МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті
Спорт және өнер факультеті
«Қорғауға жіберілді»
ҚР Мәдениет қайраткері., аға оқытушы
Ә. Т. Ботақараев
“” 2022 ж.
Тақырыбы: «Оқушылардың музыкалық шығармашылығын дамытуда мектеп көркемөнерпаздар үйірмесінің рөлі»
Орындағандар : Абдуллаев Анвар
Ғылыми жетекшісі:
Қауымдастырылған профессор м. а. : Ельжанов Дархан Нуржанович
Түркістан - 2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І КӨРКЕМӨНЕРПАЗДАР ҮЙІРМЕСІ - ЖАСТАРДЫҢ РУХАНИ АЙНАСЫ
- Мектеп оқушыларының музыкалық шығармашылығының ғылыми методикалық әдістемесі және музыкалық тәрбие беру әдіснамасы . . . 6
1. 2 Мектептегі көркемөнерпаздар үйірмесінің міндетті болу шарттылығы . . . 17
II МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2. 1 Жеке тұлғаны қалыптастырудағы музыкалық мәдениеттің рөлі . . . 29
2. 2 ХХІ ғасыр мектептерінде музыка пәнін оқыту және музыка мұғалімін даярлау жолдары . . . 47
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Аннотация. Қазіргі таңда жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру ісі маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Тәлім-тәрбиенің негізгі бөлігі болып табылатын эстетикалық тәрбиенің балалардың әсемдікті түсініп, ұға білуі және олардың дүние танымының қалаптасып дамуы жолында атқарар маңызы зор.
Музыка мектептері мен жалпы білім беретін мектептер, балалбақшалар мекемесіндегі әуесқой оркестрлер мен ансамблдердің жұмысы оқушыларды және мектепке дейінгі жас бүлдіршіндерді әсемдік әлеміне жетелеп, оларға эстетикалық тәлім-тәрбие берудің бірден-бір тиімді тәсілі болып табылады. Сондықтан да бұл жағдай мектеп, балабақшаларда әуесқой оркестрлер мен ансамбльдер үйірмесін батыл түрде ұйымдастырып, оларды оқу процесінде және сыныптан тыс жүргізу барысында кеңінен пайдалану қажеттігін тудырады. Баланың шығармашылық қабілетін қалыптастыру даму бағытыңдағы іс-әрекетке көшу заман талабы.
Дипломдық жұмысым жалпы мектеп оқушыларының оқу барысындағы білімі мен қоса басқа қырларының ашылуына үлес қосу және көмектесу үшін жасалатын амалдардың бірі - көркемөнерпаздар үйірмесінің болу шарттылығы. Бұндай қосымша сабақтар, яғни үйірме деген атаумен мектептерде жүргізіліп келеді. Сонау Кеңес үкіметі кезінде бастау алған бұл методиканың бір түрі. Қазіргі кезде қазақ мектептерінің Республика бойынша 98% бар. Менің жұмысым болса, жалпы осы мектептердегі көптеген үйірмелердің ішіндегі, әсіресе баланың музыкалық қабілетін шыңдайтын көркемөнерпаздар үйірмесінің маңыздылығы болып саналады. Бұл көркемөнерпаздар үйірмесінің сапасы атына сай келе ме? Жалпы елімізде қай аймақтарда бұл оқыту әдісі жақсы қарқын алған? Оның дамуына қандай үлес қоса аламыз? Міне, жоғарыдағыдай сұрақтар арқылы біз өзімізге сұрақ қойып, оған жауап ізденіліп, зерттелді. Мысалдар арқылы дәлелденді. Адамзат тарихына көз жүгіртсек, қай кезді алып қарасақ та даму процесі тоқтамаған. Күні бүгінге дейін жалғасын тауып, дамып келе жатыр. Жалпы даму деген ұғымға толыққанды адам болып қалыптасу теориясы кіреді. Толыққанды саналы адамның бойында көптеген қасиеттер болады. Бұд қасиеттерді жақсы қасиеттер және жаман қасиеттер деп екіге бөліп топшыласақ болады. Біздің түсінігімізде жақсы қасиеттерге, өзге адам баласына немесе қоршаған ортасына зианын келтірмейтін, адамзат үшін және әуелі өзі үшін дұрыс өмір сүретін адамды айтуға болады. Ондай адамның бойынан ақыл да, білім де, өнер де т. б. қасиеттер табылатыны анық.
Шығыстың ғұлама ғалымы, ойшыл ұлы Әбу Насыр Әл-Фарабидың бір қанатты сөзі бар: «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың хас жауы». Яғни ең бірінші адам баласы жақсы тәрбие алса, кейінгі оның даму процесінде осы тәрбиесі оған үлкен көп көмек көрсетіп, қызмет атқарады.
Ендігі мәселе осы білім деген ұғымға келейік. «Оқу - инемен құдық қазғандай», «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ», «Оқу - білім азығы, білім - өмір қазығы» деген сынды көптеген оқу - білімге қатысты небір керемет қанатты дана сөздер бар. Бұл сөздердіңбарлығы да тегіннен тегін жазылмаған. Адамзаттың дамып, әлемнің қалыптасуы, қазіргі кезге жетуінің барлығы осы білім, оқу және тәрбиенің арқасы.
Жоғарыда тоқталып өткен барлық адамзат баласына тән қасиеттердің арасына енді тағы бір ерекше қасиеттердің бірі - өнер деген ұғымды қосқалы отырмын. Бұл өнер деген жалпы киелі нәрсе. Түбі шексіз, бойлай берсең жете алмайсың, үлкен философиялық та мәні бар дүние. Ал мектеп оқушыларына, яғни кішкентай балаларға бұл нәрсе міндетті түрде оқытылуы, көрсетілуі, тыңдатылуы және үйретілуі керек.
Жалпы өзіме жүктелген жұмыстың сұрағы мен жауабын толығымен дәлелдей біліп, барлық сұрақтарына жауап бердім деп ойлаймын.
- Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Біздің білім беру әдісіміз де методикамыз да жыл өткен сайын ауысып,
яғни жақсы жағына дамып келе жатыр. Әр мекеме өзіндік жаңашылдығын осы білім саласына, оның сапасының артуына қосып келеді. Бірақ та балалардың музыкалық шығармашылығының артуына жасалып жатқан өзгерістер көңілден шықпайды, сондықтан да оның шешімінің тиімді жолдарын тауып, ұсынғалы отырмын. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алғашқы буыны болып табылатын мектепке дейінгі кезеңде балалардың музыкалық қабілетін жан - жақты дамыту және тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілуде, себебі осы кезеңде балалардың музыкалық қабілетін дамыту мүмкіндіктері мол. Ғалымдардың пікірінше табиғи жаратылысында музыкалық қабілетінің алғашқы шарттары 50 - 60% байқалған. Баланың музыкалық ерекшеліктері жаратылысынан шығармашылық, ізденімпаздық сипаттарға ие, алайда оны дұрыс бағытта дамыту жағдайлары әрқилы, сондықтан баланың ақыл - ой қабілетін дамыту, оның нақты бағыттарын айқындау ең алдымен оның жас және дара ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты. Балалардың толыққанды музыкалық тәрбиесін қарапайым музыкалық түсініктерді қалыптастырудан бастау қажет.
Жоғарғы оқу орындарындағы жжыне мектептерде музыкалық теориялық және практикалық білім жүйесінен біраз тәжірибелер бар, дегенмен, қазақ тілінде жазылған оқулықтар мен құралдардың жеткіліксіздігінен оқу үрдісінде біраз кедергілер кездесіп жүргені де рас. Осы дипломдық тақырыбым да, негізгі мақсаты, өнер сүйер жеткіншекті көркемөнерге баулу, оның қаншалықты өмірде кең қолданыста екенін түсіндіру, музыка грамматикасымен, маңызды музыкалық элементтермен таныстыру, қазақтың халық терме, толғау, жыр, күй әуендерін оқушы санасына сіңірту, ноталық сауаттылық туралы да жеткілікті білім беру болып табылады. Ал жалпы алғанда, халық музыкасын тыңдату арқылы студенттердің, оқушылардың бойында өз халқының жетістіктерімен табыстарына деген ұлттың мақтаныш сезімін оятып, музыкалық мәдениетін және сүйіспеншілігін ояту.
- Зерттеудің мақсаты -Мектеп оқушыларының музыкалық қабілетін, оның
ішінде көркемөнермаздар үйірмесә арқылы дамуын зерттеу.
- Зерттеу жұмысының міндеттері.
Жалпы осы көркемөнерпаздар үйірмесінің болғаны жақсы екенін білеміз.
Бірақ олардың көбісінің саны бар сапасы жоқ екенін аңғаруға болады. Зерттеу жұмысымыздың мақсаты да маңызды 3 компонеттен тұрады:
- Қазіргі үйірмелер мен бұрынғы үйірмелердің айырмашылығын анықтау;
- Көркемөнерпаздар үйірмесінің эффектісін іс жүзінде көрсету;
- Мектеп оқушысының музыкалық дамуына одан әрі үлес қосатын нәрселерді жинап, тоғыстырып, бір жеміс шығару.
- Зерттеу жұмысының жаңалығы.
Мектеп оқушыларының бүгінгі кездегі білім алуының маңыздылығы өте
жоғары. Сондақтан да оларға барлық ғылыми ашулар тиесілі десем де болады. Білім мен ғылым адамзаттың дамуына бірден-бір себеп нәрселер. Бірақ үшінші бір нәрсе бар, ол өнер. Өнер арқылы адам есінен алжаспай, өмірінде баланс ұстап тұрады. Музыка адамның жанын емдейді. Ал осы керемет құбылысты бала кезден дамытып, алтын жолын даралап беруге көмектессек, керемет музыкант болайын деп тұр деген азаматтар қаншама.
- Зерттеу жұмысының құрылымы.
Зерттеу жұмысының құрылымы тақырыптың мазмұнына сай екі бөлім, төрт тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
І КӨРКЕМӨНЕРПАЗДАР ҮЙІРМЕСІ - ЖАСТАРДЫҢ РУХАНИ
АЙНАСЫ
- Мектеп оқушыларының музыкалық шығармашылығының даму
процесі
Адамзат тарихына көз жүгіртсек, қай кезді алып қарасақ та даму процесі тоқтамаған. Күні бүгінге дейін жалғасын тауып, дамып келе жатыр. Жалпы даму деген ұғымға толыққанды адам болып қалыптасу теориясы кіреді. Толыққанды саналы адамның бойында көптеген қасиеттер болады. Бұд қасиеттерді жақсы қасиеттер және жаман қасиеттер деп екіге бөліп топшыласақ болады. Біздің түсінігімізде жақсы қасиеттерге, өзге адам баласына немесе қоршаған ортасына зианын келтірмейтін, адамзат үшін және әуелі өзі үшін дұрыс өмір сүретін адамды айтуға болады. Ондай адамның бойынан ақыл да, білім де, өнер де т. б. қасиеттер табылатыны анық.
Қазіргі таңда мәдени және рухани өміріміздің барлық саласында, атап айтқанда, білім беру жүйесінде де жан - жақты міндеттемелер жүктеліп отыр. Ол - жастардың рухани байлығы мен мәдениеттілігін жетілдіру міндеттемелері.
Шығыстың ғұлама ғалымы, ойшыл ұлы Әбу Насыр Әл-Фарабидың бір қанатты сөзі бар: «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың хас жауы». Яғни ең бірінші адам баласы жақсы тәрбие алса, кейінгі оның даму процесінде осы тәрбиесі оған үлкен көп көмек көрсетіп, қызмет атқарады.
Ендігі мәселе осы білім деген ұғымға келейік. «Оқу - инемен құдық қазғандай», «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ», «Оқу - білім азығы, білім - өмір қазығы» деген сынды көптеген оқу - білімге қатысты небір керемет қанатты дана сөздер бар. Бұл сөздердіңбарлығы да тегіннен тегін жазылмаған. Адамзаттың дамып, әлемнің қалыптасуы, қазіргі кезге жетуінің барлығы осы білім, оқу және тәрбиенің арқасы.
Жоғарыда тоқталып өткен барлық адамзат баласына тән қасиеттердің арасына енді тағы бір ерекше қасиеттердің бірі - өнер деген ұғымды қосқалы отырмын. Бұл өнер деген жалпы киелі нәрсе. Түбі шексіз, бойлай берсең жете алмайсың, үлкен философиялық та мәні бар дүние. Ал мектеп оқушыларына, яғни кішкентай балаларға бұл нәрсе міндетті түрде оқытылуы, көрсетілуі, тыңдатылуы және үйретілуі керек.
Жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие салаларының бірі - эстетикалық
тәрбие. Оқушылардың өнерге құштарлығы мен қабілетін дамытуда эстетикалық
тәрбиенің жүйелі жолға қойылып, дұрыс ұйымдастырылуының маңызы айрықша.
Эстетикалық тәрбие өнер құралдарымен (музыкада-дыбыс, суретте-бояу,
әдебиетте - сөз) жасалған көркем бейне арқылы оқушылардың дүниетанымын
кеңейтіп, өмір шындығын, әсемдікті сезіне білу қабілетін дамытуға жағдай
жасайды.
Адамдардың дыбыс арқылы табиғаттың түрлі құбылыстарын беруге ұмтылу әрекетінен музыка пайда болды. Музыканың әсер етушілік қабілеті музыкалық шығарманың жазылу сапасына, қоршаған әлеуметтік жағдайға, оқушының психофизиологиялық ерекшелігіне байланысты.
Музыкалық шығарманың сапасы - оның қабылдауға қолайлы әрі түсінікті болып келуімен өлшенеді. Әлеуметтік жағдай - баланың қоршаған ортадағы музыкамен қарым-қатынас жасауына қажетті жағдай, мүмкіндік, мысалы: қалада ауылмен салыстырғанда оқушылардың операға концерттер мен театрға баруға мүмкіндігі мол, ал ауыл балаларында мүндай мүмкіндік көп бола бермейді. Дегенмен қазіргі жедел күрт даму кезеңінде окушылардың музыкалық талғамы мен ой-өрісі әлдеқайда жоғары. Қазіргі окушылардың музыкалық тәрбиесіне тек қана мектеп емес, қоршаған орта айырықша ықпал етуде. Оқушы бойындағы психофизиологиялық ерекшелік - музыка әуені арқылы берілетін музыкалық бейнелерді қиялдай сезініп, жан дүниесімен толғанып, түсіне білу қабілеті.
Жалпы көркемөнерпаздар деген термин қайдан шықты? Көркемөнерпаз деген кім? Көркемһнерпаздық - бұл да халқымыздың шығармашылығының бір түрі. Бұл өткен ғасырдағы қазан төңкерілісінен кейін артынша пайда болған нәрсе. Елімізде көптеген халық аспаптық оркестрлері, ансамбльдер мен хор ұжымдары, биші хореографиялық ұжымдар, эстрада жанрындағы оркестрлер, әр түрлі бағыттағы топтар, музыкалық драма театрлары, опера - балет театрлары, әирктер, бейнелеу өнері студиялары, суретшілер, фотографтар, би клубтары сында көптеген т. с. с. ұжымдар пайда бола бастады. Әр ұжымның өз жұмыс орындары болды, дайындалатын жерлері болды, халық алдына шығып өз өнерлерін паш етті. Жалпы елімізде көркемөнерпаздар деген сөз осыдан бастау алған. Қазіргі кезде де оларға біртұтас атау осы көркемөнерпаздық. Бірақ кезінде тек көркемөнерпаздар деген атау барлығына бірдей аталса, қазір олар өз алдарына бөлек атаумен елімізде қызмет етуде. Оркестрлер бір бөлек, топтар бір бөлек, би ұжымдары бір бөлек т. б. Олардың өз алдарына қойылатын міндеттері мен тапсырмалары бар. Ел алдына, халық алдына шығып есеп береді, елде мәдениеттің артуына, дамуына осы көркемөнерде жұмыс жасайтын өнерпаздар жауап береді десек те қателеспейміз.
Бүкіл көркемөнерпаздар алғаш құрылып өз жұмыстарын бастаған соң, елге сол өнерлерін сусындату мақсатында өсіп келе жатқан жа балаларға үйрету мақсатында да қызмет етті. Сол қызметтің арқасында ғана күні бүгінге дейін сол өнерлері сақталып, жетіп отыр. Алған мектептерде көркемөнерпаздар үйірмесі болып әр түрлі жанрда кішігірім жасақталған болатын. Кейін уақыт өтіп, көркемөнерпаздар беделі артұан шақта, мектепте үйірмелер болу шарттылығы жақсы қолға алынды. Бастауыш сыныптарға домбыра, баян, үш ішекті аспаптар, домбырамен ән салу, вокалдық өнер, би сиақты өнер түрлері үйірме болып ашыла бастады. Оған арнайы мамандар келіп жұмыс жасап, мектептердегі көркемөнерпаздық өнердің негізін салып кетті. Біраз балалармен жұмыс атқарылды. Домбырашылар ансамбльдері мектептердегі балалардан, яғни бастауыш сынып оқушыларынан жинақталды. Олар асқан қызығушылықпен сол өнерді біліп, тануға, бойына сіңіруге тырысып бақты. Кейін тіпті өнерпаз болып өсуіне жол ашты десек те заңды. Себебі бір бала гуманитарлық білімге жақын болса, енді бірі математикалық, жаратлыстану саласына бейім болып келеді. Ал енді біреулері спортқа икемі болса, қалған біреулері осы өнерге жақын болады, бойында ашылмаған таланты болады. Соны мектеп кезде аша білсе, кейін өсе келе тіптен осы салаға жұмыс жасап, дамуына өздерінің ұстаздарынан да көп үлес қосуы мүмкін еді. Тек дұрыс бағытта дұрыс білім берілуі керек екен. Осы сынды идеологилар уақыт өте келе, елімізде жақсы дамып бастады. Ашылған мектептерде алғаш ең қолжетімді аспап домбыра болды. Би және вокал сынды үйірмелер де домбыра секілді өз жұмыстарын мектепте бастауыш сыныптарда бастап кетті. Көптеген өнер майталмандары, жарық жұлдыздар осы мектеп көркемөнерпаздар үйірмесінен өнермен сусындап, кейін өсе келе үлкен - үлкен кәсіби көркемөнерпаз дейңгейіне жетіп, елге қызмет жасаған еді. Сол кісілердің ұрпақтары болса қазіргі кезде де елге мәдени салада қызмет етіп жүр десем қателеспеспін. Яғни бұның бәрі осы мектеп көркемөнерпаздар үйірмесінің арқасы деп білемін.
Көркемөнерпаздар ұжымдары әр салада дами берді. Өткен ғасырдың ортасынан бастап алғаш оркестрлер, ансамбльдер жасақталып, музыкалық жоғарғы оқу орындары да ашылды. Сол заманнан бері қазіргі кезге дейін дамыған көркемөнерпаздар ұжымы Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін өте қарқынды дами түсті. Ел ішінде ғана емес сыртында да, шет елдерде де өз өнерлерін, яғни қазақ өнер танытып, паш етіп жүр. Елге де шет мемлекеттерге де сыйлы болды. Теледидарлардан концерттері көрсетілімге шығып отырды, оны ел - жұрт қарап тамсанып, балаларына насихаттады. Сондықтан да болар, мектептерде көркемөнерпаздар үйірмесі қарқынды дами түсті. Қазіргі кезде көркемөнерпаздар үйірмесінің сан - алуан түрі кездеседі. Мектептерде, мектепке дейінгі дайындау мекемелерінде де осы көркемөнерпаздар үйірмесі жүреді, үйретіледі. Ол дегеніңіз балабақша, мектепалды даярлық кластары. Бұл жерлерде балаларға тиісінше өз жастарына сәйкес біліммен және өнермен сусындатып, мектепке тәрбиелеп, дайындайды. Балабақшаларда ән - күй сабақтары, үйірмелері болады, оған да арнайы жоғары оқу орнын бітірген мамандар ғана алынады. Қандай да бір аспап меңгерген маман бұл жерлерде балалардың жалпы зейінін музыкаға ашып қана қоймай, вокалдық және аспаптық білім береді. Бұны көріп өскен жас жеткіншектер музыкаға деген, аспапқа деген құрметі артып, кейін мектепке бара бастағанда музыка деген сабаққа жартылай болса да дайн болып барады. Ол өзіне жақсы болады. Мектептегі музыка сабақтарында кездесетін түрлі қиыншалақтар басқа оқушыларға, яғни балабақшада музыка сабағымен айналысқан балаларға оңайырақ болады. Сабаққа деген қабілеті ашылып, ат салысып, түрлі жаңа нәрселер үйренуге икемделіп тұрады. Жалпы балалар өзіне ұнамайтын сабақ деп түсінбеген сабақты айтады. Қандайда бір сабақты дұрыс түсінбесен, сол сабаққа, пәнге жәе тіпті мұғалімге де сыйластығың азайып, пәнді түсінуге тырыспайтының анық. Сондықтан да мектепке дейінгі даярлық немесе балабақша сынды білім ордалары баланы мектеп бағдарламасын түсінуге жақсы мүмкіндік жасайды. Музыканы меткептерде бастауыш сыныптан бастап өтеді. Кезінде бесінші, алтыншы сыныпта да жүрген музыка сабағы, енді қазірде тек бастауыш сыныпта ғана өтіледі. Бұл да жаңа білім бағдарламасының жүйесі болып саналады. Қаншалықты бұл жүйе дұрыс немесе дұрыс емес екенін статистикалық мәліметтерге ғана сүйеніп айтуға болады. Жалпы алғанда барлық қазақ мектептерінің Республика көлемінде саны өте көп. Қарапайым бір ауылдың өзінде 2 - 3 мектеп бар, аудандарда 10 шақты мектеп бар, қалаларда әрине сейкесінше 100 ден аса мектептер бар екені белгілі. Мектептердің жалпы бір - бірінен айырмашылығы білім сапасы мен оқушы үлгеріміне қарай бөлінеді және топталады. Жалпы елімізде қарапайым стандартты нөмірлі мектептер, атаулыы мектептер бар. Олардан бөлек Гимнази атағы берілген мектептер, лицейлер, Назарбаев зияткерлік мектептері, Республикалық физика - математикалық арнайы мектептер, жеке мектептер, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп - интернаттар бар. Бұл мектептер бірінен бірі өтеді, әрине архитеектурасы жағынан емес, білім сапасының жоғары болуы арқылы, жетістіктері арқылы бірінен бірі артықшыланып тұрады. Мысалға қарапайым мектептерде, ауылдың болсын, қаланың болсын, стандартты болып кеткен домбыра үйірмелері көптеп кездеседі. Себебі бұл аспап мектеп оқушыларына қолжетімді. Мамандар да қазіргі кезде көбейді. Әр қазақ домбыра тарта алады десем де қателеспеймін. Соның арқасында жалпы қазіргі таңда, ұзақ мерзімді процестерден кейін домбыра аспабымыз, ұлттық аспабымыз алдыңғы қатарға шығып отыр. Бұл дегеніңіз өте үлкен жетістік. Жалпы біздің қазіргі осы домбыраны қолға алып отырғанымыз, домбыраны алға шығарып, ұлттық төл өнерімізді үздіксіз насихаттағанымыздың арқасында биік деңгейге жетіп отыр. Бұл да біздің бір мақсатымыздың орындалғанын білдіреді.
Жалпы қазіргі таңда, Назарбаев зияткерлік мектептерінде, дарынды балаларға арналған мектептерде, жекешелендірілген мектептерде домбыра аспабы ең жақсы дамып қолға алынып отырылған аспап, көркемөнер түрі және үйірмесі. Бұл мектептерде жалпы мектеп оқушыларының 20 - 30 пайызы домбыра тарта алады, олардан құралған домбырашылар ансамбльі бар. Сонымен қоса домбырадан бөлек, әрине, көптеген сан - алуан үйірмелер бар. Олардың ішіне гитара, вокал, хор, шахмат, фортепиано, би сынды спорт және өнер түрлері кіреді. Домбыра секілді бұл үйірмелер де өзінің алға қойған мақсатына айқын басып келе жатыр. Көптеген сан қилы жетістітері бар. Ол тек мектеп арасында ғана емес, облыстық, Республикалық, тіпті Халықаралық деңгейлерде де сыналып, жүлделі орындарға иелені жүрген біздің өнерлі оқушыларымыз. Бишілері би ансамбльін құрып, әншілері өздерінің кереметтей дауыстарымен көптеген сахналарды бағындырып жүргені анық.
Мектептегі көркемөнерпаздар үйірмесіне тек музыкалық ұйірмелер ғана емес, бейнелеу, дизаин, мүсін, сәндік қолданалы өнер секілді өнер түрлері кіреді. Әрқайсысы оқушыларды көркемөнерге баулып келе жатыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz