Кінә дәрежесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Жоспар:
1. Қылмыстық құқықтағы кінәнің мазмұны мен түсінігі.
2. Кінә дәрежесі
3. КІ НӘ НІҢ ЕКІ НЫСAНЫ МЕН ЖAСAЛAТЫН ҚЫЛ МЫСТAРДЫҢ ҚЫЛ МЫС ТЫҚ ҚҰ ҚЫҚ БҰ ЗУ ШЫ ЛЫҚТAР ЖИЫН ТЫ ҒЫ МЕН AРAҚAТЫНAСЫ
4.

1. Бұған дейін айтылғандай, кінә - бұл тұлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекеті мен оның қасақаналық және абайсыздық түріндегі салдарына психикалық қатынасы. Қылмыстық заңға сәйкес, кінә - бұл әрқашан не қасақаналық, не абайсыздық болып табылады.

ҚР ҚК-нің 19-бабының 3-бөлімі бойынша қасақана немесе абайсызда іс-әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Қасақаналықта, абайсыздықта жасалған іс-әрекет пен оның салдарына кінәлі психикалық қатынастың нысандары болып табылады. Бұл - олардың ұқсастығы. Ал, айырмашылығы - қасақана және абайсыз кінәні құрайтын интеллектуалдық және еркіне қарай сәттердің ерекше, өзіне ғана тән мазмұны мен ара қатынасында.

Қылмыстың жасалуына байланысты кінә (қасақаналықта, абайсыздықта) заң қолданушының (сот, тергеуші) санасынан тыс орын алады. Ол - алдын ала тергеу жұмысын жургізу мен сотта істі қарау кезінде дәлелденетін затқа жатады. Ол - іс бойынша анықталған дәлелдерді саралау кезінде жүзеге асады. Осыған орай, кінә тек заңдық-психологиялық қана емес, саралаушы да категория екендігін мойындау керек. 40-шы жылдары кеңестік заң әдебиетінде кінәлінің өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекеті мен оның қасақаналық және абайсыздық түріндегі салдарына, соттың санасынан тыс орын алатын психикалық қатынасы ретіндегі кінә түсінігін, оның (кінәнің) саралаушы деген түсінігімен теңестіруге әрекет жасалды. Б.С.Утевский "кінәні қылмыс құрамының элементі ретінде, қасақаналық пен абайсыздық, яғни қылмыс құрамының субъективті жағы ретінде бір жақты таяз түсінумен қатар, қылмыстық құқықта кінәнің қылмыстық жауаптылықтыц негізі ретіндегі ауқымдырақ түсінігі де бар"3 деп санаған. Б.С. Утевский кінәні қылмыстық жауаптылықтың негізі ретінде былайша түсіндіреді, яғни ол "соттың көзқарасы бойынша мемлекет атынан теріс қоғамдық (моральдық-саяси) бағаға лайық және сотталушының қылмыстық жауаптылығын талап етуші жағдайлар жиынтығы"4

Оның кінәні түсіну туралы мұндай көзқарасы кеңестік заң басылымдарында өткір, тіпті күйретуші сынға ұшырады. Оның себептері негізінен идеологиялық сипатта болды. Авторды кінәні саралау туралы буржуазиялық ғалым-заңгерлердің ұсынған теорияларын пайдаланғаны үшін айыптады. Алайда, соңғы кездері кеңестік қылмыстық құқықта кінәні - саралаушы ретінде түсінуді қатаң шетке шығару басылып, кінәлі жауаптылық қағидасы (яғни, кінәні қылмыстық жауаптылықтың негізі ретінде мойындау) Қазақстан -Республикасының қылмыстық кодексінде заңды тұжырымын тапты. Мұны дұрыс деп мойындауға тиіссіз, себебі, қылмыстық заң, қылмыстық жауаптылықты тұлғаның өзі жасаған іс-әрекеті мен оның салдарына психикалық қатынасының кез келген түрімен емес тек қана қасақаналық пен абайсыздық сияқты белгілі түрімен ғана

байланыстыруы бекер емес. Психикалық қатынастың дәл осы түрдегі, кінәлінің қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге, яғни жеке бастың, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне деген қоғамға қарсы (қасақана жасалған қылмыстарда) немесе немқұрайлы (абайсыздан жасалған қылмыстарда) қатынасын білдіреді. Сондықтан, кінә - тұлғаның қылмыстық қастандылықтан заңмен қорғалатын мүдделерге теріс қатынасын көрсететін өзінің жасаған қылмысты әрекеті немесе әрекетсіздігінен туындаған зиянды салдарға психикалық қатынасы.

Жоғарыда айтылғандай қылмыстық заң, іс-әрекетпен оның салдарына кінәлі психикалық қатынасқа еркіне карай және интеллектуалдық сәттерді қосады. Дәл осы сәттердің жиынтығы кінәнің мазмұнын құрайды. Аталған сәттердің нақты мазмұны мен ара - қатысы бойынша қасақана және абайсызда жасалған қылмыстардың бір-бірінен айырмашылығы қандай болса, олардың қылмыстық заңда анықталатын түрлері де тап солай ажыратылады. Интеллектуалдық және еркіне қарай сәттердің мазмұны мен арақатынасының бұл ерекшеліктері кінәнің түрлерін құрайды. Қылмыстық кодекс кінәнің қасақаналық және абайсыздық сияқты екі нысандарын қарастырады (ҚР ҚК-нің 19-бабы 3-ші бөлімі). Қасақаналық, өз кезегінде, тікелей және жанама, ал, абайсыздық -меңмендік және немқұрайлылық болып бөлінеді.

Кейбір қылмыстарға байланысты, заң шығарушы оларды тек қасақана жасалады деп анық атап көрсетеді. Мысалы, ҚР ҚК-нің 104-бабы - денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін жауаптылық қарастырылады. Қасақана жасалатын қылмыстардың басқа құрамдарын жасағанда, заң шығарушы оларға қасақана деген анықтама бермейді, Мысалы, ҚР ҚК -тің 106, 107-баптарында ұрып-соғу, азаптау кездерінде кінәнің түрін атап көрсетпейді. Мұндай жағдайларда кінәнің түрін анықтау үшін ҚР ҚК -тің 19-бабының 3-ші бөлігін басшылыққа алу керек. Абайсызда жасалған іс-әрекет ҚР ҚК Ерекше бөлімінің тиісті бабы арқылы арнайы қарастырылған жағдайда ғана қылмыс деп саналады.

Сонымен, Ерекше бөлім бабының диспозициясы кінәнің түрін нақты көрсетпесе, осы бапта қарастырылған қылмыс тек қасақана болады.

Кінәнің қылмыстық- құқықтық мағынасын асыра бағаламасқа болмайды. Біріншіден, кінәлі жауаптылық қағидасына сүйене отырып, кінә - қылмыстық іс-әрекетті қылмыстық емесінен ажыратушы ретінде маңызды. ҚР ҚК-нің 19-бабының 2-бөлігіне сәйкес объективті түрде, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді. Екіншіден, егер заң шығарушы жауаптылықты кінәнің түріне қарай ажыратса, кінә қылмысты саралауға әсер етеді деген сөз. Мысалы, кісі өлтіру ҚР ҚК-нің 96-бабымен бағаланса, абайсыздықтан өлімге соқтыру-ҚР ҚК-нің 101-бабымен бағаланады. Кінәнің түрі сонымен қатар денсаулыққа келтірілген зиянның қасақана әлде абайсыздан болуын (ҚР ҚК-тің 103, 111-баптары), ажырататын белгі болып табылады. Үшіншіден, кінәнің түрлері қылмыстарды заңды негізде саралау кезінде ескеріледі. Онша ауыр емес ауырлығы орташа дәрежедегі қылмыстарға қасақана жасалғаны да, абайсыз жасалғаны да жатқызылса, ауыр, аса ауыр қылмыстар қатарына тек қасақана жасалғаны ғана жатады (ҚР ҚК -тің 10-б.). Жаза мен қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырар басқа көптеген жағдайларда, қасақана және абайсыздық жағдайдағы кінәнің айырмашылығы ескеріліп отырады.
Демократиялық мемлекеттердің қылмыстық құқықтық жүйесі заң қағидаларына жүгінеді. Ал Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы қағидасына сәйкес, кінәсіз қылмыстың болуы да мүмкін емес, демек, кінәсіз жауапкершіліктің де болуы мүмкін емес [1, 8 б.]. Яғни тұлға жасаған әрекеті мен оның қоғамға қауіпті салдарына қатысты, өзінің қылмысқа қатысты кінәсі дәлелденген әрекеттер үшін жауапкершілікке тартылады. Кінәні дұрыс саралап, оның мазмұнын анықтау қылмыстық жауапкершіліктің дұрыс белгіленуінің негізі болатындығын білдіреді.
Кінәнің негізгі көрсеткіштерінің бірі оның дәрежесі болып табылады. Кінәнің мәні мен түсінігі секілді, кінәнің дәрежесі түсінігі де қылмыстық заңнамада көрсетілмейді, тек қазіргі таңда теориялық сипатта танылады. Дегенмен кінәнің дәрежесін теориялық тұрғыдан қарастыру тәжірибелік үлкен маңызға ие, әсіресе сот тәжірибесі бұл түсінікті кең көлемде қолданады. Кінәнің бұл көрсеткішін сот тәжірибесіне әрі қарай енгізу үшін оның нақты объективті сипаттарын анықтауымыз қажет. Кейбір кінәні зерттеуші ғалымдар оның дәрежесіндегі айырмашылықты қасақаналық және абайсыздықты ажырату арқылы қарастырады және осылайша еш негізсіз кінәнің сандық және сапалық сипаттамасын араластырады [2]. Өзге ғалымдар кінә дәрежесінің астарында кінә мазмұны жиынтығын құрайтын белгілі бір дәрежеде интенсивті интеллектуалды және ерікті процестерінің бар екендігін айтады [3, 13-18 бб.], яғни кінә дәрежесін әлеуметтікәдептік жүктемесі көрсетілмеген психологиялық категория ретінде қарастырады. Кінә дәрежесі қасақаналық немесе абайсыздықтың бар болуы шеңберінен тереңірек жағында деген де ойлар айтылды. Ол тек қана осы белгілердің болуымен ғана шешіліп қоймайды, іске қатысты барлық объективті және субъективті белгілердің болуымен анықталады, демек, кінә дәрежесiне тәуелдiлiк бұл қылмыстық жауапкершiлiктiң негiзi болып табылады [4, 74 б.].
Қылмыстың субьективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық белгілеріне: кінә, қылмыстық ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы қылмыс істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелеп береді.
Қылмыстың субъективтік жағын құрайтын белгілердің әр қайсысы қылмыстың психикалық мазмұнын сипаттайды, бірақ әр қайсысы өзінше сипаттайды. Мысалы, кінә - бұл тұлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекетіне (әрекетіне немесе әрекетсіздігіне ) және оның қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы салдарына психикалық қатынасы.
Кінә - қылмыстың субьективтік жағының негізгі және міндетті белгісі. Сондықтан, адам өз кінәсі анықталған қоғамға қауіпті іс әрекеті және одан пайда болған қоғамға қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс.
Кінәнің қылмыстық құқықтық қағидасына және анықтамасына сәйкес, кінә қылмыстық әрекеттің немесе әрекетсіздіктің ажырамас бөлігі және қылмыстық заңмен қарастырылатын, соттың үкімімен мемлекет атынан әшкерленетін, сәйкес нысандарымен анықталатын, адамның өзінің жасаған қоғамға қауіпті әрекетіне және оның зардаптарына деген психикалық қатынасы.

20-бап. Кінә
1. Адам өзінің қоғамға қауіпті әрекетіне (іс-әрекетіне немесе әрекетсіздігіне) және оның қоғамға қауіпті зардаптарының туындауына қатысты анықталған кінәсі, яғни адамның қылмыстық құқық бұзушылыққа және оның қоғамға қауіпті зардаптарына психикалық көзқарасы үшін ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жатады.
2. Объективті айып тағуға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді.
3. Әрекетті қасақана немесе абайсызда жасаған адам ғана қылмыстық құқық бұзушылық үшін кінәлі деп танылады.
4. Абайсызда жасалған әрекет осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында арнайы көзделген жағдайда ғана қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады.
2. Кiнәнiң дәрежесi ұғымы кiнәнiң салыстырмалы ауырлығын бiлдiретiн оның сандық сипаттамасы. Ол кiнәнiң сипатын саны жағынан қамтитын, адамның қылмыс жасау кезiндегi негiзгi әлеуметтiк құндылықтарға деген жағымсыз, жек көру немесе ұқыпсыз қатынасының мөлшерiн бiлдiредi. Кiнәнiң дәрежесi қылмыстың объективтi жағдайларымен - қоғамға қауiптi әрекеттiң сипатымен, әрекет немесе әрекетсiздiкке психикалық қатынастың ерекшелiктерiмен, қылмыстың ниетi мен мақсаты; кiнәлiнiң жеке басын сипаттайтын жағдайлармен, сонымен бiрге қасақаналықтың пайда болуына немесе абайсыз әрекеттiң мазмұнына ықпал ететiн себептер мен жағдайларға байланысты анықталады. Кiнәнiң нысаны - кiнәнiң мазмұнын құрайтын элементтердiң өзара бiр-бiрiмен және қылмыстың объективтi белгiлерi мен байланысы және ұйымдастырылу әдiстерi. Яғни кiнәнiң нысаны кiнәлi адамның өзi жасаған қоғамға қауiптi iс-әрекетке және оның зардаптарына деген қатынасын куәландыратын интеллектуалдық және ерiктiлiк кезеңдердiң белгiлi бiр сәйкес келуiн заңда қарастыру. Кiнәнiң нысанын заңшығарушы анықтайды. ҚР ҚК-нің 20 және 21-баптарында заңшығарушы кiнәнiң нысанын анықтауда екi психологиялық элементтi қолданады:
Себеп және мақсаттың кінә дәрежесіне ықпал ететіні сөзсіз, бірақ оның құрама элементтері ретінде емес, адам психикасының интеллектуалдық және еріктілік жақтарының диалаектикалық қарым-қатынас күшінде.
Индивидтің еркі мен санасын себептілік байланыстырушы буын болып табылады. Сонымен қатар барлық объективті және субъективті белгі құрамы бір бүтінді құрайды [5, 61 б.]. Мақсат пен себеп шынайы әрекеттің жағдайын анықтайды, әдістер мен құралдарды шешімді таңдайды. Соның негізінде қылмысты әрекеттің тамаша үлгісі қалыптасады, демек, бұл шынайы қоғамға қауіпті әрекетке деген тұлғаның психикалық қатынасы, яғни кінәнің іргесінің қалыптасуын білдіреді. Адамның терiс құнды бағыттарының тiкелей тудыра тұра, олар әлеуметтік жоспарда тұлғаның психикалық шығармашылығына қоғамға қауіпті әрекет түсінігіне байланысты теріс ықпал етеді, психикалық шығармашылыққа жағымсыз сипат береді.
Осылайша, кінә дережесі - бұл маңызды қоғам құндылықтарына кінәлінің жасаған қылмысында менмендікпен немесе тұлғаның жеткiлiксiз ықыластық қарым-қатынасының салдары кінәнің сандық жағы мен теріс шараны, әлеуметтік және психологиялық мазмұнын білдіру арқылы бағалау категориясы. Кінә дәрежесі қылмыстық-құқықтық еріксіз көндіру мөлшеріне тікелей тәуелді, құқық бұзушының әлеуметтiк бағыттарындағы ақауларды анықтауға берілетін жазаның көлемін белгілеуде маңызды.
Кінәнің дәрежесі қылмыс жасау кезіндегі көптеген объективті және субъективті жағдайларға байланысты болады. ҚР Қылмыстық кодексінде белгіленген заң нормасына сәйкес кінәнің дәрежесіне ықпал ететін субъективті жағдайға тұлғаның қылмыс жасау сәтіндегі психикалық күйі мен себебі жатады [6,218 б.]. Қасақана қылмыста кінәлі әлеуметтiк құндылықтарға әдейi қастық ойлап, оларға деген өзінің айқын теріс қатынасын білдіреді, ал абайсызда жасалған қылмыста мұндай айқындық байқалмайды. Демек, қасақаналықта абайсыздыққа қарағанда субъектінің нақты бағыттары деформацияланған болып келеді. Қасақаналық пен абайсыздық түрлерінің салыстырмалы ауырлығын анықтау қиындық тудырады. Егер бірдей жағдайда тікелей және жанама қылмыс түрін салыстырып қарайтын болсақ, онда тікелей қасақаналық жанамаға қарағанда қауіптірек. Көп адамға өлім тілеуші адам әлдебіреулерге өлім тілемеген тәртiпсiз атыс ашқан тұлғаға қарағанда қауіпті, саналы түрде өртеген үйінде аурудың өмірін тілеу сол ауру адамға нақты өлім тілеген өрт тұтатушыға қарағанда қауіпсіз.
Кінә дәрежесі ұғымының зерттелуі. Қылмыстық құқық кітаптарының авторлары көп жағдайда кінәнің дәрежесі (степень) мәселесін зерттеу нысаны ретінде көтерген емес. Кінә дәрежесі туралы ҚР ҚК-де арнайы аталып өтпейді. Кінә дәрежесі мен жалпы абайсыздық дәрежесі жөнінде профессор Б.С. Утевскийдің еңбегінде нақтырақ жазылған. Дегенмен бұл сұрақ қылмыстық құқықта арнайы талданбағандықтан, аталған терминді сот шешімдерінде жиі қолданылмайтындығын айтып, кінә дәрежесі түсінігінің астарында қандай мән бар екендігін ашып көрсетпеген.
Кінә дәрежесі мәселесін талдаған кезде бұл терминді кінә түсінігімен бірге талдаған жөн. Кінә - бұл тұлғаның жасайтын әрекетінің (әрекетсіздігі) мазмұны мен сипатын және оның салдарын саналы түрде сезінуі, аталғандардың негізінде сот ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сай айғақтар мен тексеру жұмыстарын тиісті тәртіпте анықтауы [6, 157 б.].
Кінә түсінігіне анықтама бергенде тұлғаның жасайтын әрекетінің (әрекетсіздігінің) сипаты мен мазмұнын және оның салдарын саналы түрде сезінуі деген сөз тіркестерін қолданамыз. Ал дәл осындай анықтама кінә дәрежесі түсінігін талдағанда ол, әдетте кінәнің анықтамасымен бірдей келе бермейді. Бұл кінәлінің жеке тұлғасының дамуынан, оның өмірлік тәжірибесінен, білім алуы мен т.б. субъективтік ерекшеліктеріне байланысты болады. Осылайша, бір жағдайда қылмыс жасаған екі бірдей тұлғаның қылмыстық әрекеті (мысалы, жолкөлік ережесін бұзу, мұзды жолда автокөліктің жылдамдығын арттыру нәтижесінде абайсызда адам өліміне әкелуі), жаза әртүрлі түрде белгіленеді, ол мәселен, көлікті жүргізген уақытының ұзақтығына, оның кәсібилігіне және т.б. жағдайларға байланысты. Көлікті айдауда кәсіби біліктілігі мол және оны ұзақ уақыттан көлікті айдап мұзды жолда жылдамдықты арттырудың салдары қалай болатындығын саналы түрде білетін тұлғаға жаза көлемі жоғары болып беріледі, себебі оның мүмкін болатын салдарды сезіну дәрежесі жоғары болады. Ал көлік жүргізу мерзімі тым аз болған және кәсіби біліктілігі төмен және қыс мезгіліндегі жолдың қаталдығын терең ұғынбағандықтан, жаза мөлшері бұл жерде төмен болады.
Аталған жағдайда қылмысты саралаудағы бұл жайттар әділеттілік қағидасына қайшы келеді, соның негізінде жаза кінәлінің жеке тұлғасына ғана емес, сонымен қатар қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі мен оның сипатына, жасалу жағдайына да сай болуы қажет. Демек, кінә дәрежесі түсінігі кең болып табылады, оған жоғарыда аталған кінә анықтамасына енген тұлғаның жасайтын әрекетінің (әрекетсіздігінің) сипаты мен мазмұнын және оның салдарын саналы түрде сезінуімен қатар қылмыскер сезінген немесе сезінуі мүмкін болған қылмыстық әрекетке қатысты өзге де жағдайлар (объективті және субъективті) жатады.
Тұлғаның жасаған әрекетінің (әрекетсіздіктің) мазмұны мен сипатын және оның салдарын саналы түрде сезіну дәрежесіне қарай, кінә түрі мен нысаны анықталады. Осылайша, кінә дәрежесі, біріншіден, кінә нысанынан ол қасақана әрекет абайсыздыққа қарағанда жоғары болады.

Екіншіден, кінә дәрежесіне бір нысанның әртүрлі шеңберде болуына әсер етеді:
* тұлға өзінің әрекетінде (әрекетсіздігі) жүрістұрыс ережесін бұзатындығын және қылмыстық құқық заңымен қорғалатын ортаға зиян келтіретіндігінен құтыла алмайтындығын саналы түрде сезінеді (тікелей қасақаналық) - кінә дәрежесі жоғары болады;
* тұлға өзінің әрекеті (әрекетсіздігі) жүрістұрыс ережесін бұзатындығын және қылмыстық құқық заңымен қорғалатын ортаға зиян келтіру мүмкіндігін саналы түрде болжайды (жанама қасақаналық) - тікелей қасақаналыққа қарағанда кінә дәрежесі төмен болады;
* тұлға өзінің әрекеті (әрекетсіздігі) жүрістұрыс ережесін бұзатындығын және қылмыстық құқық заңымен қорғалатын ортаға зиян келтіру мүмкіндігін саналы түрде болжамайды, бірақ жағдайға байланысты оны болжау мүмкіншілігі болады (менмендік) - кінә дәрежесі қасақаналыққа қарағанда төмен;
* тұлға сақтық шараларын сақтамау салдарынан қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін әрекетті (әрекетсіздікті) жасау барысында, қылмыстық құқықпен қорғалатын қоршаған ортаға зиян келтіру мүмкіндігін саналы түрде болжамайды, бірақ ұқыптылық танытқан жағдайда оны болжау мүмкіншілігі болады (немқұрайдылық) - кінә дәрежесі менмендікке қарағанда төмен болады.
Кінә дәрежесі қасана кінә нысанында қылмыскердің өзінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) деген қарым-қатынасына байланысты. Яғни кінә дәрежесі тұлғаның қылмыстың белгілі бір салдарының болуын қалағандығына, ол салдарға менмендік танытуына немесе оған ұқыпсыздықпен қарағандығына байланысты. Қасақана кінә нысанында кінә дережесі қасақаналықтың қалыптасу процесіне тәуелді болады. Егер тұлға қылмысты алдын ала ойластырған қасақаналықпен жүзеге асырса, оның дәрежесі жоғары болады, ал егер тұлға кенеттен туындаған қасақана ниетпен қылмыстық әрекет жасаған жағдайда оның дәрежесі төменірек болады. Қылмыстық әрекеттегі қасақаналықтың қалыптасу себептері де тұлғаның кінә дәрежесіне ықпал етеді. Қылмысты жасаудағы шынайы себептердің болуы, мәселен, ерлізайыптылардың арасындағы опасыздық кінәні төмендетеді, ал егер қылмыс жасауға себептің болмауы мен оны ойдан ойластырған жағдайда кінә дәрежесі жоғарылайды.
Кінә институтының дамуы. Ежелгі рим құқығында 2,5 мың жыл бұрын sine coupa non aliguis puniedus (ешкімді кінәсіз жазаға тартуға болмайды) деген ұстаным болған. Яғни ежелгі римде кінә қағидасына сай, кінәліні ғана жауапқа тарту ұстанымы қалыптасқан. Құл иеленушілік және феодализм кезеңінде жауапкершілікке тарту қылмыстық әрекетті қасақана немесе абайсызда жасағанына қарамай, келтірілген материалдық шығын негізінде, яғни келтірілген кінәнің деңгейімен анықтады [7].
Дегенмен жауапкершілікке тартудың дұрыс жолға түсуіне рим заңгерлері ықпал еткендігін айта кеткен жөн, олар адамның әрекетінің ішкі еріктілік жағына мән берді. Яғни қылмыстың субъективтік жағын анықтауға тырысып, кінәнің деңгейімен қатар әрекеттің жасалу нысанын белгілеуге жол ашты. Қылмыстық-құқықтық доктринаны зерттеуші ғалымдар субъективті жауапкерлішікке тартудың негізін қалаған рим классикалық мектебі болып табылады, ол ең алғаш кінәнің ішкі түсінігін - қасақаналықты (dolus) ғылыми айналымға енгізді. Бұл түсінік (dolus) қылмыстық нәтиженің болуын тілеуді білдірді. Егер тұлға зиян тигізуді тілемесе, онда ол орын алған қылмыстық нәтиже үшін жауапты және кінәлі болып саналмады. Бұдан кейін тікелей қасақаналық (dolus malus) және абайсыздық (culpa) түсініктері қалыптасты.
Тікелей қасақаналық (dolus malus) ретінде тұлғаның ерікті және саналы түрде өзгенің құқығын бұзуын түсінуі. Егер тұлға алдын ала әрекет жасау барысында өзі жауапты болатын, біреуге зиян тигізуді саналы түрде көздемесе бұл абайсыздық (culpa) болып табылады [8, 90 б.]. Демек, ұзақ жылдарғы өркениет пен қылмыстық құқық ғылымының дамуында рим заңгерлерінің ұстанымы ықпал еткенін аңғаруға болады. Сонымен қатар қасақаналық пен абайсыздықты кінәнің нысаны ретінде ерекшеленгенін және оның қоғам талабына сай өзгеріске ұшырағандығы айқын байқалады.
Адамның сыртқы әрекетін зерттеуде ішкі еркіне мән беріп, осының негізінде субъективтік жауапқа тартуда кінәнің еріктілік (психикалық) концепциясының қылмыстық құқықта бекітілуі жүзеге асты. Осы сәттен бастап тұлға кінәлі деп, егерсаналытүрдезиянкелтіргенжағдайд атанылды. Бірақ қылмыс жасаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДАҒЫ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ
Кінә дәрежесі ұғымын зерттеу
Кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыс
Кінә нысандары
Кінә
Кінәнің нысандары бойынша қылмысты квалификациялау
Қылмысты саралаудың қылмыстық құқықтағы орны
Қылмыстық құқықтағы кінәнің түсінігі және маңызы
Кінәнің нысандары бойынша қылмысты саралау
Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау
Пәндер