Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының түсінігі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

“Құқықтану” кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тaқырыбы: “ Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының факультативті белгілері”

Орындаған: “Құқықтану” -202 тобының студенті

Жылқышы Перизат

Тексерген: Нурлин. А. К

Ақтөбе 2022ж

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Қылмыс құрамы

2. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ

2. 1 Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының түсінігі

2. 2 Қылмыстық құқық бұзушылықтың зардаптың түсінігі және оның түрлері.

2. 3 Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының факультативті

белгілері

2. 4 Қылмыс жасаудың әдісі, орын, уақыты, жағдайы және құралдары мен

қарулары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы: бұл курстық жұмыста қылыстық құқық бұзушылықтың обьективті жағының түсінігі және факультативті белгілері ашық қаралады.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қылмыстың объективтік жағы - бұл қылмыстық әрекетке байланысты қылмыскердің мінез-құлқының ішкі жағы .

Объективті жағы келесі сипаттамаларға ие: 1) қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік ; 2) қоғамға қауіпті зиян; 3) қоғамға қауіпті әрекет пен оның салдары арасындағы себеп-салдарлық қатынас ; 4) қылмыс жасау орны, уақыты, жағдайы, тәсілі мен құралдары . Алғашқы үш белгі - объективті жақтың негізгі сипаттамалары, ал соңғысы міндетті емес. Қылмыстың мақсатына, байланысты талдауға, ауданға көмектесудің объективті жағы бар екендігі, бастамасқа және әрекетсіздікке, қылмыстық зиян мен екеуінің арасындағы себептік байланысты - бұл кеңестік қылмыстық заңның тұжырымдамасы, нақты іс-әрекеттермен жасалған, орын ретінде көрінеді. Сонымен, нақты тұлғаға қылмыстың объективтік жағының мазмұнын аша отырып, қоғамға, қылмыстың орны мен уақыты үшін қауіпті іс-әрекет жатады .

Қылмыстық заңда қылмыстың жалпы түсінігі берілген сонымен қатар Қылмыстық кодекстің ерекше бһлімінде қылмыстар жеке- жеке ашып көрсетілген. Қылмыстық заң қылмыс құрамын ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана береді. Қылмыс құрамы-қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс- әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстық обьективтік және субьективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс құрамының әрқайсысы оның субьективтік және обьективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамыда белгілі бір элементтерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс құрамының тұтастай жоқ болуына әкеліп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бамтапқы компоненттерді айтамыз . Қылмыс құрамы белгілері мына 4 түрлі элнменттерден тұрады: субьекті, субьективтік жағы, обьекті, обьективті жағы. Осы көрсетілген элементтердіңбірі болмаса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Қылмыстарды ажыратып жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеуді, қылмысты саралауда обьективтік жақтың осы белгілерінің маңызы зор.

Осы курстық жұмыстың мақсаты. Факультативті белгі болып табылатын қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының маңыздылығы және оның белгілері кең түрде қарастырылды .

Курстық жұмыстың міндеті:

- Қылмыстық құқық бұзушылықтың обьективті жағының түсінігі жіне

белгілерін анықтау

-Қылмыстық құқық бұзушылықтың обьективті жағының факультативтік

белгілеріне шолу жасау.

Курстық жұмыстың құрылымы. Таңдаудың объективті жағы бар қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің тақырыбы кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі барысында жазылады.

1. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ.

Қылмыс дегеніміз Қылмыстық кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылыққа бірден бір негіз болып табылады. Ал қылмыс құрамы деп - қылмыстық заң бойынша коғамга қауіптіі ic- әрекеттерді белгілі 6ip қылмыстың қатарына жаткызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс құрамының әрқайсысы оның субъективтік және объективтік белгілерімен сипатталады. Қылмыстың кұрамы белгілі 6ip элементтерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жуйенің болмауына, яғни қылмыс кұрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс кұрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін кұрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз. Қылмыс кұрамының белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы.

