Киіз басу тарихы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-5бет
Негізгі бөлім
1.Киіз басу өнері-көшпенділер мұрасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6бет
1.1 Киіз басу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6-8бет
1.2 Киіз және текемет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-10бет
1.3 Шебердің қоюы, текеметтің оюы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11-12бет
Зерттеу бөлімі
2. Технологиялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13бет
2.1 Киіз басу технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13-17бет
2.2 Болашақтың текеметтері мен бұйымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18-20бет
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20бет
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21бет

Аннотация
Ғылыми жобада қазақ халқының қолөнері, киіз басу әдістері мен текеметтің жасалу жолдары туралы айтылған.
Ақшаңқан киіз ақ қойдың жүнінен басылады. Дайын киізден туырлық, үзік, түндік, текемет, сырмақ жасалады. Басылатын жүннің мөлшерін, жарамдылығын айыра алатын, шабақтау мен тартуға шебер адамды киізші дейді. Киіз қазір фабрикаларда арнаулы станокпен басылады. Киіз - жүн және түкті тері қалдықттарын илеу арқылы немесе минералды мақтаға тұтқыр материал қосып, жылумен өңдеп, қалыптау тәсілімен жасалған аралық төсем, тығыздау арқылы дыбыс пен жылуды оқшаулау үшін пайдаланылатын зат. Киіз басудың өзі бір ғажап дүние. Жалғыз жарым адам ешқашан киіз баса алмайтыны белгілі. Киіз басу - көрші-қолаң мен жастардың қауымдасып атқаратын шаруасы. Бұл шаруаны атқару үшін жастардың білек күші аса қажет.
Бұл жұмыста оқушылардың ерекше қабілеттерін дамытудың қажеттілігі мен маңыздылығы атап өтілді, сонымен қатар заманауи текеметті жасаудың жаңаша әдістемесі туралы айтылады. Ғылыми жоба барысында қазақтың киіз басу технологиясы мен киізден жасалатын текемет пен жүннен жасалған бұйымдар туралы құнды ақпараттар беріліп, жан-жақты зерттеледі.

Аннотация
В научном проекте рассказывается о казахских народных ремеслах, методах войлока и способах создания текемета.
Белоснежный войлок печатается из белой овечьей шерсти. Из готового войлока изготавливают кошму, обрывки, ночники, текеметы. Человек, умеющий различать размеры, пригодность печатной шерсти, умеет рубить и тянуть, говорит войлочник. Войлок теперь печатается на фабриках специальным станком. Войлок-это вещество, используемое для звуко и теплоизоляции путем дубления остатков шерсти и волосяного покрова или путем термообработки с добавлением вяжущего материала в минеральную вату, методом формования, прокладки, уплотнения. Известно, что один человек никогда не справится. Войлоковаляние- было общим делом для всех соседей. Для войлоковаляния, молодые люди прикладывали немало усилий. Прежде чем приступить к валянию войлока, необходимо предварительно хорошо провести подготовительные работы.
В данной работе отмечена необходимость и важность развития особых способностей учащихся, а также рассказывается о новейшей методике создания современной текеметы. В ходе научного проекта будет дана и всесторонне изучена ценная информация о казахских войлочных технологиях, войлочных изделиях и текеметах.

Аnnotation

The scientific project tells about Kazakh folk crafts, felt techniques and how to create tekemet.
Snow-white felt is made of white sheep wool. Koshma, special piece of felt to cover top of the yurt at night, tekemets are made of from the felt. A person who is able to distinguish the size and suitability of the pressed wool, who is able to pull and pull is called a felt person. Felt is now printed in factories with a special machine. Felt is a substance used for sound and heat insulation by kneading the remains of wool and fur or by compaction, an intermediate lining made by heat treatment and molding with the addition of a viscous material to mineral wool.
This цщкл notes the need and importance of developing the special abilities of students, and also tells about the latest methodology for creating a modern tekemet. During the scientific project there will be given investigated valuable information about Kazakh felt technologies, products from felt and tekemets.

Кіріспе
Ғылыми жобаның жалпы сипаттамасы. Қазақ қызына ғана емес, әлем сәнқойларына киізден көйлек кигізсем деген арманы бар жас шебер, төрт түліктің жүнінен басылып, таза табиғи шикізаттан тігілген киімнің жылуы да, сұлуы да маңызды дейді.
Осы ретте Мәңгілік Елбасымыздың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласының шеңберінде айтылған бір сөзі есімізге оралады: Жаңғыру атаулы бұрын - ғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Кері - сінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.
Ертеде ата-бабамыз төр алдындағы текеметті де, ат тұрманындағы туырлықты да, бас киімінен бастап, аяғындағы шәркейіне дейін, киіз үйдің жабдығын, қызының жасауын, ұлының сауыт ішінен киер кебенегін киізден басып, тіккен. Киіздің құндылығының жоғары болғаны соншалық, хан көтергенде де, халық ардақтысын ақ киізге отырғызған. Киіздің қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен астарласа үндесіп жатқанының тағы бір дәлелі, ел ішінде киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз деген сөз мәтелге айналған.
Қойдың күзде қырқылатын күзем жүнінен киіз басу кезінде қазақ әйелдері тулаққа салып, жан-жақтан жиналып сабалап, оның соңын тулақ шашу секілді ойын-сауыққа ұластырған. Сондықтан, қазақ салтында киізбен байланысты дәстүрдің қалыптасуы мұны көшпенділер мұрасы ретінде ұлт құндылығы деңгейінде дәріптейді. Киіз басу өнері қазаққа ғана тән емес, ол сол дәуір кезеңінде көшпенді тұрмыс кешіп, ат үстінде өмір сүрген барлық халықтарда бар қолөнер дәстүрі. Ғылыми жоба барысында рухани жаңғыру аясында ұлттық нақыштағы киіз басу өнерімен және текеметті дайындау технологиясымен таныстыратын боламын.
Өзектілігі: Қазақ қол өнерінің өзге ұлттан ерекшелігінің негізі болып киіз басу өнері саналады. Қазір заман ағымына қарай тұрмыс тіршіліктің өзгеруіне байланысты киіз басу өнері кенже қалып барады. Киізді, оның түрлерін соңғы кезде арнайы көрмеден немесе мұражайдан көретін болдық. Ал, сән-салтанатпен жабдықталған киіз үйді тек қана Наурыз мерекесі күні орталық алаңнан тамашалаймыз. Бүгінгі күні бұл дәстүрді ұлықтап, ұстанып отырған ауыл халқының да сиреп бара жатқаны рас. Соның бірі ретінде киіз басу дәстүрін, оның қалыптасу тарихы мен киіз басу барысы жайлы зерттеу жоба тақырыбының өзектілігі болып табылады.
Ғылыми жобаның мақсат-міндеттері.
Атадан балаға мирас болып қалған киіз басу өнерінің қарапайым жолдарын қарастыру;
киіз басу технологиясын жандандыру, жаңа замануи нақыштағы киіз басу түрлерін дамыту;
киізден, жүннен жасалатын күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар жасаудың ыңғайлы жолдарын іздестіру.
Киіз басудың тарихын зерттеу;
Киіз басу технологиясымен танысу;
Киіз басудың қыр-сырын меңгеру;
Киіздің адамның денсаулығына тигізетін пайдасын туралы анықтау.
Зерттеудің кезеңдері: Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып
ерекшелігіне байланысты әдеби-тарихи, жүйелі-сипаттамалық, баяндау, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.
Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.

1. КИІЗ БАСУ ӨНЕРІ - КӨШПЕНДІЛЕР МҰРАСЫ
1.1 КИІЗ БАСУ ТАРИХЫ
Көшпелі қазақ халқының баспанасы киіз үй болғаны белгілі. Көшіп-қонуға ыңғайлы, әрі қыста да, жазда да тұрмысқа ыңғайлы болған киіз үйдің негізі киіз болған. Сөз жоқ, киіз басу өнері көне заманнан бүгінге дейін жетіп отыр. Киіз басу да киіз үйдің тұрмысқа пайдалануға келуімен тұспа тұс келгені де анық. Тіпті одан бұрынырақ келген деуге де болады. Оған дәлел киіз үй біздің заманымыздан бұрынғы 3000 жылдықта пайда болды деген деректер бар. Тіпті кейбір деректерге қарап халқымыздың жүнді пайдаланып киіз басу, арқан, жіп есу, сияқты қолөнері тарихының әріден басталғанын көреміз. Бұл халқымыздың атадан балаға ерте заманнан бүгінге дейін жалғасқан тарихи тума мамандығы жайлы айтпақпыз.
Киізді халқымыз көшпенді тұрмысының барлық қажетіне жаратты. Мәселен, баспанасына жабынды, басына сая, еденіне төсеніш, үстіне киім, өлісін арулайтын, тірісіне сән - салтанат бағыштайтын аса қажетті тұтыну материалы болды. Халқымыз тарихтағы хандарын да ақ киізге көтеріп тағына отырғызған.
Киіз басу өнері Орта Азияны қоныстаған көшпенді ұлттардың шаруашылығының тұрмыс мәдениетінің туындысы. Бұл халқымыздың атадан балаға ертеден бүгінге дейін жалғасқан тарихи тума мамандығы.
Киізді халқымыз көшпенді тұрмысының барлық қажетіне жаратты. Мәселен, баспанасына жабынды, басына сая, еденіне төсеніш, үстіне киім, өлісін арулайтын, тірісіне сән салтанат бағыштайтын аса қажетті тұтыну материалы болды. Халқымыз тарихтағы хандарын да ақ киізге көтеріп тағына отырғызған.
Басу сөзіне үңілсек, халқымыз киіз жасауды - киіз басу деп атаған. Бұл сөздің қалыптасуы да тегін емес екені мәлім, өйткені киіз жүннен жасалады. Ал жүн қанша мол болып тұрғанымен үстінен көлемін бастыра салмақ (қысым) түсірсеңіз қалыңдығы жұқарып, көлемі кішірейеді. Міне, осы қасиетін байымдай білген ата-бабаларымыз су сеуіп, кеспелтек ағаштармен басу арқылы алғашқы киіз нұсқасын жасамағанына кім кепіл. Кейін жүннің ыстық суда бірігетін физикалық қасиетін игеріп, киіз басу техникасын меңгергені белгілі.
Басу сөзі былай қарағанда басып тұрып салмақ түсіру деген ұғымды білдіреді. Бірақ, басу сөзі тағы бір мағынаны - ыстық өткізу деген ұғымды білдіреді.
Дайын киізден туырлық, үзік, түндік, текемет, сырмақ жасауға болады. Киізден жасалған бұйымдардың арасында өзінің қанық, ашық түсті оюымен текеметтер бірден көз тартады. Мұражайлар мен ауыл үйдегі көздің жауын алатын текеметтерден қазақ халқының киіз бен текемет басудан мол іс-тәжірибе жинақтағанын байқауға болады. Киіз дайын болғаннан кейін, оның бетіне түрлі боялған жүндермен қошқар мүйіз оюлардың неше түрі өрнектеледі. Киіз басу тәсілі бір болғанымен текемет бетіне ою салу әр жерде әртүрлі болған.
Текеметке ою қойғанда сары түс пен қоңырқай түстің үндестік табуына ерекше мән беріледі. Жиекке түскен иірлер ортадағы негізгі ою-өрнекпен астасып, үйлесім табуы тиіс. Ою салынғаннан кейін киізді қайтадан шиге орап, киіз бен оның бетіне салынған ою-өрнектер бір-біріне қабысқанша, тағы да пісіріп алады. Текемет дайын болғаннан кейін оны күн көзіне жайып, жақсылап кептіріп алады. Осылайша текеметті бір күн ішінде басып шығаруға болады.
Текемет басу барысында ауыл әйелдерінің басы қосылып, әңгіме-дүкен құрады, сөз алмасып, қазан көтереді, көңіл шалқып, соңы той-думанға айналады. Көне заманнан келе жатқан әр ұлттың өз ғұрпына мән-мағына беріп, өмірдің әр күніне сән бере білген заңдылығы осы жерде айқын көрініс береді.
Киізден мұнан басқа бас киімдер, қазіргі кезде қыздардың сәнді жеңсіз камзолдары тігіліп жүр. Сән әлемінде ерекше сұранысқа ие жүн өнімдері, әсіресе киім үлгілері соңғы кезде ұлттық нақышта безендіріліп жүр. Сәнгерлер киіз басудың өзгеше, жеңіл, бүгінгі заманға сай тәсілін ойлап тапқан. Сондықтан бұрынғы киізге қарағанда қазіргі өнімдер барынша жұқа және өте тартымды болып келеді. Ол сондай-ақ кәде-сый жасауда көптеп қолданылады.
Мен осы жобаны жазу барысында, қазіргі таңда кез-келген үйдің төрінен алатын 3Д картинкаларды жасап шығардым. Киіз басуға арналған жүндерді әр-түсті түске бояп, осындай көздің жауын суретті жасадым.

1.2 Киіз және текемет
Киізді білектеу, басу. Киіз үй жабдықтарының көпшілігі дерлік киізден жасалатыны баршамызға белгілі. Қазақ киіз үйінің сыртына тұтылатын, ағаш қаңқасының сыртынан жабылатын, ыстық-суықтан, жауын-шашыннан қорғап тұратын киіз жалпы атаумен жабу киізі деп аталады. Киіз үйдің жабу киізі алты қанат үй көлемінде сәйкес келетін ши бойымен басылады.Оны қалыңдау, ширақ етіп дайындайды.
Таулы жерлерде көктемнің, күздің түнгі салқындарында яки қыс ауасында киіз үйде отыруға тура келген жағдайда үй ортасына отты мол жағып, от басын айнала отырып, отқа жылынып әрі тамақтану үшін от басына төсеніш қажет болған. Бұл киіз отқа ең жақын төселетіндіктен от киіз деп аталған. От киіздің өзіндік шығу, даму тарихына көз жіберсек, адам мен табиғаттың қарым-қатынасы, адамның табиғатты игеріп, өзіне қолайлы жағдай жасауы, осы процестердің нәтижесінде қолөнер бұйымдарының үнемі жетіліп, дами келе жаңа түрлерінің пайда болуын көреміз.
Түр салынған киіз текемет деп аталады. Яғни киіз бен текеметтің айырмасы киіздің оюлы немесе ою-өрнексіз басылуына байланысты. Киізге түр салып басуды текемет басу дейді.
Текеметке салынатын түр яғни ою-өрнек екі түрлі жолмен салынады:
1) түр ойыстырып салу; 2) шүйкелеп түр салу. Түр ойыстырып салу - талдырмадан қиып алған оюды шабақталған жүннің немесе талдырманың үстіне салып, ыстық су шашып, әрі қарай киізше басу.
Шүйкелеп түр салу - киіз бетіне ою-өрнек ретінде салынатын боялған немесе басқа түсті жүнді бөлектеп басып алмай-ақ (талдырма жасамай) сол жүн күйінде бет тартқанда шүйкелеп отырып бірге тарту.
Арнайы басылған киізге басқа түсті киізден, матадан қиып дайындалған ою-өрнекті сырып тігу арқылы жасалған сәнді бұйым сырмақ деп аталады. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде сыру сөзіне арасын жиі етіп тігетін тігістің түрі, ал сыры атауына жиі етіп бастырып тігу деген анықтама беріледі.
Демек, сырмақ атауының өзі оны дайындау технологиясынан алынған.
Сырмақтың пайда болуының тарихын шолу арқылы оның этномәдени мазмұнын ашып көрсетуге болады.
Киізді ұзындау. Киіздер мен текеметтер қай заманда да тұтынушылардың қажеттіліктерін өтеп келгендігі даусыз. Дегенмен, қоғам дамуы мен тұрмыс мәдениетінің өсіп-өркендеуіне қарай бұл бұйымдардың осы күйінде кейде тазалыққа, тұтынуға тиімсіздігі байқала бастаған. Осыған орай адамдардың тұрмыс деңгейінің, талап-талғамының өсуінің әсерінен қолдануға ыңғайлы, жеңіл әрі көркем, көлемі шағын төсеніштер пайда болды.. Айталық, көнерген киіздерді қабаттап төсеу, одан соң оны қобырай бермеу үшін қабаттап көктеу. Осындай жағдайдан бара-бара қабаттауды белгілі бір пішінге келтіріп, ықшамдап төсеніп, көктеуді де бірте-бірте жиі тігістерге ауыстырып, одан әрі сыруға көшкен деп санауға болатын сияқты.
Алғашқы сырмақ пішіні осылай қалыптасқан.
Бұдан әрі басылған кесек киіздерден қалаған мөлшерде кесіп алып, оны қабаттап сырып, шағын төсеніштер жасала бастаған. Зерттеушілердің айтуынша, мұндай сырмақтар алғашында, әрине, орта салынбай жасалды. Бүтін күйінде ығына қарай сырылуы, сондай-ақ сол кездегі таңба - белгілер, нанымдар бойынша оюлар түсірілді. Мәселен, ашамай +, х белгі, күн бейнесі, т.б. айналдыра сыру тәсілі қолданылды. Бірте-бірте қабатталған киіздердің жиектерін жөрмеу, төрт шетін бойлап, қабаттарын бекіте түсіп, сырудан түскен сызықтарға сәйкес сыру түсіру арқылы сырмақ ортасынан төртбұрыш шығарылған. Басқұр -- киіз үйдің ішін безендіру үшін, әрі уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып таңатын өрнекті жалпақ құр. Басқұрдың ұзындығы киіз үйді айналдыра орап шығатындай болады. Ені 20 -- 30 см. Басқұрды өрмекпен терме тоқу, қақпа тоқу әдістерімен әр түсті жіп, арқау салып, ою-өрнекті етіп тоқиды. Түкті немесе ақ Басқұр және түксіз немесе ала Басқұр болып екіге бөлінеді. Түкті (ақ) Басқұрды түрлі-түсті жіптерді негізгі жіптерге түйіндеп, түкті ою-өрнек салып тоқиды. Түксіз (ала) Басқұр әр түсті жіптерден алаша секілді тоқылады. Басқұрды түйе, қой және жылқы қылы қосылған ешкі жүнінен тоқиды.
Түскиіз - үй қабырғасын сәндеуге арналған жиһаз. Көбінесе төсек тұсына ұсталатын болғандықтан Түскиіз аталған. Түскиіздің шеті түрлі-түсті жіппен өрнектеліп кестеленген бір түсті матамен (барқыт, мәуіті, шұға т.б.) көмкеріледі. Ортасында үйлесімді мата (жібек, мақпал, қымқап) салып киізбен астарлайды. Кейде ақ киіздің бетіне түгелдей (қызыл, сары, көк) ою жапсырады. Ертеректе Түскиіздің қызыл былғарыны күміспен әшекейлеп жасаған түрі де болған. Түскиіздің кестесі көбінесе біртұтас мазмұндағы бірнеше өрнектің ("мүйіз", "гүл", "жапырақ", "шырмауық", "түйетабан", "алқа") ұнамды үйлескен тұтас желісін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Киіз басу технологиясының жетістіктері
Фетр матасынан жасалған бұйымдардың пайдасы
Жүндерді іске әзірлеу
Киіз және сырмақ
Қолөнер тарихы
Қазақ қолөнері
Тоқу өнері. Ою-өрнек
Өрмек және ши тоқу өнері
Шебердің қолы көпке ортақ
Қазақ халқының дәстүрлі өнері
Пәндер