Талап арызды қабылдау
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті
Тарих, экономика және құқықтану факультеті
Құқықтық пәндер кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Талап қою арызының түсінігі мен нысаны.
Талап қоюды қамтамасыз ету.
Тексерген: з.ғ.м., А.Қ. Өтеуова
Орындаған: Юр - 33 А.С. Бақытова
Орал 2021ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Талап қою арызының нысаны мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Талап арызды қабылдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
Талап қоюды қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
Істі сот талқылауына дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .25
КІРІСПЕ
Азаматтық іс жүргізу - бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттердің жиынтығы болып табылады.
Азаматтык іс жүргізу (процесс) соттың, тараптардың (талап коюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдык әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды.
Сотқа, басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктелген.Сотқа талап қою бойынша талап арыздар беру Қазақстан Республикасының Азаматтық істер жүргізу кодексінің (әрі қарай - ҚР АІЖК) 150, 151-баптарының талаптарына сәйкес реттелген [1, 11б].
Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптарымен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды, солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады. Әр тарап өзінің талап арыздарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс. Егер дәлелдеме іс үшін маңызды мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымды растайтын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін нақты деректер болса, сотпен дәлелдемені іске қатысты деп тануға жатады.
Әдебиеттерде талап қою құқығының заңи табиғаты және оның пайда болуының шарттары туралы мәселеге қатысты әртүрлі пікірлер айтылған болатын.Кейбір авторлар сотқа жүгіну құқығын субъективтік материалдық құқықты соттық немесе өзге заңи қызмет арқылы мәжбүрлеп жүзеге асыруға құқық ретінде қарастырады. Мысалы, Н.И. Авдеенконың пікірінше, "Азаматтық субъективтік, оған қатысты мүмкіндіктер жүзеге аспайынша болмайды. Субъективтік құқықтық мұндай түсінігінде ерекше, материалды құқықтардан бөлектенген құқық құруда қажеттілік болмайды, бұқара көпшілік құқықтың құқық өкілеттігі мемлекетке құқығын қорғау мақсатында жүгіну түрінде болады, яғни іс жүргізу мағынасында арыздану құқығы болып табылады"[3, 91б].
Басқа ғалымдар тобы болса сотқа жүгіну құқығын азаматтық-процессуалдық құқық қабілеттілігін білдіреді деген көзқарасты ұстанады. Алайда бұл пікірді әр ғалым әртүрлі анықтайды. Мысалы, О.В. Иванов сотқа жүгіну құқығы тікелей процессуалдық құқық қабілеттіліктен туындайтыны, өйткені оның туындауы үшін
қандай да бір заңды фактінің пайда болуы қажет еместігі жөнінде пікір айтады [4, 12-16бб]. В.Н. Щегловтың ойынша, сотқа жүгіну құқығы азаматтық іс жүргізуге құқық қабілеттілікке ие болу болып табылады, ол нақты іс бойынша азаматтық іс жүргізудің пайда болуына әкеледі [4, 55б]. К.И. Комиссаровтың пікірінше, сотқа жүгіну құқығының иесі ретінде кез келген процессуалдық құқық қабілеті бар тұлға бола алады [5, 15б]. Сотқа жүгіну құқығын былайша түсіну революцияға дейінгі процессуалдық әдебиетте кең тараған болатын. Мысалы, Е.В. Васьковский былай деп жазған: "Іс жүргізудегі құқық қабілеттілік - азаматтыққұқыққабілеттіліктердің іс жүргізудегі көріністерінің бірі. Шын мәнінде, кімде-кім заңдық қатынастарға түсіп,құқықтарды иелену қабілеттілігі берілген болса, яғни оған өз құқығын құқық бұзушылықтан қорғау қажеттілігі жағдайында, сонымен қатар сотқа шағымдану құқығы да берілуі тиіс, ондай болмаған жағдайда оның құқығының бағасы жоқ, шын мағынасы жоқ, сондай-ақ құқықтарының жүзеге асуы жазаланусыз заңды бұзатын өзге тұлғалардың еріктеріне тәуелді болар еді "[6, 20-22бб].
Азаматтардың құқықтары немесе заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, олар жергілікті тұратын жердегі немесе жауапкердің тұратын жеріндегі сотына (егер де ол заңды тұлға болып табылса) шағымдану құқығы бар.Талапты азамат тікелей өзі және қорғаушымен бірлесіп немесе сенімхат арқылы қорғаушы бере алады. Талап арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі.[7, 14б].
Талап қою арызының нысаны мен мазмұны.
Сотта азаматтық істерді қозғау құралдарының ішінде кең таралғаны талап арыз болып табылады. Талап арыз мемлекеттік сотқа ғана емес, аралық (төрелік) сотқа да беріледі [8,45б]. Іс жүргізушілік әдебиетте талап және талап арыз ұғымдарының ара қатынасы жөнінде әртүрлі пікірлер айтылады. Ж.Н. Машутинаның ойынша, талаптың нысаны оның мазмұнын көрсететін талап арыз болып табылады. Бірақ бұл тезисті П.В. Логинов теріске шығарады, оның айтуынша, талап арыз талаптың нысаны емес, мүдделі тұлғаның еркін білдіру нысаны болып табылады. Аталған ұғымдардың ара қатынасына байланысты П.В. Логинов пікірінің анық еместігін Г.Л. Осокина дұрыс көрсетеді. Оның айтуынша, талап және талап арыз мазмұны және оның сыртқы нысаны ретінде байланысады. Талап арыз құқықты және заңды мүддені қорғау туралы талап ету ретіндегі талаптың өмір сүру және көрініс табу тәсілі, яғни оның құқықтық қабықшасы болып табылады. Ендеше, нысанның әрқашан қызметтік маңызы болады. Талап арыздың талаптың нысаны екеніне байланысты мәні өзінің немесе бөтеннің құқығын немесе заңды мүддесін қорғау үшін сотқа жүгінген тұлғаның талаптарын сотқа және іске катысушы тұлғаларға жеткізуден көрінеді. Ұқсас көзқарасты Е.Г. Пушкар да ұстанады. Талап арыз талаптың нысаны болып табылатынына қарамастан, талап пен талап арыз ұғымдарының салыстырмалы түрде дербес мәні бар, яғни олардың әрқайсысының дербес нысаны мен мазмұны болады. Талап арыз талаптың өмір сүру және көрініс табу тәсілі болып, талапқа қарағанда өзгеше, өзіндік сыртқы болмысқа - өзінің нысаны мен мазмұнына ие болады.[9]
Философиялық тұрғыдан алғанда талап арызда талап туралы мағлұмат болатындықтан, талап арызды оның сырткы нысаны деуге негіз бар. Азаматтық іс жүргізу құқығы нормаларына талдау жасау екеуінің бір мәнді ұғымдар емес екендіктерін көрсетеді. Талаптың сыртқы нысанына тек талап арызды ғана емес, ерекше талап қоюмен жүргізілетін істер бойынша арызды да жатқызуға болады.[10, 71б]
Талаптың мазмұнын құрайтын элементтерге оның нысанасы және негіздемесі жатады. Ал үшінші элементін анықтау кезінде ғалымдардың ойлары бір арнаға тоғыспайды. Мысалы, М.А. Гурвич, Н.Б. Зейдер, Е.Г. Пушкар талаптың үшінші элементі ретінде оның мазмұнын атайды А.А. Добровольский, В.Н. Щеглов үшінші элементтің кажеттілігін, яғни талаптың мазмұнын мүлде жоққа шығарады. Ал Е.Л. Осокина үшінші элемент ретінде тараптарды атайды. М. Рожкова талап үш элементтен емес, төрт элементтен тұрады деп көрсетіп, оларға талаптың нысанасы мен негіздемесіне қоса, талаптың субъектілерін және талаптың мазмұнын жатқызады. З.Х. Баймолдина талаптың үшінші элементі ретінде құқықты немесе заңды мүддені қорғау тәсілдерін көрсетеді . Талаптың үшінші элементі ретінде оның мазмұнын қарастыру дұрыс емес, өйткені элементтерінің жиынтығы талаптың мазмұнын құрайды, ал үшінші элементті мүлде жоққа шығару талаптың мазмұнын жұтаң етеді.[11,9б]
ҚР АІЖК-де талап арыздың жазбаша нысанда берілетіні көрсетілген. Заңмен талап арыздың міндетті реквизиттері де белгіленген. ҚР АІЖК-нің 150-бабының 2-бөлігіне сәйкес арызда:
1) арыз берілетін соттың атауы;
2) талап қоюшының атауы, тұрғылықты жері немесе, егер талап қоюшы
ұйым болса, оның тұрған жері мен банктік реквизиттері, сондай-ақ, егер
арызды оның өкілі берсе, өкілдің атауы мен мекен-жайы;
3) жауапкердің атауы, тұрғылықты жері немесе, егер жауапкер ұйым болса, егер талапқоюшыға белгілі болса,оның тұрған жері мен банктік
реквизиттері;
4) талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңы мүдделерін бұзудың және оның талап қою талаптары немесе бұзу каупінің
мәні және оның талап қою талаптары;
талап қоюшы өзінің талап қою талаптарын негіздейтін мән-жайлар және бұл мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;
егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы;
арызға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
Талап арыз талаптың азаматтық іс жүргізушілік нысаны ролін, егер онда
талап қою талаптары дұрыс көрсетілсе және сот арқылы қорғалу тәсілі заңға
сәйкес анықталса ғана, атқара алады. Бұл мәселелер, әдетте, талап арыздың
қорытынды бөлігінде көрініс табады. Сондай-ақ, мүнда істі сотта қарауға
әзірлеуді сапалы жүргізуді, істі тез және дұрыс қарау мен шешуді және
заңды, негізді сот шешімін шығаруды қамтамасыз етуге бағытталған
әртүрлі мазмұндағы (үшінші тұлғаларды тарту, талапты
қамтамасыз ету, дәлелдемелерді қамтамасыз ету және т.б. туралы)өтінімдер болуы мүмкін. Талап арызда талапкердің өз талаптарын негіздейтін мән-жайлары, яғни талаптың негіздемесі және талапты растайтын дәлелдемелер көрсетілуі керек. [12, 25б]
Талаптың негіздемесі арқылы тараптар арасында құқықтық қатынастың пайда болуын, талап қоюшының субъективтік құқығын, сондай-ақ осы құқықтың бұзылуын анықтауға болады. Талап негіздемесінің нақты көрсетілуі осы баптың басқа талаппен ұқсастығының бар немесе жоқ екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Талаптың негіздемесі сәйкес дәлелдемелермен расталуы керек. Талап арызға жазбаша дәлелдемелер, яғни
ҚР Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы № 3 "Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы" нормативтік Қаулысындаталапкер өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар, егер көшірмелер оларда болмаса, жауапкерлер мен үшінші тұлғалар үшін бұл құжаттардың көшірмелері тіркеледі [13, 18б]. Жазбаша дәлелдемелер даулы материалдық құқықтық қатынастың сипатына, құқық туралы нақты даудың мән-жайларына, оның күрделілігіне және субъектілік кұрамына байланысты болады.
ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларында жекелеген азаматтық істер бойынша талапты негіздейтін қандай мән-жайлардың талап арызда көрсетілуі тиістігі және тапсырылатын дәлелдемелер тізімі жөнінде арнайы түсіндірме беріледі. Мысалы, некені бұзу туралы талап арызда некенің қашан тіркелгені, ортақ балалары бар ма, олардың жасы, ерлі-зайыптылар кәмелетке толмаған балаларының қайсысы кіммен бірге тұратыны туралы келісімге келді ме, балаларды және (немесе) еңбекке жарамсыз мұқтаж ата-анасын асырауға арналған қаржыны төлеу тәртібі туралы, оған жұмсалатын қаражат мөлшері туралы немесе ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлуі, некені бұзу кезінде оны бұзуға өзара келісім болған жағдайда оны берудің себептері, некені бұзу туралы талаппен бірге басқа да талаптардың қойылмағаны көрсетіледі. Арызға неке туралы куәліктің түпнұсқасы, балалардың тууы туралы куәліктердін кешірмелері, сонымен қатар талап арызды қабылдау кезіндегі судья растаған еңбекақы және ерлі-зайыптылардың басқа да табыс көздері туралы кұжаттар, басқа да қажетті құжаттар қоса тіркеледі.
Талап қоюнысаны заң әдебиетіндегідаулы тақырыптардың бірі. Талап қоюдың нысаны ретінде:
-талапкердің жауапкерге қоятын материалдык құқықтық талабы, -даулы құқықтық қатынас;
-қорғауға жататын субъективтік құқық;
-корғану;
-қорғану әдісі.
Талап (талаптық талап қою) міндетті екі кұрамадан: материалдық талап және іс жүргізушілік талаптан тұрады. Екіншісі біріншісін мәжбүрлеп орындатумақсатында жүреді. Яғни мемлекеттік сотқа жүгіну дегеніміз материалдық талапты жауапкер өз еркімен орындамағандығының салдарынан сот билігінің күшіне арқа сүйей отырып жүзеге асыру. Талап қоюшының материалдық талабы дегеніміз- өндіріп алуды, тануды немесе толтыруды талап ету.Осы жерде айта кететін бір нәрсе талапты материалдық және іс жүргізушілік талаптың жиынттығы ғана құрайды. Іс жүргізушілік талап материалдық талап жоқ жерде қойыла алмайды, ол материалдық талап іс жүргізушілік талап жоқ жерде жай ғана материалдық талап қою жолымен кұқықты қорғау болып табылады.Сонымен қатар талаптық талап ету талапкердің ізденіп отырған игілігін алуды көрсетеді. Бұл игілік ақша сомасы, нақтылы бір мүлік, мүліктік құқық және т.б. Бұл талаптың объектісі.[15,55б]
Талаптың объектісі талаптың нысанына құрамдас бөлік ретінде кіреді және талапты нақтылайды. Ал талаптық талап етуді үлкейту немесе жөнінде мәселе туындаса бұл жерде материалдық объектінің тек көлемі жөнінде сөз болады. Бұны нысанның толық өзгеруі деуге болмайды. Кәдімгі жағдайда талаптық талап етуді азайту (көбейту) талап сомасын өзгерту арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар талапкер (дау нысанына дербес талабын мәлімдейтін үшінші тұлға) мүліктің кайтарылуын талап еткен жағдайдамысалы бірлік көлемін немесе тауар көлемін өзгертуге кедергі болмайды.
Осы айтылғандарды негіздей келіп мынадай қорытынды жасауға болады. Талап қою нысанын талап субъектісімен материалдық талаптың жиынтығы құрайды. Сонымен талаптың нысаны ретінде нақты акшалай сомадағы негізгі қарызды өндіріп алу туралы талап немесе уақыты өткізілген әрбір күн үшін тұрақсыздық айыбының пайызын, белгілі бір мүлікке меншік құқығын тануды да талап ету,немесе ортақ меншік құкығындағы үлесті сатып алудың артықшылықты құқығын тану туралы, шарттан тыс келтірілген зиянды өндіру ретіндегі ақша қаражатын өндіру туралы талап ету немесе шартты орындамаудан келтірілген шығынды толтыру мақсатындағы ақша қаражатын өндіруді талап ету және т.б.[16]
Талап нысанының әрбір құрамдас бөліктері (материалдық талап және талап объектісі) өзіндік маңызға ие әрі өзгертіле алады.
Талап нысанын өзгерту барысы тек міндетті түрде талап негізінің өзгеріссіз қалған уақытында жүзеге асырылады. Талаптық талап етуді -талап объектісін,
-талапкердің жауапкерге қойған материалдық талабын,
-талап нысанын толық өзгерту арқылы жүзеге асырылады.
Талап объектісін талаптың негізін өзгеріссіз калдыру шартының нәтижесінде ғана және мына жағдайларда өзгерте алады:
талап объектісінің қомақты бөлігін өзгерту. Бұл мысалыға алсак, талап
етіліп отырған ақша сомасының көлемін азайту немесе көбейту,
мүліктің бірліктерінің санын немесе көлемін азайту немесе көбейту
және т.б.
бастапқы объектіні баска объектіге ауыстыру. Бастапкы объектіні баска
объектіге ауыстыру егер де негіз өзгеріссіз қалдырылған жағдайда жол
беріледі. Мұндай жайт көбінше мысалы талапкер келтірілген
шығынды натура түрінде (затты сол күйінде және сол сапасымен,
зақымдалған затты жөндеу т.б.) ал кейіннен келген шығынды ақшалай
беруді сұрауы мүмкін. Не болмаса талапкер бірінші мүлікке меншік
құқығын тануды талап етеді, соңынан шаруашылық іс жүргізу кұқығын
тануды сұрайды.
Талапкердің талап объектісін бірінен басқаға ауыстыруы тәжірибеде көптеген сұрақтардың туындауына алып келуде. Объектіні ауыстыру кезінде сот бір нәрсені анықтауы тиіс, яғни объектінің ауысуы кезінде талапкердің бастапқы мүддесі өзгеріссіз қалады ма. Осы мәселені шешу кезінде көптеген судьялар қате жіберіп жатады. Ал жоғарғы инстанциядағы сот көп жағдайда бір мүдденің әртүрлі жолдармен корғалуға жататындығын түсіндірумен болады.[17]
Талаптың келесі бір басқа бөлігін өзгерту, яғни талаптық талап етуді өзгерту былай жүзеге асырылады. ( мұнда да негіз өзгеріссіз калуы тиіс)
1 материалдық талаптың бір бөлігінен бас тарту. Талапкер талаптан бас
тарта алады, бірақ бұл істің қысқаруына және кұралы талап бойынша
қайтадан талап берілгенде соттық қарауға жол бермейді.
Бұл жағдай талапкер талаптан толық бас тартқан жағдайда немесе талаптың белгілі бір бөлігінен бас тартқан жағдайда жүзеге асырылады. Талаптың бір бөлігінен бас тарту егер талаптың құрылымы күрделі болған жағдайда, бірақ бір объектіге бағытталған жағдайда жүзеге асырылады. Бұл мысалы мүлікті жауапкерден алып қою және оны үшінші тұлғаға беру көзделген ретте жүзеге асырылады. Талапкер талаптың бір бөлігінен бас тартуға яғни жауапкерді үшінші тұлғаға затты беру міндетін талап етуін алып тастауы мүмкін.
Талаптың бастапқы объектісіне қатысты қосымша материалдық талап
қоюы мүмкін. Бұл жоғарыда аталған мәселеге біршама қарсы, яғни
мысалы талапкер бірінші жауапкердің қарызы бар екендігін тануды сұрауы, артынан сол қарызды өндіріп беруін сұрауы мүмкін: талаптың нысанын өзгерту: .талап нысанының бөлігінен бас тарту. Бұндай бас тарту егер талап құрамды талап болған кезде, яғни бір талапта бірнеше талаптық талап етулер орын алған кезде жүзеге асырылады. Мысалы, негізгі қарызды өндіріп алу және уақыттың өткізілуіне орай міндеттеменің орындалмауынан туындаған тұрақсыздық айыбын төлету.
Егер жауапкер өз еркімен негізгі қарызды төлеп берген жағдайда талапкер талаптан бас тартады, ал сот талаптың осы бөлігіне қатысты істі қысқартып тек тұрақсыздық айыбын өндіру мәселесін қарауы мүмкін. 2.Талап нысанын тұтастай өзгерту, егер бұл заңда көзделсе. Заңда көзделіп кеткендей құқығы бұзылған тұлғаның мүддесін қорғаудың көптеген баламалы әдістері бар. Мысалы мердігерлік шарт бойынша мердігер шарттан ауытқи отырып міндетін атқарған кезде тапсырыс беруші мердігерден, 1) кемшілікті ақысыз жоюды. 2) жүмыстың ақысын тиісті дәрежеде азайтуды, 3) кемшілікті өзі жоюына байланысты кеткен шығынын сұрауы мүмкін. Сонымен көріп отырғанымыздай бірінші жағдайда талапкер жұмыстың кемшілігін ақысыз түзетіп беруді сұраса, ал келесі жағдайда кемшілікті өзі түзетіп. түзетуге кеткен шығынын өндіріп алуды көксеп отыр,-талаптың нысаны тұтастай өзгеріп отыр.[18]
Талап арызды қабылдау.
Азаматтық іс жүргізу ең алдымен талап арыз беруден басталады, яғни тапсырылған талап арыздың негізінде судья істі қозғап әрі қарай оны мәні бойынша қарайды. Сондықтан талап арызды дұрыстап заңға сәйкес рәсімдеу маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексының 148-149 баптарында талап арызды рәсімдеу және тапсыру жолдары туралы мәлімет қамтылған.
Талап қою арызы жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында бірінші сатыдағы сотқа беріледі.
Талап арыз соттың кіріс кеңсесіне тапсырылғаннан кейін кеңсе маманы арызды Төрелік АҚ-не тіркейді. Тіркелгендігі туралы талап арыз тапсырған тұлғаға талон беріледі. Тіркелген талап арызды әрі қарай деректері толтырылады, яғни талап арыздың электронды немесе қолма-қол түсуі, іс жүргізу түрі, том саны, арыздың сипаты, келіп түсу тәртібі, өтініш берген кім, берілген талаптың қысқаша мәні, істің санаты, істің санатына қосымша және сот ісін жүргізу тілі туралы мәліметтер енгізіледі. Одан әрі талап қоюлар, оған өндірілуге жататын талап сомасы және сотшығындары (мемлекеттік баж) деректері толтырылады. Сонымен қатар талап арыз бойынша тараптар: талапкер және жауапкер, басқа да іске қатысушы тұлғалар туралы ақпарат енгізіледі. Талап арызды тараптардын ЖСН немесе БСН нөмірлері көрсетілген болса онда осы нөмір арқылы барлық ақпарат Әділет Министірлігінің жеке және заңды тұлғалардың ақпараттар базасынан автоматты түрде тартылады. Барлық деретер толығымен толтырылғаннан кейін талап арыз істерді автоматты бөлу жүйесімен судьяларға бөлінеді. Әрбір судьяның мамандануында істердің санаттары енгізіліп тұрады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексының 148-149 баптарына сәйкес келмейтін талап арыздар судьяның талап арызды қайтару туралы ұйғарымы негізінде талап арызға қоса тіркелген құжаттармен бірге талапкерге қайтарылады. Уақытты үнемдеу үшін және істі барынша тез уақыт аралығында қарау үшін заң талаптарын сақтай отырып талап арызды рәсімдеген жөн. Қарапайым халық заңи сауаттылықтың болмауына байланысты талап арыз тапсыру кезінде кейбір міндетті болып саналатын деректерді талап арызда көрсетпейді, соның кесірінен олар өз уақыттарын босқа кетіреді, немесе мүлде талап арыз беру мерзімін өткізіп алулары да мүмкін. Осы үшін әдістемелік нұсқаулықтар жасап шығарған дұрыс деп ойлаймын, немесе әрбір сот ғимаратында халыққа тегін кеңес беретін мемлекетпен қамтамасыз етілген заңгерлердің болуы міндетті деп санаймын.
Судья оған талап арыз келіп түскеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оны іс жүргізуіне қабылдайды немесе заң талаптарына сай болмаса қайтарады немесе бас тарту туралы ұйғарым шығарады. Егер сот бұйрығы түсетін болса, судья үш жұмыс күні ішінде сот бұйрығын шығаруы тиіс немесе бас тарту туралы ұйғарым шығарады. Аталған сот актілерін шығарған кейін, сот мәжілісінің хатшылары статистикалық деректерді толтыру үшін арнайы мамандарға түсіреді. Сататистикалық деректерді толтыратын мамандар міндетті түрде сапалы және ұқыпты болуы керек. Себебі, сол толтырылған деректер сот органдарының ақпараттық жүйесіне (СОАЖ) келіп түседі.
Сот отырысының хатшылары міндетті түрде қаралған істер туралы күнделікті статистикалық есептер жүргізетін мамандарға, қаралтын істер кестесі бойынша ақпарат беріп отыруы тиіс. Судьяның сол күні қаралған істері болса, мамандар кесте бойынша сот актілерін базаға алдын ала белгілеп қояды. Содан кейінгі әрекеттер Қазақстан Республикасының Азаматттық іс жүргізу кодексінде (АІЖК) көрсетілген процессуалдық мерзімдермен есептеледі. Судьялар мен сот отырысының хатшыларының мәліметтерді уақытылы беріп отырса, статистикалық есепте дұрыс көрініс табады.
Статистикалық есепті жүргізітін мамандардың жұмыстары өте жауапты және міндетті жұмыс. Әрбір ай сайын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына Статистикалық есеп жіберіп отырады. Сонымен қатар, сатисттердің дайындаған есебін соттар әкімшісінің басшысы қатаң қадағалауы қажет. Себебі, әрбір дұрыс жасалмаған әрекеттер жауапкершілікке әкеліп соғуы мүмкін.[19]
Судья талап арызды қабылдаудан, егер:
1) арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса;
2) сол тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған соттың заңды күшіне енген шешімі немесе талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгершілік келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы болса;
3) сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша төреліктің немесе аралық соттың қабылдаған шешімі болса және бұл жөнінде сотқа белгілі болса, бас тартады.
Судья арызды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді ұйғарым шығарады, онда, егер іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса, талап қоюшының қандай органға жүгінуі жөн екендігін көрсетеді.Арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым ол сотқа түскен кезден бастап бес күн мерзімде шығарылуы және арыз берушіге арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге табыс етілуге немесе жіберілуге тиіс.
Арызды қабылдаудан бас тарту өтініш берушінің сол жауапкерге сол нысана және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтіреді. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.[20]
Талап қоюды қамтамасыз ету.
Қамтамасыз ету термині іс жүргізу барысында азаматтық іс жүргізудің түрлі сатыларында қолданылады (дәлелдемелерді қамтамасыз ету, талап қоюды қамтамасыз ету, шешімді атқаруды қамтамасыз ету).Бұл іс жүргізу әрекетінің аталуы оның қосымша көмек көрсету сипатында аса қажетті маңызға ие екендігін көрсетеді, онсыз қамтамасыз етілуші әрекеттің жүзеге асырылуы қиындай түседі.
Сотқа талап арызын жолдай отырып, талап қоюшы сот оның өтініштерін қанағаттандырып қана қоймай, шығарылған шешім заңды күшіне енген соң орындалатындығына үміттенеді. Алайда, құқықтық дайындығы жоқ талап қоюшылардың көпшілігі шешімнің заңды күшіне енуі мен оның орындалуы бірдей мағынадағы ұғымдар еместігін әрқашан біле бермейді, ал тәжірибеде шешімнің шығуы мен орындалуының арасындағы уақыт көптеген жылдармен есептелетін жағдайлар кездеседі. Мүдделі тұлғаның сотқа талап арызымен жүгінуі және оны өндіріске соттың қабылдауы жауапкер үшін қажетсіз салдардың туындауына алып келеді. Қойылған талапқа мүліктік сипат тән болуы мүмкін, яғни даудың нысаны ретінде жеке анық заттар танылуы мүмкін, олар: автокөлік, пәтер, жер телімі, тұрмысқа қажетті заттар, бағалы қағаздар және т.б. Жауапкер тарапынан шаралар қолданылуы, яғни мүлік иеліктен шығарылуы мүмкін (мысалы сату, сыйға тарту, айырбастау жолдарымен). Осының салдарынан даулы заттардың меншік иелері ауысса, бұл жағдай болашақта шығарылған сот актісінің орындалуында кедергі болуы мүмкін.[21]
ҚР АІЖК 158-ші бабына сәйкес, талап қоюды қамтамасыз етуге, егер мұндай шараларды қабылдамау сот шешімін орындауды қиындатса немесе оның орындалуын мүмкін етпесе, істің барлық жағдайларында да жол беріледі.Бұрынғы іс жүргізу Кодексі мен (Қазақ ССР-нің АІЖК) қолданыстағы Кодекстің арасындағы айырмашылықты айтатын болсақ, ҚР АІЖК 158-ші бабына сәйкес аралық сотта немесе төрелікте іс қарау тараптарының ісіне қатысатын адамдардың арызы бойынша соттың талап қоюды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауы мүмкін,яғни соттың жеке бастамасымен бұл шараларды қолдануға жол берілмейді.
ҚР АІЖК 159-шы бабында көзделген жауапкерге тиісті және онда, немесе басқа адамдарда болатын мүлікке тыйым салу талап қоюды қамтамасыз етудің барынша кең таралған түрі болып табылады. (Банктің корреспонденттік шотындағы ақшаға және сауда-саттық ұйымдастырушылардың ашық сауда-саттық әдісімен сауда жүйелерінде жасасқан репо101 операцияларының нысаны болып табылатын мүлікке қатысты іс жүргізу заңымен ерекше жағдайлар көзделген).[22]
Мүлікке тыйым салудан басқа, азаматтық іс шешілгенге дейін сот келесі әрекеттерді жүзеге асыра алады:
- жауапкерге белгілі әрекеттерді жасауға тыйым салу;
- басқа адамдардың мүлікті жауапкерге беруіне немесе оған қатысты өзге де міндеттемелерді орындауына тыйым салу;
- мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қойылған жағдайда мүлікті өткізуді тоқтата тұру;
- мемлекеттік органның, ұйымның немесе лауазымды адамның (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің немесе қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның қаржы нарығындағы қызметі жүзеге асыруға арналған лицензиялардың қолданылуының тоқтата тұру және (немесе) одан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі актілерін, сондай-ақ олардың жазбаша нұсқамаларын қоспағанда) дауға салынатын актісінің қолданылуын тоқтата тұру;
- борышкер сот тәртібімен дауға салған атқарушылық құжат бойынша өндіріп алуды тоқтата тұру.[22, 66б]
Қажет болған жағдайда сот ҚР АІЖК 158-ші бабында аталған мақсаттарға сай келетін талап қоюды қамтамасыз етуге арналған өзге де шараларды қолдануы мүмкін. Қойылған талаптардың (мүліктік немесе мүліктік емес талаптар) сипатын және олардың өзге шарттарын ескере отырып сот талап қоюды қамтамасыз етудің бір азаматтық іс бойынша бірнеше шараларын қолдануы мүмкін.
Сотпен шығарылған ұйғарымның орындалмағандығынан туындайтын жауаптылық жөнінде ҚР АІЖК 159-шы бабында әкімшілік заңнамаға сілтеме жасалған. Осы баптың 1 бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында аталған тыйым салулар бұзылған жағдайда кінәлі адамдар әкімшілік жауаптылықта тартылады. Жауапкердің (өзге тұлғалардың) сотпен жасалған тыйым салуларды орындамағаны үшін талап қоюшыға қатысты заңда кепілдіктер көзделген. Талап қоюшы сот тәртібімен осы адамдардан талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындамаудан келтірілген залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.
Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды судья жауапкерге және аралық сотта немесе төрелікте іс қарау талаптарына, іске қатысатын басқа адамдарға хабарламастан арыз сотқа түскен күні шешеді. Бұл тәртіп осы арыздардың қаралуының ерекшеліктерін көрсетеді. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарай келіп, судья ұйғарым шығарады. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым сот шешімдерін орындау үшін белгіленген тәртіппен дереу орындалады.[2, 25б]
ҚР АІЖК 162-ші бабымен талапты қамтамасыз етудің бір түрін екінші түрімен ауыстыруға жол беріледі. Бұл іс жүргізу әрекеті жасалу үшін мүдделі тұлға сотқа арыз беруі керек. Талап қоюды қамтамасыз етудің бір түрін екіншісімен ауыстыру туралы арызды судья (сот) қарап шешеді; сот іске қатысушы тұлғаларға арыздың қаралатын уақыты мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz