Мәдениеттің қазіргі Қазақстандағы маңызы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Алматы қаласы
физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс

Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: Қазіргі замандағы Қазақстан және болашақ
Тақырыпша: Қазақстандағы әлеуметтік мәдени қатынастар
Тақырып: Қазақстанның мәдени прогрессі қандай?
()

Орындаған: Досанова Жания
(аты-жөні, қолы)

Жетекші: Нұсқабаев Ш.А.
(аты-жөні, қолы)

Ішкі модератор_________________________
(аты-жөні, қолы)

Алматы, 2023
Мазмұны

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Әдебиетке шолу
2.Зерттеу сұрақтары
3.Зерттеу әдістері
4.Зерттеу қорытындысы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі.
Бүгінгі күні мәдениет және мемлекеттің мәдени дамуы өте маңызды кезеңдердің біріне айналды. Көптеген елдер халықаралық сатыда өз мәдениетін басқа елдерге танытуда. Сондықтан, мәдениет өте күрделі, әрі көп қырлы ұғымға айналды. Бүгінгі таңға дейін, мәдениеттің 3 түрін ажыратуға болады:
Біріншіден, физикалық, яғни жасанды және материалды мәдениет объектілері (артефактілер, мәдени мұралар, мәдени институттар, және т.б);
Екіншіден, қоғам және адам мәдениеті, яғни адамның тұлға ретінде даму мүмкіндігі мен ерекшелігі, оның ұлты, тілі мен құндылықтары, бір сөзбен айтқанда рухани құрылысы;
Үшінші және ең маңызды ол адамды тәрбиелеуші мәдениет, яғни моральды мәдениет түрі. Адамды қалыптастыру, заңдылықтарға бағындырып, өмір сүруге үйрету секілді оның биологиялық жағынан тұлға болуын сипаттайды.
Мектеп сабақтарынан да қарастыра келсек, мәдениет әрбір мемлекеттің ажырамас бөлігі болып, әрбір халық атынан белсенді де мақтанышты болып көрсетіледі. Алайда, шын мәніндегі мәдениет деңгейі тұрақты деп айтуға болады ма? Көптеген Рухани жаңғыру секілді бағдарламалардың басым көпшілігіне деген әсері жеткізілуде ме? Қазіргі таңда, 2017 жыл статистикасы бойынша, 1 қаңтарға елімізде 4,1 мың кітапхана, шамамен 3,2 мың мәдени-демалыс ұйымдары, 238 музей, 64 театр, 94 кинотеатр, 39 концерттік ұйым, 132 мәдениет және демалыс саябағы, 8 хайуанаттар бағы және 4 цирк жұмыс істейді. Ол мемлекет ішіндегі материалды мәдениеттің өркендеп келе жатқанын көрсетеді. Қазақ халқы құрамы, тарихы жайлы шүбәсіз ақпарат жеткізу миссиясы орындалып жатыр. Статистиканың шынайлығы дәлелді болса да, осы мекемелермен қолдану жағдайы қандай? Қазіргі таңда соған байланысты сансыз мәселелер туындауда: қазақ халқының өз тілінде сирек сөйлеуі; отандық туризмді қолдамауы; мәдениет және тарих тетіктерін білмеу жағдайы секілді мәселелер дамуда. Әрине бұл жағдай бүкіл облыстарға жатқызушы емес, керісінше, тұтас мемлекет ретіндегі ортақ мәселе. Осыған келер басты сұрақ, бұл құбылыстың болу себебі қандай?
Зерттеу мақсаты
Зерттеу барысындағы негізгі мақсат ол бүгінгі мәдениет даму деңгейін анықтап, оның әлеуметтік тұрғыдағы тигізетін әсерін талқылау

Зерттеу міндеттері
Қазақстандағы жергілікті туризм деңгейін анықтау;
Сауалнама алушылар ішінде қазақша және орысша сөйлеуші адамдардың мәдениет көрінісі қаншалықты өзгеше болып көрінеді;
Мәдениеттің қазіргі Қазақстандағы маңызы;
Қазақстандағы мәдениет болашақта қандай құралдар арқылы дами алады?
Қазақстанның қазіргі мәдени жағдайы қандай нысандармен және мәдени институттармен үлкеюі мүмкін? (тарихи оқиғаларға, қазақ тілін насихаттау стиліне қарағанда)

Зерттеу сұрақтары
Қазақстанның мәдениет байлығы әлеуметтік желілер арқылы қаншалықты насихатталады?
Қазақстанның мәдени сауаттылығы қазақ тілінде сөйлеу деңгейінен тәуелді ме?
Жергілікті туризм аймақтарындағы халықтың қызығушылығы қандай?
Қазақстандағы қандай мәдени тұлға халықтың көпшілігіне өз ізін қалдырды?

Зерттеу жұмысының болжамы
Қазақ тілінде сирек сөйлейтін халық саны мәдениеттің маңыздылығын төмен деп бағалайды және туристтік аймақтарға қызығушылығы төмен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
МӘДЕНИ САЯСАТ ПРИНЦИПТЕРІ
Қазақстан полимәдениетінің құрылымы
Зайырлы Қазақстандағы рухани мәселелер
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мәдени саясат
Мұра-жайлардың жіктелуіне тоқталу, Қазақстандағы алғашқы мұражайларды анықтау
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
ЮНЕСКО және Қазақстан арасындағы экономиалық байланыстар
Мәдениет семиотикасы. Мәдениет анатомиясы туралы
Пәндер