Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының элементтері және белгілері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

«Құқықтану» кафедра

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының элементтері және белгілері »

Орындаған: «Құқықтану»-202 тобының студенті

Әкімжан. Г. Е

Қабылдаған: Нурлин А. К.

2022

Жоспар

І Кіріспе

1. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының түсінігі мен мәні . . . 3

1. 1. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының түрлері . . . 6

2. . Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының элементтері мен белгілерінің ұғымы . . . 8

2. 1 Қылмыстық объектісі . . . 9

2. 2 Қылмыстық объективті жағы . . . 17

2. 3 Қылмыстық субъектісі . . . 20

2. 4 Қылмыстық субъективті жағы . . . 24

Қорытынды . . . 40

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 41

І Кіріспе

Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана береді. Қылмыстың құрамы деп - қылмыс заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызу мүмкіндік беретін қылмыстың обьективтік және субьективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыстың құрамының әрқайсысы оның субьективтік және обьективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс құрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компаненттерді айтамыз. Қылмыс құрамы белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады: обьект, обьективтік жағы, субьект, субьективтік жағы. Мысалы, бөтен мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап) белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады. Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады. Себебі, бұл жерде 187-бапта көрсетілген қылмыстың басты белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу жоқ. Әрбір қылмыс құрамының белгілері Ерекше бөлімдегі баптардың диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның көптеген белгілері аталып көрсетілген. Мұның өзінде диспозициялардың ерекшелігін анықтайтын және оны басқа қылмыстардан ажырататын соған тән белгілерінің тізбегін береді.

Барлық қылмыстарға жалпылама ортақ немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер Жалпы бөлімнің баптарында анықталады. Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтайтын Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясында осы қылмыстың не субьектісі, не кінәнің нысаны аталмағанБұл жалпылама белгілер Қылмыстық кодекстің 15 және 20-баптарында көрсетілген. Қылмыстық кодекстің 175- бабында ұрлықтың оған тән белгісі - басқа біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлау ғана көрсетілген. Осы белгі арқылы ұрлық тонаудан ерекшеленеді. Әрбір қылмыс істелген уақытында көптеген белгілермен сипаталады. Осы белгілердің барлығы да қылмыс құрамына жатпайды. Қылмыс құрамында мұқияттылқпен таңдап алынған түрлік белгілер ғана қосылады.

Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтығының көрінісі болады. Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тәне белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты оның қылмысты саралау үшін маңызы болмайды. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлағанда (ақша, зат, құжат т. с. с) немесе ол ұрлықтың қашан болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді. Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың міндетті белгілері болып табылады. Осы түрлік белгілердің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамы да болмайды. Мысалы, басқа біреудің мүлкін ұрлаудың түрлік белгісі - оны жасырын ұрлау. Егер басқа біреудің мүлкін алу жасырын түрде емес, ашық түрде жүзеге асырылса, онда ұрлық емес, басқа қылмыс құрамы - тонау болады. Қылмыс құрамы бір ғана қылмыстық құқылық нормада - бір бапта көрсетілуі мүмкін. Мысалы, 314-бап - қызмет жөніндегі жалғандық. Басқа жағдайларда Қылмыстық кодекстің бір бабында қылмыс құрамының бір немес бірнеше түрі қарастырылуы мүмкін. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 308-бабында қылмыстың қауіптілік дәрежесіне қарай билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдаланудың үш құрамы көрсетілген: баптың бірінші бөлімінде осы қылмыстың жай түрі, ал екінші, үшінші бөлігінде осы қылмыстың ауыр немесе өте ауыр түрлері көрсетілген.

1. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының түсінігі мен мәні

Қылмыстың құрамы ұғымы ортaғасырлық қылмыстық құқық ғылымында пайда болды және сол кезде тек іс жүргізулік мағынасы болды. Қылмыстың құрамы ұғымы материалдық құқықта тек XVIII ғасырдың аяғы XIX ғасырдың басында Қылмыстық кодекстін Ерекше бөліміндегі кейбір қылмыстарға байланысты енгізілді. Қылмыстың құрамы деп қылмыстық заңмен көрсетілген қылмыстың белгілерінің жиынтығын айтады.

Қылмыс құрамы - бір қылмыстың заңға сайкес коғамға қауіпті әрекетті құрайтын жане міндетті объективті жане субъективті элементтерінің жиынтығы. Қылмыстық заңда «қылмыс құрамы»

деген түсінік сирек пайдаланылады. Қылмыстық заңда «қылмыс құрамы» ұғымы ҚР ҚК 3-бабында

қарастырылған, онда қылмыстық жауаптылыктың бірден-бір негізі болып, қылмыс жасау, яғни Қылмыстық, кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет танылады делінген. Қылмыстың құрамына қылмыстық іс жүргізу заңы да осындай мағына береді. Бір қылмыстың белгілерінін жиынтығы. Қылмыстың нақты құрамын құрайды.

Қылмыстың нақты құрамы - бұл бір қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді қылмыс ретінде сипаттайтын белгілер жиынтыны. Қылмыстың жалпы құрамы әр қылмыстың құрамындағы құрамдарды

сипаттайды, олардың да арасында айырмашылықтар болады. Нақты қылмыстың құрамы қылмыстық жауаптылыкты дәлелдеуде маңызды орын алады, өйткені тұлғаның әрекетінде нақты қылмыстың құрамы болганда ғана бір кылмыстың бар екендігіне, қылмыстық жауаптылыққа тартуга болатын әрекеттін орын алуын байқауға болады. Қылмыстың жалпы құрамы мұндай рөлді атқармайды.

Қылмыстың құрамы әртүрлі тусініледі, яғни:

- қылмыстың заңнамалық моделі ретінде;

- ғылыми абстракция ретінде;

- нақты қылмыстың мазмұны, ядросы ретінде

Құрамның бірінші мағынасы, өлшем ретінде рөл атқарады, яғни іс әрекеттегі қоғамға қауіптілік деңгейінің оны қылмыс деп тануға жеткілікті немесе жеткіліксіз екендігін анықтайды. Бұл заңдылықтың сақталуы, қылмыстық саясаттың бірқалыпты жүргізілуіне, азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына кепіл болады.

Қылмыс құрамының екінші мағынасы тек қана іс әрекеттің қылмыс екендігін аңықтап қана қоймай қылмысты қай санаттағы, қылмыстар топтарына жататындығын аңықтайды, өйткені қылмыстың құрамының белгілерін анықтау қылмыстың түрін, қоғамдық қауіптілік деңгейін және мінез ерекшеліктерін анықтау болып табылады.

Үшінші мағынасы заңдық тұрғыда қылмыс құрамы мен қылмыстық жазалау шектерін байланыстырады.

Сонымен, қылмыс құрамының маңызы ретінде төмендегілерді танимыз:

-қылмыс құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі болып табылады;

-қылмыс құрамы қылмысты саралау мақсаттарына қызмет етеді, яғни жасалған іс әрекеттегі қылмыстық құрамын анықтайды;

-қылмыстық жазалауға жататындық шегін анықтайды

Құқықтық норманың санкциясы оны түпкілікті құқықтық бағалауды қамтитын құқық бұзушылыққа қатысты қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының нормативтік анықтамасы ретінде түсініледі. Барлық санкциялардың жалпы мақсаты-құқық тәртібін қорғау, қылмыстың алдын алу және алдын алу. Мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары жағдайында бұл мақсатқа екі негізгі жолмен қол жеткізіледі: 1) бұзылған құқықтарды қалпына келтіру; 2) адамға ден қою және оны түзету, қайта тәрбиелеу, осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін құқық бұзушының құқықтық мәртебесі. Санкциялар қалпына келтіру (жазалау, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру) және жазалау, жазалау (бұзушының белгілі бір құқықтарын шектеу, арнайы міндеттерді немесе параққа өткен лауазымды адамды тағайындау) болып бөлінеді. Қылмыстың ең қауіпті түрі-қылмыстық құқық бұзушылық.

Қылмыстар-бұл қоғамға қауіп төндіретін, қылмыстық заңмен тыйым салынған, моральдық тұрғыдан сотталған, кінәлі деп танылған, жазаланған, мемлекеттің конституциялық жүйесін, оның саяси және экономикалық жүйесін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзатын немесе заңның үстемдігін бұзатын қылмыстар., сондай-ақ мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері, мемлекеттің конституциялық құрылысын, оның саяси және экономикалық жүйесін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзатын қоғамдық ұйымдар мен ұйымдардың әрекеттері. Жалпы қоғамды қорғау бойынша қылмыстық сот төрелігінің мақсатына жетелейтін жеке тұлғалар. Демек, қылмыстық сотқа қатысты кез-келген әрекет әлеуметтік қауіпті болып саналады. Қылмыс пен теріс қылық арасындағы айырмашылық қоғамдық қауіптіліктің жоғары деңгейінде және жеке адамға, мемлекетке және қоғамға үлкен зиян келтіреді. Қылмыстар Мемлекеттік және қоғамдық тәртіп негіздеріне, азаматтардың меншігіне, жеке басына және құқықтарына, Қарулы Күштердің қауіпсіздігіне қол сұғады және қылмыстық жазаға әкеп соғады. Жаза қылмыс жасағаны үшін ғана емес, сонымен бірге қылмыстық қастандық жасағаны, оған дайындалғаны, бірлесіп қатысқаны үшін, ал кейбір жағдайларда қылмысты жасырғаны және қылмыстың жоқтығы үшін қолданылады. Тек сот оны қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тауып, белгіленген іс жүргізу кодексіне сәйкес жаза тағайындай алады.

Заңды жауапкершілік-бұл субъектінің құқықтарын бұзатын және жеке, мүліктік немесе ұйымдастырушылық сипаттағы шектеулерге немесе айыруларға тап болатын құқық бұзушыға мемлекеттік айыптау болып табылатын құқықтық санкциямен қарастырылған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Заңды жауапкершілік заңдылық принципіне, сондай-ақ гуманизмге, әділеттілікке және демократияға негізделген. Атап айтқанда, бұл: заңды жауапкершілік оның құқық бұзушылық жасалған жағдайда ғана мүмкін болатындығымен көрінеді. Заңның үстемдігі бұзылған жағдайда заңды жауапкершілік көзделуге тиіс. Заңды жауапкершіліктің сипаты мен шектерін мемлекет бұзылған құқық нормасында нақты анықтайды. Заңды жауапкершілік әрқашан қатаң түрде басқа адамға жүктеледі. Заңды жауапкершілікті анықтау кезінде арнайы практикалық тәртіпті сақтау және қолдану қажет. Кінәліні жазалау үшін заңды жауапкершілік жүктеледі. Сазаянды қылмыстық жауапкершілікке тарту және жазаны өтеу идеясы тек заңды жауапкершілік оған тек әмбебап түрде жүктелген жағдайда ғана болады: жазаның мөлшері (түрмеде отыру немесе айыппұл немесе түзеу жұмыстары, әйтпесе айыппұл) қылмыстық істің ауырлығына байланысты. Заңды жауапкершіліктің мақсаты-құқық бұзушыны қайта тәрбиелеу (болашақта құқық бұзушылықтың алдын алу) . Егер айыпталушы бас бостандығынан айыру жазасын өтесе, залалды өтесе немесе сөгіс алса, ол өз азаматтарының арасында қалады және өмір сүріп, жұмысын жалғастырады. Заңды жауапкершілікті қолдану сіздің тарапыңыздан басқа адамдарға қатысты заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында насихаттау арқылы жүзеге асырылады. Әйтпесе, сіз бірдей жағымсыз нәтижеге тап болуыңыз мүмкін немесе қылмыскер өтеген жеке артықшылықтарды жоғалтуыңыз мүмкін.

1. 1. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының түрлері

Қылмыстық құқық теориясында әр қылмыс құрамдары белгілі-бір белгілермен біріктірілетін топтарға бөлінеді. Қылмыс құрамының жіктелу барысында, әр қылмыстың мазмұнын ашу үшін, олардың құрылуының жалпы заңдылыктарын білу қажет.

Қылмыс құрамдарын жіктеу келесі өлшемдерді қолдана отырып

жүзеге асырылады:

- қоғамға қауіптіліктің дәрежесі;

- құрамның белгілерін сипаттау тәсілі;

- құрылымдық ерекшеліктері.

Іс-әрекет қарама қауіптілік дәрежесі мен сипатына қарай құрамдар бірнеше топқа бөлінеді:

а) негізгі

б) жауаптылықты ауырлататын қылмыс құрамы;

в) жауаптылықты жеңілдететін қылмыс құрамы;

Қылмыс құрамдарын осылай бөліп қарастыру қажеттілігі,

қылмыстық жауаптылық пен жазаны бөлу мақсатымен тығыз

байланысты. Қылмыс құрамы әрқашанда қоғамға қауіпті әрекеттін жазалау шектерін көрсететін санкциялармен байланыста болады. Дегенмен, кейбір іс-әрекеттер тек қана шоғама қауіпті дәрежесімен ғана емес, сондай-ақ, басша да сипатымен де ерекшеленуі мүмкін. Заң шығарушы осыны ескере отырып, кейбір жағдайларда бір қылмыс бойынша бірнеше құрам бөліп шыгарып, оларды әртурлі жазалау шараларымен байланыстырады. Бұл, жазалау саясатынын бірлігін қамтамасьз

етіп, жазалауда жекелеу мен дараландыру қағидасын, заңдылықтың сақталуын қатамасыз етеді.

Негізгі құрамда, іс-әрекет өзіне тән ерекше белгілерімен сипатталады. Мәселен, іс-әрекет ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайларды жасалса, ол, қылмыстық заңның жекелеген бабында (мысалы, КР КК 106-6. ) немесе нақты бір бап бөлігінде (мысалы, ҚР ҚК 107-6. 1-бел. ) жәй қылмыс құрамы ретінде көрініс табады. Ауырлатылған құрам - қылмыстық жауаптылық пен жазаны

ауырлататын мән-жайлармен сипатталатын құрам және бұл мән-

жайлардың болуы жай қылмыс құрамына қарағанда, ҚР ҚК 56-3.

жаза түрлерін тағайындауға алып келеді. (мысалы, ҚР ҚК 96-6. 2-6ел., 178-6. 2-бел. ) . Кейбір жағдайларда жасалған қылмыстың

ауырлығына байланысты заң шығарушы сараланатын қоғамның

түрлерін бөліп керсеткен. Олар аса ауырлататын жағдайлардағы

қылмыс құрамы ( ҚР ҚК 175-6. 1-бел., 289-6. 3, 4-бел. ) болып саналады.

Жеңілдетілген қылмыс құрамы - бұл қылмыстық занның негізгі құрамында көзделген іс-әрекеттерді жасағаны үшін белгіленген жаза мөлшерінен төмен жазаны тағайындауға, жаза мөлшерін азайтуға негіз болып табылатын мән-жайлары бар қылмыс құрамы. Мысалы: ауырлататын мән-жайларсыз адам өлтіруде ҚР ҚК 96-бабынын 1-бөлігіне сәйкес, жаза 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға тағайындалады. Ал, қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (ҚР ҚК 99-бабы) құрамы үшін жаза мөлшері төмендетіледі, онда 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе дал сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Бұл қылмыс құрамы

адам өлтірудің жеңілдетілген құрамы болып саналады. Жекелеген қылмыс құрамының мазмұнын ашуда, олардың

белгілерін аныктауды жеңілдету және нақты істелген іс-әрекетті

дұрыс саралау мақсатымен қылмыс құрамы жай қылмыс құрамы

және күрделі қылмыс құрамына бөлінеді.

Жай қылмыс құрамы - қылмыс құрамының белгілерінін біркелкі болуы, яғни бір ғана объектісі, бір ғана объективтік жағы және т. 6.

Күрделі құрам келесідей белгілермен сипатталады:

- қылмыс құрамы элементтерінің бірнеше болуы, мысалы бірнеше объектіге қол сұгылуы, т. с. с. (ҚР ҚК 179-бабында

көзделген қарақшылық) ;

- іс-әрекет жасау процесінің немесе қылмыс зардаптарының

(созылмалы және жалғасатын қылмыстар) созылуы (КК 373-6.,

176-6. ) ;

- баламалы элементтер немесе ауырлататын мән-жайдың

болуы (КК 96-6. 2 6) ;

- бірнеше жай құрамдардың жиынтығы ретінде орын алуы (ҚК 237-б, 257-б, 2, 3-бөл)

- Қылмыс құрамдары құрылысына карай материалдық,

формалды және қысқартылған болып бөлінеді. Оларды бірнеше түрге бөліп қарастыру тұлғаның қоғамға қауіпті әрекетті жасауның бірнеше сатылардан түрумен тікелей байланысты.

ҚК 24, 25-баптарында қылмысқа дайындалу; қылмыс жасауға

оқталу; қылмыстың аяқталуы немесе нәтижеге жету

нысандарындағы қасақана қылмыс жасау сатылары көрсетілген.

Егер заң шығарушы қылмыс құрамында тек іс-әрекетті емес іс-әрекеттің нәтижесінен болған зардапты көрсетсе, онда бұл материалдық құрам (мысалы, адам өлтіру) болып табылады.

• Егер заң шығарушы қылмыс құрамында іс-әрекеттің белгілерін көрсетіп, туындауы мүмкін зардапты міндетті белгісі ретінде

танымаса, онда бұл формальды құрам болады. Бұл жағдайда

құрамның толық болуы үшін көрсетілген әрекетті жасағаны жеткілікті (мысалы, пара беру және алу, жала жабу, қашкындық

және т. б. ) .

Егер заң шығарушы қылмыс құрамындағы қылмыстық іс-әрекеттің жалпы бейнесін азайтса, яғни қылмыс құрамы қылмысқа дайындалу әрекеттері немесе қылмыс құрамының белгісі болып табылатын бір әрекеттің жасау процесін қамтыса,

онда бұл келте қылмыс құрамы болады. Яғни, қылмыстың

аяқталуы үшін болатын әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесі жеткілікті, ол іс-әрекеттерін аяғына дейін жеткізу қажет емес

(мысалы, бандитизм)

2. . Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының элементтері мен белгілерінің ұғымы

РЕКЛАМА

Әрбір қылмыс-объективті және субъективті әрекет жасаушы мен іс әрекеттің диелектикалық бірлігі.

Қылмыс құрамының элементтері оның компоненттері, құрылымдық бөліктері болып табылады. Қылмыстық құқықта қылмыс құрамының эелементтері ретінде қыдмыс объектісі, объективті жағы, субъекті, субъективті жағы танылады.

Қылмыс құрамының белгілері-қылмыстың әрбір элементтеріне тән ерекшелігін сипаттайтың санаттар. Олар қылмыс құрамының ерекшеліктерін анықтауға, жасалған іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілік деңгейі мен сипатына байланысты және қылмыстың өзге де құқық бұзушылықтардан айырмашылығын анықтауға жол ашады.

Қылмыстың объектісі-бұл қылмыстық құқықпен қорғалатын және қылмыс арқылы зиян келтірілетін қоғамдық қатынастар.

Қылмыс құрамының объективті жағы-тұлғаның іс-әрекеттің сыртқы көрінісі мен белгілерін, яғни әрекет немесе әрекетсіздігін сипаттайды.

Қылмыс құрамының субъектісі-заңда белгіленген жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға.

Қылмыс құрамының субъективті жағы-іс-әрекеттің ішкі мәнін сипаттайды.

Кінә-қасақаналық мен абайсыздықтың тектік түсінігі, қылмыс субъектісінің жасаған қоғамға қауіпті әрекетіне және өзінің қоғамға қауіпті іс әрекетінің нәтижесіне деген психикалық қатынасы. Ниет-субъектінің қылмыс жасау барысында басшылыққа алатын қажеттіктері мен мүдделері және қылмыс жасау барысында нәтижеге жетуге тырысуы. Қылмыстың кінә нысаны, оның ниеті мен мақсаты, қылмыстың субъективтік жағын құрайды.

Әрбір қылмыс құрамы субъективтіу және объективтік белгілерінің жиынтығы ғана болып қана қоймай, қылмыскер тұлғаның іс-әрекеті ретіндегі бүтін бір тұтастық болып табылады. Қылмыстық құрамы элементтерінің бірлігі қылмыстық құқық теориясының ережесі, яғни жоғарыда аталған элементтің біреуінің болмауы тұлғаның іс-әрекетінде қылмыс құрамының жоқтығын білдіреді.

Егер қылмыс құрамының элементтері құрылымының қажетті бөліктері болса, құрамның белгілері осы элементтерді сипаттайды және құрамның элементтеріне жекелеген сипат береді.

Қылмыс құрамының белгілері негізгі және факультативті болып бөлінеді. Негізгі белгілері-бұл барлық қылмысқа тән белгілер және бұл белгілерсіз ешқандай құрам бола алмайды. Осыған байланысты, әр құрамда нақты объекті, әрекет, кінә, субъектінің есі дұрыстығы және заңда тиісті жасқа жеткендігі анықталуы тиіс. Осы белгілердің біреуінің болмауы қылмыс құрамының жоқтығын білдіреді.

Факультативті белгілері болса басқа сипатқа ие болады.

Факультативті белгілер бұл бір құрамдар үшін міндетті, ал басқа құрамдар үшін міндетті емес. Мәселен, кісі өлтіру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақаналықпен өлтіру ниетін міндетті түрде анықтау қажет, ал ұрып соғуда ниет міндетті емес.

Факультативті белгілер заңда кейбір қылмысты немес бір топ қылмыстарды сипаттау мақсатында қолданылады. Әрине, қылмыс құрамының беллгілерін осылайша саралау тек қылмыс құрамының жалпа түсінігі үшін ғана жасалады. Нақты қылмыс құрамының түсінігі үшін ғана жасалады. Нақты қылмыс құрамында негізгі және факультативті белгілерінің қажеттілігі анықталмайды, оларды саралау барысында барлық белгілер қажет.

2. 1 Қылмыстық объектісі

Қылмыстық объект

Қылмыстың объектісі болып қылмыстық құқық нормаларымен қорғалатын, қол сұғылғаны үшін жауаптылық көзделген қоғамдық қатынастар танылады.

Қоғамдық қатыснастар­­-адамдар арасындағы байланыстар және олардың белгілі бір құндылықтарға байланысты тәртібі. Қоғамдық қатынастар бізді қоршаған объективті шындықпен жалпы байланыстыратын құбылыс ретінде көріне отырып, басқа қатынастарға қарағанда қандай күрделі жолмен жүзеге асырылса ла қашанда адамдар мен адамдар арасында пайда болады.

Қорғаудың сипаты бұзылған қатынастың мәніне қарай анықталады. Олардың арасында ең маңыздысы қылмыстық-құқықтық қорғау. Олардың ең маңыздысы қылмыстық құқық нормаларымен қорғалады. Әрбір қылмыстық іс-әрекет қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғады, оларға зиян келтіруі мүмкін немес келтіреді, міне осыған орай ол қылмыс деп танылады.

Қылмыстық қол сұгушылық объектісі болып тек қылмыстық заңмен қорғалатын, зиян келтірілетін немесе келтірілуі мүмкін қоғамдық қатынастар танылады.

Қылмыстық объектісі әрбір қылмыс құрамының қажетті белгісі болады, егер ешқандай объектіге бағытталса онда іс-әрекет қылмыс деп саналмайды.

Қылмыс объектісі елеулі мәнде қылмыстық табиғаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтайтын қылмыс құрамының қажетті белгісі. Объектіге сүйене отырып, біз қылмыс құрамының сипатын және қай топтағы қылмыстардың жасалғандығын анықтаймыз(адам өлтіру немесе қорлау, мемлекет мүлкін ұрлау немес пара алу) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері
Қылмыс құрамының міндеті белгісі ретінде обьективтік жағы
Қылмыс құрамының ұғымы
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының түсінігі
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДАҒЫ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ
Қылмыс құрамы, қылмыс құрамының белгілері
Қылмыс құрамының ұғымы және оның маңызы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Кінә дәрежесі ұғымын зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz