Энергетикалық сусындардың адам ағзасына әсері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылымминистрлігі
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
Математика және жаратылыстану ғылымдарының факультеті
Математика және Информатика кафедрасы

Ғылыми жоба
Тақырыбы: Энергетикалық сусындардың адам ағзасына әсері.

Орындаған:ХБ-20К тобының оқушысы Баймаханова. Г
Қабылдаған: Черниязова А.Ж

Петропавловск қаласы- 2022жыл

МАЗМҰНЫ
Андатпа ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
І. Әдебиеттерге шолу
1.1. Қазіргі таңдағы адамзат пайдаланатын сусындар ... ... ... ... ... ... ... ..4

1.2. Энергетикалық сусындардың пайдасы мен зияны ... ... ... ... ... ... ... 5
ІІ . Негізгі бөлімі:
2.1 Кока-коланың пайда болу тарихынан ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 7-8
2.2 Кока-коланың және энергетикалық сусындардың адам ағзасына зиянды әсері туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9-10
2.3 Кока-коланың және энергетикалық сусындардың құрамы ... ... 10- 13
2.4 Кока-коланың басқа да қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .. 13-17

III ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 17-18
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .. 19

Аңдатпа

Бұл жоба бүгінгі күнде халық көп пайдаланатын және адам ағзасына зиянды кока-кола мен энергетикалық сусындардың зиянын зерттеуге арналған.
Бүл күндері кока-кола мен энергетикалық сусындарды көптеп пайдалану адамзаттың түрлі дертке шалдығуына себеп болуда. Себебі, оның құрамында біз біле бермейтін түрлі қоспалар кездеседі. Ол адам ағзасын әлсіретіп, денедегі қан айналымын бұзып, ас қорыту жүйелеріне кері әсер етіп, түрлі ауруларға жол ашып береді. Қазақта Дені саудың - жаны сау, Бірінші байлық - денсаулық деген жақсы мақалдар бар. Бұл ұлы сөздердің тереңіне үңілсек, бізге, яғни адам баласына денсаулықтан қымбат, денсаулықтан қадірлі еш нәрсе жоқ екенін түсінеміз. Олай болса, сау қылып жаратқан он екі мүшемізді өз қолымызбен ауруға апармайық.
Қазіргі кезде белең алып бара жатқан балалардың арасындағы семіздік ауруының да басты себебі - тез дайындалатын және тез жеуге арналған тағамдар. Бұл ғылыми түрде фаст-фуд деп аталатын ағылшын термині. Оларға гамбургер, хотдог, пицца және олармен қоса пайдаланатын түрлі сусындар жатады. Осы фаст-фуд-тың кесірінен дүниежүзінде миллиардтаған адамдар ас қорыту жүйелерінің түрлі ауруларынан азап шегіп, өмірден өтіп жатыр.

Жобаның басты міндеті: кока-кола мен энергетикалық сусындардың құрамындағы заттар мен олардың адам денсаулығына келтіретін зиянын көрсету. Оларды күнделікті өмірде қолданудың аса қауіптілігін дәлелдеу.
Жобаның мақсаттары:өсіп келе жатқан ұрпақтың қандай сусындарды пайдаланып жүргенін анықтау; олардың адам ағзасына келтіретін зиянын зерттеу; келтірілген зияндармен күресу жолын іздеу.
Зерттелетін зат: Кока-кола сусыны мен Диззи, Питбуль энергетикалық сусындары

Кіріспе

1.1.Қазіргі таңдағы адамзат пайдаланатын сусындар

Бұрын қазақтардың өмір сүру ортасы, мәдениеті мүлде бөлек болатын. Қазіргідей, шаң мен газ басқан қалада тұрған жоқ, даланы, табиғат аясын мекен етті. Олар суыққа да, ыстыққа да шыдамды болады. Ол үшін, әрине, энергия қажет. Сол энергияның негізін олар етті, майлы тамақтан алып отырды. Бірақ үнемі қозғалыста жүретін олардың ағзасында бұл ауыр тамақтар тез қорытылып кететін.
Қазіргі жағдай мүлде бөлек. Басқаша айтқанда, жаңа өмірге бейімделіп жатырмыз. Яғни, өмір сүру ортамыз энергияны аз жұмсауға негізделген. Қимыл-қозғалысымыз азайды, артық энергияны қажет етпейтін болдық. Бала күнімізде әжелеріміз аталарың бір қойдың етін жалғыз өзі жейтін деп айтып отыратын. Соның сыры, міне, осында. Қаншалықты энергияны көп жұмсасаң, тәбетің соншалықты ашылады. Сонымен, отырықшылыққа көшумен қазақ халқының тұрмыс-салты өзгерді. Қимыл-қозғалыстың азаюынан семіздік дерті белең алды. Оның тигізетін зардабы өте көп. Қан тамырлар бітеліп, қан қысымы жоғарылайды. Қатерлі ісік, жүрек-қантамыр аурулары, қан диабеті көбейіп жатыр. Семіздікпен бірге инфекциялы аурулар созылмалы сырқаттар да келді. Ата-бабамыз етті көп жеген, деп, етті артығымен жеу, дәрумендердің жетіспеушілігіне әкеледі. Ол өз кезегінде ағзаның қорғаныс қабілетін әлсіретеді. Жалпы дұрыс тамақтанбау - қоғамдағы аурулардың 60 пайызының негізгі себебі болып табылады.
Кеңес одағы біздің халықты қалай тамақтануға үйретті. Алдымен салат же, одан соң сұйық тамақ, кейіннен қою тамақ, ең соңынан шәй, компот іш деді. Одақ бойынша барлық асхана, мейрамханалар міне осы тәртіпті ұстанды және әлі күнге бұлжытпай орындап келеді. Бұл тамақтанудың ең қате түрі. Салат асқазанда сілтілік ортаны қалыптастыратын нәрсе. Асқазан сөлі салаттан кейін ет сияқты қою тамақтарды қорытуға шамасы келмейді. Қорытылмаған астың бәрі асқазанда жатып қалады да түрлі аурулар пайда болады. Ет жеген соң газды минералды су ішу өте үлкен қателік. Газдалған су асқазандағы еттің сыртына айнала жабысып алады да оның қорытылуына бөгет жасайды.
Қазір де кез-келген дүкенге бас сұқсаңыз сусынның неше түрін көресіз. Кока-кола, Спрайт, Фанта секілді газдалған және энергетикалық сулардан көз сүрінеді. Ғалымдардың айтуынша газдалған сусындарды шамадан тыс тұтыну бауыр ауруларына әкеп соқтырады. Тәтті газдалған сусындар. Жоғарыда айтылып кеткен сусындардың құрамында: көп теген консерванттар, ароматизаторлар, бояулар мен қоюландыратын заттар. Бүкіл тәтті газдалған сусындарда көмірқышқылы бар. Бұл қышқылдық әсерінен асқазаның үрленуі мен кекірік пайда болады. Тәтті газдалған сусындарда құрамында тағы химиялық қоспалардың бүкіл түрлері қолданылған. Яғни сусының дәмін, иісін, түсін жақсарту үшін бүгінде дүкен сөрелерінде самсап тұрған қуаттандырғыш сусындар үлкен сұранысқа ие. Еңбектеген баладан, еңкейген кәрінің аңсарын арбап, көзжауын алған сиқырлы сусын иісі мұсылманның қасиетті зәмзәм суын жолда қалдырып, көпшіліктің шөл басарына айналған. Әсіресе, жас-өспірімдер жарнамадағы қуат береді деген сөзге арбалып, күнделікті өмірде денсаулықтарына аса зиян сумен тамағын жібітіп, шөліркеген көңілге азық етіп жүр.
Еліміздің нарығында Дизи, Редбул, Монстер секілді энергетикалық сусындар ашықтан-ашық сатылуда. Жастар да, мектеп оқушылары да осы бір сиқырлы сусынға әуестеніп алған. Себебі, оның жарнамасы керемет. Ұйқыны ашып, күш беріп, сергек жүруге көмектесетін сусын әсіресе балалардың ағзасына өте зиянды. Оған дәлел, энергетикалық сусындарды жиі пайдаланатын мектеп жасындағы балаларды тексергенде, олардың бауыры 35 жастағы маскүнемнің бауырымен бірдей болатындығы анықталды. Бұл улағыш сұйықтықты балалар көп ішсе, жастайынан түрлі ауруларға шалдығады екен. Жүрек дертіне, жүйке жүйесі, асқазан, бауыр, тіпті қатерлі ісікке апаратын мұндай сусындарды пайдаланбаған жөн. Бұл сусындар бастапқыда спортпен шұғылданатын адамдарға белгілі бір күш-жігер қажет болғанда қолдану үшін ұсынылған болатын. Алайда, аталған сусынды жиі пайдаланғандардың ойлау қабілеті тежелетіндігі анықталды.
Біздің елімізде де осындай шырындар нарығы қарқынды дамып келеді. Осыдан барып, панкреатит, қарын асты безінің ауруы пайда болады. Бұл аурулардың қаншалықты қиын да қияметі көп екенін білсе де қазіргі заманда еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін көптеп пайдаланып келеді. Олай болса, солардың ішіндегі Кока-кола мен Энергетикалық сусындардың құрамы, жасалу жолдары мен адам ағзасына әсері, тұрмыста қолданылуына тоқталып кетсек.

1.2. Энергетикалық сусындардың пайдасы мен зияны

Артықшылықтары
Энергетикалық сусындар көңіл-күйді көтеріп, ой әрекетін жақсартады. Әркім өз қажеттіліктеріне орай энергетикалық сусын таба алады. Энергетикалық сусындардың кейбірі кофеинге негізделсе, екіншісі - дәрумендер мен көмірсулардан құралған. Кофеинге негізделген сусындар түнде жұмыс істеп, сабақ оқитын студенттер мен қызметкерлерге арналған, ал дәруменді-көмірсулы сусындарды бос уақытын спортзалда өткізгісі келетін белсенді адамдарға пайдалануға болады.
Энергетикалық сусындар дәрумендер кешені мен глюкозадан тұрады. Дәрумендердің пайдасы бәріне мәлім. Глюкоза болса қанға тез сіңіп, қышқылдандыратын процестерге қатысады және бұлшық ет, ми және басқа да маңызды мүшелерді энергиямен қамтамасыз етеді. Бір шыны кофенің әсері 1-2 сағат сақталады, ал энергетикалық сусынның әсері - 3-4 сағатқа дейін. Оған қоса, көптеген энергетикалық сусындар газдалған болып келеді, бұл олардың әсерін кофеге қарағанда жеделдетеді. Құтысы да ыңғайлы болғандықтан, энергетикалық сусындарды өзіңмен алып жүруге және кез келген жерде ішуге болады. Бұл да оның кофеден бір артықшылығы.
Кемшіліктері
Энергетикалық сусындарды белгіленген мөлшерлемеге сай тұтыну қатаң талап етіледі. Максималды мөлшер - күніне 2 құты сусын. Мөлшерден асыру - қан қысымының немесе қан құрамындағы қант деңгейінің көтерілуіне әкеп соғуы мүмкін.
Энергетикалық сусындар Франция, Дания және Норвегияда ресми түрде рұқсат етілмеген және дәрі ретінде тек дәріханаларда сатылады.Энергетикалық сусындардың құрамындағы дәрумендер мультидәруменді кешенді алмастыра алмайды. Жүрек аурулары бар, гипо немесе гипертониямен ауыратын адамдарға энергетикалық сусындарды тұтыну құпталмайды.Энергетикалық сусындар ағзаны энергиямен қамтамасыз етеді деген тұжырым - дәлелсіз. Сусында ешқандай энергия жоқ, ол тек энергия қоздырушысы. Яғни, біз өз энергия қорымызды пайдаланамыз, қысқаша айтқанда, энергияны өзімізден қарызға ала тұрамыз. Алайда ерте ме, кеш пе бұл қарызды шаршағандық, ұйқысыздық, ашушаңдық түріндегі пайызбен қайтаруға тура келеді. Басқа да ынталандырушылар сияқты энергетикалық сусындардың құрамындағы кофеин жүйке жүйесін әлсіретеді. Оның әсері 3-5 сағат сақталады, бұдан кейін ағзаға демалыс қажет. Сонымен қатар, кофеинге адам тез әуестенеді.
Глюкоза мен кофеиннен тұратын энергетикалық сусын жас ағза үшін өте зиян.
Көптеген энергетикалық сусындардың құрамында көп мөлшерде В дәрумені болады. Бұл жүрек соғысын жиілетіп, аяқ-қолдардың дірілдеуіне себеп болуы мүмкін.Фитнес жанкүйерлері кофеиннің несеп айдағыш қасиеті жайлы жақсы білуі тиіс. Яғни, жаттығудан кейін энергетикалық сусын ішуге болмайды, өйткені жаттығу кезінде ағза онсыз да көп сұйықтық жоғалтады. Энергетикалық сусындардың құрамында таурин және глюкуронолактон бар. Таурин қажетті мөлшерден бірнеше есеге асып түседі, ал 2 құты сусындағы глюкуронолактонның мөлшері күнделікті нормадан 500 есе (!) көп. Бұл ингредиенттердің ағзаға қалай әсер ететіндігі ғалымдарға әлі белгісіз. Сондықтан таурин мен глюкуронолактонды мұндай жоғары мөлшерде пайдалану қауіпсіздігі әлі анықталмаған, әлі де зерттеулерді қажет етеді.Байқағанымыздай, артықшылықтарынан кемшіліктері көп. Дегенмен, әр адамның өмірінде энергетикалық сусынға жүгінуге тура келетін кездер болады. Мұндай жағдайда ағзаңызды қорғау үшін сусынды тұтыну ережесін мұқият оқыңыз.
Энергетикалық сусындарды тұтыну ережелері
Кофеиннің бір күндік мөлшерін асырмауға тырысыңыз, яғни екі құтыдан көп ішпеңіз Сусынның әсері тарқаған соң ағзаға күш жинау үшін демалыс қажет. Спорттық жаттығулардан кейін энергетикалық сусындар ішпеңіз - спорттық сусындар да қан қысымын көтереді.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1.Кока-коланың пайда болу тарихынан
Кока-Кола алькагольсіз сусыны 1886 жылдың 8 мамырынан күні Америкада, Атланта қаласында пайда болды. Ойлап тапқан Джон Пембертон еді. Сусынның атауын көркем жазуды меңгерген Пембертонның есепшісі Фрэнк Робисон, осы уақытқа дейін сусынның логотипі болып табылатын Coca-Cola деген сөзді әдемі бейнелі әріптермен жазып, ойлап тапқан. Кока-коланың негізгі ингредиенттері: кок жапырағының үш бөлігі (осы жапырақтардан 1859 жылы Альберт Ниман (Albert Niemann) ерекше компонентін бөліп алып, кокаин деп атаған) және кола тропикалық ағашының бір бөлігі. Пайда болған сусын кез келген жүйке бұзылуына емдік дәрі ретінде Атлантадағы Джекоба қалалық дәріханасында сатыла бастайды. Ол кезде кокаиннің адам денсаулығына зиян екені анықталмағандықтан, тыйым салынған заттек болып табылмайтын. Сондықтан кокаин еркін сатылымда болып, оны ләззат алу үшін спирттің орнына сусынға жиі қосып отыратын болған. Бастапқыда сусынды күнделікті орташа есеппен 9 адам сатып алатын болған. Алайда кока-коланың танымалдығы мен кірісі де біртіндеп өсе бастады.
Алғашында қарапайым сироп ретінде сатылды. Ал The Coca-Cola Company болып, арда алты жыл өткенде ғана, тек 1893 жылдың 31-інші ақпанында құрылды. Джон Пембертон Кока-Коланың атасы болса, The Coca-Cola Company компаниясының атасы Ирландық Аза Кендлер болатын.
1894 жылдан бастап Кока-кола Американың бірқатар қалаларында пайда бола бастады. Осы жылдардың ішінде Техас штаты, Даллас қаласында, Иллионс штаты, Чикаго қаласында, Калифорния штаты, Лос-Анжелес қалаларында Колка-Кола өнімін дайындайтын зауыттар жұмыс істеп тұрды. Небәрі бір жылда, яғни, 1895 жылы Аза Кендлер Кока-Кола Американың барлық штаттарында адамдардың сүйікті сусынына айналғандығын компания акционерлеріне қуана жеткізді.
1919 жылы Аза Кендлер компанияны Ернест Вудраффқа 25 миллион АҚШ долларына сатып жіберді. Ал, 1923 жылы Ернесттің ұлы Роберт компанияны басқаруды өз қолына алды. Роберт Кока-коланы әлемге тарату мақсатында Кока-Кола Экспорт Корпарейшон корпорациясын құрады. Сол жылдан бастап Кока-Коланың алты бөтелкесін бір қаптамаға біріктірді. 1927 жылы өз өнімдерін алғаш рет радиода жарнамалай бастады. 1928 жылдың жазында Амстердамда өткен Олимпиадалық ойындарға америка өз командасымен бірге Кока-Коланың 1000 қаптамасын алып келді. Сол кезден бастап Кока-Кола мен спортпен тығыз байланыста бола бастады. Ол, содан бастап хоккей. футбол, теннис т.б. спорт ойындарының демеушісі болып отырды. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Кока-Кола әлемнің 44 елінде, дүкендер сөресінен табылатын және АҚШ әскерлері сусында кез-келген жерде 5 центке сатып ала алатын еді. АҚШ әскерлерінен ғарышкерлер қалсын ба, 1985 жылда Кока-Коланы ғарышкерлер өздерімен бірге ғарышқа алып ұшты. 1979 жылдан бастап компанияны Роберто Гозуэто басқарды. 1991 жылы Кока-Кола Мәскеуге келіп жетті. Кока-Коладан 20 жыл бұрын СССР аумағында сатылған PepsiCo-дан1998 жылы Кока-Кола сатылым жағынан үш есеге басып озды. Қазірдің өзінде бес жасар бала жазбай танитын Кока-Кола тауар белгісіне айналды. Кока-кола компаниясы 190-ға жуық ұлттық Олимпиада комитеттері, сонымен бірге Ресей Олимпиадалық комитетімен бірлесіп қызмет атқарады.

2.2.Кока-коланың және энергетикалық сусындардың адам ағзасына зиянды әсері туралы

Ғалымдардың айтуынша газдалған сусындарды шамадан тыс тұтыну бауыр ауруларына әкеп соқтырады. Біздің елімізде осындай шырындар нарығы қарқынды дамып келеді. Адам ағзасының 60%-ын су құрайды. Бойдағы су тепе-теңдікті сақтау үшін адам күнделікті қажетті мөлшерде су ішіп тұруы керек. Кофе, көк шәй, газдалған салқын сусындар, минералды су т.с.с сусындардың негізін су құрайды. Алайда, судан бөлек сусындардың құрамында басқа да заттар кездеседі. Соның бірі - газ. Газдалған сусындар адам ағзасына әр түрлі әсер береді.Әр газдалған сусында қант пен қышқылдар кездеседі. Бұл элементтер асқазанға қатты әсер етеді. Газдалған сусын ішкен адамның тәбеті қашады әрі олар шөлді қандырмайды. Ал тәтті-қышқылды элементтер асқазанға түскен бойда майға айналып, артық салмақтың қосылуы мен қант диабеті ауруының пайда болуына ықпал етеді. Қант диабетімен ауыратын жандар газдалған сусын орнына минералды су пайдаланғаны жөн.

Газдалған сусындар тіс түсінің қараюы мен кариес түсуіне жол береді. Сусын құрамындағы қышқылды элементтер тіс эмалін әлсіретеді. Сондай-ақ, тіс ауруларының тууына әсер етеді.Газдалған сусын құрамында лимон (Е330), алма т.б жеміс-жидектердің қышқылы мен ортофосфор қышқылы (Е338) кездеседі. Бұл элементтер сүйектегі кальций мөлшерін азайтады. Сол себептен сүйек әлсіреп, сынғыш келеді.Кез келген газдалған сусын құрамында көмірқышқылы газ кездеседі. Ол сусынның ұзақ сақталуына ықпал етеді. Мұндай сусындар асқазан секрециясының қабынуына, ішек сөлінің пайда болуына, созылып, ішек ауруларының пайда болуына әсер етеді. Гастрит, ішек жарасы және т.б. асқазан ауруына шалдыққан жандар газдалған сусын орнына газдалмаған минералды су, көк шәй ішкен жөн.
Кока-коланың құрамындағы ортофосфор қышқылы адам ағзасындағы кальций тапшылығына әкелуі мүмкін. Дейл Сэндлер бірнеше зерттеу жүргізудің нәтижесінде фосфор адамның қанының құрамындағы кальций тұзын көбейтіп, бүйректе тас пайда болуына әкеліп соғатынын дәлелдеген.
Бразилияда кішкентай бала ментолды жеп артынан бірден кока-кола ішкен соң көп ұзамай қайтыс болған. Бұл жағдай Бразилияда 1 жылдың ішінде тағы да қайталанған. Сол кезде адамдар эксперимент ретінде 1 бөтелке кока-коланы алып асфальттың үстіне қойып, оның ішіне 1 түйір ментолды салған кезде бөтелкеден фонтан атқылаған. Нәтижесінде, коланың ішінде бар сусынның 16 бөлігі ғана қалған. Мамандардың пайымдауынша, біраз уақытқа жүйке жүйесіне күш беріп, ішкі органдардың жұмысын белсенді ететін энергетикалық сусындар ағзаны қуаттандырмайды, керісінше, әлсіретеді. Себебі ол ағзаның түбіндегі қуатты бері шығарып, босқа жояды. Жүйке жүйесі мен ішкі органдар азып-тоза бастайды. Жүйкені тыныштандыру үшін оның құрамына психотроптық заттар қосылады. Бұл затқа ағза тез үйренеді, Адамның энергетикалық сусынсыз тұра алмай, соған тәуелді болуы сондықтан. Энергетикалық сусынның құрамындағы химикаттар жүрек пен жүйке жүйесіне қатты әсер етеді. Оның соңы тахикардия, жүйке ауытқуы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Глюкоза мен кофеиннен тұратын энергетикалық сусын жас ағза үшін өте зиян
Кока кола
Адам денсаулығына зиянды тағамдардың құрамы және адам ағзасына әсері
Сусындар мен шырындар өндірісінде қолданылатын шикізаттар
АЛКОГОЛЬСІЗ СУСЫНДАРДЫ ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Газдалған сусындардың құрамы
Қышқыл сүтті сусындар
Денсаулық сусындары
Табиғи шикізаттар негізінде дайындалған ұлттық сусындар мен өнімдердің маңызы
Сүтқышқылды өнімдердің технологиясы
Пәндер