Қылмыс субьектісі ретінде тек жеке тұлғаларды тану - заңды тұлғалар, яғни мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар, партиялар қоғамдық бірлестіктер қылмыс субьектісі бола алады дегенді білдірмейді. Осыларды айта келе, өылмыс субьектісі дегеніміз қылмыс жасаған және бойында қылмыстық заңда көзделген белгілері бар жеке тұлға.

Қылымыс обьектісі қылмыс құрамының міндетті элементтерінің бірі. Обьектісіз қылмыс болуы мүмкін емес. Кез-келген қылмыста белгілі бір қорғалатын обьектіге қол сұғылады, яғни не нәрсеге қол сұғылса, сол қылмыс обьектісі болып табылады. Яғни қоғамдық қарым қатынастар.

Қылмыстың субьективті жағы - бұл қылмыс жасаумен тікелей байланысты адамның психикалық әрекеті (немесе әрекетсіздігі) . Қылмыстың субьективті жағының мазмұны кінә, ниет және мақсат сияқты белгілердің көмегімен ашып көрсетіледі.

Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғатын тұлғаның әлеуметтік қауіпті жүріс- тұрысының сыртқы жағының көрінісі қылмыстың обективті жағы болып табылады.

2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ

2. 1 Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының түсінігі

Кез келген қоғамға қауіпті іс - әрекет белгілі бір тәсілмен, кейбір реттерде нақты құралдар мен қару-жарақтар қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, кісі өлтіруде бірнеше тәсіл қолданылуы мүмкін: кісіні өлтірі үшін мылтық немесе пышақ, у дәрі пайдаоану, адамды тұншықтыру, қылғындыру немесе автокөлік пен әдейі қағып кету арқылы да өлтіреді. Қылмыс жасаудың тәсіліне алдау немесе сенімге қиянат жасау(мысалы, алаяқтықта немесе салық қылмыстарында) болуы мүмкін. Осы айтылғандарға байланысты қылмыс істеудің тәсілі, құрал және қару-жарақ деген ұғымдар да қылмыстың объективтік жағының мазмүнын ашатын белгілер қатарына жатады. Сонымен, жоғарыда белгілердің барлығы да қылмыстың объективтік жағының белгілері болып табылады және осы белгілер арқылы объективтік жақтың мазмұны айқындалады.

Кез келген жеке қылмым құрамы үшін объективтік жақ сол нақты құрамның төрт элементтерінің бірі ғана. Қылмыстық құқылық белгіленген қылмыс құрамының белгілерін талдағанда сол қылмыстың объективтік жағы нақты қандай белгілерден тұратынын анықтау өте қажет.

Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің нақты нормаларын талдағанда, жоғарыда көрсетілген қылмыстың объективтік жағының барлық белгілері түгелдей дерлік, нақты нормалардың әрқайсысында кездесе бермейді.

Көптеген жағдайларда қоғамға қауіпті іс -әрекеттен міндетті түрде туындайтын зардаптың (мысалы, ауыр немесе өте ауыр емес дене жарақаты) болуын заңның өзінде атап көрсетеді. Мұндай ретте заң шығарушы объективтік жақтың- уақыт, орын, жағдай, тәсіл немесе басқа да белгілерін заңда көрсетпейді.

Біршама қылмыстық - құқылық нормалар қоғамға қауіпті іс-әрекетті атап өтумен ғана шектеледі. Мысалы, пара беру (Қылмыстық Кодекстің 312 бап), қызметтік жалғандық жасау(Қылмыстық Кодекстің 341 -бап) . Кейбір жекелеген қылмыстық -құқылық нормаларда қылмыстың істелген орны, уақыты немесе жағдайы тура көрсетіледі. Яғни, қылмыстың объективтік жағының мазмұнына тән бір топ белгілердің ішінен тек біреуі ғана қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік кез келген қылмыс құрамының объективтік жағының міндетті, қажетті белгісі, ал қалған белгілерінің барлығы да факультативтік белгілері болып табылады. Бұл белгілер адамның санасынан тысқары объективті өмір сүреді, сонымен қатар олар әрбір нақты қылмысқа тән, заң шығарушының міндеті, бұл жерде, заңда осы белгілерді дәл және тереңірек тауып анықтау болып табылады…Сондықтанда заңның баптарының дизпозициясы, қылмыс құрамының элементтерін ғана көрсетеді, оның өзі толығымен емес»

Қылмыстық құқық бұзушылықтың обьективтік жағының маңызы

Қылмыстың объективтік жағының маңызы біріншіден, оның белгілерін дәлме-дәл анықтау арқылы істелген қоғамға қауіпті іс-әрекетті дұрыс саралаудың негізі болып табылады Екіншіден, объективтік жағының белгілері арқылы өзара жақын, ұқсас қылмыстарды бір - бірінен ажыратуға мүмкіндік туады (мысалы, ұрлықты тонаудан, алаяқты ұрлықтан тағы басқалары) Осыған байланысты қылмыстың объективтік жағы қылмыс құрамының ішіндегі ең маңызды элеменнтері қатарына жатады.

Қылмыс құрамының объективтік жағы дегеніміз-қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстық іс-әрекеттік сыртқы көрінісінің жиынтығы.

Олардың қатарына мыналар жатады: қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), қоғамға қауіпті салдар (қылмысты нәтиже), қоғамға қауіпті іс-әрекет пен қоғамға қауіпті салдар арасындағы себепті байланыс, қылмысты жасаудың әдісі, орны, уақыты, жағдайы, қаруы және құралы.

Қылмыстың объективтік жағы-қылмыстық жауаптылықтың маңызы алғы шарты. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қылмыс деп адамның жүзеге асырылған кнде жеке басқа, қоғамға және мемлекетке қауіп төндіретін ойын немесе пікірін емес, оның тек қылмыстық-құқықтық нормаларды бұзушы қоғамдық қауіпті іс-әрекетті ғана мойындайды (Қылмыстық Кодекстің 3, 9-баптары) . Қылмыстың объективтік жағы-қылмыстық жауаптылықтың негізін қалаушы болып саналады, онсыз жауаптылықтың болуы мүлдем мүмкін емес.

Адамның жауаптылығы үшін іс-әрекеттің объективті жағының айырықша мағынасын өткен ғасырдың 40-шы дылдарында К. Маркм өзінің жас кезінде былап деп тұжырымдаған: « Негізгі белгі ретінде істің өзін емес, әрекеттенушінің ойларының түрін алға шығарушы заңдар-заңсыздықтың жағымды жазалау шараларынан басқа түк те емес . . . Мен өзімді көрсете білгендіктен ғана, шын болмыспен бетпе-бет келгенімде ғана -заң шығарушыға бағынышты ортаға енемін. Заң үшін әрекеттерімнен басқа өз басым, тіпті де жоқ нәрсемнің, мен тіпті де оның объектісі емес екенмін».

Сондықтан, қылмыстың объективтік жағы қылмыскердің ойы мен мақсатын бағалауға негізгі белгі болыпп табылады.

Осыған байланысты, қылмысты істі алдын-ала тергеу немесе сотта қарау кезінде, ең алдымен қылмыстың қылмыстың объективтік жағы анықталып алып, оның негізінде субъективтік жағы белгілі болады, қылмыстық заң жүзінде тыйым салуына қарамастан қоғамдық қауіпті әрекет жасаушының мақсаты, себебі және ниеті туралы шешім шығарылады.

Объективтік жақтың белгілерінсіз субъективтік жақтың мәселелері қозғалмайды да, себебі соңғысы алғашқымен байланыссыз іске аса алмайды.

Қылмыстың объективті жағының маңыздығын, қылмыс құрамының дәл осы буыны қылмыстық жауаптылық пен қылмыс құрамының түгел құралымының іргетасы екендігін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімі баптарының диспозицияларында заң шығарушы қылмыстың объективті жағының белгілерін жиі атайтығындығынан да көруге болады. Мысалы, қылмыстық заңда ылғи қоғамдық қауіпті іс-әрекеттердің белгілері аталады, оларсыз Ерекше бөлім баптарының бірде-бір диспозициясы мүмкін болмай қалады, қылмыстық заңда объективтік жақтың басқа да белгісі жиі көрсетіліп отырады. Атап өтетін бір жай-олардың барлығы да қылмыстық-құқықтың маңызға бірдей дәрежеде ие бола алмайды.

Қылмыстардың барлық құрамына міндетті нәрсе -қоғамдық қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) . Объективтік жақтың басқа белгілері факультативті, атап айтқанда, олар кейбір қылмыстардың құрамы үшін олардың объективтік жағының белгілері болып саналса, басқа біреулері үшін -олай саналмайды. Мысалы, адам өлтіру, зорлау (Қылмыстық Кодекстің 96, 120- баптар) қылмыс құрамдарыүшін қылмыстың істелген орны еш рөл атқармайды және қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстардың қай жерде істелгеніне қарамастан тағайындаладыАлайда, дәл осы белгі (орын), мысалы, су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу (Қылмыстық Кодекстің 335-б) қылмысының құрамын анықтау үшін міндетті болып табылады.

Объективті жақтың факультативті белгілері - тіпті қылмыстың құрамының белгілері болмағандықтан оның бағалауына әсер етпеген күнде де, жаза белгілеуге айтарлықтай әсер ететіндіктен үлкен материалдық-құқықтық маңызға ие. Кейбір жағдайларда олар жаза белгілеу кезінде кінәлінің жауаптылығын жеңілдетуші немесе ауырлатушы жағдай болып табылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 54-бабаына сәйкес қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар болып объективтік жақтың төмендегідей белгілері саналады: қоғамдық қауіпті салдар «қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру», қылмыстың жасалу әдісі («аса қатыгездікппе, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбірленушіні қинап қылмыс жасау»), қылмыстың жасалу жағдайы қылмысты төтенше жағдайда жасау») және тағы басқалары.

Объективті жақтың факультативті белгілерінің қылмыстық іс бойынша әр қашан маңызды дәлелдік мағынасы бар екендігін екерген жөн. Олардың барлығы да кез келген қылмыстың қажетті сиппатамасы болып табылады. Егер, мысалы, істелген қылмыстың уақыты мен орны аннықталмаса, қылмысты ашылды деп санауға болмайды (тіпті кейбір құрамда олардың қылмысты бағалауда маңызы болмаса да. Сондықтан, қылмыстың объективті жағынан барлық белгілері өзінің«міндеті» немесе «факультативті» болуына қарамастан кез келген қылмыстық іс бойынша қылмыстық-құқықтық мағынада дәлелдеу затына жатады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлімінің быр тарауы көлемінде текті (арнайы) объект бойынша топтастырылған қылмыстар көбінесе объективті жағының белгілері бойынша ажыратылады.

Себебі, қылмысқа сәйкес қоғамдық қауіптілікке тән дәл осы белгілерді ажырату кезінде байқалады. Адамның және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандығына қарсы жасалған қылмыстардың көпшілігі бір -бірінен қылмыстың объективті жағының белгілері бойынша, яғни қоғамдық іс-әрекеттің сипатына қарай ажыратылады.

Конституцияның 1-бабында «ең қымбат қазына-адам және адамның өмірі, құқықтарымен бостандықтары», -деп жарияланған. Мысалы, сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергі жасау), азаматтардың тең құқылығын бұзу, сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу, тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу және т. б.

Қылмыстың объективті жағының белгілері тек қылмыстық істерді бір-бірінен ажыратудың негізі болып қоймай, кейбір жағдайларда қылмыстарды жіктеуге де негіз болады-бір жағынан әкімшілік, тәртіптік, екінші жағынан-басқа құқық бұзушылық. Мысалы, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу. (Қылмыстық кодекстің 340бап), қылмыс ретінде дәл осындай әкімшілік құқық бұзушылықтан объективті жақтың белгісімен ажыратылады, ол -құқық бұзушылық салдарынан тартылған залалдың мөлшері.

Қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану (Қылмыстық Кодекстің 361-б) осыған ұқсас тәртіптік теріс қылықтан келтірілген зиян мөлшері бойынша ажыратылады Егер қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану кезінде азаматтар мен ұйымдардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне немесе қоғамның не мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне айтарлықтай зиян келтірілген болса, ондай теріс пайдаланушылық-қылмысты деп танылады.

Егер келтірілген зиянн мөлшері онша көп болмаса, бұл іс тәртіптік жауаптылыққа тартылуы керек.

Қылмыстық іс-әрекетті саралауда қылмыстың объективті жағының маңызы зор. Мысалы, Қазақстан Республикасының күші бар қылмыстық заңлары бөтеннің мүлкін талан-таражға салуға байланысты қылмыстық жауаптылықты, олардың жасалу нысанында қарай анықтайды (Қылмыстық Кодекстің 187-193 баптар) .

Бұл қылмыстардың барлығы ұрлық, сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ысырап ету немесе иеленіп алу, алаяқтық, шабуыл жасап тонау, тонау) тікелей , бірдей объектіге қол сұғады.

Сондықтан аталған қылмыстарды тек қана объективтік белгілеріне байланысты дұрыс - саралай аламыз, яғни мүлікті алу тәсіліне қарап (ұрлық -жасырын алу, тонау -ашықтан -ашық алу және т. б. ) .

Қалың өскен шөптің ішінде, далаға шығуын күтіп жатады. Сәлден соң Б. малын қарауға далаға шыққан кезде С. қолындағы темір балғамен Б-ның бас сүйегінен 3 рет ұрады. Осы алған зақымнан Б. табан астында мерт болады. Сот С-ның әрекетін Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен саралаған. Өйткені, С-ның әрекеті Б-ның өлуіне тікелей себеп болып, 3рет балғамен ұрудың нәтижесінде, жәбірленушінің өлуіне нақтылы жағдай жасалған. Істелген іс - әрекетті орын алған қоғамға зиянды зардаптың себебі деп тану үшін, қылмыстың осы зардабы тек қана осы іс-әрекеттің (басқаны емес) тікелей нәтижесі болуы қажет. Өйткені, кез келген іс-әрекет зардаптың орын алу шарты болғанымен, оның себебі болып танылмауы мүмкін. Осыдан кейін іс-әрекетті зиянды қауіпті зардаптың тікелей себепшісі деп табу үшін себепті байланысты белгілейтін тағы бір белгіні-шарасыздық белгісін -яғни, орын алған зардап істелген іс-әрекеттің қажетті, сөзсіз нәтижесі болуы керек деген тұжырымға келеміз.

Мысалы, А. деген жүргізуші Х. деген азаматшаны жеңіл автокөлікпен дол үстінде қағып кетіп, нәтижесінде Х. Жеңіл жарақат алған. Х. дәрігерге емделіп жүрген кезде қанына жұқпалы кесел араласып, нәтижесінде қан ауруы асқынып, қайтыс болған. Мұндай жағдайда жүргізушінің әрекеті- сөз жоқ қылмыс құрамын құрайды, бірақ кісі өлімі үшін емес, басқа қылмыс үшін, себебі бұл жерде кісінің қазаға ұшырап отыруының басты себебі дене жарақаты әсерінен қанына жұқпалы ауру жұғып асқынып кетуі болып отыр.

Жүргізушінің әрекетінен жәбірленушінің өлімінің байланысы бұл жерде кездейсоқ болып отыр. Сол үшін де қажетті және кезздейсоқ себепті байланыстарды ажырата білу керек.

Материалдық құрамдағы қылмыстардың объективтік жағының белгісі тек қана қажетті (сөзсіз) себепті байланыстардан құралады. Кейде заң шығарушы қылмыстың объективтік жағының белгілерін сипаттағанда қоғамға қауіптілігі дәрежесі әр түрлі болатын зардаптардың нақты болу мүмкіндігіне жол береді. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 106-бабына сәйкес денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық осы бапта көрсетілген ауыр дене жарақатын түсірген жағдайда немесе денсаулыққа келтірілген ауыр жарақат сол мезгілде адамның өміріне қауіпті болса жүзеге асырылады. Ауыр дене жарақатын алған адам абайсызда қазаға ұшыраса, қаза біріншіден ауыр дене жарақатынан, екіншіден өмірге қауіпті болуы себепті жәбірленушіні өлімге қасақана душар еткені анықталған жағдайда ғана кінәлі адам 106-баптың 3-бөлігі бойынша жауапқа тартылады.

Сонымен себепті, байланысты анықтағанда ең алдымен іс-әрекетті істеген мезгілде қоғамға зиянды зардаптың, сөз жоқ, істелген іс-әрекеттің нәтижесінен туындағанын анықтау керек. Себепті байланыс әрекет немесе әрекетсіздік арқылы істелетін материалдық қылмыс құрамдарының міндетті белгісі болып табылады.

Әрекетсіздік күйде жасалатын материалдық құрамға мысалы, лауазымды адамның салақтығын алайық Лауазымды адам өз қызметіне салақтықпен қараса, нәтижесінде оның өзінің қызмет борышын орындамауы келтірілген елеулі зиянмен қажетті себепті байланыста болса, ол осы бап бойынша жауапқа тартылады. Мұндай жағдайда әрекетсіздікпен келтірілген зардаптың арасындағы себепті байланысты анықтау үшін лауазым адамына қандай арнаулы міндет жүктелгенін және осы міндетті оның орныдамағанын анықтау қажет. Белгілі бір жағдайларда бірнеше адамдардың әрекеттерінен орын алған зардаптың қажетті себепті байланысын анықтау қажет болады.

Мысалы, материалдық құрамдағы қылмысқа бірге қатысып істеген жағдайда, қылмысықа қатысушылардың әрқайсысының әрекеті мен келтірілген зиянның арасын байланыстыратын себепті байланысты табу, бірлесіп қылмыстан келген зардапты анықтау да қылмысты саралау және қылмысқа бірге қатысушыларға әділ жаза тағайындау олардың әрекетін дұрыс саралау үшін өте маңызды роль атқарады.

Сонымен, себепті байланыс материалдық құрамдағы қылмыстың объективтік жағының негізгі белгісі болып табылады.

Себепті байланыс -материалдық қылмыстардың объективті жағының сипаты Орын алған қоғамдық қауіпті салдар үшін адамның жауаптылығы туралы сөз (егер, әрине, кінәсі болса), егер бұл салдар адам жасаған қоғамдық қауіпті әрекетпен немесе әрекетсіздікпен себепті байланыста тұрса ғана басталуы мүмкін. Себепті байланыс болмаған жерде зиянды салдардың орын алғандығы үшін қылмыстық жауаптылық та болмайды. Себебі, бұл жаратылыста және қоғамда болып жататын құбылыстар мен процестердің, заттардың жалпыға бірдей объективті байланысының, өзара тәуелділігінің, өзара келіспеушілігінің түрлерінің біреуін бейнелейтін филисофиялық категория.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Қылмыс құрамының міндеті белгісі ретінде обьективтік жағы
Қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының факультативті белгілері
Қылмыстық іс-әрекет пен оның зиянды зардаптары арасындағы себептік байланысты анықтау
Сыбайлас катысып жасалған кылмыстық кұкык бұзушылык үшін жаза тағайындау
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу ұғымы
Қылмысқа қатысу түсінігі
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың топталуы
Қылмыстық жауаптылық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz