Аудит стандарттары және аудитордың кәсіби этикасы


К і р і с п е
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Аудит стандарттары және аудитордың кәсіби этикасы». Курстық жұмыста аудит қызметінің стандарттары, олардың мақсаттары, жалпы жұмыс және есеп беру стандарттары, оларға қойылатын талаптар, аудит стандарттары мен нормаларының ерекшеліктері қарастырылған.
Стандарт аудиттің нормативті және әдістемелік реттеудің құралы болғандықтан, аудит қызметінің тиімділігі және оның кәсіпорынның негізгі міндеттерін шешуінің басты шарты - бұл аудиторлық тексеруге жұмсалынатын шығындардың төмендетілуі мен тексеру жұмыстарының сапасын қамтамасыз ететін стандарттарды өңдеу болып табылады. Аудиторлық қызмет стандарттары бұл аудитті жүзеге асыру және оның нәтижелерін рәсімдеу тексерудің сапасын бағалау, аудиторларды біліктілік емтиханына даярлау тағы сол сияқты қызметтерді реттеп, олардың бірыңғай тәртібін белгілейтін нормативтік құжаттар. Стандарттар аудиттің ұйымдастырушылық және құқықтық статусына сәйкес келіп аудиторларға елеулі әдістемелік көмек көрсететіндігі туралы қарастырылған.
Кәсіби аудиторларға этикалық тұрғыдан өзін-өзі ұстау мәнері аса маңызды болып табылады. Әдеп кең мағынасында өнегелік принциптері мен нормаларының жүйесі, жеке тұлға, қандай да бір қоғамның немесе кәсіби топтағы адамдардың өзін-өзі ұстау әдебі ретінде баяндалды. Іс жүзінде әр түрлі әдептілік нормалары мен ережелердің түрлері, оның ішінде аудиторлардың, дәрігерлердің, заңгерлердің, әскерилердің және т. б. кәсіби кодекстері бар.
і-бөлім Аудит стандарттары
1. 1. Стандарт аудиттің нормативті және әдістемелік реттеудің
құралы ретінде.
Аудиттің 46 халықаралық стандарты бар, оның 36 ҚР-да басшылыққа қабылданды. Кейбір елдер, бұл стандарттарды өзгертпей қабылдайды және олардың негізінде аудиторлық қызметті жүзеге асырады, ал басқа елдер өздерінің ұлттық ерекшеліктеріне және ұлттық стандарттарды қалыптастырушылардың ойлану спецификасына негізделіп оларған қосымшалар енгізеді. Қазақстан Республикасында алдымен аудиттің 12 меншікті стандарттары жасалды және қабылданды. Жасап шығарушы болып ҚР Аудиторлар Палатасы табылады. Бірақ республиканың басшылығы аудиттің қалған стандарттарын жасап шығарудан бас тартты және 1994 жылы қабылданған, ағылшын тілдегі аудиттің халықаралық стандарттарын қабылдауды мақсатты деп есептеді. Орыс тіліндегі редакцияның қазақстандық аудармасы ҚР 16. 03. 2000 жылында қабылданды және ең үздік болып саналды. ҚР-да қабылданған, стандарттардың нөмерін белгілеумен және құжаттардың атауларымен аудиттің халықаралық стандарттарының негізгі мәтіні 1- кестеде келтірілген:
Аудиттің халықаралық стандарттарын кодификациялау
1- кесте
101-199
100
110
120
200-299
200
210
220
230
240
250
300-399
300
310
320
400-499
400
401
402
500-599
500
501
510
520
530
540
550
560
570
580
600-699
600
610
620
700-799
700
710
720
800-899
800
810
900-999
910
920
930
Кіріспе аспектілері
Аудиттің халықаралық стандарттарына және іліспе қызметтерге алғы сөз
Терминдердің глоссарилері (түсіндірмелері, анықтамалар)
Аудиттің халықаралық стандарттарының концептуалдық негізі
Жауапкершілік
Қаржылық есеп берудің аудитін реттейтін жалпы принциптері және мақсаттар
Аудит бойынша келісімдердің шарттары
Аудиторлық жұмыстың сапасын бақылау
Құжаттама
Алаяқтық және қателер
Қаржылық есеп берудің аудиті кезінде заңдарды және нормативтік актілерді қарастыру
Жоспарлау
Жоспарлау
Бизнесті білу
Аудиттегі елеулік
Ішкі бақылау
Тәуекелділікті бағалау және ішкі бақылау
Компьютерлік ақпараттық жүйелер ортасындағы аудит
Қызмет көрсетуші ұйымдардың қызметін пайдаланылатын субъектілердің аудит сұрақтары
Аудиторлық дәлелдемелер
Аудиторлық дәлелдемелер
Аудиторлық дәлелдемелер -қосымша сұрақтар, олар нақты баптарға тиісті болады
Бастапқы келісімдер - бастапқы сальдо
Талдамалық процедуралар
Аудиторлық таңдамалар және тесттілеудің басқа да таңдамалық процедуралары
Бухгалтерлік бағалардың аудиті
Байланысқан тараптар (жақтар)
Кейінгі оқиғалар
Үздіксіз қызмет
Субъект басшыларының ұсыныстары
Басқалардың жұмысын қолдану
Басқа аудитордың жұмысын қолдану
Ішкі аудит қызметін қарастыру
Сараптамашының жұмысын қолдану
Аудиторлық қорытындалар және есеп беруді ұсыну
Қаржылық есеп беру бойынша аудиторлық есеп беру
Салыстармалы көрсетікіштер
Құрамында аудирлеген қаржылық есеп беруі бар құжаттарындағы басқа да ақпарат
Мамандалған аудандар
Арнайы мақсатталған аудитке аудиторлық келісімдер
Перспективалық қаржылық ақпаратты тексеру
Ілеспе қызметтері
Қаржылық есеп берудің үлгісі бойынша келісімдер
Қаржылық ақпаратқа қатысты келісілген процедураларды жүргізу бойынша келісімдер
Қаржылық ақпаратты компиляциялау бойынша келісімдер
Қазақстан, жоғарыда айтылып кеткендей, аудиторлық қызметтің өзіндік стандарттарын жасаудан бас тарту, сәйкесінше, салалық стандарттарды жасаудың да ерекше қажеттілігі жоқ, себебі олар халықаралық стандарттардың құрамында болады. Аудиторлық қызметпен айналысатын, бағалау үшін келісім-шарттарды түзетін және бухгалтерлік есеп және есеп берудің сенімділігінің жағдайы туралы қортындыны беретін, әр аудиторлық ұйым (фирма) экономикалық мақсаттылықтан шыға отырып, берілген фирманың қызметкерлеріне таратылатын, ішкі қолдануға арналған меншікті стандарттарын жасай алады.
«Аудит стандарттары, - Кошкимбаев С. Х. жазады, - аудиторлық тексерудің нәтижелері туралы ақпараттың конфеденциялдығына (жабықтығы), кәсіптік компетенттілігіне, объективтілігіне, сенімділігіне және сапасына нормативті талаптарды анықтайды» [72. бет 9. ]
Бізбен жасалған ішкі аудиттің стандарттарының кешені өзіндік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін нақты кәсіпорынның аудиторлық қызметін тәртіпке келтіруге және ұйымдастыруға арналған. Стандарттардың мәні келесіде, олар: аудиторлық тексерудің жоғары сапасын қамтамасыз етеді; аудиторлық практикаға жаңа ғылыми жетістіктерді енгізуге әсерін тигізеді; қолданушыларға аудиторлық тексерудің процессін түсунуге мүмкіндік береді; кәсіптің қоғамдық үлгісін жасайды; мемлекет тарапынан бақылауды жоққа шығарады, аудиторға клиентпен келіс сөзді жүргізуге көмектеседі; аудиторлық процесстің бөлек элементтерінің байланысын қамтамасыз етеді.
«Аудиторлық қызмет туралы» заңның барлық қағидаларын орындай отырып, және аудиторлық қызметтің халықаралық стандарттарын ұстай отырып, аудиттің ерекшелігін есепке алу үшін аудиттің меншікті стандарттарын жасау қажет.
Аудиттің пәні болып бухгалтерлік есеп берудің сенімділігін бағалау, есеп берудің жағдайын дәлелдеу табылады. Оны жүзеге асыру үшін аудиторлық қызметтің стандарттарын басшылыққа алу керек, олар аудиттің халықаралық практикасында кеңінен қолданылуы керек. Қолдану деңгейі бойынша аудиттің стандарттары келесідей болуы мүмкін:
- халықаралық;
- республикалық;
- банктік аудит немесе басқа да сала үшін салалық белгісі бойынша жасалған стандарттар;
- меншікті ішкі стандарттар;
- кәсіпорынның ішкі аудиттің стандарттары.
Аудитордың кейбір іс-әрекеттері нақты регламенттеуді талап етеді, себебі, бұзушылықтарды және бұрмалаушылықтарды анықтау кезінде тексерілетін бөлімшенің басшылары өзінің «дұрыстылығын және кінәсіздігін» әр түрлі барлық шаралармен дәлелдейді, ал тәжірибесі аз аудитор олардың айласына түсіп қалуы мүмкін. Сондықтан «аудитің объектілерінің есебін бұрмалау, бұзушылықтарды анықтау кезінде аудитордың әрекеттері» деген стандарты, ішкі аудиттің қызметінің функционалдау ерекшеліктерімен байланысты, себебі кейбір ірі келісімдер, шаруашылық операциялары аудитормен олардың жүзеге асырылуына дейін белгіленеді (визируются), соған байланысты көптеген бұзушылықтар, олардың бухгалтерлік құжаттарында, есеп берулерінде бейнеленуінің алдында, яғни ағымдағы сәтте анықталады. Бұнда сөзсіз ішкі аудиттің жетістіктері бар, бірақ бұл сұрақтың аудитор үшін басқа да жағы бар: мүмкін болатын бұзушылақтардың жойылуын қалай дәлелдеуге болады және оларды өзінің активінде қалай көрсетуге болады. Келесіні бөліп көрсетуге болады, әр келісімге белгі соғу (визировать) аудитордың негізгі функциясы болып табылмайды және ол оның көңілін негізгі қызметтен алшақтайды, сондықтан, арнайы стандартты басшылыққа алу қажет, онда бұрмалаушылықтың, бұзушылықтарды анықтау кезінде аудитордың әрекеттері тиянақты сипатталған.
Біздің ойымызша, «Келісім-шарт бойынша тексеруді жүзеге асыратын сыртқы аудиторға кәсіпорынның ішкі аудиттің жұмысын дайындау және ұсыну». Ол ішкі тексерулердің нәтижесін сыртқы аудиттің талаптарына максимальді жақындату, мазмұны және ұсыну формасы бойынша сыртқы қолданушыға (сыртқы аудит, салықтық тексеру, акционерлер, құрылтайшылар) тартымды ету қажеттілігінен шығады. Бұндай ұмтылудың соңғы мақсаты, келісім-шарттың соммасынан қандай-да бір жеңілдікті алу және осы сомманы ішкі аудит қорына аудару үшін, сыртқы аудиторлармен бірігіп қызмет етудің максимальді сенімділігіне қол жеткізу болып табылады. Бұны еңбектің сыйымдылығы (пайыз бойынша көрініс тапқан) бойынша жұмыстың белгілі бір аудандарын бағалау жолымен орнатуға болады, мысалы, активтердің, міндеттемелердің қалдықтарын, капиталдың түгенделуін жүргізу; бөлек көрсеткіштердің есептелуін анықтау немесе нақты объектілердің талдауы және т. б.
Біздің ойымызша, бұл стандартты қолдану, күнделікті міндеттемелерді орындауда аудиттің қызметінің қызметкерлердің жауапкершілігін арттырады, кәсіптік компетенттіліктің жоғары деңгейіне ұмтылуын арттырады.
Кәсіпорынның ішкі аудит қызметі тексеру нәтижелері бойынша жазбаша есеп беруді кәсіпорынның және тексерілетін филиалдың, бөлімшенің басшылығына ұсынуы керек. Аудиттің халықаралық стандарттарының негізінде, бізбен ішкі аудиттің стандарттары жасалды және ұсынылды. Оны 2- кестеден көре аласыз.
Ішкі аудиттің стандарттары
2- кесте
020-029
020
021
022
023
030-039
031
032
033
050-059
050
051
052
053
070-079
070
071
072
Жауапкершілік
Аудиттің негізгі принциптері, мақсаттары
Кәсіпорынның, филиалдың, бөлімшенің басшылығымен қарым-қатынас жасау
Кәсіпорынның ішкі аудитін құжаттау
Аудитті жүргізу кезінде нормативтік актілердің орындалуын тексеру
Жоспарлау
Кәсіпорынның ішкі аудитінің объектілерін зерттеу және бағалау
Кәсіпорынның ішкі аудитіндегі елеулік және тәуекелділікті бағалау
Мәліметтерді компьютерлік өңдеу жағдайындағы аудит
Аудиторлық дәлелдемелер
Аудиторлық таңдамалар
Аудиторлық дәлелдемелер
Ішкі аудиттің объектілерінде бұрмалаушылықты, бұзушылықтарды анықтау кезінде аудитордың әрекеттері
Базалық және салыстырмалы көрсеткіштердің бастапқы аудиті
Аудиторлық тұжырымдар және есеп беруді ұсыну
Келісім-шарт бойынша тексеруді жүзеге асыратын сыртқы аудитке кәсіпорынның ішкі аудиттің жұмысын дайындау және ұсыну
Ішкі аудитті жүргізу нәтижелері бойынша бөлімгелердің, филиалдардың, кәсіпорынның басшылығына аудитодың жазбаша ақпараты
Аудиторлық есеп беруді жасау тәртібі
Кесте және стандарттар автормен жасалды
1. 2. Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары
Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары өзара байланысты 4 тізбекті бөлімнен тұрады: 1) негізгі постулаттар 2) жалпы стандарттар 3) жұмыс стандарттар 4) есеп беру стандарттары.
Негізгі постулаттар - бұл аудиторлық қызметтің жалпы стандарттарының негізін білдіретін қажетті шарттар мен логикалық принциптер, заңдылықтар. Олар аудиторға нақты стандарттардың белгілі бір тұста қолдануға жарамайтын жағдайында есеп берулерді жасау пікірін қалыптастырудың схемесы ретінде қызмет етеді.
Олардың ішінде арнайы экономикалық әдебиеттерде ең маңызды делінетін мынадай негізгі постулаттар ұсынылады:
- тексеруші орган өз қызметінде барлық мәселелері бойынша аудиторлық қызметтің стандарттарына сәйкес әрекет етуі керек.
- аудиторлық (тексеру) органы еш қоспасыз өз пікірі болуы және тексеру барысында пайда болатын әртүрлі жағдайларды дербес бағалауы керек.
- қоғамдық саны өскенде қоғамдық қаражат сеніп тапсырылған жеке тұлғаны немесе ұйымды бақылауға талап күшейеді; олардың елдің көзінше, яғни көпшілік алдында есеп беруіне және қаржылық-шаруашылық операцияларын дұрыс жүргізуіне қолдау көрсету.
- есеп берушілікті дамыту ақпаратты алу, бақылау жүйесінің дұрыс жүргізілуі мен жетілуіне ықпалын тигізуі керек. Қаржылық есеп берулер жәнебасқа мәліметтер мазмұнының толық болуы мен формасының дұрыс болуына кәсіпорын басшысы жауап береді. Тексерілген (немесе тексерілетін) бірліктер қаржылық жағдайдың сипаты мен өз қызметінің нәтижелеріне, сондай-ақ жинау жүйесін әзірлеуге және ақпаратты әзірлеуге жауапты болып табылады.
- басшылық пен үкіметтің тиісті органдары қаржылық есеп берулердің стандарттарын таратуға кепілдеме беруі керек.
- есеп берулердің стандарттарын дәйекті түрде, яғни тізбектілік пен қолдану қаржылық жағдай мен қызмет нәтижелері туралы дәл қорытынды жасауға өз септігін тигізуі керек. Алайда аудитор есеп берулердің стандарттарын дәйекті түрде қолдануды әртүрлі қаржылық есептіліктің дұрыстығы мен шынайылығына күмән келтіруге болмайтын дәлел ретінде қарастыра алмайды. Есеп берулердің анықтығы туралы қорытындыны аудитор тек өзінің зерттеулерінің негізінде ғана шығаруы тиіс.
- ішкі бақылаудың бара-барлық (адекватной) жүйесі болғанда ықтимал қателіктер мен бұрмалаушылық ең төменгі деңгейде азаяды. Осыған байланысты аудитор ішкі бақылау құралы қабылданған нормаларға сәйкес келмесе немесе ол мүлдем жоқ болған жағдайда тексерілген бірлікке өз ұсынысын енгізеді.
- заң актілері бақылаудағы қызметтерді жан-жақты бағалауды қажет болатын қолдағы бар ақпараттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін тексеруші органдары мен ревизия бірліктерінің ынтымақтастықта болуын мақсат етеді.
- барлық аудиторлық қызмет заң актілерімен, келісім шартпен және басқа да нормативті құжаттармен белгіленетін өкілеттіліктің шегінен шықпауы тиіс.
- тексеруші органдар аудит технологиясын жетілдіруге және шаруашылық операцияларына заңды болуына ықпал етуі керек. Аудиторлар кәсіпорында жүзеге асырылатын шаруашылық шараларын тексеру мен бағалау технологиясын, әдістерін жақсарту үшін ұдайы жұмыс істеуге міндетті.
- тексеріші органдар аудитормен тексерілетін бірлік мүдделерінің қарама-қайшы келуінен сақтануы, яғни олардың арасында жанжалға жол бермеу керек. Ал бұл үшін аудитор мен аудиторлық стандарттар әдебі (этика) кодексіндегі тәртіптерді ұстанып, объективті тәуелсіз болуы қажет.
- аудиторлық органдар зерттеу, бағалау және қаржылық есеп берудің жағдайы туралы қорытынды шығару жолымен тексерілетін ұйымның қаржылық қызметін аттестациядан өткізеді, шаруашылық қызметті оның қол жеткізген нәтижелерін жоспарлаған межесімен салыстырып, барлық ресурс түрін қалай пайдаланғаны ескеріп, үнемдеу, өнімділік және тиімділік мәселелері бойынша тексеруден өткізеді.
Жалпы жұмыс және есеп беру стандарттары
Жалпы стандарт - бұл алға қойылған мақсатты тиімді әрі кәсіби орындауы үшін аудиторға қажетті біліктілік деңгейі мен белгілі бір сапасы.
Аудиторға қойылатын талаптар:
- даярлығы; құзыреттілігі; тәуелсіздігі; ақпаратты алуға, тексеруге және оған баға беруге, есеп берулерді жасауға, қорытынды шығаруға, ұсыныс жасауды дайындауға тиісті көңіл беру.
Жұмыс стандарттары - бұл тексеру міндетін орындауда аудитор басшылыққа алған ережелер.
Олардың құрамына кіретіндер:
- аудиторлық тексеруге дайындалу;
- қадағалауды жүзеге асыру;
- анық айғақтар мен сенімді мәліметтерді жинау;
- ішкі бақылаудың жағдайын бағалау.
Есеп беру стандарттары - қорытындылаушы кезеңде қолданылады әрі аудиторлық тексерудің нәтижелері бойынша материалдарды беруге, орналастыруға және оның формасы мен мазмұнына қатысты ережені білдіреді.
Мақсаттары мен салаларына қарай аудиторлық есеп берулер мына формаларда жасалады:
а) қорытынды - қаржылық тексерушілердің (ревизия) нәтижелері бойынша аудитордың тұжырымы;
ә) есеп беру - шаруашылық қызметтері тексеру бойынша аудитордың тұжырымы;
б) хат - ұйым басқарушылары үшін;
в) ескерту - шығындау фирмалар мен кәсіпорындардың дирекциясы үшін.
Оның үстіне, тексеру немесе кеңес берудің жекелеген мәселелері бойынша анықтамалар жасалады.
Есеп берулердің мақсаты - елеулі қателіктерге ұрындыруы ықтимал есеп және бақылау жүйесіндегі кемшіліктердің болуына түсініктеме беру; құрылымдық кеңестер беру; болашақта аудиторлық тексерулер қандай мәнге ие болатынын анықтау.
Есеп берулерде келтірілген ақпараттар дәл әрі анық, сенімді әрі құзыретті, тәуелсіз, объективті және сындарлы болып, басшылықты іс-қимылмен қамтамассыз етуі керек.
Фирма бойынша есеп беруде немесе қорытынды шығаруда мекен-жай, негізгі мазмұн, қойылатын қол, мөрі және күні көрсетілуі керек. Есеп берудің мазмұнында аудиттің уақтылы өткізілуі керек. Есеп берудің мазмұнында аудиттің ауқтылы өткізілуі мен стандарттарға сәйкес келуі, заңдық негізі, мәні, сипаты, мақсаттары мен ауқымы көрініс табуы қажет.
Аудит стандарттары мен нормаларының ерекшеліктері
Стандарттарды аудиттің теориясы мен іс-тәжірибесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық процедураның принциптері деп ұғуға болады. Осы ереже минимумы аудиторға бақылау шараларының ауқымын, оларды жүргізу әдістерін анықтауға көмектеседі әрі аудиторлық қызметтің нәтижелерін бақылаудың өлшемдері болып табылады. Әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрсетеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың жұмыс сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді әрі оңтайландырады.
Аудиторлық қызмет заңнан басқа стандарттармен, нормалармен және негізгі постулаттармен реттеледі.
Аудиторлық стандарттар әрбір тексеруші органға кәсіпорынның міндет жүктеушісі болып табылады, алайда олар ревизиялық іс-тәжірибелерді қорытындылаудан алынған іріктемелер негізінде әзірленген.
Әрбір нақты аудиторлық (ревизиялық) орган сыртқы тексеру стандарттары оның мақсаттары мен міндеттеріне қаншалықты дәрежеде сәкестігін дербес анықтауы керек.
Стандарттардан бір айырмашылығы аудит нормалары негізгі принциптерді қарастырмайды, сөйтсе де мына жағдайларда қолданылуы мүмкін процедуралар бойынша басшылықты қамтиды:
- өзіндік ерекшелігі бар мәселелерді тексеру;
- жекелеген салаларды ревизиялау;
- бейаудиторлық есеп берулерді дайындау және т. б.
нормалар көз жеткізіп иландыратындай болуы керек, бірақ олардың тура нұсқаулық (директивалық) сипаты жоқ. Аудиторлар нормадан ауытқуы мүмкін, бірақ олардың сақталмау себептерін түсіндіріп беруге әрдайым дайын тұруы керек.
Аудиторлық стандарттар мен нормалар сияқты жарияланған ресми құжаттарды мемлекеттік, бақылаушы, заңды және басқа да өкілетті инстанциялар аудиторлар жұмысының құзіреттілігі мен дұрыстығын қарастырғанда басшылыққа алып, пайдалануы мүмкін.
ІІ-бөлім Аудиторлық істің этикалық - құқықтық механизмдері
2. 1. Аудитті құқықтық реттеу
Аудиттік қызметтерді жүзеге асырумен байланысты құқықтық және этикалық нормалардың өзара қарым-қатынасын мемлекеттік және кәсіби тәуелсіз қаржылық бақылау органдары әзірлейді. Біздің елімізде аудитті нормативтік-құқықтық реттеудің мемлекеттік жүйесі құрылды. Тәелсіз қаржылық бақылау ұйымының заңды базасының негізгі элементтеріне кіретіндер:
- ҚР Конституциясы (1) ;
- ҚР азаматтық кодексі (2) ;
- ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы (11) ;
- ҚР «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» заңы (8) ;
- ҚР қылмыстық кодексі (3) ;
- «Салықтар және бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы» кодексі;
- ҚР әкімшілік жолмен құқық бұзушылар туралы кодексі (4) :
- ҚР бюджет кодексі (7) ;
- ҚР «Акционерлік қоғамдары туралы»; «Банкроттық туралы»; «Шетелдік инвестиция» туралы; «Шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы»; «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» және т. б. заңдары (16, 20) .
Жоғарыда аталған заңды құжаттарда аудиторлық қызметке тікелей қатысы бар маңызды нормалар мен ережелер анықталған. Оларды айқын білген жөн және іс жүзінде дұрыс қолдану керек. Бұл арада қолданыстағы нормативті-құқықтық актілер жүйелі түрде толықтырылып, өзгертіліп тұратынын және қажет болған жағдайда қайтадан жасалатынын ескеріп отыру керек.
Белгілі болғандай, 1993 жылдың 18-ші қазанында «Қазақстан Республикасынынң аудиторлық қызмет туралы» заңы алғаш рет қабылданғаннан кейін еліміздің экономикалық және қоғамдық саяси өмірінде елеулі өзгерістер болып өтті. Экономиканы, қаржы-несие жүйесін басқару және оларды нормативті-құқықтық реттеу салаларында реформалар болды. Өнеркәсіптерде, саудада, құрылыста, ауыл шаруашылығында және көлік саласында нарықтық қатынастарды одан әрі терендету бойынша шаралар қабылданды. Кәсіпкерлікті дамытуға және меншіктерді мемлекеттендіру мен ұлттық экономиканың көптеген салаларындағы жекешелендіруге экономикалық жағдай жасалып, құқықтық негіздері қаланды.
Бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша халықаралық стандарттарға көшу, бизнес саласындағы заңды және қаржылық-несиелік қатынастарды реттеу жүзеге асырылады (7-20) .
Мұның бәрі 1998 жылдың 20-шы қазанында қабылданған ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» жаңа заңды әзірлеу шарттарын тудырды. «Ескі» заңмен салыстырғанда, оның аудиторлық қызметті лицензиялау және жүзеге асыру, аудитор кандидаттарын аттестациядан өткізудуң тәртібі. Сондай-ақ бұл саланың негізін қалаушы ұғымдары, принциптері, түрлері, субъектілері туралы толығырақ айтылған. Аудиторлар және аудиторлық ұйымдармен қатар аудиттелінетін субъектілер мен оның тапсырыс берушілерінің құқықтарына, міндеттеріне және жауапкершілігіне ерекше мен берілген (11) .
Аудит туралы екінші заңның уақтылы қабылдануы республикадаға аудиторлар және аудиторлық ұйымдардың нақты тәуелсіздігін нығайтуға ықпал етті, өйткені үкіметтік және басқа да атқарушы органдар оларды дербестігінен айырып, министрліктер мен ведомоствалардың нұсқацы бойынша мәжбүрлеп жұмыс істету әрекеттері талай рет қайталанды.
ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» жаңа заңның талаптарына сәйкес аудиторлардың аумақтық (территориялық) палаталары мен Республикалық палатаны тексеру, комиссияны сайлау және аудиторларды аттестациядан өткізу жөнінде біліктілік комиссиясын қалыптастыру бойынша шаралар жүзеге асырылады. 1998 жылдың 22-23 желтоқсанында Алматыда елдегі аудиторлардың төртінші Республикалық конференциясы болып, оның қорытындылары бойынша мынадай маңызды қаулылыр қабылданды:
- ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңын іс жүзіне асыру
... жалғасыбойынша аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың міндеттері туралы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz