Информатика



Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Информатика.

1.1. Информация және есептеу машиналары

2. Ақпаратты жеткізу және жинау.

2.1. Жаңа информациялық технологиялар

3. Экономикалық информация

3.1. Информациялық технология

3.2. Информациялық қоғамның даму келешегі.
Кіріспе

Біз бәріміз бала кезімізден бастап информация алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио тыңдап, теледидар көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен, достарымызбен әңгімелескенде әр түрлі информация аламыз. Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде бір-бірімен сөйлесуі де информация түрлерінің: сөздердің, ойлардың, хабарлардың, мәліметтердің алмасуына мысал бола алады. Адамдардың араласуы мен бірге жүруі – жұмыс істеу, оқу және ойнау – информация алмасуынсыз жүзеге аса алмайды. Берілген информациялар өзімізге, заттарымызға қатысты айтылып, айнала ортамызда болып жатқан оқиғаларға тығыз байланыста болады.
Информацияны жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, информация алмасу тек ауызба-ауыз айтумен немесе әртүрлі қимылдармен ғана емес, оқу-жазу арқылы да беріле бастады. Оқи білу және ойын жазып жеткізе білу – адамзаттың сауаттылығының белгісі бола бастады. Ойды жазып қалдыру тек мағлұмат пен хабар алмасу ғана емес, адамзаттың ізгі қазыналарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мүмкіндігін берді.
XV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогының пайда болуы кітап шығару ісін жолға қойып, адамзаттың алтын ойларын тікелей көпшілікке жеткізуге мүмкіндік жасады. Кітаптарды, оқулықтарды көптеп басып шығару, көпшілік кітпханалардың ашылуы адамзатты жалпы сауаттылыққа жетелеп, мәдениеттің жаңа даму кезеңін бастады деуге болады.
XIX-XX ғасырлардағы телеграфтың, телефонның, радионың щығуы информацияны кез келген қашықтыққа жарық сәулесінің тару жылдамдығымен жеткізуге мүмкіндік берді. Ал теледидардың шығуы үйде отырып-ақ, дүниеде не болып жатқанын біліп, кино, спектакльдерді көріп, оқып үйрену бағдарламаларын толық жүзеге асыра алатын күйге жеткізді.
Мәліметтерді іздеу мен өңдеудің бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктерін ХХ ғасырдың ортасында шыққан электрондық есептеу машиналары берді. ЭЕМ-дер әуелде есеп-қисап жұмыстарын автоматтандыру үшін шығарылған еді. Кейіннен олардағы мәліметтерді магниттік таспаларға жазып, қағазға басып ЭЕМ экранына шығару қасиеттері бар екені анықталды. Оларды дамыта отырып, архив жасау ісінде, мәтіндерді теріп түзетуде, сызу мен графикалық жұмыстарда, өндірісті автоматтарындауда және де басқа адамның көптеген қызмет салаларында қолдана бастады.
Информация термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымынан туындаған ағылшынның information сөзінен шыққан. Информацияны біз ауызша немесе жазбаша түрде не қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген керекті информацияның мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, сонығ негізінде белгілі бір ой түйеміз.
Сабақ үстінде мұғалім жаңа информацияны оқушыларға жеткізеді, ал оқушылар оны қабылдап, мағынасын түсініп, естерінде сақтайды және жауап береді.
Оқып үйренуге керекті информацияны компьютерден де алуға болады, мәселен ол суреттерді оған қажетті түсіндіру мәтіндерін, тексеру сұрақтарын арнайы программа көмегімен экранға шығарып береді.
Біз өзімізге қажетті информацияны оқулық пен кітаптардан, газет-журналдардан, теледидар хабарлы мен кинофильмдерден алып, керектілерін дәптерге конспект түрінде жазып аламыз. Өндірістегі информация жиыны сызулар мен мәтіндер түрінде, анықтамалар мен есеп беру, кестелер түрінде кездеседі. Осындай ин,формацияларды ЭЕМ арқылы да алуға болады.
Информация кез келген түрде бізге белгілі бір мағлұматтар береді. Ол біздің айналымызға не болғаны немесе не болып жатқаны туралы деректер бере алады, мысалы: кеше не істедік, ертең не істейміз, метеп бітіру кешінде қандай көйлек киеміз немесе қайда жұмыс істейміз деген сұрақтарға жауап бере алады. Бірақ информация әрқашан белгілі бір түрде - әңгіме, сурет, мақала және т.б. түрінде болуға тиіс. Сызулар мен музыкалық шығармалар, кітаптар мен суреттер, спектакльдер мен кинофильмдер – бәрі де информацияны жеткізу түрлері болып саналады. Қандай түрде берілсе де информация өзімізді қоршаған ортаның нақты немесе қиялдағы көрінісі болады.
Жалпы тұрғыдан алғанда, информация – таңбалар мен сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың бейнесі болып саналады. Информация алу дегеніміз – бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз.

