Итальяндық шегірткелердің Қазақстанда кездесуі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗAҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТІРЛIГІ
Жәңгір хан aтындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық
университeті

Агротехнологиялық институты
Өсімдік өнімдерін өндіру технологиясы жоғары мектебі
жоғары мектебі

Ауылшаруашылық өсімдіктерінің карантині пәні бойынша
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Ноқат дақылын арамшөптерден, аурулардан және зиянкестерден қорғау


Орындаған:ЗКР-31 тобының
Студенті
Тексерген: Биология ғылымдарының кандидаты,
PhD доктор, аға оқытушы Жанаталап Н.Ж.


Орал 2021
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1-бөлім. Батыс Қазақстан облысы
1.1.Топырақ және ауа-райы жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2-Бөлім.Зиянды нысандарға қысқаша сипаттамасы
2.1.Итальяндық шегіртке ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2.2.Итальяндық шегірткелердің Қазақтанда кездесуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.2.Итальяндық шегірткенің морфологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2.4. Итальяндық шегірткенің фенологиялық даму кезеңі ... ... ... ... ... ... ... . ... ..9
2.3.Арамсояу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
3-Бөлім.Зиянды насандармен күресу шаралары және
пестицидтерді пайдалану
3.1.Итальяндық шегірткелерге химиялық өңдеуге ұсынылатын пестицидтер тізімін жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
3.2.Арамсояуға химиялық өңдеуге ұсынылатын пестицидтер тізімін жасау..16
3.3.Өсімдіктерді қорғаудың химиялық шараларының күнтізбелік жоспары..19
3.4.Өсімдік қорғау шараларының экономикалық тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... 21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

КІРІСПЕ

Ауыл шаруашылығы- бірқатар салалар үшін шикізат алуға және халықты азықпен қамтамасыз етуге бағытталған экономика саласы. Сала барлығы дерлік елдерде ұсынылған ең маңыздыларының бірі болып табылады.
Ауыл шаруашылығындағы негізгі өндіріс құралы- топырақ пен жасыл өсімдік. Ауыл шаруашылығының өнімділігі көбінесе жердің нақты топырақ- климаттық жағдайларына бейімделген дақылдар мен сорттардың дұрыс таңдалуына, егіс алқаптарының құрылымына, әдетте топырақтан және атмосфераның беткі қабатынан алынған басқа жер факторларымен қамтамасыз етілуіне байланысты.
Жерді ұтымды пайдалану міндеттерінің бірі- мәдени өсімдіктерді орналастыру, онда олар органикалық заттардың көп мөлшерін құра алады және әр гектардан топырақ құнарлылығын төмендетпестен көбірек өнім алуға болады.
Топырақ құнарлығының арттырудың маңызды құралы ауылшаруашылық технологиясының жалпы әдістері болып табылады (ғылыми негізделген ауыспалы егіс, топырақты өңдеу жүйесі, арамшөптермен күресу шаралары).
Топырақ құнарлылығын сақтау және арттыру агроөнеркәсіптік кешеннің алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі.
Топырақ құнарлылығын арттырудың маңызды резерві- топырақты өңдеу жүйелерін жетілдіруді, оларды әртүрлі топырақ- климаттық жағдайларында барынша азайту мен саралауды, минералды тыңайтқыштарды қалыпты, экологиялық және экономикалық негізделген дозаларын және егістіктерді қорғау құралдарын қолдануды, сондай- ақ ресурс үнемдеуді және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұрақты өнімін алуды қамтамасыз ететін жоғары өнімді техниканы пайдаланудың ұтымды әдістері мен тәсілдерін көздейтін экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу.
Егіншілік- ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру мақсатында жерді ұтымды пайдалануға негізделген ауыл шаруашылығының салаларының бірі. Егіншілік ғылым ретінде топырақтану, агрохимия, өсімдіктер физиологиясы, биотехнология, өсімдік шаруашылығы және т.б. сынды аса маңызды іргелі ғылыми пәндердің жаңа теориялық жетістіктері негізінде дамуда.
Топырақты қорғайтын егіншілікті дамыту арнайы ауыспалы егістерді ұйымдастырудың барлық түрлерін, жерді жыртудан бастап нөлдік өңдеуге дейін кең ауқымды оңтайлы жүйені қамтуы керек.

1-Бөлім. Бастыс Қазазқстан облысы

1.1.Топырақ және ауа-райы жағдайы

Шаруашылықтың негізгі топырақ жағдайы .Шаруашылық орналасқан аудан жері шөлейтті белдемге жатады. Топырағы негізінен қызғылт қоңыр, сортаң болып келеді. Көп бөлігін қарапайым қоңыр топырақ алып жатқандықтан өсімдіктері өзендердің аңғарларында жән жақын орналасқан жерлерде өседі. Бұл аумақта ағаштардың емен ағашы , шегіршін ағашы, қарапайым терек, ырғай ағаштары және, т.б. түрлерін кездестіруге болады.
Ауа-райы жағдайы. Ауа құрғақшылығының топырақтың жеткіліксіз ылғалымен үйлесуі ауылшаруашылық өсімдіктерінің дамуына теріс әсер етеді.
Температура режимі жыл бойына оң темпертураның едәуір басым болуымен дамиды. Жылына орта есеппен 230 күн оң температурамен және 135 теріс температурамен байқалады.
Ауаның орташа жылдық температурасы, көпжылдық мәліметтерге сәйкес 6,5°С құрайды. Вегетациялық кезең орта есеппен 20 наурыздан басталып, 26 қарашада аяқталады. Шаруашылықтың қыз мезгілі жұмсақ және кейбір жылдары жылы өтеді. Ауадағы аязсыз кезеңнің ұзақтығы-172 күн, топырақ бетінде-159 күнге дейін.
Кесте-1.Айлар бойынша орташа ауа температурасы, tºC
Жылдар
Қаңтар
ақпан
Наурыз
Сәуір
Мамыр
Маусым
Шілде
Тамыз
Қыркүйек
Қазан
Қараша
желтоқсан
Барлығы
Орташа
2019
-28
-20
-10
12
20
26
34
30
20
10
-4
-18
72
6
2020
-29
-24
-16
10
24
27
36
28
23
9
-3
-23
62
5,2
2021
-32
-25
-12
15
27
32
35
30
24
16
4
-15
99
8,2
Орташа үш жылдық
-30
-23
-14
12
24
28
35
29
22
12
-1
-19
78
25
Шаруашылық аумағы климатық жағдайы тын континентті . Жазы ыcтық , қысы cyық болып келеді . Қыстан ауаның oрташa темпеpaтурасы - 24°С, ал жазда орташа температура 31°С құрайды . Жayын -шaшынның жылдық мөлшері 190-200 мм құрады. Ауданнаң жері негізінен шөлейт белдеуде орналасқан.
2-Бөлім.Зиянды нысандар

2.1.Итальяндық шегіртке

Зиянкес шегірткелер бунақденелілер класы, тура қанаттылар (Orthoptera) тобының өкілдері болып табылады. Қазақстанда шегірткелердің 270-тен астам түрлері тіршілік етеді, олардың арасында 10-15 түрі астық, техникалық, көкөніс дақылдарының, сонымен қатар жайылымдық пен шабындық жерлердің аса қауіпті зиянкестері.
Шегірткелердің мұртшалары қысқа, оның ұзындығы денесінің жартысынан да кемдеу. Аяқтарының табандары үшбуынды. Аналықтарының жұмыртқасалғышы қысқа, төрт ілгек тәрізді створкадан тұрады. Тимпанальды (есту) органдары бірінші құрсақ сегменттерінің бүйір жағында орналасқан.
Шегірткелер үйірлі және саяқ болып бөлінеді. Аса қауіпті және зиянды түрлеріне, үйірлі шегірткелер өкілдері - азиялық, немесе ұшпа, мароккалық және итальяндық шегіртке, немесе прус жатады. Саяқ шегірткелерден - атбасарлық, сібірлік, ақ жолақты, қарақанатты, айқышты, кіші айқышты саяқ шегірткелер және Фишер шөптесін, далалық конек, тұрандық, шөлдік саяқ шегірткелер кеңінен таралған.
Итальяндық шегіртке - итальянский прус (Calliptamus italicus L.). Қазақстанда кеңінен таралған, бірақ солтүстік және батыс Қазақстанда көп шоғырланған. Қазақстанның далалық және шөлдік аймақтарындағы құмды дала жерлердегі астық тұқымдастар мен жусанды шөптер өскен учаскелерді мекендейді. Астық, мақта, көкөніс дақылдарын, сонымен қатар күнбағыс пен жоңышқаны зақымдайды.

2.2.Итальяндық шегірткелердің Қазақстанда кездесуі
Бұл шегіртке республика өңірінің барлық жерінде кездеседі, дегенмен бұл зиянкестің барынша көп шоғырлануы Солтүстік және Батыс Қазақстанда байқалып отыр.
Көктемгі күбіршектерге 325,24 мың га жерге тексеру жүргізілді. Соның 64,77 мың га жерінде күбіршектер кездесті.
Қоныстану тығыздығы 1 шаршыға 0,1 - 0,9 данадан 21 - 33 данаға дейін ауытқыды. Ауруға ұшыраған күбіршектер саны 10 -25 % болды. Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында бұл көрсеткіш 40 -50 % ға жетті. Бір күбіршекте 6 дан 49 ға дейін жұмыртқа барлығы тіркелді. Биылғы жылы көптеген аймақтарда итальяндық шегіртке дернәсілдерінің жұмыртқадан жарып шығуы былтырғымен салыстырғанда 5 -14 күндей мерзімге ерте өтті.
Дегенмен көктемгі - жазғы маусымдардағы ауа райының тұрақсыз болуының, салқын күндердің қайта -қайта қайталануының, күндізгі және түнгі ауа температурасының арасындағы үлкен айырмашылықтың әсерінен дернәсілдердің жұмыртқадан шығып бітуі созылып кетті. Дернәсілдердің әдепкі шығу мерзімі Оңтүстік аймақтарда 16 -28 сәуір мен 4 - 8 мамыр аралығында, Шығыс Қазақстан облысында 12 -18 мамыр аралығында, Солтүстікте және Павлодар облысында 14 - 24 мамыр аралығында тіркелді. Дернәсілдердің жаппай шығуы негізінен мамырдың екінші жартысы мен маусымның бірінші онкүндігінің арасында өтті.
Итальяндық шегіртке дернәсілдерінің облыстар бойынша 30 мамырдағы жас айырмашылығына байланысты құрамы:
Оңтүстік Қазақстанда III 40% 4 --ші 60%
Жамбыл облысында I 10% II 80% III 10%
Батыс Қазақстанда I 50% II 45% III 5%
Шығыс Қазақстанда I 45% II 35% III 20%
Қостанай облысында II 55% III 45%
Дернәсілдер бойынша көктемгі - жазғы тексеру 6468,52 мың га жерге жүргізілді, соның 1669,72 мың гектарында дернәсілдер қоныстанған.Қоныстанған жерден 882,06 мың гажер өңделуге жатады.
4 ші кесте.
Дернәсілдердің орташа тығыздығы 1 шаршыға 0,01 - 4 данадан 15 - 70 данаға дейін келді. Шоғырлана топталған жерлерде 1 шаршыға 200 -350 данаға дейін дернәсілдер кездесті. Химиялық өңдеудің биологиялық тиімділігі 85 -94 % аралығында болды. Дернәсілдер негізінен жайылымдарда, тыңайған жерлерде көпжылдық шөптерде көбірек топтасты. Бірақ кейбір жерлерде (Павлодар облысы) құрғақшылыққа байланысты зиянкестің орнықты мекеннен (резервация) өзге жерлерге таралып, бірді -екілі зиянкестердің егістік жерлерге ауысқаны байқалды. Итальяндық шегірткенің қанаттана бастауы Оңтүстік өңірде 3 мен 18 маусымда, Батыста 8 - 17 мен 22 маусымда, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында 21 мке 30 маусымда Солтүстікте 20 маусым мен 3 -10 шілде де тіркелді. Дернәсілдердің жас айырмасына қарай анықталған құрамы облыстар бойынша 25 маусымда төмендегіше болды:
Алматы облысы III 5% 4 ші 10% 5 ші 40 % ересек шегіртке 45%
БатысҚазақстан облысы 4 ші 13% 5 ші 81% ересегі 6%
Шығыс Қазақстан облысы III 30% 4 ші 30% 5 ші 40%
Павлодар облысы II 20 -30 % III 30 -50 % 4 ші 10 -30 % 5 ші 10 - 20%
Ақмола облысы I 2 - 30 % II 20 -70% III 9 - 67 % 4 ші 5 - 31 % 5 ші 6%
Шегірткенің жұмыртқа салуы Оңтүстікте 16 -23 маусымнан 22 -30 шілдеге дейін, Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында 8 -19 шілде де, Батыс және Солтүстік аймақтарда шілденің үшінші онкүндігінде байқалды. Бір ұрғашы шегіртке орташа 22 -36 жұмыртқа салды. Биылғы жылғы тексерулер нәтижесі итальяндық шегірткенің биологиялық белсенділігінің артқанын көрсетті. Сонымен қатар түрленудің саяқ сатысынан өткінші сатысына өту құбылысы байқалды.
Күзгі тексеру барысында тексерілген 442,22 мың га жердің итальяндық шегіртке күбіршектері кездескен жері 149,04 мың га болды. Немесе тексерілген көлемнің 34% ын құрады.
Күбіршектердің тығыздығы 1 шаршыға 0,01 - 4,5 тен 8 - 12 ге дейін, ал ең жоғарысы 37 данаға дейін келді Соңғы көрсеткіш Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда ауданында кездесті. Күбіршектердің зақымдануы 0,01 ден 17 % ға дейін болды. Алматы және Павлодар облыстарында күбіршектердің зақымдалуы 21 - 31 % ға дейін жетті. Бір күбіршектегі жұмыртқа саны 10 мен 47 нің арасында болды.
Биылғы жылдың итальялық шегірткенің өсіп - жетілуі үшін қолайлы болуы бұл зиянкестің санының артуына және биологиялық белсенділігінің жоғары болуына жағдай туғызды.
Итальяндық шегірткенің санын шектеу үшін 2009 жылы 996,07 мың гектар жерге химиялық өңдеу шаралары жүргізілуі тиіс.

2.3.Итальяндық шегірткенің морфологиясы

Итальяндық шегірткелердің таралуы кезеңдік өзгерістерге ұшырайды.
Олардың үйірленуі кезінде бір шаршы метрде жүз және одан да к өп
дернәсілдері болады. Үйірлі шегірткелердің сандары көбейген кезде,
алғашқыда дернәсілдердің жиынтығы, кейін олардан шегіртке табындары
пайда болады.Барлық шегірткелердің ұзынша денесі, секіруге қолайлы
артқы аяқтары, кеміргіш ауыздары, қатты дамыған алдыңғы кеудесі,
жіңішке үстіңгі қанаты, жалпақ, желдеткішке ұқсас жиналатын қанаттары
болады. Жылына бір ұрпақ береді. Олар ұрғашы шегірткенің арнаулы
бөліп шығаратын сұйық затымен қатайған топырақтан жасалған
күбіршеде тың жерлерде, жайылымдарда, құмдардың шетінде және т.б.
жерлерде жұмыртқа күйінде қыстайды Шегірткелер жұмыртқалардан әр
мезгілде шығады. Дернәсіл ересек шегірткелерге ұқсас болады, 30-40 күн
дамиды. Даму кезеңінде дернәсіл 4-5 рет түлеп, 4-5 жас өтеді. Дерн әсілдер
және ересек шегірткелер әртүрлі өсімдіктерді зақымдайды: дәнді
дақылдарды, майлы дақылдарды, көкөністерді, жайылымдар мен
шабындықтарды. Олар ауа райының құрғақшылық кезінде, табиғи
өсімдіктер күйіп кеткенде өте қауіпті болып табылады. Тым көп көбейген
жағдайда егістіктер мен жайылымдарға қатты зиян келтіреді
Шегірткелер түсі ашық қоңыр түстен қара қоңырға дейін өзгереді.
Алдыңғы тұстағы кеуде сақинасында орналасқан аяқтары аралықтарында
конус пішіндес қосалқылары болады. Алдыңғы арқа сақинасының бүйір
қырлары түзу болады. Үстіңгі қанатшаларында көптеген қара дақтар
кездеседі. Артқы қанатшалары негізі қызғылт,ал артқы сирақтары болса
шымқай қызыл түсті. Ұрғашы шегірткелердің ұзындығы 23,5-40мм ал ересек
шегірткелерінің ұзындығы 14,4-22мм болады.

Кесте 2 - Итальяндық шегіртке дернәсілдерінің кейбір морфологиялық белгілері

1-ші жастағы дернәсілдер. Дернәсілдердің барлық жастағы дене мөлшерлері 2 кестеде көрсетілген. Төбелік шұңқыршасы жоқ. Алдыңғы арқасы ортаңғы арқасының шетін ғана жауып тұрады. Үстіңгі қанаттың бастамалары мен артқы қанаттары әлі жоқ. Жыныстық белгілерін айыру өте қиын. Түсі әдетте қара немесе ақшыл суреті бар қара.
2-ші жастағы дернәсілдер. Төбелік шұңқыршасы жоқ. Алдыңғы арқасы ортаңғы арқадан асып түседі. Үстіңгі қанат бастамалары мен артқы қанаттары төменгі жағына қарай қайырылған. Қанаттарының радиалды тарамыстары әзер білінеді.
3-ші жастағы дернәсілдер. Үстіңгі қанат пен артқы қанат бастамалары денесінің бүйірінде көптеген тарамыстарымен анық байқалады. Жыныстық белгілері анық білінеді. Үйірлі фазасының түсі қошқыл-сұр, алдыңғы арқасы орта бөлігінде қара-барқыт сияқты.
4-ші жастағы дернәсілдер. Төбелік шұңқыршасы жоқ. Алдыңғы арқасы ортаңғы арқаны толық жауып, артқы арқаның шетін көмкереді. Үстіңгі қанат пен артқы қанат бастамалары дернәсілдің арқасына жайылған, бірақ алдыңғы арқадан қысқалау; астыңғы қанат бастамалары үстіңгі қанат бастамаларының көп бөлігін жауып тұрады. Жыныстық белгілері анық білінеді.
5-ші жастағы дернәсідер. Төбелік шұңқыршасы жоқ. Алдыңғы арқасы үстіңгі қанат пен қанат бастамаларының түбін жаба бастайды. Үстіңгі қанат пен артқы қанат бастамалары құрсағының 3-4 сегментіне дейін жетеді; қанат бастамалары үстіңгі қанат бастамаларының көп бөлігін жауып тұрады. Жыныстық белгілері анық.
Саяқ және үйірлі фазаларының ерекшеліктері. Дернәсілдердің түсінің айырмашылығы жоғарыда айтылды. Олар кәдімгі үйірлі шегірткелердің көпшілік түрлерінің түсіндей: үйірлі фаза дернәсілдері қанық қара-жирен түсті, ал саяқ кезңінің дернәсілдері бір реңкті, көбінесе субстраттың түсіне сәйкес келеді.
Күбіршесі аздап қусырылған, ұзындығы 50-85, диаметрі 7-10 мм. Оның қабырғалары жұқалау, қошқыл түсті, топырақтың өте майда түйіршіктерімен қапталған. Күбіршектің беткі қабатын құрайтын көбіктің биіктігі 15-25 мм. Ондағы жұмыртқаның саны 55-120 дана, көбікпен бекітілмеген, күбіршектің қабырғаларына 40-450 бұрышпен 4 қатарға орналастырылған.

2.4. Итальяндық шегірткенің фенологиялық даму
кезеңі

Аталықтарының дене ұзындығы 14,5-25 мм, Аналықтарының дене
ұзындығы 23,5-41,1 мм .
Жұмыртқалары: Ұзындығы 4-5 мм, ені 1-1,3 мм. Түсі тат түсті немесе қою сарғыш, түстес.
Кубышка.Ұзындығы 22-41 мм Фенологиялық даму кезеңі: шала түрленіп даму, толық даму 1 жылға созылады жұмыртқа (эмбрион) 8-10 ай, дернәсілдері 40-45 к үн дамиды. Жұмырқалары күбіршеде топырақ астында қыстап шығады. Дернәсілдердің барлығы ашық күндері белсенді түрде қозғалыста болады.
Ауаның температурасы 10-12-ден 400С болған жағдайда белсенді түрде қоректеніп, қозғалады, ал 100С төмен, бұлтты және жауынды күндері қозғалмай, өсімдіктің төменгі жағына топтасады. Кеш батар алдында өздерінің таңдаған өсімдіктерін тауып,сонда түнелтеді.Жұмыртқаларын салу жаздың екінші жартысында , ұрықтанғаннан кейін 2 аптадан соң топырақ астына 3-3,5 см тереңдікте салады. Жұмыртқа салу процесі қыркүйек айына дейін созылады.

Италияндық шегірткенің даму сатысы

Кесте-3.Фенологиялық күнтізбе
Сәуір
Мамыр
Маусым
Шілде
Тамыз
Қыркүйек
I
II
III
I
II
III
I
II
III
I
II
III
I
II
III
I
II
III
0
0
0
0
0
0
0

--
--
--
--
--
--
--
--
--

+
+
+
+
+
+
+
+
+
+_

::
::
::
::
::
::
::
----------------------------------- ----------------------------------- -----------------

0-күбіршектер,--дернәсілдер, + ересек шегіртенлер , ::-зиянды кезеңі, -өңделген кезеңі

Дернәсілден имаго өту кезе ңі 5 жас кезеңінен 40-45 күн аралығында өтеді. Дернәсілдер мен имаго тығыз популяциялық жағдайда үйірлі өмір сүру сатысына көшеді. Имаго: жас
шегірткелердің пайда болуы жаздың екінші жартысында байқалады.
Экономикалық зияндылық шегі.Жұмыртқа мен имаго сатысында әртүрлі дақылдарды ,яғни жоңышқа , мақта, күнбағыс , көкеніс өсімдіктерін.
Қант қызылшасына, картоп, льна, орамжапырақ , қарбыз, кунжут,
қарақұмық және астық тұқымдастарды ( көбінесе қуаншылық жылдары )зақымдайды.Көбінесе жапырақтарды, сонымен қатар тұқымдар,жемістер,ағаштар мен бұталардың қабығын, және астық
дақылдардың бастапқы өсінділеріне зақым келтіреді.Есептеу
Әдістемесі.Дернәсілдерді есепке алу жұмыстарын таң ертелікте немесе кешкілікте маршрутпен жүріп 100 метр сайын әрқайсысы 1м2 алаңқайда көзбен шолып жүргізеді немесе рамканың көмегімен әрбәр секірген шегірткені есептеп, кейін 1м2 қанша болатындықтарын анықтайды. Егер бір станцияны мекендеген шегірткелердің түрі көп болса, жұмыртқалардан әр мезгілде шықса және жастары әр түрлі болған жағдайда ұзақ уақыт әсер ететін инсектицидтерді пайдаланған дұрыс. Химиялық өңдеу жұмыстары дернәсілдер қанаттанғанға дейін жүргізілсе, тиімділігі жоғары болады. әрбір нақты жағдайға байланысты жаппай, бөгеу және локальді өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Бөгеу мақсатымен өңдегенде дәрі шашылатын жердің жалпақтығы 40-100 м шамасында болуы керек .
Энтомологиялық қаққыш көмегімен шегірткелердің 1 м2 жердегі саны және түр құрамы есепке алынды. Ал перпедикуляр сызық 45 І.Жанс үгіров атында ғы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 2013 бойымен әр 100 метр сайын тоқтап, үлгілер жиналып күбіршемен залалданған жер көлемі анықталады. Олардың күбіршелерін топырақты қазу арқылы тере ңдігі 0-5см, ауданы 0,5-0,5 м жерден үлгі алынды. Жер көлеміне байланысты 10 га-дан 8 үлгі, 50 га - 15 үлгі, 100 га - 20 үлгі және 400 га - 40 үлгі жиналды. Алынған үлгілер диаметрі 3 мм сеткалы қа ққыштан
өткізіліп, ондағы күбіршелер арнайы қаптарға салынады.
Күресушаралары.
Шегірткелерге қарсы күресу шараларын олардың сандарына бақылау жасаудың нәтижесіне қарай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көп қоректі зиянкестер шегірткелер және негізгі түрлері
Көп қоректі зиянкестер.Шегірткелер және оның негізгі түрлері
Азияттық көшпелі шегіртке
Итальяндық шегірткенің таралуы
Көп қоректі зиянкестер шегірткелер және негізгі түрлері туралы ақпарат
Көп қоректі зиянкестер шегірткелер және негізгі түрлері туралы мәлімет
Жаздық бидай егісінің фитосанитарлық жағдайын тексеру
Күздегі күбіршелерді тексеру
Айқышты саяқ шегіртке.Биологиясы,зияны,зиянды фазасы,таралуы,есептеу әдістемесі
Көпқоректі тура қанаттылар отрядына жататын бунақденелілердің түр құрамы
Пәндер