Бренд жасау жолдары


Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім:1. Бренд ұғымын талдау2. Қазақстанның танымал брендтері3. Бренд жасау жолдары
- Қорытынды
Аннотация
Алдағы апталар барысында біз "Қазақстанда бренд жасау жолдары" тақырыбын зерттейтін боламыз. Яғни, біз мақсат қойып, міндеттерді анықтап, өзіміз үшін жұмыс жоспарын жасаймыз. Жобалық жұмыс барысында Инстаграм платформасында 100-ден 200-ге дейін әр түрлі жастағы адамдар қатысатын сауалнама жүргізіледі. Сондай-ақ, сауалнама нәтижелері бойынша қазақстандықтар арасында ең танымал брендтердің бірін мысалыға алып, шағын сұхбат немесе бейнеролик түсіру жоспарлануда. Болашақ кәсіпкерлер ретінде біз "Адамда қанша мейірімділік болса, онда да, өмірде де сонша. "(Р. Эмерсон) . Яғни, басқаларға жақсылық жасау - кез-келген кәсіпкер үшін жақсы бастама.
Кіріспе
Бүгінгі күннің өзекті тақырыбы - Қазақстандық кіші бизнес иелері бренд қалыптастыру жолдары мен дамуына көп мән бермеуі. шағын бизнес компанияларының көпшілігі жарнамалық арналардың стандартты жиынтығын қолданатынын атап өткен жөн. Бүкіл қаражаттарын жарнамалық роликтер мен ғаламтор желісіне вирустық қосымшаларын жариялап, қымбат газет-журналдарына қатты көңіл бөлуде. Бұл іс-әрекеттердің әсері, әрине, оң, дегенмен, ” сіздің брендіңіз - бұл сіздің бизнесіңізге жасай алатын ең маңызды инвестиция” болғандықтан, біздің ойымызша, брендті қалыптастыру мен дамыту жолдары барысында жарнамадан маңыздырақ салаларды дамыту тиімді деп білеміз. [1] . Сол себепті, біз қазақстандық бренд жасау жолдарын тереңірек зерттеуді ұйғардық. Қазақстандық кәсіпкерлердің алдында қойған мақсаты - брендтің имиджін дамыта отырып, болашақта оны жоба фундаменті ретінде қарастыру мен қазақи брендтерді бүкіл әлемдік денгейге паш ету. Зерттеу жобасы барысында, біз бүкіл ғаламтор желісіндегі қызықты және өзекті материалдарды жинақтап, Қазақстанда бренд жасау жолдарын анықтаймыз. Сонымен қатар, “бренд” ұғымын талдап, жақындарымыз бен әлеуметтік желісіндегі оқырмандар арасында сауалнама жүргізіп, Қазақстанның қазіргі күні ең танымал брендтерін білуге және бренд жасау жолдарын қарастырамыз.
Негізгі бөлім
Біріншіден, бренд деген не және не үшін керек екенін талқылаймыз. Алдынала, “Бренд” ұғымымен танысайық. Түсіндірме сөздіктерінен алғанда, бұл ұғым тұтынушының сана-сезіміндегі ассоциация, эмоция, тауардың бағалы характеристикасы мен сауда белгісі бола алатын ұғым. [2] Физикалық тұрғыдан, бренд, негізі, атауынан, логотипі мен құрылымынан, имиджі мен нақты кәсіпкерлік жоспарынан, құндылық ұсынысы мен нақты аудиториясынан құралады. Яғни, бренд - зат, компания, нақты адам емес, ол - біздің ойымыздағы менталдық құрылым. Сонымен қатар, Ф. Котлердің анықтамасында: бренд - қолданысы әртүрлі бірнеше тауарлардың бірыңғай ассоциациялық аты. Яғни, ол өнімнің айрықша белгілерінің көзін анықтау үшін қолданылады. Бұл тәсілдің артықшылығы қарапайым және түсінікті брендтің анықтамасы, оның функциялары мен мақсаты. [3]
Екіншіден, жобамыздың ең өзекті және қызықты, сонымен қатар, қиын мәселедердің бірі - қоғам арасында сауалнама жасап, ең танымал брендтерді анықтау. Қазіргі заман талабы - бүкіл жаңа трендтердің алдында жүру, жастармен бірге бір қадам алға басу. Сондықтан да, жоба тақырыбына сай шамамен 15 сұрақтан кем емес тақырыпқа сай сұрақтар таңдалды:
- Сіз ұнататын бренд түрлері қандай? Неліктен?
- Қазақстандық брендтерді білесіз ба? Қандай?
- Неліктен қазіргі жастар шетелдік брендтерді көбірек ұнатады?
- Өзіңіздің жақын адамдарыңыз арасында ең танымал бренд қандай?
- Әлемдік нарыққа шығу ушін еліміз не істеу керек?
- Өзіңіз бренд бастығы болсаңыз, қандай саланы таңдаушы едіңіз?
- Guess/Hermes/MassimoDuti/Zara/Mango/H&M?
- Qazaq Republic брендін ұнатасыз ба?
- Шетелдік брендтерден қазақстандық брендтің айырмашылығы қандай?
- Сіз қазақстандық брендтің негізін қалаушы болсаңыз қандай өзгерістер енгізер едіңіз?
- Қазақстандық брендтердің басты артықшылығы мен кемшіліктері қандай?
- Қазақстандық шағын брендтерді білесіз бе? Атап жазсаңыз
- Сіздің ойыңызша қазақстандық шағын брендтерді қалай дамытуға болады?
- Қазақстандық брендтердің шетел нарығына шығуы мүмкін бе?
Жауаптардың барлығы бізді қанағаттырды. Яғни, сауалнама қатысушылары сұрақтарға анық, толық жауап берді. Жалпы сауалнамаға 200 адам шамасында қатысқан болатын.
Қатысушылардың бірнеше жауаптары:
“Жасыңыз нешеде?” сұрағына 32%-16-18, 62%-18 бен 25 жас аралығында, қалғаны 18-ден жас деп жауап берді.
“Сәз ұнататын бренд түрлері қандай?” сұрағына көбісі MassimoDuti, Armani, MK сияқты брендетерге дауыс берді. Дегенмен қалған бөлігі Bershka, Oysho, Zara, H&M және Adidas, Nike сияқты спорттық брендтерге дауыс берген.
“Қазақстандық брендтерді білесіз бе?” деген сұрағына адамдардың 82% - “иә” деп жауап берді.
“Qazaq Republic брендін ұнатасыз ба?” сұрағына 59% - “иә” деп жауап берсе, қалған 41% - “жоқ” деген жауапқа дауыс берді.
“Қазақстандық брендтердің шетел нарығына шығуы мүмкін бе?” сауалнаманың қорытындысы бізді қанағаттырды: 89% - “иә”, 11% - “жоқ”.
Сонымен қатар, жобамызда сауалнама нәтижелерін диаграмма ретінде көрсеттік.
Сауалнаманың қорытындысына тоқталсақ, оқырмандардың арасынан көбіне шетелдік брендтер бағаланады; шетелдік брендтерді оқырмандардың 63, 5% танымалдылығына ғана мән береді; отандық бредтерді (QR, Basqa, shoqan сияқты) 80% білгенімен, өкінішке орай бағасы, сапасы жағынан қанағаттандырмайды; яғни, бұл нәтижелер арқасында біздің білгеніміз, отандық брендтер - дамудың бастапқы кезеңінде тұрғаны.
Әр жобаның ең тұзды де қызықты бөлігі - жаңа ақпаратпен танысу. Яғни, талдау барысында көптеген таным емем, шетел тілінен алынған немес кәсіби сөздер болған:
Бренд (ағылш. brand, [brænd] ) - сауда белгісі, немесе қазіргі кезде біздің бренд деп жүргеніміз - таңба ғана емес, сол таңбаның астарында тұрғанның барлығы. Бренд-менеджмент-меншік иелері мен клиенттердің (соның ішінде әлеуетті) брендті басқаруы.
Бюджет (ағыл. budget - қоржын) - орталықтандырылған ақша қорының құралу көздері мен жұмсалу бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория, ақшалай кіріс пен шығыстың балансы.
Дизайн - көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы.
Жарнама - тауарларға сұранымды қалыптастырып, ұлғайту мақсатында олардың қасиеттері мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты тиімді бағытта тарату.
Имидж - адамның өз мәртебесіне сәйкес өзін қалай ұстау керектігі туралы қоғамдық пікірде қалыптасқан идеялар жиынтығы.
Кәсіп - кәсіптік оқу және тәжірибе жинақтау нәтижесінде игерілетін, белгілі бір білім мен машықтарды талап ететін еңбек қызметінің түрі. Кезең (грек. perіodos - айналып өту, айналып оралу, белгілі-бір уақыт ауқымы) - белгілі бір аяқталған оқиға барысын қамтитын мерзім, қайсыбір геологиялық, әлеуметтік процесс жүзеге асырылатын, қалыптасатын уақыт аралығы.
Концепция - бір-бірімен байланысты және біртұтас жүйені құрайтын кез-келген нәрсеге көзқарастар кешені.
Логотип (басқа грек тілінен. λόγος-сөз + τύπος-із) - аумақтық құрылымдар, коммерциялық кәсіпорындар, ұйымдар және жеке тұлғалар қоғамда тануды және тануды арттыру үшін пайдаланатын графикалық белгі, эмблема немесе таңба. Мақсат (психология) - қызметтің барысын реттейтін Түпкілікті нәтиженің субъективті бейнесі.
Стиль - бұл бір адамның мінез-құлқы мен іс- әрекетіне тән, оны екіншісінен ерекшелендіретін белгілердің, мінез-құлықтардың, талғамдардың, әдеттердің жиынтығы.
Табыс, Түсім - шотқа түскен ақша.
Тренд (англикизм бастап тренд) - бір нәрсені өзгертудің негізгі тенденциясы: мысалы, математикада - уақыт қатары.
Тұтыну - экономикалық игіліктерді қолдану.
Тұтынушы- қандайда болсын тауарларды (өнімді, бұйымды, көрсетілетін қызметті) тұтынатын (сатып алатын) тұлға немесе фирма (ұйым) ; сондай-ақ жеке бастың тұрмыстық мұқтаждары үшін тауарларды (орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақырғы пайдаланушы, сатып алушы, оларға тапсырыс беруші не оларды сатып алуға немесе оларға тапсырыс беруге ниет білдіруші.
Кәсіпкерлік қызметке қызығушылық танытқандардың бәрі брендті жасау туралы естігендері бар. Бұл кәсіпорынның кеңеюін білдіреді. Бүгінгі таңда брендті дамытудың бірнеше әдістері бар.
Франчайзинг. Кеңейтудің ең танымал және қарапайым тәсілі. Бұл сіздің брендіңізде басқа франчайз адамдар жұмыс істейді. Франшиза түрлері және сіздің қатысу үлестеріңіз көп. Сіз Франчайзинг шартын жасай аласыз және өзіңіздің брендіңізбен жұмыс істейтін барлық нүктелерді толығымен басқара аласыз. Франчайзингтерді кілтпен жинауға болады - орын мен қызметкерлерді іздеуден бастап жергілікті БАҚ жарнамаларына дейін. Сіз мұны Франчайзинг сатып алушыға бере аласыз
Франчайзинг брендті жасау тәсілі ретінде сіз кәсіпорынның тиімді жұмыс моделін құрып, содан кейін оны басқа ұйымдарға сатуды білдіреді. Франчайзи серіктестері сіздің брендіңіздің астындағы нүктелерді елдің әр түкпірінде ашқанда, бизнес жаңа деңгейге көтеріледі.
Франчайзингтің танымалдығы түсінікті: оның көмегімен адам ақылы түрде кәсіпорынды дамытудың дайын сызбасын ала алады, оның тиімділігі іс жүзінде бірнеше рет расталады. Тәжірибесіздікке немесе нарықты жеткіліксіз түсінуге байланысты ол барлық инвестицияларын жоғалтады деп қорқудың қажеті жоқ. Дәлелденген бизнес-модельді жүзеге асыра отырып және Франчайзердің қолдауына ие бола отырып, жаңадан бастаған кәсіпкер жаңа кеңсенің немесе сауда нүктесінің жұмысын тез ұйымдастырып, тұрақты пайда деңгейіне жете алады.
Франчайзинг екі тарап үшін де тиімді. Бренд иесі пайданың тек пайызын алса да, франчайзингтерді сату оған өз бизнесін керемет жылдамдықпен кеңейтуге мүмкіндік береді. Бизнес-модельді кім сатып алса, ол да оң жағында қалады: ол қысқа мерзімде және өз ісін бастау үшін ешқандай қауіп-қатерсіз дайын даму жоспарын, қолдауды, жеткізуді және мүмкіндікті алады.
Франчайзингті сату Бизнестің таралу аймағын ұлғайтуға ғана емес, сонымен қатар брендтің оң имиджін нығайтуға көмектеседі. Жаңа нүктелерді ашу арқылы сіз туралы біледі, жазады және халық назарында болады, бұл кез-келген кәсіп үшін керемет мүмкіндік. [4] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz