелі түрде жаңалау және қолда бар өндірістік мүмкіншіліктеріне, сұраныстарына сай қызмет көрсету;
oo өзара алмасушыларын ескере отырып, өндірістік ресурстарды ұқыпты пайдалану;
oo кәсіпорынның бет алысының отратегиясы мен тактикасын әзірлеу және жағдайлардың өзгеруіне байланысты оларды өзгертіп отыру;
oo ғылыми-техникалық жетістіктер мен озық тәжірибені, еңбекті ұйымдастыру және басқаларды өндіріске кеңінен енгізу;
oo өздерінің қызметкерлеріне жағдай жасау, олардың сыныптамаларының өсуін және еңбектерінің үлкен маңыздылығы, олардың тіршілік деңгейлерін арттыру, еңбек ұжымдарында қолайлы саяси-психологиялық ахуалды жақсарту;
oo кәсіпорынның шығарған өнімінің бәсекеге жарамдылығын камтамасыз ету, кәсіпорынның жақсы атағын қолдау;
oo баға саясатын икемді жүргізу жәнс басқа да функцияларды іске асыру.
Қорыта айтқанда, ең маңыздысы, кәсіпорындардың барлық функциялары межеленген стратегияны іске асыруға және алдарына қойған мақсаттарына жетуге бағытталғаны жөн.

1. Компания TOYOTO табысының негізігі факторларын талдау.

1.1 Компанияның ең маңызды принциптері

Жапондық Toyota компаниясы 2014 жылдың 31 наурызында аяқталған қаржы жылына болжамын үшінші рет көтерді. Енді ол 1,9 триллион иен (18,8 миллиард доллар) таза пайда күтеді. Мұндай нәтиже компания 1937 жылы құрылғаннан бергі абсолютті рекорд болуы мүмкін..Егер басшылықтың болжамы орындалса, Toyota-ның таза табысы өткен қаржы жылымен салыстырғанда 98%-ға өседі. 2012 жылдың сәуірі - 2013 жылдың наурызы Toyota 962 миллиард иен (9,3 миллиард доллар) табыс тапты. Бұған дейін концерннің сарапшылары компанияның табысы 1,67 триллион иенді құрайтынын болжаған. "Болжамды жоғарылату бағытында қайта қарау шараларымыздың тиімділігін күшейтуге негізделген: шығындарды азайту және маркетингтік шаралар. Біз сондай-ақ халықаралық валюта бағамына қатысты күтуімізді өзгерттік", - делінген Toyota мәлімдемесінде. Чемпионатқа қарамастан, Toyota американдық өндірушілердің қаупіне шындап дайындалуда. Сондай-ақ жапондықтар АҚШ пен Қытайдағы өндіріске көбірек инвестиция салып жатқан Фольксвагеннің агрессивті саясатына қарсы тұруға мәжбүр болады.
2013 жылғы қазан-желтоқсан Toyota таза кірісінің бес есе өскенін хабарлады - бір жыл бұрынғы кезеңдегі 99,9 миллиард иеннен (9,8 миллиард доллар) 525 миллиард иенге (5,21 миллиард доллар) дейін. Қарапайым акция бойынша бұл 165,7 иенге (1,6 доллар) тең. 5,32 триллион иеннен 6,59 триллион иенге дейін (бұл шамамен 51 миллиард доллардан 64 миллиард долларға дейінгі өсімге тең) жылына 24%-ға өсті. Сарапшылар көрсеткіштердің мұндай күрт жақсаруын 2013 жылдың соңына қарай жеделдей түскен жапон иенасының құнсыздануымен байланыстырады.
"2011 жылғы жер сілкінісінен және бірнеше жыл ішінде жүздеген мың көлікті кері қайтарып алған соң, Toyota бірте-бірте өз позициясын қалпына келтіруде. Иеннің құнсыздануы компания табысының маңызды факторы болып табылады: оның әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігі артады. Бұл әсіресе кореялық автоөндірушілермен салыстырғанда байқалады, өйткені соңғы уақытта оңтүстік кореялық воны қымбаттап кетті", - дейді жапондық сарапшылар.
Алайда 2014 жылдың қаңтарында иен айтарлықтай нығайды: егер бір ай бұрын 1 долларға шамамен 105 иен берілсе, қазір ол 101 иенді құрайды. Бүгін ұлттық валютаның қымбаттауы жапондық қор нарығының күйреуі себептерінің бірі болды - бір күнде Nikkei индексі 4,2%-ға, ал Toyota акциялары 5,7%-ға құлдырады. Әзірге Toyota-ға айырбас бағамының өсуі қауіп төндірмейді - 2013-14 қаржы жылына болжам 1 долларға 100 иен бағамы негізінде жасалған.Сонымен қатар, сарапшылар 2014 жылдың соңына дейін деп болжайды. жапон валютасы 110 иендолларға дейін құлдырады, ал жапон валютасының АҚШ-қа қарағанда бар болғаны 1 иенге құнсыздануы Toyota-ның жылдық операциялық пайдасын 40 миллиард иенге арттырады.
Toyota жетекші автокөлік өндірушілердің бірі болып табылады. Компания 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында америкалық General Motors және неміс Volkswagen концерндерін басып озып, көліктерінің сыртқы нарықтардағы сатылымын рекордтық деңгейге жеткізіп, әлемдегі ең ірі автоөндіруші мәртебесін сақтап қалды. 2013 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша сатылымы 9,111 миллион ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрғындар қаржысы
Банк қызметін зерттеу
Қазақстан Республикасындағы инвестициялар
Нарық жағдайындағы қаржы-несие жүйесі туралы ақпарат
САЛЫҚТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУ
Жеке кәсіпорын монополиясы
Бизнес этикасының ғылым ретінде орнығуы
Сақтандыру компанияларының қызметінен тускен табыс шоты
Корпорациялық табыс салығын салудың жетілдіру жолдары
Кәсіпорындағы дивидендтік саясатты басқару
Пәндер