Сейсмикалық аудандастыру


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
«Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Авария және табиғи апаттар кезіндегі объектілер жұмыс сенімділігін жоғарылату шаралары.
Орындаған: Демесбаева Жансая
Тобы: СТР-21-1м
Қабылдаған: т. ғ. д, профессор Бисенов Қ. А.
Қызылорда 2022 жыл
Жоспар
- Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
- Апаттар
- Зілзала
- Жерсілкінісі және оның түрлері
- Сейсмикалық аудандастыру
- Өндірісте болатын авариялар және себептері
- Өрттен сақтандыру және оның болуын төмендету шаралары
- Пайдаланылған әдебиеттер
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 5. 07. 96 ж Қазақстан Республикасының заңы Республика аумағында табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. Онда, халықты, қоршаған орта мен шаруашылық нысандарын төтенше жағдайлардың және одан туындаған салдардан қорғау мен мемлекеттік саясат жүргізуде басым салаларының бірі екендігі атап көрсетіледі.
Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайларға вулканнан, цунамидан, тайфуннан және табиғи шымтезек өрттерінен басқа барлық табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тән. «Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңында Төтенше жағдайларды жою - төтенше жағдайлар пайда болған кезде жүргізушінің және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға залалымен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ төтенше жағдайлар аймағында одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық қалпына келтіру жұмыстарымен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар деп көрсетілген.
Заңда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезіндегі мемлекеттік органдармен жергілікті басқару органдарының өкілеттілігі атап көрсетілген. Заңда апат төтенше жағдай аврияға анықтама берілген.
Апат - бұл адамның өзі күтпеген іс-әрекеті, зілзала. әлеуметтік қиыншылықтың тууы. . Олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болмауымен немесе өмірі мен денсаулығына төнген қаупімен және айтарлықтай экономикалық және экологиялық залалмен сипатталады. Апаттар көлемімен түрлері бойынша жіктеледі. Көлемі бойынша: кіші, орта және үлкен көлемді. Көлемді анықтау кезінде екі көрсеткіш алынады. Көрсеткіш-зардап шеккендердің саны немесе емдеуге 6 мұқтаждардың саны, екінші апат салдарына ұшырағандардың аймақ көлемі. Түрлері бойынша барлық апат екі топқа бөлінеді:
- Табиғи (олар табиғи және стихиялық зілзала) .
- жасанды (антропогендік, яғни адамдық факторлардан туындайды) .
Табиғи:
- Метеорологиялық (боран, дауыл, циклон, қарақұйын, қатты ыстық, құрғақшылық, аяз, найзағайдан болған өрт ) .
- Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан болған өрт, жер сілкінісі) .
- Топологиялық (сел, сырғыма қар көшкіні, тастың құлауы, су басу) .
- Космостық (метеориттердің және басқа космостық денелердің құлауы, олармен соқтығыс) .
Жасанды:
- Көліктік (космостық, авиациялық, автомобильдік, теңіз, өзен, темір жол) .
- Өндірістік (радиациялық, механикалық, химиялық, термикалық) .
- Спецификалық (бактериологиялық, эпидемиялық) .
- Әлеуметтік (соғыс, аштық, қоғамдық және ұлттық тәртіпсіздік, нашақорлық, токсикамания) .
Әрбір апат ошақ құруға алып келеді, бұлар үшін өзіндік зақымдау ерекшелігі тән, ал әрбір ошақ - бұл төтенше жағдай.
Төтенше жағдай - апат нәтижесінде қалыптасқан ахуал, оның басты көрсеткіші бүлдіру процестерінің жиілігі болып табылады. Бұл процестерді қалпына келтіру үшін қосымша күш кең қаражатты тартуды және айрықша шешім қабылдауды талап етеді.
Авария - технологиялық процестердің бұзылуы, механизмнің, қондырғының және ғимараттық зақымдалуы. Шаруашылық нысандарындағы ең көп тараған авария себептері-агрегаттарды, механизмдерді пайдалану ережесін бұзу, сондай-ақ техника қауіпсіздігі ережесін бұзу және зілзала әсерінен болуы мүмкін. Авария салдарының сипаты оның түріне, көлеміне және пайда болған кәсіпорын ерекшелігіне байланысты. Аварияның негізгі салдары жарылыс, өрт, су басу, шахталардың құлауы болуы мүмкін. Бірқатар жағдайларда атмосфера газданады, мұнай өнімдері тұтанғыш сұйықтар мен қатты әсер ететін улы заттардың төгілуі авария салдарын тудырады.
Төтенше жағдай салдрын жою мерзімі шартты түрде екі кезеңге бөлінеді:
- құтқару және басқа шолу жұмыстарды жүргізу мерзімі;
- экономика мен халықтың қалыпты тіршілігін қалпына келтіру мерзімі.
Аварияны жою кезінде мынадай шаралар өткізіледі :
- обьекті төңірегінде тұратын халықты, құрамаларды және объект жұмысшылары мен қызметшілерін /қажет жағдайда/ пайда болған аварияның қауіпті салдары туралы хабарлау;
- авария болған объектіні жеке барлау;
- адамдарды үйінділерден, бұзылған және зақымдалған ғимарат пен тұрақтардан құтқару;
- зардап шегушілерге медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемесіне апару;
- өртті сөндіру және жайылтпау;
- құтқару жұмыстарын жүргізуге кедергі келтіретін жүйелердегі аварияларды жою;
- авария орындарын, зақымдалған және бұзылған ғимараттарға жол мен өткелдерді орнату; - берік емес қондырғыларды бұзу;
- механизмдердің жұмысы үшін алаңдарды даярлау;
- үйіңділерді ашу;
- қауіп төнген қондырғыларды бөлшектеу, авария ауданы мен жапсарлас ауданда коменданттық қызметті ұйымдастыру.
Авария болған бойда құрамалар қатарына кіретін жұмысшылар мен қызметшілер жиналатын орындарға кешікпей келуге міндетті, ал барлық қалғандары аварияны жою, объектілердегі зардап шеккендерді құтқару жөніндегі 8 жұмысқа дайын болуы тиіс. Авария салдарын жою жеткілікті күш пен қаражат болған жағдайда бүкіл объектіде бір уақытта немесе оның жекелеген учаскелерінде жүргізілуі мүмкін. Кәсіпорындағы әрбір жұмыскердің міндеті авария жағдайында өзін-өзі ұстаудың негізгі ережесін білу, күрделі жағдайда іс-әрекет ете білу
Зілзала -бұл кенеттен туындайтын және халықтың қалыпты жағдайының бұзылуына, адамдар мен хайуанаттардың қаза болуына, материалдық құндылықтарының бүлінуіне және жайылуына алып келетін табиғат құбылысы. Зілзала салдарынан төтенше жағдай туады. Зілзалалар адамның еркінен тыс сілкіністер, тасқын, сең, қар көшкіні, долы жел, бұрқасын, орман және дала өрттері сияқты табиғи күштердің әсерінен болады. әрбір зілзаланың тек өзіне ғана тән жағдайда пайда болуы, қозғаушы күші, даму сипаты мен сатысы, қоршаған ортаға өзіндік әсер етуі болады.
Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, бұрқасын, дала, орманды дала, орман өрттері. Әсіресе, Арал теңізінің құруы, Балқаштың таяздануы, Каспий деңгейінің өзгеруіне байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады.
Жер сілкінісі кенеттен пайда болады. Оның барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, тоғандар және басқа да инженерлік ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қапарылыс пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарды үрей билейді, су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде теңіз түбінің қозғалыс нәтижесінде теңіздің гравитациялық толқындары цунами пайда болып, құрлықта үлкен бүлінушілік жасайды. 2004 жылдың желтоқсан айында Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс Азияда осындай жағдай тіркеліп 2000 астам адам қаза тауып, 4 мыңнан аса адам жарақат алды. Жойқын мұхит жоғалуындағы демалыс орындары қирап, материалдық шығын алып келді. Жалпы жер сілкінісі 4 типке жіктеледі
- Тектоникалық жер сілкінісі - жер қабаттары мен литосфера плитасының қозғалысынан пайда болған жер сілкінісі. Оған жататындар Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан тауларындағы жер сілкінісі.
- Вулкандық жер сілкінісі - жанартаудағы магманың жылжуынан сөнбеген жанартау әсерінен пайда болады. Қазақстанда мұндай жер сілкіну тіркелмеген.
- Опырылмалы жер сілкіну - бұл опырылма, үгінді тау жыныстары жылжу әсерінен пайда болады, Қазақстандағы күнгей Алатауы мен Ұлы Алатауда өзендер әсерінен опырылмалы болып тұрады. Бірақ опырылмалы жер сілкіну тіркелген жоқ.
- Техногендік жер сілкінісі - Адамның іс-әрекетінен пайда болған жер сілкінісі Қазақстанда Қызылорда, Маңғыстау облыстары жер асты суынан, мұнай мен газды жер астынан бұрғылаудан, су қоймасы құрылысын салудың нәтижесінде жер сілкіну туғызуы мүмкін.
Қазақстанның 450 мың аймағында жер сілкіну қаупі бар. Бұл аймақта
6 миллионнан астам халық тұрады, 27 қала, 400-ден астам елді 12 мекендер бар. Еліміздің 40% жуық өндірістік потенциалы осы аймақта шоғырланған.
Әр елдерде жер сілкінісі жиелігін бағалау үшін пайдаланатын көптеген системалық (50-ге жуық) шкалалар жасалынды. Олар Рихтер шкаласы магнитуда
8-9 дейін болған (Канада), 12 балдық MM (Италия 1902) және 12 балдық MSK - 64 шкаласы, MSK- 84. Соңғы шкаланы Европа елдері мен Қазақстан пайдаланады. Онда 12 балдық жүйеде қозғалыс тіркейді. Жиелігі 7 және одан жоғары жер сілкінісі күшті, 10 балдан жоғары жер сілкінісі апатты жер сілкінісіне жатады.
Жер сілкіну - тілсіз жау. Дүние жүзіндегі зілзала апатының статистикасына көз жіберсек жер шарында жылына орта есеппен 6-дан жоғары 100 сілкініс, магнитудасы 7-ден жоғары 20 сілкініс болып тұрады екен. Дүние жүзі бойынша 1976 жыл ерекше жыл болған екен. Себебі, бұл жылы 8-9 балдан жоғары 22 жер сілкінісі болған, әрі бұл сілкініс халық ең тығыз қоныстанған жерлерде тіркелген, 100 жылдың ішіндегі ең апатты жыл деп аталған.
Қазақстан территориясына түгел кірмесе де оған 3 түрлі жағдаймен әсер ете алатын 7сейсмикалық аймақ аудандастырған. 1-ші жағдайда 3 балдан 5 балға дейін болуы мүмкін, 2-шіден дүмпу әсер етуі мүмкін, 3- шіден сілкініс ошақтарының жылжуынан сейсмикалық белдем пайда болуы, оған газ-мұнай кеніштерінің әсері болуы мүмкін.
Қызылорда облысы территориясының оңтүстігі Қызылқұм сейсмикалық белдеуіне жатады. Бұл аймақта жер сілкіну туралы деректер аз. 1917 және
1929 жылдары туралы ғана аз деректер бар. 1917 жылы Арыста 7 балдық жер сілкіну болса, 1929 жылы Шиеліде 7 балдық жер сілкінісі тіркелген. Шиелі жер сілкіну ошағынан 130 км қашықтықта болған. Осы жылдары 4-5 ай бойы көптеген ірілі-ұсақты жер асты дүмпулері Арыста, Шиеліде сезіліп отырған. Бұл белдеуде жергілікті сейсмикалық станция жоқтығынан әлсіз сілкіністер әлі күнге дейін белгісіз болып отыр. Айта кететін бір жәйт көбінесе бұл адамның элицентр,
13 шөлдалаға, елді мекендер жоқ жерлерге немесе уақытша қоныс тепкен шопандар тұратын жерлерде ғана сезілген.
Қызылорда облысында (1978ж, 1984ж) 9-10 балдық Газлидегі жер сілкіністері дүмпуінің 1-2 балдық әлсіз сілкінісі әсерін тигізген Миллиондаған жылдар бойы тыныш жатқан бұл аймақтағы жер қойнауының тепе-теңдігі бұзылып, сол ортаның геологиялық жағдайының өзгеруі ішкі тектоникалық күштерге қосымша болып, осындай апатқа әкеліп соқтырады деген болжам бар. Қазақстан жері мұнай мен газға бай өңір, оларды пайдалану да кең өріс алған Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында мұнай кен орындары жүргізілуде. Әзірге бұл облыстарда жер сілкіну оқиғалары кездескен жоқ. Дегенмен ғалымдар жорамалы бойынша ықтимал болуы мүмкін деген болжам бар. Әдетте мұнайдың жер бетіне шығуын көбейту үшін, оның жер астындағы қабаттарына ұңғыма арқылы жоғарғы қысыммен су жіберіледі. Бұл процесс сол аймақта жасанды жер сілкіністердің пайда болуына тағы бір себеп. Бұл жағдай АҚШ-та сонау 60-70 жылдарда-ақ дәлелденген. Арнаулы приборлар арқылы айына орташа 700-ге дейінгі жер асты дүмпуі тіркелген. Ал бізде мұндай приборлар жоқ және бұл процесс әлі жолға қойылмаған.
Ықтимал залалмен материалдық шығынды жер сілкінісі кезінде төмендету жөніндегі қорғаныс шаралары кешеніне мыналар кіреді. Болжау мәселесі- жер асты дүмпуінің орнын, жиелігі мен уақытын алдын-ала болжау. Жер сілкінісінің хабаршылары мыналар: сейсмикалық толқындар жылдамдығының өзгерісі, топырақтағы суларда, радон, аргон, гелий газдары, фтор және уран қосылыстарының бөлінуінің күрт өсуі, скважиналардағы су деңгейімен шығынын өзгерісі, үй мен жабайы хайуанаттардың балықтармен құстардың мазасыздануы әлсіз дүмпулердің қайталануы, ауаның әлсіз бозғылттануы аспалы шамдардың, шырақтардың өзінен-өзі жануы, жайсыз сезіну, бас айналу, әлсіздік және басқалар.
Сейсмикалық аудандастыру. Сейсмикалық аудандастырудың мақсаты - жер сілкінісіне ұшыраған аумақты сейсмикалық қауіпті деңгейі әр түрлі аудандарға бөлу.
- Хабарлау, ақпарат және басқару жүйесін құру, оларды жұмыс 14 жағдайында күтіп, ұстау
- Ғимаратты және үй-жайды сейсмикалық төзімдік үшін зерттеу, оларды нығайту, қауіпті объектілерді тоқтату және бөлшектеу.
- Жаңа ғимараттар мен үй - жайлардың сейсмикалық төзімді құрылысы. Балалар мекемелеріне, ауруханаларға, мектептерге баса назар аударуы тиіс.
- Қондырғыларды, қысым жоғары, сұйық газы бар балондарды, улы заттар салынған ыдысты сенімді бекіту. Айрықша және қымбат тұратын қондырғыны сейсмикалық төзімді ғимаратқа көшіру, негізгі қондырғыларға сенімді бекіту, арнайы қапшықтарға салу жолымен қорғау. Құтқару, инженерлік және басқа арнайы құрамаларды тұрақты әзірлікпен ұстау, олармен жаттығу өткізу, оларды киіммен, техникамен, прибормен және апаратурамен қамтамассыз ету.
- Бірінші кезектегі қажет заттардың /орамал, төсек-орын, киім, азық-түлік, су және құтқару және басқа да тиісті жұмыстарды жүргізу үшін материалдық -техникалық құралдарын/дәрі-дәрмек, жол қапшығы, арнайы жол жабдығы және т. б. /қорын жасау, оларды аса сенімді және қауіпсіз жерде сақтау.
- Улы, жанатын және жарылатын заттардың қорын кәсіпорындармен елді мекендерде азайту бойынша шаралар жүргізу, оларды қауіпсіз аймаққа орналастыру.
- Әрбір мекенде, ұйымда, кәсіпорында жер сілкінісі жағдайында шұғыл шаралар жоспарын әзірлеу.
- Барлық, жұмысшы, қызметші, оқушы және халықпен сабақтармен сейсма жаттығуларды тұрақты өткізу.
Ғимараттың құрылыстың құлауы өздігінен болмайды, оны тудыратын жанама факторлар, атап айтқанда, тар жерге адамдардың жиналуы, өткен темір жол құрамаларының қатты дірілдетуі, жоғарғы қабаттарды жүктеменің шектен тыс көп болуы. Бұл адам құрбандықтарына, авариялық ғимараттарды бұзуға, жаңа құрылыс үшін үлкен шығын жұмсауға алып келеді.
Өндірістік авариялардың себептері зілзала құрылысты жобалау мен салу кезінде жіберілген ақаулар, техникалық жүйенің монтажы кезіндегі қателер, өндіріс технологиясы мен ғимаратты көлікті, қондырғыны, механизмді пайдалану тәртібін бұзылуы мүмкін. Өндірістік авариялар сондай-ақ еңбек және технология тәртібінің төмендігі, техника қауіпсіздігі тәртібін орындамау, бақылау- өлшеу және қорғаныс аппаратурасымен нашар жабдықтау, өрт сөндірудің озық жүйесін, әсіресе өрт және жарылыс қауіпті бар нысандарды нашар енгізу, ғимарат, құрылыс, қондырғы және т. б. тиісті қадағалаудың жоқтығы нәтижесінде болуы мүмкін.
Өндірісте болатын авариялар және себептері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz