Жүзім сорттары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫК УНИВЕРСИТЕТІ АҚ

Тағам технологиялары факультеті
Астық өнімдері және өңдеу өндірісінің технологиясы кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Жүзім өсру әдісі: тарихы, бүгіні және болашағы
Пән: Ғылыми зерттеудің әдістері мен ұйымдастырылуы

Орындаған: Узаева Қ.Ж.
Тобы: ТЗ 20-11
Қабылдаған: Батырбаева Н.Б.

Алматы 2022
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
Жүзім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Өсімдіктің қысқаша сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Жүзімнің тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
Пайғамбарымыздың айтқан пайдалы жемістерінің бірі бұл ... ... ...
Жүзімнің емдік қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Жүзімнің сорттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Жүзімнің пайдасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 9

КІРІСПЕ
Жер бетінде ең алғаш пайда болған өсімдіктердің бірі - жүзім. Оның жапырақтарының ізі мен дәндерінің қалдықтары сонау бор дәуірінің қазба жұмыстарының арасынан табылған. Сондай деректерге қарап, мыс және қола дәуірінде жүзімнің дәл бүгінгідей өсіріле бастағанын байқаймыз. Археологтар жүзім ұрықтарын көбіне өзен маңындағы қоныстардан кезіктірген екен.
Египеттіктер жүзім өсіруді б.з.д 4000 жыл бұрын бастаған, жүзім шағы олардан финдіктерге жеткізіліп, кейіннен римдіктерге тараған. Ғылыми деректерде римдіктердің өз заманында жүзімнің 100-ге жуық түрін өсіргендіктері туралы да аз айтылмайды.
Қазіргі таңда жүзім ең көп өсірілетін аймақ - Кіші Азия. Жүзімнің шамамен он мыңдай түрі кездеседі.
Жүзімнің құрамында Р, С, В1, В2, В6, Д, Е, РР дәрумендері, калий, магний, кальций, фосфор, кобальт, никель, титан, бор, алюминий, силиций, йод, цинк, күкірт және маргенец секілді микроэлементтер болса, піскен жүзімнің 100 грамында 154 грамм карбондық гидрат, 1 грамм протеин, 1 грамм май, 21 грамм фосфор, 0,6 мг темір, аз-аздан болса да басқа да элементтер, түрлі дәрумендер, су кездеседі екен.
Жүзім құрамындағы магний адам денесіне де, мидың да тынығуына да ерекше әсер етеді. Ол бауыр ауруларын, қан аздықты (анемия) емдеуде көп қолданылады. Құрамындағы жеміс қышқылдары (тартарик, малик, суксиник, фумарик, пирувик, гликолик қышқылдары) бүйрек пен ішек жүйесінің жұмысын реттеуде, қанның тазаруы мен майдың еруіне көмектеседі. Дененің вирустарға қарсы тұруын да күшейтеді.
Жоғары калориялы болуымен қатар құрамында өте аз мөлшерде май мен протеин болғандықтан жүзім өте тамаша қорекке жатады. Құрғақ жүзімде су аз болатындықтан оның калориясы өте жоғары әрі темір мен кальцийге өте бай.
Жүзім адамның иммунитетін күшейтеді, жүйкені тыныштандырып, терінің түлеуін арттыра түседі. Ол сондай-ақ аллергия мен буындарда тұз жиналуының алдын алуда таптырмайтын жеміс. Жүзімнің құрамындағы табиғи фруктоза денедегі жұмсалатын қуаттың аз уақытта қайта қалпына келуін қамтамасыз етеді. Түстен кейін қос уыс жүзім немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу денеге де, ми жасушаларына да өте пайдалы.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Жүзім
1.1 Өсімдіктің қысқаша анықтамасы
Жүзім - шырмалып өсетін жүзімділер тұқымдасы, 70-ке жуық түрі бар. Зерттеушілер тұқымын тауып, 60 миллион жыл бұрын, яғни жер бетіне адамдар болмаған кезде жабайы жүзім болғандығын дәлелдеген. Қазіргі кезде 4000-нан аса мәдени түрі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі.
Жүзім өзінің жақсы қалыптасқан тамыр жүйесімен ерекшеленеді. Сабақтарынан өсіп шығатын мұртшалары арқылы жүзім шырмалып өседі. Жапырақтары ірі, 3-5 салалы болады. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Жемісі шырынды, ішінде 1-4-ке дейін сүйекшелері болады. Кейбір мәдени түрлерінде сүйекшелер болмайды.
Сұрыпына қарай жемісінің пішіні домалақ, ұзынша-сопақтау болады. Жемісінің түсі жасыл, сары, қызғылт-сары, күлгін т.б. болады. Жемістері шоғырланып өседі. Бір шоқта 100 данаға дейін жүзім болады. Дұрыс күтім жасалса, жүзім 50 жылға дейін жеміс береді. Жүзімді тұқымы, қалемшесі және ұластыру арқылы көбейтеді. Жүзім отырғызылғаннан кейін 2-3 жылда жеміс бере бастайды.
Жүзімнің түбін ашу мерзімін дұрыс білгеннің маңызы зор. Егер жүзім түбі ерте ашылса, үсіп кетуі ықтимал, ал кеш ашылса, шіріп кетуі мүмкін. Дұрысы, жүзім түптерін ашуға сөл жүре бастаған кезде кірісіп, бүршік бөрте бастағанға дейін аяқтау қажет. Мол және тұрақты өнім алу үшін жүзімді уақтылы тыңайтып отыру қажет. Жүзімнің гүл шоғырлары өсіп келе жатқанда азотпен, жеміс өсе бастағанда фосфор және калий тыңайтқышымен қоректендіреді.
Жүзім сабағын аспаларға өнімнің салмағын көтере алатындай берік жіппен байлау қажет. Өсу кезеңі ішінде жүзім сабағы жуандайтын болғандықтан, байлаған жіп сабақты қиып кетпуі үшін, кеңірек етіп байлау керек. Синтетика жіпті және сымды пайдалануға болмайды.
Көктемде қырқу-кесу жұмыстары жүргізілмесе, онда күзде міндетті түрде жасау қажет, өйткені бұтақтары жиі болып кеткен жағдайда, жеміс беру сапасы нашарлайды.
Діңі - шырмауық тәрізді оралып өсетін өсімдік. Көп жылдық жүзім сабақтары жуан, ал бір жылдықтары ұзын (3 - 5 м), жіңішке болып келеді. Жапырағы кезектесіп орналасқан, бүтін жиекті не тілімделген. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Айқас (жәндіктермен не желмен) немесе өздігінен тозаңданады.
Жемісі - жидек. Жидегінің шырын құрамында: су (65 - 80%), фруктоза, глюкоза (15 - 35%), органикалық қышқылдар (4 - 11%), пектин (0,3 - 1,2%), минералдық заттар (0,3 - 0,6%) және С, В1, В2, РР витаминдері, провитамин А (каротин) бар. Дәнінен тағамдық және техникалық май алынады. Өңделген Жүзімнен шарап, коньяк, шампан, сығынды қалдықтарынан этил спирті, сірке суы, шарап қышқылдары, т.б. заттар алынады. Піскен Жүзім жемісі адамның ас сіңіруін жақсартып, зат алмасуын тездетеді.
Жүзім дақылының жылдық тіршілігі екі кезеңнен (тынығу және вегетация) тұрады. Тынығу кезеңінде жапырақтары түсіп, қоректік заттар сабағына, тамырларына жиналады. Вегетация кезеңі Жүзім бүршік жара бастағаннан жемісі толық пісіп, жапырақтары түскенге дейін созылады.
Жүзім тұқымынан және вегетативтік тәсіл арқылы көбейеді. Тұқымынан көбейту жаңа сорт шығару үшін қолданылады. Негізгі вегетативтік көбейту түрлері - сүректелген не жасыл бұтағын қалемшелеу, сабағын сұламалау, ұластыру, т.б. Екпе шыбықтарынан отырғызылған Жүзім 2- 3-жылы өнім салады.
Жүзімдіктер 40 - 50 жылға дейін пайдаланылады. Жүзімнің 5 мыңнан аса сорты белгілі, оның 2,5 мыңы ТМД елдерінде, 50-ден астамы Қазақстанда өсіріледі. Қазақстанда өсірілетін Жүзім сорттарының негізгілері: асханалық сорттар - інжу саба, мадлен анжевин, ақ халили, Алматы ерте пісетін сорты, ақ шасла, нимранг, агадан, Гамбург мускаты, Өзбекстан мускаты, қызғылт түсті тайфи, венгр мускаты, оның ішінде жидектері кептіріліп мейіз жасалатын сорттары - рислинг, ркацители, алеатико, қара пино, саперави, Құлжа жүзімі, т.б. Жүзімнің түрлері мен сорттары туралы ғылым - ампелография деп аталады. Жүзім өсірумен жүзім шаруашылықтары айналысады.

1.2 Жүзімнің тарихы
Зерттеушілердің пайымдауынша, жүзім өсіру біздің заманымызға дейінгі 5 мың жылдықта басталған көрінеді. Көп өсірілетін аймағы негізінен, - Кіші Азия жері. Әлемде жүзімнің шамамен он мыңдай түрі кездескенімен, оның 5 мыңнан астам сорты белгілі. Оның 2,5 мыңы ТМД елдерінде, 50-ден астам түрі Қазақстанда өсіріледі. Қазақстанда жеміс-жүзім кеңшарлары жиырмасыншы ғасырдың 20-30 жылдарында құрыла бастаған-ды. Негізінен, жүзімдіктер елімізде Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарының суармалы жерлерінде орналасқан.
Қазақстанда өсірілетін жүзім сорттары: асханалық сорттар - інжу саба, мадлен анжевин, ақ халили, Алматы ерте пісетін сорты, ақ шасла, нимранг, агадан, Гамбург мускаты, Өзбекстан мускаты, қызғылт түсті тайфи, венгр мускаты, оның ішінде жидектері кептірілген мейіз жасалатын сорттары-рислинг, ркацетели, алетико, қара пино, саперави, Құлжа жүзімі және тағы да басқалары. Жүзімнің сорттары мен түрлері жөніндегі ғылымды-ампелография деп атайды. Қазақ жеміс-жидек және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында Р.Технеряднованың жетекшілігімен еліміздегі жүзім генефонды-ның негізін құрайтын жүзімнің 340 сорты-ның үлгілері бар ампелографиялық коллекция жасалып, 30-ға жуық жүзімнің жаңа сорттары шығарылды.

1.3 Пайғамбарымыздың айтқан пайдалы жемістерінің бірі бұл ...
Кітаптарда Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жүзім мен қарбызды ерекше жақсы көргені айтылады. Жүзім қасиетті Құран Кәрімнің алты жерінде кездесіп, жәннаттағы нығметтердің бірі ретінде аталады. Нахыл сүресінің 11-аятында Алла сол сумен сендер үшін егіндерді, зәйтүн, құрма һәм жүзім бақтарын және әр алуан жемістерді өсірді. Шүбәсіз, осының бәрінде ойланатын қауым үшін өте маңызды бір белгі, бір ғибрат бар, - делінеді.
Жүзім - жаңа піскен, кептірілген, піспеген кезінде де пайдалы өсімдік. Жүзімнің ең абзалы - ірісі әрі шырындысы. Тәттілігі бірдей болса да, қараға қарағанда көк жүзімнің пайдасы көбірек. Жүзім пісіп, жиналып алынғаннан кейін екі-үш күн жемей күткен дұрыс. Әйтпесе, күтпей жеудің соңы іш өтуге әкелуі мүмкін. Әдетте білетіндер жүзімнің қабығы жұқарғанша себетте сақтай тұрады.
Жүзім - мейіз бен інжір секілді құнарлы тағам. Оны әдеттен тыс көп жеу бас ауруына әкелуі мүмкін. Немесе жүзіммен қатар анар жеген дұрыс. Жүзім көздің көруін жақсартады, бүйрек, демікпе ауруларына ем. Ол зиянды микробтарды өлтіріп, теріні жұмсартады. Шашты қатайтып, жақсы өсуіне ықпал етеді.
Жүзім ең құрма, інжірден кейін ең пайдалы үш жемістің қатарына кіреді.

1.4 Жүзімнің емдік қасиеттері
Медицинада асқазан, ішек, бауыр ауруларын емдеуге, қан аздықта, ревматизмде, полиартрит сырқатында, қан қысымын төмендетуде жүзімді кеңінен пайдаланады. Жүзім адамның иммунитетін күшейтеді, жүйкені тыныштандырады, терінің түлеуін арттырады. Аллергия мен буындарда тұз жиналуының алдын алуда жүзім өте шипалы. Оның құрамындағы табиғи фруктоза денедегі жұмсалатын қуаттың аз мерзімде-ақ қайтадан қалпына келуін қамтамасыз етеді. Жүзім шырынындағы биофлавонойдтары арқылы С дәруменінің белсенділігін күшейтеді. Жүзімнің қасиеті Құранда да айтылған. Себебі, қандағы оттегін жүргізетін гемоглабин синтезіне қажетті темір мен бұйректердің жұмыс істеуі және жүрек соғысының реттелуінде жұмсалатын калий жүзімде өте көп.
Жүзімде жүйке жасушалары үшін аса қажет амин қышқылдарының 15 түрі кездеседі. Барлық тіршілік иелерінде 20 шақты амин қышқылдары бар болса, жүзімнің қаншалықты пайдалы екенін осы деректен-ақ танып, білуге болады. Қоректің ыдырауынан пайда болатын немесе темекі, ішімдік, лас ауа тәрізді зиянды қалдықтар капилляр тамырлардың қабырғаларын зақымдаса, жүзімде оған қарсы кейбір күшті антиоксиндар бар. Ол еркін радикалдардың әсерін жояды, төменгі тығыздықтағы зиянды липоротейндердің капилляр тамырларда түзілуіне бөгет жасайды.
Буынға суық тигенде қара жүзімді жиі жеген дұрыс. Жүзім қатерлі ісіктен қорғау да қасиетке ие. Онымен қан азаю сырқатын да емдеп, қара жүзім шырынын қан бөгелуін болдырмау үшін қолданады. Жүрек шаншып ауырғанда да сары мейізді ет тартқыштан өткізіп, балға араластырып, күніне 3 рет шай қасықпен жейді.
Шипалы жеміс жүзімнің құрамындағы магний адам денесіне де, мидың тынығуына да жақсы әсер етеді. Жүзімді бауыр ауруларында, анемияда көп қолданып, құрамындағы жеміс қышқылдарын (тартарин, малик, суксиник, фумарин, пирувик, гликолик қышқылдары) бүйрек пен ішек жүйесінің жұмысын реттеуде, қанды тазарту, майды ерітуде де пайдаланады. Жүзім дененің түрлі вирустарға қарсы тұруын да күшейтеді.
Біз жүзімнің қатерлі ісіктен қорғау қасиетінің барын айттық. Клетка іші молекулаларда ісіктің пайда болуына апаратын еркін радикалдар шабуылын тойтаруы, оның адамды қатерлі ісіктен қорғауы болып табылады. Және де жүзімнің құрамындағы ресвератрольдің ракқа қарсы әсер ету күші бар. Ол 1985 жылы Жапонияда жүргізілген зерттеу нәтижесінде анықталған.
Құрамында өте аз мөлшерде май мен протейн болғандықтан, жоғары калориялы жүзім өте тамаша қоректік жеміс. Құрғақ жүзімде су аз болатындықтан калориясы өте жоғары, әрі темір мен кальцийге өте бай болып келеді.
Жануарлар өсімдіктерді жегенде ауру тудыратын факторлардан, өте күшті ультрокүлгін сәулелерден өсімдікті қорғау үшін синтезделетін заттың - ресвератроль екені белгілі. Ол жер жаңғақ, тұт секілді жетпіс шақты өсімдік түрлерінде, негізінен ең көп мөлшерде жүзімде кездеседі. Ресвератрольдің көбінесе болатын жері-қызыл,қара жүзімдердің қабықтары. Олай болса, жүзім жегенде оның қабығын да қоса жеген жөн. АҚШ-та бір зерттеу кезінде қатерлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асханалық жүзім сорттары, сипаттамасы, қолданылуы
Орташа деңгейдегі жеміс
Қазақстанның оңтүстік жəне оңтүстік-шығыс жеміс жəне жүзім шаруашылығы аймақтарының табиғат жағдайына сипаттама
Оңтүстік Қазақстанда өсірілетін жүзім сорттары
Коньяк өнімдерінің тарихы
Шырынды жемістердің биологиялық ерекшеліктері
Жүзім өсімдігінің таралуы, сорттары және оларды өсіру
Жүзім өсіру
Қазақстандағы тағамдық өсімдіктер (жеміс-жидектер)
Жеміс дақылдары
Пәндер