Қазақ тіл біліміндегі сөздердi таптастыру теориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы



Жұмыстың өзектілігі. Қазақ тіл білімінің бастан өткізген тарихи белестерін жан.жақты айқындап, бүгінгі жай.күйімен сабақтастығын ашып көрсету(негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Өткенді безбендемей, алға басу жоқ. Морфологияның өзекті мәселесінің бірі . тілдегі сөздерді түрлі семантика.құрылымдық топтарға жіктеу теориясы да тіл білімі тарихын айқындауда өзіндік орны, салмағы бар мәселе екені анық. Бүгінгі таңда да жекелеген тіл білімдерінде (қазақ тіл білімінде) сөз таптастыру межелеуіштерінің (критерий) жетекшілік мәні, өзіндік маңызды сипаттары толық айқындалды деп айта алмаймыз. Осы тұрғыдан бұл теориялық ілімнің проблема ретінде қазақ тіл білімінде алғаш қойылып, пайда болуынан бастап, оның қалыптасу, даму процессін жан.жақты зерделеудің, осы даму барысындағы әр бағыт, әр кезеңнің өзіндік жетістік, кемшілігін нақты талдаудың қажеттілігі жұмыстың өзектілігін анықтады.
Зерттеу обьектісі. Қазақ тіл біліміндегі сөздердi таптастыру теориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Тіл біліміндегі әрбір теориялық ілімнің пайда болу, даму, қалыптасу жолдарын айқындау, осы арқылы дәстүр жалғастығын ашу, болашақ зерттеулерге бағыт.бағдар нұсқау . маңызды іс болып табылады. Осы қағиданы меже ете отырып, жұмыста қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының пайда болу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихын, бүгінгі жайын саралауды басты мақсат етіп қойдық. Негізгі мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды:
─ Әлемдік тіл біліміндегі, түркологиядағы сөз таптастыру проблемасының тарихымен, бүгінгі жай.күйімен байланыстыра отырып, сөз таптастыру теориясының қазақ тіл біліміндегі дамуын ғылыми тұрғыдан кезеңдерге бөлу;
─ Қазақ тіл біліміндегі сөздерді семантика . құрылымдық топтарға жіктеу барысында болған бағыттарды, олардың негізгі қағидасын анықтау;
─ Сөз таптастыру теориясының қазақ тіл біліміндегі бүгінгі жайына баға

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы

Жұмыстың өзектілігі. Қазақ тіл білімінің бастан өткізген тарихи
белестерін жан-жақты айқындап, бүгінгі жай-күйімен сабақтастығын ашып
көрсету(негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Өткенді безбендемей, алға
басу жоқ. Морфологияның өзекті мәселесінің бірі – тілдегі сөздерді түрлі
семантика-құрылымдық топтарға жіктеу теориясы да тіл білімі тарихын
айқындауда өзіндік орны, салмағы бар мәселе екені анық. Бүгінгі таңда да
жекелеген тіл білімдерінде (қазақ тіл білімінде) сөз таптастыру
межелеуіштерінің (критерий) жетекшілік мәні, өзіндік маңызды сипаттары
толық айқындалды деп айта алмаймыз. Осы тұрғыдан бұл теориялық ілімнің
проблема ретінде қазақ тіл білімінде алғаш қойылып, пайда болуынан бастап,
оның қалыптасу, даму процессін жан-жақты зерделеудің, осы даму барысындағы
әр бағыт, әр кезеңнің өзіндік жетістік, кемшілігін нақты талдаудың
қажеттілігі жұмыстың өзектілігін анықтады.
Зерттеу обьектісі. Қазақ тіл біліміндегі сөздердi таптастыру
теориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Тіл біліміндегі әрбір теориялық
ілімнің пайда болу, даму, қалыптасу жолдарын айқындау, осы арқылы дәстүр
жалғастығын ашу, болашақ зерттеулерге бағыт-бағдар нұсқау – маңызды іс
болып табылады. Осы қағиданы меже ете отырып, жұмыста қазақ тіл біліміндегі
сөз таптастыру теориясының пайда болу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге
дейінгі даму тарихын, бүгінгі жайын саралауды басты мақсат етіп қойдық.
Негізгі мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды:
─ Әлемдік тіл біліміндегі, түркологиядағы сөз таптастыру проблемасының
тарихымен, бүгінгі жай-күйімен байланыстыра отырып, сөз таптастыру
теориясының қазақ тіл біліміндегі дамуын ғылыми тұрғыдан кезеңдерге бөлу;
─ Қазақ тіл біліміндегі сөздерді семантика - құрылымдық топтарға
жіктеу барысында болған бағыттарды, олардың негізгі қағидасын анықтау;
─ Сөз таптастыру теориясының қазақ тіл біліміндегі бүгінгі жайына баға
беріп, осы мәселеге қатысты әлі түйіні шешілмеген проблемаларды бөліп
шығару.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы.
─ Сөздерді семантика-құрылымдық топтарға бөлудің күрделі теориялық
ілім ретінде қазақ тіл білімінде алғаш пайда болуынан бастап, оның даму
жолы таразыланды. Осы даму жолында кездескен түрлі ағымдар анықталып,
олардың негізгі қағидалары белгіленді, ағым өкілдерінің ой-тұжырымдарына
нақты талдау жасалып, баға берілді.
─ Қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының өткен жолын
таразылаумен қатар бүгінгі жайы да сөз етіле отырып, оның жетістігі мен
кемшілік тұстары да айқындалды. Қазақ тіл білімінің бүгінгі жетістігі
тұрғысынан сөз таптарының семантикалық, морфологиялық, синтаксистік
принциптеріне анықтама берілді.
Жұмыс нәтижесінде сөз таптастыру проблемасына қатысты бірқатар
қосымша жаңалық, ұсыныстар енгізілді. Олар: а) модаль сөздерді жеке сөз
табы ретінде танудың негізі жасалды; ә) сөз табы ретінде
белгілі одағайды синтаксистік категория ( оқшау сөздер құрамында
қыстырма, қаратпа сөздермен бір қатарда қарауға болмайтындығы айқындалды;
б) сөз таптастырудың синтаксистік принципі аясында сөздердің тіркесімділік
қабілетін ескеру керектігі дәлелденді.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Сөз таптастыру
теориясының қазақ тіл біліміндегі алғаш пайда болу, даму, қалыптасу
жолын саралау арқылы түрлі бағыт, ағымдар болғанын, олардың негізгі
қағидаларын анықтау, сөз таптастырудың бүгінгі күнгі жайын зерделеу арқылы
түйіні шешілмеген ірілі-ұсақты проблемаларды бөліп шығару – қазақ тіл
біліміндегі морфологияның бұл өзекті мәселесінің болашақ дамуына оң ықпал
тигізетіні сөзсіз.
Қорғауға ұсынылатын негізгі мәселелер:
1. Сөздерді семантика-құрылымдық топтарға жіктеудің қазақ тіл
біліміндегі ірі грамматикалық теория ретінде күрделі даму жолынан өтіп,
қалыптасқандығы;
Қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының дамып, қалыптасуы
барысында бір-бірінен айырмашылығы бар семантикалық және лексика-
грамматикалық аталатын бағыттардың болғандығы, олардың негізгі ұстанымдары;
Қазақ тілі сөздерін таптастыру барысында әртүрлі бағыттар өкілдерінің
өз ұстанымы (позициясы) тұрғысынан келуі себепті сөз таптарының саны да,
кейбір сөз таптарының сапасы да өзгеріп отырғандығы;
Бүгінгі таңда қазақ тілші-ғалымдарының сөздерді түрлі топтарға бөлу
мәселесінде жетістіктерге қол жеткізуі нәтижесінде сөз топтастыру
теориясының қазақ тіл білімінде негізінен орныққандығы.
Жұмыс құрылымы: Жұмыс кіріспе мен қорытындыдан басқа екі тараудан және
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау. Сөздерді таптастыру жайлы алғашқы ұғым және оның қалыптасуы.
І.1. Сөздердi таптастыруға байланысты алғашқы ғылыми көзқарастың пайда
болуы.

Жеке, нақтылы тілдердегі немесе тілдердің тобындағы сөздерді сөз
таптарына топтастыруда сөз таптарының жалпы теориясына общая теория частей
речи сүйену өте-мөте қажет. Әрине, жеке, нақтылы бір тілдегі сөз
таптарының санын да, табиғатын да сол тілдің өзіндік ерекшеліктерін
ескермей немесе сол ерекшеліктерге байланыссыз айқындау дұрыс болмаған
болар еді. Бұл жерде әңгіме сөз таптарының жалпы теориясының жеке, нақтылы
тілдердегі сөздерді сөз таптарына дұрыс топтастыра білуге қатысы жайында
болып отыр. Жеке тілдегі немесе тілдердің тобындағы сөз таптарын айқындауда
сол тілдердің немесе тілдер тобының грамматикалық ерекшеліктерін есепке ала
отырып, сөз топтарының жалпы теориясына негізделу қажет. Мұнсыз сөздерді
сөз таптарына классификациялау мәселесі өзінің дұрыс шешімін таба алмайды.
Жалпы теорияның негізінде ғана тілдер үшін сөз таптарының арнайы
теориялық қажетті көрнекі мысалдармен және түсіндірмелермен жасала алынады.
Мұндай теориялардың жалпы және арнайы теориялардың өз ара қатынасы жалпы
тіл білімі мен нақтылы тіл білімінің, жалпы теориялық грамматика мен жеке
тілдердің грамматикаларының арасындағы ара қатынастардан басқаша болмауы
керек. Кім сөз жүзінде емес, іс жүзінде жалпы теориялық білімінің, тілдің
жалпы теориясының, тіл туралы қазіргі ілімнің саналары ретіндегі жалпы
фонетиканың, жалпы лексикологияның, жалпы грамматиканың қажеттілігін
мойындаса, сол жалпы ғылыми грамматиканың бөлімдерінің бірі сөз таптарының
жалпы теориясын жасау тәжірбиелерінің жөн екендігін мойындамай тұра
алмайды.
Сонымен тіл білімінде сөз таптары және олардың классификациясы туралы
мәселе сөз таптарының жалпы теориясы тұрғысынан қарауға тиісті мәселе болап
табылады. (1, 152-154).
Лингвистика тарихын әр түрлі кезеңдерге бөліп қарастырушылық бар.
Олар: 1) Ежелгі заман лингвистикасы, 2) Орта ғасырлар лингвистикасы 3)
Қайта өркендеу дәуірі лингвистикасы, 4) ХІХ ғасыр лингвистикасы 5) ХХ ғасыр
лингвистикасы.
Біздің жыл санауымыздан 5-6 мың жылдар бұрынғы египедтіктердің,
шумерлердің т.б. Шығыс халықтарының жоғары мәдиниеті болғандығын, әр
түрлі жазуларды пайдаланғандарын ескерсек, тіл білімінің көне ғасырлардың
бірі екендігін байқауға болады. Бірақ египеттіктердің, шумерлердің тілге
байланысты айтқан пікірлері біздің заманға жеткен жоқ. Тіл мәселелеріне
байланысты айтқан пікірлері біздің заманға жеткен деректердің ең көнесі
Ежелгі Қытай, Үнді, Ежелгі Греция елдеріне тән.
Ежелгі дәуір – лингвистикалық ой-пікірдің жаңа туындай бастаған және
оның мейлінше балаң шағы. Соған қарамастан бұл кезеңдегі
лингвистикалық мәліметтерді қазіргі кездегі өркен жайған тіл
білімінің бастамасы, қалана бастаған іргетасы еді деп санаған жөн.

Ежелгі дәуір лингвистикасында ерекше екі түрлі күрделі
проблема болды. Оның бірі-атау, ат қою, екіншісі-грамматикалық өнер
(исскуство) проблемасы.
Ат қою теориясы мен грамматикалық өнер теориясы Ежелгі Қытайда да
болған. Сондай-ақ, грамматикалық өнердің де негізгі ілімі көне жазуы –
иероглифке негізделген.
Иероглифтік грамматикаларда морфема сөздер мағынасы, этимология
мәселесi болмаса қалыпты грамматикалық әдебиеттердегідей грамматикалық
категория мәселелері сөз болмаған. Қытай лингвистикасының өзіндік
ерекшелігі, өзіндік дәстүрі де осында.
Адамзат тарихында өзіндік орны бар Қытай жеріндегі грамматикалық
ілімнің негізін салған әкелі-балалы Ван-Нянь-Сунь мен Ван-Инь-Чжи қытай
тілі сөздерін мағыналы сөздер (шицзы), мағынасыз сөздер (сюйцзи) және
көмекші сөздер (чждцзи) деп бөліп, сөздерді іштей зат есім, сын есім,
етістік деп ажыратты (2, 6). Бірақ бұл тілде жазылып сақталған тарихи
материалдар басқа тілдерге, әсіресе европалық тілдерге дер кезінде
аударылмағандықтан, ғылым әлемінен шектеп қалып келеді. Лингвистикалық
нұсқалар жағдайы да осындай.
Сондықтан лингвистка тарихын зерттеген Европа ғалымдарының барлығы
дерлік әңгімені Ежелгі Үндістан, Ежелгі Грециядан бастайды.
Ғылымда қалыптасқан көзқарас бойынша тіл туралы ғылымның алғаш пайда
болуы ежелгі үнділерден басталады. Үнділерден бізге жеткен зерттеулер жыл
санауымыздан бұрынғы V ғасырдан басталады. Бұл материалдардың ғылыми
жүйелігіне, ой тереңдігіне қарағанда Үндістан лингвистикасы бұдан да бұрын
болғанға ұқсайды. Тіл білімі мұнда практикалық қажеттіліктен туған.
Үнділердің өте ерте ежелгі дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни
жырлардан құралған Веда деп аталатын кітаптары болған. Біздің дәуір
алдындағы VІ ғасырларда белгілі болған бұл жинақты үнділер қасиетті, киелі
деп санаған және қазір де солай санаушылық бар көрінеді. Веда жөніндегі
зерттеулер үнділердің аса көрнекті лингвисі Яски мен Панини жазған еңбектер
арқылы біздің заманымызға жетті.
Яски біздің дәуірімізге дейінгі бесінші ғасырларда өмір сүрген. Ол –
Веда тілінің бес томдық сөздігін жасап түсінік жазған адам.
Панинидің біздің дәуірімізге дейінгі ІҮ ғасыр шамасында жазған
Аштадхьяй (Грамматикалық ережелердің сегіз бөлімі) деген еңбегінде төрт
мыңнан астам грамматикалық ереже берілген. Бұл еңбегінде Панини Веда
тілін қалпына келтіру нәтижесінде пайда болған үнділердің санскрит деп
аталатын көне әдеби тілінің және Веда жыры тілінің дыбыстық жүйесін, сөз
туғызу, сөз өзгерту жолдарын жан-жақты зерттелген. Панини еңбегі – тіл
білімі тарихындағы біздің дәуірге жеткен тұңғыш сипаттама грамматикасы. Ол
санскрит тілінің грамматикасы деп те аталады. Мұнда сөздерді тапқа,
түбірге, түрлі қосымшаларға бөлу, жұрнақ, префикс дегендердің бәрі де бар.
Панини грамматикасы ережелерінің дәлдігіне, зерттеулерінің терең және жан-
жақтылығына қарап, бірсыпыра ғалымдар Үндістанда тіл білімі Панинге дейін
де даму басқышынан өткен, бірнеше грамматикалық еңбектер жазылған болу
керек деп жорамалдайды. Бірақ ондай еңбектердің болған болмағына ғылымда
әзірше белгісіз.
Үнділер тілдегі барлық сөздерді есім, етістік, предлог, демеулік деп
төрт топқа бөлген де әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты
сипаттаған. Етістіктің шаққа бөлінуі, есімдерде жеті түрлі септік жалғаудың
барлығы т.б. көптеген грамматиканың мәселелер өте дәлдікпен шешілген.
Шынында да, үнділер тіл білімінің дамуына елеулі үлес қосқан. Тіл
фактілерін зерттеуде олар синтетикалық тәсілді де, аналитикалық тәсілді де
қолданған. Сол арқылы тілдік элементтердің өзара ұқсастығын және бір-
бірінен өзгешеліктерін айқындаған.
Кейінгі дәуірлерде Үндістанда Панини грамматикасының мән-мағынасын
талдап түсіндірген оның жолын ұстанған лингивист-ғалымдар болды. Солардың
бірі – біздің дәуірдің үшінші ғасырларында өмір сүрген Вараручи Катьяна. Ол
Панини еңбегіне талдау жасаумен қатар, орта дәуір үнділерінің пракрит деп
аталатын санскрит тіліне салыстыра зерттеген. Сөйтіп, лингвистикада бірінші
болып тарихи – салыстыру әдісін қолдануға талпынған, тілдің тарихы, дамуы
мен ұғымдарды алғаш сөз еткен ғалым. Ол өзінің Пракрит грамматикасы
дейтін еңбегінде фонетика мәселесіне ерекше көңіл бөледі, әрбір дыбыстың
даму жолдарына, оларда болатын өзгеріс-құбылыстарға, үндесу заңдарына
талдау жасайды. Мұндай құбылыстарды Катьяна морфологиялық өзгерістерге
байланысты қарайды.
Ежелгі Үндістан лингвистикасы тарихының тағы бір көрнекті өкілі –
философ-лингвист Бхартхари. Бұл – тіл мәселелерін философияға байланыстыра
қараған ғылым.
Үндістан лингвистикасының кейінгі дәуірлердегі өкілдері ұзақ заман
бойына осы үш ғалымның (Панини, Катьяна, Бхартхари) мұраларын жинақтап,
талдап түсіндірумен болды.
Эренбург университетінің профессоры Джон Лайонз 1978 жылы орыс тілінде
жарияланған Теориялық лингвистикаға кіріспе деп аталатын еңбегінде
Паниниден кейін Үндістанда он шақты грамматикалық бағыт болған. Бізге
олардан көне үнді грамматикасын зерттеген мыңға жуық еңбек жетті. Олардың
көпшілігі Панини дәстүрін қолданған деп жазады.
Ежелгі дәуірі лингвистикасының тағы бір отаны Ежелгі Греция. Грецияда
туған лингвистикалық ой-пікір бүкіл Европа лингвистакасының қалыптасып
дамуына күшті әсерін тигізді. В.Энгельстің Греция мен Рим қалаған негіз
болмаса, қазіргі Европа да болмас еді, - деген сөзін тіл біліміне
байланысты айтуға болады. Тіл мәселелеріне байланыста сол елден бізге
жеткен жазба материалдар жыл санауымызға дейінгі V ғасыр шамасынан
басталады.
Ғалымдардың айтуына қарағанда Греция лнигвистикасы Гомердің Илиада
мен Одиссея жырының тілін зерттеуден басталады. Эллинизм дәуіріне дейін
тілді лингвистикалық тұрғыдан емес философиялық тұрғысынан сөз еткен,
философияға тәуелді соның ажырамас саласы деп есептеген ежелгі Греция
философтарының бір ерекшелігі – тілді құдай жаратты деген діни көзқарасқа
қарсы оны дүниеге келтірген адамның өзі деген пікірді уағыздауы.
Грек ғалымдары көтерген тағы бір лингвистикалық проблема – грамматика
мәселелері. Грамматиканы да алғашқыда философия, әсіресе логика ғылымына
тәуелді соның бір саласы ретінде логикалық категориялардың көрсеткіші
ретінде ғана қарады. Бұл саладағы алғашқы пікір Платон пен Аристотель
еңбектерінде кездеседі. Платон тілдегі сөздерді есім, етістік деп екі топқа
бөлсе, Аристотель алдыңғы екеуі үстіне жалғауыш дегенді қосып, үш топқа
бөледі. Күні бүгінге дейін қолданылып жүрген грамматикалық
катергориялардың, терминдердің көпшілігі сол Аристотельден қалған.
Яғни, екі кезеңге бөлінген (философиялық кезең V-ІІІ ғғ.,
филиологиялық кезең ІІІ-ІV ғғ.) Грецияда философиялық дәуірдің көрнекті
өкілдері Платон, Аристотельдер сөздерді логикалық негізде жіктеп, есім,
етістік, жалғауыш деп ажыратты.
Грамматикалық ілімнің философияның, логиканың ықпалынан босанып өз
алдына дербес пән ретінде қалыптасуы Греция тіл білімінде филология дәуірі
деп аталады. Грамматистердің александриялық мектебін қалыптастырып,
грамматика ілімін дамытудың жоғарғы сатысына көтерушілер – Аристрах (б.д.д.
250 -150 ж), оның шәкірті Дионисий Фракийский, Апалони Дискол (б.э ІІ ғ.)
болды. Аристрах тілдегі сөздерді есім, етістік, есімше, член (артикль),
есімдік, предлог, үстеу, жалғаулық деп сегіз топқа бөлген. Сөздерді тапқа
бөлудің алғашқы грамматикалық үлгісі Д. Фракийский еңбегінен басталады. Бұл
ғалым сөздерді тапқа бөлуде лексикалық – семантикалық және құрылымдық
белгілерге сүйенген. Осы уақытта да қолданылып жүрген зат, сын, сан
есімдерді есім деген бір ғана талаумен атауда осы Фракийскийден басталады
(3, 167).
А.Дискол синтаксис мәселелерін зерттейді. Дегенмен ежелгі Грецияда
морфологияға қарағанда синтаксис аз зерттелген. Грецияны жаулап алған
римдіктер тіл білімін дамытуға айтарлықтай үлес қоса алмады. Олар
Александрия грамматистерінің ілімін өз тілдеріне сәйкестіндіріп қолданудан
аса қойған жоқ. Рим грамматистерінің ішіндегі ең көрнектісі – Варрон (жыл
санауымызға дейінгі І ғ. өмір сүрген), кейінірек Доната (ІV ғ.) болды.
Бұлар латын тілі грамматикасын жазғандар. Рим грамматистерінің жаңалығы
өздерінен бұрын анықталған сөз таптарына одағайды қосуы болды. Сонымен
қатар олар латын тілінде болмауына байланысты артикльді сөз табы қатарынан
алып тастауы арқылы сегіз сөз табын анықтады: 1) Есім; 2) Етістік; 3)
Есімше; 4) Есімдік; 5) Үстеу; 6) Шылау; 7) Предлог; 8) Одағай (2, 7).
Орта ғасыр — адамзат қоғамы дамуының он шақты ғасырын қамтитын және
прогресс тұрғысынан алғанда әр тектес болып келетін күрделі де шытырманы
көп дәуір.
Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі – әр түрлі діндердің туып, дүние
жүзілік діндерге айналуы. Ондай діндер қатарына будда, ислам, христиан
діндерін жатқызуға болады.
Канондық тіл бірден-бір дұрыс тіл деп жарияланды да, әр халыктың өз
ана тілі, сөйлеу тілі, теріс тіл, пендешілік тілі деп саналды. Жазба тіл,
әдеби тіл деп саналатын да канондық тіл болды. Мысалы, түркі халықтары,
сондай-ақ қазақ халқы үшін де канондық тіл араб тілі, исламның ең қасиетті,
киелі кітабы – құранның тілі болды. Европа халықтары үшін канондық тіл –
латын тілі. Олар латын тілін жазу тілі, ғылым тілі ретінде пайдаланды.
Бүкіл оқу орындарында ғылыми пән ретінде оқылатын да латын тілі
грамматикасы болды. Сөйтіп, VIII ғасыр мен XV ғасырлар арасында ирланд,
исланд, француз, испан, итальян, ағылшын т.б. тілдердің грамматикалары
жарық көреді.
Дүние жүзі ғылымы мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан
халықтардың бірі – арабтар. Бұлардың жазбалары IV ғасырлардан басталады.
Арабтар – тіл ғылымының дамуында да елеулі роль атқарды. Орта ғасырлық
арабтардағы тіл білімінің ерекше дамыған кезі – халипат дәуірі деп аталатын
VII-XII ғасырлар шамасы. Арабтар үнді, грек лингвистикасының табыстарын
жақсы пайдалана отырып, өз тілінің фонетикасын, морфологиясы мен лексикасын
зерттеуге ерекше назар аударады. Фонетика саласында дыбыс пен әріп
арасындағы өзгешеліктерді айқындайды. Дыбыстың физиологиялық сипатын ашуға
көп көңіл бөледі. Қейбір ғалымдар (Сибавейхи) жасалу орнына қарай
дыбыстарды 16 топқа бөліп қараған. Грамматика мәселесінде де (көрнекті
өкілі – Сибавейхи, 796 ж. жазылған Ал Китоб деп аталатын еңбегінде),
әсіресе сөздерді тапқа бөлуде араб ғалымдары Аристотелъге еліктеген.
Аристотель сияқты бұлар да сөздерді есім, етістік, жалғауыштар деп үш топқа
бөледі. Арабтар ежелгі дәуірдегі лингвистикалық табыстарға сүйенеді
дегеннен соны көшіріп алды деген ұғым тумайды. Арабтар оларды қайталаған
жоқ, өзіндік тың жол салды, соны пікірлер айтты (18, 215-217.
Европа тарихы тұрғысынан алғанда, қайта өркендеу дәуірі XV-XVI
ғасырлар арасын қамтиды.
Қайта өркендеу дәуірінде ерекше қолға алынған тағы бір мәселе – орта
ғасырда жөнді мән берілмеген ежелгі грек, рим жазба нүсқаларын тауып,
жариялау, оларға филологиялық талдаулар жасау болды. Әлемдік тіл білімі
тұрғысынан алып қарағанда бұл дәуір тілдік материалдар жинақтау сипатымен
ерекшеленеді. Өз дәуірі үшін бұл саладағы күрделі істер қатарында
Ж.Скалигердің 1540 жылы шыққан Латын тілінің негіздері туралы,
Р.Стефанустың 1553 жылы шыққан Латын тілі қазынасы және Грек тілі
қазынасы, араб ғалымы П.Алкаланың Араб тілі грамматикасы (1505-жыл),
Рапхлиннің Еврей тілі грамматикасы (1506 жыл) атты еңбектерді атауға
болады. Осылармен қатар XV-XVI ғасырлар ішінде испан, корей, нидерлаңд,
жапон, парсы, армян, венгер, ағылшын, француз, мексикан тілдерiнің
грамматикалары шығарылды.
1757 жылы М.В.Ломолосовтың Россия грамматикасы, т.б. жарық көрді.
Бұл әлі де болса, латын тілі грамматикасы үлгісінен шыға алмаған, тілдік
материал ретінде сөйлеу тілі фактілерінен гөрі ескі жазба тіл фактілеріне
көбірек сүйенген еңбек болса да, латын тілі грамматикасы тіл атаулының
барлығына бірдей жарамды бола алмайтынын, әр тілдің өзіндік ерекшеліктері,
өзіндік грамматикалық құрылымы болатынын байқатқан және осы бағытта
жүргізілетін зерттеулерге жол ашқан, бастама болған еңбек еді.
ХІХ ғасыр лингвистикасындағы салыстырмалы-тарихи әдіспен тіл білімінің
қалыптасуының алғашқы басқышы болды. Тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді
– дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танумен ерекшеленді. Бұл ғасыр
лингвистикасында бірнеше ағымдар мен мектептер, сондай-ақ салырмалы-тарихи
әдіс негізінде жазылған еңбектер дүниеге келді. Жас грамматистер бағыты
деп аталатын көзқарас қалыптасты.
ХХ ғасыр тіл білімі Жас грамматистерге қарсы күресте туып
қалыптасты. ХХ ғасыр лингвистикасы – лингвистикалық ой-пікірлер дамуының
жаңа кезеңі болып саналады (3, 12-35).
Міне, сонау ежелгі үнді, гректердің тіл туралы алғашқы еңбектерінен
бастау алатын сөздерді түрлі топқа бөлу ілімі осылайша өзінің пайда болу,
даму кезеңдерін бастан өткізді.

І.2. Үнді-Европа тіл біліміндегі сөздерді таптастыру мәселесі

Ең алдымен бұл тіл біліміндегі сөз таптарының шығуы мен дамуы жайында
сөз қозғасақ, бұл тiл бiлiмi тарихи тұрғыдан сөз таптарын сөйлем
мүшелерімен байланыстырып топтастырады.
Бұл мәселе жайында академик И.И.Мещанинов Сөйлем мүшелері мен сөз
таптары деген салыстырмалы-типологиялық зерттеуінде былай деп жазды: Зат
есім өзінің сөйлемде заттық мағынадағы мүше (бастауыш және толықтауыш)
болуымен бөлініп шығады, сөздердің сөйлемнің атрибутивті мүшесі (анықтауыш)
ретінде жұмсалуы арқылы сын есім жасалады, үстеулер пысықтауыш мүше ретінде
жұмсалады, етістік басқа сөз таптарынан баяндауыш (сөйлемнің іс-әрекетті
білдіретін мүшесі) ретінде қызмет атқаруы нәтижесінде ажыратылады. Бұл
жерде, сөйлемнің осылай мүшеленуімен лексикалық топтар жасалады, - дейді.
Зерттеушілер сөз таптарының сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалу
барысында біртіндеп жасалып қалыптасқанын көрсетеді
В.М.Жирмунский индоевропа тілдерінің көне дәуірінде зат есімдер мен
сын есімдердің жігінің ажыратылмағандығын есім негіздердің ортақ болуы,
есімдердің септелу формаларының бірдей болуы және т.б. жайындағы деректерді
келтіре отырып дәлелдейді. Зат есімдер мен сын есімдердің және үстеулердің
тілдердің даму барысында біртіндеп жігі ажырап, дербес лексика-
грамматикалық категориялар ретінде қалыптасқандығын көрсетеді.
Сөз таптарының бірден пайда болмай, тілдің тарихи дамуы барысында
біртіндеп жасалатындығы үстеулердің сөз табы ретінде жасалып қалыптасуынан
әсіресе ашық айқын көрінеді. Зерттеушілер индоевропа тілдерінде зат есімдер
мен сын есімдердің септік жалғаулы түрлерінің сөйлемде пысықтауыш
қызметінде жұмсалу барысында олардан үстеулердің жасалғандығын айтады.
Бұған орыс тіліндегі вечером, порой, кругом, издавна, вплотную және т. б.
үстеулер дәлел бола алады (1,166-170).
Үнді-Европа тіл білімі ішінде орыс тіл біліміндегі сөз таптастыру
мәселесі және сөз таптарының табиғаты жайында әр түрлі көзқарастар мен
пайымдаулар бар. Олардың бірі бойынша сөз таптары сөздердің лексика-
грамматикалық категориялары болып саналса, екіншілері бойынша сөз таптары
сөздердің формальді грамматикалық категориялары, үшіншілері бойынша
сөздердің таза грамматикалық топтары болып саналады.
М.В.Ломоносовтың XVIII ғасырдың орта тұсында басылым көрген Русская
грамматика атты еңбегінен бастау алатын орыс тіл біліміндегі сөз
таптастыру ілімінің тарихи даму жолын бүгінгі тіл білімі жетістігі
тұрғысынан саралағанда, төмендегі негізгі бағыттарды ажыратып көрсетуге
болады:
1) семантикалық бағыт;
2) формальдi-грамматикалық бағыт;
3) лексика-грамматикалық бағыт.
Семантикалық бағыт өз бастауын жоғарыда сөз болған ежелгі үнділер мен
гректердің тіл туралы ілімдерінен алады. Ежелгі үнділер мен гректердің
сөздерді топқа бөлудегі сөздің семантикасына сүйенетін ілімін қабылдап,
одан әрі дамытқан орыс грамматистерінің көрнектілері М.В.Ломоносов,
А.Х.Востоков, Н.А.Греч, А.А.Потебнялар болды. Қазіргі орыс тіл біліміндегі
бұл бағытты жақтаушылар ретінде А.С.Чикобава, М.В.Панов, В.Н.Мигирин,
О.М.Ким секілді ғалымдарды атауға болады.
М.В.Ломоносов орыс тілі сөздерін семантикалық белгісіне қарай сегіз
топқа бөледі:
1) есім; 2) есімдік; 3) етістік; 4) есімше; 5) үстеу; 6) сөз алдына
қойылатын көмекші сөздер (предлог); 7) шылау (жалғаулық); 8) одағай.
Сөз таптары туралы ежелгі дәуір грамматикаларынан бастау алатын ілім
XIX ғасырда көптеген тілші-ғалымдар тарапынан сынға ұшырай бастады. Бұл
проблеманы шешу жолындағы ғылыми ізденістер сөз таптастырудың семантикалық
бағытына қарама-қарсы бағыт – формальдi-грамматикалық бағытты дүниеге
әкелді. Бұл бағыт өкілдері сөз таптарын анықтауда негіз етіп сөздің
формасын алуды ұсынды. Олардың басты идеясы сөз тұлғасы сөздің мағынасын
да анықтайдыдегенге саяды.
Формальдi-грамматикалық бағыттың алғашқы бастауы К.С. Аксаковтың
еңбегінде салынып, Москва мектебінің өкілдері одан әрі дамытты. Формальдi-
грамматикалық бағыттың ең көрнекті өкілі Ф.Ф.Фортунатов болды (2, 8-9).
Ф.Ф.Фортунатов және оның мектебі сөз таптарын формальдi-грамматикалық
(дәлірек айтқанда, морфологиялық) категорпя деп қарады. Ф.Ф.Фортунатов
сөздерді түрленетін және түрленбейтін сөздер деп топтастырады да,
түрленетін сөздерді жіктелетін (етістіктер), септелетін (зат есімдер)
сөздер, септелетіндердің ішінде тек (род) категориясына орай сөз
түрлендіруші формаларға ие болатын сөздер (сын есімдер) деп іштей жіктейді.
Ф.Ф.Фортунатов үстеулерді түрленбейтін, бірақ сөз тудырушы формаларға ие
болатын топқа жатқызады. Сөздерді бұлайша тек сыртқы белгілеріне қарай сөз
таптарына топтастыру тар шеңбердегі морфологизмге әкеп соқтырды (1, 152).
Бұдан шығатын қорытынды төмендегіше:
1. Сөз таптастыруда сөздің тұлғасы негізге алынуы керек.
2. Сөз тұлғасы қосымша қабылдау арқылы сөздің мағынасын да анықтайды.
3. Қосымша қабылдау қабілетіне қарай сөздер өзгеретін (изменяемые)
және өзгермейтін (не изменяемые) сөздер тобына бөлінеді (2, 9).
Сөз таптарын таза грамматикалық категория деп қарайтын лингвистер де
бар. Мысалы, О.П.Суник сөз таптарын классификациялауда тіл білімінде
негізге алынып жүрген заттылық, атрибутивтік, процесс ретіндегі іс-әрекет
тәрізділерді лексикалық мағына емес (ал А.А.Шахматов бұларды лексикалық
мағынамен ұштастырады), жалпы грамматикалық мағына деп есептейді. Оның
пікірінше, заттылық (предметность) – зат есімдерге тән және оны басқа сөз
таптарынан (сын есім, сан есім, етістік және үстеулерден) ажырататын жалпы
грамматикалық мағына (общеграмматическое зиачение). О.П.Суник сөз
таптарының әрқайсына тән жеке грамматикалық категориялар мен мағыналарды,
грамматикалық формаларды сөз таптарын ажырататын белгілер ретінде емес, сөз
таптарының әрқайсысының өзіне тән жалпы грамматикалық мағынасынан туатын,
соған бағынышты құбылыстар деп қарайды. ...Формальдi белгілер де, жалпы
грамматикалық заттылық мағынаға қосақтала жүретін жеке грамматикалық
мағыналардың өздері де (әр басқа тілдерді былай қойғанда, бір тілдің өзінде
де түрлі-түрлі болатын жеке грамматикалық мағыналар) зат есім категориясын
айқындай да, жасай да алмайды. Керісінше, олардың өздері зат есімнің жалпы
грамматикалық мағынасы – грамматикалық жалпы және универсальды заттылық
мағына арқылы жасалып қалыптасады, айқындалады, ал жалпы грамматикалық
заттылық мағына сөздің формаларында да (синтетикалық және аналитикалық
формаларында), оның лексикалық мағыналарында да, синтаксистік қызметтерінде
де көрінеді. Сонымен, О.П.Суник сөздерді сөз таптарына классификация
жасауда сөз таптарының жалпы грамматикалық мағыналары – заттылық,
атрибутивтілік, процессуальдылық және т. б. мағыналарды негізге алады да,
сөз таптарын таза грамматикалық категория ретінде қарастырады.
Сөз таптарын А.А.Реформатский де грамматикалык категория деп санайды.
Ол былай деп жазды: Сөз таптары – грамматикалық (бірақ лексикалық немесе
лексика-грамматикалық емес) категориялар, олардың құрамы мен орналасуы
әрбір тілде басқаша болады және олар өздерінің лексикалық қасиеттерімен
емес, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктерінің жиынтығымен және
мүмкіндіктерімен айқындалады.
Осылайша, орыс тіл біліміндегі сөз таптарын анықтаудағы семантикалық
бағыт пен формальдi-грамматикалық бағыт бір-бірін жоққа шығарып отырды.
Семантикалық бағыт өкілдері сөз таптастыруда мағынаны бірінші орынға қойып,
грамматикалық форманы негіз етіп алып, мағыналы принципті шегіндіріп
тастайды. Алайда, бір-біріне қарама-қарсы екі бағыттың да сыңаржақ болуы
аталмыш проблеманы объективті шешуге мүмкіндік бермеді.
Орыс тілінің морфологиясын сипаттауға бұлайша әр тұрғыдан келу сөз
таптарын анықтау ісіндегі бұдан әрі ізденісті қажет етті. Осы ізденіс
нәтижесінде үшінші бағыт – лексика-грамматикалық бағыт дүниеге келді.
Сөз таптарын сөздердің лексика-грамматикалық категориялары деп
қарайтындар сөздер өзіне тән белгілері, атап айтқанда, семантикалық,
морфологиялық және синтаксистік белгілері бойынша топталып, тиісінше
белгілі бір сөз табына телінеді деп есептейді. Мысалы, А.А.Шахматовтың
пікірі бойынша, әрбір сөз табының мағынасы сөздің негізгі (лексикалық)
мағынасы мен оған қосымша грамматикалық ұғымдардың, грамматикалық
категориялардың жиынтығынан құралады. Орыс тіліндегі зат есімдерде негізгі
атауыш түсініктер (основное знаменательное представление) грамматикалық
жекелік-көптік, тек (род), септік категорияларымен ұштасады да,
етістіктерде – грамматикалық шақ, рай, етіс, жақ және т. б. категориялармен
ұштасады. А.А.Шахматовтың бұл жерде мағына жайында емес, түсінік
жайында әңгіме етуінің себебі оның грамматикалық теориясына тән
психологизмге байланысты екендігі аңғарылады (1, 154-155).
Орыс тіл білімінде көптеген академиктер мен грамматистер де сөз
таптарын сөздердің лексика-грамматикалық топтары деп есептейді. Сөз
таптарын бұлайша анықтау, сайып келгенде И.А.Бодуэн де Крутенэ мен
Л.В.Щербаның сөз таптары туралы көзқарасына барып тіреледі. Л.В.Щерба сөз
табын сипаттауда жеке-жеке негізге алынып келген семантикалық принцип пен
формальдi принципті бір-біріне қарсы қоюдан бас тартып, қайта бұл екеуін
бір тілдің екі қыры ретінде таныды. Сөз таптарын сипаттауда семантикалық
белгі мен формальдi белгіні бірлікте қарау туралы Л.В.Шербаның бұл идеясын
қабылдап, одан әрі дамытқан академик В.В.Виноградовтың мына бір тұжырымы
оның сөз табы туралы пікірінің мәнісін айқындай түседі: Сөз лексикалық
және грамматикалық мағыналардың ішкі, конструктивті бірлігі болып табылады
(4, 15). Академик И.И.Мещанинов те сөз таптарын сөздердің мағыналары мен
формаларын өзара ұштасуы деп қарайды: Семантикалық жақтан да, форма
жағынан да сипатталатын лексикалық топтар сөз таптары деп аталады десе,
Н.С.Поспелов: Сөз таптарын сөздердің лексика-грамматикалық топтары деп
санайды да, ол топтар өздеріне тән грамматикалық категорияларымен
сипатталады деп тұжырымдайды (1, 155).
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың алғашқы отыз жылдығындағы
сөз таптары туралы орыс грамматистерінің ілімінің қорытындысы іспетті
болған еңбектерінде ғалым В.В.Виноградов сөз таптарының бес түрлі белгісін
атап көрсетеді:
Синтаксическая функция;
Морфологический строй и форма слова;
Лексическое значение;
Отражение действительности;
Различие в в грамматических категориях.
Ғалым бәрінің бір деңгейде бола алмауына байланысты алдымен сөздерді
төрт Структурно-семантические типтерге ажыратады: 1) слова-названия или
части речи; 2) связочные слова или частицы речей; 3) модальное и слова;
4)междометие, ал сөз табы ретінде зат есім, сын есім, сан есім, есімдік,
етістік, үстеу, жай-күй категориясы аталады.
Сөз таптарының В.В.Виноградов жасаған бұл жүйесі орыс тіл білімінде
дәстүрге айналды. Кеңес дәуірінде жарық көрген Орыс тілі
грамматикаларында осы жүйе негізге алынды.
Басты өкілдері Л.В.Щерба, В.В.Виноградов болып саналатын сөз
таптастырудың лексика-грамматикалық бағытының негізгі идеялары мыналарға
саяды:
1. Сөз таптарын анықтаудың негізгі өлшемдері лексикалық және
грамматикалық өлшемдер болуы қажет;
2. Сөз – лексикалық және грамматикалық мағыналарды бойына топтастырған
тілдік бірлік;
3. Сөздің морфологиялық категорияларын синтаксистік категориялардан
ажыратып қарауға болмайды;
4. Атаулы (номинативті) қызмет атқара алатын сөздер ғана сөз табы
бола алады;
5. Сөз табының лексикалық мағынасы, өзіндік грамматикалық тұлғалар
жүйесі және синтаксистік қызметі болуы шарт.
6. Сөз таптарына қарама-қарсы топ – атаулы (номинативті) қызметі жоқ
сөздер – көмекші (частицы-речи) сөздер бөлінеді;
7. Лексикалық және грамматикалық сипатына қарай сөз таптарына да,
көмекші сөздерге де қосылмайтын сөздер бар.
Орыс тіл біліміндегі сөз таптастыру іліміне байланысты жоғарыда
аталған үш бағытты (семантикалық, формальдi-грамматикалық және лексика-
грамматикалық) дәстүрлі деп танысақ, үстіміздегі ғасырдың 70-жылдарынан
бастап осы дәстүрлі бағыттардан басқа өкілдерінің өздері жаңа бағыт деп
санаған бағыт пайда бола бастады. Структуралық аталған бұл бағыттың
идеясын қорытып орыс тілі сөздерін топқа бөлуде қолданған ғалым А.Я.Баудер
тілдік бірліктің құрылымын (структурасын) өзара қарым-қатынастағы
элементтердің жиынтығы, ал семантикасын тілдің парадигмалық және
синтагмалық жүйесінде көрінетін лексикалық, грамматикалық мағыналарының
жиынтығы ретінде қарастыра отырып, автор сөз таптарының төмендегі
белгілерін атап көрсетеді.
1. Классифицирующее значение слова;
2. Морфологические категории слова;
3. Система форм слова (парадигматический план);
4. Морфемная структура слова;
5. Сочетаемость с единицами других классов (семантический план);
6. Функция в предложении.
Бұл бағыт өкілі А.Я.Баудердің сөздің лексикалық мағынасына,
грамматикалық құрылымына байланысты өзіндік жетістігі болғанымен, нақты
сөздерді таптастыруы нәтижесіне үлкен жаңалық табу қиын, автордың ішінара
сатылап барып, кейбір сөз таптарының ара жігін ажырата түсуі болмаса,
қорыта келгенде, сол бұрынғы сөз таптары айқындалады.
Сонымен, орыс тіл біліміндегі сөз таптастыру ілімінің дамуы барысында
төрт түрлі бағыттың болғаны анықталып отыр. Оның алғашқы үшеуін
(семантикалық, формальды-грамматикалық, лексика-грамматикалық) дәстүрлі
деп танысақ, ХХ ғасырдың 70-жылдарынан басталған структуралық аталған жаңа
бағыттың да нәтижесі ретінде арнаулы қомақты жұмыс жарық көрді (2, 8-10).

І.3. Түркiтаным әлеміндегі және қазақ тіл біліміндегі
сөз таптастыру мәселесі

Орта ғасырлардағы Махмұд Қашқаридің Мұхаммед ибн Қайсаның, Асир-ад-Дин
Абу Хайианның, т.б. еңбектерінен бастау алатын түркі тілдеріндегі сездерді
таптастыру мәселесі XVIII ғасырда орыс түркологтарының еңбектерінде
жалғасын тапты. Араб ғалымдары аталған еңбектеріңде араб грамматикалық
ілімінің үлгісімен түркі тіліңдегі сөздерді логикалық тұрғыдан есім,
етістік, демеулік деп белсе, орыс түркологтары әлемдік лингвистиканың
кейінгі дамуы барысында қол жеткен жетістігі тұрғысынан алғашқы кезеңде
семантикалық және синтаксистік принципті басшылыққа ала отырып сөз
таптарына ажыратты (2, 12).
Араб тілінде, араб грамматикасымен түркологиялық еңбектер ХІ-ХV
ғасырлар арасын қамтиды. Осы мезгіл ішінде түркі тілдерінің салыстырмалы
сөздіктерін жасау, шағын көлемді практикалық, грамматикалық очерктерін жазу
саласында едәуір жұмыстар істелді. Сондай еңбектердің ең алғашқысы және ең
көлемді де құндысы түркі әулетінен шыққан, Бағдат ғалымы Махмуд Қашқари
жасаған Диуани Лұғатит Түрік деп аталатын сөздік. Мұнда түркі тілдерінің
сөз қолданысы, оның семантикалық, дыбыстық, грамматикалық сипаттары, бір-
біріне ұқсастық, өзгешеліктері кең қойылып, терең баяндалған.
Төрт томдық салыстырма сөздіктің дені сөз табының ерекше, әрі күрделі
тобы – етістік деуге болады. Өйткені, екінші том – түгелімен етістік және
сөз табына қатысты ережелерден тұрады. Үшінші том мен Индексте де
етістіктер басым (5, 66).
Араб ғалымдары Махмұдтың Диуанынан кейін де бірнеше салыстырмалы
сөздіктер жазылды. Сондай сөздіктің бірі – Абулқасым Махмұд ибн Омар (Әл-
Замахшари) жасаған Муккаддимат әл-Адаб (әдебиетке кіріспе) деп аталатын
арабша–парсыша–түрікменше–монғолша сөздік. Еңбек төрт бөлімнен құралған:
бірінші бөлімі ( есім сөздерге; екінші бөлімі – етістікке арналған.
ХІV ғасырда сақталған тағы бір материал – араб ғалымы Жамал-Аддин
Мұхаммед ат – Турки жазған Түрік, қыпшақ тілдерін жақсы оқып үйренуге
арналған кітап деп аталатын сөздік. 71 беттік бұл сөздік екі бөлімге
бөлінген: есім деп аталатын бірінші бөлімінде астрономиялық, топономикалық
атаулар және үстеу сөздер берілген, екінші бөлімінде – етістік сөздер.
Бұлардың бәрі де арабша-қыпшақша сөздік түрінде берілген.
Міне, осылайша араб ғалымдарының аталған еңбектерінде араб
грамматикалық ілімінің үлгісімен түркі тіліндегі сөздерді логикалық
тұрғыдан есім, етістік, демеулік деп үшке бөлсе, ХVІІІ ғасырда орыс
түркологтарының еңбектерінде әлемдік лингвистиканың ішкі дамуы тұрғысынан
сөздерді таптастыру мәселесі өз жалғасын тапты.
Орыс түркологтарының негізінен семантикалық белгіні, кей сөз
таптарына қатысты синтаксистік белгіні нысана етуі түркі тілдері сөздерінің
лексика-грамматикалық табиғатына байланысты болды, бұл жағдай, әсіресе зат
есім мен сын есімнің, сын есім мен үстеудің қарым-қатынасынан анық
көрінді. Мысалы, қарт сөзін семантикалық принцип тұрғысынан
бірде зат есім десе, қарт кісі тіркесі арқылы сын есім ретінде анықтады,
ал жақсы секілді бірқатар сөздерді семантикасы арқылы сын есім дей отырып,
пысықтауыш қызметінде жұмсалуына байланысты үстеу деп те таниды. Бұл сипат
түркі тілдерінің грамматикалық құрылысын зерттеуге арналған алғашқы
ресейлік еңбек Сочинения, пренадлежащие к грамматике чувшского языка атты
еңбектен бастап, И.С.Хальфиннің Азбука татарского языка (1809), М.А.Казам-
Бектің Общая грамматика турецко-татарского языка (1846), Алтай миссиясы
мүшелерінің (негізгі авторы және редакторы Н.И.Ильминский) Грамматика
алтайского языка (1869) атты зерттеулері де, жалпы, тағы басқа
түркологтардың 1930 жылдарға дейінгі еңбектеріне тән болды (2, 12).
Орыс тіл білімінде 1920 жылдардың аяғында сөз
таптастырудың үш принципі (семантикалық, морфологиялық, сиптаксистік) пайда
болуына байланысты, түркі тілдері сөздерін таптастыру теориясына да өзгеріс
енді. 1936 жылы Революция и письменность журналында жарық көрген арнаулы
мақаласында түркі тілдері сөздерін таптастыруда жүйелі түрде үш принципті
(семантикалық, морфологиялық, синтаксистік) бірлікте қолдану керектігін
айтқан А.Боровковтың тұжырымы түркологияның кейінгі дамуында берік қолданыс
тапты. Орыс түркологтарымен бірге өсіп жетілген ұлттық мамандар да осы
дәстүрді дамытып әкетті. Бүгінгі таңда түркологияда сөз таптастырудың бұл
дәстүрі қалыптасқан ілім болып табылады.
Ал, жеке түркі тілдеріндегі анықталған сөз таптары саны әр түрлі болуы
бұл тілдердің тарихи даму дорсжесінің әр түрлі болуымен қатар, бірқатар сөз
таптарының әрқалай танылып, жіктелуіне де байланысты болып отыр. Мысалы,
тоғыз сөз табы бар деп саналатын қазақ тіліндегі шылау сөздердің түрлері,
шақыру одағайы кейбір түркі тілдерінде жеке-жеке сөз табы ретінде танылады.
Орныққан сөз таптастыру теориясы бар түркологияда жеке тілдерге байланысты
осылайша сөз таптарының санының әртүрлі болуына әрбір ғалымның жеке
көзқарасының да әсер-ықпалы жоқ емес.
Қазақ тіліндегі сөздерді тапқа бөлудің алғашқы соқпағын салған
түрколог – Николай Иванович Ильминский (1822-1892). Ол 1860-1861 жылдарда
Қазан университетінің ғылыми жазбаларында жарияланған Материалы к изучению
киргизского (казахского. Т.Қ.) наречия дейтін еңбегінде сөздерді тоғыз
түрлі тапқа бөледі. Осы сан (П.М.Мелиоранскийдің Краткая грамматика
казахско-киргизского языка деп аталатын еңбегін қоспағанда) совет дәуіріне
дейін жарық көрген еңбектердің барлығында да сақталған. Тек П.Мелиоранский
ғана аталған еңбегінде сын есімді әлі жекеленіп жетпеген сөз табы деп
санап, оны зат есім тобында қарайды да, сөз табы санын сегіз деп көрсетеді
(6, 167).
Бұл еңбектен басқа қазақ тілінің грамматикалық құрылысын зерттеу
объектісі еткен тағы бір еңбек М.Терентьевтің Грамматика турецкая,
персидская, киргизская и узбекская деген атпен жазылған еңбегі. Осындағы
қырғыз деген атпен жазылған грамматика қазақ тілінікі. Бұл (
хронологиялық тәртібі жағынан алғанда қазақ тілі грамматикасына арналған
екінші еңбек.
Сипаттау тек морфологияға ғана арналған. Морфология, зат есім, сын
есім, есімдік, сан есім, жалғаулық, септеулік (послелоги), үстеу, одағай,
етістіктер, көсемше, есімше, жіктеу, сөз туғызу және демеулік (частица),
күрделі сөздер деп аталған тақырыптарға бөлінген.
Жалпы алғанда, өз заманы, ғылым тарихы үшін демесек, еңбек
білгірлікпен жазылмаған. Оның осылай екендігін, жүйесіздігін, кітаби тіл
мен сөйлеу тілін бір-бірімен шатастырғанын өз кезінде П.Мелиоранский де
көрсете отырып, өзінің Краткая грамматика казах-киргизского языка деген
еңбегінің Есім деп аталатын үшінші бөлімінде қазақ тілінде сегіз түрлі
сөз табы бар деп көрсетеді. Олар: есім, есімдік, етістік, сан есім, үстеу,
жалғаулық, септеулік, демеулік деп жазды. Еңбекте зат есім, сын есім,
етістікке жеке-жеке тоқталғанмен басқа сөз таптарын топтап бір ғана тарау
етіп берген. Оның баяндауларында алдыңғы авторлардан бөлекше айтылған пікір
жоққа тән.
1897 жылы В.В.Катаринскийдің Грамматика киргизского языка, фонетика,
этимология и синтаксис деп аталатын еңбегінің этимология (морфология) деп
аталатын бөлімі тоғыз тарауға бөлінген. Сөздерді тапқа бөлуде бұл еңбекте
біраз өзгешелік бар. Мелиоранскийде одағай сөздер жеке сөз табы ретінде
қаралмаса, мұнда қаралған, алдыңғы автор сын есімді зат есіммен бірге алса,
соңғы автор оны дербес сөз табы ретінде қарайды. Соңғы авторда алдыңғыдай
демеулікті жеке сөз табы ретінде қарау жоқ.
Мелиоранскиймен Катаринскийдікі сияқты қомақты да мазмұнды
болмағандарымен, шағын көлемді, таяз мәнді очерктер де жазылды. 1800 жылы
И.Лавтевтің Краткий грамматическии очерк казахского языка, 1912 жылы
И.Созановтың Записки по грамматике киргизского языка атты еңбектері
жарияланды. Бұларда да соны пікірлер жоқ (7, 41-49).
20 жылдардағы грамматикалық еңбектің екіншісі Г.Архангельскийдің
құрастыруымен (Грамматика казахского языка) 1927 жылы Ташкентте басылып
шыққан. Бұл – орыс түркологтары қаламынан шыққан грамматикалық
әдебиеттердің соңғысы. Осы оқу құралының Морфология тарауында қазақ
тіліндегі сөздерді тек формалық белгілеріне қарай ғана жіктеуге болатынын
көрсетіп: не разложимые основы, самостоятельные слубжебные слова,
полуприставки, приставки, междометия деп бес түрге бөледі. (6, 169).
Жалпы алғанда бұл еңбекте сөздердің тұлғалық типтері мен лексикалық-
грамматикалық типтері араластырыла берілген. Шылау мен үстеулерді сөз
етулерінде де сондай қателіктер бар. Ал сөз табы болып отырған еңбекте осы
принципте сақталмаған. Көп мәселеде бұл еңбекті 20-шы жалдарда жарық
көрген, осының алдында сөз болған қазақша оқулықтың аудармасы деуге
боларлық (6, 169).
Сөздерді таптастырудың теориялық негізінің қазақ тілі білімінде пайда
болып, қалыптаса бастауы орыс түркологтары еңбектерінде осылайша көрініс
табады. Н.И. Ильминскийдің, М.Терентьевтің, В.В. Катаринскийдің,
И.Лавтевтің еңбектерінде қазақ тілі сөздерін зат есім, сын есім, сан есім,
есімдік, етістік, жалғаулық, септеулік, үстеу, одағай деп бөлсе,
П.М.Милиоранский мен Г.В.Архангельский ғана зат есім мен сын есімді
ажыратпай, бір ғана сөз табы ретінде танып, сегіз сөз табын атайды.
Жалпы қазақ тілінің грамматикалық құрылысын сипаттауға арналған орыс
түркологтарының ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастау алатын еңбектеріне
қатысты мына ортақ жайттарды айтуға болады:
1. Бұл түркологтардың еңбектерінде саны кейде сегіз, кейде
тоғыз болып ажыратылғанымен, сөз таптарына анықтама
берілмейді. Қысқаша жасалу жолдары, түрленуі, бірқатар
мағыналық топ, категориялары ғана сөз болады;
2. Тіл білімі салаларының ара жігі айқын ажыратылмаған,
морфология этимология деп аталады, көмекші сөз таптары
кейбір еңбектерде синтаксистің аясында қаралады;
3. Барлық еңбек орыс тілінде, орыс тілі грамматикаларының
қалпымен жазылған, орыс тілімен салыстырылып отырылады;
4. Қазақ тілі сөздерін таптастыруда негізінен семантикалық
белгі басшылыққа алынады, зат есім мен сын есімнің, сын
есім мен үстеудің қарым-қатынасына байланысты синтаксистік
белгіге сүйену де кездеседі. Дегенмен, түркологтардың соңғы
еңбектерінде сөз табының формальдiк белгісін тануға қарай
алғашқы нақты қадам жасалады (2. 14).
Қазақ тілінде сөз таптастыру проблемасының зерттеліп жарық көруі ХХ
ғасырдың 10-15 жылдарынан басталады. Оның бастауы – 1914 жылы Тіл құралы
деген атпен Орынборда жарық көрген А.Байтұрсынов жазған оқулық. 1914 жылы
жарық көріп, кейіннен бірнеше дүркін қайта басылған еңбекте автор сөздерді
алдымен атауыш сөздер, шылау сөздер, одағайлар деп үш топқа бөледі де,
бұлардың біріншісіне зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістікті;
екіншісіне үстеу, демеу, жалғаулық деп аталатындарды жатқызады да, одағайды
өз ішінен еліктеуіш, септеуіш одағайлары деп екіге бөледі. Осы еңбегінде
айтылған пікірлерін Тіл құралының 1924 жылғы басылымында кеңейте, дәлдей
түседі (8, 199).
Бұған қарап, А.Байтұрсынов тіліміздегі сөздерді таптастыру ісінің
берік іргетасын қалаушы деуімізге болады.
1930 жылдардан бастап морфологияның жеке мәселелеріне арналған шағын
көлемді мақалалар мерзімді баспасөз беттерінде, әсіресе сол кездегі
ғылыми-педагогикалық журналдар — Төте оқу, Ауыл мұғалімі, оның орнына
келген Халық мұғалімі журналдары беттерінде жиі-жиі көріне
бастайды. Осы он жылдықтың аяғына дейін жеке сөз таптарына, қосымшаларға
арналған отызға тарта мақала жарияланыпты. Олардың көпшілігін Қ.Жұбанов,
X.Басымов, Ш.X.Сарыбаев, Н.Сауранбаев, С.Жиенбаев, С.Аманжоловтар жазған.
30-жылдарға дейінгі жарық көрген еңбектерді қазақ тілінде пәлен сөз
табы бар дегені болмаса, сөздерді түрлі топқа бөлудің принциптері жөнінде
ештеме айтылмайтын. Н.Сауранбаевтың Сөз таптары атты мақаласында осы
мәселе талданады
Автор: тілдердегі сөздерді тапқа бөлуде ғылымда қалыптасқан үш
түрлі принцип бар, олар семантикалық, синтаксистік, морфологиялық
белгілер деп жазады да, осы үш түрлі белгілерді мысалдар арқылы талдай
келіп, қазақ тіліндегі сөздерді тапқа бөлуде сөздердің мағыналық
жақтарына шешуші мән берілу керек деген дұрыс қорытынды жасайды.
Сөздерді әр түрлі кластарға бөлу, олай бөлуге негіз болатын
принциптерді айқындау ісімен профессор Қ. Жұбанов та айналысқан.
Жұбанов ойынша, сөздерді тапқа бөлуде олардың тек мағыналық жағына
ғана көңіл аудару жеткіліксіз. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыс түркологтарының еңбектеріндегі қазақ тілі сөздерінің тапқа жіктелуі
Сөз таптарының орналасу ерекшеліктері
Сөздерді сөз таптарына топтастыру принциптері
Сөздерді топтастыру принциптері
Қазақ тілінде сөз таптастырудың негізгі принциптері туралы
СӨЗ ТАПТАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
А.Ысқақовтың жалпылингвистикалық тұжырымдамалары
Есімдікті оқытудың ерекшеліктері
Одағай сөздер жайлы
Сөз таптары жүйесіндегі одағай сөздер
Пәндер