АЯҚТАЛҒАН ҚЫЛМЫС


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттiк университетi

Қылмыстық құқық пен iс жүрiзу кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

« Қылмыс істеу сатылары »

Пән: ҚР қылмыстық құқығы

Мамандығы: 5В030100 - Құқықтану

Орындаған: Багит А. Т, 1курс студенті

Юр22-212-10

Ғылыми жетекшісі: Байсарин Б. З. аға оқытушы

Курстық жұмыс қорғалды

___ 2017 ж.

Бағасы

Қостанай, 2023

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

1 . ҚЫЛМЫСТЫ ІСТЕУ САТЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ . . . 6

1. 1. ҚЫЛМЫС ІСТЕУГЕ ДАЙЫНДАЛУ . . . 6

1. 2. ҚЫЛМЫС ІСТЕУГЕ ОҚТАЛУ . . . 9

2. ҚЫЛМЫС ІСТЕУ САТЫЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІ . . . 13

2. 1. АЯҚТАЛҒАН ҚЫЛМЫС . . . 13

2. 2. ҚЫЛМЫС ІСТЕУДЕН ӨЗ ЕРКІМЕН БАС ТАРТУ . . . 15

Қорытынды . . . 18

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 19

КІРІСПЕ

1995 жылы тамыз айында бүкіл халықтық дауыс беру нәтижесінде қабылданған Қазақстан Республикасының Конститутциясы шынайы демократиялық, бұрынғыдан гөрі шынайы адамгершілікті қоғам құру міндетін алға қойып әрбір жеке адам мен азаматтың кең көлемді демократиялық құқықтары мен бостандықтарын баянды етті.

Қазірдің өзінде Қазақстан мемлекеті бұрынғы саяси құрылысқа қарағанда әлдеқайда демократиялық мемлекет деп санауының өзі негізсіз емес. Бірақ, өкінішке орай, қылмыс азаймай отыр, тіпті көбейіп кету тенденциясы да бар. Кейбіреулер мұның себебі жазалау шараларының жұмсақтығынан десе, кейбіреулері керісінше заң тым қатал деп есептейді. Адамзат баласы басынан не кешпеді, не жеңіл жазалау да, кескілеп өлтіру де, отқа жағып жіберу де - бәрі де болды. Бірақ, бұлардың барлығында қылмыс жасауды тоқтата алмады. Мүмкін, әлде қылмыс дегеніміз мүлдем жойылмайтын, адамзат қоғамы өмір сүріп тұрғанда бола беретін құбылыс па? Шынын айтқанда мұндай ғылыми теория да жоқ емес.

Куырстық жұмыстың өзектілігі Қазақстанда қылмыстың өсе түсуіне әсер ететін себептері ішінде кедейшілікті, жоқшылықты, жұмыссыздықты, мәдениеттің төмендеп кетуін, адамгершіліктен азғындау, отбасылық тәрбиенің төмендеп кетуін, маскүнемдіктің етек алуын, нашақорлық, порнографияның кері ықпалын, құқық қорғау органдарының жұмыстарының тиімді жүргізілуін, тағы басқа себептерін атап өтуге болады. Қылмыстың едәуір бөлігі ашылмай қалады, сондықтан да сазайын тартпаған қылмыскерлер одан сайын дандайсып, басқа да қылмыстар жасайды.

Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің барлық баптарында көрсетілген белгілер негізінен аяқталған қылмысқа тән белгілер. Алайда, кейбір жағдайларда қандай да бір себептерге байланысты адамның қасақана ойлаған іс-әрекетінің ақырына дейін жетпейтін кезеңдері болады. Айталық қылмыскер кісі өлтіру үшін қару сатып алады, алайда оны құқық қорғау органдарының қызметкерлері қолға түсіреді. Сол сияқты қылмыскер қолындағы қарумен өлтіру мақсатында жәбірленушіні атады, бірақ та жәбірленуші жеңіл ғана жарақаттанып тірі қалады.

Сондықтан қылмыстық құқық теориясы мен сот тәжірибесі қылмыстық заңға сүйене отырып, қасақана қылмыс істеу сатыларын ажыратып көрсетеді.

Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі - қылмыс істеу сатылары бойынша дереккөздерге сүйене отырып, жалпы қылмыс істеу сатылары ұғымын кеңінен зерттеу болып табылады.

Менің курстық жұмысым осы қылмыс істеу сатыларына арналған. Мұнда мен қылмыс істеу сатыларының түсінігін, түрлерін, оның мәнін ашып көрсетуге ұмтылдым. Курстық жұмысымды жазу барысында негізгі заңдармен қатар заңгер ғалымдарымыздың жазған оқулықтарына, бұқаралық басылымдарға (Заң газеті) сүйендім.

ҚЫЛМЫСТЫ ІСТЕУ САТЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ

1. 2. ҚЫЛМЫС ІСТЕУГЕ ДАЙЫНДАЛУ

Қылмыс істеу сатылары тек қылмысты қасақана жасағанда ғана орын алады. Қылмысты істеу сатылары деп қасақана істелетін қылмысқа дайындалу, оқталудан басталып, аяқталғаннан өтетін кезеңдерін айтамыз. Қасақаналықпен істелетін қылмыста бірнеше саты болады. Олар: қылмыс істеуге дайындалу, қылмыс істеуге оқталу және қылмысты аяқтау.

Қылмыс істеуге дайындалу - қылмысты жасау үшін қасақана қолайлы жағдай туғызудың кез келген түрлерін құрайды.

Қылмыс істеуге оқталу - тұлғаның қылмыс істеуге тікелей іс-әрекет жасағанымен, қайсыбір себептермен қылмыстық әрекеті іс жүзіне асырылмаған жағдаймен сипатталады.

Аяқталған қылмыс - тұлғаның жасаған әрекетінде нақты қылмыс құрамының барлық белгілері бар қылмыстық әрекет.

Олар қылмыстың объективтік жағы мен кінәлінің қасақаналық пиғылын жүзеге асыру дәрежесіне байланысты бір-бірінен ерекшеленіп, ажыратылады. Көрсетілген сатыларды анықтау, аяқталған қылмыс құрамын құрамайтын қасақана қылмыстық іс-әрекет жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін және оған жаза тағайындау үшін өте қажет.

Кез келген қылмысты істеу үшін адам өзін соған итермелейтін қоғамға зиянды мүдделерді, қажеттіліктерді, зұлымдық пиғылдарды басшылыққа алады. Яғни, адам қылмыс істеу үшін ең алдымен өзінің психологиялық ой-ниетін қалыптастырады.

Қылмыстық ойдың ашылуы деп қылмыс істеуді ойлаған адамның өз ойын басқа бір адамға ауызша және жазбаша түрде білдіруін айтамыз.

Қылмыстық заңда қорқыту арқылы жасалған бірнеше біткен қылмыстардың құрамы көрсетілген. Мысалы, өлтіремін деп қорқыту (112-бап), куәні, жәбірленушіні, сарапшыны, аудармашыны қорқыту (354-баптың 2-бөлігі), өкімет өкілінің өз қызметтік міндеттерін орындауына байланысты немесе оның жақындарына қатысты өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз күш қолдану немесе қорқыту (321-бап), бастықты қорқыту (368-бап), т. б. Мұндай қорқытулар біткен қылмыстың құрамын құрайды. Осы қылмыстарды істеуші субъектілер жәбірленушіге психикалық зиян келтіру жолымен, қылмыстық ойын белгілі бір іс-әрекетпен байланыстыру арқылы біткен қылмыстың құрамын жасайды. Мысалы, 112-бапта “Өлтіремін деп немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіремін деп, сонымен бірдей адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлікті өртеп құртамын деп, жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауіпті тәсілмен қорқыту бұл қорқытудың іске асатындығына қауіптенудің жеткілікті негіздерінің бар екендігі кезінде” делінген1. Бұл жерде қорқытудың іске асатындығына қауіптенудің жеткілікті негіздері бар екендігіне деген сөздің өзі қылмыстық ниеттің белгілі бір іс-әрекетпен байланысын білдіреді, яғни оны жүзеге асыру біткен қылмыстың құрамын орындаушылық болып табылады. Осы жерде айта кететін бір мәселе бар. Ол қылмыстың қатарына тек аяқталған қылмыс қана емес, дайындалу, оқталу сатыларында жасалған, бірақ олардың аяқталуы әр түрлі себептермен жүзеге аспай қалған қылмыстар да жатады. Егер кінәлінің ырқына салса бұл әрекеттер аяғына дейін жеткізілер еді, бірақ оның бітпей қалуы кінәлінің еркінен тыс жағдайларда болатын әр түрлі бөгеттерге байланысты болады.

Тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру, әзірлеу немесе бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмысқа дайындалу деп танылады (ҚК 24-бап, 1-бөлігі) 2. Заңда ауыр немесе ерекше ауыр қылмысқа дайындалғаны үшін қылмыстық жауаптылық басталады деп көрсетілген (ҚК 24-бап, 2-бөлігі) . Заңда дайындық әрекеттерінің негізгілері ғана берілген. Мұнда қасақана қылмыс жасауға туғызылатын жағдайлардың жалпы көріністері орын алған. Кінәлі адам күні бұрын ауыр, ерекше ауыр қылмыстарды жасау үшін өзіне өте қажетті жағдайларды жасайды. Мысалы, пәтерге түсіп, ұрлық жасау үшін алдын ала иесіз пәтерді анықтап, құлыпты ашуға кезекті кілттерді немесе басқа да кұралдарды дайындайды, жалған ақша жасау үшін соны жасауға қажетті аспаптарды, жабдықтарды, қажетті материалдарды іріктейді, т. б.

Қылмысқа қатысушыларды іздестіру деп әр түрлі тәсілдермен уәде беріп қорқыту, бопсалау жолымен болашақта істелетін қылмысқа бірге қатысушыларды табу, алу болып табылады. Қылмыс жасауға сөз байласу деп екі немесе одан да көп адамдармен нақты қылмысты істеу жөнінде күні бұрын уағдаластыққа қол жеткізу болып табылады. Қылмыс істеу үшін қасақана басқа бір жағдайлар туғызу деп құралдар мен қару-аспаптарды дайындаудан басқа қылмыс істеуге бағытталған кез келген әрекеттерді айтамыз. Бұған жататындар: ұрлық істеу үшін қылмысты топқа мүше іздестіру, болашақ қылмыстың жоспарын жасау. Қылмыс істелетін объектілердің жүйесін зерттеу, қоймаларға жасырын кіру үшін дыбыс беретін құралдарды күні бұрын жою, пәтерге түсу үшін үй иелерінің келіп-кету мерзімін болжау сияқты әрекеттер жатады3.

1. 2. ҚЫЛМЫС ІСТЕУГЕ ОҚТАЛУ

Қылмыстық Кодекстің 24-бабының үшінші бөлігінде "Тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып танылады" - деп көрсетілген4.

Ал осы баптың төртінші бөлігінде "Қылмыстық жауаптылық ауырлығы орташа, ауыр немесе ерекше ауыр қылмыс жасауға оқталғаны үшін ғана басталады" - делінген5.

Қылмыс істеуге оқталудың төрт түрлі белгісі бар.

Бірінші іс-әрекеттің қылмыс істеуге тікелей бағытталуы қылмыс істеуге оқталғанда, қылмыс субъектісі қылмыс құрамын орындауға тікелей кіріседі және қылмыстық құқылық норма диспозициясының объективтік жағында көрсетілген элементтерін орындайды. Мысалы, кісіні өлтіруде оған қарай мылтық атады, ұрлық жасағанда есікті бұзып тұрғын жайға кіреді, көлік құралын айдап әкетуде көлікті қозғалысқа келтіру әрекетін жасайды және тағы басқа әрекеттер. Қылмысқа оқталғандағы іс-әрекет қылмыстың зардабын туғызатын себептің көрінісін білдіреді. Егер ол іс-әрекет үзіліп қалмаса, онда қылмыс зардабының болуы сөзсіз болар еді.

Қылмыс істеуге оқталудың екінші белгісі - субъективтік белгісі болып табылады. Қылмыс істеуге оқталғандық тек тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Бұл туралы қылмыстық заңның өзінде қылмыс істеу үшін тікелей бағытталып, істелген әрекет немесе әрекетсіздік деп тура көрсетіліп отыр. Заңдағы тікелей бағытталған деген сөздің өзі осы тұрғыда қылмыстың тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылатындығын білдіреді. Мысалы, кісіні қасақана өлтіру жөніндегі сот тәжірибесі туралы Жоғарғы Сот қаулысында кісіні өлтіруге оқталу тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады, өйткені мұндай жағдайда кінәлі адам өзінің әрекетінің зиянды екенін біле тұра, оның зиянды зардаптарын болжай тұра, бұл зардаптардың болуын тілеп істейді.

Мысалы, С. деген азамат өзінің жұбайы К-нің Д. деген азаматпен көңілдес екенін біліп, екеуінің кездесу шағын аңдып, ақыры осындай бір сәтте олардың өзара оңаша сүйісіп отырғанының үстінен шығып, С. қалтасындағы бәкісімен әйелінің көңілдесі Д-ның күре тамырын қиып жібереді. Дәрігерлік көмектің нәтижесінде Д. тірі қалады. Сот оның әрекетін қызғаныштан қасақана кісі өлтіруге тікелей оқталғандық деп саралаған (ҚК 24-бабы, 3-бөлігі, 96-бабы, 1-бөлігі) .

Қылмыс істеуге оқталғандық әрекетсіздік арқылы да жүзеге асырылады. Мысалы, анасының өз нәрестесінен құтылу үшін, емшек бермей, өлтіруге бағытталған әрекетсіздігі. Қылмыс істеуге оқталу жанама қасақаналықпен жүзеге асырылмайды.

Қылмыс істеуге оқталғандықтың үшінші белгісі - істеуге бағытталған қылмыстың ақырына дейін жеткізілмеуі болып табылады. Яғни, қылмыс құрамын орындау сатысында қылмысты әрекет амалсыздан үзіледі. Бұл жерде қылмыс істеуге оқталғандықтың белгісі қылмыстың аяқталмай қалуы, бітпеуі болып отыр. Бұл белгі аяқталған қылмысты қылмыс істеуге оқталғандықтан айырудың басты белгісі болып табылады.

Мұндай ретте Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі қылмыс құрамының белгілері толық жүзеге асырылмайды немесе заңда көрсетілген қылмыстың зардабы болмай қалады, сөйтіп біткен қылмысқа қарағанда қылмыс құрамының объективтік жағының белгілерін түгелдей орындауға бағытталған іс-әрекет толық аяқталмай қалады. Мысалы, өзіне қас кісіні өлтіремін деп ол ұйықтап жатқанда оның үйінің есік-терезесін сыртынан бекітіп, үйінен шықпастай етіп, үйіне өрт қояды.

Нәтижесінде ол ауыр дене жарақатын алып, аман қалады. Бұл жерде кінәлінің әрекеті қасақана кісі өлтіруге оқталғандық ретінде сараланады (24; 96-бап, 1-бөлік) . Себебі, оның тікелей адам өмірін жоюға деген әрекеті, ақырына дейін оған байланыссыз себептермен жүзеге аспай қалды, яғни айтқанда, қасақана кісі өлтіру туралы қылмыстық заң нормасының объективтік жағының белгісі қылмыстың зардабы - кісі өлімі болмай қалды.

Қылмысты істеуге оқталғандықтың да қылмысты ниетті жүзеге асыру дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Осыған байланысты оқталудың өзі біткен және бітпеген оқталу деп екіге бөлінеді. Біткен оқталу деп кінәлінің қылмысты аяқтауға қажетті деп санаған барлық іс-әрекеттерін толық істеуі, бірақ осыған қарамастан, адамның ырқынан тыс жағдайларда қылмыс аяқталмайды немесе қылмыстың зардабы болмай қалады. Оқталудың бұл түрін біткен қылмыстан қылмыстың аяқталмауы немесе зардаптың болмай қалуы ғана ажыратып тұр. Мысалы, Ж. деген азамат арақ ішіп, мас күйінде өзінің әйелінің ағасы С-ға тиісті, оның жүрегінің тұсынан 2 рет пышақпен ұрады. Осыдан кейін Ж. далаға шығып, көршілеріне естіртіп, “көптен күткен арманымды жүзеге асырдым, бір жауызды өлтірдім ” - деп айғайлайды. Бірақ С-ның өмірі дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетілу арқылы өлімнен құтқарылып қалады. Облыстық сот Ж-ның әрекетін бұзақылық ниетпен кісіні қасақана өлтіруге оқталғандық деп саралаған (24-бап, 3-бөлігі; 96-бап, 2бөлігі, “и” тармағы) .

Бітпеген оқталу деп кінәлінің қылмысты аяқтауға қажетті деп санаған барлық іс-әрекеттерін толық емес, жарым-жартылай орындау болып табылады. Мысалы, У. деген адам Ю. деген азаматты атып өлтіру мақсатымен, мылтықты оған кезеніп, оның шүріппесін баса бергенде X. деген азамат У-дың қолынан келтекпен ұрып, мылтықты тартып алып, өзін ұстаған. Бұл бітпеген оқталуға тән мысал. Ал егер X. мылтықты атып, оқ К-ге тимей кетсе, онда оның әрекеті біткен оқталу болып саналар еді.

Жарамсыз құралмен оқталу деп кінәлі адам қылмысты ниетті жүзеге асыруда қателесіп жарамды құралдың орнына жарамсыз құралды пайдаланып қылмыс жасайды. Мысалы, П. және Ә. деген екі жігіт Ақтау қаласында 3. деген кәрі шалдың үйінде пәтерде тұрады. П. және Ә. қарт адамды уландырып өлтіріп, оның пәтерін өздері иелік етіп алмақ оймен 3-ның ішетін тамағына “Колорада” қоңызын өлтіретін у дәрі салып жібереді. Асты қабылдаған 3-ға алғаш ешқандай қатер болмайды. Бірақ та П. мен Ә, 3 ас іше бастағанда-ақ өз істеген әрекеттерінен қорқып, Ішкі істер органына келіп, болған жағдайды шын жүректен өкініп хабарлайды. Олардың әрекетін сот кісі өлтіруге оқталғандық ретінде бағалаған. Қылмыстық кодекстің кейбір баптарында, сондай-ақ құқықтық әдебиеттерде “қылмыс істеуге әрекеттер” деген сөзді кездестіруге болады.

2. ҚЫЛМЫС ІСТЕУ САТЫЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІ 2. 1. АЯҚТАЛҒАН ҚЫЛМЫС

Қылмыстық Кодекстің 25-бабында "Егер адам жасаған әрекетте осы Кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері болса, қылмыс аяқталған қылмыс деп танылады" делінген6.

Қылмыстық заңның көрсетілген қылмыстың құрамының ерекшеліктеріне байланысты аяқталған қылмыс бір түрлі емес, әр түрлі болуы мүмкін, оның әр түрлі болуы қылмыс құрамының құрылысының түрліше болуына тікелей байланысты болады. Осыған байланысты қайсыбір қылмыстың аяқталуы қылмыстың объектісіне зиян келтіруге байланысты болып, ал басқа бір қылмыстың аяқталуы сол қылмыстың объектісіне зиян келтіру қаупін туғызған жағдайда-ақ жүзеге асады. Қылмыстық заң осы аталған жағдайлардың орын алған уақытынан бастап қылмыс құрамының аяқталғанын білдіреді. Сол себепті де қылмыстың аяқталуы барлық уақытта да белгілі бір қылмыс құрамының ерекшелігімен тығыз байланысты болады.

Қылмыстық заңда белгіленген материалдық қылмыс құрамының аяқталуы үшін осы құрамда көрсетілген қылмыстың зардабының болуы қажет. Мысалы, 316-баптағы лауазымды салақтықты айтамыз. Осы қылмыс аяқталды деу үшін субъектінің әрекетімен мемлекеттік мүддеге немесе азаматтардың заңды құқықтары мен мүддесіне елеулі түрдегі бұзу орын алуы керек. Және осындағы істелген іс-әрекет пен келтірілген зиянның арасында себепті байланыстың болуы шарт.

Кейбір қылмыстардың диспозициясында қылмыстың мүмкін болатын бірнеше зардаптарының түрін көрсетеді (Мысалы: ҚК-тің 103-бабы) . Мұндай қылмыс аяқталды деу үшін осы бапта көрсетілген бір зардаптың болуы жеткілікті.

Қылмыстық кодексте зардабы болмайтын формальды қылмыс құрамдары да бар. Мұндай қылмыстың аяқталуы кінәлінің заңда көрсетілген іс-әрекетті жасауымен тұжырымдалады (мысалы, 314-бап, 320-бап, т. б. )

Кейбір жағдайларда қылмыс істеудің даярлық сатысында-ақ аяқталған қылмыс құрамдарына жол беріледі. Мысалы, кінәлі адам кісіні атып өлтіру үшін, заңсыз атылатын қару сатып алады. Мұңдай ретте оның әрекетінде кісі өлтіруге даярланғандық - 96-бап және ҚК-тің 251-бабында көрсетілген қаруды, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру, сақтау, алу, жасау және өткізу сияқты аяқталған қылмыстың құрамы бар.

Кейде заң шығарушы қылмыстың аяқталған уақытын алдын ала қылмыстық әрекет сатысына көшіреді. Мысалы, бандитизм; азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ құру, сол сияқты осындай топты басқару (237-бап) . Бұл құрам бойынша заң шығарушы қылмыстың аяқталу уақытын - тұрақты қарулы топты құрған уақытқа көшірген. Мұндай құрамдар теорияда қиылған құрамдар деп аталады. Және ол кез келген формальды құрамы бар қылмыс сияқты, қылмыстық заңда көрсетілген әрекеттің жасалу сәтінен бастап-ақ аяқталған деп танылады.

2. 2. ҚЫЛМЫС ІСТЕУДЕН ӨЗ ЕРКІМЕН БАС ТАРТУ

Қылмыстық кодекстің 20-бабында:

1. Адамның дайындау іс-әрекеттерін немесе қылмыс істеуге тікелей бағыттаған дайындалу іс-әрекетін тоқтатуы не іс-әрекетті (әрекетсіздікті) тоқтату, егер адам қылмысты ақырына дейін жеткізу мүмкіндігін ұғынған болса, қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту деп танылады. Егер адам бір қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен және бір жола бас тартса, ол осы қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тартылмауға тиіс.

2. Қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартқан адам оның нақты жасаған әрекетінде өзге қылмыс құрамы болған жағдайда ғана қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс, - делінген7. Осы баптың мазмұнынан шығатын қорытынды, егер адам қылмысты ақырына дейін жеткізуге мүмкіндігі барын біле тұра даярланғандық әрекеттерін өз еркімен тоқтатса, я қылмыс істеуге тікелей бағытталған әрекетті немесе әрекетсіздікті өз еркімен тоқтатса, бұл қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту болып табылады. Өз еркімен бас тарту болған іс-әрекет қылмыстық жауаптылыққа жатпайды. Қылмыстан өз еркімен бас тарту қылмысқа алдын ала дайындық-қылмыс істеуге даярланғандық немесе қылмыс істеуге оқталғандық сатыларының қайсысында болсын жүзеге асырылады. Егер қылмыскер алдын ала қылмысқа даярланғанда жүзеге асыру мүмкіндігі болмай қылмыс істеуден бас тартса, онда оның әрекеті қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту болмайды. Мысалы, баукеспе ұры кезекті ұрлықты жасаудан өзінің ниетін басқа біреуге білдіріп қою арқылы бас тартса, мұнда оның әрекетінде ұрлық жасауға даярланғандық қылмыс құрамы болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу
Қылмыс сатыларының түсiнiгi және жалпы сипаттамасы
Аяқталмаған қылмыс пен аяқталған қылмысты ажырату
Қылмыс жасау сатыларының түрлері
Жазаланушылықтың негіздері және аяқталмаған қылмыстың түсінігі
ҚЫЛМЫС ІСТЕУ САТЫЛАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
КЕЗЕҢ ТҮРЛЕРІ ҚЫЛМЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ҰҒЫМЫ
Қылмысты жасауға дайындалу және оқталу үшін қылмыстық жауаптылық және жазаланушылықтың негіздері
Қылмыс жасау сатыларының түсiнiгi мен маңызы
Қасақана қылмыс істеу сатыларының қылмыстық құқықтық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz