Топқа бөліну тәсілдері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы

«Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі»

МКҚК

Шетел тілі кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫ ТОПҚА БӨЛУ

Мамандық атауы: 0111000 «Негізгі орта білім беру»

Пәні: Шетел тілін оқыту әдістемесі

Орындаған: Жетіру Ж. Ж.

Ғылыми жетекшісі: Батанасова. Б. Е

Курстық жұмысты қорғаған бағасы

Кафедра меңгерушісіз. ғ. м. А. К. Ташенова

Хаттама № 20___ж.

Көкшетау, 2022

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. 1 «Топтық жұмыс» термині және іс-әрекеттің құрылымы . . .

1. 2 Топтық жұмыс ұйымдастыру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру . . .

1. 3 Топқа бөлу тәсілдері . . .

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Дәстүрлі сабақтарды жүргізу үшін білім саласында көптеген әдіс-тәсілдер қолданылады. Сол әдістердің біріне-дәстүрлі сабақ беруде білім беру процесінің мәні мен ерекшелігін арттыру үшін қолданылатын оқытуда оқушыларды топқа бөліп, топтық жұмыстар жасау арқылы оқушылардың жан жақты қабілеттерін дамыту дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Топтық жұмыс арқылы оқытуды интербелсенді оқыту деп де атауға болады. Интербелсенді оқыту бірінші мезетте білім игеру процесінде қатысушылардың тиімді қарым қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген "Интерактив" сөзі де осы ұғымды білдіреді. "Inter" дегеніміз "Өзара" мағынасын, ал "act" - әрекет жасау деген мағынаны береді. Басқаша сөзбен айтқанда, "интербелсенді" дегеніміз біреумен тығыз қарым қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру.

Оқушыларды топқа бөліп оқытуда әрбір оқушы оқып үйренудің мазмұны мен қорытындысы нәтижесінде өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен, түсінігімен алмасады, жоғарғы нәтижеге қалай жете алатындығын анықтайды. Мұндай қарым-қатынастағы әрекеттер бірін-біріне сыйластықпен қарау және қолдау атмосферасында өтіп, жаңа білім игеруге жағдай жасайды.

Оқытуда оқушыларды топқа бөлудің артықшылықтары жайындп айтар болсақ, бүгінгі таңда топқа бөлініп жұмыс жасау оқу процесін күшейту үшін қолданылады. Сонымен қатар, тұлға аралық қарым-қатынас құралдары айқын көрінсе, ал жекн жұмыс жасау кезінде: сөйлесу, жоғарғы сенім арту, өзара әсер, қолдау, оқушылардың қорларын тиімді пайдалануы, өзара көмек сияқты қарым қатынас байқалмайды.

Заманауи мектептерде мұғалімнің алдына қойылатын маңызды тапсырманың бірі- мұғалімнің басқаруымен оқушылардың қарым-қатынасын максималды түрде белсенділікті қамтамасыз ету.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Оқытуда оқушыларды топқа бөлу, ұжымдық, топтық іс-әрекеттер әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбек ету қарым-қатынас жасау бірліктеріне ие болу сияқты субьект позицияларын қалыптастыру мүмкіндіктерімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырғанының негізіндегі оқушының бірлескен іс-әрекеті.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалын меңгеруі, оқу барысындағы жөнінде оқушылардан кері ақпаратты жедел алу сияқты өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды, оқушының тұлға аралық қасиетін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.

Зерттеу жұмысының мақсаты.

Топтық жұмыс, топқа бөлу тәсілдерінің түрлерін тәжірибиеде қолдануға тиімділігі туралы бағыт-бағдар бере отырып, сыни ойлауды қажет ететін өзіндік пікірімен көзқарасын қалыптастыру арқылы ой қорыту, өз ойларын жетілдіру арқылы оқыту мақсатқа жету.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Оқушының дүниетанымын кеңейтіп, өзіндік пікірі мен көзқарасын қалыптастыру.
  • Оқушы топтық жұмыста тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуына қол жеткізу. Яғни, оқушылар «біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «бағалайды».
  • Оқушылардың сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артып, топпен жұмыс жасауда іздемпаз болу қабілеттері шыңдайды.
  • Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға жетелеу.

Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Топ дегеніміз бұл ортақ мақсатқа жету үшін құрылған адамдар тобы.

«Топтық жұмыс» дегеніміз өзара іс-әрекет жасап, мақсатқа жету үшін бағытталған іс-әрекеттің құрылымы.

Жалпы топтық жұмыстың мақсаты-оқыту мен оқу тәсілдері арқылы проблемаларды шешу және тапсырмаларда орындау барысында оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуі. Топтық жұмыс ол жеке шешетін тапсырмаларды емес, неғұрлым күрделі тапсырмаларды топ болып шешуге негізделген.

Топта жұмыс жасау үшін: Зер салып тыңдай білу қажет. Мықты жетекшілік қасиеттер болу керек. Тиімді байланыс орната білі қажет. Атқаратын міндетті тең бөлісу. Бірігіп жұмыс жасауға ұмтылу қажет. Алға қойылған мақсаттар мен міндеттері болу қажет.

Топта жұмыс жасауда кездесетін кедергілерде байқалып жатады. Олар:

Қарым-қатынастың нашар болуы. Дұрыс тыңдамау . Шамалы жетекшілік. Белсенділік болмау. Мақсатты дұрыс түсінбеу. Атқаратын міндеттерді тең бөліспеу. Сәтті және сәтсіз болуы.

Топтық жұмысты ұйымдастыруда өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері де болады. Соларға тоқтала кетсек:

Артықшылықтары:

  • Меңгерілетін материалдардың көлемі және оларды түсіну қажеттілігі өсе бастайды.
  • Жаппай оқытуға қарағаннан, жаңа терминдерді, түсініктерді, дағдыларды қалыптастыру үшін аз уақыт жұмсалады.
  • Оқушылар белсенді болады және көбінесе шығармашылығы артады.
  • Оқушылардың өзара қарым-қатынасы жақсарады.
  • Өзіне өзі баға бере алады, сыныптастарымен жұмыс жасап үйренген оқушы өзінің қабілетін біледі. Өмірге қажетті дағдыларға үйренеді.

Кемшілігі:

  • Топ мүшелерінің тым көп болуы.
  • Үлгерімі төмен оқушылардың шетте қалып қоюы.
  • Бір топтың мазасыздығы екінші топқа әсері етуі.
  • Берілген уақыт аралығында тапсырманы орындап үлгермеуі.
  • Шығармашылық жұмысты аяқтамау.
  • Бір топ өз жұмысын қорғап жатқан кезде, басқа топ өз жұмыстарын аяқтап жатуы.
  • Білім деңгейі бірдей оқушылардың бір топта жұмыс жасауы.

Топтық жұмыс соңында әр оқушы қандай жетістікке қол жеткізе алады?

  • Оқушылардың ойлану қабілеттері арта түседі, бір-біріне сенімі артады.
  • Оқушы өзінің топта орындалып жатқан жұмыстың маңызды екенін және сол жұмысқа өз үлесін қосып жатқанын сезінеді.
  • Басқа топтардың жұмыстарын тыңдай біледі.
  • Топтық жұмысты бақылаудың нәтижесінде өте тұйық және көшбасшы оқушылар анықталады.

1. 1. Топтық жұмыс ұйымдастыру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Оқушылардың оқуы үшін оларға не көмектесетінін және оқу үдерісінде олардың қандай нәтижеге жете алатынын ескере отырып, сабақта топтық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатқа жету үшін нақты шешім деп қабылдау қажет. Сыныпта оқытуда топтық жұмыста оқушылар бір-бірімен әңгіме құра отырып пікірлесіп, өзара ынтымақтастық орта қалыптастыру арқылы ортақ шешімге келіп, ойларын еркін жеткізе алады. Сондықтан дәстүрлі сабақтарға өзгеріс енгізе отырып, сабақтарды жаңадан жоспарлағанда сыныпта оқытуда топтық жұмыс әдісін қолдану қажет. Осы сабақтарда оқушылар ынтымақтасып жұмыс жасау үшін топтық жұмыстың рөлі өте зор. Топтық жұмыс арқылы оқушылар арасында өзара қарым-қатынас орнап, тиімді араласу және жағдаяттарды бірігіп шешу дағдылары дамиды. Топтасып жұмыс істеу оқушыларға жеңіл, тақырыпты оңай, қиналмай өзара талқылап, өз ойларын ашық, еркін жеткізе алады. Топтар арасындағы бәсекелестік арқылы көп ізденуге, көп білуге талпынады. Нәтижесінде танымдық ойлауы толық дамыған, өз ойын еркін, ашық жеткізе алатын, жеке тұлға қалыптасады.

Топтық жұмыстарда мұғалім мен оқушы және оқушымен оқушы арасында өзара қарым-қатынастың болуы топтық оқытудың маңызды екенін көрсетеді. Топтық оқыту кезінде балалар бір-бірін мұқият тыңдауға, достарының пікірімен санасуға, пікірталастар мен жағдаяттарды шеше білуге, ортақ мақсатқа жету үшін бірлесіп әрекет етуге үйрену арқылы өмірге қажетті дағдыларды қалыптастырады, сонымен қатар өзін-өзін және өзгелерді құрметтеу сезімі артып, оқу үлгерімі жақсара түседі.

Топтық жұмыс туралы нұсқаулықта: «Топтар түрлі тәсілдермен құрылуы мүмкін. Кей кездері оқушылар достарынан бірге жұмыс істеуін өтінеді, басқа жағдайларда кездейсоқ іріктеп алынған топтарға құрастырылады. Ал кейде топтар жекелеген мүшелердің нақты бір мықты қасиеттеріне қарай құрылады. Сонымен қатар, топта жұмыс істеудің өзіндік ережелері бар. Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді. Кез келген команда барлық мүшелері білетін және түсінетін жалпы ережелерді басшылыққа алуы қажет. Ол топтың әрбір мүшесінің одан не күтілетіндігін, жұмыс қалай бөлінетіндігін және қолдау көрсетілетіндігін, сондай - ақ нәтижелерге қалай қол жеткізілетіндігін білулері үшін қажет» делінген.

Сонымен қатар, «адамдар топтарға бірлескен барлық жағдайларда топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметтелуі тиіс. Топтың жұмысы тиімді болу үшін билік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы - құрдастарымен қарым - қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады»

Сондықтан, қазіргі мұғалімдер алдында оқу тәрбие жүйесін заман талабына сай өзгерту, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап бүкіл оқу әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл - мұғалімге білім берудің тиімді және сапалы жолдарын қарастыру болып табылады.

Сабақты бастамастан бұрын сынып оқушыларымен пікірлесе отырып, оқушыларды топ ережесін сақтауға, уақытты тиімді және үнемді пайдалануға үйрету мақсатында топ ережесін құру үшін, оқушыларды шағын топтарға бөлген абзалырақ. Шағын топ мүшелері бірігіп өз тобының ережесін құрастырады. Содан кейін, барлық топтардың ережелерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра отырып, барлығына ортақ топ ережесін шығарып, оны көрнекі жерге іліп қою қажет. Енді осы қабылданған ережелерді орындай отырып, әрі қарай жұмысқа кірісу қажет.

Әр түрлі тапсырмаларды орындатуда оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, шығармашылығын дамытатын тапсырмаларды беруге көңіл бөлу керек. Себебі, оқушылар әр тапсырманы орындау барысында жан - жақты ізденіп, қызығушылықпен жұмыс жасағанда ғана сапалы білім болады.

Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуларына баулиды. Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырылған жағдайда топтық жұмыс тиімді болады.

Сабақ соңында топ басшыларв топ мүшелерінің бағалау критерийлері арқылы жинаған ұпайларын, бағалау рейтингісі бойынша дәстүрлі бағаға айналдырып, оларға сипаттама берген абзал. Тәжірибелерді жасау барысында оқушылардың өзін-өзі бақылауына ерекше көңіл бөлінеді. Осындай оқушылардың тек қана пәнге қызығушылығы артып қана қоймай, сонымен қатар ойлау қабілетін дамытып, білімді терең меңгеруге, практикалық іскерліктері мен бірлесіп жұмыс істеу бағдыларын қалыптастыруына көмектесіп, шығармашылық ізденістерін арттырады. Оқушылардың жауапкершілігінде арттырады.

Әдетте дәстүрлі сабақтарда санаулы оқушылар ғана белсенділік танытады. Ол мұғалімнің нұсқауы бойыншы берілген тапсырмаларды орындап, сол тапсырмалар бойынша жауап береді. Ал топтық жұмыста орындалатын тапсырмаларға барлық сынып оқушылары қатысады, себебі берілген тапсырманы топ мүшелері бірігіп, ортақ шешім қабылдай отырып орындаулары қажет. Топтық жұмыста барлық оқушы өз ойларын ашық түрде айтып, пікірлерін ұсынып, оны талқылап, талдап ортақ бір шешім шығарады. Топтық жұмыста әр баланың айтылған пікірі маңызды болып саналады.

Топқа бөліну тәсілдері

Қағаз қиындылары арқылы топқа бөліну

Жыл мезгілдері, жануарлар, құстар немесе басқа да суреттерді үшке, төртке, беске (неше топқа бөлуді жоспарлауыңызға қарай) қиып, араластырып оқушыларға таратылады. Оқушылар сол қиындылардан суретті құрастырып, сол сурет бойынша бірігіп, топқа бөлінеді.

Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөліну

Мұғалім бірнеше геометриялық фигураларды араластырып оқушыларға таратып береді. (неше топқа бөлсеңіз сонша геометриялық фигураларды бірнешеуден аласыз) Бірдей фигураларды алған оқушылар топтасады.

Ұқсас ерекшеліктер арқылы топқа бөліну

Мұғалім оқушыларға қандай да болмасын бір ерекшелікті айтып (мысалы; туған айы, жұлдызнамалық белгісі, шашының түсі, киімінің өлшемі, есімінің бас әрібі т. б) сол бойынша топқа бөлуіне болады.

Сандар арқылы топқа бөліну

Жұп сандар және тақ сандар арқылы екі топқа бөлінуге болады. Бірліктер, ондықтар, жүздіктерді парақшаларға жазып, оқушыларға таратып үш топ құрауға немесе 1, 2, 3, 4, 5 деп ауызша оқушыларға айтып, сол сандарды есте сақтап тұруларын ескертіп, бірлер бір топ, екілер бір топ, үштер бір топқа, төрттер бір топ, бестер бір топ құрауларына (сандарды тағы басқаша түрлендірулеріне) болады.

Ән шумақтары бойынша топқа бөліну

Мұғалім оқушыларға ел арасында көп тараған немесе оқушылардың сүйіп орындап жүретін әндерінің шумақтары мен қайырмасы(немесе бір тобы құралатындай ән қатарлары) жазылған карточкалар таратып беріледі. Оқушылар сол әнді құрастырып, топқа бөлінеді және бірлесіп осы әнді айтуларына болады.

Суреттер арқылы топқа бөліну

Оқушыларға түрлі суреттер таратылып (мысалы; гүл түрлері, жануарлар, құстар, жеміс-жидектер т. б) суреттердің біркелкілігіне қарап үш-төрт адамнан бірігіп, топ құрауларына болады.

Әріптер арқылы топқа бөліну

Мұғалім оқушыларға әріптер айтып (А; Б; С; Д төртке бөлу керек болса осы төрт әріпті қайталап барлық оқушыларға айта береді ), есте сақтауларын сұрайды. А әрібі айтылғандар бір топ, Б әрібі бір топ, С әріптері бір топты, Д әріптері тағы бір топты құрайды. Осылайша төрт топқа бөлуге болады.

Өз қалаулары бойынша топқа бөліну

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту мен оқудағы топтық жұмыстарды ұйымдастырудың тиімділігі
Жылдам, резонансты нейтрондардың ядромен жұмыс істеуі
Бактериялар систематикасы
Бактериялардың көбеюі
Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру кезіндегі еңбек қорғау шараларын өңдеу
Микробиология пәнi және мақсаты, оның қазiргi таңдағы биология, медицина, өнеркәсiпте алатын орны
Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері арасында экспорт бойынша мақта екінші орында
Топтық жұмыстың мәні
Сусыздандыру технологиясы және мұнайдағы су мөлшерін анықтау
Микроорганизмдерді бөліп алу және өсіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz