Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ газеттері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ҚЫЗЫЛОРДА«БОЛАШАҚ»УНИВЕРСИТЕТІ
Білім беру және педагогика жоғары мектебі
Филология, журналистика кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
KKTL 2213 Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы
«Қазақ газет мәтіндеріндегі әсер етудің қосалқы факторлары»
(тақырыбы)
Ғылымижетекшісі: ф. ғ. к., доцент Нұрсұлтанқызы Ж.
Орындаған: КЯ-22/2 оқу тобының білім алушысы Шамшимет М.
(бағасы)
(қолы)
Қызылорда, 2022 жыл
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ
Білім беру және педагогика жоғары мектебі
Филология, журналистика кафедрасы
Бекітемін
Жоғары мектеп деканы
Серкебаев Д. Ж.
«» 2022 жыл
ТАПСЫРМА
Пәні: Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы
Студент:Шамшимет Мадина Талғатқызы
Тобы: КЯ-22/2
Жұмыстың тақырыбы: Қазақ газет мәтіндеріндегі әсер етудің қосалқы факторлары
Орындалуы туралы
белгі
Тапсырма берілген күн: « » _ 2022 жыл
Курс жұмысының жетекшісі: ф. ғ. к., доцент Нұрсұлтанқызы Ж.
Жоспар
Кіріспе . . . 4
1. ГАЗЕТ МӘТІНДЕРІНДЕГІ ӘСЕР ЕТУДІҢ ҚОСАЛҚЫ ФАКТОРЛАРЫ-АЙДАРЛАР МЕНТАҚЫРЫПТАР . . .
1. 1. Газет тақырыптарының және айдарларының зерттелуі . . . 6
1. 2. Газет мәтіндегі айдарлар мен тақырыптарды талдау . . . 9
2. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІҢ ЖАЗЫЛУ СТИЛІ. ТАҚЫРЫПТАРҒАҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР МЕН ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ . . . 13
2. 1. Қазіргі қазақ ресми баспасөзіндегі медиа-мәтін сипаты, тақырыптарға қойылатын тыныс белгілер, газет тіліндегі мәтіндер . . . 13
2. 2. Газет мәтініндегі балағат сөздер және жазылу үлгісі . . . 20
2. 3. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ газеттері . . . 25
Қорытынды . . . 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 29
Кіріспе
Газет - халық пен билікті жақындастыратын бұқаралық ақпарат құралы. Бұлай айтуға негіз бола білген Қазақ публицистикасының негізін қалаушы алғашқы газеттері: «Дала уәлаятының газеті», «Түркістан уәлаятаның газеті», «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа», «Айқап». Қазіргі таңда әр облыста шығатын газеттер жиынтығы көп, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері 5189 БАҚ тіркелген, оның ішінде 3676-сы мерзімді баспа басылымы, 191- телеарна, 84-радио, 959-ақпараттық агенттік және желілік басылымдар. БАҚ түрлері бойынша, тіркелген БАҚ-тың жалпы санының ішінде: 3676 баспа тобы, оның ішінде газет - 2180 және 1496 журнал бар.
Тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйінге сыйғыза отырып, халықтық сана-сезімі мен салт-дәстүрін, тұрмыс тарихын бейнелейтін медиа-мәтін тәуелсіздік алған соң үлкен өзерістерді басынан өткерді. Алғашқы жылдары жаңалықтың жаршысы болып халық асыға күтетін газет-журналдар болса, кейінгі жылдары теле-радио, интернет желісі орын басты. Осы кезде БАҚ-қа қойылатын талаптар да арта түсті. Сөйтіп БАҚ арқылы таралатын аудиалды және визуалды түрде қабылданатын хабарламалардың бәрі біріге келіп вербалды және медиалық белгілердің жиынтығы ретінде медиа-мәтін ұғымын құрайды.
Қазақ публицистикасының дамуына үлкен үлес қосқан және де қалыптасуына газет тілі айрықша рөл атқарады. Соның ішінде сараптау, жіктеу қажеттілігі туындады. Бұл орайда газет атаулының лексикалық құрылымы мен жүйесіне бағаны қоғам-әлеуметтік орталар баға беріп саралап, өзекті тақырып болса ортаға салынады. Нақтылай келе бұл зерттеудің басты тақырыбы медиа-мәтінің жасаушы, қабылдаушысы да - Адам. Әрбір тақырыпты адамзаттың өзекті сұрақтарды барынша талдауға тырсты. Газет мәтіндерінің басты қызмет түрінің бірі - қосалқы факторлар екені белгілі. Оған газет айдарлары мен тақырыптар жатады. Олар газет беттерінде ақпарат-жарнамалық қызметтерді қатар атқаратындықтан мазмұн жағынан-тақырыптық кешенді құрайды. Біздің газет сүйер қауымға жеткізетін ақпараттық мақсатымыз - қазіргі қазақ газетін тілін және тақырып-айдарларды кең ауқымда қарастыру. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ газеттерінің дамуын. қазіргі қазақ авторларының публицистикалық шығармашылығындағы ізденістік жаңалықтарды айқындап баға беру. Газет арқылы тіліміздің қоғамымызда қолданып жүоген сөздердің бет-бедерін, қолданыстық ахуалын көрсету. Себебі адам өмірінің саяси, экономикалық, мәдени, тұрмыстық т. б. салаларын түгелдей қамтитындықтан газетте алуан түрлі тақырыптарды зерттеп жариялайды. Сол себепті де газет материалдары бірнеше жанрда жазылып халыққа ұсынылады. Газет не журнал белгілі бір мерзімділікпен өткенді өз бетінде бейнелейді. Сондықтан олар қоғам өмірінің өткені жазылған өзіндік күнделік міндетін атқарады. Демек, уақтылы шығып тұрған газеттер өткеннің белгілі бір кезеңдегі үздіксіз даму тарихын қалпына келтіруге көмектесе алады. Газет материалдары өзінің құрамы жағынан әралуан болып келеді. Онда ақпараттың мәліметтерімен қатар өзінің мазмұны жағынан әртүрлі жанрларға жататын жеке адамдық дерек кездеседі. Баспасөз материалдарының өзінің құрамы жағынан күрделілігі оның басты деректік ерекшелігі болып табылады. Баспасөз мәліметтерінің формасы жағынан да, мазмұны жағынан да әртүрлі болып келуі, оларды ұлт өміріне қатысты жан-жақты мәлімет алуға мүмкіндік береді. Қоғам өмірінің әрбір саласында туындаған кез келген мәселе адамдардың күнделікті іс әрекетімен тығыз байланысты болатыны белгілі. Баспасөз жүйесі қоғамдық-саяси өмірде өзінің алға қойған мақсаттарын тек функциялар жүйесінің негізінде ғана орындай алатындығымен ерекшеленеді. Ал, сол журналистика функцияларының жүйесіне келсек, ол - адам үшін, оның игілігіне, жан-жақты дамуына, рухани байлықты еселеуіне, тіршілік деңгейін арттыруына бағытталады, сол үшін қызмет көрсетеді. Сондықтан, функциялар өмірде негізінен «адам факторы» арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі таңдағы БАҚ жүйесінің айқын мақсаттарының бірі - азаматтардың қоғамдық позицияларын анықтау, саяси өмірдің әр түрлі көріністері аясында өзара түсіністік пен игі қарым-қатынастарын қалыптастыру. Бұл сайып келгенде, мейірбанды да игілікті шара. Себебі, «журналистиканың ақпарат таратудағы жалпы сипатынан оның функциясы туралы мәселе туындайды жәнеәрбір субьект, аспект, іс әрекеттің қоғам өміріндегі орнын, ролін функцияның ерекшелігі, сипаты және тенденциясы анықтайды». БАҚ -ақпарат таратушы ғана емес, ол - басқарушының, бақылаушының, әлеуметтанушының, тәрбие құралының, танымдық мағлұмат берушінің, ағартушының функцияларын да белгілі деңгейде атқаратындығын жоғарыда айтқан едік. Бұл жерде де тәуелсіз журналистика жүйесінің атқаратын қызмет түрлерін тізіп шығу күнтәртібіне қойылмайды. Ең бастысы, оның функцияларының орындалуын, жалпы сипатын, ерекшеліктерін негізге алу маңызды. Қоғам өмірінің әрбір саласында туындайтын барлық мәселе адамдардың күнделікті іс қызметтеріне байланысты көрініс табады. Барлықөзекті мәселе «тек адамға байланысты пайда болады және оны қорыту, шешу мүмкіндік тек адамда ғана бар» Десек те, адамдардың қызметі журналистиканың зерттеу обьектісі болумен қатар оның орын алатын қоғамдық ортасын ерекшеленеді. Мұның өзі журналистика қызметінің қоғамдық ахуалмен тығыз байланысатындығын көрсетеді және осы арқылы журналистика функцияларының қоғамдық сипаты анықталады. БАҚ-тың атқаратын функциялары оның өмір сүретін қоғамының мәдени деңгейімен байланысты көрініс табады деген пікірлер де бар. Олар көзқарас пен баспасөз бостандығын демократиялық мемлекеттің ажырамас бөлігі деп санайды. Жалпы кез-келген демократиялық мемлекеттің қызметін ырғақты ету үшін БАҚ міндетті түрде қажет екендігі ешкімге күдік тудырмаса керек. Осының негізінде демократияның қан тамыры болып табылатын «бұқаралық көзқарас» деген ұғым туады. Неміс ғалымдарының анықтауынша, БАҚ-тың өзара тығыз сабақтасатын негізгі үш функциясы бар екен. Олар төмендегідей:
а) азаматтарды ақпаратпен қамтамасыз ету;
ә) бұқаралық көзқарастың қалыптасуына ықпал ету;
б) сын, пікір айту, бақылау жасау.
Газет дүниеге келеді, өседі, ержетеді. Бірақ қартаймайды. Себебі ол табиғат заңына сай ұрпақтан - ұрпаққа ауысып, жалғасын тауып, жаңарып, жасқа толған сайын құлпырып отырады.
1. ГАЗЕТ МӘТІНДЕРІНДЕГІ ӘСЕР ЕТУДІҢ ҚОСАЛҚЫ ФАКТОРЛАРЫ-АЙДАРЛАР МЕН ТАҚЫРЫПТАР
1. 1 Газет тақырыптарының және айдарларының зерттелуі
Газет мақала тақырыптарыдың олардың зерттелуін Баспасөз тілі бұқаралық ақпараттық мәліметті жеткізетін белгілі бір өзіндік ерекшелігі бар бұқаралық ақпараттар құралының түрлілігі болып табылады. Газет мәтініндегі тақырыптық желілердің дамуы экстралингвистикалық сипаттағы факторлармен анықталады. Құрылымдық-мағыналық жағынан газет тақырыптарының негізгі идеясымен, мәтіннің өн бойындағы ішкі компоненттерімен өріле байланысқан тілдік құбылыс ретінде сипаттауға болады. Мақала авторлары газет мәтінін жаза отырып, ең алдымен, оқырман санасында бұрыннан бар, «ескі» мәліметтерді басшылыққа алып, оны жаңа, соңғы ақпараттармен толықтырады. Баспасөз - қоғамға қызмет ететін ақпараттар ағыны. Баспасөздің жеделдігі, нақтылығы, мазмұндығы, дәлділігі басты рөл атқарады. Қоғамда болып жатқан әр алуан, ірілі-ұсақты оқиғалар туралы дер кезінде оқырмандарына мәлімет жеткізу міндетін атқаратын мерзімді басылым, уақыт өте келе баға жетпес құнды деректер көзіне айналды. Халыққа болған оқиға туралы жедел ақпарат таратқан мерзімді басылым, сол оқиға туралы өз бойына қажетті мағлұматтар да жинайды, сөйтіп уақыт өте келе өзі де тарихи дерек көзі ретінде ғылымға қызмет етіп, оқиғалардың кейбір қырларын ашуға көмектеседі. Газет не журнал белгілі бір мерзімділікпен өткенді өз бетінде бейнелейді. Сондықтан олар қоғам өмірінің өткені жазылған өзіндік күнделік міндетін атқарады. Демек, уақтылы шығып тұрған газеттер өткеннің белгілі бір кезендегі үздіксіз даму тарихын қалпына келтіруге көмектесе алады. Газет материалдары өзінің құрамы жағынан әр алуан болып келеді. Онда ақпараттық мәліметтермен қатар өзінің мазмұны жағынан әр түрлі жанрларға жататын жеке адамдық деректер, хаттар, күнделіктер, естеліктер, ресми құжаттар, статистикалық мәліметтер, көркем шығармалар тағы басқалары кездеседі. Баспасөз материалдары өзінің құрамы жағынан күрделілігі оның басты деректік ерекшелігі болып табылады. Баспасөз мәліметтерінің формасы жағынан да, мазмұны жағынан да әр түрлі болып келуі, олардан ұлт өміріне қатысты жан-жақты мәлімет алу мүмкіндік береді. Тілдегі әрбір құбылыс белгілі дәрежеде басқа құбылыстармен тығыз байланысты. Тілдік құбылыстар арасындағы байланыстар мен олардың сипаттары тарихи жағдайларға байланысты құбылып өзгереді. Тілдің тарихын, тілдік құбылыстардың туып, қалыптасу тарихын зерттегенде оның қалыптасу негізінде, басқа құбылыстармен қандай айырмашылығы барын анықтау қажет. Әрбір ұлт өзіндік табиғи болмыс-бітімін, мінез-құлқымен рухани құнды асыл қазынасын ғасырданғасырға сақтап жеткізетін аса қасиетті құралы - тіл болып табылады. Сондықтан да ұлттық тіліміздің болашағы мен оны дамытудағы бағыттары тілші ғалымдардың ең басты назардан таса етпейтін өзекті мәселесі. Тілдік құбылыстың өзгеруі көбіне өзі өмір сүріп отырған байланыста болатын басқа құбылыстармен өзгеріп кетуі нәтижесінде пайда болады. Тіл - қоғамдық құбылыс болғандықтан дамып, өзгеріп, белгілі құбылыстың жоғалып отыруы заңды. Қай кезеңнің болмасын баспасөз материалының тілін өзгертпесек те, сол кезең тұрғысынан қарап, пікір айтуымыз қажет. Өйткені баспасөз тілі де, сол заман ағысына қарай өзгеріп отырады. Тіл - халық өмірінің айнасы болса, әр кезеңнің, әр ұлттың өміріндегі болып жатқан барлық өзгерістер мен құбылыстар, жаңалықтар сол халықтың өз тілінен көрініс табады. Міне осы өзгерістер мен тілдік көріністерді баспасөз бетінен көруге болады. Ал қоғам өзгерісімен бірге кірген жаңа сөздер мен жаңа ұғымдарды қазір толық түсініп білу мүмкін емес. Енген жаңалықтар халық ұғымына толық ізін қалдырып, айқын бейнесін көрсетіп бірден сіңісіп кете қоймайды. Осы жағдайларда ұғымға қойылған ат кездейсоқ болатыны белгілі. Көбінесе тіпті бір ұғым бірнеше атпен де аталып жүреді. Терминдік лексиканы қалыптастыруда сол дәуір баспасөзінің орны ерекше. Өйткені қандай да болмасын, жаңалық алдымен баспасөз, радио арқылы келеді. Мерзімді баспасөз сол қоғамдағы әлеуметтік саяси, ресми қаулы-қарарларды өз беттерімен жариялап тұратын ақпараттар ағыны. Осы мәселе тұрғысында Б. Қ. Момынова: «Қазіргі кездегі өркендеп дамыған бұқаралық ақпарат құралдары оқылатын (визуалды) мерзімді басылымдар, тыңдалатын (аудиалды-радио), әрі тыңдауға, әрі көруге болатын (аудиовизуалды теледидар, деректі кино) болып үш түрге бөлінеді. Бұлардың коммуникативті құрылымдарындағы айырмашылықтары болмаса, атқаратын қызметтері ұқсас» дейді. Сондықтан олардың үш түріне де ортақ қызметтері (функциялары) бар екендігін айта кету керек. Атап айтсақ: 1) түрлі оқиға, факті мен ситуация туралы оқырманға, тыңдаушы мен көрерменге хабар жеткізу арқылы танылатын информациялық-ақпараттық функциясы; 2) белгілі бір факті, дерек туралы хабардар етіп, түсініккомментарийлер, баға беруге, анализ жасауға ұштасып жататын комментарийлық-бағалауыштық функциясы; 3) қандай да бір мәдени, тарихи, ғылыми сипатты информациямен таныстыру барысында сол информацияны қабылдаушының таным-түсінігін, білім-біліктілігін арттыруға септесетін - ағартушылық-танымдық функциясы; 4) қоғамдық пікір тудыру, оны қалыптастыру, адамдардың көзқарасын кеңейту және қоғамда болып жатқан инверсиялық өзгерістер мен науқандық, әлеуметтік-саяси акцияларды ұйымдастыру, өткізу кезінде, қайта құрулар мен ірі саяси оқиғалар, төңкерістер тұсында қоғам мүшелерінің дүниетанымына әсер ету функциясы; 5) кез келген информацияның таратылуы кезінде қабылдаушының эстетикалық талғамынан шығуы үшін тиімді тәсілдердің пайдаланылуы, сол арқылы жағымды эффектілер тудыруы - гедоникалық функциясына жатады. Мерзімді басылым тілін түрлі мамандық иелері әр түрлі қырынан зерттеуі мүмкін. Егер, журналистерді нақтылы басылымның әдеби-публицистикалық сапасы, автордың материалды бере білу шеберлігі қызықтырса, деректанушыны баспасөзді оның деректік маңызы мен ерекшеліктерін көрсету үшін, жалпы тарих дерегі ретіндегі ғылыми құндылығын анықтау үшін
Айдарлар, тақырыптар газетте ерекше маңызға ие. Өйткені, олар басылымның мазмұнды-тақырыптық моделінің негізін қалыптастыруға, оның жарияланымдарының маңызды тақырыптық бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Айдарлар газеттің композициялық моделін әзірлеуді, оның құрылымын анықтауды және әр нөмірді құруды жеңілдетеді. Сондықтан газет шығарылымын жоспарлы дайындау процесін қамтамасыз ету үшін газет айдарларының жүйесін қалыптастыру қажет. Бұл жүйеге екі түрдегі айдарлар кіреді. Олардың ішіндегі ең маңыздысы - жарияланымдардың тақырыбын анықтайтын тақырыптық айдарлар. Оларға газеттегі басылымдарды басқа сипаттамалары бойынша жүйелеуді жеңілдететін қызметтік айдарлар кіреді. «Тақырыптық» Айдар газет жолағындағы басылымдардың бір томдық таңдауын да, бүкіл тақырыптық жолақты да білдіреді және біріктіреді. Көп жолақты басылымдарда, олардың көпшілігі A3 форматында шығарылады, нөмір құрылымын ұйымдастыру үшін тиісті жолақтың үстінде тұрған "саясат", "Экономика", "Мәдениет", "Спорт" және т. б. сияқты тұрақты жолақты тақырыптық рубрикалар жиі қолданылады.
Әр редакцияда мерзімді басылымның айдар жүйесінің құрамы және олардың саны газеттің түрі мен деңгейіне сәйкес анықталады. Шағын жергілікті газетте екі-үш айдарларды пайдалану жеткілікті. Бұл жүйенің мәні әр санның әр түрлі жолақтардағы орны мен рөлін анықтайтын желілік графикке негізделген.
Газет тақырыптарын зерттеуші жас маман Г. К. Исхангалиева өзінің «Функционально-прагматический анализ заголовков» атты диссертациялық зерттеуінде: газет тақырыптарына талдау жасай келіп, олардың негізгі: «номинативтік, ақпараттық (информативтік) прагматикалық және болжағыштық төрт тұрақты қызметіне тоқталып, қалған функциялары қосалқы қызмет атқарады» - дейді [3, 12 б. ] . Баспасөздегі ақпарат беретін газет тақырыптарының бірінші типі оқырманға қоғамда болып жатқан бүгінгі оқиғаларды түсіндіріп, қауыпты жағдайларға ұшырамай, сәтсіздіктерден шығудың жолын табуға көмектесе аларлықтай болуы тиіс. Сонымен қатар оқырмандарға бұрын-соңды ол естімеген, білмеген, көрмеген жаңа хабарды танытуы қажет. Газет тақырыбының оқырманға әсер ете алуы материалдардың қызықты әр алуан болуына байланысты. Белгілі бір салаға маманданған тілші болмаса, басылымдар кез келген оқырманды бейжай қалдырмайды. Газет тақырыптары өмірдің сан-саласынан хабар беретін ақпараттар ағыны қазіргі газет ұжымының алдында басты мақсат пен міндет. Егеменді еліміздің тарихына жаңа көзқараспен қарап, шындық тұрғысынан жазу. Мерзімді баспасөз қоғам өміріне, қоғам мүшелерінің күнделікті тіршілігіне тікелей араласып, қоғамдық пікір тудыруды мақсат етеді. Тілші белгілі бір жайды хабарлап отырып, мақала тақырыптарына өз бағасын береді. Осы мақсаттарға сәйкес берілген мақалаларды қолданылатын сөздің ерекшеліктері, газет тілшілерінің тіл мәдениетін сақтаудағы шеберліктері айқындалады. «Бас мақала - газет ұстанатын идеялық бағыттың айнасы. Бас мақала маңызы кеше де, дәл бүгінгі күні де өзекті, себебі, мемлекет тұтынып отырған идеология, ол ұстанған стратегиялық бағыт, оларды іске асырудың тиімді жолдары, құнды пікірлер мен нұсқаулар мақаланың аталмыш түрі арқылы газеттерде күн сайын көрініс беруі - басты саясатты іске асырудың тиімді тәсілі. Әсіресе, бұл ұстаным мемлекеттік басылымдарда, республикалық деңгейдегі, айталық, «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Заман-Қазақстан», «Заң газеті», т. б. сынды органдар арқылы елге, қалың оқырманға танылуы керек. Бірақ, байқауымызша, кейбір газеттер бұл тенденцияны, осы бағытты жоғалтып отырған сыңайлы. Бас мақала алғашқы қазақ газеттерінің ішінде «Қазақта» тұрақты және жүйелі түрде кездеседі. Бұл газеттегі бас мақалалардың авторлары сол тұстағы саяси және қоғам қайраткерлері А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейхановтар еді. Газет шығарушылары үшін бас мақалалар өз позицияларын елге таныту мен жеткізудің өте оңтайлы тәсілі болды»
1. 2. Газет мәтіндегі айдарлар мен тақырыптарды талдау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz