Меншік құқығының ұғымы және мазмұны



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Құқықтық пәндер кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Ортақ меншік: ұғымы, түрлері және құқықтық реттелу ерекшеліктері

Орындаған: Юр-23 студенті Ғұмаров Р.Т.
Ғылыми жетекші: аға оқытушы, з.ғ.м. Базарғалиева Ж.А.

Орал 2023
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР. 5
1.1 Меншік құқығының ұғымы және мазмұны. 5
1.2 Меншік құқығының пайда болу негіздері. 8
1.3 Меншік құқығының тоқтатылуы. 12
2 Ортақ меншікті құқықтық реттеу ерекшелігі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1 Ортақ меншік ұғымы және оның пайда болу негіздері. 16
2.2 Ортақ меншік түрлері. 17
2.3 Бірлескен қызмет туралы шарт. 20
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 25

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасындағы меншік құқығы жөніндегі нормативтік ережелердің азаматтық - құқықтық дәстүр аясында туындағаны сөзсіз. Әйтседе сырқы сипат тағы белгілі бір тарихи себептерге қатысты өзіндік ерекшелігі де болады. Меншік құқығы меншіктің өзі сияқты қоғамдық өмірде негізгі орнының бірін алады. Меншіктік қатынастарды нормативтік реттеу Қазақстан Республикасында мемлекеттің қалыптасуының бүкіл кезеңінде жүрді. Бұл курстық жұмыста меншік құқығы саласындағы азаматтық заңдар мен дорториналық ережелері генезисінің басты ерекшелігіне топталу. Осылайша зерттеу біздіңше меншік туралы заңдардың даму деңгейін түсінуге ықпал етіп, басты теориялық және іс жүзіндегі проблемаларды анықтауға, оларды шешу жолдарын айқындауға мүмкіндігін береді. Қойылған мақсатқа жету үшін зерттеудің басты екі бағытын ерекшелеуге болады. Жалпы құқықты елдерде меншік құқығы нақты мүлікпен және дербес мүлікпен байланысты негізгі заңдар механикалық дехотомия төңірегінде болатыны айтарлықтай мазмұнға ие. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында 1999 жылғы Парламенттік меншік заң жобаларының негізінде меншікті иелену және оған өкілдік жүргізу тек қана атқарушы органдардың құзыретінде екендігі анық. Сондықтан жұмыста меншік құқығы генезисін тұтас құрастырып сол кезеңдегі азаматтық заңдылықтың кадификациясы мен осы саладағы цевилистік доктринаның негізгі ерешеліктерінің сипаттамасы қарастырылады[1].
Жұмыстың мақсаты- ортақ меншік құқығының тұжырымдамасы мен құқықтық реттелуін зерттеу.
Жұмыстың міндеттері.
- ортақ меншік құқығының жалпы сипаттамасын және оның түрлерін зерттеу;
- ортақ үлестік меншік ұғымын, түрлерін және құқықтық реттеуді зерттеу;
- ортақ бірлескен меншік ұғымын, түрлерін және құқықтық реттеуді зерттеу;
- ортақ үлестік және бірлескен меншіктегі мүлікке билік ету проблемаларын анықтау;
- сот практикасына қысқаша шолу жасау ортақ меншік құқығын қорғау жөніндегі істерді қарау.
Жұмыстың зеттеу объектісі. Меншік құқығынан туындайтын азаматтық құқықтық қатынастар болып табылады.
Жұмыстың зерттеу деңгейі. Курстық жұмыс тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттер мен қолданыстағы заңнамалар және ортақ меншік құқығын реттейтін қолданыстағы заңнамалар қарастырылды. Тақырыпты зерттеу кезінде отандық авторлардан Жайлин Ғабиден Айнашевичтің азаматтық құқық: ерекше бөліміне жазылған оқулығы, сонымен қатар Ибраева Алуа, Куандыков Болатбек, Маликова Шолпан, Салык Зиманов, Баянов Евгений, Абиль Еркин, Сапарғалиев Ғайрат, Батырбаев Нұрлан, Сулейменов Майдан сынды орыс, қазақ авторларының азаматтық құқық пен меншік құқығына байланысты жазған еңбектері, оқулықтары жұмыс барысында қолданылды.
Тақырыптың нормативтік және империкалық (сот тәжірибесі) базасы. Курстық жұмысқа арқау болған нормативтік база Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ерекше бөліміне жүгінеді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Конституциясы, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексі, Азаматтық іс жүргізу кодексі, Тұрғын үй қатынастары туралы заңы қолданылды.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
0.1 Меншік құқығының ұғымы және мазмұны.
Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Сондықтан да меншіктің адамзат даму процесінде алатын орны ерекше.
Меншік ұғымын екі мағында түсінуіміз қажет. Біріншіден, экономикалық категория, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал - жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Меншік қоғам өмірінің негізі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы қондырманың элемент болып саналғанмен қоғамның белгілі бір даму кезеңінде санатқа кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.
Оған бірден-бір дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты. Экономикалық қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне араласуына тікелей ықпал жасап отырған біздің экономикалық заңдарымыз.
Меншік құқығы объективті және субъективті мағынада анықталуы қажет. Объективті мағына тұрғысынан алғанда, меншік құқығы осы институтты реттеуге бағытталған нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы субъективті мағынада белгілі тұлғаның нақты мүлікке байланысты құқықтың қатынасын анықтайды. Меншік иесіне мүлікті пайдалану, иелену және билік ету құқықтары тиесілі. Меншік құығын толығырақ түсіну үшін жоғарыда көрсетілген қағидаларға жеке-жеке тоқталып, олардың мазмұнын ашып көрсеткеніміз жөн болар.
Азаматтық Кодекстің 188-ші бабында анықталғандай, меншік құқығы дегеніміз - субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын және тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы[2].
Иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету, яғни айтқанда тұлғаның өз қалауынша мүлікке ықпал жүргізудің мүмкіншілігі. Мысалы: азамат ұзақ командировкаға кеткенімен өз мүлкінің меншік иесі болып қала береді. Ол мүлікке басқа біреудің қол сұғуға құқықтық мүмкіншілігі жоқ. Сонымен қатар, мүлікті иелену құқығы басқа субъектіге берілуі де ықтимал. Мысалы: жалға беру және т.б. шарттар. Азаматтық заңдарында көрсетілгендей иелену заңды, адал және арам ниетті де болуы мүмкін.
Пайдалану құқығы дегеніміз - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге де нысандарда көрінуі мүмкін. Пайдалану, яғни меншік иесінің өз иелігіндегі мүліктен өзінің тұтынушылық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншілігі. Мәселен, азамат өз автомабилін өзінің шаруашылығында немесе басқа біреуге жалға беру арқылы пайда табуға болады. Пайдалану құқығы да иелену құқығы секілді басқа субъектіге берілуі мүмкін. Мысалы: жалға беру шарты. Негізінен, пайдалану құқығы мен иелену құқығының арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, меншік иесі пайдалану құқығын басқа біруге берместен бұрын ол субъектіге мүлікті иеленуге беруі тиіс, өйткені субъектіде иелену мүмкіншілігі болмаса, пайдалану құқығы мүлдем болмай қалуы да ықтимал.
Билік ету құқығы дегеніміз - мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы меншік иесінің өз мүлкіне байланысты кез келген заңға қайшы келмейтін әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіншілік береді. Мысалы: сату, айырбастау, сыйға беру, жойып жіберу және т.б. Сонымен қатар, меншік иесінің өз мүлкіне байланысты өкілеттігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбау тиіс. Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез-келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа тұлғалардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті кепілге беруге және оған басқа да өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оарға өзгеше түрде билік етуге құқылы.
Меншік құқығының мерзімі шексіз, яғни меншік иесіне уақыт кезеңмен анықталатын шектеулер қойылмауы тиіс.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Азаматтар заңға сәйкес өзінің қарамағындағы ғимараттарды, құрырылысты, мекен-жайды, сондай-ақ көп пәтерлі үйдегі пәтерін кәсіпкерлік қызмет мақсатында жалға беруге құқылы.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Кәсіпкерлік істің бір бөлігі, не ол тұтастай сатып алу-сату, кепілдік, жалға беру және басқа келісімдер обьектісі бола алады, мұның өзі оның құқықтарының бекітілуі, өзгеруі және тоқтатылуына байланысты келеді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Өзіндік кәсіпкерлікті бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланысты дербес жүргізе алады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, жеке кәсіпкер сатуға арналған тауарларын кез-келген жерде, кез-келген әдіспен сата алады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Азамат, кооператив мүшесі кооперативпен шығатын жағдайда өзінің жарнасын қайтаруды және басқа төлемдерді төлеуін талап етуге құқылы (Өндірістік кооперативтер туралы Жарлықтың 13-бабы). Кооператив мүшесіне жарнаны немесе басқа да мүлікті беру жылдың аяғында, бухгалтерлік есеп-қисап қорытындысымен жүзеге асада. Кететін кооператив мүшесінің келісімі бойынша оған төленетін төлем заттай берілуі де мүмкін.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Азамат-меншік иесі өзінің жер учаскесімен заң актілерінде тиым салынбаған кез-келген мәмілелерді жасауға, атап айтқанда, жер учаскесін уағдаластық баға бойынша сатуға, шаруашылық серіктестігінің жарғылық қорына жарна ретінде енгізуге, кепілдікке беруге, сыйға және мұра етіп қалдыруға құқылы. Жер учаскесіне меншік құқығы басқа адамға мәміле жасаған сәттегі барлық ауыртпалығымен қоса берілелі. Азамат, жер учаскесінің меншік иесі жер учаскесін уақытша пайдалану туралы шарттың негізінде жер учаскесін пайдалануға беруге құқылы[3].
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жер учаскесін уақытша пайдалануға беру туралы шарт жалға беру, жалдау шарты (жалға алушымен) немесе өтеусіз пайдалану туралы шарт (өтеусіз пайдаланушымен) нысанында жасалады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жер учаскесі жеке меншікте және ортақ меншікте бола алады. Жер учаскесі қанша дегенмен азаматтық құқықтың обьектісі болғаннан соң қозғалмайтын мүлік ретінде оған Азаматтық кодекстің меншік туралы ережелері кеңінен қолданылады (Азаматтық Кодекстің 11-бабы). Жер учаскесіне ортақ меншіктің-үлестік және бірлескен деген екі түрі болады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Азаматтық кодекстің 240-бабы 1-тармағына сәйкес мүліктің меншік иесі болып табылмайтын, бірақ өзінің жеке қозғалмайтын мүлкіндей он бес жыл бойы, не өзге мүлікті кем дегенде бес жыл адал, ашық және ұдайы иеленген азамат ол мүлікке меншік құқығын (иелену мерзімін) алатын болса, бұл институт жер учаскесі қозғалмайтын мүлік болғандықтан жер учаскесіне де қолданылады[4].
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Меншік құқығынан бас тарту-азамат немесе заңды тұлға өзіне тиесілі мүлікке меншік құқығынан бас тарта алады,бұл жөнінде ол жариялайды,не бұл мүлікке қандай да болсын құқықтарын сақтау ниетінсіз өзінің мүлікті иеленуден, пайдаланудан және оған билік етуден шеттейтінін айқын дәлелдейтін басқа да әрекеттер жасайды. Меншік құқығынан бас тарту осы мүлікке басқа тұлға меншік иесінің құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға әкеліп соқтырмайды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Меншік иесі мүлкінен ақы өндіріп алу-меншік иесі міндеттемелері бойынша мүліктен ақы өндіріп алу, егер шарта өзгеше көзделмесе, сот тәртібімен жүргізіледі. Ақы өндіріліп алынатын мүлікке меншік иесінін меншік құқығы заңдарда көзделген тәртіп бойынша меншік құқығы көшетін адамның алып койылған мүлікке меншік құқығы пайда болған кезден бастап тоқтатылады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Меншік құқығына ие болу негіздері.
1. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Егер шартта немесе заңдарда өзгеше көзделмесе, жаңа затқа меншік құқығы оны дайындаған немесе жасаған тұлғаға тиеді.
2. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Меншік иесі бар мүлікке меншік құқығына басқа адам сатып алу - сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлікті иеліктен айыру туралы өзге мәміленің негізінде ие болуы мүмкін. Азамат қайтыс болған ретте оған тиесілі мүлікке меншік құқығы өсиетке немесе заңға сәйкес мұрагерлік бойынша басқа адамдарға көшеді.
3. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Көзделген реттермен тәртіп бойынша тұлға меншік иесі жоқ мүлікке, меншік иесі белгісіз мүлікке не меншік иесі бас тартқан немесе өзге негіздер бойынша ол меншік құқығын жоғалтқан мүлікке мешік құқығын алуы мүмкін.
4. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тұтыну (тұрғын үй, құрылыс, саяжай, гараж немесе өзге) кооперативтің мүшелері, жарна жинақтауға құқығы бар, пәтер, саяжай, гараж және кооператив осы адамдардың пайдалануына берген өзге де үй-жай үшін өзінің үлестік жарнасын толық төлеген басқа да адамдар аталған мүліктің меншік құқығына ие болады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Иесіз заттар.
1. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз зат не меншік иесі оның меншік құқығынан бас тартқан зат иесіз болып табылады.
2. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Егер меншік иесі бас тартқан заттарға меншік құқығын алу туралы, олжа туралы қараусыз жануарлар туралы, және қазына туралы ережелер теріске шығармаса, иелену көнелігіне сәйкес иесіз қозғалмалы заттарға меншік құқығы алынуы мүмкін.
3. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Иесіз қозғалмайтын затарды олар табылған аумақтағы қаладағы аудан, облыстық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл округ әкімі апаратының мәлімдеуі бойынша қозғалмайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган есепке алады. Коммуналдық меншікті басқаруға уәкілдік берілген орган иесіз қозғалмайтын заттарды есепке алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін бұл затты коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талап қойып сотқа жүгіне алады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және сату жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті орган жүзеге асырады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мемлекеттік меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және сату тәрібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Сот шешімі бойынша коммуналдық меншікке түсті деп танылмаған иесіз қозғалмайтын зат оны тастап кеткен меншік иесінің иелігіне, пайлануына және билік етуіне қайта қабылдануы, не иелену мерзіміне орай меншікке алынуы мүмкін.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Олжа.
1. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жоғалған затты тауып алушы бұл туралы оны жоғалтқан адамға немесе заттың меншік иесіне не оны алуға құқығы бар өзіне белгілі басқа адамдардың біреуіне дереу хабарлауға және табылған затты оған қайтаруға міндетті.
2. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Егер табылған затты алуға құқығы бар адамның өзі немесе оның тұрған жері белгісіз болса, затты тауып алушы олжа туралы ішкі істер органдарына немесе қаладағы, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл округ әкімінің апаратына мәлімдеуге міндетті.
3. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Затты тауып алушы оны өзінде сақтауға не ішкі істер органдарына тапсыруға құқылы тез бұзылатын затты немесе сақтауға кететін шығындар оның құнына сәйкес келмейтін затты тауып алушы түсім сомасын растайтын жазбаша дәлелдемелер алып, сата алады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Затты тауып алушы оның жоғалтқаны немесе бүлдіргені үшін өзінің жасыру ниеті болған немесе өрескел абайсыздық жасаған ретте ғана және сол заттың құны шегінде жауапты болады[5].
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1.2 Меншік құқығының пайда болу негіздері.
Меншік құқығының пайда болу негізін бастапқы және туынды деп бөледі. Бастапқы және туынды деп бөлу критериясына қатысты, кейбір жағдайларда ерік критериясына, ал басқасында құқық иеленушілік критериясына көбірек мән беріледі.
Меншік құқығын иеленудің тәсілдерінің бөліну негізіне иеленушілік критеиясын салыну міндетті, ал ерік критериясына қатысты барлық жағдайларда тәжірибелік сынақты ұстана алмайды.
Егер шартта немесе заңдарда өзгеше көзделмесе жаңа затқа меншік құқығы оны дайындаған немесе жасаған тұлғаға тиеді.
Меншік иесі бар мүлікке меншік құқығына басқа адам сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлікте иеліктен айыру туралы өзге де мәміленің негізінде ие болуы мүмкін.
Азамат қайтыс болған ретте оған тиесілі мүлікке меншік құқығы өсиетке немесе заңға сәйкес мұрагерлік бойынша басқа адамға көшеді.
Ал заңды тұлға қайта ұйымдастырылған ретте оған тиесілі мүлікке меншік құқығы қайта құрылған заңды тұлғаның құқықты мирасқорына - заңды тұлғаларға көшеді.
Жеке тұлғаға келетін болсақ, ол меншік иесі жоқ мүлікке, меншік иесі белгісіз мүлікке, не меншік иесі бас тартқан немесе өзге негіздер бойынша ол меншік құқығын жоғалтқан мүлікке меншік құқығын алуы мүмкін. Сондай-ақ меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға беріледі.
Меншік құқығын азаматтық құқықтың субъектілері әртүрлі негіздерде ала алады. Азаматтық кодекстің 235 б. Меншік құқығына ие болуға әдейі арналған. Бірақ заң меншік құқығын алудың негіздерінің түпкілікті дәрежеде тізімін жасады деуге болмайды. Азаматтық кодекстің 235 бабында тәсіл ұғымы қолданылмайды (бір нәрсені жүзеге асыру кезіндегі әрекеттер немесе әрекеттер жүйесі). Меншік құқығы оның пайда болуымен заңды байланыстыратын заңдық фактілер негізінде алынуы мүмкін. Мұндай заңдық фактілер негізделуімен көрінеді (АК 7б.)[6].
Меншік құқығын алуда бастапқы және туынды негіздерін шектеу өлшеміне бір жағдайда еркіндік өлшемі ал келесі бір жағдайда құқық қабылдаушылық сай келеді, оның соңғысына ерекше баға береді.
Бастапқысына жататын талап деп мынаны айтамыз: зат бұрын болмады және меншік құқығы оған бірінші рет тағылды немесе зат бұрын болса, мешік құқығы оған бұрынғы меншік иесінің құқығынан тәуелсіз жүзеге асады. Сондықтан да азаматтық кодекстің бастапқы негіздеріне мыналар қатысты: жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлікке меншік құқығының пайда болуы (236 б. 1 т.); өңдеу (237 б.); иелену мерзімі (240 б.); олжа (245 б.); қараусыз жануарлар (246 б.); меншік алынған мүлікті иелену (248 б.); көмбе (247 б.).
Туынды негіздер мешік иесі құқығын алуда бұрынғы меншік иесінің құқығына тәуелді болуымен сипатталады. Жаңа меншік иесі пайда болуымен байланысты одан бұрынғысының құқығы бір мезгілде тоқтатылады. Алдымен меншік құқығына ие болу негіздерінің жалпы сиапттамасына тоқталайық.
Меншік құқығының туынды негіздерінің пайда болуы шартқа (сатып алу-сату, заем, несие және т.б.), сондай-ақ мұрагерлікке (заң мен өсиет бойынша) байланысты, ол заңды тұлғаларды қайта құрған кездегі құқытық мирасқорлық тәртібімен жүзеге асады. Туынды негіздерге сонымен қатар мүлікті тәркілеу (АК-тің 249 б. 4 т.), жекешелендіру (АК-тің 249 б. 3 т.), жер учаскесін алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыру (АК-тің 249 б. 5 т.), күтімсіз ұсталған мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алынған реттер (АК-тің 249 б. 6 т.) қатысты және заңда көзделген басқа жағдайлар да жатады[7].
Жаңа меншік иесіне тек заттың ғана меншік құқығы емес, осы затқа байланысты құқықтар мен міндеттердің барлығы ауысады. Мәселен, үй сатып алған адамға сол үймен байланысты жасалған жалдау немесе кепіл шарттары көрінеді. Тағы бір мысал: мұраны қабылдап алған мұрагер мұра қалдырушының борыштарына өзіне ауысқан мұралық мүліктің нақты құнды шектерінде жауап береді. Сондықтан да меншік құқығына ие болудың туынды негізіне әрқашанда мирасқорлық қасиет тән меншік құқығына ие болуға байланысты жаңа меншік иесі бұрынғы меншік иесі еншілеген барлық өкілеттілікті түгелдей өзіне алды деуге болады. Мәселен, бұл жаңа меншік иесіне қандай мүліктің ауысуына және оның иесі кім екендігіне (мемлекет, заңды тұлға немесе жеке тұлға), жаңа иеленушінің меншік құқығы қандай болатындығына (мемлекеттік немесе жеке меншік) байланысты.
Енді меншік құқығының бастапқы негіздеріне тоқталатын болсақ, Азаматтық Кодекстің 235 б. 1 т. Меншік құқығын алудың бастапқы негіздерінің біріне дайындалған немесе жасалған затқа құқықты жатқызады. Меншік құқығы бұрын болмаған затқа да пайда болады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, затты дайындап не оны жасаған адам сол заттың меншік иесі атанады. Жаңадан дайындалып жасалған заттар қозғалатын не қозғалмайтын болуы мүмкін. Азаматтық Кодекстің 236 б-на сәйкес салынып жатқан үйлерге, құрылыстарға, өзге де мүлік кешендеріне, сондай-ақ өзге де жаңадан салынып жатқан қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы осы мүлікті жасау аяқталған кезден бастап пайда болады. Егер заң құжаттарында немесе шартта құрылысы аяқталған объектілерді қабылдап алу көзделген болса, онда тиісті мүлікті жасау осылайша қабылдап алынған кезден бастап аяқталған болып есептелінеді. Қозғалмайтын мүлік мемлекеттік тіркелуге тиіс реттерде, оған меншік құқығы осылайша тіркелген кезден бастап пайда болады.
Қозғалмайтын мүлікті жасау аяқталғанға дейін, ал тиісті жағдайларда - оны мемлекеттік тіркеуден өткізгенге дейін мүлікке қозғалмайтын мүлік жасалатын материалдар мен басқа мүлікке меншік құқығы туралы ережелер қолданылады.
Заң бастапқы негіздерге мүлікті пайдалану нәтижесінде алынған жемістерді, өнімді, табысты жатқызады (АК-тің 235 б. 1 т.). зат күйінде жеміс дегеніміз өздігінен өсіп-өнген органикалық дүние, ол затқа айналып, өзінен табыс түсіреді. Жемістер табиғи болуы мүмкін (ол табиғат не адам күшімен өндіріледі), сондай-ақ оны таза табиғи өнеркәсіп өнімі деп бөледі (бұйым, өнім т.б.) немесе табыстар көзі болып табылады (мысалы, жалға ақы төлеу немесе пайыздар және т.б.). Зат табиғи жемістер мен өнім және табыс түріндегі жемістердің ара жігін ашып көрсетеді. Бұл АК-тің 193 б-да қарастырылған: мүлікті пайдалану нәтижесінде алынған түсімді (жемістер, өнімдер, табыстар), егер заңдарда немесе бұл мүлікті пайдалану туралы шартта өзгеше көзделмесе, осы мүлікті заңды негізде пайдаланушы адамға тиесілі болады.
Меншік құқығын алудың бастапқы негізінде өңдеу де жатады (бұл тұлға материалды өңдеп, одан екінші зат жасайды).
Сонда әлгі өнімге құқық алатын оны жасаған адам ба, әлде материалдың меншік иесі ме? Азаматтық Кодекстің 237 б-на сәйкес, шартта өзгеше көзделмегендіктен, адам өзіне тиесілі емес материалдарды өңдеу арқылы дайындаған жаңа қозғалатын затқа меншік құқығын материалдардың меншік иесі алады. Алайда, егер өңдеу құны материалдардың құнынан едәуір асып кетсе, жаңа затқа меншік құқығын адал жұмыс істеп, өңдеуді өзі үшін жүзеге асырған адам алады. Бұл жағдайда да өңдеушіге жасалған жұмысының құнын төлеу немесе меншік иесіне материалдың құнын өтеу мәселесі туындайды. Осы сұрақтың шешімі мынадай: өз материалдарынан дайындалған затқа меншік құқығын алған материалдардың меншік иесі ол затты өңдеуді жүзеге асырған адамға оның құнын өтеуге, ал ол адам жаңа затқа меншік құқығын алған ретте соңғысы материалдардың меншік иесіне олардың құнын қайтаруға міндетті[8].
Өңдеуді жүзеге асырған адамның ықылассыз әрекеттерінің нәтижесінде материалынан айырылған меншік иесі жаңа затты өз меншігіне беруді және өзіне келтірілген залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы (АК-тің 237 б. 1-3 т.).
Меншік құқығының пайда болуның бастапқы негіздеріне өнімді жинауға балық, аң аулауға арналған көпшілік қолды заттарды меншікке айналдыру да жатады. Заңдар мен жергілікті әдет-ғұрыпқа немесе меншік иесі берген жалпы рұқсатқа сәйкес ормандарда, бөгендерде немесе басқа аумақта жидек теруге, балық, аң аулауға басқа нәрселерді жинауға немесе аулауға жол берген ретте, тиісті заттарға меншік құқығын оларды жинауды және аулауды жүзеге асырған адам алады (АК-тің 241 б.). Мысалы, осы нормаға сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалар өз әрекеттері кезінде белгіленген ережені сақтау талап етіледі (аң, балық аулау және т.б.). мұндай ережені бұзған тұлға тиісті жауапкершілікке тартылады.
Меншік құқығын алудың бастапқы негіздеріне Азаматтық Кодекс тұңғыш рет иелену мерзімін де енгізді. Бұл негізді қолдану жөнінде жоғарыда иелену мерзіміне орай айтып кеткен болатынбыз (АК-тің 240 б.). Кеңес үкіметінің азаматтық кодексінде тек талап мерзімі ғана болған-ды. Бірақ иелену мерзімі институты мүлдем енбеген еді. Қазақстан Республикасы заңына иелену мерзімі тұңғыш рет енгізіліп отыр. Иелену мерзімі деп қозғалатын мүлікке азамат немесе заңды тұлғаның адал, ашық және ұдайы иеленген құқығын айтамыз. Ал оның мерзімі - 15 жыл, ал қозғалмалы 5 жыл. Қозғалмайтын немесе басқа да мүліктерге меншік құқығы бар мүлікті иелену мерзіміне сәйкес алған тұлғада тіркеу кезінен бастап пайда болады.
Иелену мерзімі бойынша меншік құқығын алудың қажетті жағдайы мынадай болады: иелену, яғни тура өзінің мүлкіндей көру, адалдық, ашық, үздіксіз болуы және мерзім[9].
Тура өзінің мүлкіндей көру теңеуі тек мүлікті ұстау ғана емес, оны заңға сәйкес иелену болып табылады. Мысалы, мемлекеттік меншіктегі жерді пайдалану, оны өз меншігіне алу дегенді білдірмейді. Бұл орайда ол оны мейлі ұзақ уақыт пайдалана берсін, бәрібір осы талап сақталады. Яғни мемлекеттік жер пайдалануға берілген екен, оны иеленуші өзіне меншіктемей басқаның мүлкі деп есептеуі тиіс.
Иелену мерзімнің қажетті шарты оны адалдықпен иелену, яғни мүлікті иеленуші өз иелігінің заңдық негізін естен шығармайды.
Иелену мерзімінің тағы бір маңызды шарты ашық және үздіксіз пайдалану болып табылады. Ашық дегенді иелену ешқандай бүкпесіз, әділ жүзеге асыру деп түсіну керек, сондықтан ол басқа тұлғалар тарапынан не заңдық, не әлдекімнің қолдан жасалған кедергілеріне ұшырамайды. Міне, сол себепті АК-тің 240 б. 4 т-да тұлға да болып, оның иеленуіне орай талап етілуі мүмкін мүліктер жөніндегі иелену мерзімінің өтуі тиісті талаптар бойынша талап қою мерзімі бітуінен ерте басталмайды делінеді[10].
1.3 Меншік құқығының тоқтатылуы.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Меншік құқығы меншік иесі өз мүлкін басқа адамдаға берген, меншік иесі меншік құқығынын бас тартқан, мүлік қираған немесе жойылған және заң құжаттарында көзделген өзге де реттерде мүлікке меншік құқығынан айрылған жағдайда тоқтатылады. Төмендегі реттерді есептемегенде мүлікті меншік иесінен ықтиярсыз алып қоюға жол берілмейді:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- меншік иесінің міндеттемелері бойынша мүлікке өндіріліп алынған айналымға түскен ретте;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- заңнамаға сәйкес белгілі бір адамға тиесілі бола алмайтын мүлікті ықтиярсыз иеліктен айырған ретте;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- реквизицияланған ретте;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- тәркіленген ретте;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- жер учасксін алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен айырған ретте;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- күтімсіз ұсталған мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алынған ретте және т.б.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Азамат немесе заңды тұлға өзіне тиесілі мүлікке меншік құқығынан бас тарта алады, бұл жөнінде ол жариялайды, не бұл мүлікке қандай да болсын құқықтарын сақтау ниетінсіз өзінің мүлікті иеленуден, пайдаланудан және оған билік етуден шеттейтінін айқын дәлелдейтін басқа да әрекеттер жасайды. Меншік құқығынан бас тарту осы мүлікке басқа тұлға меншік құқығын алған кезге дейін тиісті мүлікке қатысты меншік иесінің құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға әкеліп соқтырмайды. Меншік құқығы тоқтатылған кезде мүлік оның нарықтық құны негізге алына отырып бағаланады. Меншік иесі адамның заттық құқықтары заңнамада белгіленген ережелер бойынша, сондай-ақ заң құжаттарында, заңды тұлғаның жарғысында немесе меншік иесінің мүлік иесімен жасасқан шартында белгіленген тәртіп бойынша меншік иесінің шешімімен тоқтатылады[11].
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Меншік құқығын тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа ортақ меншік құқығын тоқтату да бар, бұл жеке қатысушы үшін оның үлесін ортақ меншіктен бөлу арқылы жүзеге асады.
Ортақ меншікті бөлу және қатысушылардың талабы бойынша одан үлестерін бөліп шығару қатысушылардың келісімі арқылы жүргізіледі, ал ол мүмкін болмаған жағдайда мәселе сот арқылы шешіледі.
Ортақ үлесті меншікті бөлу және қатысушылардың талабы бойынша одан үлесті бөліп шығару шарттын тұжырымдамаларына сәйкес болады.
Ортақ меншікті бөлу кезінде барлық қатысушылардың құқығы тоқтатылады, ал әлдекімге үлесті бөліп шығару үшін ортақ меншіктен оның үлесі ғана бөлінеді.
Әрбір қатысушы өзінің үлесін ортақ мүліктен бөліп беруді талап ете алады. Мүліктегі үлесті бөліп беру, жоғарыда айтып өткеніміздей, барлық меншік иелерінің келісімімен шешіледі.
Үлесті меншікке қатысушылар ортақ мүлікті бөлу немесе біреуінің үлесін шығарудың әдістері мен шарттары жөнінде келісімге келе алмаған жағдайда үлесті меншікке катысушы ортақ мүліктен өз үлесін заттай бөліп беруді талап етуге құқылы.
Егер үлесті заттай бөліп беруге заң құжаттарында жол берілмесе немесе ол ортақ меншіктегі мүлікке шамадан тыс залал келтірмейінше мүмкін болмаса, бөлініп шығушы меншік иесі үлесті меншіктің басқа қатысушыларынан өз үлесінің құнын төлетуге құқылы (АК-тің 218-бабының 3-тармағы). Мысалы, жеңіл машинаның үш меншік иесі бар делік, оның біреуі өз үлесін бөліп беруді талап етеді, сонда қалған екеуі автомобильдің құнының үштен бірін оған төлейді, себебі автомобильді бөлшектеу мүмкін емес.
Ортақ меншікті бөлу немесе одан үлесті бөліп шығару үшін әрбір қатысушының мүлікті ортақ пайдалану құқығындағы үлесін алдын ала анықтап алу керек. Ал бөлудің негізі мен тәртібі бірлескен қызметтің жекелеген түріне әртүрлі келеді.
Жұбайлардың бірлескен қызметі нәтижесінде ортақ меншікке айналған мүлік неке бұзылған кезде бөлінеді, жұбайлардың бірінің міндеттемелігі бойынша немесе жасалған қылмысқа байланысты залалдың орнын толтыру керек болғанда жұбайлардың бірі екіншісіне неке бұзылғанына қарамастан өз үлесін алуға талап қоя алады. Ортақ меншіктеріндегі мүлікті бөлу үшін жұбайлар сотқа жүгінеді, сот өз кезегінде қандай мүлік кімге тиесілі екендігін шешеді.
Егер жұбайлардың біріне бөлінген заттын құны оған тиесілі үлестен асып түссе, онда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік және меншік құқығы
Азаматтардың меншік құқығы
«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы»
Рим құқығы
Меншік құқығын қорғау туралы
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
МЕНШІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ ЖЕКЕ
Семинар сабақтарына тапсырмалар
Заңды тұлғалардың заттық құқығы
Меншік және меншік құқығы туралы ұғымдар
Пәндер