Газет тақырыптарының және айдарларының зерттелуі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ҚЫЗЫЛОРДА«БОЛАШАҚ»УНИВЕРСИТЕТІ
Білім беру және педагогика жоғары мектебі
Филология, журналистика кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
KKTL 2213 Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы
«Қазақ газет мәтіндеріндегі әсер етудің қосалқы факторлары»
(тақырыбы)
Ғылымижетекшісі: ф. ғ. к., доцент Нұрсұлтанқызы Ж.
Орындаған: КЯ-22/2 оқу тобының білім алушысы Шамшимет М.
(бағасы)
(қолы)
Қызылорда, 2022 жыл
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ
Білім беру және педагогика жоғары мектебі
Филология, журналистика кафедрасы
Бекітемін
Жоғары мектеп деканы
Серкебаев Д. Ж.
«» 2022 жыл
ТАПСЫРМА
Пәні: Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы
Студент:
Тобы: КЯ-22/2
Жұмыстың тақырыбы:
Орындалуы туралы
белгі
Тапсырма берілген күн: « » _ 2022 жыл
Курс жұмысының жетекшісі: ф. ғ. к., доцент Нұрсұлтанқызы Ж.
Жоспар
Анотация . . . 4
- Кіріспе . . . 5
1, 1. Газет тақырыптарының және айдарларының зерттелуі . . . 5
- Негізгі бөлім . . . 8
2. 1. Газет мәтіндегі айдарлар мен тақырыптарды талдау . . . 8
2. 2 Қазіргі қазақ ресми баспасөзіндегі медиа-мәтін сипаты, тақырыптарға қойылатын тыныс белгілер, газет тіліндегі мәтіндер . . . 13
2. 3. Тәуелсіздік жылдардағы қазақ газеттері . . . 20
- Қорытынды . . . 22
- Пайдаланған әдебиеттер . . . 23
Кіріспе
Газет - халық пен билікті жақындастыратын бұқаралық ақпарат құралы. Бұлай айтуға негіз бола білген Қазақ публицистикасының негізін қалаушы алғашқы газеттері: «Дала уәлаятының газеті», «Түркістан уәлаятаның газеті», «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа», «Айқап». Қазіргі таңда әр облыста шығатын газеттер жиынтығы көп, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері 5189 БАҚ тіркелген, оның ішінде 3676-сы мерзімді баспа басылымы, 191- телеарна, 84-радио, 959-ақпараттық агенттік және желілік басылымдар. БАҚ түрлері бойынша, тіркелген БАҚ-тың жалпы санының ішінде: 3676 баспа тобы, оның ішінде газет - 2180 және 1496 журнал бар.
Тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйінге сыйғыза отырып, халықтық сана-сезімі мен салт-дәстүрін, тұрмыс тарихын бейнелейтін медиа-мәтін тәуелсіздік алған соң үлкен өзерістерді басынан өткерді. Алғашқы жылдары жаңалықтың жаршысы болып халық асыға күтетін газет-журналдар болса, кейінгі жылдары теле-радио, интернет желісі орын басты. Осы кезде БАҚ-қа қойылатын талаптар да арта түсті. Сөйтіп БАҚ арқылы таралатын аудиалды және визуалды түрде қабылданатын хабарламалардың бәрі біріге келіп вербалды және медиалық белгілердің жиынтығы ретінде медиа-мәтін ұғымын құрайды. (1. 1)
Қазақ публицистикасының дамуына үлкен үлес қосқан және де қалыптасуына газет тілі айрықша рөл атқарады. Соның ішінде сараптау, жіктеу қажеттілігі туындады. Бұл орайда газет атаулының лексикалық құрылымы мен жүйесіне бағаны қоғам-әлеуметтік орталар баға беріп саралап, өзекті тақырып болса ортаға салынады. Нақтылай келе бұл зерттеудің басты тақырыбы медиа-мәтінің жасаушы, қабылдаушысы да - Адам. Әрбір тақырыпты адамзаттың өзекті сұрақтарды барынша талдауға тырсты. Газет мәтіндерінің басты қызмет түрінің бірі - қосалқы факторлар екені белгілі. Оған газет айдарлары мен тақырыптар жатады. Олар газет беттерінде ақпарат-жарнамалық қызметтерді қатар атқаратындықтан мазмұн жағынан-тақырыптық кешенді құрайды. Біздің газет сүйер қауымға жеткізетін ақпараттық мақсатымыз - қазіргі қазақ газетін тілін және тақырып-айдарларды кең ауқымда қарастыру. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ газеттерінің дамуын. қазіргі қазақ авторларының публицистикалық шығармашылығындағы ізденістік жаңалықтарды айқындап баға беру. Газет арқылы тіліміздің қоғамымызда қолданып жүоген сөздердің бет-бедерін, қолданыстық ахуалын көрсету. Себебі адам өмірінің саяси, экономикалық, мәдени, тұрмыстық т. б. салаларын түгелдей қамтитындықтан газетте алуан түрлі тақырыптарды зерттеп жариялайды. Сол себепті де газет материалдары бірнеше жанрда жазылып халыққа ұсынылады.
1, 1. Газет тақырыптарының және айдарларының зерттелуі
Газет мақала тақырыптарыдың олардың зерттелуін Баспасөз тілі бұқаралық ақпараттық мәліметті жеткізетін белгілі бір өзіндік ерекшелігі бар бұқаралық ақпараттар құралының түрлілігі болып табылады. Газет мәтініндегі тақырыптық желілердің дамуы экстралингвистикалық сипаттағы факторлармен анықталады. Құрылымдық-мағыналық жағынан газет тақырыптарының негізгі идеясымен, мәтіннің өн бойындағы ішкі компоненттерімен өріле байланысқан тілдік құбылыс ретінде сипаттауға болады. Мақала авторлары газет мәтінін жаза отырып, ең алдымен, оқырман санасында бұрыннан бар, «ескі» мәліметтерді басшылыққа алып, оны жаңа, соңғы ақпараттармен толықтырады. Баспасөз - қоғамға қызмет ететін ақпараттар ағыны. Баспасөздің жеделдігі, нақтылығы, мазмұндығы, дәлділігі басты рөл атқарады. Қоғамда болып жатқан әр алуан, ірілі-ұсақты оқиғалар туралы дер кезінде оқырмандарына мәлімет жеткізу міндетін атқаратын мерзімді басылым, уақыт өте келе баға жетпес құнды деректер көзіне айналды. Халыққа болған оқиға туралы жедел ақпарат таратқан мерзімді басылым, сол оқиға туралы өз бойына қажетті мағлұматтар да жинайды, сөйтіп уақыт өте келе өзі де тарихи дерек көзі ретінде ғылымға қызмет етіп, оқиғалардың кейбір қырларын ашуға көмектеседі. Газет не журнал белгілі бір мерзімділікпен өткенді өз бетінде бейнелейді. Сондықтан олар қоғам өмірінің өткені жазылған өзіндік күнделік міндетін атқарады. Демек, уақтылы шығып тұрған газеттер өткеннің белгілі бір кезендегі үздіксіз даму тарихын қалпына келтіруге көмектесе алады. Газет материалдары өзінің құрамы жағынан әр алуан болып келеді. Онда ақпараттық мәліметтермен қатар өзінің мазмұны жағынан әр түрлі жанрларға жататын жеке адамдық деректер, хаттар, күнделіктер, естеліктер, ресми құжаттар, статистикалық мәліметтер, көркем шығармалар тағы басқалары кездеседі. Баспасөз материалдары өзінің құрамы жағынан күрделілігі оның басты деректік ерекшелігі болып табылады. Баспасөз мәліметтерінің формасы жағынан да, мазмұны жағынан да әр түрлі болып келуі, олардан ұлт өміріне қатысты жан-жақты мәлімет алу мүмкіндік береді. Тілдегі әрбір құбылыс белгілі дәрежеде басқа құбылыстармен тығыз байланысты. Тілдік құбылыстар арасындағы байланыстар мен олардың сипаттары тарихи жағдайларға байланысты құбылып өзгереді. Тілдің тарихын, тілдік құбылыстардың туып, қалыптасу тарихын зерттегенде оның қалыптасу негізінде, басқа құбылыстармен қандай айырмашылығы барын анықтау қажет. Әрбір ұлт өзіндік табиғи болмыс-бітімін, мінез-құлқымен рухани құнды асыл қазынасын ғасырданғасырға сақтап жеткізетін аса қасиетті құралы - тіл болып табылады. Сондықтан да ұлттық тіліміздің болашағы мен оны дамытудағы бағыттары тілші ғалымдардың ең басты назардан таса етпейтін өзекті мәселесі. Тілдік құбылыстың өзгеруі көбіне өзі өмір сүріп отырған байланыста болатын басқа құбылыстармен өзгеріп кетуі нәтижесінде пайда болады. Тіл - қоғамдық құбылыс болғандықтан дамып, өзгеріп, белгілі құбылыстың жоғалып отыруы заңды. Қай кезеңнің болмасын баспасөз материалының тілін өзгертпесек те, сол кезең тұрғысынан қарап, пікір айтуымыз қажет. Өйткені баспасөз тілі де, сол заман ағысына қарай өзгеріп отырады. Тіл - халық өмірінің айнасы болса, әр кезеңнің, әр ұлттың өміріндегі болып жатқан барлық өзгерістер мен құбылыстар, жаңалықтар сол халықтың өз тілінен көрініс табады. Міне осы өзгерістер мен тілдік көріністерді баспасөз бетінен көруге болады. Ал қоғам өзгерісімен бірге кірген жаңа сөздер мен жаңа ұғымдарды қазір толық түсініп білу мүмкін емес. Енген жаңалықтар халық ұғымына толық ізін қалдырып, айқын бейнесін көрсетіп бірден сіңісіп кете қоймайды. Осы жағдайларда ұғымға қойылған ат кездейсоқ болатыны белгілі. Көбінесе тіпті бір ұғым бірнеше атпен де аталып жүреді. Терминдік лексиканы қалыптастыруда сол дәуір баспасөзінің орны ерекше. Өйткені қандай да болмасын, жаңалық алдымен баспасөз, радио арқылы келеді. Мерзімді баспасөз сол қоғамдағы әлеуметтік саяси, ресми қаулы-қарарларды өз беттерімен жариялап тұратын ақпараттар ағыны. Осы мәселе тұрғысында Б. Қ. Момынова: «Қазіргі кездегі өркендеп дамыған бұқаралық ақпарат құралдары оқылатын (визуалды) мерзімді басылымдар, тыңдалатын (аудиалды-радио), әрі тыңдауға, әрі көруге болатын (аудиовизуалды теледидар, деректі кино) болып үш түрге бөлінеді. Бұлардың коммуникативті құрылымдарындағы айырмашылықтары болмаса, атқаратын қызметтері ұқсас» дейді. Сондықтан олардың үш түріне де ортақ қызметтері (функциялары) бар екендігін айта кету керек. Атап айтсақ: 1) түрлі оқиға, факті мен ситуация туралы оқырманға, тыңдаушы мен көрерменге хабар жеткізу арқылы танылатын информациялық-ақпараттық функциясы; 2) белгілі бір факті, дерек туралы хабардар етіп, түсініккомментарийлер, баға беруге, анализ жасауға ұштасып жататын комментарийлық-бағалауыштық функциясы; 3) қандай да бір мәдени, тарихи, ғылыми сипатты информациямен таныстыру барысында сол информацияны қабылдаушының таным-түсінігін, білім-біліктілігін арттыруға септесетін - ағартушылық-танымдық функциясы; 4) қоғамдық пікір тудыру, оны қалыптастыру, адамдардың көзқарасын кеңейту және қоғамда болып жатқан инверсиялық өзгерістер мен науқандық, әлеуметтік-саяси акцияларды ұйымдастыру, өткізу кезінде, қайта құрулар мен ірі саяси оқиғалар, төңкерістер тұсында қоғам мүшелерінің дүниетанымына әсер ету функциясы; 5) кез келген информацияның таратылуы кезінде қабылдаушының эстетикалық талғамынан шығуы үшін тиімді тәсілдердің пайдаланылуы, сол арқылы жағымды эффектілер тудыруы - гедоникалық функциясына жатады. Мерзімді басылым тілін түрлі мамандық иелері әр түрлі қырынан зерттеуі мүмкін. Егер, журналистерді нақтылы басылымның әдеби-публицистикалық сапасы, автордың материалды бере білу шеберлігі қызықтырса, деректанушыны баспасөзді оның деректік маңызы мен ерекшеліктерін көрсету үшін, жалпы тарих дерегі ретіндегі ғылыми құндылығын анықтау үшін
Айдарлар, тақырыптар газетте ерекше маңызға ие. Өйткені, олар басылымның мазмұнды-тақырыптық моделінің негізін қалыптастыруға, оның жарияланымдарының маңызды тақырыптық бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Айдарлар газеттің композициялық моделін әзірлеуді, оның құрылымын анықтауды және әр нөмірді құруды жеңілдетеді. Сондықтан газет шығарылымын жоспарлы дайындау процесін қамтамасыз ету үшін газет айдарларының жүйесін қалыптастыру қажет. Бұл жүйеге екі түрдегі айдарлар кіреді. Олардың ішіндегі ең маңыздысы - жарияланымдардың тақырыбын анықтайтын тақырыптық айдарлар. Оларға газеттегі басылымдарды басқа сипаттамалары бойынша жүйелеуді жеңілдететін қызметтік айдарлар кіреді. «Тақырыптық» Айдар газет жолағындағы басылымдардың бір томдық таңдауын да, бүкіл тақырыптық жолақты да білдіреді және біріктіреді. Көп жолақты басылымдарда, олардың көпшілігі A3 форматында шығарылады, нөмір құрылымын ұйымдастыру үшін тиісті жолақтың үстінде тұрған "саясат", "Экономика", "Мәдениет", "Спорт" және т. б. сияқты тұрақты жолақты тақырыптық рубрикалар жиі қолданылады.
Әр редакцияда мерзімді басылымның айдар жүйесінің құрамы және олардың саны газеттің түрі мен деңгейіне сәйкес анықталады. Шағын жергілікті газетте екі-үш айдарларды пайдалану жеткілікті. Бұл жүйенің мәні әр санның әр түрлі жолақтардағы орны мен рөлін анықтайтын желілік графикке негізделген.
Газет тақырыптарын зерттеуші жас маман Г. К. Исхангалиева өзінің «Функционально-прагматический анализ заголовков» атты диссертациялық зерттеуінде: газет тақырыптарына талдау жасай келіп, олардың негізгі: «номинативтік, ақпараттық (информативтік) прагматикалық және болжағыштық төрт тұрақты қызметіне тоқталып, қалған функциялары қосалқы қызмет атқарады» - дейді [5, 12 б. ] . Баспасөздегі ақпарат беретін газет тақырыптарының бірінші типі оқырманға қоғамда болып жатқан бүгінгі оқиғаларды түсіндіріп, қауыпты жағдайларға ұшырамай, сәтсіздіктерден шығудың жолын табуға көмектесе аларлықтай болуы тиіс. Сонымен қатар оқырмандарға бұрын-соңды ол естімеген, білмеген, көрмеген жаңа хабарды танытуы қажет. Газет тақырыбының оқырманға әсер ете алуы материалдардың қызықты әр алуан болуына байланысты. Белгілі бір салаға маманданған тілші болмаса, басылымдар кез келген оқырманды бейжай қалдырмайды. Газет тақырыптары өмірдің сан-саласынан хабар беретін ақпараттар ағыны қазіргі газет ұжымының алдында басты мақсат пен міндет. Егеменді еліміздің тарихына жаңа көзқараспен қарап, шындық тұрғысынан жазу. Мерзімді баспасөз қоғам өміріне, қоғам мүшелерінің күнделікті тіршілігіне тікелей араласып, қоғамдық пікір тудыруды мақсат етеді. Тілші белгілі бір жайды хабарлап отырып, мақала тақырыптарына өз бағасын береді. Осы мақсаттарға сәйкес берілген мақалаларды қолданылатын сөздің ерекшеліктері, газет тілшілерінің тіл мәдениетін сақтаудағы шеберліктері айқындалады. «Бас мақала - газет ұстанатын идеялық бағыттың айнасы. Бас мақала маңызы кеше де, дәл бүгінгі күні де өзекті, себебі, мемлекет тұтынып отырған идеология, ол ұстанған стратегиялық бағыт, оларды іске асырудың тиімді жолдары, құнды пікірлер мен нұсқаулар мақаланың аталмыш түрі арқылы газеттерде күн сайын көрініс беруі - басты саясатты іске асырудың тиімді тәсілі. Әсіресе, бұл ұстаным мемлекеттік басылымдарда, республикалық деңгейдегі, айталық, «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Заман-Қазақстан», «Заң газеті», т. б. сынды органдар арқылы елге, қалың оқырманға танылуы керек. Бірақ, байқауымызша, кейбір газеттер бұл тенденцияны, осы бағытты жоғалтып отырған сыңайлы. Бас мақала алғашқы қазақ газеттерінің ішінде «Қазақта» тұрақты және жүйелі түрде кездеседі. Бұл газеттегі бас мақалалардың авторлары сол тұстағы саяси және қоғам қайраткерлері А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейхановтар еді. Газет шығарушылары үшін бас мақалалар өз позицияларын елге таныту мен жеткізудің өте оңтайлы тәсілі болды»
1. 2Газет мәтіндегі айдарлар мен тақырыптарды талдау
Айдарлар бір ғана мәселеден хабар береді. «Қазақ» газетіндегі «Сыртқы хабарлар» қазіргі газеттердің көбіне тән «Шетел жаңалықтары» рубрикасына сәйкес. 1913-1918 жылдары «сыртқы» сөзінің орнына «шетел» сөзін пайдаланса, әрине, оқырманға түсініксіз болар еді. Яғни, бұл жерде оқырманның қабылдау деңгейіне лайықты «сыртқы» лексемасы таңдалынып алынып отыр. «Қазақ» әуелі «Европа», «Азия» және олардағы түрлі «патшалықтар» туралы сериялы танымдық бағытта жазып, ондаған мақалалардан кейін ғана «Европадан хабар» атты айдар пайда болды. Мұның өзі газеттің біраз уақыт дайындық іспетті жасаған іс-әрекетінің нәтижесі, оқырман көзқарасы көкжиегінің кеңи түскендігінің көрінісі, газет лексикасында оқырманның әлеуметтік деңгейіне байланысты өзгеріс пайда болғандығының айғағы. Бірнеше газет типтеріне ортақ рубрикалар мемлекеттік дәрежеде көтерілген саяси, әлеуметтік мәселелердің газеттердің насихатталуы барысының көрсеткіші сынды дүниеге келіп отырады. Айталық, 1980-жылдарғы газеттерге партия, оның саясаты, мемлекет басшыларының позицияларынан туындайтын, әр түрлі көзқарастарды аңғартатын айдарлар ортақ болып келді. Сол тұстағы айдарлардың көбі бейтарап лексика элементтерінің қатысуымен жасалған, құрылысы қарапайым. Мысалы, «Съезд мінберінен», «Делегаттар сөйлейді». Бірнеше газет типтерінде ұзақ жылдар бойы мезгіл-мезгіл көрініп отыратын айдарлардың бірнешеуіне тоқталайық. Мәселен, «Алтын орақ», «Алтын дән», «Егін орағы- . . . » деп аталады. Бұлардың алдыңғы екеуі бағалауыштық қасиеттке ие болса, соңғысы- бейтараптанған лексикалық элементтерден тұрады. Бейтараптанған лексикалық элементтерлер туралы М. Белбаева былай дейді: «Барлық стильде бірдей қолданыла беретін стильдік бейтарап сөздердің тобына негізгі сөздік қордағы сөздер енеді. Мысалы: тау, жер, су, үй, киім, жүру, тыңдау, сөйлеу, ақ, қара, көк, мен, сен, т. б. Стильдік бейтарап сөздер күнделікті өмірде жиі және жалпылама қолдану қасиетімен сипатталады» (26, 63) . Яғни, бейтараптану үшін бағалаушылық қасиет болмау керек екен. Затқа, оның сапасы мен санына іс-әрекетке айтушы немесе жеткізуші баға бермейді, жай ғана хабарлайды. Мұндай бейтараптанған айдарлардың құрамы көбіне қарапайым, сөз, сөз тіркесі түрінде болады. Мысалы: «Тәртіпті кеңес іс үстінде» дегенде, тәртіптік кеңес ісіне баға берушілік, бағалау тұрғысында көзқарас білдіру қасиеті мүлде жоқ, информация ғана беріліп тұр. Көзқарасты бейтараптандыру, уақыт пен көлем жағынан ұта түсу, мақсатынан туындаған мұндай синтаксистік құрылымдар газет бетінде жиі қолданылады. Оған мысал ретінде «Бүгінгі номерде», «Бүгінгі оқитындарыңыз», «Баспасөз баршаға», т. б. айдарларды келтіруге болады. Газетте, жарнама жиі кездесетін эллипсистенген сөйлемдер контексті тұтас алып қарастырғандағы дәл сондай сөйлемдерден ерекше болып келеді. Өйткені, контест ішіндегі (бұл жерде кең көлемдегі контекст) эллипсис сөйлем мен өзінің алдындағы немесе өзінен кейін келетін бірнеше сөйлем арқылы, сол сөйлемдердің мазмұны арқылы ашылады, толығады. Ал зерттеуші З. Ш. Әділова кейбір тілдік конструкцияларды неғұрлым динамикалы конструкциялармен алмастырудың нәтижесінде эллипсистенген тұлғалар пайда болады деген ой айтадыБіз газет мәтінін журналист пен оқырман арасындағы көпір рөлін атқаратын күрделі коммуникативтік құбылыс деп танимыз. Ол (мәтін) қоғамдағы белгілі бір саяси топтардың, газет редакциясы басшылығының, тағы басқа да мүдделі тұлғалардың саяси тапсырыстарын жүзеге асырады. Бұл - көбінесе қоғамда қалыптасып саяси ахуалды халықтың ұлттық-мәдени ерекшеліктерін және ұлттық мүдделерді ескере отырып интерпретациялауға қатысты мәселе. Сондай-ақ, газет мәтінінде арнайы контекст жасау үшін қолданылатын айрықша тілдік механизм жұмсалады.
Газет мәтінінің құрылымы жанрлық сипатына қарай ерекшеленеді. Негізінен әмбебап сипаттағы газет мәтініне тән мағыналық-құрылымдық модельді мынадай бес бөліктен тұрады деуге болады: мәтіннің тақырыптық бөлігі, кіріспе бөлігі, негізгі ақпаратты дәйектеуші бөлік, жинақтаушы мәре бөлік және түйін. Осы бөліктердің әрқайсысына белгілі-бір мағыналық-прагматикалық жүк артылады. Жұмыста осы мәтін бөліктерінің әрбірінің ішкі құрылымы былайша сипатталды:
1. Мәтіннің тақырыптық бөлігі бір ғана тақырыпаттан тұрса, ол абзац деп саналмайды. Сипаты жағынан кілт фраза болып есептелінеді.
2. Мәтіннің кіріспе бөлігінде бастама, кілт фраза, ойды таратып жеткізуші блок қамтылады. Бұл бөліктің газет мәтіні контексінде атқаратын қызметі реципиент назарын мақаланың ақпараттық бөлігінен гөрі, берілетін ақпараттың проблемалық бөлігіне аудару;
3. Негізгі ақпаратты дәйектеуші бөлікте бастама (реципиентті баяндалып отырған ақпаратқа қатысты негізгі тұжырымға жетелеу), кілт фраза (ұсынылған ақпаратты дамыту), ойды таратып жеткізуші бөлік (ақпаратты толықтыру, қосымша түсініктеме беру) қамтылады.
4. Жинақтаушы-мәре бөлік кілт фразадан, ойды таратушы бөліктен және қорытындыдан тұрады. Мұнда ақпаратқа қатысты негізгі тұжырым (қорытынды) жасалады.
5. Түйінде бүкіл мақалада көтерілген негізгі мәселеге қатысты тұжырым жасалып, жаңа проблема қойылады.
Айдарлар тілінің синтаксистік құрылысы, айтып кеткеніміздей, аса күрделі болмайды. Мысалы:
- Кейде адам аттары атау тұлғада тұрады. «Абай және біз» (Ж., 13. 08. 98) . Сондай-ақ, абстрактілі ұғымға құрылған «Ата жұрт - алтын бесік» айдарын да осы аталған құрылысқа жатқызуға болады.
- Атаулық тіркес түрінде келетін айдарлар «Қазақтағы» ең өнімді және ең ұтымдылары болған деп есептейміз. Атаулық тіркес термині ғалым, профессор С. Исаевтың қаламына тән. Мысалы: «Оқшау сөз», «Серке сөз» «Қазақ» газетіндегі «кезекші» айдарлар, яғни қолданыстан үнемі түспеген рубрикалар. «Серке сөз» айдарымен Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, кейде Әлихан Бөкейханов қаламынан туындаған мақалалар беріліп отырған. Кейін дәл осы құрылым сол күйінде «Ана тілі» апталығында қайта түледі. Қазір көптеген басылымдар бетінен ұшыратуға болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz