Қазақ хандығы мен Бұхар хандығы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Alikhan Bokeikhan University

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: XVII-XVIII ғасырдың басындағы қазақ хандығы

Орындаған:Баяхмет Елдар ФК-203
Тексерген: Бакытжанова Анар

Жоспар
1.Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
2.Қазақ хандығы мен Бұхар хандығы
3.Жоңғар хандығының пайда болуы, алғашқы жоңғар-қазақ қатынастары
4.Жәңгір тұсындағы Қазақ хандығы, Орбұлақ шайқасы
5.Тәуке ханның билікке келуі
6.Қазақ-жоңғар қатынасындағы шиелінісудің күшейуі

1.Есім хан билік басына ағасы Тәуекел өлгеннен кейін келді. Бұл кезде Қазақ хандығының шығысындағы жағдай Тәуекел тұсындағыдан әлдеқайда күрделене түскен еді. Мұнда ойрат тайпаларының бірігіу процесі жүріп жатты. Сондықтан ол көршілерінде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап, олардың тайпалары арасындағы алауыздықты өз пайдасына шешуге ұмтылып бақты.Ойраттардың бір жағынан Ембі, Жайық, Еділ бойындағы ноғайлармен шарпысуығ екінші жағынан орыс қамалдарының гарнизондарымен қақтығысуы Есім хан саясатының ықпалды болуына елеулі жағдай жасады. Ақырында үш жақты соғыстың өздеріне қырғын таптыратынын сезген ойрат әміршілері Есім ханның үстемдігін мойындап, тату көршілікте тұру мақсатында ұсыныс жасап, елшілерін жіберуге мәжбүр болады.Хандығының шығысындағы жағдайды осылайша өз пайдасына шешкен Есім хан оңтүстігін де ойдан шығармайды.Хандығының шекарасын кеңейте түсу саясатын мұнда да батыл жүргізіп бағады. Оған жағдай да көмектесе түседі. Себебі, бұл кезде қайтыс болған Бәки Мұхаммед ханның орнына оның інісі Уәли Мұхаммед пен Герат-Хорасанның билеушісі Дінмұхаммед баласы Иманқұлы таласып жатқан еді. Осы қақтығысты өз пайдасына асыруда Есім хан үлкен ептілік танытады. Ол әуелі Уәли Мұхаммедке көмектесемін деп уәде беріп, кейін Иманқұлы жағына аунап түседі. Соның нәтижесінде онымен бірігіп, Уәли Мұхаммедті өлтірісіп, Иманқұлымен одақ жасасады да, сол жылы Иманқұлыға қарсы шығып, Самарқантқа әскер жөнелтеді.Бұл кезде Иманқұлының Есіммен соғысарлық шамасы жоқ еді. Сондықтан онымен шартқа отырып, Ташкент пен оның төңірегінің түгелдей қазақтардың иелігі екенін ресми түрде мойындайды.

Бұдан кейін Есім хан Моғолстан ханы Әбдірахымның қызы Падшахқ үйленіп, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахымға беріп, қарсы құда болу арқылы оны өзінің жақтасы етіп, соның көмегімен өзіне опасыздық жасаған Тұрсын ханды талқандап, дара билікке қол жеткізеді.
Есім ханның билігі тұсында (1598-1645) халық жадында Есім салған ескі жол деген атпен қалған әдет-ғұрып нормаларын қалыптастырған конституциялық құжат болғаны белгілі. Мұны Есімнің заңы деп ұққан жөн. Бірақ оның көктен алынбағанын, өз заманының орайы мен талабына қарай Есім хан мен оның кеңесшілері өңдеп, толықтырған баяғы Қасым салған қасқа жолдың бір нұсқасы екенін де естен шығармаған абзал.
Түтпет келгенде, Есім салған ескі жол деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған даналық заңдарға байланысты айтылған. Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешімдері осы кезде сараланды.
Мұның өзі кейін Тәукенің әйгілі Жеті жарғысына негіз болып, қазақ халқының мәдени-рухани және салт-дәстүр қалыптарының төлтумалығын шыңдай түсуге ықпал етті. Жалпы көшпелілер мемлекетінің хандары сияқты, Есім хан да тақ үсті мен ат үстінде бірдей танылған біртуар тұлға. Оны халқының Еңсегей бойлы Ер Есім атанған атақты ханның қайтыс болған жылы - 1645 жыл деген шындыққа келетін сияқты.
Есім хан дүние салған соң қазақ хандығының тағына Жәңгір хан (1645-1652) отырды. Халық оны ел үшін жасаған ерлігіне орай Салқам Жәңгір деп атанған. Хан ордасын Түркістан қаласында ұстау Жәңгір хан тұсында басталды.
Есім хан қазақ тарихында Еңсегей бойлы ер Есім деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598-жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан -- Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған.
Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. Есім ханның ескі жолы деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты.
Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді.Ол көп ұзамай тәуелсіз хан болуға әрекет жасады. Тіпті өз атынан ақша соқтырып, бажы және хараж алым-салықтарын жинады. Сонымен, қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен тұрсын хан билеген еді. Бұлардың арасында қақтығыстары болды.
Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтас-жақтастар іздеуге кірісті. Есім хан тобы Яркент хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим ханмен одақтасты. Ал Тұрсын Мұхаммед хан жағы Яркент билеушісі Шажайдің Ахметтің жақтасы болды. Бұлармен одақтасып отырған Әбдірахим мен Ахметтер де бір-бірімен жауласып отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш ету үшін Яркент ханы Әбдірахиммен құдандалық байланыс орнатты.
Есім хан Әбдірахимнің қызы Патша ханымға үйленді де, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахимге берді. Есім хан мен Тұрсын хан арасында күрес шиеленісе берді, 1627-жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді.
Есім ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ хандығын біріктіру жолындағы күрестері қазақтың Еңсегей бойлы ер Есім атты тарихи жырына өзек болған. Есім хан Ташкент қаласына білдіртпей түнде кіріп, хан сарайының күзетшілерін байлап тастап, тұрсын ханды қаперсіз ұйықтап жатқанда қапылыста өлтіреді, сонда Есім ханның қасындағы Төлеген (Марқасқа) жырау оны мынадай жырмен оятады:
Ей, Қатаған хан Тұрсын!
Кім арамды ант ұрсын.
Жазықсыз елді жылатып,
Жер тәңірісің, жатырсың,
Хан емессің қасқырсың,
Қара албасты басқырсың!
Алтын тақта жатсаң да
Қазаң жетті қапылсың!
Еңсегей бойлы ер Есім,
Есігіңе келіп тұр,
Шашқалы тұр қаныңды,
Кешікпей содан қатарсың!
Есім хан шошып оянған Тұрсын ханның басын алады.
Бахыр әл асырардың авторы Махмұд ибн Уәлидің айтуына қарағанда, Есім хан 1628-жылы қайтыс болған. Ал Қазақ совет энциклопедиясының мәліметіне қарағанда 1645-жылы қайтыс болған делінеді.

2.Бұхара хандығы -- Орталық Азиядағы Шайбани хан негізін салған мемлекет (16 ғ-дың басы -- 1920). 16 ғ-дың 2-жартысында хандықтың астанасы Самарқаннан Бұхара қаласына көшірілді. Бұхар хандығы деген ат осыған байланысты шыққан. Хандықта алғашында Шайбани әулеті (16 ғ-дың басынан 1598 жылға дейін), кейін Аштархан әулеті (1599 -- 1740) және Маңғыт әулеті (1755 -- 1920) билік жүргізді. Шайбани әулеті билік еткен тұста Орталық Азиядағы саяси жағдайға байланысты Бұхар хандығының жер көлемі жиі өзгеріп тұрды. 1506 -- 10 ж. Қазақ хандығына қарсы ұйымдастырған 4 жорығының алғашқылары табысты болғанымен, соңғысында Шайбани әскері Қасым ханнан ойсырай жеңілді. Абдолла ІІ ханның тұсында Бұхар хандығы саяси жағынан күшейіп, территориясы айтарлықтай кеңейді. Ресеймен сауда және дипломатиялық қатынастар орнатылды. Бұхар ханы Иранмен арадағы толассыз күрестерінде қазақтардың көмегіне сүйенді. Қазақ хандығы билеушілерінің мұндай жәрдемін тиісті дәрежеде бағалап, қазақ ханы Шығайға Ходжент қаласын, оның баласы Тәуекел сұлтанға Зеравшан мен Адеркент өлкесінің біраз бөлігін сыйға тартты. Бұхар хандығы мен Қазақ хандығы арасындағы мұндай қатынас ұзаққа созылмады. Тәуекел хан 1583 жылдан бастап Бұхар хандығына қарсы күрес бастады. Соның нәтижесінде 1588 ж. Ташкент хандығының қарамағына көшті. 1599 ж. Қазақ және Бұхар хандықтары арасында жасалған шартқа сәйкес, Ташкентпен қоса Түркістан аумағы да қазақтардың қарамағына көшті. Абдолла ханның мирасқоры Абд әл-Мұмин билікке таласқан топтың қолынан қаза тапқан соң, Бұхар хандығы саяси жағынан әлсірей түсті. Осы тұста Хорезм Бұхар хандығынан бөлініп шықты. Шайбани әулеті тұсында хандық мәдени жағынан едәуір өркендей түсіп, қала құрылысы қарқынды жүргізіліп, бірқатар мешіттер, медреселер салынды. Абдолла хан тұсында хан сарайында 250-ге жуық адам ғылыммен, әдебиетпен шұғылданған. Аштархан әулетінің билігі кезінде Бұхар хандығындағы басқару жүйесі күрделене түсті. Мемлекет басқару жүйесінің негізін аталық, диуан бегі, парванчи, датқа секілді лауазым иелері құрады. Сот, білім беру жүйесі дін иелерінің қолында болды. Аштархандықтар да Иранмен ұзақ уақыт соғысты. Қазақтардан жәрдем алған Имамқұл (Имамкули) хан (1611 -- 42) ақыры ирандықтарға ойсырата соққы берді. Жеңіске қол жеткізгеннен кейін, Ташкентті қазақтардан тартып алды. Бұхар хандығы 1680 -- 1702 ж. Хиуа хандығымен үнемі соғыс жағдайында болды. 1740 ж. парсы қолбасшысы Нәдір шаї Бұхараны басып алды. Аштархан әулеті билігі кезінде БҰХАР ХАНДЫҒЫнда 150-ге жуық медреселер болды, емханалар салынды. 17 ғ-да БҰХАР ХАНДЫҒЫнда өмір сүрген Жүсіп Қарабағи, Молла Ширази сынды ғұламалар өздерінің филос. трактаттарын жазып қалдырды. Сайид Несефи (1637 -- 1710) секілді сарай ақындарының, "Ұбайдолла наме" атты тарихи еңбектің авторы Мир Мұхаммед Амин
Бұхаридың есімі Шығысқа танымал болды.

1755 ж. ақсүйектер мен дін иелерінің қолдауына сүйенген маңғыт тайпасының жетекшісі Мұхаммед Рахым Бұхар хандығының тағына отырғаннан кейін мемлекеттің саяси-экон. жағдайы едәуір жақсара түсті. Ал әмір Хайдардың тұсында (1800 -- 26) Хиуа, Қоқанмен соғыстар қайта жанданып, Бұхар әмірі қазақтар тарапынан қолдау күтті. Ресей отаршыларының қазақ даласына тереңдей енуі Бұхар әмірінің алаңдаушылығын туғызғанымен, Қоқан хандығымен жүргізіп жатқан соғысын тоқтатпады. Бұл соғысты Ресей отаршылдары өз мүддесіне пайдаланып, 1865 ж. Ташкентті, 1866 ж. Жизақты, Ходжентті басып алды. 1868 ж. Самарқан іргесінде Ресей армиясы әмір әскерлеріне қирата соққы берді. 1868 және 1873 ж. жасалған шарттарда Бұхар хандығы мен Ресей империясының арасындағы қарым-қатынас ережелері белгіленді. Бұхар хандығы Ресей протектораттығын қабылдауға мәжбүр етілді. Бұхар хандығы Ресей империясы қол астындағы мұсылмандардың 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басындағы рухани өмірінде елеулі рөл атқарды. Бұхара медреселерінде қазақ, татар, өзбек, башқұрт, қырғыз секілді түркі тілдес мұсылман халықтарының өкілдері діни білім алды. Бұхар хандығы Түркістан өлкесінде кеңестік биліктің орнығуына барынша наразылық танытып, оған қарсы шыққан мұсылман зиялыларына қолдау көрсетті. 1920 ж. 2 қыркүйекте Қызыл Армия Бұхараны басып алды. Бұхар хандығының соңғы әмірі Сейіт Әлім хан Ауғанстанға барып паналады
3.1635 жылы ойрат тайпалары бірігіп, Жоңғар хандығын құрды. Бұл хандықтың құрылуына, біріншіден, жоңғар қоғамындағы феодалдық қатынастардың дамуы әсер етсе, ал екіншіден, Батур қонтайшының жеке өзі де ерекше рөл атқарды. Бір орталыққа бағынған қуатты Жоңғар хандығының пайда болуы қазақ-жоңғар қатынасының сипатын өзгертті. Жоңғар хандығы Шығыс Түркістанды жаулап алғаннан кейін, бағытын Қазақстан мен Орталық Азияға бұрып, Сырдария өзенінің аңғары мен Жетісу өңірін басып алуға ұмтылды. Бұл уақытта Жоңғар хандығының басына Қалдан Серен келген еді.
Жоңғар хандығы сыртқы саясатта екі жүзділік көрсетті: бір жағынан, олар жүз жыл бойы Цин империясын Орталық Азияға жолатпай, өз тәуелсіздігі үшін әділ қорғаныс соғыстарын жүргізсе, екінші жағынан, өздерінің батыстағы түркі тектес көршілеріне қарсы басқыншылық саясат ұстанды. Сондықтан қазақ, өзбек, қырғыз халықтарының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі азаттық сипат алды. Ұрыстың ауыртпалығы ойрат феодалдарының шабуылына төтеп беріп отырған қазақтарға түсті. Жоңғар хандығы басшыларының ұстанған басқыншылық саясаты қазақ-жоңғар қатынастарын барынша шиеленістірді. Жойқын шайқастарда қазақтар жағы да айтарлықтай ерліктер көрсетіп, жеңіске жетіп отырды. Соның бір мысалы, Жәңгір (Салқам) хан ұйымдастырған әйгілі Орбұлақ шайқасы.
Орбұлақ шайқасы - қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы алғашқы бетбұрысты оқиға. Бұл соғыс 1643 жылдың жазындақазақ қолын басқарған Жәңгір сұлтан мен жоңғар қолын басқарған Батыр қонтайшы арасында өтті.
Ол жайлы мәліметті алғаш айтқан - тарихшы И.Э. Фишер. Осы шайқас жайында орыс тарихшылары А.И. Левшин, И.Я. Златкин, А.П. Чулошников, Гуревич, В.А. Моисеев, қазақ ғалымдары М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедов, С.Асфендияров, С.Сейфуллин жазғанымен, бірақ олардың бірде-бірі ұрыс өткен жерді нақтылап айтпайды.
Тау қойнауында өткен шайқас туралы тұңғыш деректі жазып қалдырушы - Тобыл әскербасшысы Р.С. Куракин, ал оған бұл соғыс жайындағы мәліметті жеткізушілер Тобылда қызмет еткен, Ресейдің Жоңғарияға барған елшілері Г.Ильин мен К.Кучелев (Кучембердейке). Олардың 1644 жылғы хабарламасында: "Біз барғанда қонтайшы ұлысында болған жоқ... 50 мың әскермен Қазақ ордасының Жәңгір сұлтанымен, Жалаңтөспен және Алатау қырғыздарымен соғысуға кеткен екен", - деп жазылған. Есім ханның ұлы Жәңгір (Салқам) шығыстан төнген жойқын қатерді көзімен көріп, қазақ руларын біріктіруге, басқыншыларға бірлесе тойтарыс беруге ұмтылды.
Бұхара әміршісі, алшын (Кіші жүз) батыры Жалаңтөс баһадүрге хабарласып, көмек сұрады. Бірақ халха билеушісі Алтын ханның ұлы Омбы - Ерденемен, хошот билеушілері Үшүрті (Сесенхан) қонтайшымен және Шокур, Солжан тайпаларымен одақ құрған Батыр қонтайшы Жәңгірдің қазақтарды біріктіру жоспарын жүзеге асырмау мақсатында 50 мың қолмен жедел жорыққа шықты. Жолшыбай жоңғар шеріктері Алай және Тоқмақ қырғыздарының аумағын, бірсыпыра қазақ ауылдарын шапқыншылыққа ұшыратып, 10 мың адамдытұтқындағаны туралы хан ордасы - Түркістанға хабар жетті.
Жәңгір шұғыл әрі батыл шешім қабылдап, қазақ жеріне ішкерілеген жоңғарлардың жолын кесу үшін білтелі мылтықпен қаруланған 600 сарбазбен қарсы аттанды. Әлемдік соғыс өнерінің жылнамасына енуге лайық Орбұлақ шайқасында Жәңгір мылтықпен қаруланған300 адамды тау ішіндегі тар өзекке ор қазып бекінуге, ал екінші жартысын жоңғарлар тар өзектегі орға жеткенше таудың арғы бетіне жасырына тұруға бұйырады. Оның ойлағаны айнымай келіп, Батыр қонтайшы қаймықпай қорғанған ор-бекініске шабуыл жасайды, сол сәтте Жәңгір жауға ту сыртынан лап қойып, білтелі мылтықтарынан оқ жаудырады.
Осы кезде Самарқандтан алшын Жалаңтөс баһадүр 20 мың қолмен көмекке келіп, 10 мыңнан аса адамынан айырылып, күйрей жеңілге жоңғарлар кері шегінеді. Ұлы жеңіске арғын (Ағынтай, Қомпай, найман Көксерек, Бөдес, шапырашты Қарасай, төртқара Жиембет жырау, қаңлы Сарбұқа, суан Елтінді, дулат Жақсығұл, қырғыз Көтен мен Табай), т.б. батырлар үлес қосқан. Бұл ұрыс қазақ қолбасыларының стратегиялық та, тактикалық та қабілетті болғанын, жауды алдын-ала зерттеп, барлап барып соғысқанын көрсетеді. Соның арқасында аз күшпен өзінен әлдеқайда көп әскерге тойтарыс беріп қана қоймай, оның 10 мыңнан аса әскерін жойып жіберген.
Бұл Еуразия кеңістігіндегі жас мемлекет - Қазақ хандығының тәуелсіздігіне төнген қауіп-қатерді бірнеше жылға кейін шегерген жеңіс еді. Отандық тарихнамада Орбұлақ шайқасы өткен жер туралы бір-біріне қарама-қарсы пікірлер бар. Қазақ халқының орта ғасырлардағы тұрмысын зерттеп, тарихи шығармалар жазған қаламгер М.Мағауин "Қазақ тарихының әліппесі" атты еңбегінде ойрат-халха шабуылының хронологиялық өрбу тізбегін, географиялық орналасу ретін негізге ала отырып, Орбұлақ шайқасы Қазақ хандығының құрамына кірген өңірде, қазіргі Қырғыз Республикасының шегінде өтті дейді.
Ш.Уәлихановтың "Ыстықкөлге сапар күнделігінде" (1961, 243-б.) қырғыз жерінің қазіргі Алматы облысының Райымбек ауданымен шектесер тұсындағы асудағы қолдан жасалған табиғи ескерткіш - Сантас үйіндісі туралы сипаттай келіп, оны қазақ-жоңғар соғысындағы елеулі бір оқиғамен, яғни қазақтардың жеңісімен байланыстырады. 1990 жылы жазушы Б.Нұржекеев Орбұлақ шайқасының қазіргі Панфилов ауданының Белжайлау алабында өткендігі жөнінде дәлел ұсынды. 1993 жылы 3 шілдеде Алматы облысы Панфилов ауданындағы Белжайлау алабында ұлы жеңістің 350 жылдығына арналған той өткізілді. Ұрыс болған жердің атауы Орбұлақ, ал оқиға Орбұлақ шайқасы деп аталып, гранит тастан белгі қойылды. Қарақұмдағы құрылтай. XVIIІ ғасырдың басында жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы күшейе түсті. Осыған байланысты қазақ жүздері өкілдерінің бас қосуы қажет болды. Сөйтіп, 1710 жылы Қарақұмдағы қаракесек руы жайлаған аймақта қазақ сұлтандарының, билерінің, рубасыларының құрылтайы шақырылады.
Онда негізінен, Жоңғар хандығымен қарым-қатынас мәселесі қаралды. Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, тама Есет бастаған атақты батырлар жеке ру, тайпаның ғана емес, бүкіл үш жүздің қолын жасақтау қажеттігін алға тартты. Пікір екіге бөлінді.
Жоңғар мемлекетінің күшті әрі соғыс тәжірибесінің мол екенін ескере келе, жоңғарларға бағынған дұрыс, халқымыз шапқыншылықтан әбден қалжырады дегендер де болды. Мұндай пікірді қолдаушылар көбейе бастады. Шешуші кезеңде ортаға шыққан Бөгенбай батыр қылышын қынабынан суырып алып, ақсақалдардың алдына тастап. Біз жаудан кек алуымыз керек, жеңеміз немесе қолға қару ұстап, шайқаста ақ өліммен өлеміз, қарттарымыздың, әйелдеріміздің, балаларымыздың зар-мұңы мен көз жасын көріп тірі жүре алмаймыз... -деді.
Бұл сөздер жоңғар мәселесіне қойылған нүкте болды. Ақырында, шапқыншылармен қасық қанымыз қалғанша шайқасамыз деген шешім қабылданды. Шайқастың жаңа жоспары жасалынды. Бөгенбай бүкіл қазақ жасақтарының қолбасшысы болып сайланды. Оның ақылшысы Тәуке хан еді.
4.Қазақтың соңғы ханы Жәңгір Бөкейұлы 1801 жылы бұрынғы Бөкей ордасында дүниеге келді. Сол Бөкей ордасы қалай құрылып еді? Осы орайда, Еділ-Жайық бойының арғы бергі тарихын айтпай кету және орынсыз. Жеті жұрт мекен еткен бұл атырапты біздің жыл санауымыздан бұрынғы VIII - III ғасырлар аралығында иран тілдес скиф-сарматтар мен аландар қоныстаныпты. Кейіннен Угоро-фин тайпасы мен венгрлер, біздің дәуіріміздің IV - XIII ғасырында түркі тілдес ғұндар мен аварлар, хазар, оғыз, печенек, қыпшақтар, XIII - XV ғасырда монғол хандары орда тікті. Олардың өкшесін баса кеп ноғай мырзалары мен қазақ хандары қанат жайды.
XV - XVII ғасырда түркімен, қарақалпақ, башқұрт халқы жайлады. Осы аты аталған үш халықтың бір бөлігін Кубаньға, екінші жартысын Арал теңізі маңына ығыстырып, XVII ғасырдың 30-шы жылдары қалмақтар кеп орнықты. Қытайдан қашып бас сауғалаған бұл шұбырынды Бұхар мен Самар даласын қоныстанған жетінші жұрт болатын.
Десек те, бұл өңірге қалмақтар табан тіреп орныға алмады. Ауызбірліктің аздығынан екіге жарыла айырылып, 1771 жылы Үбіші хан бастаған 100 мың шаңырақ қаңырап жатқан Жоңғар өлкесіне қайтадан қотарыла көшті. Қалған аз бөлігі Еділдің арғы бетіне әупіріммен өтіп бас сауғалады.
Сонымен, 1771-1801 жылдардың мөлшерінде Еділ-Жайық арасындағы Самар даласы деп аталатын байтақ өлке бос жатты.
Әз Жәнібек хан салдырып,
Ақылын кәпірге алдырып
арманда кеткен Астрахань қаласын сол кезде билеп тұрған губернатор Киорпиг бұл жерге тез бауыр баса қойды.
Заңдастырып алуды да ұмытқан жоқ. 1799 жылы Астрахань мен Жайық өзенінің теңізге құятын жеріне дейінгі аралықты қорыққа айналдырған патшаның указы шықты. Губернатор осы қорыққа бас-көз болуды полк командирі Попов дегенге жүктейді. Поповпен тіл табысқан Бөкей сұлтан ақыры Киорпигтің аузын алып, Еділ мен Жайық арасында еркін көшіп-қонып жүруіне, қалаған жеріне қыстауына рұқсат беруін сұрайды. Бұл өтініш губернатор арқылы патшаға жетеді де, Павел I 1801 жылы 11 наурызда мақұлдағанын білдіріп, жоғары мәртебелі указын шығарады. Бөкей ордасының іргесі міне, осылай қаланады.
1801 жылы күзде Бөкей сұлтан әр рудың старшындары мен билерінің басын қосып, Бұхар беттен Самар бетке жедел қоныс аударуға қам жасайды. әрқайсысының қонысын белгілейді.
Бастапқыда Бөкей Еділ мен Жайық арасындағы жұртын сұлтандық дәрежемен басқарады. 1812 жылы оған хан атағы беріледі. Бірақ, бұл атақтың игілігін көре алмай, араға үш салып, 1815 жылы қайтыс болады. Соңында орнын басар үш ұл қалды. Жәңгір, Әділгерей, Меңдігерей. Хан тағының мұрагері - Жәңгір бұл кезде небәрі он төртте болатын. әрі Астрахань қаласындағы азаматтық губернатор Андреевскийдің үйінде жатып, орысша білім, еуропаша тәрбие алып жүрген кезі еді. Сондықтан мұрагер оң-солын танығанша ел тізгінін марқұмның інісі Шығай ұстады.
Жәңгір 1824 жылы әкесі Бөкейдің орнын басып, арнайы указбен хан тағын алды. Араға бір жыл салып, Орал қаласының жанындағы тоғайда осы мәртебелі атақтың құрметіне ұлан-асыр той өткізіледі.
Оған Орынбор шекара комиссиясының шенеуніктері, Орал, Астрахань казачествосының иығы зерлі әкімдері шақырылған. Бұл жер әлі күнге Хан тоғайы деп аталады.
Иә, Әбілқайырдың шөбересі, Нұралының немересі, Бөкейдің бел баласы Жәңгір қазақ тарихындағы соңғы хан. Бұл Россия императорының екі басты самұрық бейнелі мөрімен расталған шындық. Бірақ соңғы хан Кіші жүзді басы бүтін билей алмады. Сондықтан да үкім құдіреті аға сұлтандықтың о жақ, бұ жағында болды. Ақ сөйлеу парыз, осындай әрә-сәре күйді әкесі Бөкей де бастан кешті.
Жәңгір ханның бойында қаталдық пен қайраттылық, өктемдік пен ерлік, мансапқорлық пен дегдарлық қат-қабат ұштасып жатқан болатын. әрқайсысы орайына қарай көрініс тапқан. Тіпті қателігі де бір басына жетерлік еді. Біз тарихи тұлғаларды әлі күнге дейін тек әдеби кейіпкер дәрежесінен асып тани алмай келеміз. әйтпесе, Жәңгір ханның қателігімен қатар халыққа бағыштаған ізге істері де жетерлік еді ғой. Мысалы, ол 1826 жылы Қазақ елінде шешек ауруына қарсы тұңғыш егуді ұйымдастырды, 1928 жылы Бөкей хандығының географиялық және топонимикалық картасын жасатты, 1832-1833 жылдары Ордада жәрмеңке және дәріхана ашты, 1941 жылы тұңғыш мектеп дәріс бере бастады. Бұл мектепте балар грамматика, математика және басқа пәндер бойынша білім алатын жоғары мектеп болды. Осы мектептің қабілеті жоғары зерделі түлектері Ресейде білімін жалғастыруға мүмкіндігі болды. Жәңгір хан сауатты адам болған. Қазан университеті жанындағы ғылыми-тарихи қоғам құрамына ол құрметті мүше болып енді. Ол халықтың әдеби шығармаларымен шұғылданады, өзі де көптеген эпикалық туындылар жазды. Оның басқаруымен Ордада қазақтың шеберлері жасаған аса құнды әскери қару-жарақтар сақталатын музейі құрылды. Жәңгір хан екі мемлекет субъектілері арасындағы экономикалық қатынастарға бірқатар өзгерістер енгізді. Ол отырықшы өмірді жақтады, сондықтан да бұл процестің өріс алуы үшін жерге жеке меншікті енгізді. Салық жинауды күшейту бағытында ды бірқатар істер тқарды. Мемлекеттік сауда саясаты тауар айналымының көлемін ең жоғары деңгейге дейін кеңейту және көпестердің ағылып келуі үшін жәрмеңкелер ұйымдастыру бағытында жүргізілді. Жәңгір ханның елге еткен еңбегі мұнымен де бітпейді. Қалай дегенмен де, қазақ даласын бөлшектеуді көздеген империялық саясат ең соңғы ханның да көзін жойып тынды.
Жәңгір 1845 жылы 11 тамызда қайраты толып, жер-көкті ойша шолған дер шағында құпияда қаза болды. Бұл Тарғын өзенінің бойындағы резиденциясында, жаз жайлауға шығып отырған шағы-тын. Орынбордан балдызына еріп Зигмуддинов деген бірге келді. Хан аң қағуға алып шығады. Аунайды-қунайды. 5-тамыз күні ертеңіне қонағына шаш алдырады. Қайысқа білемдеген қылпып тұрған ұстара желке тұсынан сәл қан шығарып, жаралап кетеді. Оған алғашқыда мән бермейді. Бірақ кешке қарай ауырлап, төсегіне ерте жатады. Ертеңіне күп боп ісіп кеткен қалпы оянады. Ордадағы дәрігерге ат шаптырады. Дәрігер күдікті диагноз қояды. Қатты удың әсері денег тарап кеткен дейді. Алты күн арпаласып жатқан қазақтың соңғы ханы артына жақсылы-жаманды сөз, байыпты, тиянақсыз іс қалдырып түс ауа дүниеден өтті. Жантәсілімен етер алдында арпаласып, айналасында алладан медет тілеп отырған төресі мен қарасын қатар жинап сөз қалдырыпты дейді.
- Басыма қонған құдайы күлшедей бақты көре алмай, қотанда тұрып ортасынан жарылып үріккен қойдай боп ең. Сені билеген әкімнің артында жақсы аты қалмас, -депті қарашасына қарап.
- Көзің ашылсын, көкірегі оянсын деп мектеп ашып ем, қаламың жүрдек болмаса неғылсын, - депті арқаға жүзін бұрып.
- Тақырға гүл өсер деп су құйып ем, оным үстімді былғар шалшыққа айналды, - депті шығысқа назар тіктеп.
- Әй, қос тентек, бірің ағам, бірін інім, бірің батыр, бірің ер кімге қарсы қол жинағаныңды білмей өттің-ау. Ақыры, балақтағы өкпеге аспандағы мені саттың. Кінә қай-қайсымызда да жетерлік. Кеш, - депті әлдебір өкініш һәм нала бауырын тырнап.
- Бұ қазақтың еститінің жақсы болсаң да бір атаңа нәлет, жаман болсаң да бір атаңа нәлет, - депті дейді алыстан талығып жеткен бір дауыс. - Қайыр, хош!..
Егер Жәңгірді патша үкіметі қастықпен өлтіртті дейтін болсақ, біз білетін үш түрлі себебі бар.
Біріншіден, Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс өзге өзге, Орынбор генерал-губернаторы мен шекара комиссиясының өзін мезі ғып біткен. Қаптаған арыз-шағым, қашты-қудыға төрелік етуден қажыды.
Екіншіден, Жәңгір Ордадан бекініс салдырып, Орал казачествосы әскерінің бір бөлімшесін ұстауға қарсы болды. Үй ішінен үй тіктіріп елді ханға басқартқаннан гөрі бар билікті Уақыша Советтің қолына ұстатқан тиімді. Қазақты қазаққа билеткенде бір-біріне көрсеткен шапағаты белгілі емес пе?
Үшіншіден, Фатима тоташтың ықпалымен Ордаға татарлар көп жиналды. Екінші Қазан жасаймыз деп Новоказанка селосын салды. Осы кез татарлардың патша қырына ілініп, Петербургтен қуғынға түсіп жатқан шығы-тын. Бұл да үкіметтің қырағы әкімдері назарынан тыс қалмады.
Төртіншіден...
Енді Жәңгірдің ата-бабасының жерленген жерлерін айта кеткен дұрыс шығар. Әбілқайыр хан қазіргі Ақтөбе облысы Майтөбе деген өңірде Қабырға өзенінің бойында мәңгілік тыныштық тапқан. Нұралы ханның сүйегі Уфада қалды. Бөкей ханның зираты Каспий теңізі жағасында, Шурьев облысы Теңіз ауданы Дина Нүрпейісова атындағы разъезд маңында. Жәңгірге өзі іргесін қалатқан Орда топырағы бұйырды. әлі күнге дейін Хан зираты деп аталады. Екі жанында қос ұлы Сақыпкерей мен Сейткерей жатыр. Жәңгірдің аяқ жағынан Фатима тоташ қоныс тепкен. Құлпытастары сол қалпы. Бес күндік тірлікте бастарынан бұлағай дәурен өтпегендей, айнала жым-жырт, үнсіз. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХҮ- ХҮІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тұрсын ханның өлуі
Қазақ хандығының құрылуы және нығаю кезеңдері
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ, ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
ХІV-XVIIғғ Қазақ хандығы
Хиуа хандығы
Түркістан - қазақ хандығының астанасы
Ежелгі қазақ хандары мен билеушілері
XVIII ғасырдағы Орта Азия халықтарының шетелдiк басқыншыларға қарсы бiрiккен күресi. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама
Пәндер