Орал, Торғай облыстарына қоныстандырудың қорытындысы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

XVIII ғасырда қазақ мемлекетінің жер аумағы айқын белгіленіп, оның шекараларына қатаң бақылау орнатылды. Алайда орыс мемлекетінің шекарасы Көшім хан билеген Сібірді жаулап алуы есебінен шығысқа қарай жылжып, барған сайын кеңейе түсті. Сөйтіп ол-қазақтардың шекара шебіне де келіп жетті: Тара, Төмен, Жоғарғы тур және Тобыл сияқты қамалдар салу арқылы жоғарғы шекараларын белгілей бастады.

Бұл кезенде, қазақ мемлекеттілігі айқын көрініс тауып, берік қалыптасқан болатын, егемендігі нақты сипат алған еді. Алайда қазақ елінің бұрынғы толық құқықты дара билеушісі - Тәуке ханның 1718 жылы саяси сахнадан кетуіне байланысты қазақтың үш жүзі өздерінше автономия деуге болатын дербес даму жолына түсті. Бірақ олар сыртқы жаулардан бірлесіп қорғану жөніндегі саясатты өзара келісіп отыратын болды. Өкінішке орай, ондай конфедерация көп ұзамай өзінің осал түстарын көрсете баогады. Өйткені мемлекетгік басқару ісіндегі ең негізгі үйлестіруші буын жалпы жүйеден түсіп қалды, сол себептен, мемлекеттің төуелсіздігіне қауіп төне бастады.

Бірінші Петрдің өзі 1722 жылы: "Бұл орда (қазақ хандығы) - бүкіл Азия елдері мен жерлеріне кілт және қақпа", "мейлі, миллионнан ассын, орасан зор шығынға қарамай, бодандыққа алу керек", - деген екен. Осыдан-ақ империялық саясаттың қалай бастау алғанын болжауға болады. Бірінші Петрдің қазақтарды Ресей отарына тарту туралы айтқан пікірлері жөнінде А. Тевкелевтің жазбасынан толық үзінді келтірейік: " . . . Ұлы Петр кең-байтақ қырғыз-қайсақ ордасын Ресей бодандығына келтіру жөнінде ниеті бар екенін ең төмен адам маған ескеруге мүмкіндік жасады, оның үстіне ол орда бодандықты қаламайтың болса, миллионға дейін жетсе де көп шығын жасалғанына қарамастан, . . . Ресей империясының қамқорлығында болуға міндеттенуін қалайтын ниетін білдірді. Өйткені Ұлы Петр 1722 жылы парсы жорығы кезінде Астраханьда да болып, көптеген адамдар арқылы әлгі орда туралы білуге әмір берді. Қырғыз-қайсақ даласындағылар сенімсіз болғанымен, ол орда бүкіл Азия елдері мен жерлеріне баратын кілт пен қақпа", - деді.

Міне, Қазақстанға алғашқы экспедицияны жабдықтаған да сол патша ағзам. Яғни, 1714 жылы Бекович Черкасскийдің Каспий теңізіне, ал Бухгольцтің қазақ елінің шығысына қарай арнайы аттануына Бірінші Петр өзі тікелей басшылық жасады. Егер Ертіс өңірін, Зайсан аймағын зерттеген Бухгольц 1716 жылы Омбы бекінісін салса, оның соңынан іле-шала қазақ жеріне жетіп келген И. Лихарев 1720 жылы Өскемен бекінісінің іргетасын қалады. Шамамен алғанда осы кезеңнен бастап, Қазақстанның жер атаулары күрт өзгерді. Өлкенің картасына Петропавл, Павлодар, Семей деген атаулар түсе бастады.

Бірінші Петрдің (1689 - 1725 ж. ж. ) шектен шыққан шовинистік көзқарастағы тұжырымдамалары кейінгі Екінші Петр (1727 - 1730 ж. ж. ), Анна (1730 - 1740 ж. ж. ), Елизавета (1741 - 1761 ж. ж. ), II Екатерина (1762 - 1796 ж. ж. ), I Александр (1801 - 1825 ж. ж. ), I Николай (1725 - 1855ж. ж. ), II Александр (1855 - 1881 ж. ж. ), III Александр (1881 - 1894 ж. ж. ) патшалық құрған кездерде де ресми өкімет тарапынан толық қолдау тауып отырды. Орыс халқын империяда билік жүргізуші қожайынға айналдыру міндетін іске асыру үшін патшалар қолынан келгеннің бәрін де жасады. Дегенмен империялық шовинистік саясаттың қылышынан қан тамшылап тұрған заманның өзінде де орыс ғалымдары, шетелдік ғұламалар да қазақ жерін тұтас бір мемлекет деп қарап, оны орыстардың жаулап алғанын атап көрсетіп отырған. Революцияға дейінгі көп тарихшылар ешқашан да қазақтар Ресей империясына өз еркімен қосылды деп айтпаған. Олар қазақ жерлерінің Ресей империясына қосылуы қиын да қарама-қайшы үрдіс (процесс) болғанын мойындаған. Осы ойға байланысты қысқаша болса да, Ресей тарихшыларының еңбектерінде Қазақстанды Ресейдің жаулап алғанын дәлелдеген тарихшыларға тоқтала кетейік.

Ресейдің тарихы отарлауға ңегізделгенін атақты ғалым В. О. Ключевский айтқанды: "Оның ұлы империялық құдіреті отар елдердің көз жасына малынған еді", - дейді. Осы қорытындыны патшалық Ресейдің көптеген тарихшылары қолданды және соның нәтижесінде әлемдік өркениет дамуынан қазақтардың шеттеп қалғаны туралы пікірлерін ашық айтқан болатын.

Белгілі ғалым этнограф А. Н. Седельниковтың басшылығымен "Киргизский край" кітабын құрастырған авторлық ұжымның деректеріне сүйенсек, Қазақстан шекарасындағы Алтайды отарлаудың біршама ерекше сипаты болғанын байқаймыз. Отарлаушы элемент қазақтардан немесе мемлекеттік, әскери міндеттерді атқаратын адамдардан құралмаған; олар тұрмыс тауқыметін әбден тартқан беймәлім адамдар еді, басы ауған жаққа қарай жылжып, жанға жайлы жер іздеген. Әрине бұл көштің оңтүстікке, тауға, табиғаты бай жерге, әрқилы жаулар мен қудалаушылардан тасаланатын жаққа қарай бет түзегені түсінікті де.

Орал (бұрынғы Жайық) өзені сағасын қалай мекендегені кітапта былайша түсіндірілген: "Белгісіз адамдар тобырында қозғалысы әуелі XV ғасырдың соңында басталуы әбден мүмкін. Иван Грозный патшалық құрған тұста Доннан келген "ұры-қары" адамдар мұнда жалпы жұртқа мәлім болған еді, олар Еділ (Волга) бойымен Каспий теңізіне түсіп, содан жағалаумен Жайық (Орал) сағасына жетіп, сонда тоқтаған . . . Осы ғасырдың (XIX) ортасынан бастап орал қазақтары Оралдың арғы бетіндегі қырғыз (қазақ) далаларын жаулап алу ісіне және Орта Азия жорықтарына орасан қызмет етті. Олар қырғыз (қазақ) өлкесіне терендей енген орыс қозғалысының авантюристерінен, мемлекеттік, әскери міндеттерді атқарғандар мен жергілікті жандайшаптардан кем түскен жоқ". Жетісу қазақтарының пайда болуы да осы тақілеттес . . . Шамамен осы уақыттан бастап, шаруаларды қоныстандыру арқылы өлкені отарлау мәселесі күн тәртібіне қойылды. Өйткені бірыңғай әскери адамдардың қажеттілігі әлі туа қоймаған еді. Патшалық өкіметтің билігін нығайту мақсатында «еркін» қазақтарды жергілікті тұрғындарға қарсы белсенді түрде пайдаланған, ал оның демографиялық құрылымын селдірету үшін орыс шаруаларын жаппай қоныстандырған. Алайда өкімет өзінің ресми құжаттарында қазақ жерлерін "қырғыз өлкесі" деп атаған. Профессор Н. Н. Фирсов "Чтение по истории Сибири" еңбегінде мынаны атап айтқан: "Отарлауды орыс тарихының негізгі фактісі санауы орынды. Оның қай дәуіріне қарасақ та, біз өзіміздің бүкіл саяси және қоғамдық құрылысымызбен тығыз байланысты, осы фактымен барлық жерде ұшырасамыз".

Н. Ивановтың "М. Н. Татищев и его время" (1861) еңбегінең мынаны оқуға болады: "Сібірді алу, онсыз да орыстарды көшпелі халықтардың тұтас бір әлемімен байланысқа кіргізді, олардың кейбірі орыс отаршылдығына мейлінше қарсыласты. Сондай халықтардың қатарына Шығыста Алтай тауларынын орта шоғырынан жер алған қонтайшылар иелігіне дейін созылған, ал Оңтүстікте Арал теңізі жағалауына дейін құлаған аралықтағы қазақтарды қосуға болады". Орыс зерттеушілерінің еңбектерінен Қазақстанды отарлаудың қалай және қандай құралдармен жүргізілгендігін, оның ішінде қоныс аудару мен казачествоның орнығуын, қазақ жеріне орыс шаруа келімсектерінің кіргізілгенін көрсететін көптеген құнды мәліметтерді кездестіреміз. А. Н. Седельниковтың "Киргизский край" еңбегінде, мәселен, былай делінген: "XIX ғасырдың басынан бері үкімет жаулап алған өлкені нығайтуға қамқорлық жасады: қалаларда (Омбы, Петропавловск, Семей) жергілікті отырықшы ел құруға тырысты. Осы мақсатта 1808 жылы алдыңғы шептегі қазақ әскерлері құрылды, оларға жер, жалақы және азық-түлік бөлінді. 20-жылдары қазақ әскерлері Көкшетау уезінің тандаулы бөлігін басып алды да, қазіргі Ақмола мен Баянауылда, Көкшетау мен Қарқаралыда бой көрсетті".

Мемлекеттік 1-думаның депутаты Г. Седельников 1907 жылы Петербургте бастырып шығарған "Борьба за землю в Киргазской степи (Киргизский земельный вопрос и колонизационная политика правительства) " атты кітабыңда көшпенділердің малы жиі жұтқа үшырап, өздері кедейленіп қала беретінін, қазақтардың қонысы тарылғандықтан тартқан азабын айтқан. Қазақ даласына патша отаршыларының еркін енуіне байланысты жер қатынастарының бұзылғандығын әңгіме етеді.

Қолында билігі, мұздай темір құрсанған әскері бар отаршыл үкімет әкімдері қазақтардың мүдделерін табанымен тап-тап, құнарлы жерлерін озбырлықпен тартып ала берген. Қазақ бірде арызданып, отаршын әкімдердің есігін күзетіп, бірде қолына шоқпар, сойылдарын алып, переселендермен жанжалдасып, жерін қорғап баққан. Сол сәтте-ақ, губернатордың бұйрығы бойынша қазақ арасына қарулы әскер шығып, "тыныштық" орнатқан, елді жаппай жазалап, бағындырған. Бір болыс, бір уезд болса ештеме емес қой, ішкі Ресейден крестьяндарды жаппай көшіріп әкеліп, қоныстандыру кезінде тұтас облыстар "соғыс жағдайында" деп жарияланған да, қазақтар қылыштарын қынабынан суырып, солдаттар оқтаулы мылтықтарын кезеніп тұрған. "Жеріңді берсең де бересің, бермесең де бересің", - деген. Басып алынған жерлерге орыс және басқа да ұлт өкілдері қоныстандырылған да, қазақтардың өздері шөл және шөлейт далаға қуылып тасталған.

Орыстың ілгерішіл (прогресшіл) ғалымдарының еңбектерінен Қазақстанды отарлаудың қандай жолдармен жүзеге асырылғандығын, қазақтардың қазақ жеріне қашан келіп, қалай орныққанын, орыстың қара шекпенділеріне қазақ жерінің қалай бөлініп берілгенін оқып, білуге болады. Айталық, "Қырғыз өлкесі" деген кітаптың 158-бетінде былай делінген: "XIX ғасырдың басынан үкімет жаулап алған өлкені орыстандырудың қамын жеді, қалаларда (Омбы, Семей, Қызылжар, Өскемен) орыстарды тұрғылықты халық етіп қалыптастыруға барын салын бақты. Міне, осы мақсатпен 1803 жылы жергілікті линиялық қазақ әскері ұйымдастырылды, оларға жер бөлініп берілді, жалақы тағайындалды. Ал 20-жылдары қазақ әскерлері Көкшетау уезіне қарасты жердің ең тандаулы бөлігін тартып алды, сөйтіп, қазіргі Ақмола, Баянауыл, Көкшетау, Қарқаралыға дейін барды".

"Қырғыз өлкесінің" 164-бетінде А. Седельников бастаған авторлар ұжымы әлгі қазақ дегендердің бет пердесін ашып, олардың кім екенін айдай әлемге паш етіпті. Бақсақ, қазақ әскерінің құрамындағылардың көпшілігі ұры-қары, өз жерінде күнін көре алмаған қырық құрау, қырық жамау ел екен, Алтай казачествосы, міне, кезінде осындай элементтерден құралыпты. Осы кітапта Жайық өзенінің сағасына келімсектердің келуіне байланысты мынадай жайт айтылады: "Кім екені белгісіз адамдар тобырының бұлай қарай бет алуы, сірә, XVI ғасырдың аяғына таман басталса керек. И. Грозныйдың патшалық құрған кезінен Доннан қашып, Еділ мен Каспий теңізіне, оның жағалауымен Жайықтың жағасына жетіп, қоныс тепкен ұры-қары адамдарды бар екендігі белгілі болатын . . . XIX ғасырдың орта тұсынан бастап, Орал қазақтары Жайықтың арғы жағындағы қазақ даласын жаулап алу, Орта Азияға жорыққа шығу ісіне көп еңбек сіңірді. Шығыстағы әскери адамдар мен еркін қарашекпенділер сияқты Орал қазақтары да қырғыз (қазақ) даласын жаулап алуы барысында нағыз авантюристер болып шықты. Жетісу жеріне де қазақтар осылай келді. Олар да жергілікіі халықты езіп-жаншып, оған зорлық-зомбылық көрсетуде патшаның ең сенімді тірегі болып саналады. Осы айтылғандардың бәрі, сайып келгенде, патша үкіметінің Қазақстанды отарлау жөнінедгі саясатының жолдары мен тәсілдерінің сан қилы болғандығын аңғартады. Өз үстемдігін нығайтып, жергілікті халықтың демографиялық құрынымын күйрету үшін патша ағзам орыс қарашекпенділерін жаппай көшіру тәсілін қолданды. Бірақ осыншама аяр саясат ұстанса да, патша үкіметі қазақ даласын қазақтардың немесе қарашекпенділердің жері демей, күллі ресми құжатгарда "Қырғыз өлкесі" (қазақ өлкесі) деп атайтын еді".

Профессор Н. Фирсов өзінің "Сібір тарихының мәліметтері" деген еңбегінде: "Орыс тарихының негізгі фактісі отарлау болып келгені ақиқат. Қай дәуірге көз жүгіртсек те, біздің күллі саяси және қоғамдық құрылысымызбен астасып жатқан осынау фактіге ұдайы кездесіп отырамыз", - деп жазды. Бұдан кейін автор XVI ғасырдан бастап әуелі Москва мемлекетінің, содан кейін Ресей империясының Сібірдің ұлан-байтағын, Қазақстанды да бірте-бірте қалай жаулап алғанын бұлтартпас фактілермен дәлелдеп береді. Бұл еңбектен еліміздің солтүстік бөлігін "орыстың байырғы жері еді" деген тұжырымды кезіктірмейсіз. Қайта "орыс қаруының қүдіретімен жаулап алынған Сібірді ежелден мекендеп келе жатқан түркі тектес халықтар" деген пікір бар.

Сібірді жаулап алу осынау байтақ өлкеге адам айтып жеткізе алмайтын қайғы-қасірет алып келді. Осыған орай Н. Фирсов былай деп жазды: "Егер көшімдік Сібірді бағындыру жорықшылар көсемінің (Ермакты айтып отыр), оның көптеген қандыбалақтарының басын жұтса, кейін тізе бүккен "сібірліктердің" қаны судай ақты. Айталық, 1555 жылы Сібір патшасы Едігердің салық төлейтін 30700 адамы болса, ал XVII ғасырда Батыс Сібір өлкесіндегі жеті уезде олар 3000 адамға да жетпейді дейтін мәлімет бар". Жергілікті халықтың санаулы жылдар ішінде он есе азаюын геноцид демей не дейміз?

Әлбетте, патша өкіметінің адам төзгісіз отарлау саясаты жергілікті халықтың толқуына, бас көтеруіне әкеліп соқты. Ал "бұратаналар" тарапынан байқалған мұндай "жүгенсіздіктің" соңы неге соққанын аңғару да қиын емес. Соған орай, 1616 жылы бас көтерген қазақтарды қазақтардың қойдай бауыздағанын айта келіп: "Сансыз қырғыздарды қырып салып, олардың бала-шағасы мен қатын-қалашын тұтқындады", -дейді. Тізе берсек, отаршылдардың бейбіт жатқан қазақтарға қысастығы, зорлық-зомбылығы, өктемдігі аз емес.

Біздің бұл пікірімізді нақты дәйектейтін мысалдарды әйгілі орыс зерттеушілері А. Левшиннің «Қырғыз-қайсақ елінің сипаттамасы» (1832), К. Риттердің "Азиядағы жерді игеру ісі" (1877), В. Сиверстің "Азия" (1896), Элизе Реклюрдің "Жалпы география" (VI том. "Азиялық Россия" (1898), Н. Фирсовтың "Сібір тарихының мәліметтері" (1915), сондай-ақ Ресейдің толық географиялық сипатгамасына арналған "Россия" (1903) деп аталатын көп томдықтың "Қырғыз өлкесі" деген бөлімінен көптеп келтіруге болады.

Бұл еңбектердің бәрінде дерлік географиялық зерттеулерге қоса, қазақ жерін орыс мемлекетінің отарлауы жөнінде қыруар мәліметтер бар. Кейбіреулер Әбілхайырды өз еркімен бодан болды дегенді бетке басады. Шын мәнінде, бұл іс қанды Жармақ (Ермак) жорығынан бастап бағдарланды. Қазақ - орыс соғысы 1582-1598 жылдары Ермак - Көшім соғысынан басталып, 1864 жылы 1 мамырда подполковник Черняевтың Меркі мен Тараз қалаларын үдере шабуылмен алуымен аяқталды. Сонымен, орыс елі қазақ елін 1731 жылдан емес, 1580 жылдардан бастап шапты. Өйткені Жармақ жаулап алған Ібір-Сібір жұртының халқы, негізінен, қыпшақ, арғын, найман, жалайырлардан тұратын. Осы жерде заңды тұрғыдан алғандағы бір нәзік те шешетін мәселе бар. Енді соған назар аударалық. Өйткені бұл мәселе қазақтардың сол кездегі егемендігі жөнінде қалыптасып қалған ескі көзқарасты өзгертеді, кейінгі кезде орын алған ұлт-азаттық қозғалысының әрбір толқынының қандай мәні мен маңызы болғандығын айқындауға көмектеседі. Орыс тарихшылары мен кеңес идеологтарының Әбілхайыр мен Ресей әкімшілігі арасындағы жасалған Келісім шын мәнінде "Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуын" дәлелдейтін құжат болды деуден жақтары тынған емес. Бірақ бұл пікірдің дәлелсіздігі, біріншіден, ол Ресеймен 400 жылдық қарым-қатынаста қазақтардың Ресей армиясымен 80 жылға созылған қанды соғыстары; екіншіден, сол кездегі барлық карталарда қазақ жерінің Ресейдің бөлігі ретінде көрсетілмеуі дер едік. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының қорында сақталған бірнеше тарихи карталарға жұртшылық назарын аударуды мақұл көреміз. Біздің алдымызда әлденеше географиялық карталар жатыр. Ең алғашқы карта 1816 жылы жасалған. "Орта Азияның қырғыз-қайсақтар, қарақалпақтар, түркмендер мен бұқаралықтар жеріне қатысты бөлігінің картасы" деп аталады. Екінші карта "Сібір және Орынбор қырғыздарының (қазақтарының) арасындағы шекараның Бас штабы" делінген. Картаны бас штабтың поручигі Пеховскийдің, топографтар Алексеев пен Яковлевтің қатысуымен 1841 жылы жасағаны атап жазылған. Үшінші - Сібір және Орынбор қазақтарының арасындағы шекараны бейнелейтін, 1864 жылы жасалған карта. Бұл карталар қазіргі Қазақстанның батыс, терістік, шығыс өңірлерінің қазақ жері екеніне күмән келтірмейді. Ресей жері мен қазақтар жерінің шекараларын тайға таңба басқандай етіп таңбалайды. Қазақстан қиырлары иесіз жатқан, атаусыз, дерексіз дала емес, тауы мен сай-саласы, өзен-көлі қазақ атауымен жазылған, шекаралары айқын межеленген ел екені танылады. Қазақстанның терістігі, яғни қазіргі Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола мен Көкшетау, Семей атырабының бәрі де ежелден қазақ жұрты қоныстанған түбегейлі мекен екені барлық карталардағы жер-су аттарынан айқын білінеді. Ешкіөлмес, Қаратөбе, Жақсы Арғанаты, Жаман Арғанаты, Жыланшық тауы, Сары оба, Аршалы айырық, Қотыртам, Ұлытау, Едіге шоқысы секілді жер аттары; Қарақоға, Шөптікөл, Шұқыркөл, Қарын салды, Торғай салды өзен-көл аттары соған дәлел. Ал "Ішкі орда қазақтарының 2-Каспий бойы округінің жоспары" деп аталатын картада тіпті жеке рулардың еншісіндегі жерлерге дейін ара жігі ажыратылып, өзара шекаралары, шаһарлары сызықтармен беліленіп көрсетілген. Мәселен, "Нұралиев бөлімшесінің жерлері", "Беріш бөлімшесінің жерлері", "Жаппас бөлімшесінің жерлері", "Саркеш бөлімшесінің жерлері" дегендей картада нақты-нақты жазулар сайрап тұр.

Ақиқаттан аттауға ешқашан, ешкімнің де құқы жоқ. Ресейдің өз өкілдерінің қолымен орыс тілінде жазылып, мұрағат қоймаларында сақталған осындай тарихи айғақтар, Кіші жүз, Орта жүз қазақтарының жері 1816, 1841 жылдары Ресей империясының меншігі болмағанын дәлелдейді.

Орыстың белгілі тарихшысы В. О. Ключевский және Америка Құрама Штаттарының Колгейт университегінің профессоры Марта Брилл Олкотт екеуі де Кенесары көтерілісі жеңілгенге дейін Қазақ даласы Ресей империясының меншігі болмаған дейді. Бұл тұжырымға біз де қосыламыз. М. Б. Олкотт өз еңбегінде көптеген дүние жүзі ғалымдарының қазақтарға қатысты зерттеулерін кеңінен пайдаланған. Сонымен қатар, ғалым өз кітабында орыс-кеңес зерттеушілері мен қазақ ғалымдарының да пікірлерін көп келтіреді. Автор Абайдың, Ш. Уәлихановтың, А. Алекторовтың, Ы. Алтынсариннің еңбектеріне сілтеме жасайды. Кітаптың бірінші бөлімі "Қазақ хандығының орнауы мен құлдырауы", екінші бөлімі "Қазақтардың орыс империясының құрамына кіруі", үшінші бөлімі "Революция және кеңестік Қазақстан" деп аталады. Кітап Станфорд университетінің баспаханасынан 1987 жылы басылып шыққан. Кітапта автор қазақта туыстық қатынас өте кең дамығанына, көне заманнан бері табиғи түрде ұштасып жатқанына және өзіндік дәстүр-салты мен мәдениетіне тоқталған, сонымен бірге қазіргі қазақтар ертедегі түркілердің, одан кейін Алтын Орда, Ақ орданың тікелей ұрпақтары екенін жан-жақты көрсеткен.

Белгілі тарихшы М. Вяткин "Қазақтар тарихы туралы" атты кітабында: "Орыс-қазақ қатынастары тарихы 1735-тен 1869 жылға дейінгі орыс билеушілеріне қарсы халық бас көтерулерімен бейнеленеді", - деді. Осы көзқарасқа сәйкес, бұл кезеңдердегі Сырым батыр бастаған (Кіші Орда, XVIII ғасырдың 80 - 90 жылдарының аяқ кезі), Исатай Тайманұлы (Ішкі орда, XIX ғасырдың 30-40 жылдары), Кенесары Қасымов пен Садық (Орта орда, XIX ғ. 40-60 жылдары) бастаған көтерілістер өзара байланысты болды. Әрбір көтеріліс келесісінің бұрқ ете қалуына түрткі болды, барлық бас көтерулер экономикалық жағдайларының нашарлап кеткендігінен, қазақтардың орыс билігін жек көру сезімі күшті болуынан шықты.

Кейінгі зерттеушілер М. Вяткин көзқарасымен қызыл кеңірдек таласқа түсті. Кеңес одағының басшылығы Ресейдің жаулап алуы мен отаршылдық билеуі көпшелілер үшін пайдалы әрі өз еріктерімен болған деп түсіндіруді талап етті. Кеңес одағындағы ұлттық азшылық орыс дәстүрінің артықшылығын және көпұлтгы мемлекеттегі орыстардың жетекшілік рөлінің сөзсіз екендігін мойындауға тиіс еді. Осылайша орыстардың қазақтарды билеп-төстеуі жаулап алу емес, жағымды жағынан суреттеліп, қазақтардың орыстарға қосылуы немесе қазақтардың орыс билігіне өз еркімен бағынуы ретінде бағаланды. Солай бола тұрғанмен, біз патшалық Ресей тұсындағы және кеңес дәуіріндегі кейбір зерттеу еңбектерінен XVIII ғасырдың 80-жылдарынан қазақтардың орыстарға бағынуы еркін түрде болмағанын көреміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресейдің шаруаларын қоныс аудару және Қазақстанды аграрлық отарлау
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы буржуазияның қалыптасу процесі
КСРО халықтарын Қазақстанға депортациялау
Мемлекеттік дума туралы
Отарлық басқару ережелері негізінде рухани өмірге көрсетілген қысым
ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРАТЫН ӨЗГЕ ҰЛТТАР МЕН ЭТНОСТЫҚ ТОПТАР
ХIX ғ. аяғы –XX ғ. басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-эканомикалық жағдай
Столыпин реформасы және қазақ шаруаларының тағдыры
Кеңес өкіметінің көші-қон саясаты
Қазақстанға қоныс аударушыларды орналастыру: мақсаты, әдісі, салдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz