Демалыс күндері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

ТОБЫ: 1701-20
ОРЫНДАҒАН: НИЯЗ М.
ҚАБЫЛДАҒАН: АЛИМКУЛОВА А.

Шымкент 2022
Демалыс уақыты қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және оны өз қалауы бойынша пайдаланылатын уақыты. Оның еңбек заңдарына сәйкес мынадай түрлері бар:
1) демалуға және тамақтануға арналған үзіліс;
2) күн сайынғы демелыс;
3) демалыс күндері;
4) мереке күндері;
5) демалыстар;
Демалуға және тамақтануға арналған үзіліс. Күнделікті жұмыс (ауысым) ішінде қызметкерге демалу және тамақтану үшін жинақтап алғанда ұзақтығы бір сағаттан кем болмайтын үзіліс беріледі. (Ет3-ның 53-бабы). Заңда үзілістің тек төменгі ұзақтығы ғана белгіленген. Үзілістің мейілінше ұзақтығы өндіріс сипаты мен ауысым кестесіне сәйкес белгіленеді. Бұл үзіліс жұмыс ұақытына енгізілмейді және оны қызметкер өз қалауы бойынша пайдаланады. Үзіліс беру уақыты мен оның ұзақтығы жұмыс берушінің актілерінде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленеді. Түскі үзіліс төрт сағат жұмыс істегеннен кейін беріледі. Өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін емес жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерге жұмыс уақытында демалу мен тамақтану мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Мұндай жұмыстардың тізбесі, демалу және тамақтану тәртібі мен орны жұмыс берушінің актілеріне белгіленеді.
Арнаулы үзіліс. Еңбек заңының 54-бабында жылдың суық мезгілінде ашық далада, жылу берілмейтін жабықүйжайларда жұмыс істейтін, жүк тиеу-түсіру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге жылыну және демалу үшін арнаулы үзілістердің берілетіні көзделген. Бұл үзілістер жұмыс уақытына қосылады және жұмыс берушінің актілерімен айқындалып, ұжымдық, жеке еңбек шарттарында белгіленеді.
Күн сайынғы демалыс. Жұмыстың бітуі мен оның келесі күнде (ауысымда ) басталуы арасындағы демалыс күн сайынғы демалыс болып есептеледі. Оның ұзақтығы жұмыс уақытының режіміне байланысты, бірақ 12 сағаттан кем болмауы тиіс (Ет3-ның 55-бабы).

Демалыс күндері. Қызметкерлерге апта сайынғы үзіліссіз демалыс уақыты, яғни демалыс күндері беріледі. Бес күндік жұмыс аптасы жағдайында қызметкерлерге аптасына - екі, ал алты күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні беріледі.

Жалпы демалыс күні жексенбі болып есептеледі. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде екінші демалыс күні жұмыс берушінің актісімен немесе жұмыс кестесімен белгіленеді. Екі демалыс күні де, әдетте қатарынан беріледі.
Мерекелік күндер жұмыс күндеріне сәйкес келген жағдайда және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.
Өндірістік - техникалық жағдайлары бойынша немесе халыққа үнемі үзіліссіз тұрақты қызмет көрсету қажет болуы себепті демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын ұйымдарда, сондай-ақ үзіліссіз өндіріс жүргізілетін ұйымдарда жұмыс берушінің актісімен бекітілген ауысым кестесіне сәйкес, қызметкерлердің әрбір тобына демалыс күндері аптаның әртүрлі күндерінде кезекпен беріліп отырады.Жалпы ереже бойынша демалыс күндері жұмыс істеуге жол берілмейді. Қызметкерді демалыс күндерінде жұмысқа тартуға оның келісімі болған ретте ғана рұқсат етіледі.Демалыс күндерінде жұмысқа тартудың ерекше реттері Еңбек заңының 59-бабында белгіленген. Қызметкерлерді демалыс күндерінде жұмысқа тартуға мынадай жағдайларда жол беріледі:
1) төтенше жағдайларды немесе дүлей апатты, өндірістік аварияны болғызбау не олардың зардаптарын дереу жою үшін;
2) жазатайым оқиғаларды, мүліктің жойылуын немесе бүлінуін болғызбау және оны тергеу үшін;
3) тұтас алғанда ұйымның немесе оның жеке бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмыс істеуі тез орындалуына байланысты болатын шұғыл, алдын - ала күтпеген жұмыстарды орындау үшін.
Мереке күндері. Заң бойынша күнтізбелі жыл ішінде қызметкерлер жұмыс істейтінмереке күндері мыналар: 1 - 2-қаңтар - Жаңа жыл; 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні, 22 наурыз - Наурыз мейрамы, 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі; 9 мамыр - Жеңіс күні, 30 тамыз - Қазақстан Республикасы Конституциясының күні, 25 қазан - Республика күні (бұл күн Ұлттық мереке болып жарияланған), 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. (Заң күші бар Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 қазандағы № 2534 Жарлығы).
Заңда белгіленгендей өндірістік-техникалық жағдайлары бойынша немесе халыққа үзіліссіз тұрақты қызмет көрсету қажет болуы себепті демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын ұйымдарды қоспағанда республикада белгіленген мереке күндері жұмыс жүргізілмейді.

Жыл сайынғы еңбек демалысы - қызметкерлерге жұмыс орны (қызмет) мен орташа жалақысы сақтала отырып, жыл сайын күнтізбелік күн есебінен берілетін заңда көзделген үзіліссіз демалыс. Еңбек демалысы жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін барлық қызметкерлерге беріледі. Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын берудің талаптары мен тәртібі жеке еңбек, ұжымдық шарттармен белгіленеді. Еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Егер басқа нормативтік құқықтық актілерде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде қызметкерлердің жекеленген санаттары үшін өзгеше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демалыс жайлы
Демалыс уақыты
Жұмыс уақытының режимі
Азаматтардың жеке категорияларына жұмыс уақытының жалғасуын тоқтату
Қызметкерлердің жұмыс уақыттары
Жалақы көлемін критерилер бойынша анықтау
Еңбек құқығы. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты
Жеке еңбек шартының ұғымы
Жұмысты азаматтық - құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын азаматтар
Өндірістік практика есебі ЖШС «Райс – Стар» туристік фирмасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz