Функцияларды баяндау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Еуразиялық аграрлық колледж

Алгоритм және бағдарламалау негіздері
пәні бойынша курстық жұмыс
Тақырыбы:

Бүтін және нақты сандарға қолданылатын стандартты процедуралар
мен функциялар

Орындаған:Бексеит Темірлан Мақсатұлы
Қабылдаған: Орынбасар Ұлданай Сәндібайқызы

Алматы 2022
Мазмұны:

Процедуралар мен функциялар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
Нақты сандар мен бүтін сандар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..
Процедуралар және функцияларды есеп шығаруда қолдану ... ...
Процедураның бағдарламада шақырылуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
Параметрлі процедураның сипатталуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
Функцияларды модульдерде сақтау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .
Модуль ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Бейстандартты процедуралар мен функциялар ... ... ... ... ... ... . ... ...

Процедуралар мен функциялар

Функциялар
Функцияның ерекшелігі, оған қатынасуға болатын атының болуында және осы ат(осы функцияның орындалуы нәтижесінде) қорытынды мәге ие. Басқаша айтқанда, функция аты айнымалы ретінде қызмет атқарады. Мұнда функция бірнеше параметрлерге тәуелді болғанмен, ал оның нәтижесі-бір ғана сан екендігін астын сызып айтамыз(әзірше сандық функция туралы). Функцияны сипаттау функцияның аты, ол тәуелді болатын параметрлер тізімі және типі көрсетілген function қызметші сөзімен орындалады:
function функция аты (параметрлер тізімі: 1-тип): 2-тип

Мұнда функция аты әдеттегідей (бірінші символы әріп болатын латынның 63-ке дейінгі әрпінен және цифрлардан тұратын символдар жиынтығы), параметрлер тізімі - функция тәуелді болатын(1-тип) типтері көрсетілген айнымалылар тізімі, 2-тип- функция типі(мұнда функцияның қорытынды мәні көрсетіледі) беріледі.
Бұдан бөлек, функция бұл да программа сияқты, онда тақыры-бынан басқа, оның ішінде қолданылатын айнымалылардың сипат-тамасы және begin, end қызметші сөздері бола алады. Оның ішінде Паскальдың кезкелген операторларын қолдануға болады. Соңғы оператордың функцияның қорытынды мәнін функция атына меншіктеуі маңызды.
Функцияны сипаттау негізгі программа басталғанға дейін, яғни негізгі программаның айнымалыларын сипаттаудан кейін, бірақ негізгі программадағы begin-ге дейін орындалуы керек.

Процедуралар
Процедураның функциядан басты айырмашылығы, процедура бірнеше параметрлерге тәуелді болып қана қоймай, оның нәтижелік мәні де бірнешеу болуы мүмкін. Сондықтан да параметрлер тізімі шартты түрде мән-параметрлер және айнымалы-параметрлер деген екі типке бөлінеді. Бұлардың бір-бірінен айырмасы мынада, мән-параметрлер мәліметтерді оған(процедураға) жеткізуге қызмет етсе, ал айнымалы-параметрлер мәліметтерді оған да және кері де жеткізуге қызмет жасайды. Сонымен мән-параметрлер берілген мәліметтерді процедураға жеткізуге, ал айнымалы-параметрлер процедура жұмысының нәтижесін негізгі программаға жеткізуге арналған.
Негізгі программадан процедураға қатынас оның аты бойынша жасалады. Процедура да негізгі программа басталғанға дейін көрсе-тіледі. Процедураның тақырыбы былай жазылады:

Procedure процедура аты(1-параметрлер: 1-тип; var 2-параметрлер: 2-тип). Мұнда 1-параметрлер - мән-параметрлер, ал 2-параметрлер - айнымалы-параметрлер, ол міндетті түрде var қызметші сөзінен басталады. Параметрлердін әрбір түрінің типі(1-тип және 2-тип) көрсетіледі.

Нақты сандар және бүтін сандар

Бүтін сандар деп оң және теріс таңбасымен алынған барлық натурал сандар жиынынан құралған сандар жиының атаймыз.

Яғни бүтін сандар 0, 1, 2, 3, 4,... және - 1, - 2, - 3, - 4,... сандар жиындарының бірігуінен құралған.

Нақты сандар жиыны деп барлық - натурал, бүтін, рационал және иррационал сандардан құралған сандар жиының атаймыз.

Процедуралар және функцияларды есеп шығаруда қолдану
Процедура: паскаль тілінде процедура деген бағдарламаның белгіленген бір мәселені шешуге арналғанатаулы бөлімі. Процедура бағдарламаны құраушы басқа да атаулар (идентификаторлар; жаңа типтер атауы; ерекше белгілер т.б.) сияқты, пайдалану алдында - баяндау бөлімінде анықталуы керек. Баяндау бөлімінде анықталған процедураны, бағдарлама денесіндегі - нұсқаулар сияқты, керегінше қайталап шақырып қолдануға болады.

Процедураларды баяндау

Бағдарламада қолданылатын барлық процедуралар мен функциялар, баяндау бөлімін айнымалылар тарауынан (VAR) кейін, нұсқаулар бөлімінің бірінші BEGIN түйінді сқзінің арасында анықталуы қажет. Өйткені, процедуралар (функциялар) баяндау бөлімінің ақырғы (бесінші) тарауы. Паскаль тілінде, баяндау бөлімінің бағдарлама құрылымындағы орналасу тәртібі қатаң, келісідей келісілген: ерекше белгілер таралу (LABEL); константалар таралу (CONST) типтер таралу (TYPE); айнымадылар тарауы (VAR); процедуралар (функциялар) тарауы.

Процедуралар екі бөліктен тұрады: процедура таұырыбымен процедура денесінен. Процедура денесі - блок түрінде баяндалады. Процедура денесінің құрылымы, бағдарламаның (PROGRAM) құрылымына ұқсайды: баяндау бөлімі мен орындалатын нұсқаулар бөлімінен тұрады.

Процедура тақырыбы - PROCEDURE түйінді сөзінен басталып, процедураның атауынан кейін, жәй жақшаға алынып формальді (жорамал) параметрлер тізімінен құрылады. Процедура тақырыбының жалпы түрі:

PROCEDURE Name_Proc(Pc1 : Tc1; Pc2:Tc2;...;PcN:TcN;

VAR Pa1 : Ta1;...;Pak : TaK);

Мұнда, Name_Proc - процедурасының атауы (идентификаторлары);

Pc1,...,PcN,Pal, - ,Pak - жорамал параметр;

Tc1,...,TcN,Tal .., Tak - ;жорамал параметрлердің типтері;

Процедурның құрылымында, формальді (жорамал) параметрлер қолданылмайтын болса, процедура тақырыбы келесі түрде белгіленеді:

PROCEDURE ProcJd;

Процедураның денесі - бағдарламаның денесі сияқты, өзіне тән баяндау және нұсқаулар бөлімдерінен құрылады. Бар айырмашылығы, нұсқаулар бөлімініңсоңғы END - түйінді сөзінен кейін, бағдарлама денесіндегідей нүктемен (.) емес нүктелі үтірмен (;) аяқталуы шарт.

Процедураның бағдарламада шақырылуы

Функциялар

Егер бірнеше рет кездесетін нұсқаулар тобының нәтижесі жеке мәнімен анықталатын болса, онда осындай нұсқаулар тобын қайталап жазбас үшін оны функция түрінде баяндауға болады.

Функцияларды модульдерде сақтау
:: Программалар көлемі артып күрденген сайын оларды сақтау, түсіну қиындайды. Сондықтан оларды реттеп сақтау үшін модульдер қолданылады.
:: Модуль - бұл программалық кодты ыңғайлы түрде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойындар
Турбо Паскаль программалау жүйесі
Сабақ кестесі
„Трэк” ойыны
Программа жұмысын басқару операторлары
Крест пен нөл ойынын программалау
Билеттерді сату жүйесін дамыту
StaticText,Label,Pаnel компоненттерінде мәтіннің жазылуы
Курс құрылымы
Сабақты қорытындылау
Пәндер