Азаматтық құқық жүйесі


Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі
Алматы қалалық білім басқармасы
Алматы заң колледжі
Мамандығы: Құқықтану
Бекітемін
Заң кафедрасының
Меңгерушісі Алибекова Г. Ж.
«___»
Тапсырма
Курстық жұмысты (жобаны) орындауға
Оқушыға: Тұрдалы Бақдәулет
(аты-жөні тегі)
Жұмыстың тақырыбы:Азаматтық құқық пәні, жүйесі, қайнар көздері, қағидалары
Тапсырма беру күні:
Тапсырма берген:
(жетекшінің қолы)
Тапсырма алған:
(жетекшінің қолы)
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі
Алматы қалалық білім басқармасы
Алматы заң колледжі
Курстық жұмыс
Пән аты:Азаматтық құқық
Тақырыбы: Азаматтық құқық пәні, жүйесі, қайнар көздері, қағидалары
Орындаған
Курсы
Мамандығы
Қабылдаған
Алматы 2023
КІРІСПЕ . . . 3
Негізгі бөлім. Азаматтық құқық
1 Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама . . . 4 1. 1 Азаматтық құқық жүйесі . . . 5- Азаматтық құқықтың қайнар көздері . . . 9
2 Заңды тұлға ұғымы . . . 11
2. 1Азаматтық құқық қағидалары . . . 14
2. 2 Азаматтық құқықтың мазмұны, субъектілері және объектілері . . . 18
- Азаматтық құқық қатынас түрлері … . . . 20
3 Азаматтық мерзімдер . . . 21
3. 1 Азаматтық құқықтарды қорғау ұғымы . . . 23
4 Азаматтық құқықтарды қорғау тәсiлдерi . . . 27
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 34
Азаматтық құқық
- бұл Қазақстан Республикасындағы құқық салаларының ішіндегі азаматтар мен заңды тұлғалар, мемлекет және оның әкімшілік бөлінісінің күнделікті өміріндегі қызметімен тікелей байланысты құқық саласының бірі болып табылады.
ҚР-ның қолданыстағы құқықтық жүйесінде
азаматтық құқық
- құқық салалары деп аталатын негізгі және жетекші буындардың бірі. Басқа да салалар секілді,
азаматтық құқық
Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйенеді, өтйкені оның 1-ші бабы адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары біздің мемлекетіміздің ең жоғарғы құндылықтары ретінде жарияланған.
Республикадағы құқықтың барлық салалары жүйесінде
азаматтық құқық
тың маңызы, бірншіден, оның реттеу нысанасы болып табылатын қатынастардың шешуші рөліне, екіншіден, оның қолданылу аясының кеңдігіне, үшіншіден, оның жеке адамның мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғаумен ажырамастай байланыстылығы.
І тарау. Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама
Азаматтық құқық
дегеніміз - азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.
Азаматтық құқық
тың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол -мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз - заттарды, заттар мен өзге де материалдық игіліктерге қатысты құқықтар мен міндеттерді иелену және пайдалану жөніндегі қатынастарды мүліктік деп түсінеді. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар -материалдық игіліктермен(мүлік, ақша, құнды қағаз, қызмет көрсету және т. б. ) байланысты қоғамдық қатынастар. Әдетте мүліктік қатынастар объектісін ақшамен бағалауға болад. Мысалы, сату - сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді -мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.
Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды.
Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.
Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын - мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т. 6. ) .
Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады.
Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс ор деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді.
Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі жене бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі.
Азаматтың құкықтың қағидаларына:
• тараптардың теңдігі;
• шарт еркіндігі және таңдау құкығы;
• еркіндік
• меншікке қол сұкпаушылык;
• біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;
• азаматтык құкықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы;
• бұзылған құқыктарды калпына келтіруді қамтамасыз ету;
• азаматтық-құқықтык қатынасқа катысушылардың құқықтарын сот арқылы корғау жатады.
Аталған қағидаларды азаматтық құқыктың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие.
Азаматтық құқықтың жүйесі
Азаматтык құқықты қолдануды жеңілдету үшін оны жалпы және ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтық құқықтың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады. Олар: келісімшарт, меншік құкығы және міндеттемелік құкығы.
Ерекше бөлімді, негізінен, нақты катынастарды реттейтін нормалар құрайды. Олар - айырбас, жалға алу, сатьш алу-сату, интеллектуалдық меншік, авторлық құкык және өсиетнама.
Азаматтық құқық жүйесі дегеніміз-белгілі бір тәртіпке келтірілген қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын құқық нормаларының жиынтығын айтамыз. Азаматтық құқық жүйесі: 2 бөлімнен тұрады.
1) Жалпы бөлім;
2) Ерекше бөлім.
Жалпы бөлімде азаматтық құқықтық қатынастар, азаматтық құқықтың қағидалары, азаматтың құқытық субьектілері, обьектілері, мәмілелері, өкілдік және сенімхат, меншік құқығы, шарт және міндеттемелері туралы ережелер қарастырылады.
Ерекше бөлімде-шарттың, міндеттемелердің жекеленген түрлеріне қатысты ережелер, сондай-ақ интелдектуалдық меншік құқығы және мұрагерлік құқық туралы ережелер көрініс тапқан.
Құқық жүйесі - бұл құқықтың жекелеген бөліктерге бөлінуіне қатысты сонымен бірге құқық нормаларының бірлігі мең келісімділігін білдіретін оның ішкі құрылымы. Құқық жүйесі мен заң жүйесінің байланысына, арақатынасына және айырмашылығына байланысты заңгер ғалымдар бір нақты тұжырымға келген жоқ. Бірақ жалпы алғанда олардың тұжырымы бойынша құқық жүйесі мен заң жүйесі бір феноменнің көрінісі. Бұған қосымша тағы да құқық - норма жүйесі, және заң да норма жүйесі деген көзқарастар да бар. Көптеген ғалымдар заң жүйесі заң актілерінің жиынтығы мен нормативтік ұйғарымдардың реттеу объектісіне байланысты бөлінетін заң саласы және институттарынан тұрады деп көрсетеді. Құқық жүйесі кеибір ғалымдардың пікірінше құқықтан, құқықтық идеялогия, құқық шығарушылық пен құқық практикасынан тұрады. Ал басқа бір ғалымдар тобының айқындауынша, құқық жүйесі - құқық нормасынан, құқық институтынан және құқық саласынан тұратын күрделі көп салалы кешен болып табылады. Барлық жүйе қалыптасу үшін белгілі бір негізге сүйенеді. Құқық нормаларын жүйелеу, құқық жүйесінің қалыптасу негізінің қандай критерилерге сүйенетініне байланыссыз кем дегенде мына екі талапқа сай болуы тиіс. Біріншіден, жүйелеу ғылымға және практикаға қандай да бір пайда әкелуі тиіс. Құқық нормаларын дұрыс жүйелеу, құкық саласының құрылымдық бөлімдерінің дәлме-дәл қалыптасуына әсер етеді. Жүйелердің келесі үлкен маңыздылығының бірі сонда, ол құқық нормаларының даму тенденциясын қалыптастырады, заңның одан әрі дамуына және ғылыми негізде кодификациялауға жол ашады. Қандай да бір қоғамдық қатынасты реттеу үшін қабылданатын жаңа заңдар құқықтың белгілі бір саласындағы жүйеге негізделеді. Екіншіден, құқық нормаларын жүйелеу бір жағынан бір немесе басқа қоғамдық қатынастардың түрін реттейтін құқық нормаларының бірлігін, екінші жағынан оларды әртүрлі топтарға бөліктерге бөлуді (дифференциациялау) қамтамасыз етуі тиіс. Құқық теориясынан белгілі болғандай, жалпы құқық құқық салаларына, құқық салалары - құқық институттарынан тұрады. Біз бұл ретте құқықтың жеке бір саласы - азаматтық құқықтың жүйесін қарастырамыз. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының жүйесі жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Бұл екі бөлім де бірнеше институттардан құралып, бұл институттардың өзі өзара ұқсастық белгілеріне орай бөлімшелерге топтастырылады. Жалпы бөлім -ережелерден, меншік құқығы және өзге де заттық құқықтардан, міндеттемелік құқықтан тұрады, ал ерекше бөлім міндеттемелердің жекелеген құқықтан және халықаралық жеке құқықтан тұрады. Азаматтық заңдарға АК-тің 1-бабында көрсетілген қатынастарды реттейтін заңдар жатады. Бұл жерде 1-баптың 3-тармағында көрсетілгендей тараптар арасындағы қатынастар мүліктік және мүліктік емес сипатта болғанымен, отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды арнайы салалық заңдар реттейді. Ал азаматтық заңдар тек сол арнайы заңдармен реттелмеген жағдайларда ғана ол қатынастарға қолданылады. Сонымен бірге билік жағынан бағыныштағы тараптар арасындағы мүліктік және салық жөніндегі мен бюджеттік қатынастарға заң құжаттарында тікелей көрсетілмесе азаматтық заңдар қолданылмайды. Азаматтық құқық пен азаматтық заң терминдері өзара байланысты болғанымен де өзіндік үлкен айырмашылығы бар. Азаматтық құқық азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын білдірсе, азаматтық заңнама - сол нормалар көрсетілген құқықтық актілердің жиынтығы болып табылады. Азаматтық құқықтың дерекнамалары заңдар, басқа да нормативтік құқықтық актілер және әдет-ғұрып нормалары деп аталатын түрлерге бөлінеді. Сонымен бірге халықаралық шарттар (конвенция) да азаматтық құқықтың бастауларына жатады (АК-тің 3-бабының 8-тармағы) . Бұларға келесі сұрақта жеке тоқталамыз. Барлық азаматтық заңдар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлык субъектілерге бірдей қолданылады. Қандай да бір министрліктер, басқа да орталык атқарушы органдар мен жергілікті атқарушы органдар өз бастамасымен азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін актілер шығаруға құқығы жоқ. Бұл органдар тек заңдарға бағынышты туынды актілер шығара алады. Азаматгық құқықтың нормалары диспозитивті және императивті болып бөдінеді. Егер қатысушы тараптар өзара келісіп басқа шарттар жасаса, ол шарттар жарамсыз болып табылады. Диспозитивтік нормаға тараптардың тиісті мәселе бойынша келісімдері болмаған ретте, оның орның толтыру үшін қолданылатын нормалар жатады (шартта көзделген ретте) . Яғни диспозитивтік норманың мазмұны тараптардың шарт еркіңдігі принципіне негізделген болып табылады. Азаматтық құқықтың дерекнамалары заңдар, басқа да нормативтік құқықтық актілер және әдет-ғұрып нормалары деп аталатын түрлерге бөлінетіні жоғарыда айтылды. Алдымен заңдарды қарастырайық. Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтық кұкықтық қатынастар төмендегі заңдармен реттеледі. Солардың ішінде Азаматтық Кодекстің орны бөлек. ҚР АК-тің жалпы бөлімі 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданып, оған бірнеше өзгертулер енді. Сонымен азаматтық кұқықтың нормалары заңда және басқа да заң актілерінде орын алады. Қазақстан Республикасының "Нормативтік актілер туралы" заңында барлық нормативтік құқықтық актілер заңдық күштері бойынша айқындалған. Нормативтік құқықтық актілердің ішінде Конституцияның ең жоғарғы күші бар. Оның нормалары тікелей қолданылады. Конституцияда азаматтық құқықтық қатынастарды да реттейтін нормалар бар. Мәселен оның 6 бабында Қазақстанда жеке және мемлекеттік меншік тең ңегізде танылатындығы және қорғалатындығы айтылған. Конституцияның 26-бабында азаматтардың жеке меншігі туралы мәселелер жан-жақты көрсетілген. Сонымен бірге Конституцияда азаматтардың телефонмен сөйлесу, хат-хабар алысу, құпиялықпен, ар-намыс пен абыройы, оның бостандығы мен оған ешкімнің тиіспеуі құқығы сияқты мүліктік емес құқықтары көрсетілген.
Конституциядан кейін, 1994 жылы қабылданып, 1995 жылы 1-наурызда күшіне енген азаматтык кодекстің (жалпы бөлімі) заңдық күші бойынша күші бар. Оның ерекшелігі сонда, нарықтық экономика жағдайындағы азаматтық айналымының нормативтік қоры қалыптасқан. Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" заңы бойынша заң актілеріне мыналар жатады: Конституциялық заң, ҚР Президентінің конституциялық заң күші бар жарлығы, кодекс, заң, ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы, ҚР Парламентінің қаулысы, Сенат пен мәжіліс қаулылары. Күші бойынша нормативтік актілер жүйесінде заңға тәуелді нормативтік қүқықтық актілері заң актілерінен кейін тұрады. Президенттің заң күші бар жарлығымен қатар жай жарлыктары да бар. Олар да азаматтық құқықтың нормалары болып табылады. Сонымен катар Үкімет қаулылары да заңға тәуелді нормативтік актілерге жатады. Олардың көпшілігі азаматтық құқықтың нормалары болып табылады. Сонымен бірге азаматтық құқықтық нормаларына министрліктің, мемлекеттік ведомствалары мен комитеттердің жалпы орталық атқарушы органдардың нормативтік актілері де жатады. "Нормативтік құкықтық актілер туралы" заңда орны көрсетілмесе де Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы сот Пленумының азаматтық заңдарды талдау мен түсіндіруге байланысты нормативтік қаулылары азаматтық құқықтың бастауларына жатады. Бұл кұқықтық құжаттардың жалпыға бірдей заңдық күші бар. Азаматтық кодекстің 3-бабының 4-тармағында азаматтық қатынастар заңдарға қайшы келмейтін әдет нормаларымен, соның ішінде іскерлік қызмет өрісіндегі әдет нормаларымен де реттелетіндігі айтылған. Іскерлік қызмет өрісіндегі өдетті қолдану мүмкіндігі АК-тің 272-бабында да көрсетілген. Бұл кәсіпкерлік қызмет барысындағы қальштастырылған ереже. Іскерлік қызмет өрісіндегі әдет ережелерінің маңыздылары Халықаралық сауда палатасының ұсынысымен жинақталған. Әдет нормалары заңға қайшы келмеуі тиіс, сондықтан ол диспозитивтік мазмұнда болады. ҚР-ның Конституциясында 4-бабында көрсетіл-гендей барлық заңдар, халықаралык шарттар мерзімді басылымдарда басылады. ҚР "Нормативтік актілері туралы" заңының 31-бабында көрсетілгендей ҚР-ның заң актілері Парламент жаршысында, Егемен Қазақстан, Казахстанская правдада, Заң журналдарында және Юридическая газета басылымдарында ресми түрде жарияланатындығы көрсетілген. Конституцияның 62-бабында Парламенттің заңдар қабылдайтындығы, оның қаулыларының ҚР-ның аумағында қолданылатындығы көрсетілген. Бірақ оны шығарған орган оның күшін кейбір аймақтар бойынша шектеуі мүмкін. Азаматтық заңдардың күші сонымен бірге оның қолданылу топтары бойынша да анықталады. Арнайы заңда көрсетілгендей нормативтік құқықтық актілер төмендегідей сатылардан тұрады. Ең басында Қазақстан Республикасының Конституциясы, одан кейін: конституциялық заңдар; кодекстер; заңдар және Президенттің заң күші бар Жарлықтары; Президенттің нормативтік жарлықтары; Парламенттің нормативтік қаулылары; Үкіметтің нормативтік қаулылары; ортальщ атқарушы органдардың нормативтік қаулылары (Заңның 4-бабы) . Нормативтік құқықтық актілер туралы заңның 6-бабына сәйкес күші жағынан әртүрлі актілердің нормалары бір-бірімен қайшы болса, онда күші басым актінің нормалары қолданылады. Егер күші бірдей актілердің арасында қайшылық болса онда күшіне кейін енген акті қолданылады. Қазақстан таныған халықаралық кұқық нормалары, қатысушысы Қазақстан Республикасы болып хабылатын барлық халықаралық шарттар (конвенциялар) отандық заңдардың алдында басымдыққа ие. Бұл жағдайда тек қана Конституцияның 3-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекетаралық келісім-шарттар ратификацияланған жағдайда ғана басшылыққа ие болады. АК-тің 3-бабының 7-тармағында егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, шетелдік жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар азаматтық заңдарда еліміздің азаматтары мен заңды тұлғалары үшін қаңдай құқықтар мен міндеттер көзделсе, нақ сондай құқықтарға ие болуға құқылы және сондай міндеттерді орындауға міндетті делінген. Мұңдағы өзгеше көзделетін жағдайлар арнайы заңдарда мемлекеттің саясаты мен қауіпсіздігін, отандықтардың мүддесін қорғау мақсатында болуы мүмкін. Мысалы, Жер, кодексіне сәйкес жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, жеке тұрғын үй және саяжай үшін берілген жерлер тек Қазақстан Республикасының азаматтарының меншігіне берілетіндігі көрсетілген. Азаматтық заңдардың сол өзінде тікелей көрсетілмеген жағдайлардан басқа ретте кері күші болмайды және өздері күшіне енгізілгеннен кейін пайда болған қатынастарға қолданылады. Азаматтық заңның кері күші сол заңда көрсетілген ретте ол заң өзі күшіне енгенге дейінгі қатынастарға да күші болады. Азаматтық құқықтық қатынастар заңдармен немесе тараптардың келісімімен тікелей реттелмеген ретте және оларға қолдануға болатын әдетғұрып нормалары болмаған жағдайларда азаматтық заңдардың ұқсас қатынастарды реттейтін қалыптары қолданылады. Азаматтық заң нормаларын дұрыс түсіну үшін, оны дұрыс қолдану үшін оның негізгі мазмұнын ашу қажет. Яғни норманың нағыз мән мазмұнын айқын ашу заңдық термині бойынша түсіндіру деп аталады. Заңдарды түсіндіру мәселесімен сол құқықты колдануға қатысы бар мемлекеттік мекемелер, соттар және азаматтар да айналысады.
Азаматтық құқықтың қайнар көздері
Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады:
• Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын калыптастыру үшін жеке меншікке байланысты катынастарды, оның ішінде мүліктік катынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі катынастарды реттеу негізінде енгізілген
6-бапта:
1. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады жене бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс.
2. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
З. Жер мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде және жеке меншікте де болуы мүмкін» деп жария етілген.
• Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқық тың негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтық-құқыктық катынастардың негіздері, азаматтық құқыктың негізгі институттары т. б. жағдайлар нақты баяндалған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.
Басқа да заң актілері. Бұған азаматтық қатынастарды реттейтін арнайы конституциялық заңдар мен жай заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің конституцияльщ заң күші бар~және жай заң күші бар жарлықтары, парламенттін және оның палаталарының қаулылары, т. б. жатады.
Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілерге әр түрлі министрліктер, атқарушы органдар, жергілікті органдардың азаматтық қатынастарды реттеуге арналған нормативтік құқыктьщ актілері жатады.
Әдеттегі құқықтар. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 3-бабының 3-тармағында: «Азаматтық қатынастар Қазақстан Республикасы аумағындақолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе, солармен реттелуі мүмкін» деп көрсетілген.
Халықаралық шарттар (конвенциялар) . Қазақстан тәуелсіз ел ретінде басқа мемлекеттермен әр түрлі шарттар жасасып жатады. Осы шарттардың азаматтық қатынастарды реттеуге қатыстылары азаматтық кұкықтың негіздерінің бірін құрайды. Халықаралық шарттардың еліміздегі ішкі заңдарға карағанда басымдылығы бар. Сол себепті ішкі заңдар халыкаралық заңдарға қайшы келмеуі керек. Егер қайшылық туып жататын болса, халықаралық шарттардың нормалары колданылады.
Сонымен, азаматтық құқық дегеніміз - тараптардың бір-біріне тәуелсіздігіне, теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынасы, басқа да мүліктік қатынастарға тікелей байланысты жеке қатынастарды реттеуге арналған қүқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, заңдар, заңға негізделген актілер, әдеттік құқық, т. б. жатады.
Заңды тұлға ұғымы
1. Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.
2. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.
Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz