Сөз тіркесінің синтаксисі



Сөз тіркесіне, сейлемге материалдық негіз болатын — сөз. Сөз тіл білімінде лексикология мен семасиологияның зерттеу объектісі болуымен қатар, грамматикада да әр түрлі ыңғайда қарастырылады. Сөздердің құрамы, түлғасы, жасалу жолдары, олардың грамматикалық мағыналы топтары морфологияда қаралады. Ал сөздің сөз тіркесінің сыңары болуы, сөйлем мүшесі,. кейде сөйлем қызметтерінде жүмсалуы синтаксисте қаралады. Сөз, негізінде, дараланған үғымды, лексика.грамматикалық мағынаны білдіреді. Олар мағыналық үйлесімділігіне қарай тілдің синтаксистік ережелері негізінде әр алуан лексикалық және синтаксистік топ кұрау арқылы сөйлем ішінде айтылады. Қарым.қатынас жасау үшін ойды айтудың негізгі формасы сөйлем болса, сөзді сөйлем кұраудың материалы деп білеміз.
Ол үшін сөздер өз ара тіркеседі, тіркесу арқылы сөйлемге енеді. Осыдан келіп сөздердің өз ара тіркесе алу қабілеттілігі олардың ең басты грамматикалық қасиетінің бірі болып есептеледі.
Сөздердің өз ара тіркесу қабілеттілігі әрбір грамматикалық топтағы сездердің мағыналық және грамматикалық ерекшеліктеріне негізделеді.
Лексикалық және басқа түйдекті тіркестер «сөз тіркесі» деген категорияға жатпайды. Лексика.грамматикалық мағыналары айқын сөздердің біріне.бірі сабақтаса бағынып барып жасалған синтаксистік тобы ғана сөз тіркесі деп есептеледі. Өз ара тіркескен сөздердің синтаксистік тобын сөз тіркесі деп тану үшін, оның мынадай белгілеріне қарау керек:
1) сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы
екі сөз болады;
2) ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса, мағыналық және
синтаксистік байланыста айтылады. Олар салаласа байланыс.
пайды, тек сабактаса байланысады.
Тіркескен сөздер анықтауыштық, толықтауыштық, пысық.
тауыштық қатынаста жұмсалады.
Мысалы, кең өріс деген сөз тіркесіндегі кең сөзінің кеңістік сапаны білдіруі — оның лексикалық мағынасы, оның сын есім екендігі — грамматикалық мағынасы. Өріс сөзінің лексикалық мағынасы — мал жайылымын білдіруі, грамматикалық мағынасы — зат есім екендігі. Осы

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ СИНТАКСИСІ

Сөз тіркесіне, сейлемге материалдық негіз болатын — сөз. Сөз тіл
білімінде лексикология мен семасиологияның зерттеу объектісі болуымен
қатар, грамматикада да әр түрлі ыңғайда қарастырылады. Сөздердің құрамы,
түлғасы, жасалу жолдары, олардың грамматикалық мағыналы топтары
морфологияда қаралады. Ал сөздің сөз тіркесінің сыңары болуы, сөйлем
мүшесі,. кейде сөйлем қызметтерінде жүмсалуы синтаксисте қаралады. Сөз,
негізінде, дараланған үғымды, лексика-грамматикалық мағынаны білдіреді.
Олар мағыналық үйлесімділігіне қарай тілдің синтаксистік ережелері
негізінде әр алуан лексикалық және синтаксистік топ кұрау арқылы сөйлем
ішінде айтылады. Қарым-қатынас жасау үшін ойды айтудың негізгі формасы
сөйлем болса, сөзді сөйлем кұраудың материалы деп білеміз.
Ол үшін сөздер өз ара тіркеседі, тіркесу арқылы сөйлемге енеді. Осыдан
келіп сөздердің өз ара тіркесе алу қабілеттілігі олардың ең басты
грамматикалық қасиетінің бірі болып есептеледі.
Сөздердің өз ара тіркесу қабілеттілігі әрбір грамматикалық топтағы
сездердің мағыналық және грамматикалық ерекшеліктеріне негізделеді.
Лексикалық және басқа түйдекті тіркестер сөз тіркесі деген
категорияға жатпайды. Лексика-грамматикалық мағыналары айқын сөздердің
біріне-бірі сабақтаса бағынып барып жасалған синтаксистік тобы ғана сөз
тіркесі деп есептеледі. Өз ара тіркескен сөздердің синтаксистік тобын сөз
тіркесі деп тану үшін, оның мынадай белгілеріне қарау керек:
сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы
екі сөз болады;
ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса, мағыналық және
синтаксистік байланыста айтылады. Олар салаласа байланыс-
пайды, тек сабактаса байланысады.
Тіркескен сөздер анықтауыштық, толықтауыштық, пысық-
тауыштық қатынаста жұмсалады.
Мысалы, кең өріс деген сөз тіркесіндегі кең сөзінің кеңістік сапаны
білдіруі — оның лексикалық мағынасы, оның сын есім екендігі —
грамматикалық мағынасы. Өріс сөзінің лексикалық мағынасы — мал жайылымын
білдіруі, грамматикалық мағынасы — зат есім екендігі. Осы сын есім мен зат
есімнің тіркесуі нәтижесінде жаңа грамматикалық мағына пайда болған. Ол —
анықтауыштық)
Сөйтіп, синтаксистік қарым-катынасты білдіру үшін кемінде толық
мағыналы екі сөздің сабактаса байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз.
Сөз тіркесі — сөйлем құраудың шоғырланған материалы. Олар
сөйлемнен тыс тұрғанда, жалаң сездің жайылмаға айналуы сияқты да, сөйлем
ішінде сөздер тізбегінің ұласқан бір б у н а ғ ы тәрізді. Соңғы жағдайда
сөздің жайылмаға айналу қасиеті күңгірттеніп, сөз тіркестерінің косақтаулы
жігі білінбей, тұтасып та кетеді. Өйткені бір сөз тіркесінің бір сыңары
екінші сөз тіркесінің басқа бір сыңарымен тіркесіп, кейде кірігіп, ұласып,
ұштасып жатады. Мысалы, кең үй, екі терезе, үлкен терезе, үйдің терезесі
дегендер — жалаң сөздердің жайылмаға айналу ыңғайындағы сөз тіркестері.

Сөз тіркесінің құрамы

Сөздер синтаксистік топ құрап сез тіркесі болғанда, олардың құрамына әр
алуан сөздер енеді. Ол сөздер түрлі-түрлі морфологиялық тұлғаларда
айтылады. Сөздердің ол тұлғалары, лексика-грамматикалық мағыналары
тіркескен сөздердіц қарым-қатынасына үйлесімді айтылады.
Кез келген сөзді бірімен-бірін тіркестіре салуға болмайды. Өз ара
мағыналық байланыста айтыла алатын сөздер ғана синтаксистік байланыста,
белгілі сөз тіркесінің құрамында айтыла алады.
Сөз тіркесінің құрамы көбінесе еркін болады. Мысалы, жақсы, биік,
ақылды сөзін толып жатқан зат есімдермен тіркестіре беруге болады: жақсы
кісі, жақсы бала, жақсы. жайлау, жақсы ырым, жақсы ниет; биік тау, биік
жер, биік ағаіи, биік там\ ақылдьс бала, ақылды оқушы, ақылды қыз.
Осылардай, құрамын өзгертіп айтуға болатын тіркестерді еркін тіркес
дейміз.
Өз ара тіркескен сөздін бірі екіншісін өзіне бағындырып тұ-рады.
Сондықтан сөз тіркестері сабақтаса байланысқан екі компоненттен құралады:
бірі — сөз тіркесінің ұйытқы бөлегі, сез тіркесінің грамматикалық діңгегі —
оның б а с ы ң қ ы с ы ң а р ы, екіншісі — оған қатысты және тәуелді
бөлегі — оның б а -ғыныңқы сыңары. Мысалы, Жаздың көркі енеді жыл қүсы-мен
(Абай) дегенде екі сөз тіркесі бар:
Жаздың (бағыныңқы) көркі (басыңқы);
Жыл құсымен (бағыныңқы) енеді (басыңқы).
Сөз тіркесі толық мағыналы екі сөзден кұралған ж а й бо-лады немесе
оның бір сыңары, кейде екеуі де, көп сөзден құралған к ү р д е л і болады.
Күрделі сөз тіркесінің қүрамында түй-декті тіркес боладьг. Мысалы:
Жай сөз тіркесі күрделі сөз тіркесі
көлге қонады көл жағалай қонады
тез енеді жыл құсымен енеді
асықпай сөйле асықпай сөйлеп алажөнелді
жаңа домбыра қос шекті домбыра

Сөз тіркесінің құрылысы

Сез тіркесінің қурамындағы сөздердің морфологиялық кү-рылысы әр түрлі
болады: бағыныңқы сөз басынкы сөздің кейде мағынасьша үйлесе түлғаланады,
кейде грамматикалық форма-сына сәйкес түлғаланады. Мысалы, кітап оқып, хат
жаздық де-ген екі сөз тіркесінің бағыныңқы сөздері (кітап, хат) жалғаусыз
табыс септігінде айтылған. Солай болуға басыңқы сөздердің
қосымшалары -п (оқып), -дық (жаздық) себепкер болып түр-ған жоқ, оқы, жаз
етістіктерінің сабақтастық мағынасы себепкер болып тұр. Сондай-ақ
кітапханадан шықтым, трамвайға міндік деген сөз тіркестеріндегі бағыныңқы
сөздер шығыс, барыс жал-ғауларында айтылған. Сол жалғауларды керек етіп
түрған—ба-сыңқы сөздердің қосымшалары -тым (шықтым), -дік (міндік) емес,
шық, мін етістіктерінің лексикалық мағыналары. Сонымен қатар жоғарғы
етістіктердің түрлі түлғада айтылуына бағы-ныңкы сөздердің ешқандай
әсері жоқ. Сондықтан кітап оқы, кі-тап оқып, кітап оқыған, кітап оқыдық
дегендей, басыңкы сездер-ді түрлендіргенмен, олардың бағыныңқылары бурынғы
қалпын өзгертпейді. Солар сияқты: алтын білезік, алтын білезіктің, ал-тын
білезікке, алтын білезігім деп есім сөз тіркесінің де басыңқы сыңарын
түрлендіріп айтуға болады, бірақ оған қарап бағынын-кы сөз (алтын), орыс
тіліндегідей (золотой браслет, золотого браслета, золотому браслету...),
грамматикалық түлғасын өз-гертпейді.
Қазақ тілінде енді бірқатар сөз тіркестерінің екі сыңары да белгілі
морфологиялық түлғаларда айтылғанда, олар бірімен- , бірі байланысты
болады. Мысалы, күннің сэулесі, менің айтқа-ным дегендерде, сөз
тіркестерінің алдыңғы сыңарларының (күн-
нің, менің) • ілік септікте айтылуы басыңқы сөздердің тәуелдік
жалғауларда (сәулесі, айтқаным) айтылуымен байланысты жә-не керісінше.
Сөйлем ішінде сөз тіркестері екі түрлі ыңғайда қүралады: 1. Сөз
тіркестері тізбектеліп, ондағы сөздер біріне-бірі са-т ы л а н а
байланысады. Мысалы, Жолаушы үлкен ағаштың кө-леңкесінде жатыр екен
дегенде, үлкен сәзі ағаш сөзіне бағынып, бір тіркес болса, ағаштың сөзі
көлеңкесі дегенмен байланысып, екінші тіркес жасалған, ал көлеңкесінде сезі
жатыр екен етістігі-мен тіркескен. Олардың сол сатылана байланысу жігі
былай бо-лады:
Үлкен ағаш, —
——тың көлеңкесі —
——нде жатыр екен.
Кейде сөз тіркестерінің қүрамындағы бірнеше бағынынқы-лар бір басыңқыға
ортақтасып түрады. Мысалы, Кеше театрға апаммен бардық деген сөйлемде
мынадай сөз тіркестері бар.
Сез тіркестерін қүрауда зат есім мен етістіктердің қызметі ерекше. Олар
көбіне сөз тіркестерінің басыңқы сыңары болады да, сапалық есімдер (сын
есім, сан есім, есімше, сілтеу есімдік-тері) мен үстеулер, еліктеуіш сөздер
мен көсемшелер кәбінесе сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде
жүмсалады.
Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қара сезден қүралған сөй-лемдерде
басыңқыдан бүрын түрады, елеңді сөйлемдерде кері-сінше орналасуы да мүмкін.

Түйдекті тіркестер

Сез тіркестерін дүрыс талдай білу үшін, олардан басқа тіркестердің түр-
түрпаты қалай болатынын жақсы білу керек.
Өз ара байланыста түрып, тобымен сөз тіркесінің құрамына енетін
тіркестер түйдекті тіркес болады.
Түйдекті тіркестер құрамындағы сездердің бәрінің не біреуінің лексика-
семантикалық дербес мағынасы болмайды. Олардың. тіркесуінен қосымша
грамматикалық мағына пайда болмайды. Мысалы, көз тігеді, жаңа бастады,
шапқан сайын деген тіркестер екі-екі сөзден құралған. Олардың құрамындағы
жеке сөздердің, белек алғанда, белгілі мағыналары бар, бірақ олардың тобын
жазып, әр сөзді сөйлемдік жеке мүшесі деп қарауға болмайды.
Ерлік жолдасының нұрлы жүзіне күлімсіреп көз тігеді. Пештегі отын
лаулап жана бастады. Қаракер шапкаи сайын үдейді.
Бұл сөйлемдердегі көз тігеді — идиомалы тіркес, баяндауыш, ол
күлімсіреп дегенмен бір сөз тіркесінің құрамында айтылып түр; жана бастады
— күрделі етістікті тіркес, баяндауыш, онымен лаулап деген сөз тіркескен;
шапқан сайын — күрделі есімді тіркес, ол үдейді етістігімен тіркесіп
пысықтауыштық қатынаста айтылған.
Осылардай, лексика-грамматикалык топ болып, сөз тіркесінің бір сыңары
қызметінде жұмсалатын тіркесті түйдекті тіркес дейміз.
Түйдекті тіркес қалпында айтылатын сөз тобының кұрылысы, негізінде,
мынандай болады:
1. Күрделі етістіктер тобы. Қазак тілінде, басқа түркі тілдеріндегідей,
етістіктердің бірнешеуі топтанып, бір күрделі мүше болатыны белгілі: оқып
жатыр, оқып келе жатыр; келе бер, келе беретін болды; көріп отыр, көріп
отыра бер.
Осылар сияқты, бір түйдекті топ болатын күрделі етістіктердің бірі
негізгі, екіншісі (не басқалары) оған көмекші болады да, сол туйдегімен
олар сез тіркесінің бір ғана сыңары болады; (Алматыда оқып жатыр, алыстан
көріп отыр.) Мұндай түйдекті тіркес құрамындағы етістіктер өз ара көсемше,
кейде есімше тұлғалар арқылы байланысады.
2) Есім мен көмекші етістіктер тобы. Жұмыс істеу, уәде беру,
мақұл көру, жақсы көру, қонақ болу, қүлақ салу, қол қою, жол жүру сияқты
тіркестер де сол түйдегімен бір- бір сөйлем мүшесі кызметінде айтылып, сөз
тіркесінің бір-бір сыңары болып тұрады: бізге қонақ болды, айтқанын
мақұл көрді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Синтаксис туралы жалпы түсінік
Тіл білімінің синтаксис саласы, оның зерттеу обьектілері
Сөйлем мен сөз тіркесін оқытудың әдіс-тәсілдері
Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің теориялық мәселесі
Сөз тіркесі синтаксисі
Сөз тіркесінің зерттелуі. «Суггестия» термині
Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтары
Синтаксистің зерттеу объектілері. Сөз тіркесінің синтаксисі
Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелуі
Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мәселесі
Пәндер