Сонымен, информация – белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.
Информацияның түпкі заттық мазмұны оның негізгі қасиеттерін – дәлділігі мен толықтылығын, бағалылығы мен қажеттілігін, анықтылығы мен түсініктілігін ашуға көмектеседі.
Информация істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл болғаны. Дәлдігі жоқ информация оны түсінбеушілікке және соған байланысты теріс шешім қабылдауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Егер информация оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. Информацияның толық болмауы ол жөнінде белгілі бір тұжырымға келуге кедергісін тигізіп, қателікке ұрындыруы мүмкін.
Информацияның бағалылығы оны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше алатынымызға байланысты болады. Өзекті информация жұмыс шарттары өзгерген жағдайда өте керек болады.
Егер бағалы, әрі өзекті информация түсініксіз сөздермен жазылса, оның пайдаға аспайтыны өзінен-ақ белгілі. Егер информацияны пайдаланушылар тілінде жазса, ол түсінікті болады.
Информация түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары, магниттік жазба және тағы басқа.
Қоғамның даму кезеңдерінде адамдар көптеген тілдерді пайдаланды, олар: қимылдар мен мимика тілі, сызу-сурет тілдері, музыка тілі мен сөйлесу тілдері
және тағы басқа.

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Информатика.

1.1. Информация және есептеу машиналары

2. Ақпаратты жеткізу және жинау.

2.1. Жаңа информациялық технологиялар

3. Экономикалық информация

3.1. Информациялық технология

3.2. Информациялық қоғамның даму келешегі.

Кіріспе

Біз бәріміз бала кезімізден бастап информация алмасу процесіне
қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио тыңдап, теледидар
көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен, достарымызбен әңгімелескенде әр түрлі
информация аламыз. Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде бір-
бірімен сөйлесуі де информация түрлерінің: сөздердің, ойлардың,
хабарлардың, мәліметтердің алмасуына мысал бола алады. Адамдардың араласуы
мен бірге жүруі – жұмыс істеу, оқу және ойнау – информация алмасуынсыз
жүзеге аса алмайды. Берілген информациялар өзімізге, заттарымызға қатысты
айтылып, айнала ортамызда болып жатқан оқиғаларға тығыз байланыста болады.
Информацияны жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, информация
алмасу тек ауызба-ауыз айтумен немесе әртүрлі қимылдармен ғана емес, оқу-
жазу арқылы да беріле бастады. Оқи білу және ойын жазып жеткізе білу –
адамзаттың сауаттылығының белгісі бола бастады. Ойды жазып қалдыру тек
мағлұмат пен хабар алмасу ғана емес, адамзаттың ізгі қазыналарын ұрпақтан-
ұрпаққа жеткізу мүмкіндігін берді.
XV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогының пайда болуы
кітап шығару ісін жолға қойып, адамзаттың алтын ойларын тікелей көпшілікке
жеткізуге мүмкіндік жасады. Кітаптарды, оқулықтарды көптеп басып шығару,
көпшілік кітпханалардың ашылуы адамзатты жалпы сауаттылыққа жетелеп,
мәдениеттің жаңа даму кезеңін бастады деуге болады.
XIX-XX ғасырлардағы телеграфтың, телефонның, радионың щығуы
информацияны кез келген қашықтыққа жарық сәулесінің тару жылдамдығымен
жеткізуге мүмкіндік берді. Ал теледидардың шығуы үйде отырып-ақ, дүниеде не
болып жатқанын біліп, кино, спектакльдерді көріп, оқып үйрену
бағдарламаларын толық жүзеге асыра алатын күйге жеткізді.
Мәліметтерді іздеу мен өңдеудің бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктерін
ХХ ғасырдың ортасында шыққан электрондық есептеу машиналары берді. ЭЕМ-дер
әуелде есеп-қисап жұмыстарын автоматтандыру үшін шығарылған еді. Кейіннен
олардағы мәліметтерді магниттік таспаларға жазып, қағазға басып ЭЕМ
экранына шығару қасиеттері бар екені анықталды. Оларды дамыта отырып, архив
жасау ісінде, мәтіндерді теріп түзетуде, сызу мен графикалық жұмыстарда,
өндірісті автоматтарындауда және де басқа адамның көптеген қызмет
салаларында қолдана бастады.
Информация термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымынан
туындаған ағылшынның information сөзінен шыққан. Информацияны біз ауызша
немесе жазбаша түрде не қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген
керекті информацияның мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, сонығ
негізінде белгілі бір ой түйеміз.
Сабақ үстінде мұғалім жаңа информацияны оқушыларға жеткізеді, ал
оқушылар оны қабылдап, мағынасын түсініп, естерінде сақтайды және жауап
береді.
Оқып үйренуге керекті информацияны компьютерден де алуға болады,
мәселен ол суреттерді оған қажетті түсіндіру мәтіндерін, тексеру сұрақтарын
арнайы программа көмегімен экранға шығарып береді.
Біз өзімізге қажетті информацияны оқулық пен кітаптардан, газет-
журналдардан, теледидар хабарлы мен кинофильмдерден алып, керектілерін
дәптерге конспект түрінде жазып аламыз. Өндірістегі информация жиыны
сызулар мен мәтіндер түрінде, анықтамалар мен есеп беру, кестелер түрінде
кездеседі. Осындай ин,формацияларды ЭЕМ арқылы да алуға болады.
Информация кез келген түрде бізге белгілі бір мағлұматтар береді. Ол
біздің айналымызға не болғаны немесе не болып жатқаны туралы деректер бере
алады, мысалы: кеше не істедік, ертең не істейміз, метеп бітіру кешінде
қандай көйлек киеміз немесе қайда жұмыс істейміз деген сұрақтарға жауап
бере алады. Бірақ информация әрқашан белгілі бір түрде - әңгіме, сурет,
мақала және т.б. түрінде болуға тиіс. Сызулар мен музыкалық шығармалар,
кітаптар мен суреттер, спектакльдер мен кинофильмдер – бәрі де информацияны
жеткізу түрлері болып саналады. Қандай түрде берілсе де информация өзімізді
қоршаған ортаның нақты немесе қиялдағы көрінісі болады.
Жалпы тұрғыдан алғанда, информация – таңбалар мен сигналдар түрінде
берілген әлемнің, заттың бейнесі болып саналады. Информация алу дегеніміз –
бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы
немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер
алу деген сөз.

Сонымен, информация – белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар
түрінде берілетін мағлұматтар.
Информацияның түпкі заттық мазмұны оның негізгі қасиеттерін –
дәлділігі мен толықтылығын, бағалылығы мен қажеттілігін, анықтылығы мен
түсініктілігін ашуға көмектеседі.
Информация істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл
болғаны. Дәлдігі жоқ информация оны түсінбеушілікке және соған байланысты
теріс шешім қабылдауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Егер информация оны түсінуге
және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық
болғаны. Информацияның толық болмауы ол жөнінде белгілі бір тұжырымға
келуге кедергісін тигізіп, қателікке ұрындыруы мүмкін.
Информацияның бағалылығы оны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше
алатынымызға байланысты болады. Өзекті информация жұмыс шарттары өзгерген
жағдайда өте керек болады.
Егер бағалы, әрі өзекті информация түсініксіз сөздермен жазылса, оның
пайдаға аспайтыны өзінен-ақ белгілі. Егер информацияны пайдаланушылар
тілінде жазса, ол түсінікті болады.
Информация түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар,
электр сигналдары, магниттік жазба және тағы басқа.
Қоғамның даму кезеңдерінде адамдар көптеген тілдерді пайдаланды,
олар: қимылдар мен мимика тілі, сызу-сурет тілдері, музыка тілі мен сөйлесу
тілдері
және тағы басқа.
Көптеген тілдердің негізі алфавит болып саналады. Алфавит – белгілі
бір тілдің кез келген сөздердің құрай алатын символдарының жиыны.

Алфавит мысалдары:
1. Латын алфавиті: A, B, C, D, E, F, G, H, I, J, K, L, M, N, O, P, Q, R,
S, T, U, V, W, X, Y, Z.
2. Қазақ алфавиті: А, Ә, Б, В, Г, Ғ, Д, Е, Ж, З, И, Й, І, К, Қ, Л, М, Н,
Ң, О, П, Р, С, Т, У, Ү, Ұ, Ф, Х, Ц, Ч, Ш, Щ, Ъ, Ы, Ь, Э, Ю, Я.
3. Табиғи сандар алфавиті: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.
4. Екілік сандар алфавиті: 0, 1.

Екілік сандар алфавитінің қарапайымдылығы, оны есептеу техникасында кең
қолдануға болады. 0 және 1 мәндері ЭЕМ-дерде магниттелген –
магниттелмеген, заряды бар – заряды жоқ, іске қосылған – қосылмаған
деген сияқты және тағы да басқа физикалық қалыптармен көрсетіледі. Екілік
сандар көмегімен кез келген алфавиттің символдарды кодтар түрінде
таңбалана алады, яғни бұл – кез келген тілде жазылған мәлімет екілік
кодтар түрінде бейнеленеді деген сөз.
Мысалы, ЭЕМ – де латын, қазақ алфавиттердің әріптері мен цифрлары 0 мен 1
тізбегінен тұратын сегіз екілік таңбамен бейнеленеді:

Әріп Код Әріп Код Сан Код
А 10000000 А 01000001 0 00110000
Ә 11110000 В 01000010 1 00110001
Б 10000001 С 01000011 2 00110010
В 10000010 D 01000100 3 00110011
Г 10000011 E 01000101 4 00110100
Ғ 01000110 F 01000110 5 00110101

АНА деген сөз 24-разрядты мынадай екілік сандармен бейнеленеді:
АНА – 10000000 10001011 10000000

Компьютердің жадында сақталатын информацияның барлық түрлері – сөздер,
сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару программалары – бәрі де
екілік сандар тізбегі түрінде жазылады. Сондықтан есептеу техникасында 0
мен 1-ден тұратын екілік сан таңбалары арнайы терминмен бит деп аталады.
Бит – ағылшфын тіліндегі bit (binary digit – екілік таңба) деген
қысқарған сөз. ЭЕМ-де қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз
разрядты екілік санды байт ағылшынның byte деген

сөзінен деп атау келісілген.
Сонымен 1 байт бір-бірімен қатарласа тізбек түрінде орналасқан 8 биттен
тұрады, мысалы:
Е – 10000101, е – 10100101, - 00101111, 8 – 00111000 тағы сол сияқты.
Кезкелген ондық сан белгілі бір ереже арқылы екілік санға айналады және
екілік санды қайтадан ондық санға айналдыру қиын емес. Ал әріптер мен
символдарға келетін болсақ, олар ретті түрде жазылып, әрқайсысы тұрған
нөміріне сәйкес екілік кодқа ие болады. Екілік сандарды ондық сандар
тәрізді қосуға, азайтуға, көбейтуге және бөлуге болады.
Екілік сандарды ондық сандарға айналдыру ережесі қиын емес, ол үшін мына
жолдарды қарастырайық.

Ондық сан: 010 110 210 310 410 510 610 710 810 910 ... 1110
Екілік сан: 02 12 102 112 1002 1012 ... 10102
Мұнда жоғарағы жолда 1-ден 11-ге дейінгі ондық сандар, ал төменгі жолда
соларға сәйкес екілік сандар жазылған.
Екілік сандарды ондық сандарға айналдыру олаадың әрбір разрядын 1 немесе
0 санын тұрған орнына байланысты екінің дәрежелеріне – 1, 2, 4, 8, 16
тағы сол сияқты. Көбейтіп, шыққан сандарды қосу арқылы жүргізіледі.
Мысалы, 10112 болып жазылатын екілік сан ондық санға былай
түрлендіріледі: 23 22 21 20 - екінің осындай дәрежелері санның
разрядтарымен көбейтіліп қосылады.

1. 0 1 12 = 1*23+0*22+1*21+1*20 = 8+0+2+1=1110.
Керісінше ондық сандарды, екілік сандарға айналдыру үшін: сол санды екіге
бөлеміз, шыққан бөліндіні тағы екіге бөлеміз, одан шыққан санды да
осылайша бөлінді бірге тең болғанша, біртіндеп екіге бөле береміз. Ең
соңғы бөліндіден басталып жазылатын қалдық сандар тізбегі ізделініп
отырған екілік санның таңбаларын құрайды.

Информатика.

Информатика – ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу
және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми
пән. Информатиканың оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді
пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп
ғана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен
тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.
Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, олардың даму
процесі үздіксіз ғылыми-техникалық процеске айналып отыр. Сонымен қатар,
информацияны өңдеу,жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып
келеді.

Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән
болып саналады да, оны оқып үйрену күннен күнге күрделіленіп барады.

Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін
өнімі информация болып саналады. Сондықтан информация ұғымы информатика
мен ЭЕМ-де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.
Информацияның жеткіліктігі немесе толықтығы оның информацияның
дұрыс шешім қабылдауға қажетті деректердің ең аз шамадағы көлемін
білдіреді. Толық емес информация пайдаланушылар қабылдаған шешімнің
тиімділігін кемітеді. Ал, информацияның мөлшерден көп болуы, керісінше,
оперативтілікті кемітіп, шешім қабылдауда қиындатады, есесіне
информацияны әлдеқайда тұрақты етеді.
Информацияның іргелі, үлкен өзгешелігіне жүйелілігі жатады.
Белгілі болғандай, оған кіретін элементтердің әрбіреуі жеке алғанда
мұндай өзгешілікке ие бола алмайтын өзгешіліктердің жиынтығы жүйе деп
аталады. Әрбір бір жолғы информациялық сигналдардың өзара бірігуі
әлдеқайда жоғары тудыратыны туралы көп мысалдарды еш қиындықсыз келтіруге
болады.

Информация және есептеу машиналары

Бұл күнде ЭЕМ информацияны өңдеудің ең негізгі құралы болып саналады. 70
– жылдарда электрониканың дамуы компьютердің жаңа түрін – жеке
пайдаланылатын дербес компьютерлерді көптеп шығаруға жол ашты. Олар
қазірде мектептерде, институттарда, баспаханаларда және тағы басқа
орындарда кеңінен қолданыла бастады. Мұндай компьютерлерді оқуда,
жұмыста, оәнау үшін, тағы да басқа көптеген мақсаттарда пайдалануға
болады. Осы компьютерлерді өндіріс пен жобалау ісінде, ғылыми зерттеу
жұмыстары мен білім беруде пайдалану, миллиондаған адамдарының
жұмыстарының мазмұны мен орындалуын түбегейлі түрде өзгертті деуге
болады.
Ең алдымен ЭЕМ-дер өндірістің автоматтандырылған технологиясын
жасауға мүмкіндіктер ашып берді. Оның үстіне, сол технология көмегімен,
ЭЕМ-дермен басқарылатын жаңа машина, құрал-сайман және құрылғылар
жасалынады. Осылардың негізінде ХХІ ғасырдың басында есептеу машиналары
адамсыз жұмыс атқара алатын өндіріс технологиясын жасау мүмкіндіктерін
беріп отыр. Осы сияқты болашақтың фабрикаларында қолмен істелетін
жұмыстардың бәрін роботтар орындайды да, адамдардың рөлі өндірісті
жоспарлау, роботтар жұмысын басқару және ЭЕМ көмегімен жаңа бұйым жасау
істерін жобалау ғана болып қалады.
Бүгіннің өзінде-ақ көптеген қызмет салаларында ЭЕМ-дерді
пайдалану
адамдарға информацияны жинау, дайындау және өңдеу жұмыстарын
оңайлатып, жобалау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жылдам жүргізуге
мүмкіндік береді. ЭЕМ-дер мектептерге де келе бастады, олар
физика, математика, химия мен биология сияқты және басқа да пәндерді оқып
үйренуде үлкен көмек береді.
ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасау және оларды өз жұмысында пайдалана
білу, бұдан бұрынғы аталарымыздың қаламсаппен сауат ашқаны сияқты алдағы
10-15 жылда біздер үшін ең керекті зат болып, компьютерлік сауаттылықтың
негізін қалайды.
Компьютерлік сауаттылық деп компьютерді пайдалана отырып, оқу, жазу,
есептеу, сурет салу және информация іздеу жолдарын меңгеруді айтады.
ЭЕМ-ді жұмыста тиімді пайдалану белгілі бір мәдениет иесі болуды талап
етеді, яғни ол мәдениеттіліктің белгісі болып саналады. Ол үшін ЭЕМ-нің
негізгі мүмкіндіктерін жақсы білу қажет, олар: мәселелерді немесе
есептерді айқын түрде қоя білу, оларды шешудің жоспарын жасау және ЭЕМ-ге
түсінікті түрде жазу; есеп шығаруға керекті мәліметтерді айқындай білу
мен алынған нәтижелерді талдау тәсілдерін, әрбір адамның жетік меңгеруі
болып табылады. Мұндай мәдениеттілікті игеру логика мен информатика
заңдарын білуге барып тіреледі.

Ақпаратты жеткізу және жинау.

Адамдар арасындағы ақпарат алмасудың бірінші құралы – сөз. Ана
тілінде берілген ақпаратты жеткізу құралдарының бай жиынтығына қарамастан,
ол тілде барлық нәрсені сипаттау мүмкін емес. Сондықтан, адамзат ақпаратты
жеткізу және сақтау үшін, суреттерді, сызуларды, схемаларды, ал кейіннен
фотографияларды, теледидарлық кескіедерді және тағы басқаларды пайдалана
бастады. Адамзат қоғамында жазудың пайда болуы ақпаратты, білімді алмасу
процесін дамытты. Ақпараттың материалдық негізі алғашқы кезде тас, саз
балшық, ағаш, папирус болса, кейіннен қағаз жасалынды. Адамдар бір-бірімен
сөйлескенде ғана ақпарат алмасып қоймай, ақпаратты жазуға, оны сақтап,
келесі ұрпаққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика сабақтарын әзірлеу
МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ЕНГІЗУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаттары
Информатиканы орта мектепте оқытудың теориялық-әдістемелік негіздері жайлы
Бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту әдістемесі
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Информатика ғылымы және орта мектепте оқу пәні ретінде
ЭВМ құрылғыларымен жабдықталған кабинетте оқытылатын информатика сабағына қойылатын талаптар
Информатиканы продуктивті оқыту әдістері
Информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау
Пәндер