Биология пәнінен зертханалық сабақты өткізудің ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

М. ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Жаратылыстану-география факультеті

«Биология және география» кафедрасы

Курстық жұмыс

Байбатырова Элеонора Сагатовна

БИОЛОГИЯДАН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ

(8 сынып бойынша)

6B01526 - БИОЛОГИЯ -ГЕОГРАФИЯ

БГ-21(2) топ

Ғылыми жетекші : аға оқытушы Ихласова Ж. М

Орал, 2022 ж

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

I ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ САБАҚТЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛЫМЫ . . . 4

  1. Биология пәнінен зертханалық сабақты өткізудің ерекшеліктері . . . 5
  2. Биология пәнінен зертханалық сабақты өткізудің тиімді тәсілдері . . . 5

Бірінші бөлім бойыша қорытынды

II БИОЛОГИЯДАН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ӨТКІЗУ

ӘДІСТЕМЕСІ . . . 10

2. 1. Топтық жұмыс арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру жолдары . . . 15

2. 2. Топтық жұмыс ұйымдастырудың жалпы ережелері . . . 17

Екінші бөлім бойыша қорытынды

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 32

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Болашақ ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде, көздеген мақсаттарына жететін сонымен қатар тұлға болып қалыптасатын, болашақтың бүгінгі күннен де жарқын және нұрлы болуына әсер ететін адамзат өмірінің алға жетелейтін бір бөлшегі ол әрине-білім. Болашақтың кілтін саналы да сапалы білім алған танымдылығы жоғары құзіретті, бәсекеге төтеп беретін жастар ғана аша алады. Бүгінгі оқушы ертеңгі дамыған тұлға. Сондықтан білімді ұрпақ тәрбиелеуде мұғалімдердің сіңірген еңбегі ұшан теңіз.

Әлем елдерінің оның ішінде Қазақстан мұғалімдерінің ең басты проблемалары оқушыларды қалай және нені оқыту керек деген басты мәселе болып тұр. Сол үшін білім беруді дамытуда өркендеген мемлекеттердің тәжірибелерін алып сол мемлекеттердің қатарына ену басты мақсатымыз болып тұр. Болашақтың кілтін саналы да сапалы білім алған танымдылығы жоғары құзіретті, бәсекеге төтеп беретін жастар ғана аша алады. Сол үшін білім беруді дамытуда өркендеген мемлекеттердің тәжірибелерін алып сол мемлекеттердің қатарына ену басты мақсатымыз болып тұр. Мұғалімдердің қазіргі кездегі басты мақсаты түрлі әдіс-тәсілдер арқылы сабақ өтіп оқушыларға алған білімдерін өмірде қолдана алатындай тәрбиелеуіміз керек.

Қазіргі уақытта еліміздегі білім беру саласына Елбасымыз тарапынан басты назар аударылып, жан-жақты жағдай жасалынуда. Жарқын болашақтың кілті болып табылатын өскелең ұрпақтың білім деңгейі заманауи талаптарға жауап берсе, тәуелсіз еліміздің тұғыры мықты болмақ. Оқушылардың биологияға деген қызығушылығын дамыту үшін зертханалық сабақтардың маңызы орасан зор. Зертханалық сабақ кезінде оқушылар бұрын сабақта алған білімдерін практикада өз бетімен жұмыс жасау кезінде ұштастырып, білім деңгейін кеңейте алады. Сондықтан шағын жинақты мектептерде биология пәнінен өтікізілетін зертханалық сабақтар өз мәнінде өткізіліп, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, білімге деген құштарлығын ұштау қажет деп ойлаймын. Биология пәнінен зертханалық сабақтарды ұйымдастыру - өсіп келе жатқан ұрпаққа тіршілікті, өмірді аса үлкен зор құндылық деп түсінуді қалыптастырады. Зертханалық сабақтар - оқушылардың оқу іс-әрекетінің бір түрі; мақсаты мен міндеті ұқсас. Зертханалық жұмыстар оқу бағдарламасына енгізіліп, курс бөлімін немесе тақырыпты оқығаннан кейін жүргізіледі. Бұл оқушының алдымен теориялық білімді терең меңгеріп, жасалған жұмыстың нәтижесін дұрыс түсінуіне мүмкіндік береді. Жұмыстың жоғары дәрежеде, дұрыс орындалуы үшін топта 10 адамнан болуы керек, олар жеке-жеке немесе жұппен орындайды. Жұмыстың тақырыбы, мақсаты, зерттеу объектісі, қажетті құрал-жабдықтары зертханалық дәптерлеріне көшіріліп, қорытындыланады.

Зерттеу мақсаты : биология бөліміндегі зертханалық сабақтарды жоспарлап өткізу.

Зерттеу міндеттері :

-«Биология» пәнінен зертханалық сабақтарды өткізудің әдістемелік ерешеліктерін сипаттау;

-«Биология» пәнінен зертханалық сабақтарды өткізудің тиімді әдістерін жалпылау;

-«Биология» пәнінен зертханалық сабақтар үлгілерін әзірлеу.

Оқушыларталапқа сай бағдарламада көрсетілген әр түрлі зертханалық жұмыстарды орындап, осы шарттарды қанағаттандырғанда ғана олардың тұрақты білім мен білік дағдылары тәрбиеленеді және оны орындау қарқыны өседі.

Зерттеу нысаны: биолгогия пәнінен 8 сыныптағы зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі.

Зерттеу пәні: биолгогияны оқыту үдерісінде зертханалық жұмыс элементтерін ұолданып, оқушылардың білім сапасын дамытудың жоспары.

Зерттеу әдістері: теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен жаңашыл пелагогтардың тәжірбиелері және баспасөзжарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, әдістерін қолдану, өзіндік жұмыстарының түрлерін ұсынып, нәтижесін көрсету.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды-дан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология пәнінен зертханалық және практикалық жұмыстардың айырмашылығы
Биологиядан зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемесі
Биология сабақтарындағы оқыту технологиясы
«Биология» пәнінен зертханалық және практикалық сабақтар
Биологиядан жалпы әдістемелік құралдарға талдау жасау
Биологиядан жалпы әдістемелік құралдарға талдау
Мектептегі факультатив курстарды өткізу әдістемесі
БIЛIМНIҢ ЖАҢАМАЗМҰНЫ НЕГIЗIНДЕ ЖАНУАРТАНУ ПӘНIНДЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ ӨТУ ЕРЕКШIЛIКТЕРI
Биологияны оқыту процесінде ұйымдастырудың негізігі формалары
Биология пәні бойынша сабақтан тыс оқытуды ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz