Олимпиада алауы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

СӨЖ
Тақырыбы:
Олипиада ойындарының даму тарихы.
Жеңіл атлетика жаттығуларды орындау əдістерінің негіздері.

Тобы: КЯ 227 Орындаған: Рысбаева А. Қабылдаған: Науатов С.

Тараз қаласы 2022 жыл

Аннотация

1896 жылдан бастап - жазғы, 1924 жылдан бері дəстүрлі түрде қысқы Олимпиада ойындары өтеді.Informburo.kz күллі əлем көз тігетін, төрт жыл сайын спортшылар өзара мықтыны анықтайтын Олимпиада ойындарына қатысты қызықты деректер
ұсынады. Олимпиада ойындары немесе Олимпиада (гр.ΟλυuPIιακοί Αγώνες) төрт жылда бір рет өткізілетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс.
Олимпиада ойындарының ұраны -- Citius, altius, fortius немесе
"тезірек, жоғарырақ, күштірек".
Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған əр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен
биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық жəне жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық жəне эстафеталық жарыстарболып бөлінеді.
Олимпиялық ойындар1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген.

Кілт сөздер: Олимпиада, жеңіл атлетика, символ, əдіс, алау, сп орт.

Жоспар:

1. Олимпиада ойындары "пұтқа табынушылық" деп тоқтатылды

0.1. Тудағы шеңберлердің мəні
0.2. Олимпиада алауы
0.3. Өтпей қалған олимпиадалар
1. Алтын жалатылған медаль
2. Ең жас жəне ең егде олимпиадашы
0.1. Олимпиада ойындарына қатысқан ең алғашы əйел
1. Олимпиада ойындарын ең көп қабылдаған ел
0.1. Медаль санынан рекордсмен
0.2. Тарихтағы ең қымбат Олимпиада
1. Жеңіл атлетиканың жалпы жəне арнайы жаттығулары.
0.1. Орта жəне ұзын қашықтыққа жүгіру əдісінің негізі жəне үйрету əдісі

1. Қорытынды
2. Қолданылған əдебиеттер

1. Олимпиада ойындары "пұтқа табынушылық" деп тоқтатылды

Ежелгі Грекияда Олимпиада ойындары діни мереке ретінде Зевс құдайының құрметіне біздің заманымызға дейінгі 776 жылы басталған. Христиан діні үстемдік орната бастаған соң Олимпиада "пұтқа табынушылық" көріп, император Феодосия I жарлығымен біздің заманымыздағы 393 жылы тоқтатылды. Бірнеше ғасыр өткеннен кейін француз қоғам қайраткері Пьер де Кубертен Олимпиада ойындарын жаңғырту бастамасын көтерді. Соның арқасында 1896 жылы қазіргі заманғы Олимпиада ойындары Афиныда бастау алды. Төрт жылдық додаға гректерге жақын 14 елдің спортшылары қатысты. Сол кезде спорттың 9 түрі - күрес, велоспорт, жеңіл атлетика, жүзу, спорт гимнастикасы, теннис, семсерлесу, ауыр атлетика, садақ атудан 43 турнир өткізілді. Сол жылы Грекия ең көп медаль жеңіп алды.

0.1. Тудағы шеңберлердің мəні

Олимпиада туындағы көк, қара, қызыл, сары жəне жасыл түсті шеңберлер бес құрылықты білдіреді: Африка, Австралия, Америка, Азия жəне Еуропа. Эмблеманы 1912 жылы Пьер де Кубертен ойлап тапқан. Олимпиада эмблемасы мен ту алғаш рет 1920 жылы Антверпенде өткен ойындарда қолданылды. 1988 жылы Сеул Олимпиадасында ту жаңартылды.

1952-1972 жылдары қолданылған эмблемада түрлі-түсті шеңберлердің орны ауысып кеткен. Мұны 1972 жылы Саппорода өткен қысқы Олимпиада ойындарының ашылуында көрермендердің бірі байқап қойған. Ұйымдастырушылар ұзақ уақыт өзінікін дұрыс деп тапқанымен, эмблеманың түпнұсқасын қарағанда көрерменнің қатені дұрыс байқағанын білген.

0.2. Олимпиада алауы

Олимпиада ойындарының ең басты символы - ежелден келе жатқан олимпиада алауы. Аңыз бойынша, Прометей Зевс құдайынан алауды ұрлап алып, адамдарға сыйға тартқан. Прометейдің құрметіне ежелгі гректер олимпиада алауын жағып, бүкіл ойындар бойы өшірмей ұстаған. Əлі күнге дейін бұл дəстүр сақталып келеді.

Алғаш рет Олимпиада алауы 1928 жылы Амстердамда өткен ойындарда тұтанды. Ал алау эстафетасы 1936 жылы Берлин Олимпиадасында басталды. Алауды ойындардың өтуіне бірнеше ай қалғанда Олимпиада ойындарының отаны Грекиядағы Гера құдайының ғибадатханасында ескі дəстүрмен жағады. Грек абыздары секілді киінген əйелдер парабол айнасына түскен күн сəулесімен отты тұтатады. Таңдаулы адамдар алау жағылған факелді бір-біріне эстафета түрінде беріп, бес құрлықты басып өткен соң Олимпиада ойындары өтетін елге жеткізеді. Олимпиаданың ашылу салтанатында эстафетаның финалисі ең үлкен алауды тұтатқаннан кейін ғана ойындар басталды деп есептеледі. Барлық жарыс түрлері біткен соң алау сөнеді. Бұл Олимпиада ойындарының аяқталғанын білдіреді.

0.3. Өтпей қалған Олимпиадалар

Қазіргі заманғы Олимпиада ойындары тарихында үш рет төрт жылдықтың бəсекесі өтпеді. Оған себеп - соғыс. 1916 жылы Берлинде өтуге тиіс ойындар бірінші Дүниежүзілік соғыстың кесірінен өтпеді. 1940 жылы Хельсинкиде, 1944 жылы Лондонда жоспарланған Олимпиада ойындары Екінші дүниежүзілік соғыстың кесірінен ұйымдастырылмады.

2020 жылы күтпеген жерден коронавирус инфекциясы бүкіл əлемге таралып, соның салдыран Токио-2020 Олимпиадасы бір жылға шегерілді. Пандемияға байланысты өтпей қалу қаупі болған еді.
Халықаралық Олимпиада комитеті мен Токио жазғы ойындарын ұйымдастыру комитеті жарыстар көрермендердің қатысуынсыз, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып өтеді деп шешті.

1. Алтын жалатылған медаль

Алғашқы Олимпиадада бірінші орын алған спортшыға күміс медаль мен зəйтүн бұтағы, күміс жүлдегерге жезден жасалған медаль мен лавр бұтағы табыс етілген. Ал үшінші орын иегері марапатталмаған.

Олимпиада ойындарында чемпиондарға берілетін алтын медальдар күмістен жасалған, сыртына ғана алтын жалатылған. Соңғы рет тұтас алтыннан құйылған медаль 1912 жылы Стокгольмде табысталды. Ал 1900 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында жеңімпаздарға домалақ емес, бірнеше бұрышты алтын мен күмістен жасалған жүлделер табыс етілді. Бүгінгі таңда алтынның үлесі шамамен медаль салмағының 1%-ын ғана (6 грамм) құрайды. ХОК

стандарты бойынша, барлық Олимпиада медалінің диаметрі - 6 см, қалыңдығы - 3 мм. Марапаттардың дизайны мен композициясын Олимпиаданы қабылдаушы қаланың ұйымдастыру комитеті анықтайды, бірақ соңғы сөзді ХОК айтады. Дəстүрге сай жеңіс тұғырынан көрінген атлеттерге медальмен қоса Олимпиада бойтұмары беріледі.

2. Ең жас жəне ең егде олимпиадашы

Олимпиада ойындарында қатысушылардың жасына байланысты бірыңғай ереже жоқ. Əр спорт түрінде жас ерекшеліктері ескеріледі. Көп жағдайда 16 жастан бастап қатысуға рұқсат берілсе, кей спорт федерациялары жас спортшыларға мүмкіндік береді. Мысалы, Токио-2020 ойындарында Олимпиадаға алғаш рет қосылған скейтборд спортынан 13 жасар жапон спортшысы Момиджи Нисия чемпион атанды. Ал күмісті оның құрдасы бразилиялық Райсса Леал жеңіп алды.

Олимпиада ойындары тарихындағы ең жас спортшы - грек гимнасты Димитриос Лундрас. Ол 1896 жылғы алғашқы Олимпиадаға қатысқанда 10 жаста ғана болған. Сол жылы Лундрас қола медаль жеңіп алды. Олимпиада ойындарыынң ең қарт қатысушысы - швед Оскар Суон. 1908 жылы Оскар Сван 60 жасында алғашқы Олимпиада алтынын алды. Бірінші дүниежүізілік соғыстан кейін өткен 1920 жылғы Олимпиада ойындарына 72 жасында қатысып, көздеп ату сайысында күміс жүлдеге ие болды.

0.1. Олимпиада ойындарына қатысқан ең алғашы əйел

Əу бастан Олимпиада ойындарына тек ер адамдар қатысты. 1900 жылдан бастап əйелдерге рұқсат берілді. 1964 жылға дейін əйелдерге волейбол мен шаңғы жарысына қатысуға рұқат етілмеді. 2000 жылдан кейін ғана ауыр атлетикадан сынға түсуге рұқсат етілді. 2012 жылы əйелдер бокстан Олимпиада жүлдесіне таласа бастады.

Хелен Барби Олимпиада ойындарына қатысқан жəне чемпион атанған алғашқы əйел. Ол 1900 жылы Парижде өткен ойындарында желкенді қайық спортынан сынға түскен. Кей деректерде британ теннисшісі Шарлотта Купер Стерри əйелдер арасында алғашқы Олимпиада чемпионы деп аталады.

Тағы бір қызық дерек, 1900 жылы америкалық Маргарет Эбботт анасымен біргеПарижге Бүкілəлемдік көрмеге келген. Сол жерде гольфтен жарыс өтіп жатқанын көрген де, сайысқа түсіп қана

қоймай жеңіске жеткен. АҚШ-қа үйіне келгеннен кейін ғана Олимпиада алтынын алған алғашқы америкалық əйел екенін білген.

1. Олимпиада ойындарын ең көп қабылдаған ел

Олимпиада ойындары екі құрлықта - Африка мен Антарктидада бір де бір рет өткізілмеген. Солтүстік Америка құрлығында алғаш рет Олимпиада 2016 жылы Бразилияда өтті.

Олимпиада ойындарын ең көп өткізген ел - АҚШ. Бұл ел төрт рет - жазғы, төрт рет қысқы Олимпиада ойындарын қабылдады. 1932, 1960, 1980 жəне 2002 жылдары төрт рет ойындарды қабылдады. 2028 жылы төрт жылдықтың басты бəсекесі тағы да осы елде өтеді,
Лос-Анджелес жазғы Олимпиада ойындарын үшінші рет қабылдайды.

Ал Жапония бола өз жерінде төртінші рет Олимпиаданы қабылдап отыр. Осыған дейін Токиодан 1964 жылы жазғы ойындар өткен болатын.

0.1. Медаль санынан рекордсмен

Майкл Фелпс - Олимпиада тарихында ең көп жүлде алған жəне чемпион атанған спортшы. Америкалық жүзгіш жазғы Олимпиада ойындарында барлығы 28 медаль жеңіп алған, оның 23-і - алтын.

Əйелдер арасында КСРО сапында сынға түскен Лариса Латынина Олимпиада ойындарында спорттық гимнастикадан 18 медалға ие болған, оның 9-ы - алтын.

Ал медаль саны жағынан АҚШ бірінші орында тұр. АҚШ атлеттері жазғы Олимпиада тарихында 2500 медаль жеңіп алса, оның мыңнан астамы - алтын. Ал қысқы ойындар нəтижесі бойынша Норвегия мен Германиға жол береді.

0.2. Тарихтағы ең қымбат Олимпиада

Токио Олимпиадасын 2021 жылға ауыстыру шешімі ұйымдастыру комитетін тағы 3,3 миллиард АҚШ долларына шығындады. Ресми деректерге сүйенсек, бюджеті 15,9 миллиард АҚШ долларынан асып түскен Токио-2020 жазғы ойындар тарихындағы ең қымбат Олимпиада атанды. Бұған дейінгі қымбат Олимпиада саналған Лондон-2012 бюджеті 14,9 миллиард теңгеге бағаланған болатын.

Ал ең қымбат қысқы Олимпиада ойындары 2014 жылы Сочиде өтті. Бюджеті - 21,9 миллиард АҚШ доллары. Таяуда ғана басталған Токиодағы ойындар шығыны 20 миллиард АҚШ долларынан асып жығылып, тарихтағы ең қымбат Олимпиада болуы мүмкін деген болжам бар.

Тағы бір қызық жайт, 1976 жылы Монреалда өткен Олимпиада ойындары Канада экономикасына үлкен соққы болды. Канада билігі Олимпиада комитеті қорынан алған бес миллиард доллар қарызын отыз жыл дегенде төлеп бітті.

1. Жеңіл атлетиканың жалпы жəне арнайы жаттығулары. . Орта қашықтыққа жүгіру жоғары күш қуатын талап ету аймағына жатады. Осы аймақтың көрсеткіші оттегінің жетіспеуі, ал жүгіру қашықтығын соңына қарай өсіп 20-25л жетеді. Қан құрамына көп мөлшерде су қышқылы көбейеді. (270-200мг% құрайды). Мəреге жеткен кезде оттегін қабылдау мөлшері артады.
Орта қашықтыққа жүгіретін спортшы осы қиындықтарды жеңіп, ара қашықтықтың екі жартысында энергетикалық күш-қуаттың алмасуын əсіресе күш қышқылының жəне РН өзгеруіне шыдау шеберліктің көрсеткіші болып табылады.
0.1. Орта жəне ұзын қашықтыққа жүгіру əдісінің негізі жəне үйрету əдісі
Ұзын жəне орта қашықтыққа жүгіру əдісінің дағдысын қалыптастыру үшін берілетін жаттығулар жəне теориялық негіздер: 800-2000 метр аралықта жүгіру, 3000-10000 аралықта жүгіру əдісін шыңдау.
Ара қашықтықтарда жүгіру мынадай əдістерді сақтау басты болып келеді: үнемді жəне бірқалыпты жүгіру жалпы шыдамдылықты талап етеді. Сонымен қатар, ара қашықтықта белгілі бір жылдамдықпен жүгіру (арнайы шыдамдылық)
Орта қашықтыққа жүгірген кезде адым ұзындығы 1м 80см - ден 2м 20см дейін, ұзын қашықтыққа жүгірушінің адымы орта қашықтыққа қарағанда 20-25 см кем.
Дистанциямен жүгіруді төрт фазаға бөлуге болады: сөре жəне сөрелік қозғалыс ара қашықтық бойымен жүгіру жəне мəре.
1.1 Сөре. Сөреге! деген бұйрық берілгенде жүгіруші сөре сызығының іш жағында тұрады, итеретін аяқ сөре сызығының қасында, ал сермелетін аяқ жарты адым артта, денені алға еңкейтіп сəл алға жылжиды, аяқ бүгулі, осы қалып тепе-теңдікті жəне ыңғайлықты талап етеді. Тұру қалпы екі түрге бөлінеді: қолды жерге тіреп жəне тіремей.
Дыбыс берілгеннен кейін спортшы жүгіруді бастап, жолдың іш

жағынан орын алуға тырысады. Сөреден еңкейіп жедел қимыл жасайды. Дене бірте- бірте көтеріліп бір қалыпты жүгіруге көшеді.
0.2 Дистанция бойымен жүгіру. Орта жəне ұзын қашықтыққа жүгірген де, дене қалпы тік, сермеу адымымен басталып, тұрақты адым ұзындығына жəне жедел адымға көшеді. Адым ұзындығы жəне жылдамдығы жүгірушінің жекелеген қасиеттеріне бойына, аяқ ұзындығына, жылдамдығына, тыныс алуына жалпы шеберлігіне байланысты.
0.3 Бұрылыстармен жүгіру. Бұрылыспен жүгірген жүгіруші денені сəл солға бұрады, сол қол жедел қозғалып, ал оң қол созғалысы баялау болады.
0.4 Мəре. Орта жəне ұзын қашықтыққа жүгіру əр кезде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Елбасымыз — олимпиаданың алғашқы алаугері
Қысқы Азия ойындары
ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА
PR-дың әлемдік ірі спорт бәсекелерінде алатын орны
VІІ қысқы Азия ойындары
Азиаданы өткізетін спорт кешендері
Көне Грециядағы дене тәрбиесі
Қазақстанда олимпиада ізбасарларын дайындау жүйесінің дамуы
Пьер де Кубертен
Қазақсатан Республикасы, спорт және дене тәрбиесі
Пәндер