Педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаттары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылы министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы

Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Педагогикалық технологиялар туралы түсінік. Дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілірін салыстыру, сипаттамасы

Орындаған: ҚТӘ-35 тобының студенті Темирбаева.Н.Н
Қабылдаған: п.ғ.д., профессор, академик Қыдыршаев.А.С

Орал,2022 жыл
Курстық жұмыс жоспары:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І Педагогикалық технологиялар туралы түсінік
1.1Қазіргі заманғы педагогикалық технология пәнінің обьектісі,пәні,мақсаты,міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2Педагогикалық технология ұғымына ғылыми тұрғыдан
берілген анықтамалар.. ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаттары.. ... ... ... ... ... ..11
ІІ Дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілірін салыстыру, сипаттамасы
2.1 Даму,дамыта оқыту ұғымдары.. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2 Дамыта оқыту технологиясының даму тарихы.. ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.3 Дамыта оқыту мақсаттары мен міндеттері.. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.4 Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерін салыстыру ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

2

Кіріспе
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жаңа білім беру жүйесінің қалыптасуы жүріп жатыр. Осыған орай, алдыңғы қатарлы идеялар мен педагогикалық технологияларды практикалық тұрғыдан жаңарту жəне оларды ғылыми тұрғыда негіздеу бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Болашақ маман - бүгінгі студент педагогика теориясы мен практикасындағы қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың түрлерін біліп, оларды бастауыш мектептің оқу- тəрбие үдерісінде шығармашылықпен қолдануға тырысуы тиіс. Қазіргі заманғы озық технологияларды мектеп тəжірибесінде тиімді қолдану, ең алдымен, оларды терең, жан-жақты оқып-үйренуді талап етеді. Сондықтан да аталмыш курс кредиттік жүйе бойынша білім беретін мамандықтардың оқу жоспарына енгізілген.
Еліміздің əлемдік білім кеңістігіне бағдар алуының басты өзегі - 12 жылдық білім беруге көшу мəселесі көкейкесті тақырыпқа ай- налуда. Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық жəне рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды жəне жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
Білім беру үдерісін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, педогогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тəжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бүгінгі философтар мен педагог ғалымдар білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен əдістерін енгізумен ғана шектелмей, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасау қажеттігін дəлелдеуде.
Қазіргі кезде оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологияларын пайдалана алу əрбір мұғалімнің біліктілігін анықтайды. Бұл курстың қоғамда алатын орны мен методологиясына негізделіп жүзеге асады. Курсты оқу студенттердің жинаған білімдерін шығармашылықты негіздеуге жəне курстық, дипломдық жобаны орындау кезінде ғылыми-зерттеушілік əрекетінде білімдерін қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар пəні бастауыш білім берудің теориясы мен практикасын меңгеруге бағыттайды.
Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың қазіргі кездегі қалыптасқан жүйесі оның құрылымын, ұйымдастырылуын, мектеп практикасымен жəне білім беру жүйесіндегі инновациялық үдерістермен өзара байланысын қайта қарауды талап етеді.
Бұл жоғары оқу орнында мамандар даярлаудың сапасын арттыруда мұғалім тұлғасының өздігінен дамуына, оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды жəне оқу- тəрбие үдерісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану көзделеді.
3
Технологияны педагогикалық іс-əрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тиімді пайдалану оқу-тəрбие үдерісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге септігін тигізеді.
Бүгінгі таңда педагогикалық технология мəселесі теориялық жəне ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы болып отыр.
Практикалық сабақтарда білімгерлердің білігін қалыптастыру түрлі жаттығуларды орындау түрінде, іскерлік ойындарда əртүрлі рөлдер орындау барысында, білім жобаларын жасау жəне педагогикалық ситуацияларды модельдеу түрінде жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде ғылыми информацияның жедел өсуіне байланысты білімгерлердің өздігінен білім алып, өздігінен оқып-үйренуі өте маңызды болып отыр.
Білімгерлердің өзіндік жұмысы туралы қорытынды жасағанда келесідей тұжырымға келуге болады: өзіндік жұмыс білімгердің тек өз белсенділігі түрінде анықталады. Əрбір өзіндік жұмысты бастар кезінде білімгер алында белгілі бір мақсат, проблема болуы қажет.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсы бойынша берілген өзіндік жұмысты орындау барысында əр білімгер өзінің жеке тəжірибесін пайдаланып, алған білім деңгейінде жұмыс жасайды. Өзіндік жұмысты ұйымдастыру кезінде оқытушы білімгерге арнайы тапсырма береді, ал білімгер берілген тапсырманың қажеттілігі жөнінде өз ойын бекітеді. Біріншіден, берілген тапсырманың мазмұнын талдайды, өзінің осыған дейін алған білім деңгейін саралап тапсырма мақсатын түсінеді. Екіншіден, берілген тапсырманы орындау үшін қандай амалдар керек екендігін ойластырады жəне ойластырған жоспарды іске асырады, яғни тапсырманы орындайды. Үшіншіден, алған нəтижесіне талдау жасайды.
Білімгерлерге берілетін өзіндік жұмыстар дидактикалық жағынан үш түрге бөлінеді: білім алуға арналған өзіндік жұмыс; білімді пайдалануға арналған өзіндік жұмыс; теориялық материалды тексеруге арналған өзіндік жұмыстар.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсын меңгеруде білімнің өрінен көрінуге тілектеспіз.

4
I.Педагогикалық технологиялар туралы түсінік
Жоспар:
1.1. Қазіргі заманғы педагогикалық технология пəнінің объектісі, пəні, мақсаты, міндеттері.
1.2. Педагогикалық технология ұғымына ғылыми тұрғыдан берілген анықтамалар.
1.3. Педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаты.
1.1. Қазіргі заманғы педагогикалық технология пəнінің объектісі, пəні, мақсаты, міндеттері
Қазақстан Республикасы өзінің тəуелсіз мемлекет екендігін бүкіл əлемге дəлелдеді. Ендігі басты міндет - осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың əлеуметтік, экономикалық жағынан кемелденуі болып табылады. Мемлекеттің əлеуметтік, экономикалық өсіп- өркендеуінің түпқазығы - білім мен ғылым екені даусыз. Еліміздің болашақтағы дамуы, өсіп-өркендеуі, əлемдік кеңістіктегі орны білімнің бағыт-бағдарына, оның тиімділігіне байланысты болмақ.
Қазақстанның əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы бүкіл ұлттың, елдің барлық атқару органдарының басты идеясына айланысуы тиіс екендігін Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ə. Назарбаев атап көрсетті. Бұл білім саласына, соның ішінде білім саласының мамандарын дайындауға үлкен жауапкершілік жүктейтіні түсінікті.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің реформалануы коғамның демократикалық бағытта дамуына бет алғанын айқындайды. Осыған орай, білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, жаңа бағыттағы мектептер пайда болып, білім мазмұнының толығымен жаңаруына алып келді. Күн тəртібінде қойылып отырған күрделі мəселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді əлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі - 12 жыл оқыту моделі.
Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық жəне рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды жəне жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыруды көздейді.
12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты - алған білімдерінің негізінде еркін баяндалатын, өзін таныта, дамыта білетін, қазіргі заманға бейімделіп, өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алатын тұлғаны қалыптастыру.
Еліміздің болашағы жастар десек, жастардың болашағы оларды саналы тəрбиемен, сапалы біліммен қаруландырып, білімі озық елдердің əлемдік озық үлгісін өнегесін, тəжірибесін үйрететін ұстаздар қауымына жүктелген еңбегіне байланысты болмақ. Осы тұста В. Г. Белинскийдің: ...ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр, - деген сөзі еріксіз еске түседі. Өйткені, ұстаз - болашақтың тұтқасы, жас ұрпақты тəрбиелеу жəне терең де жан-жақты білім беру ісіндегі қоғамның жұрт сенген өкілі. Ол жас ұрпақ бойына білімді, əдетті, дүниетанымдылықты, өмірге деген өмірлік мақсатын қалыптастырушы басты тұлға.
Уақыт өткен сайын білім саласының əлеуметтік рөлі де нығайып келеді. Бұған дəлел - бүгінгі таңда еліміздің білім беру мекемелерінің алдында Қазақстан Республикасының 2030
5

жылдарға дейінгі стратегиялық дамуын жүзеге асыру, 2015 жылға дейінгі Қазақстандағы білім беру Тұжырымдамасының бекітілуі. Осы аталған құжаттардың көздеген мақсаттары бір арнаға тоғысады. Ол мақсат - білім беру мекемелерінің мамандарына еліміздің болашағы - жастарды терең біліммен сусындату, яғни бір сөзбен айтқанда бəсекеге қабілетті ұрпақ дайындау мəселесі болып табылады.
Курстың объектісі - қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың мазмұны бастауыш сыныптар мұғалімінің 050102 - БОПƏ мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарты талаптарына сəйкес жоғары кəсіби білімнің құрамдасы ретінде.
Курстың пəні - 050102 - БОПƏ мамандығы бойынша ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына сəйкес болашақ бастауыш сы- ныптар мұғалімдерінің педагогикалық технологияларды қолдана алуға қажетті білім, білік жəне дағдыларын қалыптастыру барысы.
Курстың мақсаты: болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне қазіргі заман педагогикалық технологиялары жөнінде білім беру.
Курстың міндеттері:
:: педагогикалық технология, оқу пəндерін оқыту технологиялары ұғымдарына берілген анықтамаларға талдау жасау; :: Бастауыш мектептегі пəндерді оқыту барысында қолдануға болатын педагогикалық технологияларға сипаттама жəне талдау
жасау;
Жоғары кəсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартына сəйкес студенттердің білім, білік жəне дағдыларына қойылатын талаптар:
- курстың объектісі, пəні, міндеттері мен зерттеу əдістері жайлы түсініктері болуы тиіс;
- математиканы оқыту барысында қолдануға болатын қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың түрлерін біліп, оларға сипаттама жасап, талдай алулары тиіс;
- қазіргі заманғы инновациялық технологиялар мен идеялар жөнінде өзіндік бағыт-бағдары болуы тиіс;
- белгілі бір педагогикалық технологиялар бойынша педагогикалық үдерісті таңдай жəне құра алулары тиіс.
Бүгінгі заманда жаңа компьютерлік технологияларды енгізумен бірге технология деген ұғым жиі кездеседі. ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ пен Англияда пайда болып, содан бұл термин өмір қажеттілігіне байланысты дүниежүзіне таралып кетті. Педагогикада бұл ұғым оқушылардың аз ғана күш жұмсап, ең жақсы жоғарғы нəтижеге жетудің тиімді принциптері мен əдістерін анықтауға бағытталған.
Егер материалдық өндіріс саласында еңбек затын бірте- бірте терең меңгеру негізінде еңбек өнімінің өсуіне əкелетін жаңа технологиялар жасалса, ол білім беру саласында басқаша, технологиялар ұстаз іс-əрекетінің жеке жақтарына сай жасанды, қолдан істелген конструкциялар ретінде жасалынады.
6

Технология деген термин гректің түп тамыры techne - өнер, шеберлік, кəсіп жəне logos - ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе білімді беретін деген сөзді құрайды. Ол өндірістік үдерістерді жүргізудің тəсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы.
Қазіргі уақытта педагогикалық технология ұғымы əр түрлі түсіндіріледі.
Жаңа педагогикалық технология деген не? Ол үшін алдымен техника, технология терминдерінің мағынасын түсініп, тереңінде не жатыр, соны ақылмен аңғаруымыз қажет. Ол үшін əлемдік педагогикалық тəжірибеде технология ұғымының тарихына көз жүгірткеніміз жөн.
Техника терминінің екі мағынасы бар екені айқын:
- біріншісі - өндіріс құралдарының жиынтығы;
- екіншісі - бір істі орындағанда қолданылатын тəсілдер
жинағы.
Технология термині сол тəсілдер жүйесі (ілім) деген мағынаны
білдіреді.
Технология түсінігі біркелкі емес түсіндіріледі. С. Смирнов
оны төмендегідей анықтайды:
- оқытуды ұйымдастыруда форма немесе əдістеме
түсініктерінің синонимі ретінде (бақылау жұмысын орындау технологиясы, қарым-қатынас технологиясы);
- нақты педагогикалық жүйенің синонимі ретінде (оқытудың дəстүрлі технологиясы, В. В. Давыдов пен Д. Б. Элькониннің мектепке арналған жүйесі жəне т.б.)
Бірақ бұл түсіндірулер технология түсінігін ашпайды, сондықтан білім беру технологиясы, педагогикалық технология, оқыту технологиясы терминдерін қарастыру қажет. Берілген түсініктерді салыстырмалы талдау Л. А. Щукинаның еңбектерінде көрсетілген.
Көптеген уақыттар желісінде технология түсінігі педагогикалық ұғымдар қорнынан тыс қалып келді. Шынайы мəні (шеберлік жөніндегі ілім) педагогикалық міндеттерге: педагогикалық үдерісті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау - сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.
Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұштасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаланған жəне проблемалық оқу технологиялары, авторлық технология жəне т.б.
Алғашқыда педагогтар педагогикалық технология, оқу-оқыту технологиясы жəне тəрбиелеу технологиясы ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді.
7

1.2. Педагогикалық технология ұғымына ғылыми тұрғыдан берілген анықтамалар.
В. Беспалько педагогикалық технология дегеніміз - тəжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын əдіс-тəсілдер - оның құрамды бөлігі ғана, оқыту үдерісін жүзеге асырудың мазмұндық техникада педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі), - деп түсіндіреді.
Б. Т. Лихачев педагогикалық технология - бұл оқытудың формасын, əдісін, тəсілін, тəрбиенің құралын жинақтауды анықтайтын психологиялық-педагогикалық құрылғылардың жинағы, - деген анықтама берсе, Г. К. Селевко педагогикалық технология түсінігін 3 аспект бойынша қарастырады:
- ғылыми: педагогикалық технология - жобаланған педагоги- калық үдерісті жəне оқытудың əдісі мен мазмұнын, мақсатын оқытатын, педагогикалық ғылымның бөлімі;
- бейнелеулі іс-жүргізу: оқытудың жоспарланған нəтижесіне жету үшін əдістер мен құралдарды, мазмұны мен мақсатының жиынтығын бейнелейтін үдеріс;
- нақтылы іс-жүргізу: технологиялық үдерістерді жүзеге асыру, педагогикалық, əдістемелік жəне тұлғалық құралдарды жинақтау.
Сонымен қатар, Б. Т. Лихачев: педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым дейді. Педагогикалық технологияның мəні - шығармашылық қабілеттің дамуы үшін қажетті жағдай туғызу.
В. В. Воронов педагогикалық технология - бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт, - деп есептейді.
В. М. Шепель: Технология - бұл өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік, əдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі - десе, М. Чошанов: Технология - бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі - деп анықтама береді. Педагогикалық технологияларға берілген басқа да анықтамалар бар, ол: оқыту үдерісін ұйымдастыру мен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс-əрекеттің моделі (Монахов В. М.), барлық сабақ беру үдерісін жасаудың, қолданудың жəне анықтаудың жүйелі əдісі, білімді меңгерудегі техникалық жəне олардың өзара əрекеттерін ескеру, мазмұнын қорытындылау (ЮНЕСКО).
В. Н. Бордовская жəне А. А. Реанның көрсетуінше, педагогикалық технологиялар бұл білім беру үдерісіндегі ұстаздар мен оқушылардың жүйелілік іс-əрекеттеріне, мақсат-мазмұн əдістерді ұйымдастырудың белгілі бір нақтылы принциптері мен өзара байланыстылығына сай нақтылы идея негізінде жасалынады.
Г. М. Құсайыновтың есебінше, педагогикалық технология əдеттегі түсініктерден басқа. Ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тəрбиелеудегі мақсаттары мен нəтижелерге жетумен сабақ беру үдерісі емес, ол кəсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің жəне өзара оқыту үдерісі, ол білім берудің мазмұны мен оқу жоспарларының бағдарламаларында ескерілген іс-əрекеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының əрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады.
8
В. А. Сластенин бойынша педагогикалық технология деген: ол қатал ғылыми жоспарлау жəне дəлірек айтқанда, педагогикалық əрекеттің жетістігін қамтамасыз ететіндігін елестету.
Педагогикалық технология теориялық педагогика мен практика аралығында орын алып отыр. (В. Богомолов, Т. Ильин, А. Космодемьянская, М. Кларин, Ф. Янушевич сияқты ғалымдар осылай түсіндіреді.) Педагогикалық технология деп мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелерді бүтіндей бағалаудың жəне ол жүйелердің тиімділігі жөніндегі ақпарат туындауына байланысты жаңа мақсат- тар қоюдың тұтас үдерісін айтамыз.
Сонымен, педагогикалық технология - оқыту үдерісін түгелдей қолдану жəне бағалау, сол сияқты, білімді адамдар мен техника ресурстарын ескеру арқылы білімді игеру, білім берудің тиімді түріне жету үшін оларды жоспарлаудың жүйелі əдісі ретінде түсіндіріледі.
Жоғарыда аталған авторлардың пікірі бір-бірінен онша алшақтамағанымен, олар педагогикалық технологияның əртүрлі белгілеріне назар аударуды ұсынады. Қазіргі кезде оқытуда дəстүрлі жəне дəстүрлі емес жаңа, дамыта оқыту əдістері пайдаланылуда. Дəстүрлі əдістің негізін сыныптың сабақ жүйесі ретінде Я. А. Коменский салса, педагогикалық жаңа əдістер 50-60-шы жылдарда пайда болып, осы заманға Л. С. Выготский, М. Н. Скаткин, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, Л. В. Занков тағы басқаларының идеялары жалғасты. М. Н. Скаткин: Бастауыш сыныпта оқушыларға өз беттерімен танымдық міндеттерді шештіруді, сабақ мазмұнында берілетін материалдарды проблемалық мəселе ретінде ұсынуды құптайды. Сабақта берілетін білім мазмұнын жан-жақты ашу үшін оқушыларға тек соңғы нəтиже ғана айтылып қоймай, оның қалай жүзеге асатын жолдары түсіндірілуі тиіс - дейді.
Ғалым дидактик В. В. Давыдов М. Н. Скаткиннің бастауыш сыныпта жаңа əдістердің енгізілуін мақұлдап, оқушылардың теориялық түсініктерін қалыптастыру мүмкіндігін, бала психикасын дамыта оқытудың тиімді шешімін табуды алға қояды. Осы тұжырымдарды мұғалімдердің озат тəжірибесімен ұштастыра отырып, қазіргі бастауыш сыныптарда білім мазмұны мен əдістерін жетілдіру мəселелері шешімін күтуде.
В. В. Давыдовтың пікірі бойынша, бастауыш сынып оқушыларына танымдық міндеттерді шештірудің жолын іздестіру арқылы шығармашылық тəжірибені меңгертуге болады. Соның нəтижесінде білім, білік жəне дүниеге деген көзқарас, қатынас қалыптасады. Осы жағдайда бастауыш сыныпта тəрбиелеу мен оқыту баланың жеке дара ерекшеліктерін дамытады. Ғалымдардың пікірінше, бастауыш мектептің алдындағы шешімін күтіп тұрған басты мəселелер: оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу əрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру.
В. В. Давыдов дамыта оқыту қағидасын бүтін жүйе ретінде қарастыруды ұсынады. Оқу қызметі оқу мақсаттары мен міндеттерінен, оқыту əдістерінен тұрады. Оқу əрекетіне оқу операциялары (ұғымдарды түсіндіру) оқуды игеру, бақылау, оқылатын материалдарды меңгеру дəрежесі, ал қабылдау əрекетіне дағдылар мен біліктер жатады. Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттарының негізгі ой- тұжырымдары төмендегіше сипатталады:
- есте сақтауға негізделген оқып-білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
9

- білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой əрекетінің динамикасының құрылым жүйесіне көшу;
- оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жеке- леп саралап оқыту бағдарламасына өту.
Қазіргі кездегі Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сəйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің əр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға жəне тəжірибеге негізделген жаңа идеялар, қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар бар. Сондықтан əртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас жəне психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тəжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болу мүмкін емес. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кəсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық жəне басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі əсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тəрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
1.3 Педагогикалық тенологиялардың негізгі мақсаттары
Бір технологияның өзі мұғалімдердің шеберлігіне байланысты əрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі кезде əдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын елуден астам педагогикалық технология қолданылып жүргендігі мəлім. Сондықтан білім беру жүйесінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаттарын білу қажет.
Педагогикалық технология аттары
Авторы
Мақсаттары
Ынтымақтастық педагогикасы
- талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына өту;
- балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тəрбиенің бірлігі.
Білім берудегі ізгілендіру технологиясы.
Амонашвили Ш. А.
- баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы азамат етіп тəрбиелеу;
-баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату;
- баланың танымдық күшін қалыптастыру жəне дамыту.

Ойын арқылы оқыту технологиясы
- дидактикалық;
- тəрбиелік;
- дамытушылық;
- əлеуметтендірушілік.

Проблемалық оқыту технологиясы
- білім, білік, дағдыға ие қылу;
- өз бетімен əрекеттену əдістерін меңгеру;
- танымдық жəне шығармашылық икемділікті дамы- ту.
Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы
(В. Ф. Шаталов)
- білім, білік, дағдыны қалыптастыру;
- жеке мəліметтерге қарамастан барлық баланы оқыту;
- оқытуды жеделдету (орта мектепті 9 жылда аяқтау).
Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы
(Лысенкова С. Н.)
- білім, білік, дағдыны меңгерту;
- мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру;
- барлық баланы табысты оқыту.
Деңгейлік саралап оқыту технологиясы.
- əр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту;
- оқытуды оқушылардың əртүрлі топтарының ерекшелігіне сəйкес бейімдеу, ыңғайлау.
Міндетті нəтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы.
- əр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту;
- оқытуды оқушылардың əртүрлі топтарының ерекшелігіне сəйкес бейімдеу, ыңғайлау.
Бағдарламалап оқыту технологиясы (Б. Скиннер, Н. Краудер, В. П. Беспалько)
- ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру.
Оқытудың компьютерлік технологиясы
- баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту;
- ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру жəне қатынас қабілетін дамыту;
- жеке басты ақпараттық қоғамға даярлау.
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы (П. М. Эрдниев)
- математикалық білімнің оқушының интеллектісін дамыту мен өзін-өзі дамытуының басты шарты ретіндегі тұтастығына қол жеткізу.
Математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген технологиясы (Р. Г. Хазанкин)
- пəндердің бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін тақырыптардың неғұрлым жетілген жүйесін жасау.
Өздігінен даму технологиясы
(М. Монтессори).
- барлық оқушыны стандарт деңгейінде оқыту;
- балалардың математикаға де- ген қызығушылығын туғызу.
- балалардың бойында дарын- дыларды тəрбиелеу;
- жан-жақты дамыту;
- дербестікке тəрбиелеу;
- бала санасындағы нəрселер
əлемі мен ойлау əрекетінің бірлігі.
Дамыта оқыту технологиясы
(С. Выготский,
Д. Б. Эльконин,
Л. В. Занков,
В. В. Давыдов)
- бала бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсінділік, т.б. қасиеттерді дамыту.
Дамыта оқытудың басты мақсаты: баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.
Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі
Д. В. Эльконин -
В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы.
- жеке адамның жоғары дəрежеде дамуы;
- жан-жақты гармониялық даму үшін негіз жасау;
- теориялық ой мен сана қалыптастыру;
- балаларда білім, білік, дағдыны ғана қалыптастырып қоймай, ой-əрекетінің əдістерін де қалыптастыру;
- балалардың оқу əрекетіне ғылыми таным логикасын енгізу.
В. М. Манахов технологиясы
- оқытудың тұтас технология- сын жобалау;
- алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үдеріс туғызу;
- мұғалімге нəтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау жəне құру.

Жаңашыл педагог Ш. Амонашвилиден дамыта оқыту мен шəкірт пен ұстаз арасындағы қарым-қатынастың жолдарын үйренуге болатын болса, С. Н. Лысенкованың тірек схемаларымен оза оқыту əдістерін үйренуге болады.
Белгілі психолог Выготский: Оқыту, білім беру, дамытудың алдында жүріп отыруы керек. Дұрыс ұйымдастырылған оқыту үдерісі ғана баланың жеке басының дамуын үйлестіре алады - дейді.
Өз кезінде Ж. Аймауытов ... Сабақ беру - үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер деп оқыту үнемі ізденіспен, жаңадан жаңаны жасайтын іс-əрекет
12
екенін айтқан еді. Сондықтан қай пəн барысында да тек оқулықпен шектелмей, оқушының да шығармашылықпен жұмыс жасауына көңіл бөлу қажеттігі туындайды. Мұғалім үшін ең бастысы - сабаққа лайықты əдіс-тəсілдерді дұрыс таңдау. Сондықтан бастауыш мектепте сабақтарды индуктивтік, дедуктивтік, репродуктивтік, проблемалық, көрнекілік əдіспен оқыту тиімді болып табылады. Бастауыш мектепте сабақ түрлерін түрлендіріп сайыс сабақ, сынақ сабақ т.б. қайталау сабақ түрлерін топтық жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, өздік жұмыс түрлерін қолдануға болады.
Мұғалім оқушының өз бетімен жұмыс жасауына ықпал етеді. Мұндай жағдайда балаларды Кім шапшаң?, Ойлан тап, т.б. ойындары арқылы да ойлантуға болады. Ойын баланың досы, бала кез келген уақытта ойын арқылы өзінің ойын қорытындылап отырады.
Тұлға дегеніміз тұтастай тұратын құрылым жəне ол біртұтас педагогикалық үдеріспен байланысты (Ильин В. С.). Демек педа- гогикалық технология да осы педагогикалық үдерістің басты белгісіне сəйкес болуы керек.
Педагогикалық технология - педагогикалық қолданбалы сипаты бар, бүтіндей алғанда, жалпы дидактика мен педагогиканың практикалық жалғасы. Ол классикалық дидактиканы дамытады, мынадай технология ұстанымдарына сүйенеді:
а) технологиялық, құрылымдық жəне мазмұндық ұстанымдары;
ə) оның диагностикалық мақсаттылығы, аяқталғандық, əлеуметтік жəне табиғатқа сəйкестілік, барлық үдерістердің қарқынды жүруі (В. Беспалько, 1984.)
Шетел зерттеушілері педагогикалық технологияны психология, əлеуметтік философия, басқару жəне мақсат қою теориясы, техника, қарым-қатынас, аудиовизуальды білім беру жəне кибернетика элементтерінен тұратын пəнаралық конгломерат ретінде қарастырып отыр.
Педагогикалық технология саласындағы теориялық жəне практикалық ізденушілерді бір жерге топтастыру айналасындағы қызмет бағыттарын анықтайды. Бұл жерде ізденудің шеберлігі - педагогикалық тізімді пайда етуші элементтерді үйрену, жаңалаудан тұрады. Жаңа педагогикалық технология терминологиялық тіркесіне үңілсек, жер жүзінде когнативтік, эвристикалық, креативтік деп аталатын негізгі үш педагогикалық технология бар екенін білеміз.
Эвристикалық технология оқушының өзін істетіп, зерттеушілік қабілетін дамытуға байланысты.
Креативтік технология шығармашылық ойды, ұқыптылықты, қабілеттілікті дамытады.
Когнативтік технологияда қоғамымызда осы дəуірге дейін жиналған білім атаулының бəрі, оқушыға жетерлік дəрежеде терең үйретіліп, оны оқушы келешек өмірімізде пайдалана алатындай жағдайға əкелу мəселесі назарға алынады.
Мұндай жағдайда балаларды Кім шапшаң?, Ойлан тап, т.б. ойындары арқылы да ойлантуға болады. Ойын баланың досы, бала кез келген уақытта ойын арқылы өзінің ойын қорытындылап отырады.

13
Тұлға дегеніміз тұтастай тұратын құрылым жəне ол біртұтас педагогикалық үдеріспен байланысты (Ильин В. С.). Демек педа- гогикалық технология да осы педагогикалық үдерістің басты белгісіне сəйкес болуы керек.
Педагогикалық технология - педагогикалық қолданбалы сипаты бар, бүтіндей алғанда, жалпы дидактика мен педагогиканың практикалық жалғасы. Ол классикалық дидактиканы дамытады, мынадай технология ұстанымдарына сүйенеді:
а) технологиялық, құрылымдық жəне мазмұндық ұстанымдары;
ə) оның диагностикалық мақсаттылығы, аяқталғандық, əлеуметтік жəне табиғатқа сəйкестілік, барлық үдерістердің қарқынды жүруі (В. Беспалько, 1984.)
Шетел зерттеушілері педагогикалық технологияны психология, əлеуметтік философия, басқару жəне мақсат қою теориясы, техника, қарым-қатынас, аудиовизуальды білім беру жəне кибернетика элементтерінен тұратын пəнаралық конгломерат ретінде қарастырып отыр.
Педагогикалық технология саласындағы теориялық жəне практикалық ізденушілерді бір жерге топтастыру айналасындағы қызмет бағыттарын анықтайды. Бұл жерде ізденудің шеберлігі - педагогикалық тізімді пайда етуші элементтерді үйрену, жаңалаудан тұрады. Жаңа педагогикалық технология терминологиялық тіркесіне үңілсек, жер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деңгейлік саралап оқыту технологиясы
Қазіргі педагогикалық технология. Дәрістер
Қазіргі сабақтың педагогикалық ресурстары
Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыру моделін құру
Математиканы оқыту жүйесін компъютерлендіру мәселелері
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды элементі
Бітібаеваның дамыта оқыту технологиясы
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ЗАМАНАУИ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Оқытудың қазіргі технологиялары
Инновациялық оқытудың салыстырмалы психологиялық ерекшеліктері
Пәндер