Аймақтық даму проблемасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Экономика, басқару және құқық факультеті

ЖОБА
Тақырыбы: Аймақтық даму проблемасы: Қазақстанның аймақтық даму саясаты

Орындаған: Серікбай Ердаулет
Құралбай Нұржан
Қабылдаған: Масадиков Хайрулла
Тобы: ЭМБ-911

Түркістан 2023

Жоспары

І. Кіріспе
Жобаның мақсаты мен міндеттері

ІІ. Негізгі бөлім
* Аймақтық даму
* Аймақтық проблемалар
* Аймақтық саясат:негізгі ұғымдар, мақсат-міндеттері
* Қ.Р-да аймақтық саясатты жүргізудегі қаржылық механизмдерін
қалыптастыру және басқару

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жобаның мақсаты мен міндеттері: Аймақтық даму проблемасы: Қазақстанның аймақтық даму саясаты - маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлері арасындағы айырмашылықты азайту. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру инфрақұрылымды, шаруашылық іс-әрекетті жақсартады, ал бұл өз кезегінде халықтың өмір сүру деңгейін көтереді.
Аймақтық саясат халық шаруашылығы кешеніндегі əрбір аймақтың экономикалық орнын, ерекшеліктерін ескереді. Аймақ деңгейіндегі проблемаларды шешуге, оның ішінде кəсіпкерліктің дамуына, жергілікті өзін- өзі басқарудың дамуына көмектеседі.
Аймақтардың тұрақты экономикалық өсуіне мүмкіндіктер жасау негізінде бүкіл республика экономикасының өркендеуіне жол ашу болып табылады. Көздеген мақсатқа жету -- мемлекеттік және аймақтық мүдделердің бірлігін, олардың ұштастырылуын көздейді.
Аймақтардың әлеуметтік - экономикалық даму ерекшеліктерін, аймақтық саясаттың жасақталу барысын, оның жүзеге асу бағыттарын, аймақ экономикасын басқарудың бүгінгі күнгі өзекті мәселелерін зерттеу болып табылады. Нарықтық қатынастарының дамуы мен қалыптасуы жағдайында радикалды экономикалық реформалардың ғылыми негізделуіне -- аймақтық экономика маңызды роль атқарады. Аймақтық экономика -- аймақтардағы өндіргіш күштердің орналасу факторларын және аймақтық дамуды зерттейтін ғылым.


Нарықтық қатынастарының дамуы мен қалыптасуы жағдайында радикалды экономикалық реформалардың ғылыми негізделуіне - аймақтық экономика маңызды роль атқарады. Аймақтық экономика - аймақтардағы өндіргіш күштердің орналасу факторларын және аймақтық дамуды зерттейтін ғылым.
Академик Н.Н.Некрасовтың анықтамасы бойынша "экономикалық ғылымның саласы ретінде аймақтық экономика елдің экономикалық жүйесінде және әрбір аймақта өндіргіш күштердің дамуы мен әлеуметтік процестердің қалыптасуын анықтайтын экономикалық әлеуметтік факторлар мен жағдайларын жиынтығын зерттейді".
Аймақтық экономика өндіргіш күштерді аймақтық дамуының стратегиялық позицияларын өңдейді. Аймақтық өндіргіш күштердің орналасуы аймақтық экономиканың негізгі бөлігі ретінде қарастырылады.
Аймақтық экономика экономикалық географиямен тығыз байланысты, бірақ оған қарағанда қолданбалы практикалық нәтижелерге бағытталған. Аймақтық экономика географиямен жақындығына қарамастан экономиканың құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, экономикалық теория мен макроэкономикалық болжаумен, салалық экономикамен, статистикамен тағы да басқа әлеуметтік - экономикалық ғылымдармен тығыз байланысты. Аймақтық экономика экономикалық мәселелермен бірге экологияны әлеуметтік мәселелерді, демографияны, географияны, этнографияны тағы да басқа ғылымдарды қарастырады.
Аймақтың экономикалық және әлеуметтік даму аспектілерін зерттеу Ресейде ХІХ ғасырда, ал Қазақстанда ХХ ғасырдың аяғында ғылыми негізде дами бастады. Батыста аймақтық экономика "аймақтық ғылым" деп анықталады. Экономист ғалым Н.Н.Некрасовтың анықтамасында "аймақ" дегеніміз біртекті табиғат шарттарын және өндірістік қатынастардың маңыздылығына бағытталған бір елдің ірі территориясы.
Аймақтық экономикаға теориялық - әдістемелік зерттеулер жасаған ғалымдар Альфред Вебер, Аугуст Леш, Вильгелм Кристаллер, Иоганн Тюнен, Энтони Куклинский, орыс ғалымдары Н.Барановский, Н.Комосовский және тағы да басқа АҚШ , Германия, Франция ғалымдары үлес қосқан.
Жоспарлау мен басқарудың аймақық мәселелері республикадағы
экономикалық қатынастарды қайта құру бойынша іс-шаралар жүйесінде маңызды орын алады. Мемлекеттің дамуында аймақтар мен олардың билік органдарының ролін арттыру әлемдік тенденцияға жатады. Аймақтық басқаруға қойылатын негізігі міндеттерге:
Республика мен ТМД елдерінде кәсіпорындардың дамуы мен жұмыс істеуінде қорықтық қатынастар мен тауар - ақша, жоспардың арақатынасы;
өзін-өзі басқару механизміндегі экономикалық және ұйымдастырушылық - әкімшілік әдістері мен экономикалық арақатынасы;
аймақтық басқару процесіндегі орталықтанған және орталықтан-дырылмаған басқару шешімдерінің арақатынасы.

Басқарудың экономикалық механизмінің маңызды элементіне ақша айналымын үздіксіз нығайту кезінде жоспарды қаржымен қамтамассыз ету жатады. Сондықтан да жергілікті шаруашылықтың аймақтық жүйесінің дамуы мен қызмет етуіне кешенді әлеуметтік - экономикалық дамуға қызмет ететін механизм қажет, ол механизм мыналарды қарастыруға тиіс:
аймақтық экономикалық мүмкіндігінің материалдық өндірістік саласының тиімді қызмет етуіне байланысты болуы;
аймақтық жүйенің барлық тармақтарының тепе - тең болуы;
аймақтық әлеуметтік - экономикалық дамуының кешенді жоспарын қаржылай және материалды - техникалық қамтамасыз ету;
әлеуметтік саланың дамуының нәтижелілігі мен аймақтың шаруашылық қызметінің тиімділігін есепке ала отырып бюджеттік жоспарлауды қайта құру;
әрбір өндірушінің жағдайының жақсаруы әлеуметтік мәселелерді шешуге байланысты болады.
Аймақтық басқарудың методтары аймақтың өндірісітік және өндірістік емес сфералар жиынтығы мен кәсіпорындар мен ұйымдарға шаруашылық әрекеттің пайда болуын қамтамассыз етуі тиіс. Соның ішінде:
республикалық стратегиялық тұжырымдардың әлеуметтік - экономикалық даму жағдайына біртұтас мақсатты бағыттанушылық;
жергілікті өзін - өзі басқару органдарының саяси және әкімшілік қызметтерінің біртұтастығын сақтау;
әлеуметтік - экономикалық , құрылыс - инвестициялық және табиғатты қорғау саясатының жылдық жоспарын жан-жақты және біртұтас мамандануын қадағалау;
аймақтық басқару мен жоспарлаудың тікелей және керсінше иерархиялық жүйе бөліміне біртұтас бюджеттік және қаржы - несиелік негізіне территориялық әкімшілік білім беру.Аймақтық басқару органдарының экономикалық компетенциясын кеңейту барлық сұрақ территорияның әлеуметтік - экономикалық дамуымен байланысты болса, аймақтық органдар кәсіпорын коллективімен бірлесе отырып шешімін табуы қажет, өйткені жергілікті әкімшілік құқығы нақты экономикалық мүмкіндіктермен сәйкестенуі тиіс.
Аймақтық саясат механизмдерін жүзеге асыру, соның ішінде әлеуметтік - экономикалық ұдайы өндірістің қоршаған ортамен тепе теңдігінің бұзыуына байланысты, экологиялық қауіпті аймақтарға арнайы мемлекеттік бағдарламалар жасап нақты аймақтардың дамуының өзекті проблемалары шешімін табуы қажет.
Шағын және орта қалалардың өркендеуі екі - үш өндірістік кәсіпорындардың қызметіне тәуелді болады. Жалпы жағдайдың экономикалық тоқырауы, инфляцияның күшеюі, шаруашылық қатынастардың үзілуі, көптеген шикізат пен өндіріс түрлерінің сұранысының төмендеуі кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуына алып келді. Бұның әсерінен қала және ауылды аймақтарда жұмыссыздықтың белең алуына, жоғары кадрларымыздың басқа елге кетіп қалуына, жергілікті халықтың тұрмысының төмендеуіне алып келді.
Қазақстан Республикасының болашақтағы әлеуметтік-экономикалық өсуі, оның аймақтарының дамуымен байланысты. Сондықтан экономикалық механизм келесілермен қалыптасу керек:
- аймақ - мемлекет экономикасын тікелей және жанама ресурстары, ғылыми- техникалық, қаржы- несиелік, несие және әлеуметтік байланысы дамыған біртұтас бөлігі болуы тиіс;
- бұл жерде ұдайы өндіріс пен еңбек ресурстары, қаржылай айналыммен ұлттық байлықтың жартысы, үйлестіру, айырбастау, тұтынушылар өндірісі іске асады ;
- басқару органдарының біріккен әрекеті, территориялық өндірісітің дамуына орындаушы органдардың бірігуіне әкеледі ;
- аймақтың табиғи құзіретіне жоспарлау , қаржыландыру , несиелеу, ақшалай айналыммен еңбек ресурстарын жетілдіру жатады.
Экономикалық механизмге деген қажеттілік ұдайы өндіріс циклінде әлеуметтік- экономикалық аспектісінің біртұтастығын сақтауын қажет етеді. Сондықтан , экономиканы дамыту саласында қандай да бір басқарудың шешіміне практикалық қызметі халықтың материалды және мәдени тұрмысын қамтамассыз етуімен бағалануы тиіс. Әлеуметтік даму көрсеткіші тұрғын үй проблемасын шешумен халықтың рухани қажеттілігін қамтамассыз ету арқылы еңбек етуіне әсер етеді. Сондықтан, экономикалық- әлеуметтік шаруашылық салаларының тепе - теңдігін ұстау маңызды болады. Ол мемлекет пен демографиялық ұдайы өндіріс арасындағы кәсіпорынмен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының экономикалық жүктеулерді тарату арқылы әлеуметтік әділеттілікті тудыруы қажет. Дәл осы кезде өндіріс шығынымен байланысты шыѓындардың толық көрсетілуі қажет . Бұл республиканың демаграфиялық жағдайына еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға демеу жасайды және көп еңбек етуді төмендетіп, ғылыми - техникалық прогресстің дамуына жол ашады. Сонымен бірге әлеуметтік бағдарламалар екі маңызды қаржылық ресурстарды қамтиды. Олар: қаржы - несие жүйесі және жергілікті бюджет. Әлеуметтік тұрмыс инфрақұрылымның дамуына кәсіпорын мен бірлестіктердің еңбек ресурстарының төлем ролін күшейтуге тырысады. Эквивалентті байланыстардың барлық экономикалық жүйе түйіндерімен қамтамассыз етуі, нарықтық жүйенің экономикалық механизмде талап етуі болады. Экономикалық жүйелерді зерттеуді аймақтық басқару мен жоспарлау келесідей жағдайларда жүргізіледі:
- кәсіпорын - аймақтың басты экономикалық көзі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметнің заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Осыдан келіп территориялық басқарудың міндетті шаруашылық және өндіріс-технологиялық даму шартына араласпауы аймақтық кәсіпорындардың әлеуметтік- экономикалық кешенді дамуын ынталандырады.
- облыс, қала, аудандардағы шаруашылық субъектілердің есеп принціпі мен экономикалық есептертің эквивалентті негізін басқару органдары мен жалпы қатынас.
- жергілікті бюджеттің қалыптасуы кәсіпорын мен ұйымдардың жұмысының тиімділігіне байланысты. Ұйымдық құрылым - шаруашылықтың өзін -өзі басқаруы жаңа әдістеріне, ғылыми- техникалық прогресске сәйкес жүргізілуі керек.
Дамыған жергілікті экономика мен жергілікті өзін-өзі құруға мүмкіндік туғызатын оңтайлы аймақтық параметрлері бар елдерден айырм
ашылығы,Қазақстанның аймақтары ұлан-байтақ аумақтарымен, халықтың сирек орналасуымен, қатты бөлшектенген өндіріс әлеуметімен және ішкі рыноктың төменсыйымдылығымен сипатталады. Дүниежүзілік банктің 1997 жылғыӨзгермелі дүниедегімемлекет баяндамасында жақсы пайымдалған және нысаналы ұзақмерзімді көре білу мемлекеттің ойдағыдай дамуы үшін негіз болып табылтыны атап көрсетіледі.
Экономикалық және әлуметтік жүйелерді өзгерту кезінде аумақтардың дамуында мемлекеттің реттеуші ролі едәуір әлсіреді, ол ең алдымен аймақтық дамуға арналған мемлекеттікинвестициялардың қысқаруымен көрінді. Бұл жекеленген аймақтардың экономикасына теріс ықпалын тигізді, тұрмыс деңгейі, әлеуметтік қызметтер мүмкіндігі, өндірістік және көлік инфрақұрылымының дамуы бойыншааймақтар арасындағы айырмашылықтар ұлғайды. Республиканың бұрынғы жоғары білікті кадрлары бар, халық тығыз орналасқан дамыған аймақтары өндірістің терең құлдырауы мен демографиялық дағдарысты бастан кешірді. Тоқыраған ауыл аудандары мен шағын қалалардың пайда болуы проблемаға айналды. Қазақстандағы экономикалық кеңестіктің әртектілігінен, аймақтардың нарықтық жағдайларға бейімделумүмкіндіктерінің елеулі айырмашылықтарынан өтпелі үдеріс созыла түсті.Аймақтық проблемалардың өсуі мен түрлілігіне келесі үдерістер елеулі ықпалын тигізді:
* Жаңа геосаяаттық және экономикалық кеңістікті қалыптастыру;
* әкімшілік-жоспарлы экономикадан мемлекеттің тұрақсыз реттеуіндегі нарықтық үлгісіне көшу;
* экономикалық дағдарыс;
* ерекше инфрақұрлымдық, өндірістік, гуманитарлық проблемалармен шекараға шектес жаңа аймақтардың пайда болуы.
Қазақстан да соның қатарына жататын біртұтас мемлекеттердеаймақтық саясатты орталық үкімет жүргізеді, ол макро-және микроқұралдарды тең дәрежеде бірдей пайдаландаы.
Қазақстан - 2030 Стратегиясын іске асырудың алғашқы кезеңінде(1998-2000) негізгі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізілді, тұрақты және орнықты мемлекеттік жүйе құрылды, болашық өсудің негіздер қаланды. 2001 жылыбірінші оңжылдықтың стратегиялық жоспары бекітілді, ол одан әрі бес жылдықкезеңге орташа мерзімдік индикативті жоспарлармен нақтыланды. Жалпы мемлекеттікжоспардаелдің даму стратегиясына сай келетін аймақтар дамуыныңбасымдықтары мазмұндалады.
Қазіргі сәтте қазақстан орнықты экономикалық даму траекториясына шықты.Осы жағдайларда аймақтардың дамуына мемлекеттің араласуының мақсаты барлық аймақтардың тұрғындары өздері қалайтын әл-ауқат пен тұрмыс сапасына қол жеткізуде бірдей мүмкіндіктерге ие болатын экономикалық әрекетті кеңестікте ұйымдастару болады. Ел шаруашылығын кеңістікте ұйымдастыру туралы қамқорлық - мемлекеттің қызметі. Аймақтық дамуды реттеуі жүзегеасыруға барлық мемлекеттік институттар қатысады. Бірақ аймақтық проблемалардышешу әрдайым олардың негізгі міндеттері бола бермейді. Сондықтан аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу жүйесіндегі мамандандырылған аймақтық бағдарланған әрекетті - аймақтық саясаттыбөледі.
Аймақтық саясат әлеуметтік-экономикалықдамудыңұлтты қ стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылады және ол биліктіңфилософиялық тұжырымдамасынантарайды.Экономикалы қ, әлеуметтік, саяси қатынастардыңөзгеру кезінде аймақтық проблемаларды мемлекеттік реттеу әлемдегі көптеген елдердің дамуындамаңызды рольатқарды.Түрлі мемлекеттердің аймақтық дамуын реттеудің зерттеулері менәдістерінің аймақтық ішкі проблемаларға қолданылатын тәсілдерменортақ белгілері бар, өйткені олар әлемдік бай тәжірибеге сүйенеді. Аймақтық дамуаймақтың ішкі әлеуметтік экономикалық құрлымының прогрессивті өзгеруі.
Ұдайы өзгеріп тұратын дүниедедәстүрлі аймақтық проблемалар жойылмайды, ал жаңа сапаға өтеді. Мүлде жаңа аймақтық проблемалар пост-ндиструиялық, ақпараттық қоғамға өту кезіндежәне экономиканың жаһандануына байланысты туындайды.Мемлекеттің аймақтық саясаты - елдің экономикалық, әлуметтік және саяси дамуын кеңістіктік,аймақтық аспектте басқару жөніндегі әрекет саласы, яғни мемлекет пен аудандар арасындағы, сондай-қаудандардыңбір-бірімен өзара қатынастарымен байлнысты.Дамығанелдерде ол ең алдымен елдің проблемалы аймақтарындағыәлеуметтік-экономикал ықүдерістерді мемлекеттік реттеудің және әлеуметтік және экологиялық шиленісті тоқтатудың құралы ретінде қаралады.Аймақтық аясатпен аймақтық әлеуметтік-экономикалық саясат - нақты аймақтар шектерінде өндіргіш күштер мен әлеуметтік үдерістердің қалыптасуы мен дамуын сабақтайтын экономикалық және әлеуметтік факторлар мен құбылыстардың жиынтығы өзара тығыз байланыста болады.Түрлі елдердің аймақтық саясатыныңтәжірибесін ұдайы қорытындылайтын Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйым(ЭЫДҰ-ОЭСР), оны түрлі аймақтардағы жұмыссыздық көрсекіштерінің немесе халықтың жан басына шаққандағы табысының елеулі сәйкессіздіктерін жоюға нысаналанған саясат ретінде қарайды.Қазіргі Қазақстанның аймақтық тұрғыда әлеуметтік-экономикалықөзгерістерді ң динамикасын сақтайтын елдермен көптеген орталық проблемалары бар.
Аймақтық саясаттың негізгі мақсаты -- әлеуметтік жанжалдардың тууына есбеп болатын, жалпы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, немесе оныңбөліктеріне, сондай-ақ елдердің топтарына кедергі жасайтын теңсіздіктерді барынша азайту. Нарықтық экономикалық елдердегі аймақ-зерттеушілер аймақтардың дамуына мемлекет араласуының екі бағытын даралайды.Аймақтық саясат әлеуметтік-экономикалық дамудың ұлттық стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылады және ол биліктің философиялық тұжырымдамасынан тарайды. Экономикалық, әлеуметтік, саяси қатынастардың өзгеру кезінде аймақтық проблемаларды мемлекеттік реттеу әлемдегі көптеген елдердің дамуында маңызды роль атқарды. Түрлі мемлекеттердің аймақтық дамуын реттеудің зерттеулері мен әдістерінің аймақтық ішкі проблемаларға қолданылатын тәсілдермен ортақ белгілері бар, өйткені олар әлемдік бай тәжірибеге сүйенеді. Аймақтық даму аймақтың ішкі әлеуметтік экономикалық құрлымының прогрессивті өзгеруі.
Ұдайы өзгеріп тұратын дүниеде дәстүрлі аймақтық проблемалар жойылмайды, ал жаңа сапаға өтеді. Мүлде жаңа аймақтық проблемалар пост-ндиструиялық, ақпараттық қоғамға өту кезінде және экономиканың жаһандануына байланысты туындайды.
Мемлекеттің аймақтық саясаты - елдің экономикалық, әлуметтік және саяси дамуын кеңістіктік, аймақтық аспектте басқару жөніндегі әрекет саласы, яғни мемлекет пен аудандар арасындағы, сондай-қ аудандардың бір-бірімен өзара қатынастарымен байлнысты.
Дамыған елдерде ол ең алдымен елдің проблемалы аймақтарындағыәлеуметтік-экономикал ық үдерістерді мемлекеттік реттеудің және әлеуметтік және экологиялық шиленісті тоқтатудың құралы ретінде қаралады.Аймақтық аясатпен аймақтық әлеуметтік-экономикалық саясат - нақты аймақтар шектерінде өндіргіш күштер мен әлеуметтік үдерістердің қалыптасуы мен дамуын сабақтайтын экономикалық және әлеуметтік факторлар мен құбылыстардың жиынтығы өзара тығыз байланыста болады.
Түрлі елдердің аймақтық саясатының тәжірибесін ұдайы қорытындылайтын Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйым (ЭЫДҰ-ОЭСР), оны түрлі аймақтардағы жұмыссыздық көрсекіштерінің немесе халықтың жан басына шаққандағы табысының елеулі сәйкессіздіктерін жоюға нысаналанған саясат ретінде қарайды.Қазіргі Қазақстанның аймақтық тұрғыда әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің динамикасын сақтайтын елдермен көптеген орталық проблемалары бар.Аймақтық саясаттың негізгі мақсаты - әлеуметтік жанжалдардың тууына есбеп болатын, жалпы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, немесе оның бөліктеріне, сондай-ақ елдердің топтарына кедергі жасайтын теңсіздіктерді барынша азайту. Нарықтық экономикалық елдердегі аймақ-зерттеушілер аймақтардың дамуына мемлекет араласуының екі бағытын даралайды.
Нарықтық экономикада қаржылар бүкіл аймақтық шаруашылықтың қызмет етуін ретке келтіретін негізгі шарт болып табылады. Сондықтан аймақтың қаржылық ресурстарын тиімді басқару мәселесін шешу пәрменді аймақтық саясаттың жүзеге асырылуын көздейді. Аймақтың қаржылық ресурстары кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың қаржыларынан, бюджеттік және несиелік ресурстардан құралады.Аймақтың экономикалық әлеуетінің жағдайымен деңгейі қаржылық ресурстарды қалыптастыру мен басқарудың қажетті алғышарты болып табылады. Аймақтың экономикалық әлеуетінің негізі болып табылатын өнеркәсіп саласының даму барысы оқу құралының алдыңғы тарауыңда қаржылық ресурстарының маңызды бөлігі ретіндегі жергілікті бюджеттердің қалыптасу барысын қарастырамыз.Кез келген реформаны, оның ішінде экономикалық реформаларды жүргізу экономикаға, әлеуметтік салаға және инфрақұрылымды дамытуға орасан зор қаржы ресурстарын салуды талап ететіні белгілі. Осы мақсатта, әсіресе, аймақтардың дамуында жергілікті бюджеттердің атқарар рөлі аса маңызды. Аймақтарда қалыптасатын қаржылық қатынастар негізінен жергілікті бюджеттердің қалыптасуы мен орындалуы арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті бюджеттер елдің бюджет жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.Ал бюджет жүйесі ең алдымен, мемлекеттің құрылымымен анықталады. Унитарлық мемлекеттердің бюджет жүйесі екі буынды қамтиды: республикалык және көптеген жергілікті бюджеттер. Ал федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан - федералды бюджет немесе орталық үкіметтің бюджетінен, федерация мүшелерінің бюджетінен (АҚШ-тағы штаттардың, Германиядағы жерлердің, Канададағы провинциялардың, Ресейдегі Федерация субъектілерінің), жергілікті бюджеттерден құралады.Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастар мен сәйкес құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді қамтиды. Бюджеттің әр түрлі деңгейлері жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық және жергілікті бюджеттердің болуын көздейді .
Республикада келесі деңгейлердің бюджеті бекітіледі, орындалады және дербес болып табылады:
республикалық бюджет;
облыстық бюджет, республикалық маңыздағы қала, астана бюджеті;
ауданның бюджеті (облыстық маңыздағы кала бюджеті).
Республикалық бюджет салықтық және басқа да түсімдерден кұралатын, орталық мемлекеттік органдардың, оларға бағынышты мекемелердің міндеттері мен функцияларын орындауды және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын жүзеге асыруды қаржылық жағынан қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.Облыстық бюджет, республикалық маңызды қала, астана бюджеті салықтық және басқа да түсімдерден құралатын, облыстық, республикалық маңыздағы қала, астана деңгейіндегі жергілікті мемлекеттік органдардың, оларға бағынышты мекемелердің міндеттері мен функцияларын орындауды және сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қаржылық жағынан қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Ол сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктегі маслихат шешімімен бекітіледі.Мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы өзара төлем операцияларын ескермегендегі олардың жиынтығы болып табылады.Сонымен, бюджет жүйесінің жұмыс істеуі әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара байлаңысына негізделген және оларды жасактау, қарау, бекіту, орындау, бақылау тәртібімен, сондай-ақ, республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.Жеке аймақтар бюджеттеріне қаражаттардың түсу көлемі мен құрылымына елдегі экономикалық жағдай; қаржы-бюджет саясаты , өндіріс дамуыньщ аймақтық деңгейі, оның құрылымы , инфляция қарқыны, бағаның өсуі және т.б. сан алуан факторлар әсер етеді.Жергілікті бюджеттердің құрылуының қазіргі механизмі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, арнайы бюджеттік және салықтық заңнамалардың нормативтік актілерімен, бюджет аясындағы мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару арасындағы өкілеттіліктер мен жауапкершіліктерді бөлуді анықтайтын басқа да заңдармен қамтамасыз етіледі. Жергілікті бюджеттердің табыстары мен шығыстарын қалыптастыру қағидалары жалпы бюджет жүйесін құру қағидаларына негізделген.

Жергілікті атқарушы органдарға жүктелген міндеттерге сәйкес жергілікті бюджеттер арқылы жергілікті бағдарламалар, сонымен қатар онымен байланысты басқа да бағдарламалардың қаржыландырылуы жүзеге асырылады. Олардың қатарына келесілерді жатқызуға болады: қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарын ұстау шығындарын қаржылындыру; білім беру мен денсаулық сақтауды; халықтың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыруды және заңды түрде бекітілген жеңілдіктерді жүзеге асыруды; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сумен қамтамасыз ету және инженерлік инфрақұрылымды; мәдениетті, спортты, туризмді және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарын; шағын және орта бизнесті дамытуды; жұмысбастылықты қамтамасыз етуді қаржыландыру және кезекті қаржылық жылға арналған бюджетте қарастырылған басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы ұлттық қауіпсіздік саясаты
Қазастандағы көлік жолдары
Экологиялық кризистер және экологиялық катастрофалар
Экологиялық мектептердің қалыптасуы
Шағын бизнесті дамытудың кешенді бағдарламалары
Аймақтардың қаржы саясаты саласындағы әлемдік тәжірибе
Дүниежүзінің ғаламдық экологиялық мәселелер
Мектеп кітапханасында ақпараттық технология және оны қолдану
Қазақстандағы саяси мәдениет
Қоршаған ортаның ластануы – ғаламдық мәселелер
Пәндер