Мысыр өнерінің классикалық кезеңі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылымминистрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды
Университеті
Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы
Көркем өнер тарихы мен теориясы пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:__________________________ __________________

Ғылыми жетекші
______________________
___

__________ Студент
(бағасы)

_______________________



Қарағанды 2022

Мазмұны

Кіріспе
1 Ежелгі мысыр өнері
1.1 Династиялыққа дейінгі кезең
1.2 Ерте патшалық кезеңдегі рельеф өнерінің қалыптасуы
2 Ежелгі патшалық
2.1 Мысыр өнерінің классикалық кезеңі
2.2 Монументтік-портреттік кезең
3 Орта патшалық
3.1 Мүсін және иероглифтердің ерекшеліктері
3.2 Жаңа патшалық кезеңдегі храмдар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Кіріспе
Әлем өнерін өткенде Мысырдың ғажайып өнері басқа аймақтардағы мәдени ескерткіштерге қарағанда өзіндік сипатымен, көнелігімен ерекшеленеді. Мысыр жерінде өнер ошақтары, түрлі кешендер мен қорымдар жақсы сақталған. Сондықтан да Мысырдың көне мәдени-рухани байлығынан біршама толығырақ мәлімет алуға болады.
Ежелгі мысыр өнерінің тaрихы 4мың жылдан aстам уaқытты қaмтиды. Сол себепті Мысыр өнері үлкен қызығушылық туғызaды. Өйткені адaмзат тарихындaғы бірінші тaптық қоғам өнердің дамуын анықтaумен қатар, Мысыр құлиеленуші қоғамының өміріндегі өзгерістерді толығымен зерттеуге мүмкіндік береді. Cондықтан, ежелгі Мысыр өнерінің тарихы мынандай кезеңдерге бөлінеді:
1. Динaстиялыққа дейінгі кезең немесе Ерте патшалық (б.з.д. 4 м.ж.)
2. Ежелгі патшалық
3. Орта патшалық
4. Жаңа патшалық
5. Кейінгі уақыт эллинизм мәдениетіне көшу кезеңі.

1. Ежелгі Мысыр өнері
Мысырдың пирамидалар отаны екені мәлім. Тастан қашалып, қолдан тұрғызылған ғимараттар сонау көне заманның белгісі болып, тарих көкжиегінде асқақтап тұр. Сұсты да тәкаппар ғимараттардың құпиясы, айтар сыры мол. Пирамидалар ескі дәуір қоғамын дәл айшықтайды, патшалық құдіретін, билеушілердің байлығы мен күш-қуатын паш етеді. Сансыз жұмысшы армиясы жыл сайын ауыр жұмысқа жегілді - тау жынысынан алып гранит тас кесегін кесіп алу, қашау, құрылыс орнына жеткізу, ең қарабайыр техникамен қалау - әміршінің мәйіті тас табытқа салынғанға дейін тыным таппады. Бұған дейін де, кейін де ешқандай халық, ешбір басқа патшалық осыншалық орасан шығын мен осынша қуатын табыт ескерткішке жұмсауға тәуекел ете қоймаған. Бірақ перғауындар мен олардың қоластындағыларға пирамидалардың практикалық маңызы зор болды. Құдайдың ерекше құлы, жоғарғы билікті ұстаған перғауындар жердегі миссиясын атқарғаннан кейін өзі бұл дүниеге келгенге дейін өмір сүрген Құдайлар ортасына қайта оралуы керек еді. Перғауындар өздерінің көкке көтерілуіне асқақ пирамидалар көмектеседі деп жорамалдаса керек. Қайткенде де олар қасиетті мәйіттерді бұзбай сақтауы тиіс болды.
Мысырлықтар жанның о дүниедегі өмірін жалғастыру үшін мәйітті сақтау керек деп сенген. Мәйітті бұзылып кетуден сақтау үшін бальзамдап, тоқыма таңғышпен қатты таңып тастайтын. Осылайша бальзамдаудың кең тараған түрін ойлап тапты. Перғауынның мумиясына пирамидалар тұрғызылды; мәйітті тастабытқа (саркофаг) салып, үлкен құрылыстың дәл ортасына жайғастырды. Мәйіт жатқан бөлме қабырғалары тұтастай перғауынды басқа дүниеге жөнелтуге көмектесетін магиялық формулалармен және дуа жазбалармен толтырылды.

1.1 Династиялыққа дейінгі кезең
Династиялыққа дейінгі және архаикалық кезеңдерде Ніл алқабында өзгеше мысырлық мәдениет негізі қаланды. Осы уақыттың бізге жеткен мәдениет ескерткіштері өте аз. Тарихқа дейінгі кезеңде елдімекендер балшықпен сыланған, пішіні дұрыс емес, ұзақ сақталмайтын материалдан тұрғызылған
тұрғын үйлер - қамысты лашықтардан тұрған деген болжам бар. Кейінірек балшықтан, әк пен құм ерітіндісімен немесе ерітіндісінсіз, көлемі 14 х 38 х 11 күйдірілмеген кірпіштен салынған ғимараттар пайда болады. Нәтижесінде бірнеше бөлмеден тұратын тік бұрышты дұрыс пішінді құрылыстар қалыптасады. Кейде ағаш қаңқа пайдаланылды. Ағаш төсем түріндегі аражабындарды орнату үшін де қолданылды. Дің ұзындығы 4-5 метрден аспайтын жергілікті пальмалар қолданылды, сондықтан да бөлмелер тар және ұзын болып келді. Тірек немесе жалған тоғыспалар сирек қолданылды (бірінің үстіне бірі төніп тұрған тоғыспалар, тірекке күш түсірмейді). Тас басқа жерден әкелінетін болғандықтан, іргетастар, сарайлар мен ғибадатханалар құрылысы, сондай-ақ қаптайтын тақталар ретінде ғана қолданылды.
Б.з.д. ІІІ мыңжылдықтардың бастапқы кезеңінде өлілерге табынушылық қалыптасып, күйдірілген кірпіш пен қаптайтын тас тақталардан салынған алғашқы молалар пайда болады. Көбінесе, олардың пішіні кемерлі болып келеді (Нагадтағы Менес перғауынның мазары).
Мысыр өркениеті, бірінші болып, дамыған, әкімшілігі орталықтандарылған ұлы державаға айналады. Ендігі жерде, Мысыр мемлекетінің жоғарғы өкіметі халықтың сана-сезіміне сіңіруге тиісті біржолата белгіленген түсініктер мен сенімдердің болуын талап етті. Осыған орай, бұл жерде мемлекет басшыларын, яғни перғауынлар құдай санатында болса, олар өлмеу керек, осыдан барып өлген адам тіріледі деген діни түсінік пайда болады. Осының салдарынан бүкіл өнер оның ішінде сәулет, мүсін, кескіндеме, әдебиет, мифорлогия осы діни көзқараспен тікелей байланыста болады. Яғни, өнер о дүниелік өмірге арналады. Тақырыптардың барлығы дерлік, діни-мифологиялық жанр төңірегінде тарқалады. Бірақ, сонымен қатар, туындыларда халықтың өмірі, тыныс-тіршілігі, кәсібі мен тұрмысы және батырлардың ерлігі сипатталатын бенелеу өнеріндегі көріністер де аз үлесін алады.
Мәселен, мысырлықтар алғашқы қауым адамдары тәрізді діни көзқарастарын тотемизммен байланыстырады. Бірақ, мұнда құдайларды тек қана жануарлар бейнесінде ғанa көрсетпей, антропоморфтық образдар түрінде сомдайды, яғни жартылай жануар, жартылай адам - таңғажайып екі бейненің қосындысын кереміз. Мысырлықтар Кунді ең басты, ен құдіретті көркем құдайымыз деп санады. Оны Амон-Ра құдайы деп атап, ол сұңқар басты адам бейнесінде бейнеленеді. Ақыл мен есеп құдайын Тот деп атап, онын денесі адам, басын ибис құсының басымен бейнелейді. Өлгендердің құдайы Анубис - ит немесе қорқау қасқыр басты жауынгер бейнесінде мүсінделеді. Аңыз бойынша ең біріншi мумияны Анубис жасаған деп айтылады. Қасиетті жануарлардың ішінде Көкқұтан құсы Бену, Күн құдайы Амон-Раның жанын сақтаушы деп саналса, бұқа Апис бейнесі құнарлылық пен жемістіліктің бейнесі ретінде қабылданады. Перғауындарды Күн құдайы балалары деп есептеді. Сондықтан күн символикасы барлық жерде бейнеленеді. Күн құдайы немесе жарық дүние құдайының екінші атауы Гор-сұңқар деп аталады. Мифология бойынша, оның әкесі Осирис табиғат құнарлылығы құдайы, бip кездегі Мысыр патшасы болып, мысырлықтарды жер өндеп, бақтар салуға уйретіпті-мыс. Өзінің бауыры Сеттің қолынан қаза болады. Сет - зұлымдық құдайы болып есептеледі. Осиристің баласы Гор, Ceтті жекпе-жекке шакырып, оны жеңіп шығады. Аңыз желісі бойынша, Гор өзінің бір көзін кесіне беріп, оны тірілтіп алады-мыс. Сондықтан, көздің бейнесі де Күн бейнесі тәрізді киелілік символы ретінде көп жерлерде бейнеленеді. Бірақ, тірілген Осирис жарық дүниеге қайтып оралмай, о дуниенің патшасы болып қала береді. Оның мұрагері Гор - жарық дүниенің патшасы болады. Бұл жерде Ежелгі Египет перғауындары өздерінің өмірлерінің үлгісін осы мифологияға сәйкестендіруге ұмтылуы туралы айтады.
Сөйтіп, ендігі жерде перғауындарға мәңгі емір қамтамасыз ету үшін олардың мүрдесін сақтап, тірлікте керек болған нәрсенің бәрімен қамтамасыз ету қажеттілігі туады. Енді өлген, перғауындардың мүрдесін бальзамдап мумияға айналдырып, оның денесіне уқсас статуясын жасайды және сонымен бірге қызметшілерінің статуясын жасап, бірге жерлейді. Оларды Ушебти деп атаған. Айта кететіні, басқа Шығыс елдерінде, мысалға ежелгі Вавилонда бай, атақты адам қайтыс болса, онымен бірге оның әйелің қызметшілерік малдарын бірге елтіріп жерлейтін өте қатыгез рәсім болған. Осыған қарағанда. Мысыр дінінде адам өміріне қиянат жасау рәсімдері болмаған деген тужырымға келуге болады. Сол сияқты, Ежелгі Мысырда сәулетші мен мүсіншіні санх деп атаған. Ол өмірді қайта жасаушы деген мағынаны білдірген Өлген адамның бейнесін жасай отырып, тіршіліктіңөзін қайта жасайды деген түсінікболған. Ежелгі Мысырда адамның ка деп аталған екінші жаны өэінің иесін табу қажет болғаң сондықтан адамның мүсіні өзіне үқсас болуы міндетті шарттардың бірі болды. Осыған орай, портреттік пластиканың жоғары деңгейде дамуы өз-өзінен түсінікп. Ғасырдан-ғасырға, урпақтан-үрпаққа еш өзгеріссіз беріліп, мыңдаған жылдар бойы үстанып келген діни кезқарастар, салт- дәстүрлер, канондардың (қатал қағида-ережелер) салдарынан Ежелгі Мысыр мәдениеті баяу дамыды десе болады. Бірталай ғасырлар бойы Мысыр өнерінде көбінесе бейнелеу өнерінің жетік әдістері мен мәнері. қүралдары таншалып алынып отырған. Шеберлер. күрделі де, айбынды адам кескінін канондар шепнде тамаша бейнелеуімең мифологиялық көріністердің байлығын әсерлеп береді.

1.2 Ерте патшалық кезеңдегі рельеф өнерінің қалыптасуы
Ежелгі мысырда ерте патшалық кезеңінде б.з.д 4-5 мыңжылдықтардың соңына таман билік басына алғашқы ірі мемлекеттік басшылар келе бастайды. Дәл осы уақытта пиктографиялық, ерте бейнелі жазулар түрі қалыптасады.
Осындай бейне жазу түрінің нағыз үлгісі перғауын Нармердің тақтасы, шамамен б.з.д. 3-мыңжылдықта жасалған биіктігі 64 см тақта Каир музейінде сақталған. Бұл рельефтік көркем туындының мазмұны - жеңіске жеткен перғауын Нармердің Ұлылығын баяндау. Сонымен, рельефті сипаттайтын болсақ,Мысыр әміршісінің қуаттылығын көрсетеді, оның жанындағы жақын шонжарлары одан үш-төрт есе кішірейтіліп бейнеленген.Құдай бейнесіндегі сұңқар Нармер патшаға жауын жеңуге өз көмегін көрсетіп тұрған сәті бейнеленген. Тақтаның астыңғы бөлігінде жаулардың алды-артына қарамай қашқан бейнелері суреттеледі.Тақтаның екінші жағында бейнеленген екі қабыланның ұзартылған мойындары композицияның негізгі орталық бөлігін құрайды. Өздеріңізге белгілі,алдында айтылып өткең адамның денесі сақталып, оны неғұрлым толық ұқсастықпен бейнелесе ,өлген адамның жаны оған қайтып келеді деген түсінік болған . Сондықтан ол дөңгелек мүсінде өзінен-өзі түсінікті болса, бедерлі суретте белгілі бір тәсілдерді заңдылыққа енгізу кажеттілігі туындады және соның нақты үлгісін осы тақтада көреміз. Ол денесі тұтас көрсету үшін дененің жоғарғы жағың иықты, қолды алдынаң ,аяқтары мен бас пішіні жанынан бейнелеу әдістері. Бұл жерде,канондық бейнелеу мен иероглифтік жазулардың алғашқы қадамдары династиялыққа дейінгі кезеңде қалыптасты деген тұжырым айтуға болады.

2 Ежелгі патшалық
Бұл кезеңдегі біріккен Мысыр астанасы Мемфис қаласы болатын. Мемлекеттің орталықтандырылуының арқасында Мысыр экономикасы нығаяды, ірі гидротехникалық жұмыстар бір орталықтан басқарылып жүргізіледі, суарылатын жерлер ауданы кеңейеді. Ежелгі патшалық кезеңінде тұрақ жайдың негізгі түрлері қалыптасып, құрылыс техникасы дамиды, бұл пирамидалар салу мен ескерткіштер орнатудың бастапқы кезеңі болатын.
Пирамидалар - мемлекеттің мәңгіліктігі мен беріктігінің белгісі. Мумияның мәңгі сақталуы жерленген адамның мәңгі өмір сүруін білдіреді. Ықшам пішінді мысырлық молалар өзінің қарапайымдылығымен және маңыздылығымен таңғалдырады. Өз дамуында олар қарапайым бейіттерден Ғизадағы классикалық пирамидаларға дейін бірнеше кезеңнен өтті.
Пирамидалардың даму кезеңдері:
1. Алғашқыда бейіттердің жерасты бөлігі үстінде топырақ үйіндісі бар жерлеу камералары түрінде жасалды. Перғауындардың еңкіш қабырғалы және жазық төбелі мастаба деп аталатын (тас орындық-араб.) алғашқы мәйіттері егіншілердің лашықтарына ұқсас болып келді. Біртіндеп жерасты бөлік кеңейтіліп, жерүсті бөлік таспен қапталды. Бірнеше кенотаф - жалған молалы камералар жасалып, үй аспаптары, әшекейлерді салуға арналған бөлмелер орнатылып, нағыз молалар жасалды. Кіреберісте аласа алаңда бұқалардың бас мүсіні орнатылды (тотемдік наным). Ішкі өңдеуге ағаш пен тас пайдаланылды. Кейінірек мастаба алдында сыйыну алаңдары пайда болды. Жерүстіндегі бөлікте құдайлар мен перғауындардың мүсіні мен өлген адамдарға ғибадатханалар тұрғызылды. Тотемизм жойылған кезде кіреберістегі бұқа бастары да жойылады.
2. Сатылы пирамидалар бірінің үстіне бірі қойылып, жоғарылаған сайын кішірейе түсетін бірқатар мастаба пішіндерінен тұрады. Саккарадағы Джосер пирамидасы мысал бола алады (б.з.д. 2650 ж., сәулетшісі - Имхотеп). Пирамида ІІІ әулеттің негізін қалаушы Санахта пирамидасының орнына ұсақ тас блоктардан салынады. Жоспарда пирамида тік бұрышты (107 х 116 м). Кешеннің сәнді етіп безендірілуінің маңызы зор. Сыйыну орны уреялы ернеумен аяқталған. Моланың тас қалауы ағаш конструкцияларға ұқсайды. Әшекейбедер өрнегінде және бағаналардың әсембағандарында лотос, папирус гүлдері түйнектерінің стильденген бейнесі пайдаланылған. Пирамиданың әшекейі жоқ, ол қарапайым, ықшамды, әсерлі. Алғаш рет қабырғамен қатар тұрған және күшті көтермейтін жартылай бағаналар мен бағаналар қолданылады. Пирамиданың 6 қабаты және 1 жерасты қабаты бар. Пирамиданың биіктігі 60 м. Кейбір бөлмелердің ішінде жасыл фаянс тақталардан панно сақталған. Тас ғимараттың алғашқы құрылысшысы, астроном және дәрігер Имхотептің данышпандығы - ежелгі мысырлық сәулет тарихында алғаш рет 1500 шаршы метрлік алаңда сәулет кешенін құруы. Басты құрылыс айналасына Имхотеп аулалар, соның ішінде перғауындардың жүгіру рәсіміне, сыйынуға, марқұмдардың ғибадатханаларына арналған аулалар, жартылай бағаналармен безендірілген дәліз тәрізді жол орнатты.
3. Медумдағы үш сатылы пирамида (2а-сурет) пирамидалар құрылысының келесі сатысы болып табылады. Ол ІІІ әулет перғауыны пирамидасының орнына салынды. Алғашында пирамида қалау қатарын тұрғызғанда біртіндеп қапталған 7 сатыдан тұрды, ал олардың арасындағы аралықтар құрылыс материалының сынықтарымен толтырылып, олар да қапталды. Қазір пирамиданың 2 сатысы қалған және үстіңгі бөлігі қатты бүлінген.
4. Дашурадағы Снофру пирамидасының қырлары түзу емес қисық, (26-сурет) жоғарғы бөлігі еңкіш болып келген. Оның ішіне алғаш рет тіреудің конструктивтік рөлін атқаратын еркін тұрған бағандар қолданылған. Жанында марқұмдардың 2 ғибадатханасы бар.
5. Ғизадағы классикалық пирамидалар, б.з.д. 27 ғ. (3-сурет). Гректер Хеопс, Хефрен және Миккерин деп атаған ІV әулетті басқарған, Хуфу, Хафра және Менкаура перғауындардың Ғизадағы әйгілі пирамидаларының құрылысы талайларды тамсандырып келеді. Ондағы айбындылық пен қуаттылық идеясы толық іске асырылды. Пирамида дұрыс бағытталған, кенотафтары, қазына қоймасы, көптеген жалған жолдар мен камералар, әртүрлі дыбыстық және басқа қорғау әсерлері бар.
Хеопс пирамидасының биіктігі 146,6 м. (қазір - 137 м.) және негіз ұзындығы 234 м. Сәулетшісі Хеопстың жиені Хемиун.

Пирамида кірпіш қалауды қайталайтын ұсақ блоктардан емес, ерітіндісіз бір-біріне тығыз қиюластырылған ірі әктас блоктардан тұрғызылған. Олардың салмағы 2 тоннадан 40 тоннаға дейін жетеді. Жерлеу орнының үстінде қысымды таратуға арналған отырғызу үдерісін реттеп тұратын жеңілдету камераларының жүйесі және бір- біріне қысыла иілген қос тас блоктан жасалған тоғыспа орнатылған. Гранит саркофаг ұзындығы 50 м галерея арқылы баратын шағын камерада орнатылған. Пирамидада желдету және су әкету арналарының жүйесі бар. 10 жыл бойы блоктарды жеткізуге арналған жол төселген. Геродоттың жазбасында 100 мың адам пирамиданы 20 жыл бойы салғандығы айтылады. Пирамидаға 2,3 млн. тас блок жұмсалған. Пирамида жылтыратып өңделген әктас тақталармен, ал пирамиданың жоғарғы бөлігі алебастр тақталармен қапталған. Төменгі бөлігі қызыл гранит тақталармен жабылса керек. Тас Нілдің оң жақ жағалауындағы тас қашау орынынан жеткізілген. Блоктарды судан ісінген ағаш қазықтардың көмегімен бөліп алып, май немесе балшықпен майланған салмалармен, сондай-ақ жұмыр бөренелермен жеткізген. Тасты Ніл арқылы салмен ағызған.
Хефрен пирамидасы көлемі жағынан екінші орында. Оның жанында марқұмдар ғибадатханаларының бірі сақталған. Оның гранит архитравтарының көлемді блоктары бос тұрған салмақты гранит тік бұрышты бағандарды ұстап тұрады. Қабырғалар қызғылт граниттен, ал еден ақ әктастан орындалған. Қабырғаны бойлай тұрған Хефреннің мүсіндері қара-жасыл диориттен орындалған. Пирамиданың биіктігі 139 м. Пирамиданың жанындағы басы адам, арыстан бейнесіндегі мүсіннің ұзындығы 60 м. Көлемі шағын сфинкстер төменгі марқұмдар ғибадатханасының тік бұрышты есігінің 2 жағынан орнатылған. Бұл Мысырдың ең ірі пирамидалары. Ғизадағы пирамиданың әрқайсысы патша әйелдердің кіші пирамидалары мен сарай маңындағылардың мастабаларынан тұратын сәулет ансамблімен қоршалған.
6. Пирамида құрылысының соңғы даму сатысы орта патшалық пирамидалары болды. Олар едәуір аласа, құнды тас құрылыстың орнына тірек қабырғалар арасына құрылыс қоқысы мен сынған тас құйылған пирамиданың тас қаңқасы жиі орындалатын. Пирамиданың үсті тас тақталармен қапталған.
Ежелгі мысырлықтардың үйі туралы бізге қазбалар мен археологиялық зерттеулерде сақталған балшық үлгілердің арқасында белгілі болды. Кедейдің үйі әдетте, балшық қабырғамен қоршалған шағын бақшасы бар және балшықпен сыланған қамыстан тұрғызылған 1-2 бөлмелі қисық лашық. Ауқатты мысырлықтардың тұрғын үйлері ұзын дәлізді, пішіні тік бұрышты болып келеді, бағаналары бар кішкене бөлмелер мен залдардан тұрған. Үйлер негізінде төбесінде шағын террасасы бар бір немесе екі қабатты болып келген.

2.1 Мысыр өнерінің классикалық кезеңі
Ежелгі патшалық Мысыр өнерінің негізін салған өнердің классикалық кезеңі деп саналады. Бұл кезең монументалды өнердің гулденген уақыты болып табылады. Ол сәулет, кесіндеме, мүсін өнерлерінде өзінің керемет көріністерімен мен танғалдырады. Соның ішінде, әcipece сәулет өнерінде - пирамидалар біріншi кезекте тұрады.
Мысыр өнерінің зор жетістігі - кез келген мүсін, кескіндеме немесе
сәулет құрылыстарының пішіні әлдебір көзге көрінбейтін заңдылыққа бағынғандай, әрбір бөлшегі өз орнын дәл тапқан. Халықтың бүкіл көркем туындыларының барлығын бір арнаға тоғыстырып бағыттайтын мұндай заңдылықты стиль деп атаймыз. Стильдің не екенін сөзбен айтып түсіндіру қиын, ең оңайы - көзбен көру. Бүкіл Мысыр өнері бойындағы біртұтас нормалар әрбір шығарманың өте байыпты және қатаң тәртіпке бағынатын жеке сипаттарынан құралады.
Ежелгі Мысыр стилі әрбір суретші ерте жастан зерттейтін заң кодексі негізінде қалыптасты. Мүсіндерінде барлық фигуралар екі қолын тізесінің үстіне қойып отырады; ер адам мүсіндері әйел мүсіндеріне қарағанда күңгірт түске боялған; әрбір құдайдың келбеті алдын ала белгілі болған. Сонымен, Аспан құдайы Гор сұңқар бейнесінде немесе құсбасты пішінде бейнеленген; Өлім культі құдайы Анубис қорқау бейнесінде немесе қорқаубасты кейіпте бейнеленген.
Сәулет ескерткіштерін ғана наным-сенімдермен байланысты деп ойласақ, қателескен болар едік. Мысырлықтар мәйітті сақтаумен ғана қанағаттанған жоқ, билеушінің бұзылмайтын, мызғымас мүсінін түрғызуды қолға ала бастады. Бұның, өз кезегінде, перғауындар мәңгі жасайды деген сенімді арттыра түсеріне күмән жоқ еді. Мүсіншілер енді билеуші жарлығымен граниттен перғауынның басын қашап жасады. Тастабыттың ішіне салынған мүсін ешкімге көрінбестей, көзден таса қалыпта патшаның орнына қойылып, оның жанының кейінгі өмірін образбен бейнеледі. Мысырлықтардың мүсінші сөзін аударғанда өмірді сақтаушы деген мәнді білдіретіні де осыны нақтылай түседі.
Алғашқыда мұндай жерлеу рәсімі перғауынға ғана қатысты атқарылса, кейін сарай маңында мәртебелі қызмет атқарғандар да билеушілер қабірлерінің айналасына өздеріне арнап, қаз-қатар түзу ретпен кішірек табыттар қойғыза бастады; осылайша өзін қадірлеуші ерекше тұлғалар біртіндеп, өлімнен кейінгі өмірі үшін күнібұрын қамданды.
Қымбат құрылыстарда мумиялар мен тас мүсіндер жерленетін болған. Мұнда құрбандыққа берілген ас-суды қабылдайды және жан да осында өмір сүреді деген сенім берік болған. Ежелгі патшалықтың IV династиясының, пирамидалар дәуірі портреттерінің арасында мысырлық өнердің нағыз төлтума жауһарлары бар (32-сурет). Олардың асқақтығы, сондай-ақ қарапайымдығы адамды ерекше әсерге бөлейді. Мұнда модельді әсірелеу де, бір сәттік күйзелістің бет-әлпеттегі әсерін беру ұмтылысы да жоқ. Мүсіншіні бір маңызды нәрсе ғана мазалаған. Қосымша бөлшектің барлығы алынып тасталған.
Дәл осы адамның бет-әлпетінің ерекшелігіне ғана көңіл аудару соншалық зор әсер тудырады. Өте қатаң геометриялық шеберлікпен орындалған бұл бас мүсіндердің бірінші бөлімде айтылған қарабайыр маскалардан өзгешелігі бар (25 және 28-сурет). Бұлар қаранәсілді суретшілердің натуралистік портреттерінен де басқаша (23-сурет). Екі негіз де - натура мен тұтастықты бақылау - мәңгілікке бойлаған тірі бет-бейненің өз болмысынан безіну қалпы тепе-теңдікте берілген. Мұндай геометриялық дәлдік пен қатаң бақылаудың үйлесімі мысырлық барлық өнерге тән. Бұл қабір қабырғаларындағы бедерлер мен жазбаларда айқын көрінеді. Әрине, өнерге қатысты сәндеу сөзі өлілердің жаны ғана тамашалайтын осы арада соншалық үйлесімді бола бермейді. Бұл көзден таса туындылар өмірді сақтауы тиіс еді.
Жер бетіндегінің бәрі уақыттан қорқады, ал уақыт пирамидадан қорқады деп айтылады. Мысыр пирамидаларының ішіндегі ең көнесі - перғауын Жосер пирамидасы. Оны салушы сәулетшінің есімі Имхотеп. Ежелгі Мысырда оны тек сәулетші ретінде ғана емес, сонымен бірге астроном, данышпан ретінде білген. Жосер пирамидасы сатылы болып келген. Оны араб тілінде мастаба деп атайды, ол орындық деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде бұл сөз қабірлік құрылыстарды атау үшін пайдапанады. Биіктігі 60 м бұл пирамида жоғарылаған сайын кішірейе түсетін бірнеше мастабадан түрады. Осыдан кейін салынған пирамидалар тегіс, үшкір формалы болып келген.Осылардың ішіндегі ең атақтысы және көлемі жағынан ең ірісі IV патша әулетінен шыққан - перғауын Хуфудың немесе Хеопс пирамидасы. Құрылыс авторы Хемиун. Оның биіктігі - 147 метр көлбеу бетінің ұзындығы 235 метр, тұрған жерінің көлемі елу бес мың шаршы метр. Пирамиданың өзі 20 жыл ал тас кесектерін таситын жол 10 жыл салынған Құрылыстың беріктіп соншалық. 4-7 ғасырлар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мысыр өнері. Мысырдағы қашқындар
Мысырдың ғажайып өнері
Бейнелеу өнерінен дәрістер жинағы
Мысыр өнері
Ежелгі Мысыр өнерінің ауқымдылығы
Ежелгі Египет мәдениетінің қалыптасуы
Грек мәдениеті
Шығыс немесе Мұсылман ренессансы
Ежелгі пирамидалар
Классикалық билердің элементтері, вальспен танысу
Пәндер