Қазақ бейнелеу өнерінің дамуы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды
Университеті
Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы
Көркем өнер тарихы мен теориясы пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақ бейнелеу өнерінің дамуы
Ғылыми жетекші:
Резин Жұмабек Шалабекович
Студент:
Қожахметова Элеонора Насымханқызы
Қарағанды 2022
КІРІСПЕ
Жаңашыл саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылым нәтижелерімен өмір сүріп, жаңа биіктерге қол жеткізіп жүргендер үшін уақыт - ең әділетті де парасатты төреші, өзіңдік емтихан. Қазақстанның тәуелсіздігіне жиырма бес жыл уақыт өтсе де, ол тек күнделікті тұрмысты жақсартуға ғана емес ұлттық өнер мен мәдениеттің құндылығын сезінудің өлшемі мен сынағы болғандай. Идеалогиялық жүйенің әр түрлі ерекшелігіне қарамастан Табиғат пен Адамзат алдында қажыр-қайраты мен ой-арманы таза адамдардың шығармашылығы ұлттық өнердің құндылығын сезінудіңьөлшемі мен сынағы болғандай.
Мазмұны
Кіріспе
1 XIX ғасырдың 20-40 жылдары-кәсіби мектептің негізің қалау кезеңі;
1.1 Ш.Уәлиханов
1. 2 Т.Шевченко, В.Верешагин
2 XX ғасырдың 50-жылдары қазақстандық кеңестік академинизмнің қалыптасу кезеңі;
2.1 Социластік реализм (1930-1950 жылдар)
2.2 "Қатаң стиль" өкілдері (60-жылғылар)
3 Қазақстан бейнелеу өнеріңдегі айтулы тұлғалар, қазақтың кәсіби өнеріңдегі сабақтастық
3.1 Ә.Қастеев , Ә.Ысмайылов , ағайынды Қ және Қ.Қожыковтар
3.2 К.Телжанов , М.Кенбаев , С.Мамбеев , К.Шаяхметов , Ж.Шәрденов , Р.Сахи
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
I бөлім

Шоқан Уалиханов Қазақ халқының тұңғыш ғылымы ағартушысы өзін ғылыми жұмыстарымен қатар сурет өнерімен де айналысқан. Бейнелеу өнерімен білімді Шоқан кадет корпусында оқыған кезде сурет пәнінің мұғалімі И. Пономоревтан алған еді. Ш. Уәлихановтың бейнелеу шығармашылығы өзінің ғылыми зерттеу жұмысьарымен шығыс еліне шығыс еліне жасаған саяхаттарымен тығыз байланысты. Ол өзінің саяхат жасаған жерлерде адамдарды, жан-жануарларды реалистік тұрғыдан бейнелеген. Шоқан еңбектері бейнелеу, пейзаж, портрет және аналистік жануарларды қамтиды. Шоқанның суреттерің негізінен мынадай кезендерден бөледі:
1980 Шоқанның жас кезінде Құсмұрында салған суреттері; 2. Кадет корпусында салған суреттері; 3. Жоңғар Алатауына саяхат кезіңдегі суреттері; 4. Қытайға барған сапарындағы суреттері.
Шоқанның бейнелеу өнеріне аса көңіл бөлген тақырыптары пейзаж бен портрет. Олар Боранбай, Қашқар қызы, Тезек төре, Қытай делегациясын қабылдау, Автопортрет шығармалары. Шоқанның пейзаж жанрына кіретін Ақ шамшы, Жатақ, Құранды, Таспа тауының көрінісі, Құс мұрын, Сырымбет, Жоңғар алатауы деген шығармалары. Шоқан бұлардаң басқа Еліктің лағы, Жайрандар деген аналистік шығармалар жазып, Омбыдағы генерал губернатордың үйі, Айғаным усадьбасы, Торанғыл түбіндегі үй суреттерін салып, сонымен қатар архитектуралық құрылысының бейнелерін жасаған. Шоқан Уәлиханов сурет салумен қатар өзінің саяхат жасаған жерлердің географиялық картасын түсірумен айналысқан. Шоқанның 19 ғасырдың 2-ші жартысында салған суреті сол кездегі Россияда шығатын Воскресный досуг, және Нива журналында жарық көрген. Ш.Уәлтханов географ, саяхатшы, ғалым, ағартушы демократ болумен қатар, бейнелеу өнерімен де айналысқан. Оның жүзге тарта бейнелеу еңбектері бар. Шоқан суреттері революцияға дейінгі халық өмірін, тұрмысын көрсететін асыл қазына. Осынысымен де Шоқан суреттері қазақ бейнелеу өнерінен көрнекті орын алды. Ғалымдар Алатаудың шыңдары мен теріскей, Алатау, Жатақ, Тораңғыл саясындағы үй атты графикалық мұраларындағы кеңістіктегі заттардың өлшемдерін олардың көрішуден алыс жатқандағы байланысты өзгеруін және түстердің ауа перспективасына байланысты құбылуын өте ұтымды шешкен. Шоқан Сырымбет усадьбасы деп аталатын картинасындағы бірінші планада әңгімелесіп тұрған кемпір мен шалды бейнелген. Композициялық орталықта үйлер, соңғы көріністе ағаштар мен таулар көрінеді. Алыстағы уйлерге қарағанда алдыңғы көріністегі адамдар бейнесі үлкен етіп алынған. Алдыңғы кеңістіктегі жақын орналасқан үйлердің өлшемін үлкен етіп, алыстағы үйлердің өлшемін кіші етіп берген, жақында тұрған сегіз терезелі үй алыстағы үйлерге қарағанда үлкен. Сондай-ақ, жақындағы талдардың контур сызығын айқын және қалың етіп алса, алыстағыларын бұлыңғвр және жіңішке етіп көрсеткен. Бұл көріңістерден, Шоқан өз шығармаларында кеңістікті бейнелеу үшін перспектива заңдылығын орынды қолданғандығын айқын байкадым.
Шоқан Ыстықкөл экспедициясында болған кездерінде (1856) көптеген табиғат көріністерін бейнелеген. Солардың бірі- "Орыс отрядтының Мерке өзенінің жағасында түнеуі" атты картинасы. Шығарманың алдыңғы көрінісінде таудың тастарын, аттар мен адамдарды бейнелсе, ортаңғы көріністе өзең жағасындағы талдарды, шатырларды көрсеткен. Өте алыстағы төбелердің бастарында отряд адамдардың аттары мен түйелері жайылып жүр. Суретші алдыңғы көріністе контур сызықтарын айқын, өлшемдерін үлкен етіп алса, ұзақтағы көріністерді бейнелеуде өлшемдерді кішірейтіп, сызықтарды бұлыңғыр етіп берген.
Шоқан портреттерді бейнелеу барысында перспектива әдісі арқылы кеңістікті бейнелеудің өзіндік жолдарын қолданған. Ол адамның басы мен кеудесін әр уақытта солға бұрып көрсетеді. Мұндай суреттерден адамның кеңістіктегі қалпынан нақты көрініс тапқанын айқын аңғаруға болады. Шоқан портрет жасау барысында да сызықтардың мүмкіндігін орынды пайдаланып отырған. "Қанқожа", "Сартай", "Боранбай" атты портреттер штрихтау арқылы форма жасауға негізделсе, "Қашқар қызы" автопортрет, "Орыс делегациясының Құлжа қаласындағы қытай өкілдермен кездесуі" атты шығармаларында контур сызықтарын пайдалану арқылы форманың сипатын нақты бейнелеген. Сонымен Шоқанның қайсы портретін алсақ та кеңістіктегі пропорция симметрия заңдылықтарын толық меңгергендігін, кеңістіктегі көріністерді бейнелеу үшін көп жаттығулардан өткендігін байқауға болады.
Жалпы Ш. Уәлиханов шығармарында мынандай қорытындылар жасау қажет : а) Шоқан жас шағынан-ақ сурет салуға әуестенген ; ә) Кадет корпусынла оқып жүрген кезінде өнер тарихы мен теориясының негіздерін үйренген ; б) Шоқан суреттері негізінен зат пен құбылыстың өзіне қарап салынған; в) Шоқан бейнелеу дағдысына көбінесе өз бетінше жатыққан. Ш.Уәлиханов географ, саяхатшы, ғалым, ағартушы демократ болумен қатар, бейнелеу өнеріменде айналысқан. Оның жүзге тарта бейнелеу еңбектері бар. Шоқан суреттері революцияға дейінгі халқ өмірін, тұрмысын көрсететін асыл қазына. Осынысымен де Шоқан суреттері қазақ бейнелеу өнерін көрнекті орын алады. Ғалымдар Ә.Марғұлан, Г.Н.Потанин, М.И.Фетисовтар Шоқанның өмірі мен қызметін, еңбектерін зерттесе, бейнелеу өнеріңдегі мұралары туралы С.Мұханов "Аққан жұлдыз" романында, көрнекті архитектор Ш.Уәлиханов пен журналист Т.Байтасов өз еңбектерінде бағалы пікір айтқан.
Шоқан Уәлихановтың графикалық мұраларының орындалу техникасы- карындаш, акварель, тушь, бояу мен штрих, сызық пен нүкте. Ол көптеген суреттерін орындауында сызықтық рөліне ерекше мән береді. Бейнеге жарықтын қайсы жағынан түсіп тұрғандығын, сызықтарды қалын немесе жіңішке етіп бейнелеу арқылы көрсетеді. Сондай-ақ кеңістікті бейнелеу үшін де сызықтарды орынды пайдаланады. Мысалы, "Боранбай" атты суретінде жақындағы формаларды айқын сыхықтармен көрсетсе, алыстағы көріністерді бұлыңғыр етіп бейнелеген.
1.2
XIX ғасырдың екінші жартысында орыстың белгілі суретшісі В.Верешагин Орта Азия мен Қазақстан жеріне саяхат жасай халық пен ел тұрмысын мәдени-дәстүрін зерттеумен айналысқан. Ол өзінің шығармаларында кейіпкердің көркем образын шығарумен қатар халықтың антропологиялық ерекшелігіне аса назар салып отырған. В.Верешагиннің қазақ жерінде болған сапарында Шу өзеннің жағасындағы "Қазақтын киіз үйі" , "Лепсі даласын қоршаған тау", "Алатауда", "Аңшы қазақ", "Райым молда мен Кәрім молда қонақта", "Мешіт есігінің алдында", "Соғыстың қасіретті ізі", сияқты картиналарын жазған. Суретші "Аншы қазақ", "Райым молда мен Кәрім молда қонақта", "Мешіт есігінің алдында", картинасында адамдардың ұлттық киімі үлгісімен оның ою-өрнектерін, қоршаған ортаның ұлттық сипатын айқын бейнелеуге көңіл бөлген. Суретші В.Верешагин Шу өзені жағасындағы қазақтың "Киіз үйі", "Лепсі даласын қоршаған тау", "Алатауда" деп аталатын картиналарында қазақтың тұрмысын, жерінің табиғи сұлулығың, өзіндік көркемдік бейнеленген бұл картиналары қазіргі кезде Мщсквадағы Третьяков галериясында, Санк-Петербургтегі Эрмитажда, Ташкент, Алматы және Бішкек қалаларында өнер музейінде сақтаулы. Даңқты суретші В.Верешагиннің "Соғыстың соңғы көрінісі" атты картинасында күнге қақталған дала, қирап, иесіз қалған, тау болып үйілген адамның бас сүйектері көзге түседі. Ұшып жүрген құзғындарда басқа тілшілік белгісі жоқ. Көпшілікке таныс бұл картина қарулы соғыстың ащы зардабын көрсетіп, суретші өзінің оған деген наразылығын білдіргені кімге болса да айқын. В.Верешагин бұл картинаның жақтауына "Өткендегі, қазіргі, болашақтағы жаулап алушыларға арналады" деп жазды.
XIV-XV ғасырдағы Орта Азияны жаулап алушылар өздерінің қатыгездігімен жүріп өткен жолдарында адамдардың бас сүйегі, үйілген таудай пирамидалар қалдырғаны тарихтан белгілі. Бірақ суретшінің жасаған көркем образы Ақсақ Темір дәуірінің нақты тарихи эпизоды ретінде қалмай символикалық терең ой білдіреді. Құлаған үйлер мен үйілген бас сүйектер барлық уақыттарда қираумен өлімнің символы ретінде қабылданады. Азаматқа уайым мен қайғы әкелетін әділетсіз соғысқа қарсы мұңдай көріністі әлемдік өнерде табу қиын. Сондықтан картина бүгінгі күнгі бейбітшілік үшін де өз көкейтестілігін жойған жоқ.
XIX ғ. 2-ші жартысында (1847-1857 ж) қазақ жерінде болған суретшілердің бірі Украин халқының ұлы ақыны Тарас Шевченко. Суретші Т. Г. Шевченко қазақ жерінде он жыл айдауда болды. Суретшіні патша үкіметі Украин жерін қазақ жеріне жер аударға болатын. Бұл кезде қазақтардың тұрмысын, салт-дәстүрін, балалардың өмірін, табиғат көріністерін бейнелейтін суреттерін Маңғыстау мен Арал өңірінде болған жылдарында салды. Суретшінің "Автопортрет", "Жетім балалар", "Қазатар киіз үйде" деп аталатын картиналары қазақ даласының сол кездегі өмірінен хабар берді. Суретші Т.Шевченконың "Қазақтар киіз үйде" деген тақырыпқа салған енбегінен жерде малдас құрып отырған жас жігіттің ыдыстағы заттың таяқпен үгіп отырғаның көруге болады. Оның арғы жағындағы көріністе сәукеле киген келіншек ошаққа үніле қазанда қуырылып жатқан тарыны араластырып отыр. Суретте киіз үйдің ішкі бейнесі бейнеленген. Киім-кешек , ыдыс-аяқ, төрде ілулі тұрған ұлттық әдемі, әсем өрнектер көз тартарлық. Суретте адам және оның еңбегі бейнеленіп, адамдардың кейіп нақты дәлдікпен берілген. Шығарма көріністерінен автордың өмірді жіті байқап, терең пайымдағаны байқалады. Сурет бояуларындағы күңгірт түстердің басым болуы шығарма кейіпкерінің ауыл тұрмысын көрсеткендей. Шевченко суретте жарық пен көлеңкенің қарама-қарсылығын шебер пайдаланған, кейіпкердің көңіл-күй жағдайын көрерменге нанымды жеткізген. Суретші туындысының мазмұны - ауыр тұрмыстан жаншылған, патшалық езгінің тепкісіндегі еңбекқор халықтың еңбегін қылқалам өнері арқылы көрсету.
Украина халық ақыны Тарас Григорьевич Шевченко патшалық және крепостнойлық езгіге қарсы тек ақындық жалынды сезіммен ғана емес, өзінің қылқаламы арқылы күрескен. Патшалық тәртіпке қарсы күрескені үшін суретші-ақынды 1847-57 жылдары қазақ жеріне жер аударды. Осы кезде ол қазақ халқының революцияға дейінгі өмірін бейнелейтін суреттер салып, кескіндемелік шығармалар жазды. Шевченко қазақ кедейлерінің үйінде талай рет қонақта болып, халық аңыздары мен әндерін үлкен ықыласпен тандады. Еңбеккер, қарапайым, адамдардың ауыр еңбегін, тұрмысын өз шығармаларында арқау етті. Суретшінің Қайыршы балалар атты еңбегі сол кездегі балалар өмірін көз алдымызға әкеледі. Суреттің алдыңғы көрінісінде қайыр сұраған екі бала бай есігінің алдында телміріп қарап тұр. Ересек баланың бейнесіне мұқият назар аударсақ, ол жалынышты пішіндес саусақтарын сәл жұмып, қолын алуға созған. Оның жүзінен төзімділік пен қайғы білінеді. Ауыр тұрмыс бес-алты жастағы баланың жігерін жасытып жіберген. Ал кішісі үлкен тымақ астынан қарақат көздері тесірейіп қарап қалған. Ол қолындағы ыдысын телміріп алға созады. Киімдері жалба-жұлба, жыртық. Жалаң аяқ тас еденде тұр. Суреттің соңғы көрінісінен балалардың артқы жағында босағада шинель киген Шевченко көрінеді. Ол жылы шырай, аяушылық сезіммен қарап тұр. Суретші бұл әрқашан да басынан жеку мен таяқ арылмаған осы балалардың тағдырын өз басының тағдырымен салыстырады.
Суретші аш-жалаңаш балаларды бейнелеу арқылы оларға деген аяныш сезімін білдіруді ғана көздейді. Оның суреттер көрінісі сол кездегі әділетсіздікті, озбырлықты әшкерлей отырып көрерменнің әлеуметтік және ұлттық теңсіздікке қарсы ашу-ыза сезімін оятады. Қылқалам шебері өз шығармаларын революциялық күрес, саяси бостандық алу идеяларымен тығыз байланыстыра білді. Суретшінің ең жоғарғы борышы - әділетті тәртіп орнату күресіне үндеу.
II бөлім

Қазақстандағы кәсіби кескіндеме өнерінің тарихы Қазан төңкерісінен кейін басталады. Бұл жетпіс жыл кескіндеме мектебінің қалыптасуы үшін аз уақыт болған жоқ. Сондықтан да еліміздің көркемөнерінің қазіргі жағдайы мен тарихы жөнінде байсалды әрі жан-жақты пікір айтуға болады. Бір уақыттарда діни ұғымдар мен аумалы-төкпелі қиын замандарда үзіліп қалған кескіндеме дәстүрінің аз уақыт ішінде тез қалпына келіп, жоғарғы деңгейге жете қоюы мүмкін емес еді. Дегенмен де, 30-50 жылдардан бастап Қазақстанның көркемөнері уақыт өткен сайын қалпына келе бастады. Kерші елдерден, Мәскеу мен Ленинградтан келген суретшілер Қазақстандағы кескіндеме өнеріне көп көмегін тигізді. Әрине ол кезде әлеуметтік жағдай да мәз емес еді. Шығармашылық күштер әр-түрлі көзкараста, жеке дара болатын. Сонда да 1933 жылы Қазақстан суретшілер одағының ұйымдастыру бөлімі құрылып, оның құрамына В.Сладков, Ә.Исмайлов, Ф.Болкоевтар кірді. 1940 жылы Қазақстан суретшілердің бірінші сьезі өтті. Еліміздегі көркемөнердің дамуындағы екінші кезеңге 50-60 жылдарды жатқызуға болады. Сондай-ақ, ол шығармашылық күштердің қалыптасуына да өз ықпалын тигізді. Осы кезеңдегі еліміздің суретшілерінің шығармашылығында табиғатқа, болмысқа, заттың өзіне көбірек зер салып бейнелеу олардың негізгі тақырыбына айналды. 60-жылдарда бейнелеу көсем сөзіне бой ұру, "қатаң стильді" ұлттық тұрғыдан игерудің кезеңіне айналды. Ал 70-жылдардағы көркемөнер өзгеше көзқарастағы күрделі кезең болды. Бұл кезеннің ерекшелігі - дараланған трактовкалардың , мәнер мен жаңа үрдістің дүниеге келуі еді. Сонымен біргі, заманымыздың көкейкесті ащы шындықтарын әр қилы көрсететін талантты шығармашылық тұлғалардың көптігіне де байланысты болады.
Әбілхан Қастеев (1904-1973) - Қазақ ССР халық суретшісі, Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері. Ол өзін қоршаған табиғаттың сұлулығын, дүниенің бұлжымас қасиеті деп танып, оны мүмкіндігінше дәлме-дәл бейнелуі тиіс деп есептеді. 1929 жылы жазылған суретшінің "Киіз үйдің ішкі көрінісі" еңбегінде асқан ыждағаттылықпен , бала кезінең көзі үйренген ортаны ынтала бейнелегенің көруге болады. Суретші киіз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz