XXI ғасыр мұғалімдеріне қойылатын талаптарға шолу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Білім және Ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

Жобаның тақырыбы:XXI ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптардың қазіргі кездегі талаптарға сәйкестігі

ОРындаған: 6В01513- Биология

2 курс, 6топ студенттері

ПалмаҒАмбет Ш, Сатыбаева А, СЕРІКБАЙ А

тексерген: Абдикаримова Г. А

АЛМАТЫ, 2022Ж

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім:

2. 1 XXI ғасыр мұғалімі қандай болуы керек?

2. 2 XXI ғасыр мұғалімдеріне қойылатын талаптарға шолу

2. 3 Білімді де білікті ұстаз болу-қазіргі заманның талабы екенін түсіндіру

2. 4 Координация және реттелу туралы білім алушыға толық ақпарат бере отырып, есту мүшесінің құрылысын және гигиена ережелерін сипаттау

3. Қорытынды

4. Ұсыныс

5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Жобаның мақсаты: XXI ғасыр талаптарына сай болашақ мұғалімдерді даярлау мен талаптардың маңыздылығын түсіндіру.

Жобаның міндеті:

1. Оқушыларға педагогтың басты міндеті-тек білім беру емес, жан-жақты болу екенін түсіндіру

2. XXI ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптардың қазіргі кездегі талаптарға сәйкестігін көрсету

3. Білім алушылардың миында координация және реттелу:есту мүшесі туралы білімді қалыптастыру

Жобаның өзектілігі : Қазіргі заман талабы-білікті ұстаздарды көбейту екенін тіпті Тоқаев президентімізде айтып өткен болатын. Білім министрлігі соған орай көптеген талаптарды енгізді. Сол талаптарға қазіргі біздің педагогтарымыз сай болуы қажет. Себебі, біздің еліміздің болашағы мұғалімдердің қолында екенін естен шығармауымыз қажет. Сол себепті талаптардың маңыздылығы өте өзекті болып саналады.

Жобаның жаңашылдығы: Қуанышқа орай, қазіргі талаптар бұрынғы талаптарға қарағанда жаңашылдығымен ерекше. Бұрында тек білімге ғана сүйенсе, қазір шығармашылдыққа, инновация-технологиялыққа бой бұруда, тәжірибе алмасумен айналысуда. Тағы да көптеген талаптардың қосылуы нәтиесінде білікті де мың жылда бір туатын педагогтарды заманымызға қосуымыздың өзі ықтимал.

Тақырып бойынша қысқаша шолу

Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. XXI ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры деп аталатыны мәлім. Сондықтан қазіргі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, жаңа дәуір жаңалықтарымен суарылып отыруға тиісті. Бұл істе нәтижеге қол жеткізу үшін, мұғалім - қоғамдағы болып жатқан тез өзгеріп тұратын әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жан-жақты білімдарлығы, тұтас дүниетанымы болуы қажет. Өз пәнінің шеңберінде қалып қойған мұғалім балаға білім, тәрбие берудегі биік мақсаттарға жете алмайтыны анық. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты интеллектуалдық деңгейі жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы - оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл жағдайда мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Қазіргі заман талабына сай ойшыл, ғылыми-әдістемелік біліммен терең қаруланған, педагогика мен психологияны жетік меңгерген шебер мұғалім қажет.


XXI ғасыр мұғалімі қандай болуы керек?

ХХІ ғасыр ілім мен ғылымның ғасыры деген күннің өзінде адам баласы бір саланың ғана маманы болып қалмау керек дегенді алға тартуда. Яғни сіз әмбебап болуыңыз керек. Бұл талап мұғалімдер қауымына да қатысты.

Сонымен ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болу керек?

1. Тәуекелшіл Жаңа ғасырдың мұғалімі кез келген ауыртпалықты өзіне қабылдай отырып, тәуекелге баруға дайын болу керек.

2. Психолог Мұғалім тек білім беріп қана қоймай, алдында отырған әр шәкірттің психологиясын зерттеу керек.

3. Білікті педагог Педагог сөзінің өзі тәрбие мен ұстаз ұғымына етене жақын. Бірақ мұғалімнің өзі білікті әрі сауатты педагог болғаны дұрыс. Шәкіртке түрлі әдістер арқылы тәрбие беру, білім суымен сусындату ең маңызды дүние.

4. Көшбасшы Бүгінгі таңда мұғалімдерге тек қана сабақ беріп, лекция оқумен шектелуі шәкіртті қанағаттандыра алмайды. Мұғалім өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен қоса сол ортада көшбасшы бола білу керек.

5. Интеллигент Мұғалімнің тағы бір қыры өзін ұстауы, киім киісі, жүзінің жарқын бейнесіне дейін көрініп тұруы керек. Әрбір сөзге сауатты, әрбір ісіне жауапты мәдениетті, интелегентті тұлға болуы керек.

Саннан сапаға сапар шегу жолындағы мұғалімнің жаңа ғасырға берер жауабы дайын болу керек. Өйткені талабы күшті қоғамның ағысы қатты. Ал сол ағысқа қарсы шәкіртті дайындау тағы да мұғалімнің еңбегі.

XXI ғасыр мұғалімдеріне қойылатын талаптарға шолу

Білім мен тәрбие беру - қиын да қастерлі еңбек. Бұл жолда мұғалімдерден талмай, тынымсыз еңбектеніп, шығармашылық ізденуді, үйренуді асыл мұратына, биік парызына айналдырғанда ғана жете алатыны сөзсіз. Шебер мұғалімдер ғана зеректік пен зерделікті сомдап, рухани құндылықтарды, өз мамандығын терең меңгеріп, тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қабілетті, мәдениетті, өнегелі, заман талабын қанағаттандыра алатын жағдайда ғана халқының сеніміне ие болып «ұстаз - мұғалім» дәрежесіне көтеріле алады.

Мұғалім оқушылардың жылдан-жылға өсіп отыратын талаптарын, қанағаттандырып отыру үшін, өмірде болып жатқан түрлі құбылыстарға, жаңалықтарға, өзгерістерге құлақ асып, өмірмен бірге аяғын алып жүретін адам болуға тиіс.

Сондықтан мұғалім ЖОО нан алған білім көлемімен шектеліп қалуға болмайды. Бірақ мұғалім өндіргіш күштердің дамуына және халықтың материалдық игілігінің дамылсыз өсуіне әсер етеді. Ол қоғамның ең басты өндіргіш күштерін жеке адамды оқытып тәрбиелеп дамытатын және қалыптастыратын басты тұлға.

Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар жəне соны қорғай білетін жігерлі тұлға жəне маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды. Өз ісін жетік біліп, сабағын креативті жүргізетін мұғалім ғана түпкі нəтижеге қол жеткізе алады.

Екіншіден, педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. Дүние жүзінде ғаламдану үрдісі жүріп жатқандықтан, ақпараттар ағыны көбейді. Мұғалім қай пəннен сабақ бермесін, ол баланы өмірдің əр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек.


Əр мұғалімнің педогогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс. Психологиялық басты заңдылық «Адам өзінің шығармашылық өзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым - қатынас жасайды жəне жеке ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады» дейді. Көп білу үшін көп оқу, «Интернет» жүйесін меңгеру қажеттігі туындайды.

Үшіншіден, инновациялық оқыту, ақпарат құралдарының, мультимедиалардың көбеюі мұғалімнің еңбегінде оқулықтарды жалаң пайдалануды артқа тастады. Енді білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр. Өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нəтижеге қол жеткізе алмайды. Жан - жақты даму үшін осы салада мұғалім ғана көмектесе алады.

Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейімділік сараптамалық қабілеттер мен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дəйектерді, құбылыстарды талдай білуі жəне солардың пайда болуының себеп - салдарын анықтай білуге де бейім болуы шарт. Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дəрежеге жету мүмкін.

Бесіншіден, мұғалімнің адамгершілік, саяси идеялық ұстанымдарды бала тəрбиесіне негіз етіп алуы тиіс. Оқушы ықпал ету обьектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы қажет.

Саналы азаматтарға білім мен тәрбие беретін мұғалімдердің бүгінгі таңдағы алатын орны зор. Қазіргі білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер әр түрлі ынталы бастамалар мен түрлендіруге кеңінен жол ашылуда. Осы тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесі және оның дамуы мен арнайы айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа салада ұйымдастыру, көтеру қажеттілігі туындап отыр


Білімді де білікті ұстаз болу-қазіргі заманның талабы екенін түсіндіру

Шебер мұғалім, біріншіден, халқымызға тән жастарымыздың бойында бар адамгершілік сипаттағы дүниетанымына, өз мәдениетіне, әдет-ғұрып, салт-саналарына, қол өнері мен педагогикасына арқа сүйейтіндігіне және ашық-жарқындығы мен бауырмалдылығына, яғни қазақ ұлтының басқа халықтардың құндылықтарын сіңіре алушылық қабілетіне ерекше назар аударған жөн. Екіншіден, өзі оқытатын пәнді терең меңгеруге міндетті. Үшіншіден, өздігінен білім алуға ынталы болуы керек. Мұғалімнің жеке басының үлгісі - кәсібилікпен біте қайнасқан қасиет болуы керек. Себебі, кез келген ұжымдағы қарым-қатынас мұғалімнің жеке басының үлгісімен тығыз байланысты. Мұғалім қызметінің табысты болуы оның өз қызметінің мәнін жете түсінуінде, оқушыларға саналы тәрбие, жан-жақты білім береді, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүниетанымын дамытады, өмірге, еңбекке, қоғамға деген қатынасын тәрбиелейді.

Мұғалімнің кәсіби мамандығына қойылатын негізгі талаптар:

- жұмысына шығармашылық көзқарас; - баланы жете білу, олардың жан дүниесін түсіну, педагогикалық сенім, оптимизм; -педагогтік техниканы меңгеру, қисынды, мәнерлі сөйлей білу; -педагогтік әдептілікті тактіні меңгеру; -балаға деген сүйіспеншілік пен әділдік


Координация және реттелу туралы білім алушыға толық ақпарат беру

Ағзадағы процесттер есту, сезім, көру мүшелері арқылы реттеледі. Соның бірі есту мүшесіне тоқталайық.

Есту мүшесі-құлақ арқылы реттелу Адам есту мүшесінің көмегімен қоршаған ортадан әртүрлі дыбыстарды қабылдап, талдайды. Есту мүшесі дыбыстарды анықтап, ажыратуға көмектеседі. Адамдармен сөз арқылы қарым-қатынас жасайды. Еңбек майданында да есту мүшесінің алатын орны ерекше. Есту мүшесі дыбыс пен тепе-теңдікті сезеді.

Есту мүшесінің құрылысы : есту мүшесі - құлақ. Құлақ 3 бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ.

  1. Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы мен дабыл жарғағы жатады. Құлақ қалқаны ауадағы дыбыс толқындарын сыртқы дыбыс жолына бағыттайды.
  2. Ортаңғы құлақ дабыл жарғағынан кейін басталады және ол самай сүйегінің ішінде орналасқан. Ортаңғы құлақтың ішінде ауа болады. Ортаңғы құлақ қуысы есту түтігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады.
  3. Ішкі құлақтағы куыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйені шытырман (лабиринт) деп атайды. Мұндағы шытырманның сыртқысы - сүйекті, ал ішкісі - жарғақты шытырман деп аталады.

Ауадағы дыбыс толқындары құлақ қалқанымен ұсталып, сыртқы дыбыс жолымен өтіп, дабыл жарғағын тербеліске келтіреді. Одан дабыл жарғағында пайда болған тербелісті ортаңғы құлақтың дыбыс сүйектері балғашық, үзенгі, төс күшейтіп, оны сопақ тесіктің жарғақшасына жеткізеді. Сопақ тесік жарғағының тербелуі иірім түтіктің сағасына жетеді. Мұнда пайда болған тербелу ішкі құлақтағы перелимфа мен эндолимфаны қозғалысқа келтіреді. Осыдан Кортиев мүшесінің жарғақшасы қозғалысқа түседі, оның үстіндегі есту түкті клеткалары-рецепторлар қозғалады да, оларда қозу туғызады. Бұл қозу үлкен ми сыңарлары қыртысындағы есту аймағына өткізгіш жүйке арқылы жеткенде дыбысты сеземіз.

Есту гигиенасы

Есту талдағышының қызметіне қажетті тиімді жағдайларды есту гигиенасы зерттейді. Адам организміне әсер етуші шудың ықпалын азайтып, есту қабілетін ұзақ мерзім жоғары дәрежеде сақтап қалу үшін бала кезден бастап есту гигиенасының талаптарын дұрыс орындап отыру керек) Айқай-шу есту талдағышына 2 түрлі әсер етеді: құлақтың дыбыс өткізуші мүшелерінің қызметін бұзады және орталық жүйке жүйесіндегі есту орталықтарының қызметін нашарлатады. Қатты айқай, айталық 90 децибел шамасындағы, есту қабілетіне ғана есер етіп қоймай, ас қорыту, жүрек-қан-тамырлар жүйелерінің ішкі секрециялық бездердің қызметін бұзады, жалпы жүйке жүйесін тоздырады. 4-5 жыл бойы 120 децибел шуда еңбек еткен адамның жүйке жүйесінде кемшіліктер пайда болады:

Ұйқысы бұзылады, басы ауырады, ішкі секреция бездерінің қызметі нашарлап, зат алмасуы әлсірейді, тез қозғыш, ашуланшақ болады, қанның қысымы артады, есту қабілеті төмендеп, мамандығына байланысты кереңдік пайда болады. Мысалы, тракторшының басы ауырып, дыбыс нервтерінің қабынуы пайда болады. Тіпті 6 сағат бойы 90 децибелдік шуда болғанның өзінде есту қабілеті шүғыл төмендейді (90 децибелдік шу - көлік ағылып жатқан көшенің шуына барабар) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарих сабағында жаңа технологияларды қолдану
IT БАҒЫТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ИНФОРМАТИКА КУРСЫН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ - түрік саяси байланыстары
Бастауыш информатика пәні мұғалімі мамандығы
ХХі ғасыр мұғалімі қандай болу керек?
Жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану жолдары
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік принциптерін жүзеге асыру жолдарының тәжірибесі
Білім беру жүйесінің басты міндеттері
Бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастыру
Оқушыларды шығармашылық жоба жұмыстарын орындау барысында инновациялық технологияларды пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz