ЭЛЕКТР ТОГЫН ҮНЕМДЕУ ЖОЛДАРЫ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі

Конференция жұмысының тақырыбы: Электр тогын үнемдеу жолдары және тиімділігі

Булшекбаева Г. Б., Абдрасил А. Б.

Кіріспе

Негізгі ұлттық индикаторлар, оның ішінде жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын (бұдан әрі - ЖІӨ энергия сыйымдылығы) 2021 жылға 20%, 2025 жылға 25% және 2050 жылға 50% төмендету бойынша «жасыл экономика» және қоршаған орта саласындағы индикатор айқындалған Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру.

Кәсіпорындарға қойылатын энергия тиімділік талаптарын қатайту және ғимараттардың энергия тиімділігіне қойылатын талаптарын арттыру бөлігінде «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шара жоспарының 11-тармағын орындау.

Энергия тиімді жабдықтар

Қазіргі уақытта көптеген дамыған елдерде тұрмыстық аспаптар мен жабдықтардың энергия тиімділігі талаптары міндетті болып табылады. Ұлттық стандарттарды, директиваларды немесе техникалық регламенттерді негізге ала отырып, талаптар нарыққа энергия тиімді емес жабдықтың енуін шектей отырып, нарықты реттеу үшін пайдаланылады. Мұндай модель экономиканың технологиялық өсуін қамтамасыз ету үшін талаптар жүйесін пайдалануға мүмкіндік береді және жосықсыз баға бәсекелестігінің мүмкіндігіне жол бермейді. Нарықтарға қатысушылар адал және ашық бәсекелестік жағдайында жұмыс істейді, бұл инвестициялар мен инновацияларды ынталандырады, тұтынушылар энергетикалық ресурстарды төлеуге өз шығындарын төмендетеді, бұл елдерге өзекті экологиялық және экономикалық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Конференция жұмысының мақсаты: Электр тогын үнемдеу жолдарын (тәсілдерін) білу.

Конференция жұмысының міндеттері : Электр тогы қалай жұмыс істейтініне анализ жасау.

Үнемдеу жолдарымен танысу. Ай сайынғы жұмсалатын электр энергиясын есептеу.

Электр тогын қажет ететін құралдарды анықтау. Электр тогын үнемдеу жолдарын ойлап табу, оны жүзеге асыру.

ЭЛЕКТР ТОГЫН ҮНЕМДЕУ ЖОЛДАРЫ

Осы тақырыпқа зерттеу жұмысын бастамас бұрын, алдымен үй иелері электр тогын үнемдейді ме? деген сұрақ туындады. Электр тогын үнемдеудің қоршаған ортаға ауадай қажеті бар екенін және оның жолдарымен таныс па деген ойлар келді. Сол себепті 10 үй иелеріне бірнеше сұрақтан тұратын сауалнама жүргізілді. Сауалнама сұрақтары:

Үйде электр тоғын үнемдейсіздер ме? Неге?

Үнемдеу амалдарын білесіздер ме?

Үнемдеу құралдарын ше?

“Электр тогын үнемдейсіз бе?” деген сұраққа 10 адамның 27% (4-і) «жоқ» деп жауап қайтарды. Олардың ойлары бойынша қазіргі заманауи заманда барлық құрылғылар тоқты қажет еткендіктен үнемдеу мүмкін емес. Үнемдеу үшін әр құрылғыны үнемі сөндіріп, сосын қажет болған жағдайда қайта қосып отыру қажет. Ал оған көп уақыт кетеді дейді олар. Мысалы, микротолқынды пеш қолданылмаса да тоққа қосулы болуы немесе теледидарды ешкім көрмесе де сөйлеп тұруы мүмкін. “Тоқты үнемдеудің қажеті қанша, егер біз оның ақшасын уақытында төлей алсақ, ”- дейді үнемдемейтіндер. Ал қалған 73% (11-і) электр қуатын үнемі үнемдеп отыратынын айтты. Олардың қуатты үнемдеудің басты себебі - тоққа қаражатты аз жұмсау. Тек бір респондент қана электр тогын үнемдеудің табиғатқа пайдасы бар екенін атап өтті.

Алайда электр энергиясын үнемдеу қоршаған ортаның ластануын азайтады. Біздің елімізде электр энергиясы жылу электр және су электр станциялары арқылы өндіріледі. Жылу электр станциясы жұмыс істеу үшін отын жағылады. Ол ауаны ластайды. Біз ол ауамен тыныс аламыз. Өкінішке орай, біздің елімізде экологиялық білім кенже қалып келеді. Үкімет көптеген іс-шара жүргізсе де, адамдар электр энергиясын үнемдеуге әдеттенбей келеді.

ЭЛЕКТР ТОГЫН ҮНЕМДЕУДЕГІ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЕСЕП

Сауалнама қорытындысы бойынша электр қуатын үнемдеудің ең тиімді және қолжетімді тәсілдердің түріне:

Электр қуатын шектен тыс пайдаланбау, ысырапшылдыққа жол бермеу

Электр қуатын үнемдегіш шамдарды қолдану болып табылады.

Осы аталған тәсілдердің расында электр қуатын үнемдеуге көмегі бар екеніне көз жеткізу мақсатында мынадай эксперименттер жүзеге асырылды.

Эксперимент №1

Күнделікті, бір апта бойы 07. 11. 2022 - 12. 11. 2022 жыл аралығында таңғы сағат 7. 00-де үйдегі электр тогының көрсеткішін қағаз бетіне түсіріп, күніне қанша кВт және соған байланысты қанша теңге жұмсалғанын есептеп отырдық. Бұл экспериментті жасау барысында ешқандай электр қуатты үнемдегіш амалдар мен құралдар қолданылған емес.

Тәулігіне қанша кВт жұмсалғанын табу үшін есептегіш құралдағы бастапқы көрсеткіш соңғы көрсеткіштен алынды. Мысалы, бастапқы көрсеткіш 38233, 00кВТ, 24 сағаттан кейінгі көрсеткіш - 38251, 04кВт. Сонда, енді осы қуатты кВт теңгеге аудару қажет. Ол үшін әр үй иесі электр қуатына қандай тариф бойынша төлейтінін білуі қажет. Себебі, Қазақстан Республикасында әр өңірде әр түрлі тарификация жүргізіледі, тіпті бір өңірдің өзінде бірнеше тариф қолданылуы мүмкін. Біздің үйдің тарифі 16, 824 құрайды. Бір күнде жұмсалған электр қуатын теңгеге ауыстыру үшін мына формула қолданылады.

№1 кесте

дүйсенбі
Сейсенбі
сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі

Барлы

Ғы

: Квт
дүйсенбі: 18, 04
Сейсенбі: 15, 00
сәрсенбі: 17, 45
Бейсенбі: 18, 05
Жұма: 19, 98
Сенбі: 21, 23
Жексенбі: 20, 90
БарлыҒы: 130, 65
: Теңге
дүйсенбі: 177, 22496
Сейсенбі: 147, 36
сәрсенбі: 171, 4288
Бейсенбі: 177, 3232
Жұма: 196, 28352
Сенбі: 208, 56352
Жексенбі: 205, 3216
БарлыҒы: 1283, 5056

Бірінші эксперименттің қорытындысы бойынша еш үнемдегіш амалдар мен құралдарсыз мен жанұяммен аптасына 130, 65кВт, 1283, 5056 теңге электр тогына жұмсайды екенбіз.

Эксперимент №2

Бұл эксперимент 14. 11. 2022 - 19. 11. 2022 жыл аралығында электр тогын қолданбай тұрған артық құрылғыларды ағыту арқылы жүргізілді. Электр тогын үнемдеу мақсатында біз күнделікті тоққа тығулы тұратын микротолқынды пешті, тостерді, ешкім көрмей жатқан теледидарды, DVD плейерді, ноутбук пен ұялы телефондардың қуаттандырғыштарын сымнан ажыратып, әр бөлмедегі артық шамдарды алып тастадық. Үйдегі қолданылған шамдар қарапайым қызу шамдары болды.

№2 кесте

дүйсенбі
сейсенбі
сәрсенбі
бейсенбі
жұма
сенбі
жексенбі

Барлы

ғы

: Квт
дүйсенбі: 10, 95
сейсенбі: 9, 80
сәрсенбі: 9, 95
бейсенбі: 12, 65
жұма: 13, 45
сенбі: 13, 20
жексенбі: 14, 5
Барлығы: 84, 5
: Теңге
дүйсенбі: 107, 5728
сейсенбі: 96, 2752
сәрсенбі: 97, 7488
бейсенбі: 124, 2736
жұма: 132, 1328
сенбі: 129, 6768
жексенбі: 142, 448
Барлығы: 830, 128

Жоғарыдағы кестемен кейінгі кестенің көрсеткішін салыстыратын болсақ, екінші кестенің көрсеткіштері біріншіге қарағанда әлдеқайда төмен екенін байқауға болады.

Эксперимент №3

Үшінші экспериментіміз қарапайым шамдарды электр қуатын үнемдейтін шамдармен алмастыру арқылы және электр тогын қолданбай тұрған артық құрылғыларды ағыту арқылы 19. 11. 2022 - 24. 11. 2022 аралығында жүзеге асты.

№3 кесте

дүйсенбі
сейсенбі
сәрсенбі
бейсенбі
жұма
сенбі
жексенбі

Барлы

ғы

: Квт
дүйсенбі: 9, 75
сейсенбі: 8, 15
сәрсенбі: 8, 90
бейсенбі: 7, 50
жұма: 8, 55
сенбі: 12, 10
жексенбі: 13, 80
Барлығы: 68, 75
: Теңге
дүйсенбі: 95, 784
сейсенбі: 80, 0656
сәрсенбі: 87, 4336
бейсенбі: 73, 68
жұма: 83, 9952
сенбі: 118, 8704
жексенбі: 135, 5712
Барлығы: 675, 4

Үш экспериментті салыстыра келе электр тогын үнемдеудің ең тиімді жолы - қарапайым шамдарды энергия үнемдеу шамына ауыстыру болып табылады екеніне көзіміз жетті. Бірінші кесте мен соңғы кестенің көрсеткіштерінің айырмашылығы шамамен екі есе екенін байқауға болады. Электр тогын үнемдейтин шамдар қоғамға кең таралып келеді, алайда халық ол шамдарды қалай және қайда утилизация жасау керек екенін біле бермейді. Себебі, шамдар құрамында аз мөлшерде сынап буы бар, сондықтан оларды қарапайым тұрмыстық қоқыс ретінде тастауға болмайды, оларды мамандандырылған ұйымдарда тастау керек. Алайда, біздің қалада ондай ұйымдардың қай жерде орналасқанын ешкім білмейді. Сол себепті, энергияны үнемдеу үшін бұл шешімнің де теріс жағы бар. Бұл мәселені шешу үшін теледидар немесе үнемдегіш шамдарды сататын арнайы дүкендерде халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

ЭЛЕКТР ТОГЫН ҮНЕМДЕУДЕГІ ҰСЫНЫСТАР

Әр отбасының бюджетінен міндетті түрде бөлініп төлетін электр энергиясының шығындарын қалай азайтуға болады? Шындығында, көпшілік біле бермейтін тәсілдер бар.

Теледидар. Әр үйде электр энергиясы заманауи плазма және LCD теледидарларына міндетті түрде жұмсалады. Сондай-ақ бұл тізімге компьютер мониторын да енгізсеңіз болады. Егер 17 дюймді кинескопты теледидарды қосулы қалдырсаңыз, 190 кВт/сағ электр энергиясының жұмсалатынын білесіз бе? Алайда, құрастырушылар теледидар моделіне үнемдеу режимін қосуды ұмытпаған. Егер осы режимде теледидар көрсеңіз, жылына 130-135 кВт/сағ энергияны үнемдей аласыз.

Шаңсорғыш. Электр энергиясын бұл құрал да үнемдей алады. Ол үшін шаң жинайтын мөшегін уақытылы тазартып, ауа тазартуға арналған фильтірін ауыстырып отыруды әдетке айналдырыңыз.

Ұялы телефон. Ұялы телефонның қуаттағышы розеткада қосулы қалса да, энергияны алатынын білесіз бе? Қуаттағыш розеткада қалған жағдайда 95 %-ға дейін мүмкін шамада энергия текке жұмсалады.

Электр плитасы . Егер ыдыс электр плитасының конфорогына сай болмаса, 10%-ға дейін электр энергиясы құрдан-құр жұмсалады. Мұның алдын алу үшін қазан, шәйнек, таба немесе электр плистасын бар ыдыстарыңызға сәйкестендіріп алу қажет. Сондай-ақ тамақ әзірлеу кезінде ыдыстың бетін қақпағымен жауып қою электр энергиясын 20%-ға дейін үнемдейтінін ескергеніңіз жөн.

Тоңазытқыш . Тоңазытқыш жылу бөлетін құрылғылардан қашық жерде, салқын орында тұруы тиіс. Егер ол 30 градусқа дейін жылы бөлмеде тұрса, электр энергиясы 100%-ға дейін артық жұмсалады. Сонымен қатар, тоңазытқышқа тамақты суытып салған жөн, себебі ыстық тамақты суыту үшін тоңазытқыш көп энергия жұмсайды.

Кір жуғыш машина. Кір жуғыш машинаның кептіру режимі көп энергияны қажет ететінін білесіз бе? Сол үшін жаз уақытында электр тогын үнемдеу мақсатында кірді қолмен сыққан жөн болар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрлік жүйелер мен желілер және олардың техника қауіпсіздігін жоғарылату
Электр энергиясы үнемдеу
Тұрмыста энергия шығынын азайту жолдары
Орал қаласының механикалық зауытының механикалық цехын электрмен жабдықтау
Қызылорда қаласының макарон цехын электрмен қамтамасыз ету және электр жабдықтарын пайдалану
Электрмен жабдықтау жүйесінің режимдерін, техникалық-экономикалық сәйкестігін, адам өмірінің қауіпсіздігі және тақырыбына сәйкес электр қондырғыларының сенімділігі
Физика құрылымы
Кәсіптік мектептерде электротехника курсын оқытудың әдіс- тәсілдері
Гидроэнергетиканы орта мектепте оқыту әдістемесі
ҒИМАРАТТА БАЛАМА ЭНЕРГИЯНЫ ҚОЛДАНУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz