БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
М. ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
Жаратылыстану-география факультеті
Биология және экология кафедрасы

Курстық жұмыс
Орынбаев Е.А.

ПӘН МҰҒАЛІМІНІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ МЕН КӘСІБИ МӘДЕНИЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ
6В01508 Химия-биология

Ғылыми жетекші: аға оқытушы Ихласова Ж.М.

Орал 2022 ж.
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3
I БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ.
Мектепте биологиядан білім берудің әдіснамалық мәселелері ... ... .
Пән мұғалімінің кәсіби мамандануын дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ...
5
1.3 Биология сабағын өткізуге койылатын қазіргі талаптар ... ... ... ... ...
10
Бірінші бөлім бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .

13
II БИОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ ЗАМАНАУИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... .
14
2.1 Биологияның мәдениет жүйесіндегі рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
14
2.2 Оқу үдерісінің мақсатын анықтау және жоспарлау әдістері ... ... ... ..
14
2.3 9-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
17
Екінші бөлім бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..

21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..
24

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуге талпынысы, білім беру парадигмасының өзгеріп, жаңа ұлттық модельдің қалыптасуы болашақтың жаңаша ойлайтын, дүниеге көзқарас мәдениеті мен санасы дамыған ұрпағын оқытып, тәрбиелейтін кәсіби құзіреттілігі жоғары мұғалімді талап етіп отыр. Нәтижеге бағдарланған білім беру сапасын арттыруда жаңаша жолдар мен әдістер табуға дағдыланған Жаңа формация маманы болу - білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Білім беруді түрлендіруде, білім процесін реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім жаңа формация мұғалімі болып табылады. Бүгінгі күнде экономикалық өсу және азаматтардың әл-ауқаты үшін білімнің айтарлықтай маңызды екенін бүкіл әлем мойындауда. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек? және Оқытудың тиімді әдістері қандай? деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Білімді дәл осылай қолдану оқушыларға ХХІ ғасыр дағдысы деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді. Нәтижеге бағытталған жаңаша білім беру тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағытталғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: пән мұғалімінің құзыреттілігі мен кәсіби мәдениеттілігін дамытуды қарастыру, ұғыну.
Зерттеу міндеттері:
биология пәнін оқытудың дидактикалық принциптерімен танысу;
мектепте биологиядан білім берудің әдіснамалық мәселелерін қарастыру;
биология сабағын өткізуге койылатын қазіргі талаптарды ойға жинақтау.
Зерттеу нысаны: Биологияны оқыту әдістемесіндегі пән мұғалімінің құзыреттілігі.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ.

1.1 Мектепте биологиядан білім берудің әдіснамалық мәселелері
Жас ұрпаққа биологиялық білім беруді үйрету дегеніміз - жер бетіндегі тірі ағзалардың тіршілігін, өмірдің кыр-сырын түсіндірудегі ен басты бағалы міндет деп қарау.
- биологияны зерттеп, оқып-біліп, табиғаттағы болатын үдерістерді түсінуге және биосфераны сактауға мүмкіндік туғыза отырып, адамзат баласының дамуынын басты шарты деп үғыну керек.
- табиғатпен тең құқылы қарым-қатынас, адам мен биосфера арасындағы коэволюция - міндетті түрде болатын үдеріс.
Осы түрғыдан қарайтын болсақ биология жаратылыстану ғылымы ішіндегі ең бірінші көшбастары деп айтуға болады.
Бүгінгі таңдағы, яғни XXI ғасырдағы ең басты проблема мектеп оқушыларына білім беруде биологиялық үдерістердің маңызы үйретудің рөлін күрт жоғарылату деп карастыру керек. Әрбір мүғалім оқушылардың интеллектуалды потенциалын күшейтуді, қалай іске асыруды және қазіргі өркениетке, мәдениетке сай, білім беруге жұмылдыру, т.б. сияқты мәселелерге жауап беруге борышты. Биологиялық білім беруді жетілдіру үшін оның міндетін, мақсатын анықтай отырып, тіршілік жайлы ілімнің құрылымын, біртұтастығын қалыптастыру барысында теориясын, әдіснамасын, оның формасы мен әдістерінің арасындағы байланыстарды ашып көрсете білу - ең басты мақсат. Сондықтан әдіснамалық негізсіз биологияны жеке пән рстінде баска білім салаларымен байланыссыз қалыптастыруға болмайды.
Оку-тәрбие беру үдерісінде пәннің мақсатын, мазмұнын дұрыс құруда және қолайлы тиімді формаларымен әдіс-тәсілдерін үйретуде басты көмекті әдіснамадан іздеу, былайша айтқанда, әдіснамалық түрғыдан түсіндіру керек; құрылымы, оқу үдерісін логикалык жүйемен ұйымдастыруда әдіснаманың маңызы зор.
Әдістеменің басты мақсаты - әдіснаманың көмегімен теориялық қағидаларды, заңдылықтарды практика жүзінде іске асыру әдістерін қолдана білу.
Енді оның қалыптасу тарихына көз жіберсек. Жалпылама мектеп қабырғасында білім беру, оның ішінде жеке биология пәнінен білім беру әдіснаманың негізінде калыптасты. Оның бірінші негізін қалаушы - Ф. Бэкон (1561-1626). Оның идеяларының ең маңыздылары мынадай бес сатыдан тұрады:
- ең маңыздысы - тәжірибе, барлық білімнің қалыптасуы тәжірибеге негізделінген.
- тәжірибедегі пайдалы жағы немесе тәжірибенің маңызы - білім.
- тәжірибе жүзіндегі айтылған фактілерге тұжырым жасай отырып, заңдылықтарын жекеден жалпыға карай анықтау.
- тану, білу, танымдылық барысындағы болатын құбылыс, оның себептеріне салдарына көңіл болу.
- күрделі танымды карапайым түрге айналдыру.
Осы ережелердің барлығы да бір-бірімен тығыз байланысты, бір-біріне себепші, бір-бірін толықтырушы деп карастырды.
Ф. Бэкон философиясының негізгі қағидаларын дидактика саласына тараткан, дидактиканың басты негізін қалаушы - Я.А. Коменский (1592-1670). Бұл ғалымның басты идеясы - Дүниенің құрылымы түсіну үшін көптеген ғылымдардың ішінен оның ең басты бөлігін сұрыптай, таңдай ала білуі.
Дидактиканың әдістемеден айырмашылығы нсде, білім берудегі рөлі қандай деген сұраққа келер болсақ, дидактика да, әдістеме де педагогика ғылымына жатады, екінші жағынан, олардың білім беруде атқаратын кызметі әртүрлі.
Дидактика - педагогика құрылымының бір бөлігі, білім берудегі заңдар мен заңдылықтарды, қағидасын (принципін) мақсатын, мазмұнын, формасын әдіс-тәсілдерін зерттеуші педагогиканың бір саласы.
Дидактиканың объектісі - бұл білім беру, оқыту, үйрету. Ал білім беру дегеніміз - белгілі бағытта, үйымдастырылған түрдс оқушы мен оқытушының арасындағы, алдарына қойған мақсаттарына жету, нәтижесінде оқушы біліммен каруланып, іскерлігін, шеберлігін дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптасуға мүмкіндік алады.
Әдістемеге қарағанда дидактика білім берудің теориялық жағын зерттейді. Дидактика ең соңында оқыту, үйрету деген не және не үшін, неге, қалай оқытамыз деген сұрактарға жауап береді. Осы сұрактарға жауап беру барысында басқа да көптеген мәселелермен айналысады.
Дидактиканың басты мақсаты - әдістсмеге байланысты оқушыларға білім берудегі біртұтастықты қамтамасыз ету, сонымен қатар мазмұнын, әдіс-тәсілдерін таңдай білуге көмектесу.
Бірақ әдістемені дидактиканың бір қосымша түрі деп қарастыруға болмайды. Әрбір әдістеменің өзіне тән мазмұны, мақсаты бар. Әдістемеде оқу үдерісін, оқушылардың ойлау қабілеттілігін дамытуды басқаруда өзінің заңдылықтары бар.
Дидактиканың тағы да бір артықшылығы білім беру бағытын алдын ала болжау арқылы жаңа әдістерді, білім стандарты, жаңа оқу материалдарын, бақылау және бағалау жүйелерін енгізугс мүмкіндік береді.
Сонымсн катар жеке дидактика деген түрі бар, оның басты қызметі - жеке пәндерді оқыту әдістерін үйрету, оқушыларды жеке-жеке категорияға бөліп оқыту (мысалы, бастауыш мектепке сабақ беру әдісі және жоғары мектеп оқушыларының дидактикасы), әртүрлі типтсгі оқу мекемесі жоне оқыту формалары (күндізгі, кешкі, сыртқы).
Білім беру мен тәрбиелеудің алдына қойылған міндеттері мен мақсаттарын іске асыру үшін оның құрылымы және мазмұнын анықтай, оқытудың әдістері мен тәсілдерін дұрыс пайдалана отырып, оқу-тәрбие жұмысын қолдану, ұйымдастыру үдерісіне аса көңіл бөлген жөн.
Білім беру принциптері мектеп қабырғасындағы жасалған практикалық жұмыс тәжірибелері мен оның тарихи дамуындағы теориялық негіздерге сүйенс отырып, іске асырылады. Биологиядан сабақ беруде негізгі дидактикалық принциптерді пайдалана отырып, көптсген әдіскер-биологтар - Б.Е.Райков, К.П. Ягодовский, П.И. Боровицкий, Н.М. Верзилин, Н.А. Рыков жәнс т.б өз тәжірибелерін ортаға салды.
Биологиядан сабақ беруде жалпы әдіснамалық, диалектикалық материалистік принциптерді басшылыққа алу кажет болатындығын да көрсетті. Осыған байланысты басты-басты бес дидактикалық принципке тоқталып өткен жөн болады. Білім беру және тәрбиелеу және дамытудың біртұтастық принципі. Осы айтылған принцип оқушылардың білімі мен тәрбиелігінің ең жоғарғы деңгейіне жету үшін білім берудің тәрбиелі әдістемелері формаларын қолдана отырып, оқу-тәрбие жұмыстарының барлық компоненттерінің арасындағы өзара байланыстар жүйесін пайдалануға мүмкіндік берсді. Сонымен, осы айтылған үш фактор - білім беру, тәрбиелеу, дамыту бір-біріне үйлесімді әсер ете отырып, біртұтас дидактикалық принцип құрайды. Сондықтан да биологияны оқытудың ең маңызды жағы - білімнің тәрбиелік және дамытушылық жақтарын күшсйту. Ал оқушылардың білімінің сапасын бағалаған уакытта, онын біліміне баға берумен катар, оның көзкарасының қалыптасуының тұрақтылығына, практика жүзінде күнделікті өмірде қолдана білу жақтарына да баға беру ксрек.
Ғылымилық және жүйелілік принципі. Бұл принциптср оқушыға биология ғылымының басты-басты негіздерінен білім жүйесінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Әрине, ғылыми фактілерді қалыптастыру жолы ұзак әрі қиын. Ал оған жету үшін көптеген талас-тартыс, ғылымға қарсы козкарастар болуы мүмкін, әсіресе кейбір діни козкарастар. Сондыктаи да әрбір окушы осы фактілерді игере отырып, өзінін ой-өрісін, ойлау кабілеттілігін, өз бетімен талдау жасай отырып, теориялық білімдерін практика жүзінде колдану жолдарын қалыптастырады.
Ғылымилық принциптері фактілерді, теорияларды, түсініктерді, заңдылыктарды, ғылымдағы нактылығы дәлелденгсн жақтарын толық игеруге мүмкіндік бсреді. Мысалы, клетканың құрылысы жайлы тсорияны игеру үшін ол әртүрлі клеткаларды салыстыра отырып, бақылау жасап айтылған ғылыми фактілерге көзін жеткізе отырып, оны зерттеу жолында қолданылатын құрал-жабдықтармен танысып клеткада жүретін құбылыстар - химиялық, энсргетикалық, фотосинтез, белок биосинтезі, т.б. фактілерді білу нәтижесінде үлкен ғылыми көзқарасын қалыптастырады.
Ғылыми принципті іске асырудағы скінші мәселе-түсініктер. Мысалы, біртұтас түсінік - рефлекс. Осы түсініктің толық анық канығына жету үшін И.П. Павловтың жоғарғы жүйке жүйесін зерттеу әдістемесін түсінудің нәтижесінде организмдегі барлық физиологиялық үдерістердің өзара байланыстарына, организм жүйесінің біртұтастығына көзі жетеді. Сондықтан да осындай түсініктердің ғылыми жақтарын анықтап түсіндіру онын мәнін, оны зерттеу әдістері және тәсілдері мен біртұтастығын көрсетеді. Осыған байланысты оқушыларды ғылыми зерттеу әдістерімен де таныстырып отырған пайдалы.
Білім берудің көрнекілік принципі. Ерте уакыттан бері пайдаланып келе жатқан оқыту принциптерінің бірі көрнекілік болып саналады. Бұл принциптің басты негізіне мынадай заңдылыктар жатады: адам баласының сезім мүшелсрі сырттан келген тітіркенуді әртүрлі қабылдайды. Көптеген адамдарда ең сезгіш мүше көз болып есептеледі, себебі рецепторға келіп түскен тітіркену орталық жүйке жүйесінде жүйке каналдары арқылы әртүрлі жылдамдықпен қозғалады. Мысалы, оптикалык байланыс каналы аркылы - 1,6x106 битс, есту - 0,32x106 битс, дене түйсігі аркылы сезіну - 0,13х106 битс. Бұлай деп отырған себебіміз есту мүшесіне карағанда көру мүшесі аркылы миға козу импульсі 5 есе, ал дене түйсігіне қарағанда 13 есе тез жетеді екен. Тағы бір ерекшілігі оптикалык каналдар аркылы келген акпараттың коды өзгеріске ұшырамай, адам есіне тез, оңай карапайым түрде сақталады.
Көрнекілік принцип - окушыларға өте күшті әсер етуші құрал.
Сондықтан да оны дұрыс пайдаланған жон. Ал оған немқұрайлы қарайтын оқушылар алдына қойылған басты мақсатты түсіне алмауы мүмкін.
Қазіргі оқыту үдерісінде естс қалдыруға қарағанда ойлау қабілеттілігі ең басты орын алу керек. Сондықтан да окушыларға кейбір материалдарды жаттап алудан гөрі оның орнына әртүрлі анықтаушы сөздіктерді қолдануды ұсынған жөн.
Түсініктілік принципі - Мазмұндау. Білім беру үдерісіндегі түсініктілік принципі ертедсн келе жатқан оқыту практикасының талабынан туындап, окушылардың жас ерекшелік даму үдерісіне жоне олардын даму деңгейлеріне байланысты болатындығы жалпыға мәлім.
Түсініктілік принципінің нсгізіне тезаурус заңдылығы жатады. Адамға түсінікті материалдар оның тезаурусыпа сәйкес болу керек деген. Латын тілінен шыккан tesarus деген сөзді қор, байлық, қазына деп қазақшаға аударуға болады.
Сондықтан да осы терминдерді дидактикалык принципке қолдансақ, онын мәнін адам бойында жинақталған білімі, іскерлігі, шеберлігі және ойлау қабілеттілігі деп түсіндіруге болады.
Білім берудің түсініктілігі оқушынын жас және жеке басының ерекшеліктерімен анықталады. Сонымен қатар бұл принцип оқу үдерісін ұйымдастыру, мүғалімнің сабақ өткізу әдістері мен тәсілдеріне де байланысты деп айтуға келеді. Білім берудің түсініктілігі жайлы және оны практика жүзінде іске асыруын өз кезінде Я.А. Коменский: ...жеңілден қиынға, белгіліден белгісізге, қарапайымнан күрделі түріне қарай түсіндіру, - деп айтқан болатын. Ал қазіргі кездегі оку үдерісіндегі теориялар мен практикаларға үңілсек, бұл принципті көп түрде қолдану ережелерін ашып береді.
Оқу үдерісінің түсініктілігі оқытушы мен оқушының жұмыс істеу қабілеттілігіне де байланысты. Оқушының жұмыс істеу қабілеттілігін шынықтыра, дамыта отырып, оның ойлау қабілеттілігінің ұзактығын және қарқындылығын арттыра отырып, қандай да бір болмасын кедергілсрді жеңуге болады. Теория мен практиканы ұштастыру принципі. Білімді игерудсгі ең басты принциптсрдің бірі теория мен практиканы байланыстыруда классикалық философия жәнс қазіргі гнесеология сң басты ролі болып есептследі. Бәрімізге дс белгілі білім берудін сапасы, тиімділігі тек практика жүзінде дәлелденеді.
Сондықтан да практика шындыктың өлшемі деп айтамыз. Білімнің өмір мен тсориялық практикамсн байланысы білім берудін мазмұнына, оку-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға, қолданылған оқыту әдістері мен формаларына және саяси дайындыққа, оқушылардың жас срекшеліктеріне де байланысты. Осы принципті практика жүзінде іске асыру көптегсн шығармашылық ережелерді сақтағанда ғана іске асырылады. Сондықтан әрбір ұстаздың басты міндеті - барлық уақытта теория мен практиканың арасындағы диалектикалық байланыстарды аша отырып үйрету. Бұл жөнінде жаратылыстану ғылымында көптеген мысалдар мен дәлелдер бар. Егер оқу-тәрбис жұмысында ой қызметін практикалык қызметпен ұштастырса, оқушылардың білімі 80-85%-ға дейін артады.

Пән мұғалімінің кәсіби мамандануын дамыту
Осы уақытқа дейін жоғары оқу орындарында биолог мамандарды дайындау олардың білімін дамытуға бағытталынған болатын. Заманауи талап бойынша болашақ биолог-мүғалім мамандарды дайындаудың мақсаты жоғары білімді, білікті мамандармен қатар, кәсіби мәдениетті ұстаздарды дайындауға басты назар аударылуда.
Жоғары оқу орындарында маман дайындауда, оның ішінде, пән мұғалімдерін дайындаудағы басты екпін студенттерге тек қана білім беруді талап етіп келеді. Ал бүгінгі таңда негізгі акцснтті басқа жаққа қарай бағыттаған жөн. Жоғары білім берудегі басты мақсат - көптеген ғалым-мамандардың зерттеуіне сүйенетін болсақ, болашақ мамандарды калыптастыруда, дамытуда олардың кәсіби білімімсн қатар мәдениеттілігін де дамыту, шығармашылық мәдениетіне ерекше мән беру. Сондықтан республикамыздың білім беру саласының алдына койылған басты мақсаты - болашақ мұғалімнің мәдени күндылығына бағдарлап, оның ішінде кәсіби мәдениеттілігін дамыту.
Мүғалімнің кәсіби мәдениеті дегеніміз - жалпы педагогикалық және пәндік білімі, біліктілігі, дағды, шеберлік құндылықтарын бағдарлау, сонымен қатар жеке тұлғалык сапасын арттыру. Мұғалім ұрпақтан-ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ете отырып, ұлттық мәдениетін сақтау арқылы, жаңа білім беру жүйесін қалыптастырып құру арқылы маманның мәдениеттілігін дамуына өз үлесін косу болып табылады.
Мәдениетті маман тәрбиелеу үшін:
- сапалы, білімді, біліктілікті бола отырып, жске басының мінез-құлқын және мәдени құндылығын рефлексифті тұрғыдан бағалауды:
- болашақ мамандарға адами ерекшілік, рухани ізгілік жағына қарай бағыт-бағдар беруді;
- кәсіби-мәдени нормаларды меңгере отырып, жеке тұлғалардың мәдениетін қалыптастыруды, мәдени дамытуға әр - түрлі ақпараттарды пайдалана білуге үйретуді басты бағдар етіп алуы керек.
Кәсіби мәдениеттілік - өзінің кәсіби қызметін саналы түрде ұйымдастыру әдіс-тәсілдсрі. Соның нәтижесінде студенттсрге жан-жақты терең білім беруді қамтамасыз ету арқылы шәкірттің өзін-өзі дамытуы, өз бетінше білімді игеруі, өзін-өзі жетілдіруі. Сондықтан болашақ биологтардың кәсіби мамандықтары мен мәдениеттілікке үйрету үдерісі аса күрделі, себебі жан-жақты мәселелерді жоспарлай отырып, шешу жолдарын түсіндіру. Бұл жерде, бір жағынан, болашақ мамандарды ғылыми біліммен каруландырып, өміргс жолдама беру болса, екінші жағынан, заманауи технологиялык әдіс-тәсілдерді үйрете отырып жеке тұлға болып дамытуға бағдарлау.

1.3 Биология сабағын өткізуге койылатын қазіргі талаптар
Сабақты өткізудің, оны ұйымдастырудың ережелері мен дидактикалық принциптері бар. Қазіргі кезде педагогика саласында түрлендірудің көп нұсқасы және адаптивтік принципі қолданылады (Е.А. Ямбург. Е.Л. Рачевский, т.б.). Сондықтан да педагогикалық технологияны іске асыруда оқушы үшін адаптивті оқу ортасын дұрыс құру мен адаптивті ұштастыруды білім беру технологиясы деп атап келеді.
Сонымен сабақ деген не? Оған анықтама берсек, сабақ - тұлғаны тәрбиелеу мен білім берудің құралы. Сонымен қатар оның іскерлігі мен дағдылығын, шеберлігін, оның ішкі жан дүниесін, ойлау қабілеттілігінің сапасын, мінез-құлқын, қызметкерлігін дамыту.
Заманауи сабақтың позициялық кілті:
- оқушының сабақтағы белсенділігі. Ол өз бетімен үйренуімен қатар басқаны да үйренеді;
- сабақта оқытушы тек өзі ғана белсенділік көрсетпеу керек;
- оқытушы сабақта - дирижер, оқушының білімі мен тәрбиесінің дамуына жағдай жасаушы;
- сабақта бір-біріне қарама-қарсы әсер етуші емес, өзара әрекеттесуі тиіс.
Осылардың басты кілті - келісімділік, түсіністік, қауымдастылық. шығармашылық бірлестік. Қыскаша айтар болсақ, мүғалімнің міндеті, оқу барысында окушының белсенділігіне жағдай жасау немесе орта жасау. Осы жайлы XIV ғасырда В. Вунд айтқан болатын. Дайын ұғымды, білімді пассивті түрде кабылдағанда адамның физиология сезімі киналысқа, қобалжуға түседі. Ал белсенді түрде қабылдағанда алға тырысуға қанағаттанарлық сезім туындайды.
Сондықтан ең керекті позиция оқушы сабақта белсенділік танытып, өз бетінше білім алуға тырысып, ізденсе, оның нәтижесі өте жоғары деңгейде болады.
Тағы да бір мән беретін жайт оқушы, сабақты өткізу барысында әртүрлі және сапалы ақпараттардың көзін - видео, анимациялық моделдер, мәтіндік фрагменттер, тренажерлер, суреттер, сызба-нұсқалар, кестелер пайдалануы керек. Сонымен бірге әрбір мұғалімнің басты борышы сабақ сапалы өтуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері
Химия сабақтарында интерактивті оқыту технологиясы
Биология курсын оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі
Мектепте биологиядан білім беруден әдіснамалық мәселелері
Мектептегі биология курсының мазмұнында гуманитарлық аспектінің көздеудің маңызы
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА КІРІКТІРУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
Биологияны оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеті
Информатика пәні мұғалімінің функциялары
Пәндер